белгілі жазушы Ұзақбай доспанбетов
биыл 75 жасқа толды.
алматы облысының ескелді ауданына қарасты Қаратал ауылында
дүниеге келген қаламгер бірқатар аудандық, республикалық басылымдарда
қызмет істеді.
әдебиетпен 1962 жылдан бері айналысып келеді. ол «ел есінде», «шың мен
шыңырау», «Жылусыз от», «абылайдың ақ туы» романдарының, «Қызыл
жолбарыс» роман-дилогиясының, көптеген повестер мен әңгімелердің авторы.
біз қаламгерді ғұмырының бір белесімен құттықтай отырып, жаңа
әңгімесін оқырман назарына ұсынып отырмыз.
шыларымыз, қазақтың қасиетті саны
7 бірдей алтын олжалағаны белгілі.
Бұл олимпиадада жолы болып кеткен
сайыпқырандарымыздың да саны көп
болды. Атап айтқанда, алдымен вело-
шабандоз Александр Винокуров, бұдан
кейін зілтеміршілеріміз Майя Манеза
мен Светлана Подобедова, жеңілатлет
Ольга Рыпакованың бағы жанғанын
көрдік.
Он алты күнге созылатын биылғы
доданың да қызығы мен шыжығы толы
болатыны анық. Қазір Олимпиадаға
берілер жолдама үшін жарыстар толық
аяқталған жоқ. Дегенмен, кейбір спорт
түрлерінде дүбірлі додаға үйлестірілетін
лицензиялық турнирлер өз мәресіне
жетті. Алдымен зілтеміршілеріміз
толық 10 жолдамаға ие болды. АҚШ-
тың Хьюстон қаласында өткен ер-
лер 82-ші, ал әйелдердің 25-ші әлем
біріншілігінің қорытындысынан кейін
зілтеміршілеріміз барлық жолдамаға ие.
Атап айтқанда 10 жолдамаға
ие болған спортшылардың алта-
уы ер, төртеуі әйел. Ендігі уақытта
зілтеміршілеріміз жолдама мәселесіне
алаңдамай, тек жаттығуға кірісіп, Олим-
пиада ойындарында жеңіс тұғырынан
көрінуге күш салатын болады. Ал
нақтылы Риоға кімдердің баратынын
алдағы уақытта бапкерлер құрамы
анықтайды. Лондон олимпиадасында
ауыр атлетикадан 4 саңлағымыз жеңіс
тұғырына көтерілді. Арада өткен 4 жыл
ішінде осы төртеуі де санаттан шығып
қалған жоқ. Бұлардың ішінен Зүлфия
Чиншанло мен Илья Ильинді Рио-
де-Жанейро олимпиадасында алтын
алатын басты үміткерлер дей аламыз.
Зүлфия мен Илья бұдан екі жыл бұрын
Алматыда өткен әлем біріншілігінде
топ жарды. И.Ильин Ресейдің Грозный
қаласында өткен біріншілікте әлем ре-
кордын тағы жаңартты. Ал 4 жыл ішінде
тұрмысқа шығып қана қоймай, жұбы
В.Седовпен жолын бөлектеп үлгерген
Светлана Подобедованың бабы жай-
лы түйінді әңгіме айту әлі қиындау.
Ол 2015 жылы Хьюстонда өткен әлем
біріншілігінде төртінші орын алды.
Қоссайыс қорытындысында чемпи-
Былғары қолғап шеберлеріміздің
де жетістігі қуантады. Қазақстанның
бокстан ерлер құрамасы толығымен
екінші мәрте Олимпиада жолдамасына
қол жеткізді. Дүбірлі додаға 10 спортшы
бақ сынамақ. Олимпиада тарихына көз
жүгіртсек, 1996 жылы Атлантада – 8,
2000 жылы Сиднейде – 7, 2004 жылы
Афинада – 8, 2008 жылы Бейжіңде – 10,
2012 жылы Лондон Олимпиадасына – 9
ер боксшымыз қатысты.
Таяуда Қытайда өткен бокстан Азия
және Мұхит аймағы елдері бойын-
ша Олимпиада ойындарына жол-
дама берілетін турнирде Қазақстан
Олимпиадаға жеті жолдама ұтып
алды. Оның бірін қызымыз – Дариға
Шәкімова (75 келі) иеленді, қалған ал-
тауы ерлерге тиесілі – Олжас Сәттібаев
(52 келі), Қайрат Ералиев (56 келі),
Абылайхан Жүсіпов (64 келі), Жәнібек
Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязым-
бетов (81 келі), Иван Дычко (91 келіден
жоғары). Бұған дейін былғары қолғап
шеберлеріміз 4 жолдама ұтып алған еді.
Ұлттық құраманың бас капитаны Да-
нияр Елеусінов (69 келі) Дохада өткен
әлем біріншілігінде жолдама жеңіп
алса, Василий Левит (90 келі) – WSB
жобасында, Біржан Жақыпов (49 келі)
пен Берік Әбдірахмановтар (60 келі) –
AIBA Pro-Boxing жобасында жолдамаға
ие болды. Осылайша, Қазақстанның
ерлерден жасақталған 10 боксшысы
мен Риоға аттанатын командасы толық
жасақталды.
Қалған 52 және 60 келіге дейінгі
салмақ дәрежелеріндегі қыздардың
жолдамасы бойынша әлі де мүмкіндік
бар. Көктем мезгілінің аяғында Аста-
нада бокстан әлем біріншілігі өтеді. Бұл
чемпионатта әр салмақ дәрежесінде 4
жолдамадан сарапқа салынады.
Жүгіру, жүру, секіру, лақтыру сынды
қарапайым әрі күрделі, бүкіл спорттың
падишасы атанған желден жүйрік
жеңілатлеттеріміз де біраз жолдаманы
еншіледі. Жолдамаға иелік етіп
Олимпиада ойындарына баратын жеңіл
атлеттеріміз мыналар: Ольга Рыпакова,
Сөз жоқ олимпиада ойындары
әрдайым тартысқа толы болатыны
белгілі. Кез келген байрақты додада
бағы мен бабы келіскен сайыпқырандар
үздік көрсеткішке қол жеткізіп жатады.
Алайда спорттың өзі де өмір сияқты
күтпеген оқиғаға толы болып келеді.
Мәселен, 1996 жылы бессайысшы
Александр Парыгин, 2000 жылы желаяқ
Ольга Шишигина, 2004 жылы боксшы
Бақтияр Артаев, 2008 жылы боксшы
Бақыт Сәрсекбаев күтпеген жерден
айды аспанға шығарғаны көз алдымыз-
да. Ал 2012 жылғы Лондонда өткен ХХХ
Жазғы олимпиада ойындарында спорт-
12
№14 (1324)
7 – 13 сәуір
2016 жыл
АНА ТІЛІ
құрылтайшы және шығарушы:
«ҚазаҚ ГазеттерI»
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi
Бас директор –
редакторлар кеңесiнiң төрағасы
Жұмабек кенЖалИн
қабылдау бөлмесi 394-42-90
жарнама бөлiмi 394-41-27
kaz_gazeta@mail.ru
www.kazgazeta.kz
Бас редактор
самат ИбраИм
Бас редактордың
бiрiншi орынбасары
нұрперзент домбаЙ
Бас редактордың
орынбасары
дәуіржан тӨлебаеВ
бөлiм редакторлары:
ақбота исләмБек – тіл мәселелері және мәдениет
Бағдагүл БалаУБаеВа – Білім және ғылым
Нұрлан құмар – әлеумет және ақпарат
Фототiлшi
азамат құсаЙыНОВ
беттеуші
Нұржан асаНОВ
корректор
динара масакОВа
Хатшы-референт
лунара атамқұлОВа
апталық қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң
ақпарат және мұрағат комитетiнде қайта тiркеуден өтiп, 2006 жылғы 4 маусымда
№7345-Г куәлiгi берiлдi.
Газет аптасына бір рет шығады.
«ана тiлi» газетiнде жарияланған материалдардың авторлық құқы «қазақ
газеттерi» ЖШс-ға тиесiлi, жарнаманың мәтiнi мен тiлiне редакция жауапты емес.
«ана тiлiнде» жарияланған материалдарды көшiрiп немесе өңдеп басу үшiн
редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сiлтеме жасалуы мiндеттi.
Жарияланған мақала авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi.
Газет авторларынан мақалалардың 3 беттен (14 кегль) аспауын, электрондық
нұсқасымен қоса әкелуiн сұраймыз. редакция оқырман хаттарына жауап
бермейді, қолжазба кері қайтарылмайды.
Газеттiң терiлуi мен бет қатталуы «қазақ газеттерi» ЖШс-ның компьютерлiк
орталығында жасалды. индекс 65367. Офсеттiк басылым.
Газет: алматы қаласы, мұқанов көшесі, 223 «в».
«алматы-Болашақ» ақ, тел: 378-42-00 (бухг.), 378-36-76 (факс);
ақтөбе қаласы, т.рысқұлов көшесі, 190, «а-полиграфия» баспаханаларында басылып шықты
тапсырыс № 522/550
«Қазақ газеттерi» Жшс-ның
аймақтардағы өкiлдiктерi:
толымбек әБдіраЙым 8 701 345 7938 (астана)
Жанғабыл қаБақБаеВ 8 771 769 6322 (ақтөбе обл.)
Батырбек мырзаБекОВ 8 (7102) 90-19-73 (қарағанды обл.)
Бектұр төлеУғалиеВ 8 (7292) 40-41-01 (маңғыстау обл.)
«Қазақ газеттері» Жшс-і сайтының веб-редакторы –
сұлтан таЙғариН
меншікті тілшілер:
өтеген НәУкиеВ (атырау) 8 701 518 46 81
Орал ШәріпБаеВ (семей) 8 705 661 14 33
Оразалы ЖақсаНОВ (қостанай) 8 777 230 71 84
Жарқын өтеШОВа (мәскеу) Zharkyn-1@yandex.ru
Қоғамдық негіздегі кеңесшілер:
ғарифолла әНес – филология ғылымының докторы
Шерубай құрмаНБаЙұлы – филология ғылымының докторы, профессор
аягүл миразОВа – педагог-ұстаз, қазақстанның еңбек ері
талас ОмарБекОВ – тарих ғылымының докторы, профессор
материалдың жариялану
ақысы төленген
кезекшi редактор
Ақбота ИслӘМБеК
Таралымы 20020
РедАКцИя ТелефОНдАРЫ:
394-42-46 (қаб.бөлмесi/факс),
394-41-30
E-mail: anatili_gazetі@mail.ru
МеКеНЖАйЫМЫз:
050009, алматы қаласы,
абай даңғылы, 143, 6-қабат
а
өнер өлкесінде
Садықтың
Қазір қазақтың ән өнері өзінің
бағыты жағынан, стилдік-
құрылымдық жағынан көптеген
өзгерістерге ұшырап жатқаны мәлім.
бұл орайда бүгінгі және келешек-
те жазылатын әндердің мағынасы,
олардың ұлттық бояуға қанық болуы,
ұлттың тек-тамырынан ажырамауы
сазгерлердің, композиторлардың
қолында десек, шындықтан алыстай
қоймаспыз.
егер композитор туған халқының
болмысына терең бойлап, ғасырлар
қойнауынан келе жатқан ән-
күйлердің құдіретін бар табиғатымен
бойына сіңіре білген болса, ол өз
шығармашылығында қазақ әнінің
дара табиғатын сақтауға күш сала-
тыны анық. заманның талабы осы
екен деп, музыкадағы жеңіл-желпі
ағымдарға да ешуақытта бой ал-
дырмайды. Халықтың көңілінен,
жүрегінен орын алатын ән шығарып,
оны елінің рухани қазынасына айнал-
дыру жолында тер төгіп еңбек етеді.
Мұра
БіліМ
А т а л ғ а н с а й ы с д ә с т ү р л і т ү р д е
жыл сайын өткізіледі. «ҚазХром»
трансұлттық компаниясы ұйымдастырып
келеді. Биылғы фестиваль Қазақстан
Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.
Шараға қатысқан жас жеткіншектер өз
өнерлерін ортаға салып, жеңіске деген
ынта-жігерлерін байқатты. «Жүзден
жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші, ақтық
сынға тек үздік өнер көрсеткендер ғана
жолдама алды. Ал сол ұжымдардың
ішінен «Талапкер» ансамблі топ жар-
ды. Ұжым мүшелері бұған дейін Пав-
лодар қаласында өткен Халықаралық
«Ветер перемен» сайысында Гран-при
Фильмде қарапайым отбасылардың
өмірі бейнеленген. Оқиға желісі Оң-
түстік Қазақстан облысындағы Леңгір
қаласында өрбиді. Түсіру тобының ай-
туы бойынша, бұл аймақтың таңдалып
алынуы жайдан-жай емес екен. Өйткені
Леңгір аймағында жаңғақ ағаштары
көптеп өседі. «Мен бала кезімде бір
адамның жаңғақ ағашын таяқпен
ұрғылап жатқанының куәсі болдым.
Сөйтсем, ол жаңғақтарды түсіріп жа-
тыр екен. Бұл көрініс санамда жатта-
лып қалды. Кейін ол фильмнің негізгі
арқауына айналды» дейді режиссер Ерлан
Нұрмұхамбетов. Осын дай фильм түсіру
туралы идеяны режис сер бұдан 10 жыл
бұрын ойластырған екен.
Кейіпкерім Садық Құнанбаевты сон-
дай сазгерлердің қатарына жатқызар едім.
Бірден айтайын, ол бүгінгі жастардың
талғамына сай келетін «хит-әндердің»
авторы емес. Хит әндерді өмірге әкелуге
қабілет-дарыны жетпейді емес, жетеді,
бірақ ондай ән жазуға бойындағы
халықтық сипаттағы әнге деген адалдығы
жібермейді.
Байқағаным, Садық Құнанбаевтың
әндерінде ұлттық әуенмен өрнектелген
салмақты мазмұн бар. Ол әуендер
тыңдарманын алыстарға жетелейді. Туған
жерге деген сағынышын оятады. Алтын
бесік ауылды аңсатады. Жусанның иісін
сездіреді. Сиқырлы сазымен Отанға
құрметті, елге деген перзентттік парызды
қалтқысыз суреттейді. Содан болса керек,
әндерінің мазмұнды шығуына ерекше
ден қоятыны байқалады. Сол үшін де
жасандылыққа жаны қас.
Ол 1944 жылы Жамбыл облысы
Мойынқұм ауданы Талдыөзек ауы-
лында дүниеге келген. Бүгінде 200-ге
тарта әннің, 17 поэма-толғаулардың
авторы. Қазақстан Композиторлар
мен Журналистер Одағының және Ав-
торлар қоғамының мүшесі. Қазақстан
Республикасының Мәдениет қайраткері.
Мойынқұм ауданының Құрметті азама-
ты. Жастайынан ән-күйге құмар болып
өскен. Жамбыл мәдени-ағарту, Алматы
музыка училищесін және Құрманғазы
атындағы Алматы мемлекеттік консерва-
ториясын бітірген. 1978 жылы ВДНХ-ның
(Мәскеу) қола медалімен марапатталған.
«Мойынқұм жастарының вальсі», «Ана-
ма», «Жүгеріші қарындас», «Мойынқұм
таңы», «Туған жерім – Талдыөзегім»,
«Сенің бейнең», «Бетбақ дала – бай дала»
және т.б. әндері кеңінен тараған.
Өмірде «тектілік» деген ұғым бар. Ол
Ордабасы ауданындағы тарихи
өлкетану музейінде атадан балаға
мұра болып келе жатқан көне
жәдігерлер, ұлттық бұйымдар молы-
нан сақталған.
Сондай жәдігерлердің бірі ол са-
маурын дер едік. Мамандардың сөзіне
қарағанда, самаурын жасау ісі Ресейде
XVIII ғасырда жақсы дамыған екен.
Тек Тула қаласының өзінде 1850 жыл-
дары осы бағытта 28 фабрика жұмыс
істеген көрінеді. Самаурын қазақ жеріне
XІХ ғасырдан бастап қолданысқа ен-
ген. Ол әркімнің қолы жете бермейтін
дүниелердің бірі болған деуге әбден
болады.
Ата-бабаларымыз самаурынды бай-
лық тың, молшылықтың белгісі санаған.
Бір қызығы, ыдыс неғұрлым ауыр
болса, соғұрлым қымбат тұрған екен.
Өйткені темірдің қат кезі. Мысалы, XІХ
ғасырда сиыр 1 рубльге бағаланса, жез
самаурынның жәрмеңкедегі құны — 25
рубль болған. XVIII-ХІХ ғасырларда
шүмек орнатылған самаурын өндіріле
бастады. Біздің білетін қазіргі самау-
рындар өз тарихына сай кезең-кезеңімен
жетілдіріліп отырды.
Алматы қаласындағы ISMA
мектебінде 5-16 жас аралығындағы
балалар арасында ментальді ариф-
метика бойынша қалалық олимпиада
өтті. Жарысқа 650 оқушы қатысты.
Олимпиаданың негізгі мақсаты
– о қ у ш ы н ы ң и н т е л л е к т у а л д ы қ
қабілеттерін дамытуға бағытталды. Жа-
рысты ISMA мектебінің директоры
Гүлжан Бердібекова құттықтау сөзімен
ашып, оқушыларға жеңіс пен сәттілік
тіледі. Жарыс екі деңгей бойынша
ұйымдастырылды. Абакус және ментальді
арифметика тәсілі бойынша 130 есептен
10 минут берілді. Бұл тәсіл бойынша бас-
тысы есепті шығару емес, дұрыс жауап
маңызды болып табылады.
Негізінен ментальді арифметика 10
деңгейден тұрады. Әр деңгей бойынша
1-орынды 60 оқушы иеленді. 70 тәлімгер
2-орынға табан тіресе, 3-орынға да 70
өрен қол жеткізді. Сайыста алғыр балалар
диплом, алқа және т.б. сыйлықтармен
марапатталды.
Д.МАСАКОВА
жүлдесін иеленген еді. Сонымен қатар
қалалық «Айналайын» байқауында да өз
шеберліктерін дәлелдей алды.
Бір атап өтерлігі, жеткіншектер осын-
дай табыстарға небары жарты жылда ғана
қол жеткізді. Осы уақыт аралығында
Ақсу қаласының бірқатар шараларына
қатысып, кәсіби деңгейлерін шыңдай
түскен-ді.
Қ.уӘлИЕВ,
«Талапкер» фольклорлық
ансамблінің жетекшісі
Павлодар облысы
Ақсу қаласы
Естеріңізге сала кетелік, «Жаңғақ
тал» фильмі 2015 жылы қазан айында
Оң түстік Ко реяда өткен 20-шы Пусан
ха лық а ра лық кинофестивалінде «Жаңа
бағыт» секциясының бас жүлдесіне ие
болған. XXXI варшавалық халықаралық
кино фес тивальде «Еркін рух» жаңашыл
кино байқауына да қатысты. Бұдан
басқа, «Жаңғақ тал» фильмі биылғы
жылдың басында Францияның Везуль
қаласында өткен 22-ші Азия киносының
халықаралық кинофестиваліне қатысып,
Халықаралық әділқазылардың және
кино сыншылардың арнайы жүлдесіне
ие болған.
Әйгерім ЖҰМАСАҒИЕВА
алғысқа бөленген «талапкер»
«Жаңғақ тал» көрерменге жол тартты
Ордабасы музейіндегі самаурын
есептен жүйрік
шыққандар
павлодар қаласының ақсу қаласында «талапкер» фольклорлық ансамблі бар. Жуырда
осы ансамбльдің мүшелері ақтөбе қаласында өткен республикалық «айналайын –
2016» жас таланттар байқауына қатысып, бірінші орын иеленді.
алматыда режиссер ерлан нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ тал» фильмінің көрсетілімі өтті.
туындыны Қазақстан республикасы мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы
бойынша ш.айманов атындағы «Қазақфильм» түсірді.
1 9 9 9 ж ы л д ы ң 8 а қ п а н ы н д а
С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің жұмыс
істеп тұр ған мұражайларының не гі зінде
құрыл ған кешенде екі жазу шының
әдеби-дерек ті материалдары, шығар-
малары ның қолжаз балары мен күн-
деліктері, сондай-ақ әлемнің көптеген
т і л і н е а у д а р ы л ғ а н ш ы ғ а р м а л а р ы
қойылған.
Бұл екі әдеби мұражайдың бірге
болуының өзі кездейсоқ емес. Ғабит
Мүсірепов пен Сәбит Мұқанов бір
топырақтан. Қос тарланның достығы да
ерекше болған көрінеді. Сонау жиырма-
сыншы жылдары Ғабеңді Орынборға ба-
рып оқуына үгіттеген де Сәбең көрінеді.
Айтпақшы, Мұ қановтың атын «Сәбит»
деп Ғабеңнің аттас бауырының құрметіне
қойған екен. Ғабең мен Сәбең құдай
қосқан құда да болады. Мұқановтың
Арыстан деген ұлы Мүсіреповтің Ғалия
деген қызын алады. Осылайша отбасы-
мен араласады.
Екі жазушының мұражай-үйі екі
бөлмеге: әдеби және мемориалдық
бөлімдерге бөлінген. Сәбит Мұқановтың
жұмыс үстелінде қаламы мен көзәйнегі,
кітапханасы көзге ыстық көрінеді.
Ал Ғабит Мүсіреповтің мұражай-
үйі «Дүниеде адам баласының ұлы
қасиеті екеу-ақ: ой ұлылығы, сұлулық
ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы,
ойландыра алған сұлулық ұлы» деген
сөздерімен ашылады. Екі мемориалдық
бөлме бар. Бірі – жазушының жұмыс
кабинеті, екіншісі – демалатын бөлмесі.
Бөлмелерде басы артық дүние жоқ.
Жазушы қолының табы бар әр зат
қымбат, құнды. Олардың Ғабеңнің
тыныс-тіршілігінен мол мағлұмат
берері сөзсіз. Жұмыс кабинетінің екі
қабырғасын кітап шкафтары алып
тұр. Жазушы кітапханасында 2000-ға
жуық кітап бар. Ал жазу үстелінде теле-
фон, торшер, бүркіт басты градусник,
1935 жылы Евгений Брусиловский
сыйға тартқан ылғал өлшегіш құралы,
1930 жылы сатып алынған үстел шамы
және тағы да басқа дүниелер. Соны-
мен бірге жазушының кішкене биік
үстелін байқау қиын емес. Ерекше үн
беретін жазушының қоңыр домбыра-
сы 70 жылдық мерейтойында сыйға
тартылған екен. Көзге ерекше түскен
дүние деп, Ғабит Мүсіреповтің бильярд
ойнына арналған таяқшаларын айтуға
болады. Осылайша екі жазушының
үйінде болып, кітапханасын, жұмыс
бөлмелерін өз көзімізбен көріп, рухта-
рымен тілдескендей әсер алдық.
Ақбота ИСлӘМБЕК
Жәдігерлер шерткен сыр
Жуықта «Қазақ газеттері» Жшс-на қарасты басылымдардың қызметкерлері
алматыдағы сәбит мұқанов пен Ғабит мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық
мұражай кешенінде болды. олар с.мұқанов пен Ғ.мүсіреповтің жастық шақтарынан,
жазушы ретінде қалыптасу кезеңдерінен, қоғамдық-саяси қызметтерінен сыр шертетін
деректермен танысты.
Байқау
Бәрекелді!
кИнотуынды
адамның жаратылысына ғана емес, күллі
өнер атаулыға, оның ішінде ән өнеріне
де тән ұғым. Неге екенін қайдам, бүгінде
осы ән өнеріндегі тектілікті сақтап, соған
адалдық танытып жүргендердің аты
көп шыға бермейді. Есімдері де елеусіз
қала береді. Бәлкім, туған жер туралы
ән жазғаннан гөрі, «сүйдім, күйдім»
деп ән жазғандардың дәурені жүріп
тұрғандықтан шығар. Әлде тыңдарман
сұранысы солай ма, кім білген. Ондай ән
жазғандар да, сол әнді орындап жүргендер
де «хит әннің авторы», «хит әнші» деген
атақтарға ие болып жүр. Бірақ сол хит-
әндер ұлттық ән-қазынамызға қандай
үлес қосып жатқаны белгісіз. Әйтеуір,
сол туындылардың ішінде «ән» деген шын
мәніндегі киелі ұғымға терең бойлай ал-
май жүргендері қаншама. Ал сондай хит-
әндердің оншақтысы Шәмшінің бір әніне
тати ма? Мәселе сонда. Әндегі тектілікті
біз осы тұрғыдан саралап, бағалауымыз
қажет сияқты.
Бұл тұрғыдан алғанда композитор
Садық Құнанбаевтың әндерінде халықтық
саф өнерге деген адалдық һәм тазалық
бар. Кешегі Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бей-
сеуов, Әбілахат Еспаевтар салып кеткен
композиторлық жолмен жүру салты бар.
Әрине, әрбір сазгердің өз қолтаңбасының
болуы заңдылық. Бірақ барлығына ортақ
ұстаным – халықтың биік өнерін ала-
сартпау. Соған адал қызмет ету. Садық
Құнанбаев шығармашылығында осы
ізгі дәстүрді жалғастыру ниеті айқын
аңғарылады.
Бүгінде әнге деген талғам өзгергені
рас. Бір-екі әні хит атанған соң өзін
композитор санайтындар көбейді.
Ал композиторлық өнердің қанмен
берілетін қасиетінен бөлек, кәсіби білім
мен тәжірибе арқылы келетіні ескерусіз
Музейдің қорындағы сары самау-
рындар туралы кеңірек айтар болсақ,
көп кездесе бермейтін үлгімен жа-
салуында. Пішіні домалақ. Биіктігі
43 см, диаметрі 32, сыйымдылығы 7
литр, салмағы 2 кг. Қақпағында жа-
қ а л д ы . А л С а д ы қ Қ ұ н а н б а е в т ы ң
әндерінде музыкалық терең білім,
кәсіби деңгей көрініп тұрады. Әйтпесе,
оның әндерін Қазақстанның халық
артисі, белгілі әнші Нұрғали Нүсіпжанов
шырқайтын ба еді? Шығармашылығы
туралы қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл
Төлегенова, дарынды композитор
Еркеғали Рахмадиев, Қазақстанның
халық жазушысы Шерхан Мұртаза
жылы лебізін білдірген болар ма еді. Бұл
өнердегі тектілікті мойындау.
Биыл кейіпкерімнің шығармашылық
еңбек жолына 52 жыл толып отыр.
– Осыған орай жеке концертімді
өткізсем деген жоспарым бар. Бұл уақыт-
қа дейін 200-ге жуық ән жазыппын.
Нұрғали Нүсіпжанов орындаған бірқатар
әндерім «Алтын қорға» енді. Туған жер,
Отан, достық тақырыптарына арнап
жазған әндерден бөлек, Қазақстанның
10 облысына жеке-жеке арнап жазған
әндерім бар. Солардың бәрін жинақтап,
шығармашылық есеп беру кешімді
өткізсем деген ойдамын. Негізі 70 жасқа
толу мерейтойымда жеке концерт беруді
жоспарлағанмын, бірақ қаражаттың
тапшылығына байланысты өткізе алма-
дым, – дейді.
Садық Құнанбаевтың бойындағы
композиторлығынан бөлек, ақындық
өнері де бар. 2010 жылы «Менің Мойын-
құмым» атты жыр кітабы оқырманға жол
тартқан. Көптеген әндерінің сөзін де өзі
жазады. Биыл еліміз Қазақ хандығының
550 жылдығын тойлағанда айтулы шараға
арнап «Таразым менің тарихым», «Елі
үшін туған Елбасы» әндерін тарту еткен.
Ал биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына
жазған «Тәуелсіздік – ұлы күн» әні
патриоттық рух беретін туынды ретінде
жарыққа шықты.
зуы бар. Бұл самау рынды өткізген
Ордабасы ауданына қарасты Бөген
аумақ округінің тұрғыны Жарқынбек
Әжібеков ата-анасының соғыстан
кейінгі жылдары қолданғанын және
самаурынның шүмегі, бір құлағы түсіп
қалғанын айтады. Тағы бір самауыр-
да 1889 жыл деген жазу бар. Көлемі
үлкен. Самаурынның биіктігі 57
см, диаметрі 30, сыйымдылығы 15
литр. Самаурынның алдыңғы бетінде
нақышты белгілері бар. Ол шығарған
зауыттың бірнеше байқаулардың жүл-
дегері ретінде таңбалаған белгісі. Бірақ
самаурынның ескіруіне байланысты бұл
белгілер анық көрінбейді.
Қорыта айтқанда, музейдегі әрбір
жәдігерге көздің қарашығындай қарап,
сақтап келеміз. Уақыт жылжып өте
береді. Ал мұндағы заттық құнды-
лықтар тарихтан сыр шертіп, кейінгі
ұрпақтармен қауышады.
Мәдина ӘлІМЖАНОВА,
Ордабасы ауданындағы
тарихи өлкетану
музейінің қор сақтаушысы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Әрбір композитордың өзіне тән бір
ерекшелігі болады емес пе? Сәкеңнің
ерекшелігін тілге тиек етер болсақ, оның
еліміздің 10 облысындағы қалаларға
арнап ән шығарғанын бөле-жара айтуы-
мыз керек. Мәселен, Астана, Алматыға
арнаған әндерінен бөлек, «Талдықорған
– т а ң ы м м е н і ң , « К ү н ш ы ғ ы с ы м ,
«Кеңейген Керекуім», «Таразым менің
тамаша», «Қызылжарым», «Атырау –
асыл мекенім», «Қарышта, Қызылорда»,
«Торғайға хат, «Арайлым Ақтөбем-ай»
және т.б. туындылары бар. Бұл компози-
тор үшін еліміздің әр өңірі өзінше ыстық
әрі қымбат екенін сездіре түседі. Әрине,
жалпы қала туралы әндер аз емес қой,
бірақ солардың әрқайсысына арнап ән
жазған композиторларымыз, сірә, көп
бола қоймас. Садық Құнанбаев болса,
солардың бірі немесе бірегейі. Сонымен
қатар қазақтың батыр ұлдары – Амангелді
Иманов, Бауыржан Момышұлы, Қасым
Қайсеновтің ерліктерін әнге қосқаны өз
алдына бір әңгіме.
Ол туған жері – Мойынқұмын шексіз
сүйеді. Қоржынында Мойынқұмға ар-
нап жазған 11 әні бар. Бұл әндердің
барлығы туған жерге деген сағыныштан,
құрметтен, риясыз көңілден туған.
Жүректен төгілген, кеудені жарып
шыққан сырлы саздар – елі мен жеріне
деген перзенттік парызын өтеу сезімімен
ұштасып жатқаны сөзсіз.
Ән жазу шабытты қажет ететін құбылыс.
Кейіпкерім сол шабытты туған жерінен,
өмірдегі ізгіліктен, жақсы адамдардан,
сауабы мол істерден, адамгершіліктен,
шыншылдықтан, ынтымақ пен достықтан
алады. Достық демекші, ол Қазақстан
халқы Ассамблеясының 20 жылдығына
арнап «Татар қызы», қырғыз халқына
арналған «Қордайға кел, қалқатай» атты
әндерін тарту етті. «Татар қызы» әні үшін
Татарстан республикасының Мәдениет
министрі А.Сибагатулиннің «Алғыс хаты-
мен» марапатталды.
Ғұмыры әнмен өріліп, жырмен өрнек-
теліп келе жатқан мұндай тұлғалардың
еңбегі де көп жағдайда ескерусіз қалып
жататыны өкінішті. Бұл да шынайы
өнердің құдіретін жете бағалай алмай
жүргендігімізден шығар.
Өнердің тектілігін сақтап жүрген
Садық Құнанбаев сынды компози-
торларға құрмет көрсету, еңбегін
лайықты бағалау – ұлттық өнеріміздің
дамуы үшін қажет нәрсе. Осы орай-
да әуезді әндер иесін шығармашылық
кешінің қарсаңында марапаттау әбден
жарасымды болар еді.
Екінің бірі композитор атанған
бүгінгідей уақытта бұл өнердің шынайы
өресін, парқын ажырату жағы кемшін
соғып жатқаны да сөзсіз. Біз қалай деген-
де де, әрбір сазгердің шығармашылығын
қазақ халқының ән өнеріне қосылған
қомақты үлесіне қарай бағалағанымыз
жөн ғой. Өйткені ән дегеніміз халықпен
бірге мәңгі жасайтын рухани байлық.
Сондықтан оның мән-мағынасына,
мазмұнына бейжай қарауымызға бол-
майды. Қазақтың әнінде – халықтың
болмыс-бітімі, арман-тілегі, махаббаты,
сүйіспеншілігі, өмірді түсініп, дүниені
тануы сияқты ұғымдар тоғысып жатады.
Оны шебер жеткізе білген сазгерлер ғана
халықтың жүрегінен орын алады. Мұны
уақыттың өзі дәлелдеді.
Дәуіржан ТӨлЕБАЕВ
сырлы саздары-ай...