Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата03.03.2017
өлшемі2,51 Mb.
#5623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Римма ЖАНБАЕВА, 

ҚазҰТЗу-дың ақпараттық-сараптамалық 

орталығының бас маманы 

келе бастайды. Осы бір газеттердің 

адам ды өзіне тартар өзгеше бір иісі бо-

латын. Кейіпкерімізді осы иіс ерекше 

еліктіретін. Соған қарғанда Кенжеғара 

ақсақалдың немересін жазудан бұрын 

газеттің иісі журналистикаға қарай же-

телеген сияқты.

6-сыныптың жазғы демалысынан 

бастап хат тасушы болып жұмыс істейді. 

Бір жазда 240 сом ақша тауыпты. «Арал-

да Космановтар көшесінде Куликова 

деген әйел тұрды. Қызы Ленинградта 

оқитын. Бір күні қызынан хат келіпті. 

Әлгі әйел үйіне кіргізіп, бір стакан 

шай мен пирожки берді. Сонда пи-

рожки деген жарықтықты бірінші рет 

жегенмін. Аралдың балалары үшін 

өте таңсық ас. Екінші хат келгенде, 

тағы да әлгіндей пирожкиге тойғызды. 

«Дәніккен қарсақ құйрығымен қазады» 

деген. Енді Куликованың қызынан күнде 

хат келсе екен деп тұратынды шығардым. 

Қайран, балалық-ай!» деп еске алады 

сол күндерді.

Бірқатар республикалық басылым-

дардың бас редакторы болған кісіге 

КазГУ-дың журналистика факультеті 

бірден есігін аша қоймаған. Мектепті 

бітіре салып Алматыға қанат байлап 

жетеді. Қасында әкесі бар. Нағымет 

ақсақал бір жағы баласына болысып, 

екінші жағы тынығып алуды ойлап 

«Ремизовка» демалыс үйінде жатады. Ба-

ласы әрбір емтиханын тапсырған сайын 

әкесіне келіп есеп беріп кетеді. Барлық 

сынақтан сәтті өтіп келе жатқанда 

ағылшын тілінен мұрттай ұшады. Оқуға 

түсем деген арманы алыстап кетеді. 

Ендігі мәселе, әкейге жағдайды естірту. 

Барайын десе, жүрегі дауаламайды. 

Бармайын десе, тағы болмайды. Ақыры 

«Ремизовкаға» қатынайтын соңғы 

автобустың ең соңғы орындығына 

отырып, тартып кетеді. Жетер жеріне 

жақындап қалғанда қараса, әкесі қырдың 

төбесіне шығып алып жол тосып тұр 

екен. Мына көріністі көрген Шарханның 

көңілі одан сайын босайды. Автобустан 

түсіп, жасқа шыланған көзін сүрткілеп 

келе жатқанында ашық жатқан құдыққа 

түсіп кетеді. Оқуға түсе алмай, ұяттан 

өртенердей болып келе жатқанында 

қара басып құдыққа құлағаны намы-

сына тиіп, ызадан жарылардай болады. 

Сөйтеді де, одан сайын жылайды. Сол 

кезде әкесі де жетіп, қолын созып, «не 

болды, балам?» деп тұр екен. «Оқудан 

да құладым, құдыққа да құладым, көке» 

депті ғой Шәкең. Осы бір келеңсіздік 

ыңғайсыз жағдайдан алып шығыпты. Со-

Өз кезегінде Ыстамбұл университетінің 

ректоры, профессор Махмут Ак мырза 

жақын арада университет көлемінде әл-

Фараби орталығының ашылатындығын 

айтып, технопарк мәселесіне тоқталды.

«Біз техникалық университет емеспіз. 

Дегенмен, технопарк мәселесі бізде жақсы 

дамыған. Алдағы уақытта салалық, нақты 

технопарктер жұмысын қамтамасыз ету 

жоспарда бар. Мәселен, медициналық 

технопарк. Бұл жоба біздің елде үкімет 

тарапынан қолдауға ие болды. Бүгінде 

университеттің 5 ауруханасы жылына 1 

млн 600 мың адамды емдейді және ҚазҰУ-

да қызметін енді бастаған медициналық 

факультет үшін бұл ынтымақтастық жақсы 

тәжірибе болмақ» деді Махмут Ак мырза. 

Кездесу соңында ҚазҰУ-дың Ғылыми 

кеңесі отырысына қатысқан Ыстамбұл 

университетінің ректоры Махмут Ак әл-

Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Құрметті 

профессоры атанып, ҚазҰУ достар 

клубының мүшелігіне қабылданды.



Зейнет ЖҰМАХАН

дан ауылға келіп жарты жыл жұмыс істеп, 

одан әскерге алынып, Отан алдындағы 

борышын өтеп келгеннен кейін барып 

оқуға түседі. Бұл 1976 жыл болатын.

Қазақ журналистикасында «Шер-

ханның шекпені», «Бердіқұловтың беш-

пенті» деген тұрақты тіркес бар. Бұл 

шәкірттің ұстазға деген құрметінен 

туындаған дүние. Яғни алдын көрген, 

тәрбиесін алған, өмірлік жолын қа лып-

тастырған інілері ағаларына осылай ілтипат 

білдірген. Кейінгі жылдары бұл сапқа 

өзіміз де қосылып, «Қалидың қайрағы» 

деген ұғымды ен дірген жағдайымыз бар. 

Ал Шархан аға бұлай «мақтана» алмайды. 

Өйткені ол «тәрбие көрмеген» журналист. 

Қайдан тәрбие көрсін, тәрбиеленетін 

шағында аудандық газетке бас редактор 

боп кетсе. Содан өзін-өзі жетелеп, өз 

жолын қалыптастырды. Одан кеміп, не 

көштен қалып қойған ештеңесі жоқ. 

Есесіне, қазіргі күні журналистер арасында 

«Қазақта Шерхан – жалғыз, Шархан – 

жалғыз» деген қанатты сөз бар. Осыдан-

ақ әріптестері, қанаттастары мен інілері 

Шәкеңді қалай құрметтейтінін көруге 

болады. Бүгінде Шархан Қазығұл қазақ 

журналистикасында өзіндік ізі бар, бас 

редакторлық мектебі қалыптасқан кори-

фейге айналды.

Әңгімеміздің әлқиссасына оралайық. 

Шәкең күндердің бір күнінде «Нұр Аста-

на» газетінен кетті. Анығында, кетірген 

болуы керек. Мұндай шешіммен ұжым 

да келіспеді. Солайша, бір күнде тұтас 

редакция жұмыстан шығу туралы арыз 

жазды. Өзі қазақ журналистикасын-

да бас редакторына ілесіп жұмыстан 

кеткен біз білетін үш-ақ ұжым бар. 

Оның біріншісі, Жұмабай Шаштайұлы 

«Zaman-Қазақстаннан» кеткенде орын 

алды. Онан соң Нұртөре Жүсіп «Ақ жол 

Қазақстан» газетінен шыққанда болды. 

Үшіншісі, «Нұр Астана» газеті. Өзі 

ғана емес, командасы түгел жұмыссыз 

қалғанда Шәкең тәуекелге барды. Сөйтті 

де, өз қаржысына «Айқара» деген басы-

лым шығарды. Оның форматы да бөлек 

еді. Газеттің екі бірдей айқара бетіне 

бір тақырып жан-жақты талданып, са-

раланып жазылады. Алғашқы айқараға 

саясат, сосынғысына экономика, ең 

соңғысына әлеуметтік мәселе бүге-

шігесіне дейін талқыланады. Мұндай 

формада ешкім газет шығарып көрген 

жоқ әлі. Эксперименттен қорықпайтын 

кейіпкеріміз осы іске саналы түрде 

барды. Ешқандай қаржылық топтың, 

болмаса биліктің қолдауынсыз ба-

сылым шығарды. Бірақ өмір бойы 

артық ақша жинамаған адам газеттің 

шығынын қашанғы өтесін?! Астанадағы 

үйін 50 мың долларға сатып, соның 

ақшасын газетке салды. Ұжымына 

айлық қып төледі, баспа мен поштаның 

шығынын жапты. Қалтасындағы соңғы 

тиыны таусылғанға дейін «Айқараның» 

жұмысын жүргізді. Ал мұндай ерік-жігер, 

мамандыққа адалдық әркімнің бойынан 

табыла бермейді. Осыдан кейін Шар-

хан Қазығұлды қалай құрметтемейсің, 

қадірлемейсің, үлгі тұтпайсың?!

***


...Дәл Ұлыстың Ұлы күнінде кейіп-

керіміз Астанадан Алматыға шықты. 

Одан Талдықорғанға өтіп кетті. Былайша 

айтқанда, бір күнде үш қаладан наурыз 

көже ішті. Онымен тоқтап қалмай, 

Қызылордаға табан тіреп, Арал, Шалқар, 

Ақтөбені көктей өтіп, Шымкентке жетті. 

Ендігі бағыты қайтадан Алматы. Сосын 

Арқаға оралады. Суыт жүрісін естіп, 

ағамызға хабарласамыз ғой, «не істеп 

жүрсіз?» деп. Сөйтсек:

– Машинаның моторын қайта 

жинап шыққанда сынақтан өткізбей 

ме? Сол сияқты, алпысқа келгенде 

шамамның қандай екенін білейін деп 

өзімді сынақтан өткізіп жүрмін, бала,– 

дейді қарқылдап күліп. Өмірі юмормен, 

әр күні әзілсіз өтпейтін Шархан Қазығұл 

жетпіске жеткенінде өзін сынамақ ниет-

пен балағы қысқа шалбар киіп, футбол-

касын іліп, қолына фотоаппаратын алып 

әлемді аралап кетсе де, таңғалмаймыз. 

Өйткені өмірге сергек қарайтын, өзінің 

әрбір әрекетін адалдықпен әрлейтін 

адамдар сондай болады.

Ержан БАЙТІлЕС,

журналист

Аға бейнесі

Әсілі, үлкен лауазым немесе өнер 

иесі болмай-ақ, өзінің жүріс-тұрысымен, 

қас-қабағымен, мінезімен, қанағатшыл 

пейілімен айналасына үлгі болатын 

кісілікті жандар болады. Олар ел үшін 

атқарған еңбектерін жарнамаламай-ақ, 

жылдар өте келе көпшіліктің құрметіне 

бөленіп, бейнетінің зейнетін көріп 

жатады. Сондай жандардың бірі – Сыр 

өңірінің зиялы азаматы Қани Ахетұлы 

ағамыз еді.

Қызылордадағы Гоголь атындағы 

педагогикалық институтқа 1957 жылы 

студент боп қабылданған Қани ағамыз 

ауылдан білім іздеп сапар шеккен са-

наулы жанның бірі еді. Әрдайым өзінің 

Сәуле менімен қауышқанына ерекше 

қуанатын. Сондай-ақ менен ешқашан 

сыр жасырмайтын. Абдолламен де 

емен-жарқын сөйлесіп, әпке мен інідей 

сырласқан кездеріміз бар еді.

А б д о л л а н ы ң   қ а з а с ы   С ә у л е н і 

есеңгіретіп кетті. Бірақ ол иілсе де сын-

бады. «Өлгеннің артынан өлмек жоқ. 

Тірі адам тіршілігін жасайды» деген 

өмір заңдылығын ақиқат осы деп дана 

бабаларымыз қалдырып кетті емес пе? 

«Ақыл – адамның тізгіні» деген жақсы 

сөз бар. Көз жасын көлдетіп отыра беру 

өмір заңдылығына қайшы екенін ұққан 

ол ақылына ерік берді. 

Сәуле балаларын үйлендіріп, келін 

түсірді. Аналық парызын өтеді. Ол 

бүгінде ардақты ана, аяулы әже. Үлкен 

ұлы Бауыр жан мен Әселден Мансұр, 

Марғұлан мен Мейіржандай, ортаншы 

ұлы Еркебұлан мен Мәдинадан Ай-Күн 

мен Әлихандай немерелер сүйді. Кен-

же ұлы Шерхан да биыл оқуын бітіріп 

заңгерлік мамандық алып шықты. 

Махаббаттың адамның барлық күш-

қайратын оятатынын айтқан еді бір да-

нышпан. Сол айтқандай, Сәуле Абдол-

ласына арнап «Мәңгілік сағынышым» 

деген естелік кітабын жазып шықты. 

О н ы ң   қ о л ғ а   а л ғ а н   і с і н   а я ғ ы н а 

жеткізбей тынбайтын табандылығын 

бұрыннан білетінмін. 6-10 сынып-

тарда сынып жетекшісі ретінде әрі 

тіл-әдебиет пәндерінен сабақ бере 

жүріп оқушыларыммен қыруар жұмыс 

жүргізгенім өзіме аян. Тапсырмалар-

ды орындау барысында Сәуленің тіл-

әдебиет пәндеріне деген зор қабілетін 

таныдым. Шығарма жазуда, әсіресе, 

еркін тақырыпқа шығарма жазуда ол 

терең ойын құнарлы тілмен тамаша 

жеткізетін. Бір 45 минутта бірнеше бетті 

толтырып үлгеретін Сәуленің кез келген 

тақырыпты еркін иегеретін қабілетіне 

риза-қош көңілмен одан болашақта 

қаламгер шығатынына сенімді едім. 

Жоғары сыныптарда ол шағын әңгіме, 

новелла, суреттеме, мақала жазуға ден 

қойды. Және жазғандары аудандық 

газеттің беттерінде жарық көріп 

тұрды. Бірақ Сәуленің әдебиетші бо-

ламын деген арманы орындалмады. 

Өмірде мұндай кереғар жағдайлар жиі 

кездесетіні жасырын емес. Сәуле тек 

мектепті бітіргеніне 4 жыл өткенде ғана 

студент атанды. Оған дейін тіл-әдебиет 

факультетіне емтихан тапсырып, жыл 

сайын конкурстан өте алмай жүрген бо-

латын. Ақыры ол ҚазМУ-дің математи-

ка факультетіне оқуға түсіп, математик 

мамандығын алып шықты. 

Ол кезде студенттерді жазғы де-

малыс кезінде жан-жаққа жұмысқа 

жіберетін. Сәуленің маған айтуы бой-

ынша сол бір шақтарда Абдолламен 

және тағы басқа да достарымен хат 

жазысу дәстүрі болған екен. Жырақта 

жүрген достардың бір-біріне деген 

қалтқысыз достық сезімдерін үшкіл хат-

тар жеткізіп тұрған көрінеді. Сол кездегі 

хаттар әлі күнге бар екен. Сарғайып 

кеткен хаттарды Сәуле сақтап жүріпті. 

Осы мақаланы жазу барысында менің 

ғой. Енді соны дәлелде, Сәуле! Оны 

орындайтыныңа сенемін...». Сөйткен 

Сәуленің жазуға деген құштарлығын 

өмір, тұрмыс қиындықтары өрістетпеді. 

Оқып жүріп тұрмыс құрып (бірақ 

жасы жеткен кезі болатын), шаңырақ 

көтерді. Пәтерден-пәтерге көшіп жүріп 

оқуларын жалғастырды. Дүниеге бірінің 

артынан бірі сәбилері келді. Бірақ Сәуле 

қиындықтарға мойымай, анасы мен 

әпкелерінің көмектерінің арқасында ел 

қатарлы оқуын бітіріп шығып еді. Ди-

пломын алып жұмысқа орналасты. Ол 

өзі шегініп журналист Абдоллаға жол 

берді. Жазуын доғарды. Абдолланың 

алаңсыз жұмыс істеуін, оның жағасының 

кірлемеуін, бала-шағасына, тұрмыс 

жағдайларына алаңдамауын ойлап, 

күйеуіне көп көңіл бөлді. Өзі жұмысын 

істей жүріп, балаларының тәрбиесімен 

а й н а л ы с т ы .   О т б а с ы н ы ң   т ұ р м ы с -

тіршілігін тап-тұйнақтай етіп ұстады. 

Бірақ «алтын кездік қын түбінде» жатқан 

ба? Арада 24 жыл өткенде Сәуле қаламын 

қайтадан қолына алды. Бұған себеп оның 

сүйген жары Абдолласынан біржолата 

айрылып қалғаны еді.  Осы орайда оның 

туып-өскен жері Қарқара ауылының 

тумасы Елжас Шөжімбекұлының жу-

ырда Райымбек аудандық «Хантәңірі» 

газетінде жарық көрген «Ұлға балаған 

қыз» атты жазбасынан үзінді келтіре 

кеткенді жөн санадым: «...Сәуле көз ал



-

дымыздан да, көңілімізден де кетпейтіндей 

талай іс-әрекеттер жасады. Соның бірі – 

2010 жылы Талды жайлауында берген асы 

еді. Ол ата-анасына арнап тойға бергісіз ас 

беріп, құран оқытты. Жекешелендіруден 

кейін кемінде 30 шақты жыл адам 

баласының табаны тимей құлазып жатқан 

жайлауға жан бітіріп, әке-шешесінің баяғы 

дәурендерін қайта орнатқандай болды. 

Кезінде қойнауында бәріміздің де жастық 

жылдарымыз қалған жерде үлкен те-

біреністе болдық. Көздеріне жас алмаған 

адам қалмады деуге болады. Бәріміз де 

өткен өмірімізбен қайта кездескендей күй 

кештік». 

2011 жылы Сәуле кезінде өзінің 

бала лық шағы өткен, ата-анасы 

жүрген, бүгінде жұрты ғана қалған, 

жекешелендірудің «құрбаны» болған 

ауылы Тасбұлақтың жұртында үлкен 

кездесу жасады. Осыдан кейін Тасбұлақ 

пен оның бұрынғы тұрғындары туралы 

«Жұмақ мекен, тал бесігім Тасбұлақ» 

атты үшінші кітабын жазып шықты. 

Аталмыш кездесу мен кітап туралы сол 

ауылдың тумасы, жазушы Жақыпжан 

Нұрғожаевтың «Тау қызы» атты 

мақаласында толық әңгімеленеді. 

2013 жылы Сәуленің де, Абдолланың 

да мектеп бітіргендеріне 40 жыл толды. 

Осы айтулы кезеңге байланысты Сәуле 

өзінің және Абдолланың ұстаздары мен 

сыныптастарына арнап «Сағыныш екен 

сол бір шақ» деп аталатын төртінші 

кітабын жарыққа шығарып және бұл 

кітабын кешегі күні Абдолланың сынып 

жетекшісі болған ҚР Білім беру ісінің 

үздігі, «Құрмет» орденінің иегері, бүгінгі 

күні Жаңақорған ауданы Ардагерлер 

кеңесін басқаратын ардагер ұстаз Зи-



 «Мөлдір бұлақ» журналының ре-

дакциясы Жыр алыбы Жамбылдың 

туғанына 170 жыл толуына орай 

ақынның жыр жолдарындағы 

«Ел бірлігін сақтаған татулықты 

айт» деген ұлағатты сөзіне сүйене 

отырып, оқырмандары арасында 

өткізген шығармашылық бәйгенің 

жеңімпаздарын марапаттады.

Балалар басылымы ұйымдас-

тырған бәйгеге мыңға жуық шығарма 

келді. Шығарма проза, поэзия 

жанрында жазылып, сурет түрінде 

ақынның бейнесі салынып жіберілді. 

Ең үздік жа зылған шығарма иелері 

жеңімпаз деп табылды. Жүлдегерлерге 

бағалы сыйлық пен дип лом тапсы-

рылды.


Жеңімпаздарды Нағашыбек 

Қапал бекұлы, Ертай Айғалиұлы, 

Бақыт Жағыпар ұлы, Нұрдәулет 

Ақыш, Кеңес Оразбекұлы, Анар-

бай Бұлдыбай, Темірхан Тебеге-

нов, Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінің 

ректоры Д.Нөкетаеваның атынан 

Ермек Иманбаев, Алматы облы-

сы Жамбыл ауданы әкімінің орын-

басары Гүлнар Ермекбаева және 

Жамбыл бабамыздың шөберелері 

Мұратхан мен Бекмұрат Жамбы-

ловтар марапаттады. Марапаттау 

салтанатын «Қазақстан-ZAMAN» 

ЖШС Бас директоры Серкан Хастүрк 

қорытындылады. Шығармашылық 

бәйгенің мақсаты ақынның өлең 

жырларын жас ұрпаққа насихаттау. 

Ұйымдастырушылар жеңімпаздарға 

сәттілік тіледі.

Ж.КучуКОВА,

«Мөлдір бұлақ» журналының

 бас редакторы

«Қазақ газеттері» ЖШС және Серіктестікке қарасты 

басы лым дардың еңбек ұжымдары «Қазақ газеттері» ЖШС-нің 

Бас есепшісі Гүлмира Амангелдіқызына нағашы інісі



Нартай ТҮРКІСТАНОВТЫҢ

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл 

айтады.


11

№14 (1324) 

7 – 13 сәуір

2016 жыл


АНА ТІЛІ

10

№14 (1324) 



7 – 13 сәуір

2016 жыл


АНА ТІЛІ

Ежелгі грек философы 

Сократтың жанынан өтіп бара 

жатқан бір кісі:

– Қалаға дейін қанша сағат 

жүру керек? – деп сұрапты. 

– Әуелі жүріңіз, сосын ай-

тамын. 


Жолаушы 20 қадам жүрген 

кезде Сократ оны тоқтатып:

– Екі сағат жүру керек, – 

дейді. 


– Оны бірден-ақ айтпайсыз ба, адамды әуре 

қылғанша, – деп ашуланады жолаушы.

– Бірден айтып, мен сіздің қандай жылдамдықпен 

жүретініңізді қайдан білемін...



Дүниежүзінің әр алуан 

елдерінде қант әртүрлі дақыл-

дардан өсіріледі. Қанттың 

шыққан жері Ежелгі Үндістан 

деп есептеледі. 

Біздің елімізде қанттың 

қант қызылшасынан өндіре-

літіні белгілі. Бірақ қант қызыл-

шасынан қант жасау анағұрлым 

бертінде, тіпті нақты айтқанда 

дәл 1747 жылдан басталғанын 

екінің бірі біле бермейді.

Нақ сол жылы немістің А.Маркграф деген химигі 

не болар екен деген оймен қызылшадан ақ кристал 

зат шығарып дәмін татып көргенде борық қантынан 

аумайтынын байқайды. Алайда, жұрт оған мүлдем 

ден қоймай, бұл әдіс 50 жылдай елеусіз қала берген. 

Қант өндірудің өнеркәсіптік технологиясын жасаған, 

1802 жылы Кунер қаласында алғашқы қант зауытын 

салдырған А.Марграфтың дарынды да, іскер шәкірті 

Архард болды. 

Қазіргі уақытта қант қызылшасы мен қант борығы 

Жер шарында әрқайсысы шамамен 7 миллион гек-

тар алқапта өсіріледі. Дегенмен, қызылшада қант аз 

болғандықтан дүниежүзінде қанттың 60 пайызы қант 

борығынан өндіріледі. 



төрт айдан кейін бразилияның ең ірі қаласы рио-де-Жанейро шаһарында 

кезекті ХХХі Жазғы олимпиада ойындары басталады. олимпиада ойындары 

өз тарихында тұңғыш рет оңтүстік америка құрлығында өткелі отыр. 

төрткүл дүниенің кіл мықтылары бақ сынайтын дүбірлі додаға әлем 

назары ауатыны анық. бүгінде бразилиядағы аламанға берілер жолдама 

жолындағы жарыстар қыза түсуде. 

Қысқы спорт болмаса, Жазғы олимпиададан қазақ спортшылары жүлдесіз 

қайтқан емес. себебі бокс, күрес, ауыр атлетика сынды оң жамбасымызға 

келетін спорт түрінен жерлестеріміз үнемі жүлде алып келеді. биылғы мешін 

жылғы олимпиада еліміз үшін тәуелсіз ел ретінде қатысқалы отырған 

жетінші олимпиада ойыны болмақ.

Олимпиадаға 



кімдер қатысады?

Б

ұл 1890 жылдың жазы мен күзі 



осындай әрқилы оқиғаларға 

толы болды. Жәлменде тағы 

бір мәрте Қоянды жәрмеңкесіне ба-

рып қайтты. Сонда Абаймен тағы 

кездесіпті. Ақынының бұл жолы көңілі 

пәстеу екен. Жалайыр биі себебін 

сұрағыштаса да ол ашыла қоймапты. 

Сосын Абайдың көңілін көтеру үшін 

бе сондағы көп адам топырласқан бір 

тұста Жәлменде құрдассынып онымен 

күресіп кеп беріпті. Екі дөйдің бүйтіп 

белдесуінен солқылдаған мырзалар 

мен мұрнынан есек құрты түскен бай-

лар, басқалар да қарқ-қарқ күліпті. 

Абайдың өзі де солай:

– Кеудемдегі бір жұлынқұртты сен 

жұлып әкеткендейсің-ау, аға баласы! – 

деп Абай Жәлменденің тапқырлығына 

ризалық білдіріпті.

Қояндыдан оралған бетте Жәлменде 

басқа бір жаңалықтың үстінен түсті. 

Осыдан үш-төрт жыл бұрын осы 

Шиліқарын маңына Кәшеп атты сау-

дагер ноғай көшіп келіп, дүкен ашқан. 

Жәлменде оны да, оның оқығаны бар, 

орысша киінетін, әрі өрдегі Бодау, 

Уәйіс, Ер Самалдық, Бейсенбай, Бөжей 

секілді қазақ оқығандарымен байла-

нысы жақсы баласы Башықтиынды да 

іштей ұнатқан. Енді қалай, әкелі-балалы 

олар сауда ісін дөңгелетіп, әрі жүріс-

тұрыстарымен айнала жұртқа жақсы 

үлгі еді. Міне, Жәлменде Қояндыға кет-

кенде үлкен қызы Мәмилә осы Кәшеп 

баласы Башықтиынмен қосылып 

қойыпты. Мұны қасына ерткен екі 

күндесі бар Сапар хабарлады:

–   О т а ғ а с ы !   М ә м и л ә н і ң   б ұ л 

қылығына шошымаңыз! Бұл Мәмилә 

айдай көркімен талайдың аузының 

суын ағызса да жасы асып барады. 

Назардың сары ауыз балапанының 

пісіп-жетілуін қашанғы күтіп отырады? 

Бүлдірме ештеңені! Оң шырай таныт!

Жәлменде төбесінен тоқпақ ти-

гендей есеңгіреп қалды. Сәл ес жиып 

барып айтқаны мынау:

– Тәңірім-ау! Мәмиләнің атас-

тырылғаны Назардың баласы еді ғой. 

Назар өзі болыс, өзі кешегі осы елдің 

ұраны – Қарынбайдың өз қолымен 

тік көтерген мұрагер нәсілі. Ол қалай, 

бұл қалай?

Сапарға екі күндесі Тәшен мен 

Мәстура қолқабыс жасады:

– Қыз сүйгеніне қосылса бағының 

ашылғаны ғой! Осылай жалайырға жар 

салушы өзіңіз емессіз бе?

– Солайы солай! Би екен, бо-

лыс екен деп қызды атына өңгертіп 

жіберетін күннің ауылы алыс қалды. 

Заман өзгеріп барады, отағасы!

Бұл екеуі бірден, екіден ұл тапқалы 

ірі сөйлеуді әдетке айналдырғаны бұған 

таңсық емес. Бидің ендігі бар айласы:

– Жарайды, болар іс болды. Енді 

әліптің артын бағып, аңысын аңдайық, 

– деу еді.

Ал бұл хабарды естігенде На-

зар ер-тоқымын баурына алып ту-

лады. Әншейінде Жәлменденің аты 

аталғанда жынын алған бақсыдай 

тынатын бұл кенет өзінде жоқ мінезге 

көшті. Бұл кезде отыз алты жастағы На-

зар әкесі Қарынбай секілді «сүйегі тас 

пен темірдің қоспасынан жаратылған» 

аса әлеуетті жанға айналған. Мұның 

да сырықтай бойы бар, арықша бет-

өңірі қызарып, сұрланып, нағыз кісі 

өлтіретін жанға айналғандай қатын-

бала және өз көмекшілерінің екі 

аяқтарын бір етікке тықты.

Назардың сондай халінің үстінде 

сонау Үшқамаудан әлгі Ойшы келді. 

Жас болыс әуелде мұны Жәлменденің 

жіберген елшісі деп жорыған. «Бәлкім, 

би бас иіп кешірім сұрамақ шығар!» 

Бақса басқа екен. Назар шаңырағының 

астында кешкілік ас үстінде Назардың 

отбасы, ошақ қасының төрт көзі 

түгелде Ойшы жанға тиерлік аса бір 

ауыр сөздер тастады. Назар мұқият 

тыңдады. Себебі Ойшының сәнді 

киінісі, иықты тұлғасы, ұзын кірпікті, 

шоқша сақалды ақ сары өңі аузы-

нан сөз шықпай тұрып-ақ мұның 

болыс үйіне еріккеннен келмегенін 

ұқтырғандай еді.

–   Н а з а р   ж а н ы м ,   с е н   м е н е н 

мүшел жас кіші болсаң да менен көп 

биіксің! Өзгеңді қойғанда сен кешегі 

үш әулиенің көзін көрген, солардың 

сарқытын ішкен Қарынбайдың қара 

шаңырағының бас иесісің! Бұл қара 

шаңырақта сенен бұрын ержеткен ба-

лалары бола тұра ол шақта бесіктен белі 

шықпаған саған табыстағанына мен куә, 

бүкіл осындағы қара қазақ куә! Сөйте 

тұра, анау өрім иық Байшығаштың ба-

ласы бәріңді баса-көктеуіне не жорық? 

Жарайды, Жәлмендеге бақ қонды! 

Бірақ сол бақ қонарда, ондай атты 

неме бес аққу бейнелес болып, сонау 

Жылыбұлақтағы ас үстінде бірінші 

рет кімнің көзіне шалынып еді? Сенің 

әкеңнің көзіне шалынған. Сенің әкең 

таныған! Сонда Жәлменденің ба-

сына сол бақты қондырған да сенің 

әкең Қарынбай болып шықпай ма? 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет