Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет10/26
Дата03.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#5533
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Б.Момышұлы «Ұшқан ұя». - Алматы, Атамұра, 2003 
2. Б.Момышұлы «Қанмен жазылған кітап».  Алматы, «Жазушы», 2004 
3.  «Бауыржан  Момышұлы»,қанатты  сҿздері,  мақал-мҽтелдері,  ҿлеңдері,  Алматы, 
Атамұра, 2006 
4.  «Оңтүстік  Қазақстандағы  тарихи-мҽдени  жҽдігерлердің  сақталуы  мен  бүгінгі  жай-
күйі», Шымкент, 2006 
5. Түсіндірме сҿздік. 
6.  Кеңес  Одағының  батыры,  даңқты  қолбасшы  –  Бауыржан  Момышұлы//  Жұлдыздар 
отбасы.-2010.-№9 (75 ) -9 б. 
7. Айқын //Ұлтымыздың ары мен намысы.-2010,  №168 (1592  )  -3 б. 
8. Жас қазақ // Ұлттың кермек дҽмі.-2010,  №19 ,  7 б.  
9. Мұнайлы //Қаһарманы қазақтың.-2010,  №32-33 (142) -2 б. 
10. Маңғыстау //Баукеңнің хаты.-2010,   №69-70 (1713) -5 б. 
11. Қаһарман//Батыр болмыс-биік тұлға.2010.-13 б. 
12. Үш қиян //Мен білетін Бауыржан, 2010 №3 (461), 8 б. 
13. Аңыз адам//Бауыржан Момышұлы 2010, №9 
14. Қайсар қазақ// Ҽкеңнің  бар ма менде қалған құны? ,2010, №38(75), 14 б. 
15.  З.Еримбетова  Б.Момышұлының  патриоттық  туралы  ойлары.  //-Алматы,  2004  ж.  -
127-129 б. 
16. С.МҽметБаукеңнің бҿлмесі // Егемен Қазақстан.- 2012.- №95-101.-14 наурыз.- Б.8. 
17.  Б.Ҽ.АшировҚазақ  патриоты,  қаһарманы-Бауыржан  Момышұлы..-  Алматы,  2011.- 
№1.- Б.4-5. 
17. Ҽлемдік педагогикалық ой-сана. (10-шы том) 
18. Қазақстан мұғалімі «Рухы да тҽрбие беретін батыр». 2001,24 қазан. 
19.  Қазақ  батырлары  «Жастарымызға  патриоттық  тҽрбие  беруді  қалай  жақсартамыз», 
2004ж, №3,наурыз. 
20. Қазақстан патриоты «Елбасы кітабындағы патриотизм», 2013, №2. 
21.Бауыржан Момышұлының мектептегі мұражайы/ А. Медеуұлы // Ақ жол.- 2000.- 5 
шілде. 

69 
 
22.  Алты  алаштың  қас  батыры/  Ж.  Мҽмбетҽлиев  //  Ақ  жол.-  2006.-  №100.-102  22 
маусым.- Б.7. 
23. Қазақ тілі туралы пікір [Мҽтін]: Заманхат / Б. Момышұлы // Ақиқат.-  2010.- №2.- 
Б.3. 
24. Б.Момышұлы «Адам қайраты». – Алматы, «Жалын»,1981ж. 
25. М Мырзахметұлы «Айналған аты аңызға Момышұлы». – Тараз, 2000. 
26. Б.Момышұлы «Кҿз алдымда бҽріңсің». – Тараз, 2007ж. 
 
 
Аннотация.  В  данной  статье  рассматривается  тема  о  патриотизме  в  сочинениях 
великого  писателя Б.Момышулы. 
Annotation.    In  this  article  a  theme  is  examined  about  patriotism  in  compositions  of  great  
writer B. Momıshuli. 
 
 
ӘОЖ 502(574) 
С89 
 
АБАЙДЫҢ  ТОЛЫҚ АДАМ ТУРАЛЫ ІЛІМІ 
 
Ибраимова Л.Н. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Бүгінгі  жаңа  Қазақстанның  дербес  даму  жолын  таңдау  кезеңі  жас  ұрпақ  тҽрбиелеуде 
халықтық  педагогиканың  бастауы  мен  қайнар  кҿздерінен  асыл  қазыналарды,  мҽдени 
мұраларды тауып, оқу-тҽрбие үрдісінде пайдалануды талап етеді. Себебі, еліміздің кҿркейіп, 
ҿркениетті елдер қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен 
кҿрінеді. 
Осыған  орай  Елбасы  Н.Ҽ.Назарбаевтың  «Қазақстан-2030»  тұжырымдамасында: 
«...біздің балаларымыз бен немерелеріміз...бабаларының игі дҽстүрін сақтай отырып, қазіргі 
замандық нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, 
жылдам ҿркендеу үстіндегі күллі ҽлемге ҽйгілі ҽрі сыйлы ҿз елдерінің патриоттары болады», 
- деп кҿрсетілген. 
 Қазақстанда  XIX  ғасырдың  екінші  жартысында  ҿмір  сүрген  қазақтың  реалистік 
ҽдебиеттің  негізін  салушы  ұлы  ойшылы,  талантты  ақыны  Абай  Құнанбаев  ҿзінің  халқына, 
келер ұрпағына ҿшпес ҽдеби жҽне тҽлім-тҽрбиелік мұралар қалдырды. 
 Шындығына  келсек,  Абайдың  ұлылығы,  ең  алдымен  ағартушылығынан  кҿрінеді, 
ҿйткені  ол  бүгіндер  Абай  тағылымына  айналып  отырған  барлық  ҿлең-жырлары  мен 
қарасҿздерінде ҿз халқының тағдырын ең жоғары орынға қойып, бүкіл елін-жұртын ғылым 
мен білімге шақырды, осыны ҿмірінің ҿзекті мақсатына айналдырды. 
Абай бүкіл ғылым мен білім негіздерін ҿз бетінше, ҿз талабымен, ҿзі ізденіп игерген, 
жастықтың  албырт,  алғыр  шағын  ҿткізіп  алып,  ҿкініп,  «қолын  мезгілінен  кеш  сермесе  де» 
ғаламат  нҽтижеге  жетіп,  даналықтың  асқан  биігіне  кҿтерілген.  Ертедегі  грек  ойшылдары 
Платон,  Сократ,  Аристотельдерден  бастап  ҿзіне  дейінгі  Батыс  пен  Шығыстың  атақты 
ғалымдары,  ғұлама  философтары,  ҽйгілі  тарихшы,  жаратылыстанушы  білімпаздарының 
еңбектеріне сусындай жүріп, біразын тамамдаса да ғылымға, білімге деген құштарлығы бір 
басылмаған.  Сондықтан  болар,  ұлы  Абайдың  ағартушылық  саласындағы  тағылымдары 
ерекше манызды, ҽрі ҽсерлі. 
Абайдың ағартушылығын дұрыс түсініп, орынды бағалау үшін ҿзінің ҿскен ұясындағы 
тҽрбиесі  мен  ҿмірдегі  тағылымына  тоқтала  кеткен  жҿн  болар.  Соның бастау  бұлағы  –  ата-
ана  тҽрбиесі.  Ҽкесі  Құнанбай  –  ел  билеген  кҿсем,  қарасҿзге  дес  бермеген  шешен, 
жастайынан атқа қонған найзагер, талапты да, табанды адам болған. Бала Абайды жанынан 
тастамай,  ҿзімен  бірге  ерте  жүріп,  үлкен  ҿнегелі  отырыстарды,  алқалы  мҽжілістерді 
кҿрсетіп,  небір  дүлдүл шешендердің,  ақын-жыраулардың  асыл  сҿздерін,  абзал  қасиеттерін, 
кҿсемдердің ҽділ биліктерін оған сабақ етті. Ҽжесі Зере, анасы Ұлжан Абайды ҿз халқын, ел-
жұртын  сүйер  мейірімділікке,  үлкен  жүректі  ұлылыққа  баулыды.  Шешіре  ҽжесі  ҿз 
туыстарының тарихын айтып, елінің тұрмыс-тіршілігімен таныстырып, жақсы мен жаманды 

70 
 
айыра білуге үйретеді. Анасы – ҿте ақылды, ұстамды, сҿзге сараң, сҿйлесе шебер, үйлесімін 
тауып сҿйлейтін, ақындық дарыны бар адам болған [2]. 
Осындай кҿңілі ояу, кҿзі ашық білікті ата-ана дҽстүрі баладан-балаға жалғасты. Абай 
да  ҿз  балаларына  осы  үлгіні  берді,  оқытты,  тҽрбиеледі.  Ата-ананың  ҿнегелі  ҿсиеті  оны 
ағалыққа,  адамдыққа  ҽкелді.  Туысқандық  парызын  сақтай  отырып,  Құдайбердідей  аға 
ҿсиетін орындап, Шҽкҽрім сынды дарынды тұлғаны тҽрбиелейді. 
Абайдың  ұстаздық  идеялары  қарасҿздерінің  ҿнебойын  алып  жатыр.  Олардың  жазылу 
мақсаты  да  айқын.  Бірінші  сҿзінде  айтқандай,  есейген  кезде  түйгендерін,  ҿткен  ҿмірімен 
байланыстыра, ақын 5 түрлі жолды таңдайды: ел бағу, мал бағу, дін бағу, ғылым бағу, бала 
бағу, Соңғы екеуі ұлы ойшылдың поэзиясында жиі кездесетін басты ұғымдар екені даусыз. 
Бұлар бірінен-бірі  бҿлінбес,  елдің  сауатын да, санасын да  ашатын  жол.  Сондықтан  да  ұлы 
ақын [2]: 
Түбінде баянды еңбек – егін салған, 
Жасынан оқу оқып, білім алған. 
Би болған, болыс болған ҿнер емес, 
Еңбектің бұдан ҿзге бҽрі жалған,  
–  деп  қорытындылайды.  Дана  Абай  поэзиясы  қуатымен  қатар  «ақ  қағаз  бен  сияны 
ермек  қып»,  қараңғы  халықтың  санасын  оятып,  кҿкірегіне  дарытатындай  ағартушылық 
идеяларын қарасҿзбен тізіп берген. 
Ұлы ұстаздың ағартушылық кҿзқарасының алтын діңгегі – толық адам тҽрбиесі, содан 
туындайтын  бүкіл  халық  тҽрбиесі.  Қазақ  халқының  ҿз  бетінше  ел  болуына,  саяси 
бостандыққа ие болуына, экономикалық жҽне мҽдени кешеуілдеуден шығуына, қараңғылық 
пен кедейшіліктен құтылуына апаратын бірден-бір жол – бүкіл елдің сауатын ашу, жастарды 
адамгершілікке тҽрбиелеу, ҿнер мен еңбекке баулу деп анық айтты. Ағартушы Абай ақыл-
ойдың,  сауаттылықтың  дамуы  үшін  шын  кҿзбен  карап,  нақтылы  сезінудің  қажеттігін 
барынша қорғап  бақты. Ақыл-ойдың,  мидың,  жүрек  пен  сезімнің  күшін  пайдаланып, ҽрбір 
жас адам ҿз елінің «кетігін» бітейтін «кірпіш» болса деп армандады. 
Абай  қоғамының  тҽрбиесін  жеке  адамнан  басталатынын  кҿрсетеді,  ҿйткені  «адам 
түзелмей  заман  түзелмейді»  деп  анық  айтады,  тобырдың  ішінде  тұлға  жүрмесе  мҽнінен 
айырылатынын мегзеп, «не болады ҿңкей нҿл» деп налиды. 
Сонда адам мұраты мен халық мүддесін ұштастыратын тҽрбиедегі басты нұсқа қандай 
десек,  ұлы  ақын:  «ақыл  сенбеген  іске  сенбе,  ондай  іске  кіріспе»,  ҽуелі  білім,  ғылым  ҿнер 
жолын таңдап алып, естілерден үлгі ал, еңбекпен ғана мал тап» деп жол сілтейді. Осындай 
адамдары бар елдің де келбеті түзік болатыны хақ. 
Ұлы ұстаз жан-жақты кемел тҽрбиелі адам ғана «толық адам» санатына қосылады деп 
есептейді.  Ал  кемелдікке  жетудің  тура  жолы  –  адам  бойында  имандылық  қасиеттердің 
туындауынан  басталады.  Тҽрбиенің  қалған  түрлері  –  адамгершілік,  ақыл-ой,  еңбек,  дене 
тҽрбиесі жҽне басқалары осындай мұсылмандыққа ден қойған жастың бойына тез үйіріледі 
деп  пайымдайды,  Ол  ҿз  заманындағы  мектеп-медреселердің  қызметіне  кҿңілі 
толмайтындығын  үнемі  байқатып  отырады.  Ҽсіресе,  дүмше  молдалардың  баланы  теріс 
уағыздап,  теріс  жолға  салатынын  айта  келе,  білімді  ұстаздың  тұлғасын  бҿлекше  жоғары 
қояды, оларға үлкен сеніммен қарайды. 
Абай  туындыларында  басты  орында  еңбек  туындылары  тұрады.  Ол  еңбекпен  келген 
табыстың  адал  да  дұрыс  жолға  бастайтынына  кҽміл  сенеді.  Адал  еңбекпен,  саналы  оймен, 
ақылмен істелген істің ғана нҽтижесі болады деп санайды. Оны: 
«Ҿзіңе сен, ҿзіңді алып шығар  
Еңбегің мен ақылың екі жақтап»,  
– деп жырлайды [2]. 
Адамның бойында жағымсыз қасиеттердің тууына қарсы тұру үшін ұстаз оның ғылым 
мен білімге деген құмарлығын арттырып, дамыта түсуді ҿсиет етеді. Осыған орай ақыл мен 
еңбектің  мҽніне  ерекше  тоқталып,  оларды  адамның  жеке  басының  басты  құдіреті  деп 
түсіндіреді. Сондықтан: 
Бақпен асқан патшадан  
Мимен асқан қара артық,  
Сақалын сатқан кҽріден  
Еңбегін сатқан бала артық, 
– деп түйіндейді [2]. 

71 
 
Абай    7-қарасҿзінде  «жан  құмарлығын»  бала  кезде  күшті  болатынын,  ал  адам  есейе 
келе, сол қасиеттің азайып, тіпті ада болатынына қынжылады. Туа бітетін адамға тҽн ерекше 
дүние  тануға  деген  ынтызарлықтың  болатынын  Абай:  «Қайта  бала  күнінде  жақсы  екенбіз. 
Білсекте  білмесекте,  білсек  екен  деген  адамның  баласы  екенбіз»,  –  деп  сипаттайды.  Осы 
ойлардың бүгінгі ұстаздарға қажеттілігі неде десек; шҽкірттердің бойында болатын білімге 
деген «жан құмарлылығын» ҿмір бойы жоғалтпай, жанған шырақтай маздатып ұстап тұруды 
басты  мақсат  етудің  тиімділігін  кҿрсетуінде.  Оқығанды  ғана  айта  берумен  шектелуге 
болмайды,  ҽр  сабақ  шҽкірттің  кҿкірек  кҿзін  ашып,  ойын  ортаға  салып  бҿлісетіндей,  пікір 
айтып  таластыратындай  деңгейде  ҿтуі  тиіс.  Сонда  ғана  білім  адам  бойына  дұрыс  дариды 
дейді ұлы Абай [2]. 
«Жан қуаты деген қуат – бек кҿп нҽрсе» дей келе, ұлы ұстаз оның ішінен ерекше екі 
түріне  тоқталады.  «Біреуі...  не  кҿрдің,  есіттің,  ҽрнешік  білдің,  соны  тездікпен  ұғып, 
ұққандықпен  тұрмай  арты  қайдан  шығады,  алды  қайда  барады,  сол  екі  жағына  да  ақылды 
жіберіп қармаққа тез қозғап жібереді.  Егер бұл болмаса, кҿп білуге кҿп уақ онды пайда да 
бермейді».  Педагогикалық  тұрғыдан  алғанда,  оқу  үрдісінде  керекті  білімді  бақылап, 
қабылдап,  ұғып  қана  қоймай,  оның  алды-артын  бірге  ойластырып,  жүйелі  түрде  түсініп 
отырса ғана білім тиянақты, тиімді болатынын дҽл нұсқап тұр. 
«Жан қуатының» екінші түрі жаңалықты қабылдау барысында ұқсағандарды тексеріп 
отыру  қажеттілігімен  байланыстыра  қойылады.  Бұл  педагогикадағы  таным  үрдістеріндегі 
басты заңдылықтар мен үндес келеді. Олар: жаңалықтарды (инновацияны) ҿзара салыстыра 
отырып талдау, дҽлелдеу, жүйеге келтіріп құрастыру [3]. 
Ақынның  32-сҿзі  түгелімен  білім  -  ғылым  үйренбекке  талап  қылушыларға  арналып, 
оның  6  шарты  тайға  таңба  басқандай  етіп  берілген:  «ҽуелі  білім-ғылым  табылса,  ондай-
мұндай іске жаратар едім деп... іздемекке керек» – бұл оқытудың басты мақсатының қазіргі 
күнгі  қағидасымен  сайма-сай  келсе,  ҽрі  қарай  айтылатын»  ...Білім  -  ғылымнын,  ҿзіне  ғана 
құмар, ынтық болып бір ғана мектептің ҿзін дҽулет білсең кҿңілде бір рахат пайда болады... 
білмегенді  тағы  да  сондай  білсем  деген  құмар,  махаббат  пайда  болады.  Сонда  ҽрбір 
естімегенімізді,  кҿргенімізді  кҿңілің  жақсы  ұғып,  оның  сҿз  суретімен  ішке  жайғастырып 
алады».  Осы  ойлардың  ҿзінен-ақ  қазіргі  ғылыми  педагогикадағы  оқытудың  дидактикалық 
заңдылықтары  мен  ұстанымдарының  біразы  айқын  кҿрінген.  Оқушының  белсенді  таным-
қызметінің  қалыптасуы  үшін  онда  саналы  іштей  ынта  болуы,  оның  қызығуға  тҽуелділігі, 
игерген  білім  шҽкіртті  қуанышқа  бҿлейтіндігі,  оның  ҿзі  тағы  да  жаңа  білімге  жетелейтіні, 
қызыға, құмарта оқыған оқу – адам жадында ұзақ қалатыны ап-анық айтылып тұр [3]. 
32-сҿздегі  екінші  шарт  –  Абайдың  айтқанын:  «...ғылымды  үйренгенде  ақиқат 
мақсатпен білмек үшін үйренбек керек...» деп басталып, үшінші шартта: «...ҽрбір хақиқатқа 
тырысып  іждиһатыңмен  кҿзің  жетсе,  соны  тұт,  ҿлсең  айырылма!..»  деп  жалғасады.  Бұл 
қазіргі  оқытудың  ҿзіне  тҽн  ерекше  заңдылықтарының  жүйесіндегі  ҽрбір  білімнің  ҿзіне  тҽн 
ғылыми-шындығы, яғни ғылымилылығы, оқытудың проблемалылығына жақын тұр. 
Бүгінгі  педагогикалық  психологияның  алдындағы  үлкен  міндеттің  бірі  –  оқушының 
жас  шамасымен  оған  ұсынылатын  білім  мазмұнының  арасындағы  тҽуелділіктің 
заңдылықтарын  табу  десек,  ұлы  ақын  ҿлеңдегі  «Қадірін жақсы  сҿздің  білер жанға, Таппай 
айтпа оған да айтар кезде» дейтін жолдар тікелей осы проблеманы алға тартады. 
Абай  –  қазақ  халқының  тарихи  кҿшін  ілгері  бастауда,  ой-пікірлерінің  шеңберін 
кеңейтуде,  ұлттық  мҽдениетін  кҿтеруде  ерен  еңбек  сіңірген  ұлттық  болмысымызға  дара 
біткен  жарық  жұлдыз.  Абай  тағылымы  оның  даналығында,  Абай  даналығы  оның 
данышпандық  ойлары  мен  парасатты  сҿздерінде,  Абай  парасаттылығы  оның  ағартушылық 
ой түйіндерінде, ал ұстаздық ойларының асқар белесі ел тҽрбиесінде деп білеміз. Сондықтан 
да  оның  сол  тҽлімдік  ой-пікірлері  жастарды  отбасылық  ҿмірге  дайындаудың  негізі  болып 
саналады.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Н.Ҽ.Назарбаев «Қазақстан-2030»...... Ел президентінің Қазақстан   халқына  арналған 
жолдауы. – Алматы: Білім, 1998. – 175 б. 
2.
 
Құнанбаев  Абай.  Шығармаларының  І-томдық  толық  жинағы.  І  том.–  Алматы: 
Қазақстан, 1968. – 516 б. 
3.
 
Құнанбаев  Абай.  Шығармаларының  2-томдық  толық  жинағы.  ІІ  том.–  Алматы: 
Қазақстан, 1977. – 183 б. 

72 
 
 
Аннотация. Основатель казахской реалистической литературы  великий мыслитель , 
талантливый  писатель  Абай  Кунанбаев  во  второй  половине  девятнадцатого  века  оставил 
неугасимое литературное наследия своим предком и своему народу. 
Annotation.    Founder  of  Kazakh  realistic  literature    great  thinker,  a  talented  writer  Абай 
Кунанбаев in the second half of the nineteenth century left unquenchable literary heritage by the 
ancestor and to the people. 
 
 
ӘОЖ 37:80 
К:32 
 
СҦРАҚ ҚОЮ – ШЕШЕНДІКТІҢ БАСТЫ ҚҦРАЛЫ 
 
Керімбеков М. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Биылғы  оқу  жылында  Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  институтында  –  жаңаша 
оқытудың  жаңа  ҽдіс  –  тҽсілдерін  қолдану  мақсатында  бес  күндік  оқу  жүйесіне  кҿшу  – 
ұстаздар  мен  білімгерлерге  тиімді  екендігі  бірден  байқалынды.  Институт  ректоры  тарих 
ғылымдарының  докторы,  профессор  Д.П.Қожамжарованың  ұсынысы  бойынша  жасалған 
жаңа  бағдарлама  ҿз  нҽтижесін  кҿрсете  бастады.  Осыған  байланысты  институттағы  алты 
факультетте жаңа пҽндердің бағдарламалары жасалынып, оқу жүйесіне ендірілді. 
ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында  оқу  жүйесіне  ендірілген  кредиттік  жүйенің  жақсы 
жақтары мен тиімсіз жақтары ескеріліп, бес күндік оқу жүйесіне алғаш рет кҿшу - кҿптеген 
қиындықтарды  шешуге  тура  келді.  Педагогикалық  Ғылыми  кеңесте  –  бұл  мҽселені  нақты 
шешіп, тиісті нұсқаулар арқылы бес күндік жүйеге кҿшудің алғашқы шарттарын іске асыра 
бастады. Ҽрбір факультеттегі жаңашыл ұстаздар түрлі ҽдіс – тҽсілдер арқылы жаңа сабақтың 
түрлеріне  басты  назар  аударды.  Ҽрбір  факульттетте  электронды  жабдықтармен 
жабдықталған  интерактивті  тақталармен  жабдықталған  арнаулыдҽрісханалар  мен 
зертханалар  ашылды.  Кредиттік  жүйемен    оқыту  тҽсілі  –  ҿз  жемісін  бере  бастады.  Тест 
сұрақтары  –  жаңаша  жасалынып,  білімгерлердің  білім  дҽрежесін  арттыруға  жаңа 
технологияның кҿп кҿмегі тиюде. 
  Тақырып  аясында  пҽндер  бойынша  сұрақтар  қою,  оның  жауабын  білу  –  кейбір 
пҽндер  бойынша  қиындықтар  туғызуда.  Тест  сұрақтарының  дұрыс  жауабы  мен  жалған 
жауаптары  білімгерлердің  ойын  шатастырып,  екі-үш  метрлік  «шпаргалка»  жасаумен 
ҽуестенген  білімгерлерге  қайран  қаласың.  Кҿп  білімгерлер  білімді  «шпаргалка»  арқылы 
жеңіп алуды кҿздеуде. «Шпаргалка» білім сапасын тҿмендетеді. Тестік сұрақтармен білімін 
тексерудің пайдасынан зияны кҿп. 
  Тестік  сұрақтарды  физика,  химия,  математика,  биология  сияқты  пҽндерге  қолдану 
тиімді-ақ. Ал филология факультеті мен педагогика факультетіндегі кҿптеген қосымша жаңа 
пҽндерге  тесттік  сұрақтардың  тиімсіз  екенін  ғалымдарда  айтып  келеді.  Ҽсіресе  ҽдебиет, 
қазақ тілі пҽні бойынша мҽнерлеп оқу мен шешендік ҿнерге байланысты пҽндердегі тесттік 
сұрақтар  білімгерлердің  ойлау  қабілеті  мен  сҿйлеу  қабілетіне  тосқауыл  қойғанмен  бірдей. 
Ҽсіресе  білімгерлер  қабілетін  тҿмендететін  жалған  жауаптар-  білімгерлер  санасын 
шатастырады.  Осыған  байланысты  ауызша,  жазбаша  емтиханды  пҽн  оқытушысына 
алдырмай, ҿзгелерге алдырту тҽсілі де орынсыз. Білімгерлердің білім сапасын жақсартуға - 
кҿбіне пҽн оқытушысы жауап беруге тиісті. 
Биылғы оқу жылында «Педагогика жҽне психология» факультетіндегі  
«  Педагогика  жҽне  бастауышты  оқытудың  ҽдістемесі»  кафедрасында  біршама  жаңа 
пҽндерді  оқыту  іске  асырылды.  Ҽсіресе  «Болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  тіл 
мҽдениеті  мен  сҿйлеу  техникасын  жетілдіру»,  «Шешендік  ҿнерге  үйрету  ҽдістемесі»,  « 
Қазақ тілін оқыту ҽдістемесінің тарихы», (ІІІ – IV курстарда) жаңа пҽн ретінде ҿтіліп, жаңа 
бағдарламалар арқылы оқылуда. Пҽннің құрылымы да, мақсаты мен міндеттері де күрделі. 
Білімгерлерге шешендік ҿнерді үйрете отырып, түрлі ҽдістермен шешендік ҿнерге үйрету – 
ҿте күрделі де, ҽрі қиын жұмыс. Ҽдебиет пен қазақ тіліне байланысты кҿптеген сұрақтарды 
тақырыптар бойынша берілгенмен, кҿп сұрақтар назардан тыс қалып келеді. Атап айтқанда: 

73 
 
Шешендікке байланысты сұрақтар: (Ойлан, ізден, тап!) 
-
 
Эвристикалық сұрақтар
-
 
Эпистолярлық сұрақтар; 
-
 
Проблемалық сұрақтар; 
-
 
Практикалық сұрақтар; 
-
 
Теориялық сұрақтар; 
-
 
Зертханалық сұрақтар; 
-
 
Тақырыптық сұрақтар; 
-
 
Фольклорлық сұрақтар; 
-
 
Тілдік сұрақтар; 
-
 
Тарихи сұрақтар; 
-
 
Ҿмірбаяндық сұрақтар; 
-
 
Жанрлық сұрақтар; 
-
 
Прозалық сұрақтар; 
-
 
Поэзиялық сұрақтар; 
-
 
Драмалық сұрақтар; 
-
 
Эпостық сұрақтар; 
-
 
Ғылыми сұрақтар; 
-
 
Діни сұрақтар; 
-
 
Саяси сұрақтар; 
-
 
Ҿнер туралы сұрақтар
-
 
Ҿмір туралы сұрақтар; 
-
 
Тыйым туралы сұрақтар 
-
 
Ырым туралы сұрақтар; 
-
 
Мақал туралы сұрақтар; 
-
 
Мҽтел туралы сұрақтар
-
 
Жұмбақ туралы сұрақтар; 
-
 
Бата туралы сұрақтар; 
-
 
Терме туралы сұрақтар; 
-
 
Аңыз туралы сұрақтар; 
-
 
Ертегі туралы сұрақтар; 
-
 
Батырлар жыры туралы сұрақтар; 
-
 
Айтыс ҿнері туралы сұрақтар; 
-
 
Ақын туралы сұрақтар; 
-
 
Жазушы туралы сұрақтар; 
-
 
Ғылым туралы сұрақтар; 
-
 
Ұстаз туралы сұрақтар; 
-
 
Талант туралы сұрақтар; 
-
 
Дарын туралы сұрақтар; 
-
 
Қабілет туралы сұрақтар; 
-
 
Ҽдебиет туралы сұрақтар; 
-
 
Қазақ тілі туралы сұрақтар; 
-
 
Кітапхана туралы сұрақтар; 
 
Ҽдіскер  –  ғалым  Бақыт  Қалимұқашеваның  «Сҿйлеу  мҽдениеті  жҽне  шешендік  ҿнер» 
тақырыбындағы  оқу  –  ҽдістемелік  құралында  (-  Астана;  Фолиант,  2010.  -168б)  профессор 
А.Е.Абылқасымованың  шешендік  ҿнерді  меңгертудің  ҽдістері  жайлы  пікірлері  берілген. 
Ғалымның айтуынша: 
1)
 
Бұрыннан  қолданылып  жүрген  ҽдістер  (дҽстүрлі  дҽріс,  жаттығулар,  зертханалық, 
практикалық жұмыстар жҽне жаңа ҽдістер: бағдарламаланған оқыту ҽдісі, алгоритмдеу ҽдісі, 
модельдеу ҽдісі т.б.) 
2)
 
Оқытушының баяндау ҽдісі мен студенттердің ҿздігінен жұмыс істеу ҽдістері; 
3)
 
Ақпараттық (хабарлау) жҽне проблемалық ҽдістер; 
4)
 
Ғылыми ҽдістер мен оқыту ҽдістері; 
5)
 
Сҿздік, кҿрнекілік жҽне практикалық ҽдістер; 
6)
 
Логикалық ойлау ҽдістері (индукция, дедукция, дҽлелдеу, эвристика т.б.) 

74 
 
7)
 
Білімдер  мен  дағдыларды  есепке  алу,  бақылау,  бағалау  ҽдістері  (коллоквиум, 
аттестация, сынақ, емтихандар, т.б.) (52б) 
Профессор А.Е.Абылқасымованың шешендік ҿнерді меңгертудің ҽдістері мен тҽсілдері 
де  сұрақтар  арқылы  іске  асырылатыны  байқалады.  Сұрақ  қою  да,  шешендіктің  басты 
мақсаты екендігіне кҿзіміз жетеді. 
Оқулық авторы Бақыт Қалимұқашева да осы пікірді қолдайды. Ол «Шешендік ҿнерді 
меңгертудің  басты  бір  ҽдісі  –  студенттің  алдына  түрлі  проблемалық  жағдайлар  қойып, 
соның  шешуін  тапқызу,  тіл  арқылы  білдіру,  онда  да  сҿйлеу  тілінің  ҽсерлі  де,  дұрыс,  дҽл, 
орынды болуын қажет ету. Сондықтан да біз ҽдістер жүйесін іріктеуде проблемалық ҽдістер  
жүйесіне тоқталдық» - деп ҿз пікірін ашық айтады. (53 
Автордың «Сҿйлеу мҽдениеті жҽне шешендік ҿнер» туралы ҽдістемелік оқу құралы – 
ғылыми негізде жүйеленген оқулыққа жатады. 
Дҽріс кезінде жҽне практикалық сабақтар барысында шешендік ҿнерді түсіндіру үшін 
жазу тақтасын қалай пайдалануды білімгерлерге түсіндіре отырып, тақта түрлеріне ерекше 
тоқталдық.  Кеңес  дҽуірінен  бері  мектептер  мен  жоғары  оқу  орындарында  он  бірге  жуық 
жазу тақталары қолданылып келген: 
1.
 
Жазу тақтасы; 
2.
 
Сызбалы тақта; 
3.
 
Перделі тақта; 
4.
 
Кҿшпелі тақта; 
5.
 
Жылжымалы тақта; 
6.
 
Ашпалы – жаппалы тақта; 
7.
 
Экранды тақта; 
8.
 
Магниттік тақта; 
9.
 
Жабыспалы тақта; (бетіндегі түгі бар «помази» матадан жасаған шағын тақта) 
       10.Жиналмалы тақта; 
       11.Интерактивтік (электронды) тақта; 
Қазіргі  таңда  Жамбыл  облысындағы  барлық  мектептерде,  мектеп  –  гимназияларда, 
лицейде,  колледжде,  жоғары  оқу  орындарында  интерактивтік  (электронды)  тақталармен 
жұмыс  істеуде, ҽрбір  ұстаз  ҿз  шеберліктерін  кҿрсетіп келеді.  Ҽсіресе,  болашақ  ұстаздарды 
даярлауда интерактивтік (электронды) тақтаның тиімділігі зор. 
  Жоғарыда  аталған  он  бір  түрлі  тақтаның  басты  мақсаттары  мен  міндеттері 
айқындалып, білімгерлерге жан – жақты түсіндірілді: 
1.
 
Тақта арқылы сауаттылыққа үйрету; 
2.
 
Ҽріп таңбаларын дұрыс жазуға үйрету; 
3.
 
Тақырыпты кҿрсету; 
4.
 
Жаңа сабақты түсіндіру; 
5.
 
Сҿздікпен жұмыс; (глоссарии) 
6.
 
Жоспар құруға үйрету; 
7.
 
Үйге тапсырманы жазып кҿрсету; 
8.
 
Сұрақтармен жұмыс; 
9.
 
Интерактивтік (электрондық) тақтамен жұмыс (слаидтар даярлауды іске асыру;) 
10.Кҿрнекті (кҿрнекі ретінде) құралдарды пайдалану іске асырылады. 
Тақтамен жұмыс барысында мынадай сұрақтар берілді: 
1.Жазу кҿне заманда неден басталды? (10) 
-
 
Топыраққа жазудан; 
-
 
Құмға жазудан; 
-
 
Саз  балшыққа  жазудан  ;(Отқа  ҿртеліп  жасалынады,  осыған  байланысты  -Шумер 
жазуы бізге жетті) 
-
 
Ағаш қабығына; (папирусқа) 
-
 
Жауырын сүйекке; 
-
 
Жалпақ тастарға (Орхон жазбалары); 
-
 
Теріге; (киіз кітапқа) 
-
 
Алтынға, мысқа, темірге; 
-
 
Ағаш тақтасына; 
-
 
Интерактивтік (электронды) тақтаға. 
2.Жазудың алғы шарттары қандай? (7) 

75 
 
     -    Ҽріп тануға үйретеді; 
     -    Сҿйлеуге үйретеді; 
     -    Сұрақ қоюға үйретеді; 
     -    Кҿркемдеп жазуға үйретеді; 
     -    Білімге үйретеді; 
     -    Ғылымға үйретеді; 
     -    Жазу қабілетін дамытады. 
3.Шешендік ҿнерге үйретудің принциптері қандай? (Дидактикалық принциптері -5) 
     -    Ғылыми принципі; 
     -    Жүйелілік принципі; 
     -    Кҿрнекілік принципі; 
     -    Студенттердің ҿз бетімен даму принциптері; 
     -    Теориялық практикалық байланыстыру принципі. (57-58бет) 
4.Шешендік ҿнерге үйретуге байланысты сұрақтар тақтаға жазылып, түсіндіріледі. 
5.  «Шешендік  ҿнерге  үйрету  ҽдістемесі»  пҽні  бойынша  қажетті  ҽдебиеттер  тізімі 
беріледі. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет