108
Бiр жексенбi күнi жатақта жалғыз жатыр едiм, есiктен бір
қыз кiрiп келдi.
- Тым шүңетке батып кетiпсiң, Ғалым. Қазіргi жай-шамамыз
үшiн “Ер Төстiктi” мысал етсек те жетер - дедi түйе танадай қап-
қара көзiн менен алмай.
- Үй, сен менi қайдан танисың, кiмсiң өзiң? - деппiн мен.
Бейтаныс қыздың қиялымның үстiнен түскендей болуы
таңдандырған - ды.
- Қазез, Керейқазылармен бiрге оқығанмын. Қазiр де
мектебiмiз бөлiнгенi жоқ. Физика факультетінде оқимын. Азан
шақырып қойған атым - Тоқтар. Өзге жұрт менi Гүлбану дейдi.
Өзiн
қалай атағың келсе, солай ата,- деді қыз.
Ақ көңiл, ашық-жарқын перизаттың бұл лебiзi жанымды
қытықтап, тiлiмнiң ұшына: «Сәулем! Күнiм! Қалқам! Айым!
Перiштем!
- деген талай сөз, табыну сарынын әкелдi.
- Гүлбану, ел мен жұрт сенi бекер Гүлбану деп атамаған
шығар. Маған да осы атың жағады. Физика факультетінде логика
сабағы өтiле ме екен?
- Оны неге сұрадың?
- Таңданба, бұған сен есiктен кiрудiн алдында мен шырма-
шату ой үстiнде жатқанмын. Ата-бабамның байлығы, балдақпен
сүйенiп оқып жүрген кезiм, бастауыш мектептегi қыңыр,
қырсықтығым, әкем айтқан шежiре, хиса, аңызға жетерлiк бiлiм
жоқтай сезiнген шақтарымды ойлап жатқан едiм.
- Әп, бәле!.. Өзiм де сондай шүңетке батып кеткен-ау деп
ойлағам. Қобыландыға, Қыз Жiбекке тең келетiн арман, мұрат
қайда, тәйiрi. Ғалым, сенi тым қиялшыл деп Қазез, Керейғазылар
терiс бағаламапты. Мектептiң “ашылыңдар, сайраңдар” деп
жатқан түрi мынау, бiз ұлтымыз үшiн өзiмiздi қорғаумыз керек.
Сақ болыңдар, әйтеуiр!..
- Қойсаңшы-ай, қыз, суырылып андағының мазасын алмай! -
деп есiктен күңгiрлеп, дүңгiрлеп кiрiп келе жатқан Керейғазының
үнi Гүлбану екеумiздi елең еткiздi.
- Ананың мазасын емес, басын айналдырып жiберген шығар
бұл қыз! - деген Қазездің сөзiн құптап, қарқылдап күлiп Ысқақ,
Тәлендер де дүрiлдеп кiрiп келдi. Бiз олардың неге күлiп келе
жатқанын Ысқақтан ұқтық. Толы ауданында Сақаба дейтiн қырыс
мiнездi әдiлетшiл кiсi болған екен. Қар бiр жауғаннан кейiн-ақ,
құс салып, аң аулайды екен. Үлкен ұлы қыстақ секретары, кiшi
ұлы маскүнем. Кемпiрi қой аузынан шөп алмас жуас, осындай
отбасы екен. Қоңыр күзде, қолыңда тұрған биеге бұт артып, қырға
шықпақ болған Сақабаның алдынан ауылдың иттерi кезiгедi ғой.
Қырқаға
шыққанда қалмай тақымдап, биенiң танауына ұмтылып
зықысын алған сары қаншыққа өлердей ыза болыпты, сонда ол!
- Қой, деймiн сары қаншық, қой, артыңды қыс! Жаман
ат, жалбыр тонда жетi атаңның құны бар ма? Мен мансапты,
мәртебелi кiсi емеспiн, жорға, жүйрiк мiнген жан көрсең шiлiктей
бұралып жағымсый қалар едiң. Менiң жек көретiнiм осындай
мiнез - дейдi де, бүркiтiнiң томағасын сыпырып алдынан
сырғытып жiбередi. Иесiнiң емеурiнiң сезген қыран көтерiлiп
ұшпай-ақ сары қаншықты бәкiдей бүктейдi. Керейғазының
күңгiрлеп келе жатқаны сондағы Сақабаның сөзi екен.
- Ал, бәлем, қой дегенде қоймаған сыбағаң осы!
Жағымпаздығыңды ендi бастықтар бағаласын, өзеленiп жүрiп
өмiрiң өксiдi сары қаншық. Бұл үшiн маған да, құсқа да ренжи
алмайсың, осындай дарақылықты үйренiп алған өзiңнен көр! -
дептi.
- Ой, Кеке мынауың бiр роман көтерiп шығара алмайтын
характер екен - деп мен де күлiп жiбердiм.
- Сақабаның мұндай әңгiмелерi көп, айтсаң таусылып
бермейдi. Бiр күнi ағасы Нүсiпқажы бөсе сөйлеп:
- Мен ауылдық округтен қырық келі жүн алып, бес-аты жiгiттi
шақырып, екi литр арақ, бiр серкештi сойып берiп, жаңа сабатып
болып отырмын – дейдi. Сонда Сақаба:
- Ай, аға, бекер шашылған екенсің. Бiздiң әлгi арақкеш,
көкбұт ұлды шақырып бiр жартылық берсеңiз сабатып алғанды
қойып, әуелi бастыртып бере салады. Жүн–жұрқанға қосып,
өзiңнiң де түте-түтеңдi шығармас па едi! - дептi дегенде жатақта
отырғандар мәз-мейрам болдық. Гүлбану тiптi ұзақ күлдi.
- Жаратылыстық, қоғамдық өмiрде мұндай кесек күйi туыла
салған кейiпкерлер аз емес. Мами, Башпай солардың бiр бейнесi
ғана. Бiз осындайларды көре бiлумiз, бақылап, бейнелей бiлумiз
керек – деп Керейғазы қызықтың тағы бетiн ашты.
Мына Гүлбанудың әкесi мен Сақаба бiрiн-бiрi сөзбен
қағытпай жүрмейдi екен. Сақаба сыңдалып, ауылдық округтен
ақ тайыншасын бағып, айдап келе жатқанда Қаби кезiгiп:
- Е ,Сақаба тайынша айдаған екенсiң ә! - дептi де, кете берiптi.
Бұл сөздi iшiне бүгiп жүрген Сақаба Қаби күреске алынып
жатыпты деген хабарды естiп, әдейi сонда көргелi барады, барса
Қабиды “ойлан” деп жалғыз отырғызып қойған екен. Сонда
Сақаба:
- Е, Қаби, закотке отырып қалған екенсiң - деп баяғы сөздiң
қарымжысын қайтарған екен.
- Қазез, ен кездескен кейiпкерлерде жасанды жағымпаздықтың
бас терiсiн сыпырып, ашық кеспiрiн көрсететiн, мұраты асыл
жандар екен - деп едiм:
- Өзiң әлжуаз болғаныңмен пiкiрiң балуан. Тәлен екеумiздi
қамшылап отырсың–ау! - деп жымия күлдi Жұмәдiл.
Гүлбану ойда жоқта бiр сұрау қойды.
- Әдебиетте бiр сыпыра қиырды, өрiс, қонысты шалдыңдар
ғой. Сонда кiм биiк, қайсы шығарма терең екен? - дедi. Мен
аңырып отырып қалыппын. Физиканы ұстанған қыздың
әдебиетте несi бар деп ойлай қалып едiм, бiрақ ол жауап бер
дегендей бүйiрiмнен түрткiлеген соң аузыма Бальзактың,
Толстойдың, Мопассанның, Гомердiң аттарының түскенiн тiзiп
айта бергенiме өзiм ұялып қалдым.
- Ой, тәйiр-ай, мұндай оқығандарың бар болсын! – дедi ол, сенi
“оңшыл” деп бекер сындаған екен, “солшыл” екенсiң. Қоғамның
шұрқылтайынан найза сiлтемеген, беталды лаққан адамдарды екшеп,
айтқаныңнан соны аңғардым. Әдебиеттiң мiндетi адамзаттың жан
сезiмiн бейнелеу десек мұнда Мұхтарды аузыңа алуың керек едi ғой
– дедi қабағын сәл түйiп. Мен әрқайсымыз әр түрлi сапылдағанымыз
бен Гүлбануге астар бола алмайтынымызды сездiм. Ол өз
байымдауын қыруар фактімен дәлелдеп бiздi қымтап, орап тастады.
Қарапайым қазақ қызынан да осындай өрелi, осындай, толғамды адам
шығады деп таң-тамаша болдым. Мұны кейiн шығармаларымыздың
80-ші жылдан кейiн ғана баспа бетiн көргендiгiнен, әуелi 1953
жылдан басталған “О,табиғат” деген өлеңiм1990 жылы Іле Халық
баспасы басқан “Көк иiрiм” деген жинақта ғана жарық көргенде
барып түсiндiм. Отыз бес жылдық творчестволық өмiрiмде осы “О,
табиғат” атты өлеңге қаламым тимеген кез болмапты. Кем қойғанда
еске түсiрiп шығушы едiм. Адамзаттың жаратылысты тануы миымды
ұдайы жани беретiн. Өткiрлеп, ұштай беретiн, осы бiр-екi аяқты
хайуанның барлық әлемдi өзгертпек болғанына кегiм қайнайды.
Өзгертсе де iстен шығара өзгертетiнiн ойлайтынмын. Бұған жол
берiлсе жер шары ойран болады, экология бүлiнедi. Жан-жануар,
109
өсiмдiк қурап жоғалады. Заман ақыры дегенi сұғанақ қолы тиылмас
адамзаттан келедi.
Бiздiң атамекен Шойғатыда басына бұлт, бауырына қарағай,
қайың, тал, шалғын өсiрiп, Сұмдайырықты иегенiң астында
тулатып жататын биiк сары бел бар едi. Менiң ата-бабам Қилыбай,
Құнияздың төр жайлауадан қайта шалқыған кезде тыныстайтын
жұрты. Сол сары бел мекендеген халқына көл-көсір өмір, тың
тіршілік сыйлағанын білемін! Мен жазған шығармалардың
бәрінің де осы Сарыбелден дәм татпағаны жоқ. Сол үшiн де осы
кiтаптың бiрiншi бөлiмiне “Сарыбел” деп ат қойдым.
ЕкiНШi БӨЛiМ
сапиян белбеу
1
Төбесiне түзген, жыңғыл, сарбалақ, сексеуіл өскен биiк ақ
құмның iргесiндегi қыстаудан аттанатын кезiмде әкем бiр белбеу
сатып әкелгендi. Ертiсбайдың ләпкесінен алыпты, жалпақтығы
төрт елiдей, қос тiлдi, ешкі терісі былғарыдан жасалған сапиян
белбеу.
- Жоғалтпай, түтелемей, күтiп ұста, суауыз! - дедi Қадым
маған. Бұл белбеу Алтай ортаның толықсыз кластарын
тауысқанша белiмнен бiр түскен жоқ.
- Бұл белбеудi саған арнайы алдым! - деген болатын
әкем. Белбеу әкемнiң құшағындай медет, қуат, сезiм береді.
Педагогика институтында өтiлген сабақтар әкем айтқан шежiре,
хиса, жыр, айтыс өлеңi, ертегiнiң астары ғұрлы болмады. Олай
мылжалап, былай мылжалағанымен университеттің берер
нәрi әкемнiң бiр шешiлiп сөйлегенiне жетпейтiндей сезiндiм.
Сөйтсе де, психология, логика, педагогика сабақтарын қызыға
оқыдым. Өйткенi мен игеруге татырлық бiлiм осыларда тұрған
сияқтанады. Қоғамдық жұмыстарға құлқым соқпайды. Сөйтiп
жүрiп университетті де бiтiрдiм. 1961 жылы Үрiмжi ауданына
оқытушы болып бөлiндiм. Сабақтастарымның уыты өткенiне
кектенемiн, уытым өткенiне жаным ашиды. Мектептен кетсем–
ақ бостандыққа, бақытқа шығатындай сезiнген едiм. Қасымда
дөңгелек жүздi, жұмсақ мiнездi жас жiгiт Мұқатай бар. Ол да
бiзбен бiрге, бiр мектепте, математика факультетiнде оқып,
менiмен қатар Үрiмжi ауданына бөлiнген.
- Iргесiнен жел ескен, қош шұбырған белестен – деп үлкен
қоңыр жанары жасаурап, қиырға, сонау терiстiкке сүзiле
қарайды.
-
Өлең шығаратының бар ма едi, Мұқатай?!- деймiн.
- А, жоға! - дейдi ол, селк етiп. Өлең, жыр менiң қай теңiм?!.
Сағынып кеттiм ғой туған жердi.
Оның жанары жарықшақтана күлiмсiрегенiне жаным ашиды.
Үрiмжiнiң шаң-тозаң суыра ұйтқып қоятын аңызғағынан
жарылған Мұқатайдың жұқа қызғылт ерiндерiне қарап, ол
көксеген жайырды көз алдыма келтiрмек боламын. Жайыр –
Арал сияқты Жерұйық мекен бе екен әлде.
Үрiмжi ауданы бiздi таудағы бiр орта мектебiне бөлдi. Нансан,
Гангу, Иуңфыңчуй деген аттарынан-ақ түңiлгендей боламыз.
Алғаш ауданға келгенiмiзде кеңселерiнiң денi құлыптаулы, кадр
бiткен ауылдық, әтiреттердiң орман жұмысына көмектесiп,
тәрбие жүргiзу үшiн жан-жаққа шығып кетiптi.
Бiздiң Гангу орта мектебiне баратынымызды Ли қожаң деп
аталатын қол тоқпақтай, сiрiңке қара кiсi ұқтырған да, сосын
қолымызға бiр-бiр жапырақ жолдама қағазын берiп, шығып
кеткен. Содан екi айналып ол да көрiнген жоқ.
Гангу орта мектебi қайда, оған қалай барамыз? Орталау
кластарға аяқ басқаннан берi, өкiмет қамдауымен оқып, ендi
ғана қоғамға аттанғалы тұрған кедей балаларында соқыр тиын
болмайтынын бiлмей ме әлгi ағарту бөлiм бастығы. Топырақ
жейдi, желге мiнедi, әкесiнiң үйiнде жатып тұрады деп ойлады
ма екен? Дәнеңе ұғыспай, дәнеңе демей тайып тұрғаны несi?!
Осылай ойлағанымызбен өткiзiп қойған өтiлiмiз жоқ. Құр
күңкiлдеп тiсiмiздiң сөлiн сорумен ғана болдық. Iшек шұрылдап,
асқазан тырнап қояды. Сол ас болатындай-ақ арт-артынан
бұрқылдатып темекi тарта бердiк. Ли кожаң (Ли бөлiм бастығы)
тым болмағанда кеңсесiнiң есiгiнде ашып бермедi. Мұқатай
екеумiз біраз тарықтық. Ымырт жабылуға таяған кезде, қорс-қопа
болып жатқан қуыстың бiрінен шыққан дөңгелек жүздi, шегiр
көздi, болымсыз секпiлi бар, қызыл сары азамат қасымыздан өте
бердi де, қайта бұрылды.
- Жiгiттер, бұл жерде не ғып отырсыңдар? - дедi биязы, жылы
үнмен.
Бiз орнымыздан қопарыла сәлем берiп, жөн-жайымызды
айттық.
- Е, е, қазiр мұрнымызға су жетпей жатқан қарбалас шағымыз.
Қабiлетiмiз шанақты, адамымыз аз. Әсiресе, оқу-ағарту негiзiмiз
әлi де әлсiз. Сiздердi қуана қарсы аламыз. Қане үйге жүрiңiздер
әңгiменi жайланып отырып айтысайық - дедi.
Бiз сынықсымадық, бейтаныс кiсiге iлесiп жүре бердiк.
Әйтеуір, қазақ екен ғой, бiр шәугiм шайын ықыласпен берер
деген ойда болдық. Жолай кезiккен бiздi бастап келе жатқан бұл
адам осы ауданның орынбасар секратары Дияр екенiн ұқтық.
“Секратарь” деген сөздi естiген соң жалтаң көздене бастаған
Мұқатайды бүйiрден нұқып қалдым.
- Немене
тышатын мысық тәрiздене қалдың, жүр тезiрек!
- Iшiм ауырып келе жатыр! - деп сылтауратты ол.
Диярдың үйi тар, пейiлi кең, көңiлi дархан кiсi екен, үйге кiрген
соң да әңгiменi өзi жалғап, ауданның саяси-экономика, мәдениет,
тарихын таныстырып, жерiнiң асты–үстiндегi қазнасын, халық
санын алақанындағыдай жайып, бiздiң тағдырымызға қажеттi
қоғамдық сауатты қысқа-қысқа қайырса да, толық ұқтырды.
Көркейту амалын, заттық тиянағын, ауданның сенiмiн дәлелдеп,
көңiлiмiздi орнықтырды.
Зайыбы – Шамшан ақ көңiл, бауырмал, көрiктi әйел екен.
Риясыз қарсы алып, жақсы амандасты.
Бiз бетi-қолымызды жуып, үстел басына келiп отырған соң-ақ:
- Қане, тартынбаңдар балалар! - деп алдымызға бiр-бiр
тәрелке лағыман, бiр табақ майлы қуырдақ әкелiп қойды.
Секратардың әйелi болған соң балалар деп бiздi қомсынғаны
болмаса, өзi бiзден үлкен емес сияқты. Әуелi ерi Дияр да бiзден
бiрер жас қана парық қылар ма екен.
- Қолымызда мал немесе даяр ет болмайды. Шешемнiң
өлгенi жақсы болды, көрпесi құйрығыма жұмсақ дептi ғой мына
Шамшан сияқты бiреу. Таудағы бiр туысымыздың тайыншасы
тастан құлап өлген, мынау соның етi - деп бiздiң тәрелкемiзге
қуырдақты еселеп жатып күлдi Дияр.
- Арам ет екен деп қалар, пышаққа iлiнгенiн неге айтпайсың?
- дедi Шамшан.
- Тақуа болып кетпес, замандас. Пышаққа iлiнсiн, iлiнбесiн
жаңа, таза мал етi түгiлі шошқа етiн осындай тiл үйiретiндей етiп
қуырып берсең, мен соға беремiн. «Қосағыңмен қоса қартай!» -
деп бата беремiн әуелi. Бүгiнгiдей аш-арық шағында мына Мұқаң
да тартына қоймас! - дедiм.
Дияр мен Мұқатай мәз болып күлдi.
- Әншейiн айтқаным ғой! - деп Шамшан да езу тартты. Бiз
тойып алдық.
- Е, ауданымызға ақынның бiреуi келiп қалған екен ғой.
«Шынжаң газетiнде» жариялаған “Ертiске” деген өлеңiнiздi
оқығанмын. Жазғандарыңыздың бiр екеуiн оқымайсыз ба?!
Мен “Дала гүлi” деген өлеңiмдi жатқа айтып бердiм.
- Өлеңiңiздiң ойы үлкен болғанымен6 бойы шарғы екен. Тағы
бiреуiн айтып жiберiңiз,- деп, орынды сын, құрбыластық әзiл,
кесек талғам танытып сыңғырлай күлдi Шамшан. Онан соң мен
әкеме арнаған “Саршоқы” деген өлеңiмдi айтып бердiм.
- Мынау қайтедi-ей өзi! - дедi менiң аузыма шекшие қарап
қалған Мұқатай.
- Е, қайтушы едi, тамаша өлең айтып шықты - деп күлдi
Шамшан.
- Екiге екiнi қосса төрт, төрттi төртке бөлсе бiр деп түсiнiктi
сөйлемей кiсiнiң жүрегiн, iшi қарнын ақтарғаны несi?
- Өлең құдiретi деген әне сол! Ғалым, ауданымызға келгенiне
қуанамыз, жағдайымыз сай емес ендi ғана ес жиып, етек жауып
жатқан халықпыз, сөге жамандамаңыздар тегiнде! - деп күлдi
Дияр.
Секретарьдың iштi, тынысты кiсi екенi бүгiнгi аз сөз
әрекетiнен-ақ бiлiндi.