Казахский национальный



Pdf көрінісі
бет31/43
Дата03.03.2017
өлшемі3,12 Mb.
#5534
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43

Литература
 
1.  Залевская  А.А.  Психолингвистические  ис-
следования. Слово. Текст: Избранные труды. 
–М.: Гнозис, 2005. – 543 с. 
 
 
 
2.  Базылев  В.Н.  Синергетика  языка:  овнешне-
ние в гадательных практиках. – М.: Диалог-
МГУ, 1998. – 180 с. 
3.  Алефиренко  Н.Ф.  Живое  слово:  проблемы 
функциональной лексикологии. – М.: Флинта: 
Наука, 2009. – 344с. 
4.  Слово – сознание – культура: сб. науч. трудов 
/  сост.  Л.Г.  золотых. – М.:  Флинта:  Наука, 
2006. – 368 с. 
5.  Горчакова  В.Г.  Имидж:  розыгрыш  или  код 
доступа?/ В.Г. Горчакова. – Ростов н/Д: Фе-
никс, 2011. – 252 [1] с. 
6.  Блэк  М.  Метафора//Теория  метафоры. – М., 
1990. – 345 с. 
7.  Чернявская  Е.В.  Дискурс  власти  и  власть 
дискурса:  проблемы  речевого  воздействия: 
Учеб. пособие. – М.: Флинта: Наука, 2006. – 
136 с. 
8.   Олянич  А.В.  Презентационная  теория  дис-
курса: монография. - Волгоград: Парадигма, 
2004. – 507 с.  
* * * 
Осы  бап  сөйлеу  имидждiң  синергетикалық  табиғаты-
ның  теориялық  ұғынуына  арналған - лингвистикалық 
имиджелогияның  зерттеу  нысанасы.  Автор  дискурс  және 
оның жасаушы ағындары имидж деңгейде шығарады. 
* * * 
This article is devoted to theoretical judgment of the 
synergetic nature of speech image – object of research of  an 
image science. The author deduces image on level of a 
discourse and its "power forming" streams. 
 
 
 
 
                                                                                     
Айтыс және имандылық 
К. Досанова 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың II курс магистранты, Алматы, Қазақстан 
 
Аннотация. Мақалада қазіргі айтыс өнерінің тәрбиелік мәні, нақты айтқанда имандылық мәселесі 
қозғалады. Діни сана-сезім мен діни көзқарастың ақындар аузымен тыңдарманға жетуі сөз болады. 
Қоғамдағы  бүгінгі  күннің  мәселелерін  жеткізудегі  айтыскер  ақындардың  рөлі  жыр  жолдарымен 
айтылады.  Дұрыс  сөйлеу  мен  имандылық  туралы  Құран  аяттары  мен  сүрелері  келтірілген. 
Аталмыш  мақалада  қазіргі  айтыс  ақындарының  имандылыққа  қатысты  өлең  жолдары  талданып, 
берілген. 
 
Осыдан  бірер  жыл  бұрын  айтыс  ақыны 
Мұхамеджан Тазабеков: 
 
«Жігіттің жастық шақта еркі жеңер, 
 
Сеніммен ұсталмаса сертің егер. 
 
Аллаға – құл, адамға – ұл болу ғой, 
 
Намазға кеп түйіссе тең тізелер. 
 
Ақын намаз оқыса хақты танып, 
 
Алдымен аузындағы сөз түзелер. 
 
Он күнәнің тоғызы тілден екен, 
 
Сөз түзелсе, иншалла, ел түзелер» [1;117], – 
 
деп, тілге ие болудың имандылыққа оң ықпалы 
турасында босқа жырламаса керек. Осында ақын-
ның  «алдымен  аузындағы  сөз  түзелер»  деп, 
жыр  арнасындағы  әріптестеріне  қарата  айтыл-
ған сындарлы сөзіне біз де назар салып, қазіргі 
айтыс ақындарының имандылыққа қатысты өлең 
жолдарына мән бермекпіз. 
Бір ақын былай деген екен: 
Ей, адам баласы тіліңе ие бол! 
Синергетическая природа речевого имиджа

188 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
Сені шағып алмасын. 
Себебі, ол – жылан. 
Қабірлерде кездесуде батырлар да шошитын, 
Қаншама тілінің құрбаны жатыр.  
Екінші бір ақын айтқан: 
Адам, тілінің сүрінуінен өледі, 
Аяқтың сүрінуінен өлмейді. 
Тілімен сүріну – оның басын кетіреді, 
Ал, аяқпен сүріну ақырындап жазылады [2; 246]. 
Сондықтан,  мұсылман  адамның  бірде-бір 
бос сөз сөйлемегені жөн. Ол дінінде пайдалыны 
айтумен  ғана  сөйлеу  тілінен  сақтануы  тиіс. 
Егер бір сөзді айпақшы болса, әуелі онда пайда 
бар ма, жоқ па қарасын! Егер пайдасы болмаса, 
онда ол сөзден тыйылсын. Егер пайдасы болса, 
онда сол сөзді айтумен одан да пайдалырақ сөз-
ді жіберіп қоймаймын ба деп ойлансын! Бұны-
мен оны зая етіп алмасын [2;247]. 
Егер  жүректегі  нәрсеге  дәлел  іздемекші 
болсаңыз,  бұған  тілден  дәлел  іздеңіз.  Өйткені, 
тіл иесі қаласын, қаламасын жүрегіндегі нәрсе-
лерден  сізді  хабардар  етеді.  Яхия  ибн  Муъаз 
айтқан: «Жүрек – ішіндегілерімен  қайнап  жат-
қан  қазан  тәрізді.  Ал,  сөйлеу  тілі – оның  шө-
міші. Сондықтан, бір адам сөйлеп жатқанда, қа-
раңыз.  Себебі,  оның  тілі  жүрегіндегі  нәрсені 
шөміш тәрізді шығарып береді. Оның сөйлеу тілі 
тәтті  ме,  қышқыл  ма,  тұщы  ма,  ащы  ма  жүре-
гіндегілерді  шығарып  тұрады.  Бұдан  тысқары 
сізге, оның жүрегінің дәмін тілінің шөміші баян-
дап береді». Хилитул – Әулие 10⁄63 [2; 247]. 
Айтыстағы имандылықты сөз еткенде, алды-
мен ақындарымыздың сөз бастау тәсіліне көңіл 
бөліп көрелік.  
Ал, сөзімнің басы – Бісміллә, рахманир рахим, 
Жаратқан ием жар болса, кең көсілер бұл ақын [1;26]. 
(Жәкен Омаров)
 
Бісміллә, оңғарылса тілім хақтан, 
Жұртыма жыр ұсынам тың ырғақтан [1;71].  
(Дәулет-керей Кәпұлы) 
Мейіріміңді көріп мен иілемін, 
Меккеге жеті ай жүріп барған құлдай. 
Иманды сөзім сіңсін жүрегіңе, 
Әулиеге әуеден тамған нұрдай... 
Алладан жәрдем тілеп сөз бастайын, 
Намаздан жығылмаған нар Жамбылдай [1;112]. 
(Мұхамеджан Тазабеков) 
Ағайын, армысыздар Алладан соң, 
Ақынға отыратын нұр ұсына... 
Мүбарак болсын құрбан айттарыңыз, 
Табарак ырыс қосып ырысыңа. 
Наурызда Тәңіріден тілейтінім –  
Сабыр берсін батыс пен шығысыңа [1;113]. 
(Бекарыс Шойбеков) 
Міне, жоғарыда келтірілген мысалдардан бай-
қағанымыздай,  ақындарымыз  ешбір  айтысты 
Алланың атын атамай сөз бастамайды. Алланы 
еске  алумен  жүректер  орнығады.  Бұл – иман 
келтіргеннің белгісі. Сөз басында Алладан жәр-
дем тілеу арқылы айтыстың соңына дейін көп-
шілік алдында тілден жаңылмауды мұрат етеді.  
Адамның  иманына  тілдің,  сөздің  тигізетін 
ықпалы  үлкен.  Ислам  мәдениетінде  тіл  ілімі, 
сөз  нарқына  ерекше  жауаптылықпен  қарайды. 
Тіл  өнерін  бағалай  білетін  мұсылман  халқы-
мызда «тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз 
бұзар» деп, тіл мен сөздің маңызын тани білген. 
Құранда «Аллаһ жаман сөздің жария болуын 
жақсы көрмейді» «Ниса», 148-аят – деп, бұрыс  
сөйлеуге тыйым салып, «ең сыпайы түрде сөй-
лесін.  Өйткені,  шайтан  араларына  бұзақылық 
салар»  «Исра», 53-аят – деп  жақсы,  дұрыс 
сөйлеуге бұйырады [2; 156-157].  
Құраннан  нәр  алып  және  оған  амал  еткен 
бабаларымызда  өз  еңбектерінде  тілдің  тәрбие-
лік  мәнін  ашып,  тілден  келетін  зияннан  сақ-
тандырған. 
XI ғасырда Жүсіп Баласағұн: 
Аллаһ адамдарды жаратты, үздік етті, 
Оған өнер білім, ақыл-сана берді... 
...Ақыл мен білімнің тілмашы – тіл, 
Ердің мерейін көтеретін тілді біл... 
...Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар, 
Қор қылар тіл, кететұғын бас болар... 
...Жаман сөзге қимылдатпа тіліңді [2; 157], – 
деп  «білімсіздің  сөзі  өзінің  басын  жейтінін» 
ескертіп,  екі  дүние  бақытына  жету  үшін  адам 
баласын «халықтың бәріне ісімен де, сөзімен де 
игілік етуге» шақырады. Абай ақын: 
«Өсек, өтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ [3; 60], – дейді. 
Мұндағы  өсек,  өтірік,  мақтан – тілмен  бай-
ланысты.  Ендеше,  айтыста  ақындарымыз  бос 
сөзге ерік берген сәттерді халық қалап жатпасы 
анық. Елдің көкейінде жүрген мәселелерді жыр 
түйдегімен  жеткізгенін  қалайды.  Ел  құлағына 
шалынып  жүрген  елдегі  мәселелерді  тіл  ша-
нышқысымен  шаншып,  кездігімен  кескенді, 
ақиқатын  айтқанын  тілейді.  Ар-иманы  биік, 
сана-түйсігі  жоғары  ақын  азаматтар  әрдайым 
қоғамдағы  жайттарды  елеусіз  қалдырмайды.  
Алаштың ардақты ақынына айналған Аманжол 
Әлтаев Жәкен Омаровпен бір айтысында қазір-
гі қоғам жайлы былай деп ой толғайды: 
Әзірге ісі оңға басар емес, 
Жемқорлық жанымыздан қашар емес. 
Бір өзі еңбек етіп мешіт салған, 
Кещегі Құнанбайлар осал емес. 
Бұл күннің қажысы мен қалмалысы, 
Халқына ондай рахым жасар емес, 
Халқының садақаға берген пұлы, 
Мүфтидің айлығынан асар емес. 
...Қазіргі кей қазаққа таң қаламын, 
Меккеге барып келіп арақ ішкен [1;32], −
  
дей  келіп,  қажылыққа  адал  тапқан  қаржыңмен 
бару керектігін Алла атымен ескерте кетеді: 
К. Досанова 

189 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012 
 
 
Парамен, жемқорлықпен тапқан ақша, 
Қажылық ырымына жарамайды [1;32]. 
Сол айтыста әріптесі діни оқуда жүрген Жәкен 
Омаровтың  дінді  құрғақ  сөзбен  айтып,  ел  кө-
кейіндегі  мәселелерді  толғай  алмағанына  рені-
шін білдіреді: 
Ілімнің бойла, інім, тереңіне, 
Ел сонда иланады дегеніңе. 
Алаштың мұң мен зарын айта алмасаң, 
Молда боп бұл пәниде керегі не? [1;33]. 
«Жетім көрсең, жебей жүр» деген қазақ хал-
қында ата-анасыз қалған сәбилерді шет елге сату 
үрдісі  белең  алған  тұсты  ақындарымыз  көзден 
таса  қылған  жоқ.  Ақынның  сүйенері – тіл. 
Ашынған тіл айтпасқа қоймайды.  
Жетім пана таппаса аулымыздан, 
Не пайда аулымыздың барлығынан? 
...Жетімдердің қамқоры бола алмасақ, 
Не пайда хандығыңнан, нарлығыңнан? [1;39] – 
деген  Ермек  Жұматаевтың  сөзіне  Аманжол 
Әлтаев былай деп жауап береді: 
Бейкүнә жетімдерді шетке берсек, 
Қазақты кешірмейді құдайымыз [1;40]. 
Бұл ұлттық мәселе Баянғали Әлімжанов пен 
Тілеген  Әділовтің  айтысында  да  сөз  болады. 
Баянғали: 
Елірген бүгін кей біреу, 
Ақшасы көп шетелге 
Сатып та жатыр баланы [1;91], − дейді.  
Аллаға  серік  қосу,  өзге  дінге  мойын  бұрып 
адасушылық  қазіргі  қоғамда  жаңалық  болудан 
қалды. Естіп жатсақ, таң   қалмайтын  дәрежеге 
жеттік. Бұл – қасірет. Оны айтпаса, аузы дуалы 
ақындарымыздың  тіліне  теріскендей  қадалып 
тұр. Бекарыс Шойбеков: 
Рахмет, мешітіңді бітіріпсің, 
Күмбездерін көмкеріп, ғажап етіп. 
Бір терінің пұшпағын илейміз ғой, 
Бір мешітте жүрген соң намаз оқып. 
Бірақ кейбір жайларды айтпай болмас, 
Ішімді жатқаннан соң қажап өтіп.  
Кришнаит болып кеткен қазақтар бар, 
Ала алмай жүрсек біздер қазақ етіп. 
Алдамшы қорлар менен қулар да көп, 
Қалың елге баратқан азабы өтіп. 
Бұл жақта сендер бар деп сенуші едік, 
Көрінгенге қоймас деп мазақ етіп. 
Япыр-ау, ару қала Алматымды, 
Не күйге түсіргенсің, Тазабеков? [1;116]–
  
деп,  өзі  өмір  сүріп  отырған  қоғам  көрінісіне 
бей-жай  қарай  алмайтындығын  жеткізеді.  Бұл 
жерде  Алматыдағы  белең  алған  келеңсіздікке 
әріптесінің еш кінәсі жоқ екенін біле тұра ақын-
дық  тәсілімен  Мұхамеджаннан  ұтқыр  жауап 
күтеді.  Елдегі  жайды  ақын  досы  күйзеле  жыр-
лап тұрғанда, сөзден тосылар Тазабеков пе екен?! 
Бекарыстың ойын былайша жалғап кетті: 
Он жылда әрең біткен қасиетті үй, 
Жалғанға жарық нұрын шашып келді. 
Жартылығын қойынға жасырғандар, 
Молданың да моласын қазып келді. 
Мешіт салып берді деп мәз қыламыз, 
Харамнан қаржы жиған кәсіпкерді. 
Дінге бас-көз боп жүрген Тәжин көкем, 
Тартты деп айта алмаймын таспиқтерді. 
Қазақтың діндарлығы сол емес пе, 
Мешітін де Храпунов ашып берді. 
Сүндеттелген көсемің жоқ па еді деп, 
Сүйегіме таңбасын басып берді [1;118], –
  
деп  замандастарының  ұлттық  намысты  төмен-
детпей,  имандылықтың  тазалықпен  келуіне  үн 
тастайды. Әрбір сөздерінде шындықты шарпып 
өтетін  Мұхамеджан  мен  Бекарыстың  дәл  осы 
айтысында  имандылық  мәселесі  тереңнен  қоз-
ғалды десе де болады. 
Мұхамеджан: 
Имансыз бұл қоғамда не істелмей тұр, 
Қалталылар қалғанын көзге ілмей жүр. 
Пайдасы өз басынан аспайтындар 
Халықтың көз жасынан сескенбей тұр. 
Бесік жыр естімеген белсенділер, 
Бес күндік екеніне дес бермей жүр. 
Құранды сыйға тартсаң алмайтындар, 
Құдайдың бар екенін ескермей тұр. 
Адамның таза болса ой дәптері, 
Басына бақ пен дәулет қонбақ тегі. 
Бір кезде Тұрғұт Өзал намазға кеп, 
Тұрғанда ел көңілі толмап па еді. 
Кешегі Димекең де жұманы оқып, 
Шариғатты білген ғой бойлап тегі. 
Тек Құдайдан қорыққан текті атамыз, 
Мәскеудің сан қаулысын жоймап па еді. 
Өліктерді өртейтін Алматыда 
Крематорий салғызбай қоймап па еді. 
Сол Алматы бұл күнде тәнін сатқан 
Тірі өлікке толар деп ойлап па еді? 
Қазағым, кейде рас құлагерсің, 
Құлагер қашанғы енді құлап өлсін. 
Жарнамаға алданған жастарымыз, 
Көңіліне қалай иман шуақ енсін. 
Патшаға шындықты айтар ақсақал жоқ, 
Оған да халқым өзің куәгерсің. 
Аузында қайдан оның дуа болсын [1;120-121], –
  
деп өз кезегінде барлық имандылыққа қатысты 
қоғамдық  өмірдің  бүгінгі  көрінісінің  бар  ащы 
шындығын тіл астында қалтарыста қалдырмай, 
күйіне жеткізеді. Ақынның еш сөзіне артық анық-
тама берудің қажеті жоқ. Бәрі де анық, айқын, 
ең бастысы ақиқат. Осы айтылған салмақты сын 
бірер  ғана  адамның  болса  да  санасына  түйін 
берсе  ақын  сөзі  желге  ұшпады  деуге  болады. 
Әрбір  өлең  жолдары  терең  ойға  еріксіз  қалды-
рады. «Шалын  да,  шауқанын  да  аямаған  асыл 
досының»  батыл  да  шыншыл  сөздеріне  қарсы-
лас әріптесі Бекарыс та ризашылығын білдіреді. 
Сөздің  басын  «Алла»  деп  бастаған  ақында-
рымыз  сөздің  соңында  да  Алласын  ұмытпаған. 
Біз  де  осы  мақаламыздың  аяғын  Аманжол 
Әлтаевтың мына тілегімен аяқтағымыз келеді: 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012 
Айтыс және имандылық 

190 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
Заманның қиындығын жеңіп шығар,  
Рух пен иман берсін қазағыма [1;40]. 
 
Әдебиеттер: 
 
1.  Қазіргі  айтыс.  Құраст.:  И.  Нұрахметұлы,  
С.  Дүйсенғазин – Астана: «Күлтегін»  бас-
пасы, 2004. – 312 б.  
2.  Пендеге  иман  өзі  ашады  жол. – Алматы, 
2006. −  336 б. 
3.  Абай  (Ибраһим)  Құнанбайұлы.  Шығарма-
ларының  екі  томдық  толық  жинағы. – Ал-
маты:  Жазушы. – Т.1:  Өлеңдер  мен  аудар-
малар. – 2003. – 296 б.  
* * * 
Статья  посвящена  воспитательным  вопросам,  затра- 
 
 
 
 
 
гиваемым  в  айтысе,  а  также  воспитательной  роли  искус-
ства айтыс. Религиозное мировоззрение поэтов передаётся 
слушателям  с  помощью  слова.  Роль  поэтов-импровиза-
торов заключается в том, чтобы своими песнями донести 
до  слушателей  злободневные  проблемы  общества.  При-
водятся  примеры  из  глав  Корана  о  культуре  речи  и 
нравственности.  В  данной  статье  проанализированы 
строки  песни  современных  поэтов-импровизаторов,  ка-
сающиеся нравственности.  
* * * 
This article is about the educational sence of art aitys, 
concretely the theme is the religiousness. It was written about 
the way of poets to convey the listener the religious 
consciousness and religious view. In lines of poetry it was 
spoken about the role of poets in telling about  today’s 
problems of society. There are verses and suras of Koran 
about religiousness  how to talk right express thoughts. In this 
article are given and have been discussed lines of poets’ 
poems about the religiousness. 
 
 
 
Қазақ батырлар жырларындағы «Адам» концептісі 
 
Ж. C. Ергубекова 
 
 
А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дің PhD докторанты, Түркістан, Қазақстан 
 
Аннотация. Мақалада 
эпикалық  фольклор  мәтінінде  адамның  жалпы  және  жекелеген  кейіп-
керге байланысты бейнелері жасалынатындығы, бұл бейнелердің когнитивтік лингвистикада адам-
ның  тілдік  концептуалдық  моделі  ретінде  зерттелінетіндігі  айтылды;  эпикалық  «батыр»  кон-
цептісіне лингвомәдениеттанымдық және лингвокогнитивтік талдау жасалып, концептілер жүйе-
сінде қарастырылды. 
 
«Адам»  концептісі – батырлар  жырында 
тікелей «батыр» концептісі. «Батыр» концептісі 
батырдың  асынған  қару-жарағы,  мінген  аты, 
бірге  туған  бауыры,  батырды,  яғни  балаларын 
құдайдан  сұрап алған  атасы мен  анасы, сүйген 
аруы  концептілерімен  толығады.  Сонда  «ба-
тыр» концептісі тек жеке бір өзі емес, оны қор-
шаған  ортасымен  берілуі  тиіс,  олардың  әр-
қайсысы  жеке-жеке  концептілер  жүйесі  болып 
табылады.  Бұл  концептілердің  біразына  мақа-
лада талдау жасалынды. Олар «батыр» концеп-
тісінің микроконцептілері болып есептелінеді.    
Қазақ  эпикалық  фольклорының  лингвомен-
тальды  кеңістігінде  «адам»  концептілері  басты 
орын алады деп айта аламыз. Бұлай дейтініміз, 
эпикалық фольклордың басты кейіпкері – адам 
болып  табылатындығында:  эпикалық  мәтінде 
адам туралы, адамға қатысты оқиғалар жайын-
да  баяндайды.  Қазіргі  когнитивтік  лингвисти-
каның  ұстанымдары  бойынша  бүкіл  тілдің  не-
гізгі  сипаты – оның  антропоөзектілігі,  яғни 
«Тіл  мен  адам»  біртұтас  құбылыс  немесе  бір 
құбылыстың  екі  жағы.  Когнитивтік  лингвис-
тика,  этнолингвистика,  лингвомәдениеттану  
 
т.б.  тіл  білімінің  салалары  антропологиялық  
лингвистика  идеялары,  қағидалары  мен  арна-
лары арнасында қалыптасып дамыды. 
Эпикалық фольклор мәтінінде адамның жал-
пы  және  жекелеген  «кейіпкерге  байланысты) 
бейнелері  жасалынған,  бұл  бейнелерді  когни-
тивтік  лингвистикада  адамның  тілдік  концеп-
туалдық моделі ретінде қарастыруға болады.  
Адамның  концептуалдық  моделі  эпикалық 
фольклордағы  лингвоментальды  кеңістігінің, 
яғни  концептосферасының  белгілі  бір  құры-
лымдық  бірлігі  болып  табылады,  сондықтан 
эпикалық  фольклорлық  мәтіндеріндегі  адам-
ның  концептуалдық  моделін  біз  эпикалық 
адамның  концептуалдық  моделі  деп  атаймыз. 
Адам  бейнесінің  қалыптасу  ортасына  және 
тарихи-генетикалық  сипатына қарай эпикалық, 
ортағасырлық,  немесе  көне  түркі,  заманауи, 
әлеуметтік,  этникалық,  әдеби  (романдардағы 
немесе  поэзия,  драматургия  т.б.  шығармалар-
дағы)  адамның  концептуалдық  моделі  деп 
ажыратып  қарастыруымызға  болады.  Адамның 
осы  тілдік  концептуалдық  модельдерінің  бір-
біріне ұқсамайтын өзгешеліктері және айырма-
К. Досанова 

191 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012 
 
 
шылықтары бар, сонымен қатар оларды (бір-екі 
немесе бірнеше  түрлерін)  біріктіретін  сипаттар 
аталмыш  модельдердің  бойынан  табылып 
қалады. 
Эпикалық  концептілердің  өзіндік  тілдік  кө-
ріністері  бар,  яғни  концепт  вербалданады  (сөз, 
дискурс,  мәтін  арқылы),  мәтіннің  лингвоког-
нитивтік  кеңістігінде  репрезентацияланады. 
Эпикалық  «адам»  концептілерінің  лингвомә-
дени ментальдік мазмұнында ұлттық құндылық 
(аксиологиялық)  жүйесінің  элементтері  мен 
бірліктері орын алған. Эпикалық адамның кон-
цептуалдық  тілдік  моделінің  өзі  осы  тұрғыдан 
алғанда  аксиологиялық  модель  болып  табы-
лады,  өйткені  қазақ  этносының  адамға  деген 
идеалды  көзқарастары  осы  модельде  келті-
рілген. Концептілерде-күрделі ментальді құры-
лымдарда да белгілі бір мәдениетке тән мәндер, 
құндылықтардың доминанттары өз көріністерін 
береді,  ал  енді  сол  аталмыш  мәндер  мен  до-
минанталар (құндылықтар жүйесінің негізгі ұс-
танымдары)  мәдениеттің  белгілі  бір  типін  қа-
лыптастырады және тілде сақталады [1, 5]. 
Қазақ  батырлар  жырларындағы  әлем  бей-
несінің  негізін  «адам»  концептісі  құрылым-
дайды,  өйткені  эпикалық  жырлардағы  барлық 
оқиғалар, сюжеттер, көріністер қалай болса да, 
адаммен  (эпикалық  шығарма  кейіпкерлерімен) 
байланысты болып келеді. Адамға қатысы жоқ 
деп  есептелінген  концептілердің  өзі  адамның 
санасынан, түсінігі, танымы елегінен өтеді, сол 
себепті  мәдениет  категориялары  мен  концепті-
лерінің  бәрінде  адам,  адам  таңбасы  бар  деп 
айта аламыз. 
Когнитивтік  лингвистика  терминологиясы-
мен  айтатын  болсақ, «батыр»  концептісінің 
лингвомәдени мазмұнына батырға тікелей және 
жанама  қатысы  бар  барлық  эпикалық  (сюжет-
тік,  композициялық,  эстетикалық,  тақырыптық 
т.б.)  құрылымдар  мен  бірліктер  еніп  кетеді. 
Осындай  бірнеше  немесе  сан  алуан  мәтінде 
мазмұндық  мәліметтер  «батыр»  Концептісінің 
өзегі  болып  табылатын  батыр  бейнесінің 
төңірегінде  топтасады.  Мәселен, «Оқиғаның 
ертегілік, тарихи болып жіктелуіне қарамастан, 
сюжет көбіне Алпамыс төңірегіне құрылған. 
Cюжет оқиғалары лингвокогнитивтік тұрғы-
дан  қарастырғанда,  концепт-фрейм,  концепт-
сценарий  ретінде  зерделенеді,  яғни  олар – 
лингвоментальді бірліктер және сол сипатында, 
түптеп  келгенде, «батыр»  концептісіне  қызмет 
етіп,  аталмыш  концептінің  лингвомәдени  маз-
мұнын толықтыра түседі. 
«Батыр» (эпикалық  батыр)  концептісінің 
лексикалық  тірегі  (өзегі)  болып  табылатын  ба-
тыр  лексемасының  «Қазақ  тілі  түсіндірме 
сөздігінде» (ІІ  том)  берілген  анықтамасында 
былай  делінген:  Батыр,  ел  қамы  үшін  жаумен 
сайысқан  тарихи  қаһарман,  эпостық  жырлар-
дың  геройы,  алып  ер.  Құртқа  сынды  сұлуды 
Қобыландыдай  батырға  берейін  деп  жатқа-
нын  Қырық  бес  Қызыл  ер  хабарын  мұның 
есітті.  
С.И.Жапақовтың  «Эпикалық  фразеологизм-
дердің  когнитивтік  негіздері»  атты  кандидат-
тық диссертациясында батыр концептісіне мы-
надай  түсінік  беріледі:  Батыр, қаһарман басы-
на  дулыға  киген,  қылыш  асынып,  қапқан  ұс-
таған  алып  ер;  Тұлпар  мінген,  найза,  қалқан 
бөктерген,  қылыш  асынған  дулыға  киген  алып 
денелі  адам;  жаудан  елді  қорғайтын  қаһарман 
[2, 35]. 
С.И.Жапақовтың  көрсетіп  отырған  «батыр» 
концептісі  объектісінің  қарапайым  ойсуреті – 
ойсурет  концептісі («мыслительная  или  наив-
ная  картинка  мира»)  батыр  лексемасындағы 
кейбір  семалар  осы  концептіде  қайталанып 
отырады: «алып», «ер», «елді  жаудан  қорғау», 
«қаһарман»  т.б. [2, 35]. Аталмыш  семаларға 
қатысты «батыр» концептісінің лингвоменталь-
ді  мазмұнында  көптеген  когнитивтік,  тілдік, 
фольклорлық,  этномәдени  ақпараттар  мен 
мәліметтерді табуға болады, ол ақпараттар мен 
мәліметтер  фольклор  мәтіндерінің  кеңістігінде 
және  оның  сыртында  (мәтіндерден  тыс)  қазақ 
дүниетанымында,  этнос  болмысында,  рухани 
және  материалдық  мәдениетінде  табылатыны 
анық. «Батыр»  және  де  басқа  этномәдени  эпи-
калық концептілерінің лингвокогнитивтік (лин-
гвомәдени)  мазмұнын  реконструкциялауға,  яғни 
жаңғыртуға  жоғарыда  аталған  мәтіндік  және 
экстралингвистикалық  лингвоментальді  мәлі-
меттердің  қажеттілігі  айтпасақ  та  түсінікті. 
«Эпикалық  батыр»  концептісінің  этномәдени 
мазмұнын толықтыра қамтитын және сипаттай-
тын  микроконцептілердің  құрамында  түрлі 
типтік және тақырыптық микроконцептілер бо-
латыны  анық.  Мәселен, «Қобыланды  батыр» 
немесе  «Алпамыс  батыр»  жырларындағы  ба-
тырға  қатысты  көптеген  оқиғалар  микрокон-
цепт-сценарийлерге  тірек  (өзек)  болып  сана-
лады,  өйткені  концепт-сценарийлердің  лингво-
когнитивтік  (этномәдени)  мазмұны  оқиға,  іс-
әрекет,  сюжет  арқылы  ғана  ашылады  және  си-
патталады. 
«Батыр»  концептісіне  қатысы  бар  тақырып- 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012 
Қазақ батырлар жырларындағы «Адам» концептісі 

192 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
тық микроконцептілерге, мәселен, «тұлпар (ба-
тыр  тұлпары)»  этномәдени  микроконцептісін 
жатқызуымызға  болады.  Қазақтың  эпостық 
жырларында  батырға  тұлпар  мінгізіп,  ту  ұста-
тады. 
Қобыланды батыр:  
Тұлпар мініп, ту алған, 
Барған жері қуанған, 
Кеткен жері қуарған. 
Тұлпар, қазанат эпикалық қаһарманның бір-
ден-бір атрибуты. 
Алпамыс батыр:       
Алтын бауыр Шұбардың  
Басын жолға салады, 
Бір күн шапса шұбар ат, 
Айшылық жолды алады. 
Қазақ  батырлар  жырларындағы  «тұлпар» 
этномәдени  концептісінің  өзіндік  лингвоме-
нтальді мазмұны бар: онда көне мифологиялық, 
тарихи, этнологиялық т.б. мәліметтер тұлпарға, 
яғни  жылқыға  қатысы  бар  және  тұлпар  кон-
цептісі батырлар жырларындағы әлемнің тілдік 
бейнесін  құрастырушы  лингвокогнитивтік  құ-
рылымдардың  бірі  болып  табылады.  Сонымен 
қатар, эпикалық «тұлпар» концептісі эпикалық 
қаһарманның  бейнесін  сомдайтын,  суреттейтін 
және  сипаттайтын  лингвоментальді  бірлік  ре-
тінде  қызмет  атқарады,  себебі  тұлпар  мен  оны 
мінген батырдың бейнесі егіз, бір-бірінен ажы-
ратылмайды.  
Эпикалық «батыр» концептісіне қатысы бар 
тағы  бір  этномәдени  концепті – «қару-жарақ». 
Эпикалық батыр бейнесінің тұрақты атрибуты-
ның  бірі  және  бітегейі – оның  қару-жарағы. 
С.Жапақовтың  пікірінше: «Қазақ  этносы  басы-
нан  өткерген  бір  кездегі  лингвомәдени  қоғам-
дастық  мүшелерінің  ментальды  дүниесінде 
қаһарман  модусын,  біздіңше  а)  дулыға,  сауыт 
киген;  ә)  жау  жарақтарын  асынған  (қалқан, 
садақ,  найза-қылыш,  шоқпар);  б)  қазанат  мін-
ген тұлға түрінде көрсетуге болады» [2, 50]. Ер 
Тарғын  жырындағы  эпикалық  батырдың  бей-
несін  С.Сейфуллин  былай  етіп  суреттейді: 
«Жал-құйрығы  сүзілген,  бауырынан  жараған, 
жер  тарпып  жұлқынған  сәйгүлік  ат.  Ол  аттың 
үстіндегі  ақ  кіреуке,  қынама  сауытты,  темір 
дулығалы,  алмас  қылышын  жарқылдатып,  же-
лекті найзасын шүйірген жауынгер». 
Академик Р.Сыздық қазақ эпосындағы қару-
жарақ  атауларының  поэтикалық  (эстетикалық) 
сипатына назар аударады: «Әсіресе қару-жарақ 
атауларында  батырдың,  оның  ата-анасының, 
сүйген жарының портреттерінде, астына мінген 
атының  суретінде  т.т.  орын  алады.  Мысалы, 
ауыз  әдебиет  үлгілерінде  қару-жарақ,  сауыт-
сайман  атаулары  ешқашан  бір  өзі  дара  атал-
майды,  олардың  алдныа  сан  алуан,  көбінесе 
тұрақты  эпитеттер  жүреді:  бұлғары  садақ, 
бұқар  жай,  балдағы  алтын  ақ  берен,  алтын 
құндақ  ақ  берен,  көк  сүңгі,  бадана  көзді  ақ 
сауыт,  шашақты  найза,  алтын  қалпақ,  жез 
телпек,  шар  болат,  қозы  жауырын  жебе, 
алмас  қылыш,  ақ  қара  бас  ту,  тобылғы  тор 
ат,  сегіз  құлақ  ақ  шатыр  т.б.  Бұл,  біздің 
байқаумызша,  қазақ  ауыз  әдебиетінің  тіліндегі 
көркемдеуіш  амалдардың  көзге  түсер  ерек-
шелігі  қазақтың  ауызша  дамыған  әдеби  тілі, 
яғни  қазақтың  ХҮ-ХІХ  ғасырлардағы  ақын-
жыраулары берік сақтап келген» [3, 38]. 
Эпикалық  этномәдени  концептілер  этнос 
(лингвомәдени  қауымдастың)  танымы  тәжіри-
бесінің  белгілі  бір нәтижесі  мен  туындысы  бо-
лып  келеді,  өйткені  этностың  (адамның)  та-
нымы  мен  білімі  сөзде,  материалдық  және  ру-
хани мәдениеттің туындыларында, әдет-ғұрып-
тарда, ритуалдарда, тілдік мәтіндерде, паремио-
логиялық  және  фразеологиялық  қорда,  жалқы 
есімдерде т.б. сақталған.  
Эпикалық этномәдени концептілерді біз бір-
неше  түрге  бөлуге  болатынына  көзіміз  жетті. 
Мәселен, «адам»  концептісі  өз  кезегінде  «ер» 
және  «әйел» концептілеріне  бөлінсе, «ер»  кон-
цептісін  «батыр»,  ал  «әйел»  концептісін  «ба-
тырдың  қалыңдығы»  т.т.  тармақтай  беруге  бо-
лады. Мұндай бөлу гиперо-гипонимиялық диф-
ференциацияға жатады, яғни тек-түрлерге (род-
вид)  бөлінеді.  Гипероним – тектік  сипаттағы 
нысанды  (құбылысты)  білдіретін  болса,  гипо-
ним – түр  сипаттағы  нысан  (құбылыс).  Сонда 
«адам» - гипероним,  ал  оның  гипонимдері – 
«әйел» мен «еркек» т.т.  
Б.М.Тілеубердиев  пікірінше, «адам»  кон-
цептісі – күрделі  құрылым  және  «ер», «әйел» 
концептілерінен  құралады,  өз  кезегінде  «ер» 
концептісі  «мерген», «батыр», «кеже  бала», 
«тазша», «жетім» концептілерге бөлінеді. «Ер», 
«батыр», «әйел», «мерген», «кенже бала», «таз-
ша»  т.б.  концептілерде  негізгі  (актуалды)  өзек 
немесе  сипат,  мән  сақталады:  ол – «адам»,  ал 
аталған адам түрлерін көрсететін концептілерді 
диахрониялық  тарихи  концептілер  ретінде  қа-
растыруға  болады,  өйткені  онда  ұлттық  кон-
цептіге енген тарихи (пассив) сипаттағы тектік 
лингвоментальды бүкіл ақпараттар бар [4, 118-
119]. 
Қазақ батырлар жырларындағы адам жайын-
дағы гипонимиялық концептілер негізінен эпи-
калық  персонаждарға  қатысты  қалыптасқан 
Ж. C. Ергубекова 

193 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012 
 
 
және  құралған,  сол  себепті  оларды  персонаж 
есімімен  де  атауға  болады:  мысалы, «Құртқа» 
этномәдени  концептісі, «Алпамыс  батыр» 
концептісі т.т. Эпикалық персонаждар сюжетте 
белгілі  бір  орны  мен  мәні  бар  екені  белгілі, 
сонымен қатар қаһармандық эпостағы тұлғалар 
ғасырлар  бойында  жинақталған  таным  тәжіри-
бесінің  нысаны,  фольклорлық  мәтіндердегі  кө-
рінісі  іспетті.  Эпикалық  шығармалардағы  әр 
бейне – халқымыздың  рухани  танымымыздың 
қайталанбас  жемісі  мен  үлгісі.  Осы  тұрғыдан 
алғанда,  эпикалық  этномәдени  концептілер – 
ұлтымыздың тарихи жадының бірліктері болып 
табылады. 
Эпикалық  этномәдени  (гипонимиялық) «ба-
тыр»  концептісінің  лингвоментальды  құрылы-
мын  құрайтын  және  қалыптастыратын  бейне-
лер  (оларды  концептілер  түрінде  де  қарас-
тыруға болады) Алпамыс, Қобыланды, Ер Тар-
ғын, Қамбар т.б. бейнелері. 
Қобыланды  бейнесінің  сипаттамасы  эпика-
лық  қаһарманның  басты  функциясына  қызмет 
етеді:  батыр  бүкіл  халықтық  мүдделер  үшін 
күреседі,  ол – ержүрек,  адал,  жеңілісті  біл-
мейтін құтқарушы – жауынгердің идеалы.  
Бейненің  басты  сипаты – батырдың  біре-
гейлігі, «еш теңдесі жоқтығы». Басқа қаһарман-
дық  жырлардағыдай,  батыр  балалық  шағында 
небір  күшті  батыр  палуандарды  жеңеді,  одан 
асқан күшті жауынгер төңірегінде табылмайды. 
Поэмада  «жалғыз  жауынгер»  дәстүрлі  мотив 
сақталған.  Жырдың  басынан  аяғына  дейін 
батырдың  өзі  және  де  басқа  персонаждар  ол 
(Қобыланды) ата-анадан жалғыз екенін, жалғыз 
өзі  жауға  аттанғанын  немесес  соғыс  алдында 
жалғыз  өзі  қалғанын  үнемі  айтып  келеді; 
Қобыландының не ағасы не інісі жоқ, сүйенері, 
жәрдем  берері  жоқ.  Көп  жағдай  ол  жалғыз  өзі 
мыңдаған  жау  әскерімен  соғысады  және  жау 
батырын жеңеді. 
Қобыланды  батыр  бейнесін  лингвомәде-
ниеттанымдық  және  лингвокогнитивтік  тұрғы-
дан сипаттау барысында «не себеп Қобыланды 
батыр  жалғыз  жауынгер  түрінде  көрсетіледі», 
сөйтіп суреттеуге қандай негіз бар деген сауал-
ға  жауап  беруіміз  керек. «Жалғыз  жауынгер» 
мотиві  фольклорлық  дәстүрлі  мотив  деген 
түсіндірме  (жауап)  когнитивтік  лингвистика 
мамандарын қанағаттандыра алмайды. 
Эпикалық  батырдың  «еш  теңдесі  жоқ»  си-
паттары,  гиперболикалық  күші  мен  қару-
жарағының  кереметтілігі, «жалғыз  жауынгер» 
түрінде  суреттелуі  т.б.  қаһарман  бейнесінің 
антологиясында,  генезисінде  жатыр  деп  есеп-
теуімізге  тура  келеді.  Сырт  көзбен  қарағанда, 
эпикалық батырды бұлай етіп суреттеу – фоль-
клорлық шығарманың лингвопоэтикалық жүйе-
сінен  табылатын  ерекшеліктеріне,  яғни  фоль-
клорлық,  эстетикалық  дәстүрге  байланысты 
болып  көрінгенімен,  эпикалық  батырдың  бұл 
сипаттары  алғашқы  адам,  демиург,  мәдени 
қаһарман  сипаттарына  негізделеді  және  бастау 
алады. Мифологиялық дүниетанымда эпикалық 
батырдың  прототипі  болған  мифтік  қаһарман 
алып (космостық масштабта) алып адам болған, 
ол  садақ  пен  жебелер  арқылы  аспан  әлемін 
(космосты)  реттеген,  алғашқы  адам  болған-
дықтан, ол жалғыз еді т.т. 
Эпостың  көптеген  сюжеттерінде  батыр  аты 
елеулі  орын  алатынын  зерттеушілер  атап  көр-
сеткен.  Дала  халықтарының  тұлпарға  (жыл-
қыға)  деген  ерекше  көзқарасын  А.П.Оклад-
ников  былай  түсіндіреді: « ... Бұрынғы  заман-
дарда  әскери  аттың  (әскери  атты  қолдың)  ма-
ңызы  өте  зор  болған,  сондықтан  да  эпикалық 
мәтіндерде  жылқы  (батыр  аты)  белсенді  тұл-
ғалардың  бірі.  Сонымен  қатар,  тереңде  жатқан 
тотемистік  жылқы  культін  және  қорғаушы-пір 
жылқы бейнесін ұмытпауымыз керек» [5, 6 б]. 
Түркі және монғол халықтарының өткен та-
рихына  көз салсақ, олардың  ментальдық  таны-
мында атты ер адам жайында мынадай түсінік-
терді байқар едік: «Түркі және монғол эпосын-
да  көшпелілер  мен  жартылай  көшпелілер  қо-
ғамына тән мынадай дәстүр айқын байқалады – 
ер  адамға  жаяу  жүру  және  атсыз  болу  жат 
нәрсе.  Бұл  дәстүр  өте  терең  тамыр  жайған, 
осыны  эпостан  ғана  емес,  сонымен  қатар  көне 
жазба  ескерткіштерінен  де  көруімізге  де  бо-
лады.  М.И.Артамонов  Аммиан  Марцелиннің 
көшпелі  ғұндар  мен  аландар  жайында  қал-
дырған мәліметтерін келтіреді: олар  туа біткен 
аттылар  екенін  және  өмір-салты  ұқсас  екенін 
көрсеткен. «Аландарда  балалар  ерте  бастан 
атқа  мініп  жүреді,  жаяу  жүруді  олар  ұят 
санайды»,  ғұндар  да  аттың  үстінде  өседі  және 
тек  ат  үстінде  соғысады  (Артамонов).  Көне 
заманда  көшпелілерді  кентаврлар  деп  түсінген 
(Плетнева).  Сондықтан  да  түркі  және  монғол 
халықтарында  атты  иесімен  бірге  жерлеу 
дәстүрі  болған;  эпоста  бұл  ереже  сақталады – 
ержүрек  жаудың  өзін  атымен  бірге  жерлейді 
(Гесер) [5, 241 б.]. 
Эпикалық  батырды  ақ  сұңқармен  теңестіру 
зерттеушілердің  пікірінше, «тұрақты  поэтика-
лық  формула».  А.Т.Бақтыбаеваның  пайым-
дауынша: «Екі  халықтың  (қазақ  пен  орыс) 
эпосына  тән  дәстүр – троптарды  қолдану. 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012 
Қазақ батырлар жырларындағы «Адам» концептісі

194 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
Соның  ішінде  жыртқыш  құстарға  батырды 
теңеу  троптардың  белгілі  бір  тобын  құрайды. 
Бұл  салыстырудың  негізінде  психологиялық 
параллелизм құбылысы жатыр, яғни сұңқар іс-
қимылдар  әрекеттерінің  репертуары.  Осыған 
орай айта кететін жай – салыстыру, теңеу үшін 
тек құстар бейнелері қатыстырылмайды, солар-
мен қоса жануарлар (батыр – арыстан, батыр – 
бөрі)  және  өсімдіктер  (батыр – богатырь – 
емен)  бейнелер  пайдаланылады.  Мәселен,  Қо-
быланды  сұңқармен  салыстырылады.  Оның 
ерекшелігі  мынадай  антитеза  арқылы  көрсеті-
леді: «Сен – сұңқар,  біз – қарға».  Қобылан-
дының  баласы  Бөкенбай  сұңқар  бейнесі  ар-
қылы суреттеледі:  
Фольклорды  поэтикалық  жүйе  ретінде  қа-
растыратын  болсақ,  А.Т.Бақтыбаеваның  бұл 
тұжырымы  өте  дұрыс.  Алайда,  бір  кездерде 
(өте-өте  ерте  замандарда)  қазір  фольклорлық, 
яғни  поэтикалық  (эстетикалық)  шығармалар 
(мәтіндер)  саналатын  туындылар  мифология-
лық  мәтіндер  болған,  яғни  онда  мифтік  таным 
мен  білімдер  орын  алған – қазір  «миф»,  яғни 
«жалған»  деп  есептелетін  дүниелер  көне 
адамдар күмәнсіз сенетін білім – ақиқат көздері 
болған.  Егер  «сұңқар»  бейнесі  сол  ежелгі 
замандардан  қалған  болса,  онда  когнитивтік 
лингвистика  тұрғысынан  бұл  бейнеге,  бұл  те-
ңеуге мүлдем басқа түсінік беруге тура келеді. 
Эпикалық «батыр» концептісіне жүргізілген 
лингвомәдениеттанымдық  және  лингвокогни-
тивтік  талдау  көрсетіп  отырғандай,  негізінен 
батыр  үш  басты  сипатқа  ие;  біріншіден,  ол 
«теңдесі жоқ адам», яғни құдай жаратқан, «құ-
дай  қолдаған», «таңдаулы»,  басқа  адамдардан 
оқшау  тұратын  тұлға;  екіншіден,  ол  ержүрек, 
өте  батыл,  қарулы  адам;  үшіншіден,  ол  ел 
қорғаушысы,  ел  қамын  ойлайтын  адам.  Бір 
қызығы,  көне  түркілер  заманындағы  қағандар 
халық  танымында  осы  (жоғарыда  аталған) 
негізгі  үш  сипатқа  ие  болған  немесе  ие  тиісті 
болған. «Олардың (қағандардың – Е.Ж.) сипат-
тамалары  үш  жайтке  міндетті  түрде  сәйкес 
болуы тиіс еді. 
Осыған  қарағанда,  көне  түркілер  лингвомә-
дени қоғамдастығында, халық арасында, халық 
танымында  кәміл  (идеальный)  адам  немесе 
батыр,  немесе  қаған  (билеуші)  осы  негізгі  үш 
сипатқа  ие  болуы  тиіс,  яғни  бұл  идеалды 
адамның  сананы  эпикалық  батырдың  бейнесі 
аталмыш сипаттарға қатысты сомдалады, соны-
мен  бірге  оның  жеке  басты,  қарапайым  адами 
сипаттамалары  бір  екенін  эпикалық  көркем 
мәтіннің мазмұнынан көре аламыз. 
Дегенмен, эпикалық батыр - ерекше «теңдесі 
жоқ» адам. Зерттеуші С.И. Жапақов қаһарман-
дық  эпостағы  батыр  бейнесін  «ирреалды  бей-
не»  деп  атайды: «Эпикалық  жағымды  қаһар-
мандардың  бейнесі  белгілі  бір  стереотиптерге 
құралады. Қаһарман  суға салса  батпайды, отқа 
салса жанбайды, кессе қылыш, атса оқ өтпейді. 
Бұдан  қаһарман  ерекше  қасиет  иесі  деген  кон-
цептуалды  семантиканы  байқаймыз.  Эпикалық 
қаһарманның  байырғы  тілдік  ұжым  санасында 
мұндай  ирреалды  бейнесінің  қалыптасуында 
өзіндік қисын жоқ емес. Олай болатыны қаһар-
манның  ата-анасы  перзент  көрмей, «әулие» 
кезіп, «әулиеге  түнеп»  әулие-әмбиелердің  жа-
ратушы  хақтың  сұрауымен  жалған  дүниеге 
келеді» [2, 51 б.]. 
Қазақ  батырлар  жырларындағы  «адам» 
концептісі  өз  кезегінде  «батыр», «батырдың 
қалыңдығы», «анасы», «әкесі», «дұшпандары 
(жаулары)» т.б. концептілерге бөлінеді. «Батыр 
жаулары»  концептісіне  қатысты  төмендегідей 
мәліметтер  назар  аудатарлық: «батыр  жаулары 
көп-ақ;  этикалық  канондарға  сәйкес  олар  ора-
сан  күш  иесі  және  оқ  тисе - өлмейді,  қылыш 
шапса-өтпейді»,  кейбіреулері  гротекс  түрінде 
суреттеледі, ол Алшағырдың жақтастары, алып 
қызылердің ұлдары Ағынас пен Тоғынас. Олар 
Қараспан тауындай алып – дәулер. Қарадәудің 
басы  қазандай.  Қобыланды  Қазан  ханмен 
жекпе-жекке шығар алдында оны «биіктегі тау 
асуы»  деп  Қазанның  тектілігін  және  алып 
батыр екенін өз сөзінде айтады. 
Сонымен,  эпикалық  этномәдени  концепті-
лер  этнос  (лингвомәдени  қауымдастың)  та-
нымы  тәжірибесінің  белгілі  бір  нәтижесі  мен 
туындысы болып келеді, өйткені этностың (адам-
ның)  танымы  мен  білімі  сөзде,  материалдық 
және  рухани  мәдениеттің  туындыларында,  әдет-
ғұрыптарда,  ритуалдарда,  тілдік  мәтіндерде, 
паремиологиялық және фразеологиялық қорда, 
жалқы  есімдерде  т.б.  сақталған.  Когнитивтік 
лингвистика  тұрғысынан  қарағанда,  қаһарман-
дық  эпостағы  әр  бейне – ментальды  таным, 
көзқарас,  келтірімдердің,  рухани  тәжірибенің, 
этнос болмысының сана айнасындағы көрінісі – 
сондықтан  да  эпикалық  бейне  (образ)  лингво-
ментальды  құрылым  ретінде  қарастырылуы 
тиіс. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет