Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



Pdf көрінісі
бет26/33
Дата03.03.2017
өлшемі16,22 Mb.
#5524
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33

100
арал”,    “Жарнама”  деген  өлеңдерiн  жалындап  тұрып  оқыды. 
Табиғаттың    аузынан  түсе  қалғандай,  көрiктi  жiгiттiң  өлеңдерi 
де хикiмет екен. Ойы бытыспай, буылмай айтпақ болғаны емiн-
еркiн бұлқынады. Адам қиялы мен табиғат, тарих пен көз алдағы, 
сезiм мен болмыс үндестiк тауып, барған сайын шырмап, жойқын 
иiрiм үйiрiп кетедi екен.
Махмұтбек Қажынаби ұлының: 
         Ал қызыл гүл нарттай жанып,
         Желпуiш қып желдi салқын.
         Күлiмдейдi көздi тартып,  
         Жас өмiрдей бейне жарқын.
         
         Тартып алар магниттей,
         Көңiлiңдi таяу барсаң.
         Шайқалмаған тәттi үмiттей,
         Шын сырын сен аңғарсаң!
деген өлеңi де назды, сазды екен. Қиғаш қасты, керме иық, 
кеусiрдей сабақтасымыз жан сезiмiн, өзi ұнатқан қызыл гүлмен 
туған жердiң майда  қоңыр самалынан iздептi , сұлу-ақ! 
Қошқар  тұмсықты,  бұйра  шашты,  орта  бойлы  Шаменнiң 
“Мектебiм”  деген өлеңi тыңдаушыларын тiптi дүрлiктiрдi. 
Шалғындатқан ой санамның тандырын,
Сенiң нарлы көктемгi ақ жаңбырың.
Өшпек емес мектеп анам өзiңнiң, 
Жүрегiме өткен назың, қадiрiң!
Тыңдаушы  жұрт  дүрiлдеген  шапалақпен  алғысын  бейнелеп 
жатыр.  Ғаппас,  Мамырқан,  Әби,  Мира,  Мақан  мұғалімдардің 
жүзiнен  бiр  түрлi  сүйiнiш6  рахат  табы  байқалады.  Әбденбай 
Бажаевтың  “Бақша”  атты  өлеңiн,  Дутан  Сәкейұлы  “Жаз  таңы” 
атты  өлеңiн  оқыған  кездеде  әлгi  шаттық  тасқыны  кемерiнен 
асып, төгiлiп отырды. Алтай орта мектебiнiң 1953 жылғы сабақ 
басталу  рәсімі  мiне  осындай  елеусiз  басталып,  оқушылардың 
басқаруымен  мәз-мереке болып өттi. 
Әдетте  маңғаз,    салауатты  Керiмқұл,  Дәлелхан,  Шабдан, 
Әбдiлмәлiктердiң  волейбол,  футбол  ойнаған  кезде  шиыршық 
ататын қимылдары, би, ойын–сауық кештерiндегi мәдениеттiлiгі, 
ғылым өнегеге толы. Кiтапхана, класс, асхана, лабаратория, кеңсе 
бәр-бәрi  менi  өзен  айдынына  түскен  жалғыз  тал    жапырақтай 
иiрiп  ала  жөнелдi.  Қау  атама  сәлем  берiп,  бала-шағасын  көру,  
аудандық  орта  мектепте  оқитын  қарындасым  Сағидияны 
iздеу,  көз  қарақты  дәрiгерге  аяғымды  қайта  көрсету  секiлдi 
тапсырықтардының бәрi ұмтылды.  
Мен Алтай қаласына келгеннен берi Дәлелханды еске түсiру 
жиынына,  Алтай  орта  мектебiнiң  оқу  басталу  салтына,  ендi, 
мiне, Яң әкімнің баяндама жиынына қатынастым. Осы жиындар 
көз  алдыма  жарыса    тiзбектелiп  бiр  бiрiне  мүлде  ұқсамайтын 
екi  дүние,  екi  түрлi  адам  мiнезiн  көлденең  тартқандай  болды. 
Затында  қайсысы  болмысқа  жақын,  жағымды  деп  ойлаймын. 
Сөрелi  ойдың  үстiнде  отырғандай  бейнедегi    адам  сөзге 
ұсыныс  етiлдi.  Яң  шапалақ  соққан  кезде  ғана  бойын  жинап, 
күлiмсiредi.  Сосын    мемлекеттiң  iшкi–сыртқы  жағдайын, 
iшкергi  өлкелерде  серiктесу  жалпыласып,  коперация  құрыла 
бастағанын,  пролетариат    буржуазияға  диктатура  жүргiзу 
қажеттiлiгiн  ұзақ  сонар  сөйлеп  бiр  тынды.  Онан  соң  түсi 
шұғыл салқындап, Шыңжанның әлеуметтiк жағдайына оралып, 
бандыларды  жойып,  Америка  тыңшысы  Макынаның  қалдық 
күшiн аластап, керi төңкерiсшiлердi жаныштап, үшке қарсы тұру 
мен  егiншiлiк  районда  жер  реформасының  жеңiске  жеткенiне 
тоқталды. Серiктесуге шарт жасалғанын айтты. Алтайда партия 
мен  халық  үкiметке  қарсы    тар  ұлтшыл  элемент  Жанкерей, 
Тұрсыбек,  Домайлар    сондай  кешiрiлмейтiн  қылмыстары  үшiн 
атылғанын да ауызға алды. Жұртқа мұрындық болып жүрген керi 
төңкерiсшiлердiң  тағы  бiр  қаншасын  батыл    жаныштамағанда, 
халыктық  диктатураны  бекемдеу  мүмкiн  емес  екендiгiн  де 
ескертiп  өттi.  Ол  сөзiнiң  соңында  “сенiмдi,  сергек  аз    ұлт 
кадрларын  шұғыл жетiлдiрiп, ұжымдастыру науқанын дабыралы 
түрде қарсы алайық” - деп аяқтады.
Оның  сөзi  аяқтала  бере  даяршылар  бастап  бiз  қостап 
дүрiлдетiп    шапалақ  соқтық.  Неге  сонша  елеургенiмдi  өзiм  де 
түсiне алмаған  сияқтымын. Делсал бiр күймен есiктен шықтым 
да, Қау атамның үйiне  баратынымды айтып сынып тәрбиешiм – 
Ғалымбектен рұқсат алдым.
Алтай  қаласының  оңтүстiгiнде  басына  көз  жетпестей 
қызыл биiк бар. Ел оны “Генерал қызыл” деп атайды. Алғашқы 
келген  ханзу,  немесе    манжу  генаралына  қазақ  тарту  еткен  бiр 
тұғыры  сол  болса  керек.  Қыран    өзенiнiң  осы  қызыл  биiктi 
соғып  өтетiн  мүйiсi  терең  қойнау,  көгал.  Қау  атамның  үйi 
және  бiр-екi  тұрғын  орыспен  Алтай  ауданының  қызыметкерi 
Жанұзақтың  үйi  сол  жерде.  Бiркелкi  сырлы-сырлы  тақтаймен 
бөліп, бөлек-бөлек егiп тастаған көкөнiс, бақшалары,  қызылқат, 
қарақат,  долана,  жидек  ағаштары  бар.  Бурыл  бас  сарымсағы 
мен  шөп  бұтағына  жұдырықтай-жұдырықтай  болып  байланған 
қып-қызыл  жемiстерi  болады  екен.  Шие  деуге  келмейдi,  түйе 
бүлдiрген десе лайық  болатындай. Алыс-алыс жайғасқан төрт-
бес үйдiң маңынан  озандаған әтеш үнi естiлiп қалады. Банудың 
дауысын мен анадайдан таныдым. Кәсiбiң құтты, мекенiң сүттi 
болсын деп орысша сөйлемекшi едiм. Амал не ондай бiр қауым 
сөз тұрмақ, жеңгенi орыстар не дейтiнiн де  бiлмеймiн. Ақыры 
өзiмнiң жалпақ тiлiммен төтелеп тарттым. Менi көрген Бану жан 
ұшыра жүгiрiп келдi де бассалып, еңiреп қоя бердi. Аяғыма балта 
тигеннен берi  оның менi көргенi осы едi. Аймақтық докторханада 
жатқан кезiмде ол төркiнiнде жүрiп көре алмаған. 
-  Қой,  ары  сықсыңдамай.  Мынау  орыс,  қазақтардан 
ұялмаймысың!  -  деп  бұлқынып  қалып  едiм,  абайсыз    тұрған 
Бану  жығылып  қалды.  Үйге  қарай  ақсаңдап  кетiп  бара  жатқан 
соңымнан  біраз  қарап  тұрған  сияқтанды.  Есiкке  таяп  қалған 
кезiмде ғана:
- Әй, сары төре-ай, сары төре! - деп дараңдап қуып жеттi де, 
-Қане, қош келдiңiз! - деп есiк ашты.
- «Қош» дегенiннен бiлдiм, сарт екенсiң ғой - дедiм мен. Ол 
қылжағымның тегiн сезе қойды да, күліп жіберді. 
Бану Жәңгiр дейтiн Меркiттiң қызы едi. Оңтүстiк Шыңжаңда 
Меркіт  деген аудан аты бар. Оның  үстiне Меркiттiң Тоқтарқожа, 
Толымқожа    деген  аталарын  ұйғырға  зорлап  телiп,  жезде-
жеңгелерiмiздiң зықын алатынбыз. Әйтпесе, меркiт бертiн келе 
он екі керейдiң бiрi атанғаны мен  тарихта бар, керей дәрежелi 
үлкен  хандық  болатын.  Ханзу(Кытай),  моңғол  тарихындағы 
“Мерчи  рын”  делiнiп  дүниенi  тiтiреткен  осы.  Банудың  ата-
бабасы. 
Мен үйге кiрiп барғанда, Манатай мен Қазия қатты қуанды. 
Жоғалып  табылған  күшiктей,  бұралаңдап  екеуi  екi  жағымнан 
асылды.
-  Аяғыңа  тас  түсiрiп  алдың  ба?  –  дейдi  кiшкентай  Қазия 
көзі мөлтiлдеп. Генарал қызылға өрмелеп ойнағанда, өз аяғына 
домалатып  алған  тасты  көз  алдына  келтiретiн  болса  керек. 
Сағидия  да  осында  екен.  Менiң    ақсаңдап  жүруiм  соған  қатты 
бататын секiлдi.
-  Қолың  ойылмады  ма,  байпағың  қақ  болып  кеткен  жоқ 
па?  –  дейдi  көзі  жасаурап.  Көмекейiнде,  жанарының  iшiнде 
сөйленбеген  көп  сөз,  айтылмаған  мол  қоры  бар.  Әкемнiң  менi 
қалай қайта қортып шығарғанын ол бiлмейдi ғой!
- Әрі тұршы өзiң, әлжуаз көгiлдiрдей бүрiспей, байпағымды 
жуып  алғанмын!  -  деп  ашуландым.  Менiң  жәбiрлеуiмдi  көп 
көрген, көп естiген,  керiсiнше, маған туыстық махаббаты ең қою 

101
жан осы. Ұрып жiбермесем, басқа сөзiм өтпейдi. Бiрақ талайдан 
берi  көрмей,  сағынысып  қалған  едiм  өзiн.  Көзi  жетсiншi  деп 
байпақ-ұлтарағымды көрсеттiм. Таяқ ұстаған алақаным түйенiң 
табанындай болмаса да, қоянның табанындай  қалың, көк мүйiзгек 
болып  алғанды.  Өлмейтiн  болған  соң,  бауырмен  жорғаласам 
да мақсаттағыдай өмiр сүруiм керек қой! Алақанымды сипаған 
Сағидияның өңi сәл бұзыла қалды.
- Осы сен  Қанапияның қызы емессiң ғой деймiн, әрі отыршы, 
батыреке, - деп зекiп қалдым. Ол күлдi. Соғысып қалар ма екен 
деп  бiзге  жаутаң-жаутаң  қарап  отырған  Қазия  екi  тұлымын 
ешкiнiң  құйыршығындай  ербитiп,  Сағидияның  тiзесiне  басын 
қойды да, қарадай қарқ болды.
Бану  тошала  үйiне  кiрiп-шығып,  дастарқан  жасаумен  әуре 
болып жүр. Бiресе қуырған жұмыртқасын, бiресе балын, бiресе 
шелпек-тоқаш,  шекер    сепкен  түйе  бүлдiргенiн  алдымызға 
тартып:
- Жесеңдершi! Бiзде құрт-iрiмшiк жоқ. Шайлық сүттiң өзiн 
сатып    аламыз.  Қатықсыз,  шөп-шалаң,  қара  көжеге  үйлесiп 
кеттiк.  Орыстар  мынау  жемiстi  помидор  дейдi  екен.  Дәмi 
қызылқат пен долананың қоспасына ұқсайды. Сиыр етi, картоп, 
балық дегендерге жылап көрiсемiз. Үлкен үйдегі бақытты өмiр 
ендi қайда бiзге? – дейді. 
Бану домалап кеткен көз жасын шытымен асығыс сүртiп: “Осы  
Мәжүн боламын ғой деймiн  мен”,- деп баяғысындай дараңдап 
күлдi. Күлген кезде  ғана қауашақ ашылған шұғынықтай балбұл 
жанатын оның мiнсiз, сұлу  тұлғасы жарқылдап шыға келдi
- Не деген көрiктi ең, Бану!? – дедi, оған қызыға қарап қалған 
Сағидия.  Қарындасымның  өз  өңi  де  Бануден  кем  емес  -  тi. 
Толқынды қара бұйра шашы, болаттай өткір қаракөзi, оймақтай 
аузы,  қырлы  кiшкентай  мұрыны,    жұп-жұмыр  ақшыл  мойыны, 
биязы  мiнезi  нағыз  аңыздарда  айтылатын  ару,    перизаттарға 
тән  бiтiм  болатын.  Десе  де,  Бану  күлген  кезде  табиғатты  таң 
қалтқысыз бiр жарқ еткiзiп қалушы едi. Сағатайдың қызыққаны 
сол болмыс.
Бұл  түкпiрде  бiрнеше  отбасы  бар  делiнгенмен,  Бану 
жалғыздық  сезiнедi  екен.  Көршiсi  Жанұзақ  елге  жынысын 
қоспайтын,  тiс  жарып,  тiл  қатпайтын,  Алла  тағала  балшықтан 
домдай  салған  бiтеу,  тұйық  азамат  екен.  Не  арман  тiлегi,  не 
қиыншылығы бар екенiн де бiлуге болмайды дейдi. Қау атамның 
айтуынша кеңседегi мiнезi де осы көрiнедi.
- Бөлмеге барған соң жаман пальтосын iлiп қояды да, үйдiң 
iшiн, залды тазалайды. Термостарды толтырып қайнақсу әкелiп 
қояды,  барша  үстел    орындықты  реттеп,  сүртiп,  терезелердi 
айнадай  жарқыратады.  Өзге  жанға  ол  жылдан  бұ  жылға  дейiн 
тiл қатқан емес. Жарылып кетпей қалай шыдайды, бiлмейсiң! – 
дейдi.
- Мылқау шығар?! - дедiм мен. Банудың iшек сiлесi қатты. 
-  Бастабында  мен  де  солай  ойлағанмын.  Үндеме,  сен  де  
амалсыз үйлесiп кетесiң – дедi.
 Осыдан кейiн-ақ Қау атамның үйiне жиi-жиi барып тұратын  
болдым.
Ағам  мансапты  болады-ау  деген  ойда  емеспiн.  Өшедi-ау 
деген  қаупiм  бар.  Iшкерiден  өздерi  оқытып,  тәрбиелеп  алып 
келген. Домайды “жолбарыс” деп соққанда, ауылдан шыққан Қау 
атамды “мәулен” деп жұмайлай салады ғой деп күдiктендiм. Сол 
үшiн оған:
-  Ауданда  iстеудi  қойып,  ауылға  барып  алсаңыз  қайтедi?  - 
дедiм бiр ретiнде.
-  Үй,  неге?!  Жаңа  үкiметтi,  жаңа  заманды  тастап,  қараңғы, 
қапас ауылға қайт дегенiң қай сасқаның? Мектебiң саған осылай 
үйреттi  ме?  Сенi  оқытамыз,  көзi  ашық,  көкiрегi  ояу  адамымыз 
болады, бақытты қоғамға бастайды деген дәмемiз қайда бiздiң. 
Былжырама, оқысаң жөндеп оқы, оқымасаң әкеңнiң маңдай тер, 
жүрек қанын орынсыз шашпай, қайт! - деп ұрысты.
Көңiлiмде  көп  түйiншек  тұрса  да,  ағамның  бетiнен  алғым 
келмедi.  Оның    үстiне,  өмiрдiң  бұл  кiсiге  жасаған  әсерi  мен 
маған жасаған әсерi екi басқа сияқтанады. Өрелi ой, орамды тiл 
арқылы болмысты сипаттап, шындықтың сыртына оралған әлгi 
бiр  “жаңа”  делiнген  қабыршақты    жыртып  тастайтын  дәрмен 
жоқ менде. Далаға шығып кеттiм. Домайдың ер бiтiмдi тұлғасы, 
Домайға  үкiм    шығарарда  бiрдi  “мыңға  сабақ  беру”  деген  сөз 
сол күнгi жермен аспанды шалқыта ұйтқыған сұрғылт жел көз 
алдыма,  құлақ  түбiме  келгендей  болды.  Есiл  азамат  Домай-ай! 
Биiкке қараған кезде туған жерiңдi, өскен елiңдi қия алмай, арыз-
арманыңды  айта  алмай,  тек  көзiмен  ғана  тау  далаға  тапсырып 
тұрдың-ау, ә!
Жанұзақ  өз  үйiнiң  сыртындағы  картоп,  капуста,  помидор 
бақшасының    iшiнде  күйбеңдеп  жүр  екен.  Мен  әншейiн  бiр 
зауықпен  оның  үйiне  кiрiп  бардым.  Асты  үстi  тақтайлы,  екi 
ауыз үйдiң есiгi ашық. Терезелерiне  бұршақ гүлдi күлгiн перде 
ұсталған.  Қара  қоңыр  сырмен  сырланған  ышқам  тамақ  үстелi 
ырғайдан  иiп  жасалған,  әдемі  қоңыр  орындықтар  аппақ  там 
нұрына  шағылысып,  жарқ-жұрқ  етедi.  Көрiнеуде  тұрған  мұнан 
басқа басы артық мүлiк жоқ. Төргi үйдiң оң жағында қоңыр ала  
одеалмен  құнытты  жабылған  әшекейлi  темір  төсек  тұр.  Барша 
көрпе    төсенiш  сонда  сияқты.  Сол  жақ  босағадағы  қайықбас 
қайың төсектiң үстiнде текемет-сырмақ, пышпақ, iшiк, күмiс кiсе, 
құндыз қазекей рет-ретiмен тұр. Тұсына шебер қолдан шыққан 
түскиiз  iлiнiптi.  Осы  төсектен  ғана  қазақ  белгiсi  байқалғандай. 
Ауыз  үйге  қайта  бұрыла  бере  бет-аузы  отқа  түскен  қарындай 
быжырайған бүкiс кемпiрдiң сыртқы есiктен кiрiп келе жатқаны 
көзiме түстi. Менi көрмедi ме, көрсе де сап салғысы келмедi ме, 
төрт-бес  бүктеп,  сығымдап  алған  жалбызын  байлайтын  нәрсе 
iздегендей  болды. 
-  Амансыз  ба,  апа!  -  дедiм  мен.  Кемпiр  елең  қылған  жоқ. 
Бұрыш  жақтан    бiр-екi  сүйемдей  мақта  жiп  ұшығын  алып, 
сықпаланған шөптiң белiн шандый бастады. Иен үйге рұқсатсыз 
кiргендiгiм үшiн ренжiп қалды ма екен деген оймен таяңқырап 
барып:
- Есенсiз бе, апа? – деп, дауысымды көтере тағы сәлемдестiм.
- А?! - дедi кемпiр, қалың қоңыр салыдан құлағын шығара 
бетiме  қарап.  Бүкiс  кемпiрдiң  құлағында  да,  көзiнде  де  мүкiс 
бар екен. Мен не дерiмдi бiлмей, екi қолыммен кеудемдi басып, 
басымды идiм. 
- Қай баласың? - деді ол, менiң амандаса келгенiміме күңгіріт 
болып.
- Қауанның iнiсiмiн. Қанапияның алтыншы ұлымын. Алтай 
орта мектебiнде оқып жүрмiн,- деген сөздерiм далаға кеткен екен.
-  Әйтеуiр  жүрмiз  ғой,  Алла  деп!  -  деген  сөздi  өз  алдына 
күбiрледi де, тамақ үстелiн ортаға тартпақ болды.
- Рахмет апа, әуре болмаңыз! - деген айғайым да дарымады. 
Шкафтың  iшiнен сырлы ағаш табаққа салынған бауырсақ, бiр 
тәрелке бал, жалғыз жарма құрт алып, бiр шыны шаймен қоса 
үстел  үстiне  қойды.  Кемпiрдiң  мойыны  бұрыла  берген  кезде, 
қойдың  құмалағындай  бауырсақтың  бiреуiн    аузыма  салсам, 
тастай  қатты,  шегедей  шымыр  екен.  Аузымнан  қолыма  түсiрiп  
қалтама  сала  қойдым  .  Қызығып  жегенiм  қазақтың  жарма 
құрты ғана. Мен шай iшiп отырған кезде Жанұзақ кiрдi. Берген 
сәлемiмдi ол да алған жоқ, бетi-қолын жуып, сүртiнiп болған соң 
ғана:
- Сен Қауанның оқып жүрген iнiсi болатын шығарсың? - дедi 
төр үйге кiрiп бара жатып. Қайтiп шығар ма екен деп аз тосып 
едiм, шықпады. Төр үйге қуалай кiрiп жауап беру де, жауапсыз 
кете беру де лайық емес. Сарылып тағы бiраз отырдым да, ақыры 
айдалаға рахмет айтып шығып кеттiм.
Кейiнгi жексенбi  күнi тағы да келсем, Қау атам бiр нәрсеге 
қайран қалып, күлiп отыр екен. Аймақтың секретары Жанұзаққа 
ауданға  әкiм  бол    десе  болмай  қойыпты.  «Табың  –  таза, 
белсендiсiң, партияға кiр» десе, азар да безер болған.
- Бұл қалай, таж-тақтан, құдай өзi әкелген бақыттан  қашатын 
кiсiнiң де болғаны ма, әлде құйрығыңа байланған қалжуыр бар 
бiреу ме? - дейдi Қау атам.
Ал мен мансаптан бас тартқаны дұрыс болыпты деп ойладым.
Қар  екi  жауған  мезетте  қалаға  әкем  келiп  қайтты.  Үстiнде 
үлкен  қара  сеңсең  iшiгi,  астында  қара  айғыры  бар.  Кластың 
сыртынан айғайлап  менi далаға шақырып алды. Түлкi тымақтың 
жақтауынан  сақал-шашы  толайым  ағарып,  жадап  кеткендей 
көрiндi  көзiме.  Сәлем  беру  есiмнен    шығып,  аяғын  құшақтап 
боздап жiберiппiн.
-  Үй,  жасық,  бұл  қайткенiң?!  Жатын  орын,  iшпек–жемегiң 
қандай?  Мұғалiмiң жайлы ма? Мектебiң рұқсат етсе, Қауанның 
отауына  барып  кайтарсың,  –  дедi  қажыған,  бой  алдырған 

102
дауыспен. 
Сабақ  ақырласқан  соң  Қау  атамның  үйiне  бардым.  Әкем 
шешiнiп, төр  алдында төбедей болып отыр екен. Өңі бағанағыдан 
да жадау көрiндi, жарытып тамақ iшпейдi екен. Бар қорегi - шай. 
Бану  қаймақты  қайдан    әкеле  қойғанын  бiлмеймiн,  шыныға 
жұғатындай тосапты қаймақтап әкеме ұсынып, қарадай мөлдiреп 
отыр.
-  Еһ,  балаларым,  өмiрдiң  азды,  көптi  сапарын  басып, 
ырыздығын таттық. Өз ойымызды даулап та, арман үмiт қуалап 
та  дәурен  кештiк.  Жеткенiмнен  жетпегенiм,  тапқанымнан 
таппағаным  көп.  Мейлі  түсiн,  мейлі  түсiнбе,  ғұмыр  бақыт 
дегенiмiз болашақпен, ұрпақпен, әдiлет, арманмен жалғасқанда 
ғана маңыз алады, баянды болады. Халқыңның заман-заманнан 
берi  жоқтап,  қуып  келе  жатқаны  осы.  Жас  едiм,  жалғыз  едiм, 
жарлы,  сорлы  едiм  дей  алмайсың.  Күн  көрiс  тәсiлiңдi,  iздену 
бағдарыңды  барладың бәрiң де. Ата-ана, қоғам даярлап бередi, 
мен    мамық  төсектiң  үстiнде  жатып  қалағаныма  кенелемiн 
демейдi саналы жан,-дейді әкем.
Әкем жай кеңес, өсиет айтып қана отырған жоқ. Арыздасып 
отырған  сияқты.  Осы  ой  сап  ете  түскенде,  жұлын,  жүйкемнен 
жылан өрлегендей тiтiреп, жүрегiмнiң езiлiп, ерiп бара жатқанын 
сезiндiм. Оның алқынғаны менiң көкiрегiмдi қысып, тынысымды 
тарылтты.
-  Қайран  арысым,  қасиеттi  бәйтерегiм-ай!  -  деп  үн  салып 
боздауға  аз-аз  қалдым.  Ондай  жылауды  ең  алдымен  әкем 
кешiрмейтiнiн  бiлем.  Банудың  тығылып,  булығып  отырғаны 
сондай  қаталдықтың  зары.    1986  жылы  жазылған  “Арман-ай” 
деген  дастанымда:  “Әкем  менiң  қорғасындай  зiлдi  едi,  әкем 
менiң қорғасындай ерiгiш!” деп отырғаным да осындай  мiнезi 
болатын.
Жер  тарта  салғырттаған  науқастан  әкем  сол  жылы  дүние 
салды.   Сабағымызға  зияны  болар  деген  оймен  туыстар  бiзге 
дер  кезiнде  естiртпей,  емтиханымыз  аяқталып,  мектеп  тарауға 
айналғанда  ғана  ұқтырды.  Төбемнен  жаумай  жасыл  түскендей 
болдым мен.
-Аһ, алдамшы дүние–ай, топырақ салдырмай, аузына сусын 
тамыздырмай,  кеш  қарызыңды  дегiздiрмей,  айырыпты  ұлы  
қорғанымыздан.  Тым  болмаса  бiр  кеңесте,  бiр  қимылда,  бiр 
тiлеуде  көзiне  түсiп  киер  киiм,  мiнер  атын  дайындап,  бағып-
қаққан болсақ тағы бiр сәрi едi ғой. Азабымызды, бейнетiмiздi, 
жәбiр-жапамызды  тартқыздық.  Ол  болса  тақсiрет  ғана  өз 
сыбағасындай  тағдыр  жазған  бақыт  қуанышындай,  құлшынып 
еңбекке дана ақыл кеңеске берiлдi. Бардамдық пен жоқсыздықты, 
тап-таптық  күрес  деп  қарағаны  жоқ.  Iскерлiк  пен  iскерсiздiк 
деп  қарады.  Адамзат  ой,  қиялды,  тапқырлық,  дамуды,  идея, 
көркемдiктi  жаратылыстық  өмiрден  алғандығына  ақыры  бәрi 
де сол  жаратылыстық өмiрге қайтатынына сенедi. Мен әкемнiң 
мұратын  өзiмше    топшылап,  бос  уақыт  шықса  болды  түртiнiп 
келе жатқан бiр ғана өлеңiм бар еді. Соңы бiтпеген. Басы сонау 
Өрнек бастауыш мектебiнде басталып, емханада жалғасқан. Кей 
шумағына  неше  апталық,  неше  айлық  уақытым  сарып  болған 
өлең. Аты “О, табиғат” тағы қанша уақыт   жазатыным, қанша 
рет өңдейтiнiм белгiсiз.
Жаннаты ғой өзен құс пен балықтың,
Балдыр орса демейді олар талықтым.
О, табиғат, мен де өзіңе түскенде,
Жан шақырып, жылай тыныс алыппын.
Тәй - тәй бастым, қарап аққу, қазыңа,
Шалықтадым ұқсап шуақ жазыңа.
Қаталдықты жұқтырыппын қаңтардан,
Күз күнiнен үйренiппiн базына.
Шыңырауға қарап жiгер бой алдым,
Аспаныңа қарап пейiл, ой алдым.
Тәттi өмiрге таласуды үйреттi,
Атқан оқтай зымырауы қоянның.
Амал қанша, әкеме осы бiрнеше шумақ өлеңiмдi оқып бере 
алмадым ғой. Ақтық дем сәтiнде естiген болса да, күлiмсiреп көз 
жұмар ма едi, қайтер еді? “Дүние шiркiн жалған-ай, угай арман-
ай!” деген нала осындайдан  шыққан екен-ау. Әкемнiң қазасының 
үстiнде Жанұзақ қолға алыныпты   деген хабарды естiдiм. 1940 
жылдары Шың Шысайға iлесiп, 1945 жылы Америкаға сатылған 
тыңшы  екен  дейдi  ұзын  құлақ.  Бейшара  бүкiс  кемпiр  қаран 
қалды-ау, ә! - деген сөзiм қолқамды кемiредi.
  -  Әкiмдiкке,  коммунистке  таныстырып,  сенiмдi,  сергек  бiр 
қазақ тапқандай болған  Яң қайда қалыпты? - дедiм мен.
 -Е, кiм бiледi, бұл да сол өздерiнiң тағы бiр қаулысы шығар, 
- дедi Ысқақ жүзi нарттай қызарып.
 - Ой, Алла, тәуба-ай дегендi қалай айтады деушi едiк, осылай 
екен ғой! - деп өксiгендей тыныс тарттым мен.
           
6
Шынжаң  педагогика  институтына  қабылданған  оқушылар 
көнелеу  үш  автомобильмен  жолға  шықтық.  Үрiмшi  қаласына 
бармақшымыз.  Менен  басқа  сабақтастар  қабағат  көңiлдi,  ән 
айтып,  жыр  жырлап,  ескеуiлдеп  өлең  оқып,  мәре-сәре  болып 
келедi.
Еңгезердей қызыл сары, байыпты азамат – Шәкен Оңалбай, 
толқынды    қара  бұйра  шашты,  орақ  тұмсық  Шәмен  Исаұлы, 
тығыршықтай,  қара  торы  жiгiт    Дутан  Сәкейұлы  оныншы 
класты  тауысып,  шығанға  шырқап  шықпақ  болып  келе  жатыр. 
Алтайда  олар  төселген  ақын,  мектеп  пен  халықтың  қуанышы, 
бiз  қатарлы  оқушылардың  төбе  биi,  сыйлы  ағасы  есептеледi. 
Биiк  ғылым  ордаларына  барып  бiлiм  алу  шынында  қуанышты 
iс,  ата-анамыздың,  ел-жұртымыздың  аңсаған  арманы  ғой.  Десе 
де,  менiң  көңiлiм  әлде  нендей  қаяу,  көмескi  көлеңкеден  арыла 
алмады.  Әкемнiң    зираты,  ақыл-кеңес  беретiн  туыс-туғаным, 
байырғы  мәдениет,  көл-көсiр    тұрмыс  кешiретiн  жайлы  мекен 
артымда  қалып  барады.  Күзгi  қымыздың,  ермен  татыған  лақ 
сорпасының, қарандыз бүлдiргеннiң исi кеңсiрiгiмдi  жарғандай 
болады.  Өкiнiшi  жаңбырдан  кейiн  қарағай  арасынан  бұрқ  ете 
түсетiн ауа, қайың, талдың сылдырай қалатын үнi қандай. Қазiр 
бiздiң үйде шежiре айтылып, сыбызғы тартылып жатыр ма екен. 
Ауылдың ендiгi  сүйенiшi  Ракай мен Сәрінжіп қой. 
Ендi солардың аузы тосылмаса екен, көзiнiң мысы, аузының 
дауысы,  халықтан үйренген береке, арманы бар азаматтар ғой 
деймiн.  «Есiл  әкем  өтiрiк-өсекке,  ұрлық-қарлыққа  қарсы  менiң 
жүрегiме  өзi  ойған  мiнез  мөрдей  басылған,  оны  мәңгi  бақи 
өзгертпеспiн-ау. Өзiм жазған, өз көңілiммен шымырлап шыққан 
махаббатымды өзiңiз көксеген шындықты сезiм селiн ғана сiзге 
арнаймын. Аударатын, үздiксiз аудара беретiн  Құраным да осы 
болмақ»,  -  деймiн  күбiрлеп.  Қурайтыға  жеткенше  осындай  ой 
ортасында салдай қалқақтап отырыппын.
-  Нарынқара,  ерте  тұрып  атыңның  жалын  қара!  -  деп 
тақпақтады  бiреу.  Қурайты,  Көксүн,  Мұзтау  есiме  Арқалық 
батырдың тағдырын көлденең тартты. Елi үшiн, жерi үшiн басын 
бәй  тiгiп,  жауға  аттанған  Арқалық  батырдың  осынау  қоңыр 
бөктерде  жалғыз  жортып,  ашулы  арыстандай  Ажының  артына 
таңба  басып,  сатқын    байды  жайратып,  ел-жұртын  құтқарған 
ерлiгi ереуiлдейдi. Көксүннің мынау дара биiгi  батырдың дулыға, 
сауыт,  айбалтасындай,  шалқып  жатқан  апайтөс  көкірегіндей 
сезiледi. 
Шiркiн  Алтай,  қасиеттi  қара  мекен!  Сенi  қорғау  жолында 
сан–санақсыз сарбазың жанын қиған едi-ау!.. Арқалық, Ызғұтты, 
Сәменбек,  Тауасар,  Бөке,  Зуха,  Елiсхан,  Есiмхан,  Сұлубай, 
Шәрiпхан,  Мәнкей,  Ақыт,    Мұса,  Дәлелхан  әрi-сәрi  болмастан 
өздерiн  құрбандыққа  шалды.  Зуха  қажы  қазандай  сұсты  басын 
қара көпiрге күзетке қойды. Халықтың бақыт, арманын күзеттi ол. 
Тал бойымды балқытқан бiр үндi естiп, Бүркiтбай мен Сұлубай 
шауып  келе  жатыр  екен  десем,    уiлдеген  Алтайдың  қоңыр 
самалы бетiмдi сылады. Бiз Сауырдың сары  жазығынан үзiлiп, 
Қобық шекарасына қарай толқып бара жатыппыз. Мен автобус 
терезесiнен  басымды  шығарып,  әлгi  сабаздардың  бiр  бейнесi  
көрiнiп қалар ма екен дегендей арт жаққа, Алтайдың қат-қабат 
сiлемiне  ұзақ  қарадым.  Қиялдағы  теңiздей  жөнкiлген  буалдыр 
толқын, иректелген бел-белес, боз көде, изен, жусан ғана көзiме 
түстi. Алыста, аспанда жалғыз құс шыр айналып жүр. Мүмкiн, 
балақ  бауымен  кеткен  бүркiт  шығар?!.  Жол  бiрден  бұрқыраған 
шаңдақ,  қапырық  әлемге  бастап  кiрiп  кеттi  де,  маңайды  көру 
мүмкiн  болмай  қалды.  Есiк-терезеден  кiрген  тозаң  қолқаны 
қауып,  тынысты  тарылтты.  Бiр  сыпыра  сабақтасым  басын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет