Сансызбай МӘДИЕВ,
А.Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институты
директорының орынбасары,
филология ғылымының кандидаты
хаты
«ана тілі» газетінің сайтына да оқырмандарымыз өз пікірлерін білдіріп жатады.
солардың бірқатарын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
«отан отбасынан басталады
немесе демографиялық ахуалымыз қалай?»
«келісіп пішкен тон
келте болмас»
«Қызға қырық үйден
тыйым»
Қазақ тілінде
жарық көрді
«шала қазақ» тілі белең
алып тұр!..
авторы: ақбота Исләмбек
авторы: дәуіржан тӨлебаеВ
авторы: бағдагүл балаубаеВа
авторы: еркін омар
Өте орынды сұрақтар. Ең маңыздысы, бірін-
шісі қазақ тілі болуы керек!
Ең алдымен мемлекеттік тілдің дәрежесін
көтеруіміз керек.
Мұндай мәселені мектеп оқушыларына ата-
аналарымен бірге ортақ талқыға салып оның
ұлт тағдырына үлкен қауіп екенін жиі-жиі ай-
тып тәрбие сағат тарын өткізген жөн дер едім.
Бізде өкі нішке орай жас қыздарға ондай жолға
бармаудың жолы көп сөз етіле бермейді.
Жақсы аңғарыпсыз. Шындығында, ша ла-
қазақтардың тілі қауіпті. Өйт кені адам мұндай
әдеттерге тез үй ренеді. Бірте-бірте осылай
тіліміздің тазалығына нұқсан келеді.
Мен өзім жас анамын. Меніңше, мемлекет тарапынан қолдау болмаса
демографиялық өсім болуы екіталай. Қазір бұған қоса дағдарыс басталды. Мәселен,
өз басым екі баламен үйде отырмын. Күйеуімнің табатыны 100 мың теңге. Ол
аз ақша емес. Алайда ай сайын жалдап тұратын пәтер құнына азық-түліктің
қымбаттауын қосыңыз. Баспана бағдарламаларына іліне алмадық. Жасымыз 30-дан
асты. Шынында, біз не істеуіміз керек? Екінші баланы тумасаң қайтеді, біреуін өсіріп
ал дегендер де болды. Шын мәнінде бұл әркімнің жеке мәселесі болып кеткені өкінішті.
Бүкіл халықтың мәселесі да осы ғой. Баспанасыз, үй-күйсіз жүргендер көп.
Ұлт болашағы демографиялық жағдайға байланысты. Бүгіндері халық өсімі қалай
жүріп жатқаны белгісіз. Құрғақ статистика бар болғанымен, оны саралап, мән-
маңызын талқылайтын ғалымдар сирек кездеседі. Тіпті нақты ғылымның жоқтығы
үлкен кедергі келтіріп отыр. Сондықтан арнайы орталық не болмаса институт
ашу – заман талабы. Өркениетті елдерде әр саланың даму деңгейін бақылайтын,
болжамдар жасайтын институттар бар. Ал демографиялық институт міндетті
түрде керек. Сондықтан болашақты ойласақ, бұл мәселені қолға алғанымыз жөн.
Сыртқы көш-қонның көмегінсіз өсім баяу болады. Демографияны дамытатын
реформалар керек.
Алаш:
Руслан:
Бегім:
Дария:
Дана:
Ануар Болатбек:
Олжас Әбіл:
тіл нормаларын игеру, көп оқып, ұзақ ізденуді
қажет ететіндігін, бұның оңай жұмыс емес екендігін,
әйтпегенде, диалек тілік ерекшеліктерді ажыра-
ту барысында қателіктерге ұрынатындығымызды
ескертеді.
Бүгінгі таңда ұлт тілдері арасында аз болсын, көп
болсын диалектілік ерекше ліктері байқалмайтын тілді
кездестіру қиын. Бірақ бұл ерекшеліктердің жалпы ұлт
тілінің тұтастығына тигізер әсері онша емес. Осыған
диалектологияда тілдің диалектілік мүшеленуінің
әртүрлі дәрежелерін бейнелейтін ұғымдар бар. Олар:
говорлар, говорлар тобы, үстеулер. Тілдік диалектілік
мүшеленудің әртүрлі дәрежелерін дәйекті, дәлелді си-
паттауда диалектілік құрылыстың таралу шекарасын
лингвистикалық картада көрсететін сызық – изоглос-
са деп аталса, говорлар, говорлар тобы, үстеулердің
әрқайсысы өзіне тән фонетикалық, грамматикалық,
лексикалық ерекшеліктердің изоглоссалардың
жиынтығы негізінде ажыратылады. Міне, осы
мәселені ғалым одан әрі тереңдете түседі. Маңызды
айырмашылық олардың тіл құрылысының қандай
мәселелерін қамтитындығында, әрқайсысын си-
паттайтын тілдік құбылыстардың соншалықты
күрделілігінде екендігіне тоқталады.
«Мәселен, дейді зерттеуші – говорлар әдетте
территория жағынан ғана емес, қамтитын тілдік
құбылыстар жағынан да ұсақ болып келеді. Бір говор-
да байқалған көптеген ерекшеліктердің тағы басқа
әлденеше говорларда, тіпті кейде бір-бірінен алыс
жатқан говорларда қайталанып келе беруі табиғи
жай десек болады. Біраз ерекшеліктердің жалпылама
құбылыс болмай, санамалы сөздер көлемінде кездесуі
сол сияқты барлық тұрғындар үшін міндетті болмай,
талғамалы, таңдамалы түрде жұмсалуы жөнінде де
Жалпы профессор Х.Мұханбет-Кәрім диалекто-
логия саласын дамытушы, оны дербес, іргелі ғылым
ретінде көпшілікке танытушы алғашқы ғалымдар
қатарында. С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев,
М.Балақаев секілді аға буындар еңбегінде диалектоло-
гия мәселесі көтерілгенменен 1950-60 жылдарға дейін
жоғары оқу орындарына пән ретінде енгізілмеген
болатын. Ұстаз ғалым Х.Мұханбет-Кәрім осы
олқылықтың орнын толтырып, 1961-1962 жылғы оқу
жылында «Қазақ диалектологиясын», 1968-1969 оқу
жылдарында «Қазақ әдеби тілінің тарихы» пәндерін
жеке курс ретінде бүгінгі әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің филология факультетінің оқу
бағдарламасына енгізді. Содан бері филолог мамандар
осы дербес сала бойын ша дәріс алып келеді.
Тағы бір айта кетер жай, ұстаз, ғалым диалекто ло-
гия саласын зерттеген кезде тек ғылыми еңбектерге
ғана сүйеніп қоймай, тәжірибелік қорытындыларға
да «арқа тіреген». Өзі шәкірттерімен бірге жыл сайын
облыстарға, аудандарға, әсіресе қазақтардың көп
шоғырланған алыс ауылды мекендеріне экспедициялар
ұйымдастырып, жаздың аптап ыстығына қарамай
үлкендердің айқан сөздерін, кейінгі буынның дәл
сол айтылған сөзді сөйлеу кезінде басқа дыбыстық
өзгеріске ұшыратып айтатындығын қағазға түсіріп,
жинап, қаттап отырған. Міне, нағыз ғалым осылай
болса керек. Зерттеу объектісінің тек теориялық қана
емес, практикалық жағынан да ғылыми тиянақталуы
шын мәніндегі жетістіктерге қол жеткізері сөзсіз.
Ауызекі тіліміздегі бір дыбыстың орнына басқа
дыбыстың қолданылуы, мәселен, «с»-ның орнына
«ш»- ның қолданылуы өзге тілдерден сөз қабылдауға
байланысты екендігі күмән келтірмейді, бірақ оның
басты себебі онда емес. Көрші тілде де осылай еді
хат жолдарынан
Байқау
нымен қатар «Чехияның топонимиялық
атласы», әртүрлі масштабтағы басқа да
атластар құрастырылды.
Екеуінің арасындағы тығыз бай-
ланыс тиісінше ғылымның екі бағы-
тын қалыптастырды. Оның бірі –
«картография лық топонимика» деп аталса,
екіншісі – «топонимикалық картография»
деп аталады. Біріншісі картографияға
қызмет ететін топонимиканың бір бөлімі
деп танылады. Атап айтқанда, далалық
топографиялық жұмыстар кезінде атаудың
дұрыс түсірілуін, атаудың алғашқы тұлғасы
мен оны берген тілдің анықталуын, атаудың
бір тілден екінші тілге аударылуын, жер-су
атауларының орфографиясын, карта мен
атластардың топонимикалық мазмұнын
бағалау т.б. мәселелерді қарайды. Осының
бәрі картографиялық міндеттер аясына
кіргенімен, топонимиканың көмегінсіз
жүзеге аспайды. Екеуінің біреуіне
басымдық беру - мәселені біржақты ше-
шуге әкеліп соғады.
Қазақ топонимдік бірліктерінде
қоршаған ортаның физикалық-геогра-
фия лық қасиетін анықтайтын ланд-
шафт ерекшелігіне, шаруашылығына,
экологияға қатысты топонимдер әрбір об-
лыс бойынша зерттелуі керек деп білеміз.
Қазіргі кезде Қазақстанның топоним-
дер жүйесі әрбір өңірлер бойынша толық
зерттеліп болды деуге болмайды. Ендігі
кезекте жиналған атаулар қорын талдап,
«Қазақстанның топонимикалық атласын»
құрастыру, екіншіден, нәтижеге жету үшін
міндетті түрде геоақпараттық картогра-
фиялау әдісіне сүйенуге тура келеді. Сөз
соңында айтарымыз, топонимикалық
карталар өз кезегінде көп ізденісті және
ғылыми зерттеулерді қажет етеді.
АСТАНА
Бәрекелді!
Биыл елімізде әлем оқырман дарына
жақсы таныс «National Geographic
Қазақстан» журналы қазақ тілінде де
жарық көрді.
Айта кетейік, «National Geographic»
әлемнің ең танымал баспа өнімі са-
налады. Мамандар әлем бойынша
700 миллион аудиториясы бар бұл ба-
сылым елімізді төрткүл дүниеге та-
нытып қана қоймай, туристердің
қызығушылығының арта түсуіне
септігін тигізетінін айтуда. Басылымның
б а с т ы м а қ с а т ы ж а з у ш ы л а р д ы ң ,
ғалымдардың жұмыстарын жариялау
арқылы қоршаған ортаны тану және
оны қорғау болып табылады. Еліміздің
сұлу табиғатын, тарихи орындарын,
көрікті жерлерін, өсімдіктер дүниесі мен
жануарлар әлемін бүкіл әлемге таныс-
тыру. Қазақстанның имиджін арттыру.
Сол арқылы таяу уақыттарда елімізге
келгісі келетін туристер санының ар-
туына үлес қосу. Қазақстан даласының
әдемілігі мен өсімдіктер, жан-жануарлар
дүниесінің алуандығын насихаттау.
Мақалалары шынайы, әрі түбегейлі
ғылыми зерттеулерге негізделген.
Ш.БАҚЫТЖАН
Жауапкершілікпен қарасақ
«Тілдарын – 2016»
Тіл байлығын игеру – ана тілін қадір-
лейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол со-
затын адамның әрекеті. Ана тілін жақсы
білу — әркімнің азаматтық борышы,
қоғамда атқаратын қызметінің тірегі.
Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып,
егемендік алуы тілі мен психологиясы-
на оның өз мәнінде дамуына мүмкіндік
берді. Бүгінгі күні мемлекеттік тілді қоғам
өмірінің барлық саласына тереңдете енгізу
мәселесі үлкен маңызға ие болып отыр.
Соңғы кезде мемлекеттік тілдің өрісін
кеңейтуге, оның өркен жайып дамуына
ықпал ететін қадамдар жасалуда.
«Тіл туралы» Заңның қабылданғаны,
оның баптарының жүзеге асырылуының
бағдарламаларының жасақталғаны көпке
мәлім. Аталған әрекеттердің бастауы мек-
тептерде қазақ тілін оқып үйретуді дұрыс
жолға қою болып табылатыны сөзсіз. Сол
себепті бұл мәселеге жауапкершілікпен
қарауымыз қажет.
Қ а з а қ х а л қ ы н ы ң қ а һ а р м а н ұ л ы
Бауыржан Момышұлы өз заманында: «Тіл
байлығы – елдің елдігін, жұртшылығын,
ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мә-
дениетін, қоғамдық құрылысын, салт-
санасының, жауынгерлік дәстүрінің,
мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін
сөзсіз дәлелі, мөлшері» деп тайға таңба
басқандай анық та айқын көрсетіп берген
болатын. Бұрынғы даналардан қалған
«Қанша тілді білсең, сонша мәдениеттісің,
сонша байсың» деген де сөз бар. Әрине,
құптарлық ой, бірақ өзге тілді білемін деп
жүргенде өз тілімізден қол үзіп кетпейік!
Тілдерді дамыту – елдердің мемлекеттік
саясаттың аса маңызды бағыттарының
бірі. Жалпы мемлекеттік тіл саясатын
толыққанды жүзеге асыру бұл бұқаралық
іске айналғанда ғана көздеген мақсатына
жете алады.
Ж.СӘРСЕНОВА
Астана қаласының Тілдерді дамыту
басқармасы Тілдерді дамыту мен
қолданудың 2016 жылға арналған
іс-шаралар жоспарын орындау,
мем лекеттік тілдің қолдану аясын
кеңейту және дамыту мақсатында
«Тілдарын – 2016» қалалық олим-
пиадасын өткізеді.
Олимпиаданың өткізілу мақ-
саты– үш тілді – қазақ, орыс және
ағыл шын тілдерін жетік меңгерген
қабілетті жастарды анықтау және
қ о л д а у , т і л д і к қ а р ы м - қ а т ы н а с
мәдениетін қалыптастырып, көп
тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу,
қазақстандық патриотизмді нығайту,
өзге халықтардың мәдениеті мен тілін
құрметтеу болып табылады.
Сайысқа 18 бен 22 жас аралығын-
дағы кез келген Қазақстан азаматы
қатыса алады.
Олимпиадаға қатысушыларға мына-
дай тапсырмалар беріледі:
1. Берілген тақырыпқа сай «тұсау-
кесер» (презентация) өткізу.
2. Берілген тақырып бойынша эссе
жазу.
3. Мәтінге ілеспе аударма жасау.
4. Сұрақтарға жауап беру.
5. Баяндама жасау.
Бас жүлде иегері республикалық
кезеңге жолдама алады. Байқауға
қа тысу шылардың білім деңгейін
анықтау мақсатында арнайы комиссия
құрылады.
Қорытынды шығару кезінде: тілдерді
меңгеру деңгейі; жазу сауаттылығы
мен дұрыс дыбысталуы; жауаптың
оралымдылығы мен сапасы; жауаптың
мазмұндылығы мен ерекшелігі; өзін-өзі
ұстауы, берілген уақытын дұрыс пайда-
лануы ескеріледі.
Қалалық байқауға қатысуға өтініш-
тер 15 сәуірге дейін қабыл данады.
6
№14 (1324)
7 – 13 сәуір
2016 жыл
АНА ТІЛІ
АНА ТІЛІ
7
№14 (1324)
7 – 13 сәуір
2016 жыл
тұлға
алық жазушысы Қабдеш
Жұмаділовпен тағдырлас
қазақтың белгілі ақыны,
сазгер, сатирик Қажытай
ілиясұлы «Қабдеш
хақында» деген эссесінде
былай деп жазыпты:
«Қабдештің қоңыр торы
жүзіне көмірдей қара
бұйра шашты да, ұялы көз
бен қалың қасты да, қыр
мұрынға үйлесетін ауыз
бен иекті де мейірімі түскен
бір сұңғыла суретші әдейі
қолдан қондырғандай
еді. Үстінде ең қымбат
матадан еуропа үлгісінде
тігілген қызыл шегір кос-
тюм-шалбары, түймесі
сырмалы қан күрең жібек
жейдесі, аяғына киетін
шех туфлиі алды-арты-
нан ғана емес, қырынан
қарағанда да бауыры-
нан жараған бестідей өте
сұлу көрсететін. әсемдікті
тануға келгенде садағаң
кетейін әйелдер алдына
жан салмайды ғой. екі
жағында батырхан екеуміз
Қабдешті ортаға алып,
қарсы келе жатқанда,
мейлі қазақ, мейлі ұйғыр,
мейлі қытай қыздары бол-
са да, тәкәппарлығынан
лезде айрылып,
қыбылжып кететін. райы
лезде жылып, біріне-бірі
әлденені айтқыштап,
тұсынан өткенше, кемінде
үш бұрылып қараушы еді.
тіпті телміріп, көз ұшына
дейін ұзатып салушы
еді». бүгінгі күні 80-нің
сеңгіріне шыққан жазу-
шы ағамыз м.әуезовті
көз алдыға әкелетін тар-
тымды тұлғасымен ғана
емес, 20 томдық мол
қазынасымен де халықтың
сүйіспеншілігіне бөленіп
отыр.
Әуелі өзім жайында бірер сөз
айтайын. Сіз Ақтөбе облысына әкім
болып келгенде ерекше қуанғандар-
дың бірімін. Неге? Себебі, Сіз, басқа
табыстарыңызды былай қойған-
да, Шығыс Қазақстан облысының
спортын едәуір биікке көтердіңіз:
Лондон Олимпиадасының чемпионы
Рыпакова Сіздің түлегіңіз; Шығыс
Қазақстанның қысқы спорты Сіздің
тұсыңызда мықтап өрледі; Облыс
әкімі атындағы турнир Сіздің кезіңізде
басталып, кейін халықаралық деңгейге
көтерілді; Қазақстан хоккейінің туын
тұңғыш көкке көтерген Өскеменнің
«Торпедосы» ел көлемінде мақтаулы
ұжымға айналды; «Қазақ барысы»
атанған атақты палуандардың алғы легі
Сіз дің кезіңізде Шығыс Қазақстаннан да
шыға бастады. Айта берсе, бұдан басқа
да спорттық табыс көп. Міне, енді Сіз
бен бізді қауыштырып отырған спорт
екенін сезген боларсыз.
Сіз Ақтөбеге келе сала, өзге күрделі
шаруа көп болып жатса да, спортқа,
оның ішінде футболға жанашырлық
білдірдіңіз. Риза болып қалдық. Бір-
неше жылдан бері шырмауықтай
шырмалған «жемқорлар ұясын» тас-
талқан еткеніңізді ерлікке балар едік.
Кадр мәселесіндегі кір-қоқысты да біраз
тазарттыңыз. Қолдаймыз. Қолға алған
осындай халықтық, ұлттық ісіңіз алда да
баянды бола бергей.
Құрметті Беке! Байқаған шығарсыз,
мен спорт насихатына бір табан жақын
жүрген адаммын. 1950 жылы Ақтөбенің
теміржол училищесінде оқып жүргенде
тұңғыш рет бокс қолғабын қолға кигем.
Содан бері өзімді спорт жайлауын да
жүргендей сезінемін. Шаршы алаңда
жекелей табысым болмаса да осы сала-
ны насихаттауда біраз істің шалғайын
қайырғандаймын... Бүгінге дейінгі өмір
жолымда Қарабұтақ орта мектебін үздік
бітіргенімді; сонда оқып жүріп ин-
тернатта, пионер лагерінде физрук
болғанымды; КазГУ-дің фил фагінде
маған дейінгі озат студент тер Абай
атындағы стипендияны 3-курстан бастап
2-3 жыл ғана алып келсе, мен оқуға түскен
бойдан бітіргенге дейін, яғни қатарынан
5 жыл бойы алғанымды; бұл жағынан
тек Ақтөбе облысы бойынша емес, рес-
публика бойынша да бірегей студент
болғанымды; спорт туралы тарихи-
танымдық, ғылыми-зерттеулік мәні бар
материалдарымның (200-ге жуық) Қазақ
Совет Энциклопедиясының (КСЭ-нің)
барлық 12 томына үзбей енгенін (бұл
жағынан да журналшылар арасында
бірегей болғанымды); республиканың
теле-радиосында спорт репортаждар-
дын қиямет шақта қазақ тілінде тұңғыш
рет жүргізгенімді; спорттың кейбір
терминдері мен тілдік оралымдарын
айналымға енгізіп, қалыптастыруға
едәуір үлес қосқанымды; заңғар жазушы
Мұхтар Әуезовтың футбол ойнағанын
анықтап, осы жайтқа қатысты суретті
Нағ метуллин деген башқұрт шалынан
алып, 1967 жылы атақты тіл ғалымы,
«Қайрат» командасының коллекционері
Ш.Сарыбаевпен бірге тұңғыш рет
кітапқа жариялап, суретті М. Әуезов
мұражайына тапсырғанымды (сол
көрініс кейін әлемді шарлап кетті)
және т.б. осындай табыстарым үшін
С.Бердіқұл атындағы сыйлықтың ла-
у р е а т ы б о л ғ а н ы м д ы ; Қ а з а қ с т а н
спортының құрметті қайраткері ата-
нып, Қазақстан футболының 100
жыл дық медалімен марапатталып;
Е.Сағын дықов кезінде Ақтөбе облысы
әкімдігінің «темір тұлпар» мінгізгенін;
екі әнімнің республикалық конкурста
бәйгеге іліккенін соншалық мақтан
етем. Осылардың бәрі соғыс жылда-
рында әкесіз-шешесіз қалған, аға-жеңге
қолында, интернатта тәрбиеленген
жетімекке өздігінен келген жоқ, әрине.
Бұл – менің еңбегім, соның нақты
көрінісі!
Кезінде Ақтөбе облысы партия
комитетінің бірінші хатшысы болған,
қазақшаға жүйрік А.Ливенцовпен де,
футбол жанкүйері Х.Бектұрғановпен
де, Ақтөбе облысының әкімі, бокстан
КСРО спорт шебері Е.Сағындықовпен
де спорт жақындастырып еді. Бұл – ұзақ
әңгіме. Байқайсыз ба, бізді де спорт
қауыштырып отыр. Иә, «спортты –
достықтың елшісі» деп бекер айтпайды
жұрт.
Сонымен, «Бұл кісінің айтпағы
не?» дейсіз ғой. Мен Әйтеке би ау-
данын көп ойлаймын. Оның барын
барлап, жоғын жоқтап біраз дүние
жаздым, он шақты ән шығардым. Мені
мазалайтын бір нәрсе бар. Ол спортқа
қатысты. Айтайын дегенім, аудан
орталығында құрылысы бірте-бірте са-
тылап жүргізілетін (бірер жылда бітіруге
қаржы жетпейтін шығар дегенім
ғой), сәнді де сәулетті спорт кешенін
салу керек сияқты. Әйтеке би – об-
лыс орталығынан тым шалғай жатқан
қазақи аудандардың бірі. Қазақтың
тұңғыш спорт комментаторы осы өңір-
ден шықты. Ақылдасып отырғаным
ғой. Сізде билік бар. Мен тек ұсыныс
жасап, ой салушымын.
Бұл жөнінде Сізге дейінгі басшы-
ларға да пікір білдіргем. Олар қолға
алған болып, сметасын жасатып (ау-
дан мәслихатының хатшысы Ақансері
Ермағанбетовтың айтуынша), құры-
лыстың сызба-нұсқасын ыңғайлап, тіпті
жер бөлдіруге әрекет еткен сияқты еді.
Бірақ әртүрлі себеппен құрылыс әрі
қарай жылжымады.
Қ ұ р м е т т і Б е к е ! Х а л ы қ т ы қ ,
ұлттық маңызы бар осы шаруа Сіздің
назарыңызда болсыншы! Ана мұнай-
газдың буына шылқып жүрген компа-
нияларды тартыңызшы! Бізден кейінгі
ұрпақ «Бұл спорт кешенін Бердібек
Сапарбаев салдырған!» деп айтып
жүретіндей істі қолға алыңызшы! Бұл
шаруаның түйінін ойластырар, әйтеуір,
бір ретін табар деп үміттенем.
Екінші. Бұл да спортқа қатысты.
Мен күнделікті күйбеңмен шекте-
летін өзге комментаторларға ұқсамай-
мын. Алпыс жыл бойы жинаған дарым
көп. Жазғандарым өз алдына. Ал «Мы-
нау тұңғыш спорт комментаторы тұ-
тынған заттар» деп көрсететін сый-
сияпаттық, кәделік дүниелер жетіп
артылады. Спортқа қатысты 2000-дай
кітап, 1000-ға жуық төсбелгі (значок),
музыкалық аппарат, домбыра, шағын
мәшеңке, формалық киім, т.б. қара
есепке шаққанда 2-3 миллион теңгенің
бұйымы. «Алмақтың да бермегі бар,
Бермектің де салмағы бар» дегендей,
60 жыл бойы жинаған сол заттарым-
ды Ақтөбе облысына ақысыз-пұлсыз
сыйға тартам! Бұл жөнінде облыстық
мәдениет, спорт бсқармасына тапсыр-
ма беруіңізді қалаймын.
«Бар айтарым – осы» деп, жаз-
ғандарыма нүкте қойсам, менің ауы-
лым, «Ақкөлім» қатты ренжір еді.
Қанша дегенмен, «Қолда өскен түйенің
тайлақ аты қалмайды» ғой. Ол мекенде
менің әкем колхоз құрған. Ол мекенде
мені адам етіп қалыптастырған ата-
бабаның, әжелерімнің мүрдесі жатыр.
Солардың рухы үнемі сыбырлайды,
ауылдың қазіргі тұрғындары мен арқылы
Сіздей басшыға, құрметті Беке, өз талап-
тілегін білдіргісі келеді. Оны айтпай кет-
сем, маған күнә, ауыр жүк. Ол – жолға
қатысты шаруа.
Қарабұтақ пен Ақкөл арасына
Кеңес кезінде 30 шақырым грейдер
жол төселген Екі жағы – орман-тоғай.
Бірақ сол жол ойдым-шойдым. Соны
көлік жүретіндей етіп қалыпқа келтірсе
қайтер еді. Сонда Ақкөл мекені Ақтөбе-
Атырау даңғыл жолына қосылып, мың
адамдық тұрғынның көп жылғы арманы
орындалар еді.
Осы екі шаруаны – Әйтеке би
ауданының орталығында кешенді спорт
мектебін салу мен Ақкөл жолын қалыпқа
келтіру мәселесін шалғайда жүрген
ауыл ардагері, Әйтеке би ауданының
Құрметті азаматы жүктеген аманаты деп
қабылдаңыз.
Құрметті Беке! Жоғарыда жаз ған
екі ұсыныс-пікірге қатысты өз тұжы-
рымыңызды қарауыңыздағы нөкер-
леріңіздің бірі қалың қазақ сүйіп оқитын
осы газетке жазбаша білдірсе деймін.
Сізге зор денсаулық, қызметте та-
быс, ел ішінде бедел тілеуші ардагер
журналист
Достарыңызбен бөлісу: |