82
Тәуелсіз Қазақстан музыкатануының өзекті мәселелерінің
бірі – шетелдегі қазақтардың музыкалық мәдениетін зерттеу.
Бұл, ең алдымен, ұлттық дәстүрлер мен қазақ музыка
элементтерін анықтауға бағытталған қайта бағдарлау мен қайта
бағыттауға тікелей байланысты. Оның үстіне Кеңес үкіметінің
әсері болмаған, шет елдерде жеке диаспора ретінде өмір сүрген
қазақтар арасында музыкалық өнердің ежелгі үлгілерінің бәз
баяғы қалпында сақталғандығы белгілі.
«Шетел қазақтарының фольклоры, әдебиеті және өнері» атты
жобасы бойынша Ішкі Моңғолияның Дархан уул аймағындағы
Қоңыр, Налайх, Шарынқол, Комілке сұмындарында және Баян-
Өлгий аймағындағы қазақтар көп шоғырланған Ногооннуур,
Цагааннуур, Улаанхус, Цәнгэл сұмындары мен Ақкөл, Қара
маңдай, Үш бұлақ, Кішкене бұлақ ауылдарындағы іссапарлар
олжалы болды.
Жалпы, Моңғолиядағы қазақ диаспорасы ассимиляцияға
аз ұшыраған. Себебі Моңғолия қазақтары жергілікті моңғол
қоғамынан дараланып, әсіресе, Баян-Өлгий аймағында тығыз
шоғырланғандықтан (аймақ тұрғындарының 90%-ға жуығы
қазақтар) және белгілі бір тұрмыстық жағдайларының арқасында
өздерінің тілін, мәдениетін, тұрмыс ерекшеліктерін, дәстүрлерін,
салттарын, музыкасын, қолөнер кәсібін және тағы басқа руханн
құндылықтарын қаз-қалпында сактап қалды.
Қазіргі таңда шетелдегі барлық қандастарымыздың ішінде
мәдениеті барынша зерттелген Моңғолия қазақтары болып
есептеледі. Аталмыш этникалық топтың дәстүрлі мәдениетіне
ерекше көңіл бөлінеді. Тіпті, 1977 жылдың өзінде «Баян-Өлгий
казақтарының домбыра және сыбызғы күйлері» атты күй жинағы
жарық көрген. Сонымен қатар, құнды еңбектер қатарына Баян-
Өлгий аумағынан жазып алынып, 1983 жылы баспадан шыққан,
323 әннен тұратын «Моңғолия қазақтарының халық әндері» атты
жинағы жатады. Моңғолия қазақтарының музыкалық өнеріне
арналған Қ.Төлеухан мен Т.Ысқақтың «Баян-Өлгий музыка
мәдениеті» және Қ.Сақайдың «Күй керуені» атты кітаптары халық
арасында танымал күйші-композиторлардың шығармашылығына
шолу ретінде жасалған. Т.Ысқақ пен К.Төлеуханның кітабы
Моңғолияда тұратын қазақ композиторларының өмірі мен
шығармашылығына арналған анықтамалық іспеттес. Мұнда
еуропалық үлгідегі жазба музыканың, хордың және ұлттык
аспаптар оркестрінің қалыптасу үрдісі қарастырылады. К.
Сақайдың еңбегінде қазіргі заманға жеткен қазақ күйлері,
олардың авторлары туралы аңыздар көрініс тапқан. Ал дәстүрлі
ән өнері Озила Мұсаханның «Моңғолия қазақтарының дәстүрлі
ән өнері» (1997) атты кандидаттық диссертациясының негізгі
зерттеу нысанына айналған. Бұл қазіргі кезде Моңғолия
қазақтарының музыкалық өнерін зерттеу бойынша негізгі
әдістемелік құралдың біріне саналады. Қазақстан тәуелсіздік
алғаннан бастап Моңғолиядағы қазақ ән-күй өнерін зерттеу
мәселесі ерекше орынға ие бола бастады. Әр жылдары күй
өнеріне катысты «Күмбірлі күйлер керуені: күй және күйшілер
хақындағы аңыздар мен ақиқаттар» , «Алтай - Қобда домбыра
күйлері» сынды монографиялар, жинақтар, ғылыми мақалалар
басылып шығуда.
О.Мұсаханның
диссертациялық
жұмысы
Моңғолия
қазақтарының музыкалық-поэтикалық фольклоры мәселелерін
арнайы ғылыми тұрғыда зерттеу және сараптау бойынша
алғашқы еңбек болып саналады. Оның пікірі бойынша
аталмыш аумақта өмір сүретін қазақтардың этнографиясы мен
тарихы туралы Г.Грумм-Гржимайло, М.Певцов, А.Позднеев,
Г.Потанин, В.Сапожников, К.Зардыхан, К.Ислам, А.Манис,
А.Сарай, Н.Халел («Ұлттық мирас, атамұра»), Б.Камалашұлы
(«Монғолиядағы қазақтардың салт-дәстүрі») және өзге де
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Қазақтардың дәстүрлі әні мен аспаптық музыкасы төңірегін-
дегі мәселелер бірнеше монографиялар, ғылыми басылымдар,
жинақтар ретінде де жарық көріп, ежелгі замандардан келе
жатқан үлгілер көрініс тапты. Шындығына келгенде, Моңғолия
қазақтарының арасында ежелгі ұлттық тұрмыстық ерекшелік,
салт-дәстүр, әдет-ғұрып, қолөнер бұйымдары және музыкалық
мәдениет ерекшеліктері жақсы сақталған. Бұл ең алдымен,
қазақтардың моңғол қоғамы тарапынан қысымға, бөлектеуге не
дискриминацияға ұшырамағандығын, керісінше, тарихи туыстық
пен ортақшылықтарды ескере отырып, ұлттық мәдениеттің
сақталуына мән бергендігімен байланысты.
Қазақтардың Моңғолияның батыс өңірінде тығыз
шоғырланғаны белгілі, сондықтан бұл да О.Мұсаханның сөзімен
айтқанда көптеген ұлттық дәстүрлердің «консервіленгендігінің»
тағы бір себебі болып табылады. Қазақстандағы секілді
Моңғолияда да ақындық өнер кең етек жайған. Халық арасында
Тауданбек, Жолды, Ақтанберді, Көкей, Ақтан, Наурызбай, Абақ,
Ақбала сынды ақындар өте танымал. Зерттеушінің пікірінше,
бұл өңірдегі музыкалық-поэтикалық шығармашылықтың
ерекшеліктерінің бірі - айтыстарда да барлық қайырмалар
аспаптық сүйемелдеусіз орындалатын болған.
Ал аспаптық мәдениетке тоқталатын болсақ, Д.Мұхамбет,
М.Бердібай, Р.Байысхан, Б.Қытайбай, Т.Дәуітбай, М.Құсайын,
С.Акқожа, С.Өсерхан, А.Қабыкей, Ш.Құмақай, Қ.Кәлек, Қ.Сақай,
Т.Ысқақ сынды күйші-домбырашылар мен сыбызғышылардың
есімдері танымал.
Оған қоса, О.Мұсахан Қазақстанға қарағанда Моңғолия
қазақтарында салт-дәстүрлік жанрлар әлдеқайда жақсы
сақталғандығын атап өтеді. Мысалы, сәбидің дүниеге келуімен
байланысты
шілдехана, бесіккесалу, қырқынан шығару, тұсау кесу
дәстүрлерімен қатар, моңғолдардың
«шаш алу тойы» секілді
дәстүрі де кездеседі. Бұдан екі халықтың дәстүр араластығы
байқалады. Тағы бір атап өтетін ерекше жайт, Моңғолия
қазақтарында Шығыс Қазақстан қазақтары секілді тойда
жар-
жармен қатар, Қазақстанның өзге өңірлеріне тән емес диалогтік
әннің
тағы бір формасы - сарын орындалады.
Моңғолияда өмір сүретін қазақтардың музыкалық
мәдениетінің қазіргі жағдайын сипаттай келе, жанрлық және
стильдік көптүрлілік тұрғысынан көп аспектілі түрде дамып
келе жатқанын атап өту қажет. Осылайша, өңірде әлі күнге
дейін өзіндік ерекше мотиві бар «керейдің қара өлеңі» аталып
кеткен
қара-өлең, айтыстардың сарыны, домбыраға, сыбызғыға
арналған фольклорлық күйлер сақталған, сондай-ақ, музыкалық
мәдениеттің заманауи қабаттары - өзіндік сахналық өнер және
еуропалық жазба бағыттағы классикалық музыкалар да кездеседі.
Сонымен катар, қазіргі авторлық шығармашылықты әуесқой
және кәсіби деп екіге бөліп қарастыруға болады.
Халық арасынан шыққан өнер адамдары түрлі айтыстарға,
мерекелік жиындарға, тойларға қатысып ақын ретінде танылатын
болған. Әуесқой бола тұра, бұл деңгейдегі орындаушылар да
той, жерлеу, баланың дүниеге келуі секілді дәстүрлік жанрларда
өз туындыларын дүниеге әкеледі. Бұл тамыры тереңде жатқан
монҒолия қазақТарының Ән мӘдЕниЕТІ