Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



Pdf көрінісі
бет27/33
Дата03.03.2017
өлшемі16,22 Mb.
#5524
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33

103
шытпен таңып алыпты. Құсып, ыңқылдап, өлетiн қой көзденiп, 
зықысы  кетiп отырғандар көп. Бағанағы ән, дырду күлкi ғайып 
болған.  Машина    ырғағынан  бастары  соғылысып  кеткен  кезде 
көздерiн  ашып  алады  да,  бiрiне-бiрi  қыржия  қарасады.  Пенде 
деген  осы,  қуанышы  да,  қайғысы  да  мұрнының  желкесiнде 
елбiреп  тұрады.  Баяндылық,  арман,  мұрат  ол  емес  қой!  Менiң 
денем автобуста, қиялым Аралда жүр.
- Сусын iшiп алсаңшы құлыным! - дегендей болды. 
Қаңырығым  түтеп,  шөлдеп  келе  жатқанымды  сонда  барып 
сезiнемiн.
Қостолағай деген жерден бiр тамақтанып алдық та, Орқыға 
жете қондық.
Орқыдан таң саз бере аттандық. Автобус дөңгелегi үйiрiлген 
қызыл  шағыл,  қиыршық  құм  қабырғаға  сатырлап  бiр  мезетке 
дейiн  алдаусыратқандай  болып  келдi  де,  күн  көтерiле  бере 
тағы бiр тiрi табиғат  серiк болды. Ол - мыңғырған қарақұйрық 
болатын.  Көптiгiнде  хисап  жоқ.  Ана  жерден  де,  мына  жерден 
де болымсыз елеңдеп, автобусқа таңдана қарайды. Бар болғаны 
сол,  тiптi,  қашпайды.  Кейбiреуi  жолды  кесiп  өтіп,  мөлдiр  қара 
әдемi  жанарымен  жаудырай  қарайды.  Олардың  жұп–жұмыр 
тұлғасынан бәрi де семiз екенi бiлiнiп тұр. Бiз айғаймен соғып 
алатындай елеуреп, жер тебiне даурығамыз. Бiрақ аң онымыздан 
қашпайды. Бір үйiрi  артта қалса, тағы бiр неше үйiр алдымыздан 
шығады. Барлық жазық тек қарақұйрыққа ғана тиесiлiдей. Емiн-
еркiн  жайылып,  кейде  орытқып  ойнап,  аса  бiр  бейбiт  тiршiлiк 
танытады.
-  Шiркiн-ай,  атар  ма  едi.  Қуырдағы  қандай  тәттi  мұның. 
Әншейiн  үгiлiп    таңдайыңда  тұрады,  -  дейдi  жеп  көрген  кей 
сабақтастарым аузының суы құрып.
- Қойшы, қайдағыны еске салмай, өмешегiмдi үзесiң - дейдi 
тағы бiреуi. 
«Адам  осы,  екi  аяқты  мақұлыққа  неткен  жауыз,  неткен 
мейрiмсiз»,- деп  ойлаймын мен. - Мынау бейуаз хайуан түтеп 
келгенде  қасқырдың  түз  тағысының  аузынан  түгемейдi-ау, 
адамның,  тек  адамның  ғана  сұғынан  таусылар  ма  екен!  Соны 
сезетiн,  түйсiнетiн  қабiлет  болсайшы  хайуанда.    Адам  оның 
мекенiне ғана таласып қоймайды ғой, жанына таласады, жанына! 
Көз көрiм жерден тарс қойып, мұрттай ұшырады. Соны сезбей 
машинаның  алды-артын  орап,  жайылып  жүргенiн  қарашы.  Не 
деген бейғамдық!»
Есiме Алтай орта мектебiндегi торғай ұстау науқаны сап ете 
түстi.      Торғай  ешқайсымыздың  әкемiздi,  шешемiздi  өлтiрген 
жоқ.  Бастықтар    жарлық  түсiрдi  де,  бiз  оларға  өшiгiп  алдык. 
Елеген даңғырлатып, дабыл ұрып, айғай-сүрен салып, тау-тастан 
аюды емес, торғайды қуаладық.  Қанаты талып, дығдыры құрып, 
жылан  арбағандай  елбiреп  келiп  топ  ете    жерге  түседi,  басын 
кесiп аламыз да жiпке тiзе беремiз. Кеште ала  көлеңкеде торғай 
ұстау  тiптi  оңай.  Қора  қалтқы  жапсарына,  үйдiң  дөдегесіне 
фонар  жарығын  түсiре  қоямыз  да,  қонақтап  отырған  жерiнен  
шырқыратып  ала  беремiз.  Ол  сорлының  дауысы  кiшкентай 
қарындасым  Қазияның,  Мақпузаның  дауысына  ұқсаушы  едi. 
Шырқыраған үнге шыдай алмайтынмын мен. Желке жағымнан 
Алтайдың қара сұр шыңы емес, әкем зiлденiп тұрғандай сезiледi. 
Әйтеуiр, өзiм торғай өлтiргенiм жоқ. Айғайшының iшiнде жүрген 
күнәмдi әруақ өзi кешiрсiн!
Қарақұйрыққа  айғайлай–айғайлай  жағымыз  талды,  тебiне-
тебiне  өзiмiз аршадық. Ұшы қиырына көз жетпейтiн сары дала 
қаншалық  кең  болса,  қарақұйрық  та  соншалық  мол,  таусылып 
берместей  екен.  Сағым    ғана,  көлкiген  сортаң  жерден  су  таба 
алмай  тарығады-ау,  хайуан  үшiн  iштей  күйзелдiм.  Шөлден 
жаратылыстың оған қорегiмен қоса, сусын сыйлайтының  қайдан 
бiлейiн.
Түс  ауған  мезгілде  иен  даладан  тоңқаңдаған  темiр  пiспек 
көрiндi, бiреу, екеу емес, он-жиырма емес, неше жүз пiспек.
- Топырақтан сары май ала ма?
- Кiм пiсiп тұр мұны!? - деп даурықтық.
- Сарымайдан да бағалы, мөп-мөлдiр мұнай алады. Анау он екі 
қанат, жиырма қанат ордадай көп күмбездi көрдiндер ме? Бұдан 
былай  топ–тобымен кезiгедi. Жоңғар мұнайдың қамбасы есептi, 
сол  күмбездерден    асқанын  бак  тiркеген  машиналар  Үрiмжiге 
тасиды.  Күндiз-түнi      тынбайды.  Темiр  жол  бiтсе  пойызбен 
тасылмақ, жер асты құбырлар тартылмақ - дедi ашушаң кiсiдей 
болымсыз тұтыға сөйлейтiн Әбенбай.
Бiз Қарамай қаласына қонып, ертесi жолға шыққан кезiмiзде 
толтыра    қарақұйрық  басқан,  төбедей–төбедей  бак  сүйреп 
қайшалысқан    қотарғыш  машиналарды  көрдiк.  Құт  мекенiнiң 
асты  үстiндегi  байлық,  қазына  осылай  үлкен  қалтаға  құйылып 
жатыпты.
Сабақтастардың  айтуынша,  мұнайдан  жүзден  астам  өнiм 
ажыратылып,  мемлекеттiң  iшкi-сыртқы  базарларына  салынады 
екен де, ақша болып қайта құйылады екен. 
-  Казiргi  дүниеде  мұнай  алтыннан  да  қымбат.  Ең  жарақсыз 
жиналған  көктасын тас қиыршығына араластырып жалтыраған 
жол жасаймыз әлi - дейдi Үрiмжi медицина институтынан оқып 
жүрген  Орынбай  көре  қалғанын  бiлдiрiп.  Жоңғар  байлықты 
бойына сiреп, тырсылдап   жатыпты.
 ...Төртiншi қонақта Үрiмжiге iлiндiк. «Алыста таудың тарпы 
бар,  қасына  келсең  моладай,  алыста  ердің  даңқы  бар,  қасына 
келсең обадай» дегендей,  Үрiмжi қиялдағандай көркем емес екен. 
Андыз-андыз шалынып қалатын  көктөбел сарғыш ғимараттардан 
советтiң колiскерлiгi көрiнгенi болмаса, қаған там-дуалдың денi 
аласа, шаң басқан, түтiн, алабажақ. Шіркiн–ай деп тамсанарлық 
бiрде-бiр  мектеп,  мекеме,  музей,  қала  көшесiн  көре  алмадым. 
Автобус  жол-жөнекей  медицина,  таукен  техникумына  аз-аздан 
оқушы  түсiрiп,  қалғанымызды  Үрiмжiнiң  ең  басындағы  қызыл 
ғимаратқа  алып барды. Ұғыссақ, бұл да Шың Шысай заманында 
совет салып берген құрылыс - “Шыңжан институтының” тағаны 
екен.  Үрiмжiге  келiп  түскеннен  бiз  маңайымызға  аңыра  да, 
таңдана да қараймыз...
Менiң  есiлдертiм  -  Сағидия.  Ол  менен  бiр  жыл  бұрын 
Шыңжаң  институтының  саяси  оқу-ағарту  факулътетiне  келiп 
түскен. Әнеу күнi сабақ басталып кетедi деп асығып кеткен-дi.
- Қайда жүр екен,  - деп тұлданып тұрмын.
-  Қане,  балалар,  берi  жүрiңдер!  –  дедi,  өзiн  Нұрсапа 
Мәмекеұлы  деп    таныстырған  қырмызы  мiнездi,  құла  шегiр 
мұғалім бiздi алдыға бастап.
Қызыл ғимараттың шығыс жағында, ұзыннан-ұзақ созылған 
бiр  қабат  бар  екен,  соның  ортасындағы  есiгiнiң  алдына  келiп 
тоқтатты. Iрге тасы, қабырға лайымен әлдеқашан көмiлiп кеткен 
жатақ, ендi терезелерден  көрiнiп тұр. Әрi төмен, әрi сыз, күлiмсi 
исi  бар  сияқтанады.  Аралығында  тар  зал  сымағы  бар  екен. 
Ерсiлi-қарсылы  жатақтардан  даңғырлаған,  шұрқырай  күлiскен 
адам  дауысы  естiледi.  Тарбағатайдың,  Іленiң,  Ақсу,  Құмылдың 
оқушылары келiп болыпты. Қазақ тiл әдебиет класына бөлiнген 
Ысқақ  екеумiздi  Қазез  дейтiн  сұлу  серi  сабақтасымыз  бастай  
жөнелдi. Мәукен, Тiлетай, Ожан, Жүнiсбек, Қазытай, Керейғазы 
дейтiн    жаңа  сабақтастарымызбен  таныса  қалдық.  Бiз  жатқан 
корпусты  «Шинху  ғимараты»  деп  атайды  екен.  Шың  Шысай 
кезiнде  қойылған  ат  па,  әлде,  гоминданның  жасампаздығы  ма, 
әйтеуiр  бiздi  де  осында  шынықтыратыны  хақ!  Мейлi,  қалай 
шынықтырса олай шынықтырсын, мен әкем меңзеген  нысанаға 
жетпей тынбаймын. Алдымен аяқты жөндетiп, таяқтан құтылып  
алсам шығанға шығу қиын ба?!

104
Түскi  тамаққа  шыққалы  отырғанымызда,  есiктен  Сағидия 
кiрiп келдi. Оңаша отырсам бассалатындай, аптығып келген ол 
жатақтағы сабақтастардан ұялып, маған сыпайы ғана амандасты. 
Апамның, Қизаттың, Қау атам мен Банудың күй-жайын сұрады. 
Менiң  келгенiмдi    жаңа  ғана  естiптi,  лекциядан  тарай  сала 
жеткенi осы екен.
Адамзаттың сезiмi деген де қызық-ақ. Сағидия маған еркелей 
алмады,  қүлдір–салдыр  болып  әңгiме  шертiп  отырған  Ысқақ, 
Қазез,  Керейғазы  имамын  көрген  шәкірттей  сызыла  қалысты. 
Қарындасымның қыз  болғандығын осы құбылыстардан сездiм. 
Бiр  түрлi  мақтаныш  сезiмi,  және  әлде  нендей  қызғаныш  оты 
жүрегiмдi  нұқып  өттi.  Мынау  Қазез,  Ысқақ,  Керейғазы  сияқты 
бiрiнен-бiрi  өңдi,  бiрiнен-бiрi  бауырмал,  бiрiнен–бiрi  өткiр, 
саналы  жастарға  Сағидияны  қимағаным  ба,  бұл  қалай  өзi 
деп  ойладым.  Қоңырау  үнi  естiлген  соң  жатақта  отырғандар 
асханаға  жөнелдi.  Қазез  бен  Керейғазы  тамақ  алып  келмекші 
болып әзiлдесе шығып кеттi. Оңаша қалған Сағидиядан үйрену 
жағдайын,  Үрiмжi  емханаларының    жай-күйiн  қолғанадай 
қузадым.
-  Ұзақтан  берi  қайта-қайта  барып  дәрiгер,  сестраларымен 
танысып,  емдеу техникасын бақылап, зарыға күткенiм осы жұмыс 
едi. Мынау аяқ жақ iргемiзде Үрiмжi қалалық үшінші докторхана 
бар, дәрiгерiнiң денi медицина ғылымың жетiк бiледi. Советтен, 
Шаңхайдан оқыған мамандар. Әсiресе, хирургия бөлiмi қуатты, 
қашан, қай күнi жататыныңды ұқтырсаң  болды, өзге жұмысты 
мен ыңғайлаймын! – дедi.
Қуанышымда  шек  болған  жоқ.  Соны  құттықтағандай 
Қазез бен  Керейғазы екi тегене ет, сорпа, алты-жетi қалаш нан 
алып  келiптi.  Мектептiң  жатағы  жаман  болғанымен,  асханасы 
айтақалсын жақсы  екен. Таңертен сүттi шай, сары май, немесе 
майы  кiлкiген  тәттi  доғалатпа,    кешке  қуырдақ,  түске  бiрнеше 
түрлi  тамақ  берiп  тұратын  көрiнедi.    Керейғазы  мен  Қазездің 
алып келген бау-бау қанттан-ақ бұл сөздiң шындығы көрiнiп тұр. 
Бiз кең отырып тамақтанып алдық.
Түскi  тамақтан  кейiн  қазақ  тiл  әдебиет  класында  оқитын 
бейтаныс сабақтастар екiден-ұштен келе бастады.
- Мынау Шәріпхан, анау Тәлен. Тәленді кешегi кезектен тыс 
құрылтайымызда  класс  бастығын  сайладық.  Өзi    коммунист. 
Ал  мынау  батпақ  қараның  аты  –  Бақытхан,  әкесi  -  Байжұма. 
Жерiмiзде  екi  ғана  қатыны  болған,  гоминданның  ауылдағы 
мансаптысы едi. Ендi не болатынын өздерiң көрерсiңдер. Өлең 
дегендi   төгiп тастайды. Мүйiзiн қағып алсаң да, басын шайқай 
қоймайтын шойын бұқа. Мынау қара шегiр, көкжал - Жұмәдiл 
дейтiн  бозбала.  Аспанда  құдай,  жерде  бiр  Тұрыспай  деп, 
халықты сескендiрген байдың ұлы болыпты. Мына Қазез секiлдi 
жетiмдермен  қатар  бұл  да  халық  үкiметiнiң    алақанына  келiп 
отырды. Тауға қарап ұли ма, қора-қопсымызды амандап бере ме, 
оны кейiн көремiз.
  Ал    мынау  жымың-жымың  еткен  ақсары  жiгiттiң  аты  - 
Ысқақ. Әңгiмесiне қарағанда, әкесi Мұқайдың алты ұлын алты 
қасқыр дейтiн  көрiнедi, сол алты қасқырдың бiрi осы. Болымсыз 
талтақ бiткен аяғы  жүрiскер, футболист болатын кiсi сыңайын 
танытады  -  деп  бiрнешеуiн  таныстырып,  ендi  маған  келдi.  - 
Мынау балдақты, бүркiт қабақ, тұман көздiң аты - Ғалым. Заты 
Ғалым бола ма, зәлiм бола ма, оны сайтан бiлмесе, бiз бiлмеймiз. 
Менiң таныстыруым осымен аяқталды - дедi оймақ ауыз, күлiм 
көз,  қыз  бiтiмдi  Керейғазы  мүп-мүләйiм  ғана  тыныс  алып. 
Сабақтастардың iшек–сiлесi қатып, күлiп жатыр. Керейғазының  
таныстыруында  жай  ат,  адрес  ғана  емес,  кесек-кесек  образ, 
характер  жатқан-ды. Қазез бен осы сабақтасымның қаралықсыз, 
ақжарқын  тұлғасы    маған  ең  алдымен  ұнады.  Зеректiгiне, 
психологиялық  барлау  шеберлiгiне  қайран  қалып  отырмын. 
Бiрнеше  күн,  бiрнеше  сағат  емес,  он  неше  жыл  бiрге  болған 
адамды сипаттап берудiң өзi қандай қиын. Керейғазы мүдiрген 
жоқ. Оның тiлiн әдiлет, шындық қана өткiрлеп, ұштап тұратын 
сияқты. 
Таныстықтан  кейiн–ақ  Тәлен  бiздiң  аты–жөнiмiздi  жоқтама 
журналына  түсiрiп,  Шәріпхан  “тұрмыстық  қаражаттарың” 
деп  бес–бес  сомнан  ақша  таратты.  Көрпе,  одеал,  iшiне  қоға 
уылдырығы  толтырылған  жастық  бәрі-бәрi  үкiметтiкi  екен. 
Класқа  кiрген  соң  қағаз,  қалам,  сия  таратып  беретiн  көрiнедi. 
Коммунизмге бiр ғана таңда келiп  қалғандай сезiндiм мен.
Осы  рас  па,  қабiлетiңе  қарай  iстеп,  қажетiне  қарай 
қамдалатын қоғам, ерекше жетілген елде ғана iске асады деушi 
едi.  Оқушылардың  тұрмысы  осыншама  жетiле  қалуы,  жердiң 
асты-үстiнен,  байлардан  қампескеленiп  құйылып  жатқан 
ақшадан, қамбаларға бұғылып жатқан астықтан келiп жатыр екен 
ғой деп ойладым.
Түстен  кейiн  класс  тәрбиешiмiз  Ақметбек  салдырлап  кiрiп 
келдi.  Аузы  қаймыжықтай,  жұқалтаң  қызыл  сары  азамат  екен. 
Қоңыр костюм, жалтырата тараған ұяң қара шашы, қаздаңдаған 
жүрiсi, тық-тық еткен сөзi жас мөлшерiнің өзiмiз қатарлы екенiн 
бiлдiредi.  Бірден  Алтайдан  жаңа  келген  сабақтастардың  қолын 
алып, атын сұрап, сiлкiлеп амандасып жатыр.
-  Сен  балдақпен  қалай  оқисың,  Ғалым?  -  дедi  менiмен 
амандасқан кезiнде.
- Балдағым оқымайды, өзiм оқимын! - дедiм мен. Балалар ду 
күлдi. Ақметпек мұғалiм сәл ыңғайсызданып қалғандай болды. 
Мектептiң  
жаңадан ашылғанын, саяси жүйелік басқарылуы ақуалында 
қиыншылық  бар  екенiн,  биылша  тiл  әдебиет  факультетi  32-ші 
бастауыш мектепте оқитын болғанымызды, Сұраубай, Нұрсапа, 
Имаммади, Төлеухан қазақ класының граматика, логика, әдебиет, 
тарих,  саясат  сабақтарын  беретiндiгiн,  кейiнгi  жылдары  ханзу 
профессорлары леция жасайтындығын ескерттi.
-  Сабақтасымыз  Ғалым  айтқандай,  балдақ  оқымайды,  адам 
оқиды. Қиындыкты  жеңiп, берiле үйренулерiңiздi үмiт етемiн! 
– дедi Ахметбек.
Жауапты мұғалiмiмiздi көрiп, мектептiң оқыту программасын 
естiген соң қуанышым молайды. Қазез, Керейғазы, Ысқақ үшеуiңе 
больницаға түсетiнiмдi айттым да, докторхананың дарбазасынан 
аттадым. Сағидия алдын ала сөйлесiп, төсек дайындатып қойған, 
Рафхат дейтiн татар дәрiгер менi көргенде қайнап кеттi:  
-  Қазақ,  мiне  өмiрмен  осындай  ойнайсыңдар!  Қу  сүйектiң 
күлiн салу деген қайдағы тағлым, ол сүйекте реакция жасайтын 
элемент  болудың  сыртында,  микроп  болады,  сепкен  заман 
ушығатын  себебi  содан.  Тiзенiң    қақпағын  балтамен  бөлiп, 
астындағы  сұйықтықты  ағызып  жiбергенiңмен    қоймай, 
берiшке  айналдырғансың,  сұйықтық  жасау,  тобық  жасау  бiздiң 
қолымыздан келмейдi, ата-анаңның ғана қолынан келедi. Ежелгi  
мекенiңе қайтып, қайта толықтатып кел ендi үйтсе!
Мен  тiс  жарып,  тiл  қатпадым.  Жер-жебiрiме  жеткенiмен 
шығарып тастамайтынын, аяғымды iле байлап болса да бастырып 
беретiнiне сенiп  жатырмын. Балдақпен  жүргенiмдi көре тұрып, 
төсек шығартып берген  өзi ғой. 
Ақыры  операция  жасайтын  күнде  жеттi.  Төбесiнде 
машинаның    көзiндей  үлкен  сәулелi  шырақтары  бар  бiр  үйге 
дөңгелектi зузамен алып барды да, мұрныма әлде ненi искеткендей 
болды. Жүрегiмнiң лық етiп жоғары көтерiлiп аузымнан шығып 
бара  жатқанын  ғана  сездiм,  содан  әрi  не  болғанын  бiлмеймiн. 
Болымсыз ес шақырған мезетте, әлде нендей  қалың шүберектi 
бiреудiң  қайшымен  қырт–қырт  кесiп  жатқанын,  онан  соң 
бiреулердiң әлде ненi қашаумен оя бастағанын естiдiм, тiтiркене, 
ышқынып қалсам керек, жағымсыз иісi бар әлгiндегi жан алғыш 
тағы да қолқамды қапты. 
Сағидияның  бетiме  тамған  жасынан  ес  жиыппын.  Он  бiр 
сағат  өлiп  жатқанымды,  өздерiнiң  де  сасқалақтап  қалғанын 
ұқтырды сестра. Рафхат қасында күзетте отыр екен.
-  Бiздi  де  шошытып,  қарындасыңның  екi  көзiн  шарасынан  
шығарып, ақыры жан шақырдын ба, жiгiтiм! Мектебiңнен адам 
немесе қарындасыңның қол қоймағаны есiме түскенде, iшiмнен 
қан өтiп кете  жаздап едi. Әйтеуiр, аман қалдын, менiң су iшерлiгiм 
үшiн,  –  деп  езу  тартты.  Оның  күлкiсiнiң  өзi  қорқыныштан 
туғанын  бiле  қойдым.  Көкшiл    жанарының  бергi  қабатында 
мөлдiреген  бiр  қабат  перде,  атап  айтқанда  жас  iркiндiсi  тұр 
едi. Адамды азаптан құтқару үшiн, жанын тiккен  доктор рухы 
өзегiмдi ме, жұлынымды ма, жоқ, әлде жүрегiмнiң бiр жерiн бе, 
айрықша шымырлатқандай болды. Шот аяғым кәдiмгi қалпына  
келтiрiлiп  гипiстелiп  тасталды.  Соған  қуаныштымын.  Не  нық 
басып  жүре  алмай,  не  тiзе  бүге  алмай,  бiр  аяғымды  өспедей 
салбыратып үш жыл өксiген өмiрiм көз алдыма келгенде, Рафхат 
жарты жанымды қайта  әкелiп бергендей қуанамын. Балдағымды 

105
тастап,  рухани  азабымды  тастап,  сау  адамдар  қатарлы  жұмыс 
iстей алатын болсам, одан артық не  тiлеймiн?!.
Бiр  тәуліктен  кейiн  барып  мастандыру  дәрiсiнiң  уы  тарап, 
сүйегiмнiң    қақсағанын  сезiндiм.  Қақсамақ  түгіл  жарылып  кет, 
кемiрудi бүгiн ғана көрiп отырғаным жоқ деп қасарысамын мен. 
Қабағымның  болымсыз  шытынуынан  жайымды  бiле  қоятын 
сестра,  орта  стакан  сұйық  дәрi    жұтқызып  жiбердi  де,  бiр 
шыныдай  қуырдақ  жегiздi.  Сұйық  дәрi  iшкен  кезiмде  өзегiмдi 
өртегенiмен,  аздан  соң  Төрт  торғайтыны    аралатып,  рахатқа 
бөлейдi. Он бес күннен кейiн барып iшiп жатқаным арақ екенiн  
бiлiп  қалдым.  Арақ  пенденi  аздырады,  денсаулығын  арандап, 
құлқын  бұзады дейтiн әкем. Осыдан бастап сұйық дәрiнi iшпей 
қойдым.  Уколмен  тамырымнан  құйып  жiбермесiн  осылар 
деген бiр қиял басыма келе бере, күлiп жiбердiм. Ақымақ ойды 
Рафхатқа, медицина ғылымына  таңғаныма бетiмнiң оты шықты. 
Ай  жарым  дегенде  сүйегiмнiң  қақсағаны  да  сап  болды.  “Мың 
бiр түн”, “Қазақ повестерi”, “Бота көз”,“Оянған  өлке”, “Қасым 
Аманжолов  өлең-дастандары”,  “Абай”  ,“Абай  жолы”,  “Қазақ 
әдебиет  тарихының  очерiктерi”  қатарлы  кiтаптарды  жастанып  
алып оқи бердiм. Менiң сол кездегi түсiнiгiме осы кiтаптардың 
бәрi мiнсiз сезiлетiн. Өмiрдi iшнара жасанды, жайдақ бейнелеген 
құбылыстар  жоқ  деп  ойлайтынмын.  Адамзаттың  арманы, 
тарихтың  талабы,  заман  ықпалы  деген  нәрселердi,  тiптi  де 
ойламаппын. Автор мен шығарманың   тумысына, жаратылыстық 
дегеңгейден емес қоғамдық тұрғыдан қарай берiппiн. Бiр кезде 
“Шiркiн шындық” деп өлең жазып әкемдi қуандырмақ болған ой, 
қиялымның мүлде үстiрт, сыңар жақтылы екенiн ендi  түсiндiм.
Сағидия  әр  күнi  келiп  тұрады.  Өзiне  өтiлген  сабақты 
меңгерудiң  сыртында,  менiң  класыма  таратылған  конспект, 
сөйленген лексия, талап-мақсаттарды ұғысып, материал жинап, 
көз  қарақты  кiсiлермен  кеңесiп,  сонан  соң  маған  сабақ  өтедi. 
Төрт  айдан  кейiн  мен  докторханадан    шыққан  кезде  факультет  
маусымдық  емтихан  алып  жатыр  екен.  Сұрау    кесек  көрiнедi. 
Менiң қазақ тiл әдебиет класында оқитынымды бүгiн ғана көрген 
iшнара оқытушылар:
- Емтиханнан өткен өтпегенiне қарайық - дедi желбезектерiн 
бүлкiлдетiп.
-  Е,  жiгiтiм,  таяқты  емханаға  тастапсың,  өзiң  қайда  кетер 
екенсiн? - дедi Ақметбек арқамнан қағып.
-  Алаңдамаңыз,  адам  оқиды,  қиыншылықты  жеңiп,  берiле  
үйренулерiңiзді  үмiт  етемiн  дегенсiң.  Емтихан  нәтижесi  өз 
төрелiгiн айтар! – дедiм.
Сынау  майданынан  негiзгi  алты  сабақтан  төрт  жүздiң 
үстiнде  номер  иелеп  шықтым.  Ең  жақсы  оқыған  Тален,  Қазез, 
Бақытқанның нәтижесi  менiң сәл алдымда ғана екен. Сағидияның 
маған  жасаған    лекциясы,  класта  өтiлген    конспектерден  биiк, 
жан-жақты болған екен.
Педагогика  институтынан  тұңғыш  қазақ  тiлi  класында 
оқытушылар  бiздi оқытқан жоқ, өзiмiздi-өзiмiз оқыттық десем 
күпiрлiк болар. Сұраубай, Ақметбек, Төлеухан секiлдi өз кәсiбiне 
маман қандай кесек сұрау қойсаң да жауап бере алатын, шойбау 
оқытушыларымыз  да  болды.  Класқа  бiр–екi  сағат  кiрген  соң-
ақ,  өз  кәсiбiн  өзi  түсiне  алмай,  ештеме  ұқтыра  алмай,  қарасын 
өшiрген  оқытушылар  да  болды,  сол  себептi  көбiнесе  өзiмiздi-
өзiмiз  оқыттық.  Бiреу  әңгiме,  бiреу  өлең,  бiреу  сын  жазады, 
немесе  сын  тарихы,  әдебиет  тарихы,  мәдениет  тарихы  туралы 
зерттеу  жүргiзедi.  Осы  еңбектер  әр  күнi  оқылып  додаға  түседi 
де  жатады.  Шығарманың  тақырыбы,  мазмұны,  образдылығы, 
логикалық,  эстетикалық  жаңалығы    сөз  сөйлемiне  дейiн 
талқы  болады.    Ерте  ғасыр,  орта  ғасыр  әдебиетiмен,  грек,  рим 
мәдениетi  мен  салыстырылады.  Сабақтастардың  пiкiрiне 
шыдай алмай қызарақтаған, шамданған кiсiнiң өзгеден ұрлаған, 
өзгеге  елiктеген    қиянаты  да  ашылады.  Тiлiндегi  ұйғырша, 
парысша, арабша, ханзуша сөз атауларды бiр мiн, дәрменсiздiгi 
есептелiнедi.
  Сабақтастар  жазған  шығармалардың  додаға  түспегенi 
кемде-кем.  Додаға  түскенiнiң  мақталғаны  болған  емес.  Себебi, 
жазғандарымызда тың тақырып, келелi ой, жарқын желi, сенiмдi 
образ кем, ұлт пен заман  тiлегi күңгiрт шақыруға алаңдағандықтан 
шындық бұрмаланып, нәтиже  дәнеңенi меңгере алмаған.
Педагогика институтының тiл-әдебиет факультетi Қазақстан 
әдебиетi  және  Қазақ  Республикасының  оқыту  программасы 
арқылы  Сервантес,  Шекспер,  Тагор,  Байрон,  Пушкин,  Абай, 
Гоголь,  Мұхтар,    Шолохов,  Ли-бай,  Ду-фулармен  таныстырды. 
Әр  заманның  әдебиет  ағымдарын,  автор  даралығын,  қоғамдық 
маңызын  ұғуға,  өз  беталысымызды  өзiмiз  дұрыстап,  өз 
сүрлеуiмiздi  өзiмiз  айқындауға  жетеледi.  Қазiргi  Шынжаң 
қазақтарына таныс авторлар Бақытхан  Байжұма, Жүнiсбек Нүсiп, 
Ожан Оразбек, Жұмәдiл Маман, Қыдырхан Мұқатай, Керейғазы 
Нұрсадық, Газез Райыс, Ысқақ Мұқтай, Мәукен  Дулатов, Ғұсман 
Мұқаметқали және мен бiр ұядан ұшқан тiрнектер едiк.
1957  жылдың  орта  шенiнде  “стил  дұрыстау”  дейтiн  саяси 
тасқын жаланып жетiп келдi. 
-  Қызылтудың  астында  туылып,  партияның  мәпелеуiнде 
ержетiп  келесiңдер.  Қоғам  өздерiңдiкi,  үкiмет  пен  партия 
өздерiңдiкi,  ашылыңдар,    сайраңдар!  Барлық  гүл  шешек 
атсын, жалпы жарыса үн қатсын,  партияға сынды пiкiрлерiңдi 
берiндер!  –  деп  аттанысқа  келтiрдi.  Газет,  радионың  партияға 
үкiмет органдарының, қаттам–қаттамның жақ жаппай дәрiптеп, 
оқытушы,  оқушылардан,  қалың  халайықтан  күтетiнi  партияға 
пiкiр  беру.  Мектеп  қайта-қайта  жалбарына  берген  соң,  бiлген, 
түсiнбегенiмiздi  жасырмайық,  партиямыз  бен  халықшыл 
үкiметiмiзге  себептi  болар  деген  оймен  сайрай  жөнелдiк.  Мен 
былай деп сайрадым:
- Серiктесу, коперацияласу - халықтың талабы емес, халыққа 
зорлап  таңылған  қағида.  Жұрт  жiгерiн  сындырып,  қалыпты 
өндiрiстiң  өзiн    ойрандады.  Хандар  (қытайлар)  қоныстанған 
жерге  өндiрiстiк  құралға  қатысты  саясатты,  қазақ  ауылына 
алып  келу  марксизмдi  дамытқандық  делiнбейдi.    Шыңжаң 
бейбiтшiлiкпен  азат  болды  деген  сөз  бiр  жақтылы  айтылған. 
Үш Аймақ төңкерiсiнiң қан тасқыны әлде қашан Шынжаңдағы 
Гоминдаң  үкiметiнiң быт-шытын шығарған. Керi төңкерiсшiлердi 
жаныштау көлемiне  үш аймақ төңкерiсiн қолдаған жоғарғы жiк 
адамдарының бәрiн кiргiзу әдiлдiк болмады…
Ұлттық буржуазияның халық қатарына кiретiн сипаты қазақ 

106
пен моңғолдарға сай келмей ме? Ол нелiктен?
Әскери  өндірушiсі,  шекараны  қорғаушы,  Шынжаңдағы 
бiрлiкте  көркейтушi,  аз  санды  ұлтқа  мәдениет  ұрығын  себушi 
деген  бағытты    атқаруы  жетерсiз  болды.  Олардың  ең  бiрiншi 
iстегенi  орманды,  кендi    өңiрлерге  көз  салу  болғандықтан,  әр 
жерде дау-жаңжал молайды, мұны түзету керек…
Бiз  Шынжаңдағы  байырғы  халықтарда  өзiндiк  қалалары, 
сауда  базарлары,  дәстүрлi  мәдениетi,  тарихы  болған  халықтар, 
ұлы Ленин осындай халықтар туралы өшпес тәлiм берген. Дүние 
пролетары көсемiнiң  тәлiмiне құрмет етiлу тиiс.
  Мұнан  сырт,  қойша  өрiп  жүретiн  қарақұйрық  мото  мiнген 
көзсiз мергендердiң мылтығынан оталған соң, Жоңғардан ғайып 
болуға айналды деп экологияны қорғаған болып, ұзақ сөйлегенiм 
тағы бар болатын. 
Содан 1957 жылдың соңында автономиялы районнан арнаулы  
жiберiлген қызмет группасы мектебiмiзге келдi де, бiрнешеумiздi 
ортаға сүйреп шығарды.
- Бұларың не? Бiз неден жаздық? - деген сұраумызға:
-  Партияға,  пролетариат  диктатурасына  уыттана  шабуыл 
жасадыңдар.    Оңшыл,  керi  төңкерiсшi,  ұлтшыл  элементсіңдер, 
-  деген  жауап  берiлдi.  Елу  адамның  әдiрiсiне  арналып  үлкен 
сабақхананың  қабырғасына  жылан,  шаян,  есек,  бүйі  және 
қайдағы аруейлер сызылған үлкен қатты қағаз жапсырылды. 
Iшiнде менiң де есiмiм бар.
-  Ақау,  мұнысы  қалай?    «Барлық  гүл  шешек  атсын,  жалпы 
жарыса  үн қатсын, көмек қолдарыңды созыңдар» деген едi ғой,- 
дедi Бақытхан. 
- Батпиған сенiң түрiң анау. Бұжырайған менiң түрiм мынау. 
Екеумiздiң    гүлге  ұқсамайтынымыз  белгiлi  ғой.  Оған  несiн 
ренжисiң?! – дейдi,  Тұрдақын дейтiн қалжақой сабақтасымыз.
- Әй, үкiметке қарсы пiкiрi бар кiсiнi осындай тәсiлмен аузын  
аштырып алу емес пе? - дейдi, өзi жұмған аузын ашпаған тағы бiр 
сабақтасым бiлгiрсiп. 
- Сөйле дегенi рас, сөйлегенiмiз де рас. Ендi жауап бермей, 
тексермей амалымыз жоқ - дейдi  Қазез  мұңая басын салбыратып.
Мен “партияға, пролетариат диктатурасына уыттана шабуыл  
жасадыңдар!” деген сөздi еске түсiремiн де, онысы рас деймiн. 
Өйткенi      шындықтан  улы,  шындықтай  мейрiмсiз  не  бар,  бұл 
дүниеде деп өзiмдi жұбатамын.
Класта,  факультетте  бiр  қанша  дүркiн  тергелiп,  күреске 
алынған  соң,  кiрпiш  құю,  көмiр  қазу,  тас  шағу  секiлдi 
еңбектерге  жегiле  бастадық.  Қазақ  тiл  әдебиетiнiң  бiзден 
кейiнгi  класында  оқитын  тiкше  көздi,  тiгiл  мiнездi,    қара  сұр 
бала  бiздi  шақылдатып  басқаратын  бастық  болды.  Ол  еңбекке  
бөледi,  үйренуге  ұйыстырады.  Кейде  көсемсiп  заң  жөнiнде, 
саясат жөнiнде  жосылтып сөйлеп кетедi. Бiр ауыз, жарты ауыз 
бөгде пiкiр айтқан кiсiмен ерегесіп, шармаяқтасады да жатады. 
Қазез, Бақытхан үшеумiздiң ондай  жайдақ кер істе шатағымыз 
жоқ.  Үстi-басымыз  қарала  батпақ  болып,  жұмысымызды  iстей 
беремiз. Мен қоқыс шығаруға жегiлгенмiн. Қоқыс  өртеу, қоқыс 
шығару қыста жайлы сезiлгенмен, жазда - тозақ жұмыс.  Күлiмсi 
газ иiсi қолқаңды қабады. 
Мәссаған, жасыл төскей, салқын жон, жайқын өзен! Көзiме 
құйылған  ащы  тердi,  тердi  емес-ау  сорды    жеңiммен  сүртiп, 
қатiгез  суалған    өмiрдi  тағы  да  қақтап  еме  бермек  боламын. 
Қоқыс  қолымды  ғана  емес,  жүрегiмдi  жаралайды.  «Титтей 
айыбы  жоқ  адамды  өзгертуге  зорласа,  ол  несiн  өзгертедi,  одан 
не нәтиже шығады»,- дегенді  ауыздан шығаруға батына алмай, 
демiмдi қайта жұтып жүре бердiм. Осы жылы өлеңдi көп жаздым. 
Арманымды,  мұңымды  әкемнiң  әруағына  жолдауды  ғана  мұра 
еттiм.  Газет,  журналдың  басатын,  баспайтынына  қарамадым. 
Өзге  сабақтастарымыз  1959  жылы  мектеп  таусып    жер–жерге 
қызметке  бөлiнiп  кеткен.  Қазез,  Бақытхан,  Ысқақ,  Жүнiсбек, 
мен бесеумiз “дербес курс оқиды!” деген атпен бөлiнбей қалдық. 
Бiздiң    азды-көптi  сайрап  қойғанымыз  бар.  Жүнiсбек  күнәдан 
пәк, пәледен әулендей межемдi ой ойланбайтын жас бала болған 
соң, бiздi бақылауға  қажетсiнiп қалдырған болса керек. Ұйғыр, 
қазақтан  құралған  дербес      курстың  класкомына  бiз  өзеленiп 
отырып соны сайлатып алдық. Өзi қол тоқпақтай, арамдығы жоқ, 
момын бала. Қия басса торғайдай  шырқыратып, сабап алумызға 
да  болады.  Бiр  күнi  Бақытхан  оған  тiзесiн  сәл  батырыңқырап 
жiберiптi,  Жүнiсбек  Ақметбек  мұғалімге  дәттеп  барса  керек. 
Сәлден  соң-ақ  тақтай  едендi  залдың  мүйiсiнен  тық-тық  басқан  
аяқ дыбысы естiлдi. Сезiп тұрмыз. Ақанның қаздаңдаған жүрiс 
ритiмi.  Мен  темекi  тартып  тұрғам,  жасыруға  үлгiре  алмай, 
қолымды  артыма  ұстап  тамға  сүйене  қалдым.  Ақан  алдымнан 
өтiп бара жатты да:
- Аузың - ошақ, мұрның - моржа! - деп саусағын безедi.
Жоғарғы  мектептерде  темекi  тарту,  арақ  iшу  оншалықты  
шектелмейтiн. Мұғалiм  қалай ширыға қалды дегендей артынан 
Қазез, Ысқақ үшеумiз де кiрдiк.
«Жүнiсбектi бармақтай бала дегеніңізбен жұдырығы тастай 
қатты.  Алдымен  ұрған  өзi!  “Тырнадан  би  қойсаң,  басыннан 
қиқу  кетпейдi”  дегендей  әңгiр  таяқ  ойнатып  болды  бәрiмiзге», 
– дедi Бақытхан  шiмiрiкпестен. Бiз де осы рас дегендей пейiл 
бiлдiрдiк. Iс жүзiнде, Жүнiсбек Бақытқанның бiр санындай ғана 
болатын. Алпамсадай Бақытханға  оның  соқтығуы мүмкiн емес-
тi. Шыжылдатып оны iстiкке албаты шаншыған сол кезiм еске 
түскенде, арқамнан тер шығып кеткендей  сезiнемiн!
Бұл  кезде  56  жылғы  майдымайға  сапырған  тұрмыс  көзден 
бұлбұл    ұшқан.  Жейтiнiмiз  -  гаулияң  момасы  (буға  пісірілген 
нан) қара ағаш, алабота, қышыма жапырағы. Жүгерi  ұнын суға 
сеуiп қайнатқан шылансыз ботқа. Бес  сомдық тұрмыс қаражаты 
тұрмақ, соқыр тиын да берiлмейтiн болды. Базардың өзi қаңырап 
бос тұр. Нан, тәттi, темекi, арақ емге табылмайды. Аспүзілдің бәрi 
қорапталған. Көшеден, киноханалардың алдынан темекi тұғылы 
да  кезiкпейтiн  болды.  Барлық  халық  қан-сөлi  жоқ,  әруақтай  
бозарып,  бет-аузы  көлкiлдеп,  бiр  айға  жетi  кило  астықтты 
қағажу етедi. Тiсiнiң түбiн сорған тұрғындардың арманы - қарын 
тойғызу, аштан өлмеу. Сондықтан көзiне көрiнгендi жейдi.
- Бұл қалай, нелiктен?! - деп сұрау қойған бiздi мектеп  оңшыл, 
ұлтшыл,  керi  төңкерiсшi  деген  үш  сойылмен  қара  құсымызды 
дәлдеп соғады. 
“Жау  жағадан  алғанда,  бөрi  етектен  алады”  деген  осы, 
сендердiң      Жиянгер  аталарың  қарызымызды  қайтар  деп 
республикамызды  жөргегiнде тұншықтырып өлтiрмек болғанда, 
сендер  балақтан  жабыстыңдар!  -  дейдi  зәрленiп.  Бiз  өзара 
күбiрлесiп: “Бәрi де жөн”,- деймiз..
Бұл кезде Сағидия қызметке шығып, ай сайын елу неше сом 
айлық    алатын  болған.  Оқта-текте  ашылатын  асханалар  мен 
қамдаулардың  удай қымбат  қуырдағы, прандiгi, жемiс шырыны, 
темекiсi үшiн сол болымсыз айлықты мен құтайтпаймын. Сағидия 
өзi аш жүрсе де, тапқан-таянғанын менiң аузыма тосады. Әкесiне 
iзбасар, мелжемдi ақын, жазушы  жетiлдiрмекшi ол. Өзiнiң жүрек 
қанын, маңдай терiн осыған ғана арнамақ.
Шынында  менiң  ақын,  жазушы  болуыма  Сағидияның 
сiңiрген  еңбегi      есепсiз-дi.  Мен  жазған  өлең,  дастандарды 
оқып,  сабақтастар  мен    мұғалімдер  таппаған  кiнәрәттi  тауып, 
кесек-кесек  ой,  көркемдеу  амалын  қосатын.  Менi  қалтқы, 
қаралықсыз,  алмастай  өткiр  шындықпен      көл-көсiр  махаббат, 
адамгершiлiкпен тәрбиеледi менi. Менiң шығармаларымда жұрт 
көңiлiннен  шығатын  түршiктiретiн  образ  бар  болса,  бұл  қуат  
жоғарғы үшеуiнен келген.  
Күндiз-түнi ойланбай, бас қатырмай отыра алмайтын едiм.
“Өлең туралы өлең” атты шығармамда:
Өлең, шiркiн өлең,        
Өмiрлiк машығым,
Өлең, ең ару, ең зерделi қимас ғашығым!
Келедi көп мезетте жұртты ұйықтатып, жасырын!
Ми бейне кен тауы, 
Жатқан қатпарлана.
Қиял – қиырсыз шатқал, дала,
Тынбай қаза беремiн ой асылын.
Ит жесiн, бос мылжыңның көке жасығын!
деуiм  зәредей  де  өтiрiк  емес-тi.  Көбiнесе  көрпеге  оранып 
жатып  алған  соң,  шам  өшiп  өзге  дүние  тынышталған  соң,  өз 
миым өзiме еркiн тиедi. Жазбақ болған тақырыбымның тарихы, 
сiлемi, ұлттық дәуiрлiк белгiлерi, дара характерi, өзiне сай тiлі 
көз  алдыма,  көкiрегiмнiң  түбiне  сайрап  келедi.  Мен  соларға 
қарап  отырып  жаза  беремiн.  Ұзын-ұзын  тiлiп,  дайындап  алған 
қағазым таң атқанша жетедi. Түнде аяқталмағанын жексенбi күнi 
класқа жалғыз барып алып жалғастырамын. Талығу, қажу дейтiн 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет