12 сурет - Мәтен Қожа мазары
13 cуреттер - Мәтен Қожа қорымындағы ерекше құлпытастар
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
21
Құлпытастар қырлары өрнек түрлеріне бай сәнделген, өсімдік тәріздес,
зооморфты, геометриялы өрнектер салынған. Құрылымы көп ярусты, жұмыр келген
ұштығы бар, араб графикасымен эпитафиясы жазылған, бағана тәріздес түрде
жасалғандары байқалады. Ерекше сәнделген, үлкен құлпытастар кездеседі. Мәтен
Қожа қорымы жүйелі зерттелген емес Қорым уақыты ХVIII-ХX ғасыр.
14 cуреттер - Мәтен Қожа қорымындағы құлпытастар
15 сурет - Мәтен Қожа қорымындағы құлпытас
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
22
Миялы қорғандар тобы. Миялы қорғандар тобы Миялы ауылынан
солтүстікке 3 км, Жангелдин ауылынан оңтүстік-шығысқа 4 км., қашықтықта
орналасқан. Қорғандар археологиялық ескерткіш болып табылады (16,17 сурет).
16 сурет - Миялы қорғандар тобының жалпы көрінісі
17 сурет - Миялы 9 қорғаны
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
23
Миялы қорғандар тобы Ойыл өзенінің солтүстік жағындағы жазықтықта
орналасқан. Қорғандардың батыс жағына тақала топырақ қазылған каръер
орналасқан. Оңтүстігіне қарай тұрғын үй мен қора-жайлар орналасқан.
Қорғандардың арасымен электр желісі жүргізілген. Сармат тайпаларының обасы боп
саналатын Миялы қорғандар тобының құрамына 15 қорған кіреді. Уақыты ерте темір
кезеңі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттелінген аймақтағы көне қорымдарда сәулеттік маңызы бар құлпытастар
орналасқан. Айырықша археологиялық және нақты этнографиялық маңызы бар
заттық-мазмұндық
суреттер
мен
ою-өрнектер
көшпелілер
мәдениетінің,
шаруашылығының сипатын айқындайды. Бұл ерекшеліктер, әсіресе жергілікті
маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміндегі Мәтен Қожа қорымында
айқын байқалады. Зерттелінген аудан бойынша осы уақытқа дейін көлемді зерттеу
жұмысы жүргізілмей келеді. Қолда бар тарихи құжаттар мен зерттеулер негізінде
төмендегідей тұжырым жасадық:
- жинақталған материалдар болашақта ауқымды ғылыми-зерттеу объектісі бола
алатынын көрсетеді;
- анықталған сәулет және қалақұрылысы ескерткіштеріне көне тарихи-мәдени
ескерткіштер статусын беріп, қорғауға алынуы қажет деп есептейміз;
- анықталған археологиялық ескерткіштер ерте темір кезеңінің сармат тайпасы
қорғандарын зерттеуде басты қазба нысаны бола алады.
Әдебиеттер тізімі
1 Атырау облысы Қзылқоға ауданы аумағындағы Тайсойған құмында жүргізілген
археологиялық барлау жұмысының ғылыми есебі. - Ақтау-Атырау, 2013.
2 Отчеты 1970-90 г. (Л.Л.Галкин).
3 Ажигали С.Е. Архитектура кочевников – феномен истории и культуры Евразии
(памятники Арало-Каспийского региона).- Алматы: НИЦ «ҒЫЛЫМ», 2002.
4 Қорғанша қаласындағы, Жолайшағыл құмтөбелі қабіріндегі археологиялық зерттеу
жұмысының және Атырау облысында жүргізілген археологиялық барлау жұмысының
2006 жылғы есебі. Атырау-2007 ж. (Касенов М.С.).; Касенов М.С. Атырау – Каспий
ойпатындағы отырықшылық ескерткіштері. Атырау, 2011; Касенов М.С. Каспий
ойпатындағы ортағасырлық қалалар мен елді мекендер //Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы.- Атырау, 2006.- №2 (7).- 90-95
бет.
5 АЦИА. Атырау облысы аумағында жаңадан сәулет және археология ескерткіштерін
анықтау мақсатында жүргізілген зерттеу жұмыстарының ғылыми есебі.- Атырау,
2009.
6 Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Қызылқоға,
Индер аудандары. Атырау-Алматы, 2012 ж.; К истории северо-восточного
Прикаспия.
Реестр
археологических
памятников
области.
(Составитель
В.К.Афанасьев).- Атырау, 1996.
Резюме
В статье приводится отчет о проведенных работах во время
археологической разведки в Тайсойганской песчаной долине Атырауской области.
Тайсойганские пески - одни из самых больших среди песчаных долин в Казахстане.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
24
В ходе исследования песчаных барханов были обнаружены многочисленные
стоянки. Были собраны каменные, бронзовые, железные и другие средневековые
экспонаты. В будущем предложено систематическое изучение песчаной долины.
Summary
The article gives a report of the work carried out during the archaeological
exploration in Taysoygan sandy valley of Atyrau region. Taysoygansandy valleyis one of
the largest among the sandy valleys in Kazakhstan.
In the study of the sand dunes were found numerous sits. The stone, bronze,
iron, and other medieval artifacts were collected. In the future, it is suggested a
systematic study of the sandy valley.
Қабылданған күні 02.11.2015 ж
ӘОЖ 82-1/-9
Қ.Ө. Жүсіп, А.Е. Шунгульбаева
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттер даңғылы, 212
E-mail: altynaielugalievna@gmail.com
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ЖЫРЛАРЫНДАҒЫ
ҚАЙТАЛАУЛАР МЕН АРНАУЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Аңдатпа
Бұл мақалада Батыс Қазақстан ақын-жырауларының жырларындағы
айшықтаудің түрлері қайталаулар мен арнаулар туралы айтылады. Ақындар
Махамбет, Қашаубай, Мұрат, Нұрым, Есет, Досжан жыраулардың шығармаларынан
мысалдар келтіріледі. Олардың бәрі дерлік қазіргі жыр сүйер қауымның
саналарында жатталып қалған классикалық үзінділер болып есептеледі.
Айшықтаулардың бұл түрлері ақын-жыраулардың шығармаларына ерекше өрнек
береді.
Негізгі сөздер:
ақын-жыраулар, айшықтаулар, қайталаулар, арнаулар,
философиялық шындық, тіркестер, эстетикалық әсер.
КІРІСПЕ
Өткен ғасырлардағы ақындар сияқты ХІХ және ХХ ғасыр ақын –
жырауларының жырларындағы өрнектер ажарлаумен, құбылтулармен шектелмеген,
оларда әсем айшықтаулар да бар. Айшықтаулардың бірнеше түрі бар екенін
профессор Қажым Жұмалиев, ғалым Зейнолла Қабдолов өздерінің теориялық
еңбектерінде жақсы көрсеткен.
Ғалым Қабиболла Сыдиықов: «Өз дәуірінің өресі биік, ойы озық ділмәр-
дүлдүлдері саналған ақын-жыраулар бағзы әдеби дәстүр мен табиғи талант
арқасында ақтарып ағындата айтса да, шығарма мазмұны мен көркемдігіне зор мән
берген. Олар әр оқиғаның, әр кездің орайына қарай жыр жолдарын шеберлікпен
иіп, айрықша айшықпен келісті тіркестер құраған, мазмұнға лайық түр де таба
білген. Бұл орамдар дағдылы синтаксистік тіркестерден құрылыс, бітім жөнінен
ерекше ойнақы һәм әсерлі келеді», - деп көрсеткен ХV – XVIII ғасырлардың ақын –
жырауларының айшықтауға байланысты шеберліктеріне шолу бере отырып.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
25
Ғалымның осы берген бағасын өткен ғасырлардың дәстүрлерін жалғастырған
ХІХ – ХХ ғасыр ақындарының айшықтауды қолданудағы шеберліктері жөнінде де
айтуға болады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Әдебиет қисыншылары айшықтаудың бір саласы арнаудың бірнеше түрі
болатындығын көрсеткен еді. Олар: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнаулар
болатын. Осы арнаулар соңғы екі ғасыр ақындарында да бар.
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға.
Қас үлектен туған қатепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып
Бір-біріндеп сөксе де,
Қабағын шытпас ер керек
Біздің бүйткен бұл іске. /Махамбет/
Балдай тәтті болмаңыз
Жоғаларсың жұтылып.
Удай ащы болмаңыз
Тастар сені түкіріп. /Қашаубай/
Ер өлмейді демеңіз,
Тал түсте қыдыр дарыған,
Уызынан жарыған.
Инедей қарны ашпаған,
Именіп жерді баспаған,
Тақыр жерде тайласқан,
Еменнен найза сайласқан
Беріштен шықты Ағатай! /Мұрат/ [1-1]
Бұлар жарлай арнаулар түріне жатады. Жарлай арнауды ақындардың қай-
қайсысынан да кездестіруге болады. Сол сияқты сұрай арнау да ақын-жыраулардың
дәстүрлі стильдік ерекшеліктерінің бірі. Бұған да мысал мол келтіруге мүмкіншілік
бар. Сұрай арнаудың көпшіліг, бір ғажабы, риторикалық сұрау болып келетіні назар
аудартады. Ақындардың қай-қайсысы да шешендік сұрауға икемділік көрсетеді.
Шабытты шалқу, ерекше қопарыла толғану, философиялық шындықты жариялауға
ұмтылыс осындай сұрау түрлерін қажет ететін сияқты.
Қоғалы көлдер, құм, сулар
Кімдерге шәрбат болмаған?!
Саздауға біткен құба тал
Кімдерге сайғақ болмаған?!
Басына жібек байлаған
Арулар кімнен қалмаған?!
Таңдап мінген тұлпарлар
Иесін қайда жаяу салмаған?!
Құландар ішпес бұршақ қақ
Кімдерге шәрбат болмаған?!
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
26
Садағына сары шіркей ұялап,
Жау іздеген ерлердің
Қайда басы қалмаған?! /Махамбет/
Халық қазанын қайнаттым
Қолымның кәні қарасы?!
Ел үшін азап көп көрдім
Етімнің кәні жарасы?! /Қашаубай/
Ұсынсам қолым жетер ме
Қырдан асқан түлкідей,
Қырмызы қызыл заманға?!
Айтсам сөзім өтер ме
Ақылсыз туған жаманға?! /Нұрым/
Заманымда не көрдім?
Еңсеріскен ер көрдім,
Белсеніскен бел көрдім,
Қарсыласқан жау көрдім,
Тізелескен дау көрдім /Есет/
Дауысым, саған не болды
Бұрынғыдай аңқымай?!
Көңілім, саған не болды
Айдын көлдей шалқымай?!
Мінезім, саған не болды
Қорғасындай балқымай?! /Досжан/ [1-2]
Бұл келтірілген сұрай арнаулардың бәрі де, көріп отырғанымыздай,
шешендік сұраулар. Бәрінің осы қалайы жоқ керемет шеберліктен, шабыттан туған,
адамды, Қабдоловша айтсақ, сілкіп-сілкіп, жұлқып-жұлқып қалатын поэтикалық
өрнекті туындылар. Оқырманды еріксіз ойға қалдырып, әрқайсысының қиялына
шырақ жағатындай, ой салатындай.
Барлық ғасырлардың бәрі дерлік жорықты жылдарға толы, соғысты,
жаугершілікті, ата қоныстан ауып көшуді, замандар бойындағы қиянаттардан зардап
шегушілікті қазақ халқы басынан өткізген халық. Осы оқиғалардың салдарынан
жандары зарсыз өтті деу әбестік болар еді. Ал халықтың зарын жариялап артына
қалдырушы, сөз жоқ, ақындар. Патшалы Ресейдің қазақ халқына жасаған қиянатын,
қырғынын, қонысынан көшіріп қуу сияқты зардаптарды жырлаған ақындар «Зар
заман» ақындары деп тегін аталмаған.
Олардың жырлары халық зарының шындығын бейнелеген. «Зар заман»
ақындарының шығармаларында айшықтаудың бір түрі – зарлай арнау да сөзсіз
болғандығы белгілі.
Киім кисе жеңі жоқ,
Етегі бар да белі жоқ,
Бармақ сияр жері жоқ,
Қатпа болған түйедей,
Киеңкі болған биедей.
Ел биледі бір сымпыс
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
27
Екі бұты таралған.
Дұшпан – тазы, біз – түлкі
Қашсаң ерікке қоймайды.
Іңге кірсек суырып
Бір пәлеге жолықытық
Құлағанадай қадалған /Мұрат/
...Діні басқа біреулер
Ел биледі аралап.
Бір пәледен мың пәле
Туып кетті балалап... /Мұрат/
Мен қауіп еткеннен айтамын:
Ақ борықтай иілген
Кейінгі туған баланың
Ұстай ма деп жүрегін.
Шашын, мұртын қойдырып,
Ащы суға тойдырып
Бұза ма деп реңін.
Адыра қалғыр заманның
Мен жаратпаймын сүреңін /Мұрат/
Бұлар Мұраттың «Үш қиян» атты жырынан алынған үзінділер. Бұл ұзақ
жырды, шынында, түгелімен зар десек болар. Тұп-тұтас ұзақ зарлаған ақынның
қайғы-шері мәңгілік мекеніне жеткенше өзімен жолдас болып, жүргені тебіренткен
[2].
Ағадан кетті ағалық,
Ініден кетті кішілік.
Інісі болып терең жар
Жүре алмай аға сүрініп.
Атаның салған ақ жолы
Тоқтап қалды кідіріп.
Замана деген желмая
Желмаядан жығылып /Әбубәкір Кердері/
Әбубәкірдің қай жырын алсақ та зардың лебі есіп тұрады. Сарышолақ
Боранбайұлының көп шығармалары зарлаудан ғана тұрды десек еш қателеспейміз.
Көп жырынан ойып алған үзінділерде зар тұрады.
Өтті ғой ғұмыр жылаумен,
Патшадан теңдік сұраумен.
Ояз көрсек шұлғыдық,
Аяғын құша құлаумен.
Жүректе кегім шорланды
Қардай жетіскен қылаумен.
Билерімнен сән кетті,
Тұрағы жоқ тоқталар.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
28
Айтар сөзден мән кетті
Бір зұлымат биледі,
Біздер жүрген жер-көкті.
Артым – жар, алдым – түпсіз,
Көзімнен жасым селдетті /Сарышолақ/
Зарлай арнаулар басқа ақындарда да кездеседі, бірақ Мұрат, Әбубәкір
Кердері, Махамбет, Сарышолақ жырларындағыдай мол ұшыраспайды.
Ақын-жыраулардың жырларына өте-мөте тән нәрсе – қайталаулар.
Қайталаулар поэзияның басты белгілерінің бірі, себебі ақындар өздерінің айтайын
деген ойлары мен баяндаған жайларын нықтап, ерекше екпін бере түсу үшін,
тыңдарман санасына белгілі бір жайды орнықтыра түсу мақсатында пайдаланады.
Жырдағы қайталаулар сол мақсатты көздегендіктен, әр ақында жиі ұшырауы
орынды-ақ. Ақындарда қайталаудың молырақ шалынатын түрлері: жай қайталау,
әдепкі қайталау және кезекті қайталау [3].
Ал еспе қайталау өте аз. Оны Махамбеттің «Қызғыш құс» атты жырынан
келтірейік:
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Ел қорыған мен едім
Мен де айрылдым елімнен.
Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
Жай қайталауға мысалды барлық ақындардан кездестіреміз.
Сай, сай қамыс, сай қамыс, сайдың көркі
Ақтылы ала жылқы байдың көркі /Сарышолақ/
Ай, тақсыр-ау, ай тақсыр,
Боз орданы жықтым деп... /Махамбет/
Мен, мен едім, мен едім,
Мен нарында жүргенде.... /Махамбет/
Сәлем де інімізге Дәулетүмбет,
Сәлемді – алу парыз, беру – сүннет.
Қауысып аман болса жолығармыз,
Әзірге жазып тұрмын сәлем, құрмет /Мұрат/
Асқар, асқар, асқар тау
Асқар таудың басына
Балапан ұшып шыға алмас /Абыл/
Асу да асу ел көшіп,
Есепсіз ауыр жүк салып... /Бала Ораз/
Мәсімнің өзі тарлау, қонышы қысқа,
Саудалап алып едім асығыста.
Болғанмен басы тарлау, қонышы қысқа,
Сипалап ұлтаны мен қонышын ұста /Қашаған/
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
29
Сөйлей-сөйлей берейін,
Сөз жүйесін көрейін.
Әрі-бері сөйлесем,
Бұ да өзімнің мерейім /Ақтан/
Әдепкі қайталау басқа қайталауларға қарағанда жоқтың қасы деуге болады.
Бірнеше тармақта қатар тұрып әр тармақтың басында қайталанып келетін түрі өте
сирек. Ал, екі тармақтың басында болатын қайталаулар, ара-тұра кездеседі, бірақ
тіпті аз. Бұл ғасырларда ондай қайталаулар аз болуы – ертедегі жыраулар
дәстүрінде болмағандығынан шығар.
Сөйлесем, даусым аңқыған,
Сөйлеуге жүрек талпынған /Махамбет/
Боз орданы тіктім деп,
Боз ағашты жықтым деп /Махамбет/
Бақытсыз туған ерлердің
Бақытсызы не десең.... /Мұрат/
Законын қабат оқып толықтырдың
Законын екі жұрттың бірдей біліп.... /Мұрат/
Жаңылтты-ау мынау ақылды,
Жаңылмай ақыл не қылсын.... /Насихат/
Ел ішіне жау келіп,
Ел қайраты борланды.. /Насихат/
Біреулер жатыр белім деп,
Біреулер жатыр тізем деп /Аралбай/
Кімдердің тауы шағылып,
Кімдердің сағы сынбаған /Аралбай/
Міне, осы мысалдардан ақын-жыраулардың жырларында қатар тұрған екі
тармақтар ғана сиректеу түрде әдепкі қайталаулар, яки анафоралар кездеседі.
Анафоралармен салыстырғанда кезекті қайталаулардың, яғни эпифоралардың көп
болатындығы байқалды. Кезекті қайталаулардың бір ерекшелігі көбіне айтылатын
логикалық ойдың аяқ жағында келіп, ақын пікірін нығарлай түсуге қызмет етеді. Ой-
тұжырымдар сол қайталаулар арқылы анық, терең ұғуға мүмкіндік жасаумен бірге,
поэзиядағы, әсіресе, тармақ аяғындағы үндестікке сән, ойдың гармониялық жағынан
қиындасуына мән береді. Тыңдарманды ерекше жігерлендіріп, желпіндіреді,
қанаттандырады, эстетикалық әсері күшті болады.
Сен жоғары кеткен соң,
Төменгі болған жиынға
Жиембет кез келген соң,
- Жүйрігім, сөйле деген соң,
- Айт – деп рұқсат берген соң
- Астана жұртты көрген соң /Бала Ораз/
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
30
Қолымдағы қу ағаш,
Сайрап отыр бұл ағаш
Асылы емен, қарағай
Шыққан жері су ағаш.
Аруақты ерлердің
Қолындағы ту ағаш.
Жаның сая табатын
Орман болған бұл ағаш
Қорыққанға жалғызға
Қорған болған бұл ағаш /Қашаған/
Кемпір мен шал жетім,
Бақыты тайған би жетім.
Қатынсыз қалған үй жетім
Сатып алған құл жетім,
Құлдықта қалған ел жетім /Қашаған/
Түрлі-түрлі сөз берген,
Сөйлеуге бізге тіл берген.
Біреуге өшпес күн берген,
Біреуге қымбат пұл берген /Өскенбай/
Бұл келтірілген мысалдар кезекті қайталаулардың қатар тұрған тармақта
келген түрлері. Поэтикалық тармақтардың әрбіреуінде бір сөз қайталанып келіп
отырады. Ал кейде кезекті қайталаулардың бір түрлері араларына тармақ тастап
қайталанады.
Жерді көркем көрсеткен
Төбесі мен обасы.
Көлді көркме көрсеткен.
Қамысы мен қоғасы.
Жайықты көркем көрсеткен
Жағалай біткен ағашы.
Жігітті көркем көрсеткен
Жеделдес өскен ағасы.
Ағаны көркем көрсеткен
Төрде отырған бабасы /Мұрат/
Адамы қойдай қырылып,
Құлағызып жер қалды-ау!
Қарағай, қайың, тал, терек
Қалың орман ну қалды-ау!
Қиқулап құстар қонатын
Суы тұнық көл қалды-ау!
Тәрбиелеп өсірген
Ата мен ана – бұл қалды-ау! /Махамбет/
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл мақалада Батыс Қазақстан ақын-жырауларының, соның ішінде
Махамбет, Мұрат, Өскенбай, Бала Ораз, Қашаған, Насихат, Аралбай, Досжан,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
31
Қашаубай, Әбубәкір Кердері сынды ақын-жыраулардың жырларындағы қайталаулар
мен арнаулардың қолданылуы нақты мысалдармен келтірілді.
Әдебиеттер тізімі
1 "Бес ғасыр жырлайды" жинақ. - Алматы:"Жазушы". - 1989.
2 Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі.- Алматы: "Ғылым". - 1991.
3 "Алқаласа әлеумет" жинақ. - Алматы:"Жазушы". – 1991.
Резюме
В статье рассмотрены использованные поэтами Западно-Казахстанской
области в своих эпосах таких художественных фигур как повторы и посвящения.
Были приведены примеры из произведений известных поэтов-жырау: Махамбета,
Кашаубая, Мурата, Есета, Нурыма, Досжана. В настоящее время данные
произведения считаются классическими. Рассматриваемые виды придают
красочность и выразительность произведениям поэтов-жырау.
Summary
In the article it is considered use by poets of the West Kazakhstan region in their
epics of such art figures as repetitions and dedications. The examples from works of
famous poets-zhyrau were given: Makhambet, Kashaubay, Murat, Eset, Nurym, Doszhan.
Currently for contemporary reader these works are considered as classical. It is shown
how these types of figures give brilliance and expressiveness to works of the poets-
zhyrau.
Қабылданған күні 02.11.2015 ж
ӘОЖ 94(574):002.2
Қ. Сүндетұлы
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттер даңғылы, 212
E-mail:
kylyshbay56@mail.ru
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН БАСПАСӨЗІНЕ СТАЛИНДІК БИЛІКТІҢ ОРНАУЫ
Аңдатпа
Мақалада өткен ғасырдың зұлымдық жылдары сталиндік қуғын-сүргін
кезіндегі журналистердің ауыр тағдыры сөз болады. Орынсыз тағылған жаладан өз
ісіне шын берілген редакторлар сол заманның құрбаны болды.
Негізгі сөздер:
партия, тілші, октябрь, сот, съезд, хат, ұлтшылдық, зұлым, фашист,
агент.
Баспасөзге партиялық басшылық деген сөз ол партияның идеясын білдіреді
деген ұғым. Партия комитетінің тарапынан бақылау және көңіл бөлудің болмауы
баспасөз жұмысының өз бетімен кетуіне алып келеді, оның идеялығы мен әсерлігіне
жағымсыз әсер жасайды. Баспасөзге көңіл бөлмеу партия комитетінің өзінің де саяси
және ұйымдастыру қызметін төмендетеді деген принциптер ұстанды. Батыс
Қазақстан облыстық партия комитетінің 1936 жылы 27 наурызда өткен мәжілісінде
«Облыстық «Прикаспийская коммуна» мен «Екпінді құрылыс» газетінің жәйі
туралы» мәселе қараған. Мәжілісте аталған газеттердің редакторларының есепті
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
32
баяндамасы тыңдалып, төмендегідей мазмұнда қаулы қабылданды. Редакторлар А.
Шилкин мен С. Иманқұловтарға редакцияға келген мақалаларға терең талдау
жасап, газеттің редакция бөлімдеріне идеялық білімді мамандар тағайындау, 2
айдың ішінде 2 тілшіні әдебиет қызметіне тарту, өндіріс орындарынан тілшілер
постысын ұйымдастыру, стахановшылар қозғалысына, партия тұрмысына көп орын
беру және т.б. міндеттер тапсырылды [1].
Облыстық газеттер өз жеріндегі партия тұрмысын көбірек жазбағаны үшін
жиі сынға ұшырап отырды. Бастауыш ұйымнан бастап облыстық дәрежедегі
ұйымдардың күнделікті атқарған жұмысын барынша мадақтап, қолпаштап қалам
сиясы біткенше жаза түсу керек еді. Қанды қол И.В. Сталинннің жеке басына
табынушылықтың қызған шағында оның суреті немесе сөздері басылмай газеттің
атар таңы болмайтын. Барлық жерде оның жазған еңбектерін оқуға арналған
насихатшыларға көмек ретінде қысқаша баяндамалар басылатын. Батыс Қазақстан
обкомының 1940 жылы 20 мамырда өткен № 8 § 29 бюро мәжілісінде
«Приуральская правда» мен «Екпінді құрылыс» газеттері жұмысы тыңдалып, И.В.
Сталиннің «ВКП(б) қысқаша курсы» кітабы жақсы насихатталғанын атап өтіп, бұқара
халықтың арасында дінге қарсы ешқандай жұмыс жүргізілмей отыр делінді.
Республикада жергілікті жерде газеттердің таралымын көбейтудің шарасы
алынбай жатқанда, компартияның басты үні «Правда» қалың бұқара арасында
кеңінен таралмай отыр деген желеумен 1931 жылы 18 маусымда республика өлкелік
партия комитетінің мәжіліс қаулысымен 10 мамырға дейін 40000 дана газетке жазу
қатаң бақылауға қойылды. Олардың арасында тізім бойынша Батыс Қазақстандағы
облыстар мен округтер де бар болатын. Бұл деген «өзім дегенде өгіз қара күшім
бар» деген партиялық өктемдігінен туған бұйрық болатын. Компартияның төл
басылымы ретінде оның беттерінде Қазақстандағы баспасөздің даму жәйіне
тоқталып, көбіне бұл бағыттағы мақалалар отқа май құйғандай мазмұнда жазылды.
Кезінде республикада белең алған сталиндік қуғын-сүргіннің кеңінен етек алуына да
«Правданың» күшті ықпалы болғаны ақиқат. 1937 жылы 21 қыркүйектегі санында
«На поводу у буржуазных националистов» атты мақалада ҚОКП бірінші хатшысы
Л.И. Мирзоян және басқа республика басшылары «буржуазиялық ұлтшылдарды»
талқандауда енжарлық танытып отыр делініп сынға ілікті. Көп ұзамай 29 қыркүйекте
өткен республика жоғарғы партия ұйымының бюро мәжілісінде аталған мәселе
кеңінен талқыланып, «Правда» газетінде сын мақала өз кезегінде дұрыс деп
табылды. Сөйтіп, қабылданған қаулының ақыры Л.И. Мирзоян бастаған республика
басшыларының тұтқындалып, кейін атылып кетуіне себепші болды [2].
Газет қызметкерлері арасында саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болып, бірін-
бірі көрсету, түймедейді түйедей қылып көрсететін асыра сілтеу үстем болды. Газет
бетінде жарық көрген материалдар негізінде тиісті жолдастар партиядан
шығарылды. Герман-жапон тыңшысы, троцкий-зиновьевті жақтаушылар деген
айыппен жазықсыз ажал оғына бастарын байлады. Бұл мәселе 1937 жылы 7
тамыздағы Орталық комитеттің бюросында хатшы Л.И. Мирзоянның республика
баспасөзі туралы сөйлеген сөзінде Ақтөбе, Оңтүстік, Алматы, Қарағанды, Батыс
Қазақстан облыстарының газет қызметкерлерін және осы саланы басқаратын
обкомның хатшылары жұмысын сынға алғаннан кейін тіпті күшейіп кетті. Елім деп
еңіреген, керек десе шыбын жанын пида етуге әзір болған Жымпиты (Орал), «Ерік»
(Гурьев), «Кедей» (Ақтөбе) газеттерінің алғашқы редакторлары А. Мәметов, Т.Б.
Өтеулиев, С. Жақыпов, І.М. Құрамысовтар саяси қуғын-сүргіннің құрбандары болды.
Солардың қатарындағы Т.Б. Өтеулиев Орал облысы, Жымпиты уезінде 1889 жылы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
33
туған, ауыл мұғалімі. Мәскеуде Свердлов атындағы коммунистік университет
жанындағы қысқа мерзімді курста оқыды. Гурьев уездік партия комитетінің хатшысы
болып жүргенде газеттің алғашқы сандарына жауапты редактор ретінде қол қойып,
өлкенің саяси-мәдени дамуына зор үлес қосты. Бірақ жаңа кеңестік үкіметті орнату
ісінде Гурьев уезі басшыларының арасында теке тірес орын алады. 1925 жылы 2
шілдеде Б.Т. Өтеулиев «Орал ұйымында ұзақ болғандықтан, айналасында қолайсыз
жағдайлардың тууына байланысты» деген сылтаумен Семейдің партия ұйымының
ұйымдастыру бөліміне ауыстырылады. Осында жүріп облыстық партия, кеңес
органдарында және газеттің редакторы секілді жауапты қызметтерді абыройлы
атқарады. Әсіресе Төлепкерейдің табандылығы мен білімдарлығы, орыс тілінде өте
сауатты сөйлей де, жаза білетіндігін замандастары өте жоғары бағалаған.
Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшысы Ф.И. Голощекин жүргізген
қазақ интеллигенциясының бас көтергендерін торғайдай тоздырып, жаппай
құрбандыққа шалу саясатын НКВД жендеттерінің қолдай кеткені баршаға аян. Міне,
осы тұста Төлепкерей Бисұлтанұлы «Кіші октябрьдің» көсемі Ф.И. Голощекиннің
саясатына қарсы көзқарасы қалыптасады. Ел арасында жүргізген әкімшілік теріс
саясаттың, қазақ зиялыларының көшбасшыларын қудалаудың нәтижесінде
жазықсыз жандар түрмеге қамалды, НКВД құрсауында отырды. Т.Б. Өтеулиевтың
Адай округтік партия комитетінің жауапты хатшысы болып жүрген кезінде 1929 жыл
26 қаңтарында Ф.И. Голощекинге жазған хатынан үзінді келтіре кетсек орынды:
«Құпия»
Құрметті Филипп Исаевич!
Мен бұл хат арқылы Сізге азғана шағым айтқалы отырмын. Өзіңізге жақсы
белгілі болғандай, осы уақытқа дейін Адайда күлерлік нәрселелер көптеп етек алды.
Қазір барлық карта ойыны ашылды және барлық ұйым аяусыз тексерілуге алынуда.
Активтің бәрі түгелге жақын топқа бөлініп, қылмысты болды. Бір бөлігі қылмысқа
тартылды, бір бөлігі тергелуде, бір бөлігі тұтқындалды және тағысын тағылар.
Сонымен біз армиясыз генерал сияқты болып қалдық... Сізге тағы да өтініш
жасаймын. Совет қоғамдық жұмысын басқаруды қамтамасыз ететін адамдармен бізді
қолдап жіберсеңіз екен» [3].
Бұл хаттың мазмұны оған қатты тигені соншалық Т.Б. Өтеулиевты бұл
қызметтен босатуға мәжбүр болады. Хаттың сырында жоғарғы басшылардың
солақай саясатының пайда болған Адай жеріндегі озбырлық, ретсіздіктің кесірінен
халықтың арасында қатты толқу туғаны айқын аңғарылады. Шындығында, Форт-
Александровскіден Адай округінің орталығын Гурьевтен де асырып, Ақтөбеге таяу
Ойылға көшіргеннен үкімет ешқандай пайда таппай, халықты босқынға ұшыратты.
Шындықты айтқандары тергеліп, жер ауды немесе атылып кетті. Т.Б. Өтеулиевтың
ендігі тағдыры қиыншылыққа толы болды. 1930 жылы Атбасар түсті металл тресінде
басқарма бастығы, Степняктегі алтын-мыс тресінде директор, 1930 жылы 20
қаңтарынан Петропавловск округтік прокуроры қызметіне тағайындалады. Бірақ оны
бұл лауазымдарда көп тұрақтатпайды, сол жылы «Каззолото» тресі
басқарушысының орынбасарлығын өмірінің соңына дейін атқарады.
Қазақ халқының болашағына шын берілген, саяси сауатты Төлепкерей
Бисұлтанұлының Алашорда мемлекетінің армиясындағы қызметі және Адай округтік
партия комитетіндегі хатшылық кезіндегі саяси ұстанымдары үшін сталиндік
зобалаңға тап болады. 1937 жылы Төлепкерей Бисұлтанұлы Алматы қаласында
«Каззолото» тресінің басқарушысының орынбасары болып жүргенде НКВД-ның
қолына жазықсыз түседі. Ол бір түнде тұтқынға алынып, барлық дүние-мүлкі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
34
тәркіленеді. Соңында Фатима атты зайыбы мен үш баласы тағдырдың тәлкегіне
шыдап қала барады. «Жапонияның агенті», «троцкишіл», «алашордашыл халық
жауы», «Жалау Мыңбаев, Смағұл Сәдуақасов, Сұлтанбек Қожановтардың
«құйыршығы» көздеген мақсаты – Қазақстан партия ұйымын большевиктер
париясының құрамынан бөліп әкету, кеңес қоғамына іріткі салу» деген жазықсыз
айыптар тағылады. Ақыры осындай айыппен Т.Б. Өтеулиев Алматы қаласында 1938
жылы 8 наурыз күні ажал оғына байланды.
Тарихтың «ақтаңдақ» беттеріне айналған сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны
болған газет қызметкерлері қаншама?! Солардың бірі - Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе аудандық газетінің редакторы Әділбай Жылкелдин еді. Ә.Жылкелдин бас
аяғы 2 жыл редактор болған кезінде аудан шаруашылығында партияның қойған
талабын орындамаған деген айып тағылып темір тордың аржағына қамалады.
Редактордың өмір тағдырына арнап оралдық елге танымал, ардагер журналист Қ.
Хасанов «Қылмыстық іс № 24631» атты деректі мақала жазған еді. Осыдан үзінді
келтіре кетсек: «Жылкелдин Әділбайға ашылған, қазір мұрағатта сақталған
қылмыстық істің № 2463. Ашылған уақыты 1938 жылдың наурыз айының 24-і.
Дұрысында, оның тұтқынға алынған уақыты – 21 наурыз. Қылмыстық істің ішінде
оның 156870 санды партиялық билеті мен 3664525 санды комсомолдық билетінің
болғандығын, көтерілген қылмыстық істің ішінен оның АЖ № 614011 төлқұжатын өз
қолымызбен ұстап көріп, ойға қалдық. Ә. Жылкелдинге қандай кінә тағылды десек,
қалың істің ішінен ұққанымыз төмендегі болды. Кеңес үкіметіне қарсы жасақталған
ұлттық-фашистік ұйымның белсенді мүшесі. Ауыл шаруашылығы саласында зиянды
әрекеттерімен колхозды, ТОЗ-ды ыдыратуды мақсат еткен. Газетте жазған
мақалалары арқылы қуаңшылық жерге егін еккізіп, жоспарлардың орындалмауына
арнайы жағдай жасаған. Отанға тигізетін зияндар, шаруашылық науқандары жайлы
дұрыс мақала жазбаған. Сөйтіп, Ұлы Отан соғысы қарсаңында жапон-неміс
барлауының агенті ретінде өзінше зиянкестік әрекет жасаған... 1938 жылдың наурыз
айының 21 күні тұтқындалып, 24-нен бастап 58 статья бойынша қылмысты деп
тауып, № 2463 қылмыстық іс көтерген. НКВД-ның Қаратөбе аудандық бөлімінің
қызметкерлері жан-жақты жұмыс жүргізген. 1938 жылдың қараша айының 13 күні
Алматы қаласында КСРО Жоғарғы Сотының әскери коллегиясының көшпелі жабық
сотында қылмыстық ісін дәлелдейтіндей заттық дәлелдеулер болмаса да, жауапқа
тартылған. Сотталушының сот залында отырғанын, бірақ ешқандай куәлардың
шақырылмағанын, Ә.Жылкелдиннің өзінің кінәсін мойындамағаны, бірінші тергеулер
кезінде өзінің аурулығына байланысты қойылған кінәні мойындай салдым деп
айтқан жолдарын оқыдық. Серікбаевтың оны ешқандай үгіттемегенін, өзінің бұрын
да адал болғанын, осы жағдайдан ешқашанда айнымайтындығын айтқан Ә.
Жылкелдинді 10 жыл түрмеге қамауды, дүние-мүлкін кәмпескелеуді, тұтқындау
мерзімін 1938 жылдың 21 наурызынан бастап есептеуді шешкен сот үкімін оқыдық.
Әділбай Жылкелдин 1945 жылы шілде айының 7 күні Хабаровскі өлкесіндегі
концлагердің біреуінде қайтыс болған» [4].
Қолдан жасалған компартияның жазалау саясатын қолға ұстап, атқа қонған
шолақ белсенділер талай адамның түбіне жетті. Елі мен жері үшін қолындағы
қаруымен, керек десе жанын беруге даяр болған, революция жеңісін қорғаған
жандардың тағдыры тергелмей, тексерілмей бір түнде «үштік» шешімімен атылып
кете барды. «Ізмұқан Құрамысовпен пікірлес болды» деген сылтаумен 1937 жылы 2
қарашада Батыс Қазақстан облысының Теңіз, Қазталовка, Шыңғырлау, Жәнібек
аудандарына үкімет басшысы Л. Мирзоянның жеке тапсырмасымен келген комиссия
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
35
біраз адамның басына бұлт үйірді. НКВД орындары «халық жауы» деп
аталғандармен бір кезде бірге шай ішіп, дастарқандас болғандар түгел, мал
қораларында кездесіп, амандасқандары үшін қарапайым малшыларды да халық
жауларының ауыз жаласқан дәмдес, сыбайластары немесе құйыршықтары аталды,
айдауылмен абақтыға тықты. Күнәсіз адамдарды қаралап, «халық жауы» деген сөзді
зорлап таңған ОГПУ-НКВД басшылары дәлелденбеген істерді дәлелденді етіп, өз
абыройларына жалған абырой жамаған қызметкерлерінің арқасынан қағып, аспанға
көтерді, марапаттады.
1937 жылы 8 желтоқсан күні құпия түрде берген «ҚОКП ОК ұйымдастыру-
партиялық бөлімнің Батыс Қазақстан облысы аудандық партия комитеттері
хатшыларын жұмыстан алу және партиядан шығару туралы» есебінде былай
делінген:
«...9. Қошанов - бұрынғы Орда ауданының хатшысы, бұрынғы облыстық
«Екпінді құрылыс» газетінің редакторы. Ол төмендегі айыптаулар қортындысымен:
а) Ірі бай адайдың баласы;
б) контрреволюциялық күштердің ықпалымен бұрынғы Адай округін сақтап,
адай байлары мүлкін тәркілеуден сақтап қалу үшін күрескен;
в) Қошанов Құрамысовпен бірге осы ауданда үстем болған арақ ішушілік,
колхозшылардан қой алу және т.б. берекетсіздікке қатысқан.
Тұтқындалған ұлттық-фашистер өз түсініктемелерінде І.Н. Қошановтың
контрреволюциялық ұлттық ұйымда тұрады деп көрсетті [5].
Қошанов деген кім еді?! Қошанов Ізбай Нұржігітұлы (1906-1938). Батыс
Қазақстан облысы Маңғыстау ауданында дүниеге келген, қазақ. 1935 жылдың
ақпанынан Орда ауком хатшысы, 1937 жылдың маусымынан ҚОКП Батыс Қазақстан
ОК мәдени-ағарту көпшілік жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, облыстық газет
редакторы, облыстық оқу бөлімінің нұсқаушысы болып қызмет атқарған. 1938 жылы
13 қарашада сотталып, сол күні атылған. 1969 жылы 23 сәуірде ақталған.
1937 жылы І.Н. Қошанов редакторлық еткен «Екпінді құрылыс» газетінің
маусым және шілде айындағы сандарына шолу жасаған ҚОКП ОК баспа ісі және
баспасөз бөлімінің есебінде мынадай айып тағылған болатын: «Редакция өз
жұмысын ВКП(б) ОК Ақпан пленумы мен Қазақстан компартиясының І съезі
шешімдері көрсеткен талапқа сай құра алмаған... газет партия ұйымдарының халық
жауларымен, ұлттық-фашистермен күресі туралы жұмған аузын ашпаған. Редакция
2 айда бар болғаны 3 материал басыпты, онда да «Социалды Қазақстан» газетінен
көшіріп басыпты». Осы ақпар да оған «құланның қашуына, мылтықтың басуы»
дегендей қосымша болған секілді. Кейін 1937 жылы 13 қазандағы Батыс Қазақстан
обкомның № 68 мәжілісінде «Еңбекші құрылыс» газетінің редакторлығына
Абдырахман Жақсылықов тағайындалады.
Батыс Қазақстан облысындағы сталиндік қуғын-сүргіннің алдыңғы толқыны
«Екпінді құрылыс» газетінен басталды. 1935 жылы 6 шілдеде өлкелік партия
комитетінің бюро мәжілісінде «Екпінді құрылыс» газетінің редакторы Е. Бекенов
Алматыға жұмысқа ауыстырылады да, оның орнына С. Иманқұлов тағайындалған
болатын. 1937 жылдары «Екпінді құрылыс» редакциясының басынан бұлт кетпеді,
осы бір абзал азамат жазықсыз жапа шекті. Иманқұлов Сәтбек Сәрсенұлы 1904
жылы Орал облысы Қаратөбе болысының Ханкөл ауылында туған. 1937 жылы 5
қыркүйекте тұтқындалған. Сол кезде ол облыстық «Екпінді құрылыс» газетінің
редакторы еді. 1938 жылы 8 наурызда РСФСР ҚК 58-2, 58-8, 58-11 баптарына сйкес
КСРО Жоғарғы Сотының көшпелі сессиясының үкімімен Алматы қаласында соттаған.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
36
Сол күні атылған. КСРО Жоғарғы сотының 1958 жыл 1 наурыздағы ұйғарымымен
ақталды.
Сталиндік қуғын-сүргін заманында газеттер өте қиын, қауіп пен қатерлі
жағдайда өмір сүрді. Буржуазияшыл ұлтшыл элементтердің сойылын соғып кетпеу,
компартияға қарсы тұратын сөз болмау қатты басты назарда ұсталды. Батыс
Қазақстан обкомы бюросының 1936 жыл 16 ақпан күнгі № 11 § 2 қаулысында, Бөрлі
аудандық «Колхозная правда» газетінің редакторы Г. Албинды контрреволюциялық
мазмұндағы «Трактористер әні» атты өлеңді басқаны үшін жұмыстан босатқан.
Бұдан бұрында редактор қызметінде ол кеңес өкіметіне қарсы сөздерді басып,
партияның саясатын бұқара арасында теріс түсіндіргені үшін партиялық жазаға
тартылған болатын.
Редакторлар қол қойған газеттегі қате кеткен сөйлемдегі әрбір үтір, нүкте
есепке алынды. Ол газеттің барлық қызметіне, идеялық дәрежесіне, оның мазмұны
мен әсерлігіне жауапты болды. Редактор − баспасөз орындарына авторлар
қауымынан түсетін қолжазбаны қабылдап, редакциялап шығаратын, оны жарыққа
шығаруды басқаратын жетекші, басшы творчестволық қаламгер. «Редактор −
халық ойының, партия ойының өкілі» деп аталды. Редактордың қызметінің үлкен
алаңы – бұл газеттің кезекті санын өңдеу мен шығару жұмыстары. Ол оқып шығып,
әрбір газет бетіне басып шығаруға қол қойып, кез келген мақаланың мазмұны мен
сапасын мұқият қадағалауға міндетті. Сондай бір факті: «Ембі жұмысшысының»
1937 жыл 16 желтоқсандағы № 14 санындағы сайлау алды Мәскеу сайлаушылары
алдында сөйлеген И.В. Сталиннің сөзінде әріптен қате кеткені үшін редактор Қ.
Бөріқұлақовқа қатаң сөгіс берілген.
1937 жылы 1-2 сәуірде Батыс Қазақстан обкомының Х пленумында С.
Кальментев (көптаралымдыды газет редакторы) троцкизм мен зиновьев,
каменовтерге болған сот процесін қолдай отырып, округ газеті «контр» және
революция деген сөзді бөліп жазағаны үшін айыпты болғанына реніш білдіреді.
Округ хатшысы Х. Ақботинге кіріп осы жәйді түсіндіріп ақталып шыққан. Қоғамда
белең алған сталиндік ізге түсуден журналистер арасындағы алауыздықтар күннен-
күнге өрши түсті. Гурьев округтік партия комитетінің хатшысы Қ. Өтеғалиевке
«Социалды құрылыс» газеті редакторының орынбасары Ғ. Аманғалиев төмендегі
мазмұнда хат жолдапты: «Социалды құрылыс» газетінің редакторы Ш.
Қожахметовтың қылмысты істері әшкереленіп, жұмыстан босатылғанына бір ай
уақыт өтсе де газет редакторсыз және тексерілген кадрлармен толық қамтамасыз
етілмей отыр. Әлі күнге партия тұрмысы бөлімін антипартиялық «16 тобының»
мүшесі, партия қатарынан шығарылған Несіпбеков басқарады, ал оның «СҚ»
редакциясы құрамында қалуы мүмкін емес деп санаймын». Сөйтіп, өзінің
ұсыныстарын, атап айтқанда газет редакторлығына коммунистік жоғарғы
институтын бітірген С. Төлебаевты, бұрынғы редактормен келіспей жұмыстан кеткен
Еспол ауданы, Топайлы селосындағы мектепте мұғалім болып жүрген К.
Ізімбергеновті және т.б. жұмысқа қайтадан шақыру туралы ұсыныс айтқан.
Жоғарыда айтып өткендей, 1937 жылы 5 қарашадағы Гурьев округтік
«Социалды құрылыс» газетінің қызметі туралы осы газетке практикадан өтуге
келген КИЖ-дің студенттерінің Қазақстан ОК баспа ісі және баспасөз бөліміне
жазған есебі «партизандық іс» қимылдан туған секілді. Олардың газет туралы
жазған хатының қысқаша мазмұны төмендегідей: «КСРО Жоғарғы Кеңесі сайлауына
арналған материалдарын басқанда И.В.Сталин туралы қате жіберген. Газетте халық
жауы болып кеткен Сәкен (Сейфуллин – автор) атындағы станция атын басқан,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
37
газет редакциясы аппараты сезікті адамдардан құралған. Бұрынғы редактор Ш.
Қожахметов редакция қаржысын талан-таржыға ұшыратқан. Редактор орынбасары
Ғ. Аманғалиев, партия бөлімінің меңгерушісі алашордашыл Н. Несіпбеков бұған
белсенді қатынасқан. Олар редакция аппаратын бұрын сотталған адамдардан
құраған. Мысалы, кеңес жұмысы бөлімінің меңгерушісі Есекенов жұмыстан алынған,
бірақ орнынан халық жауы Хангереев тобымен байланыста болғаны үшін Маңғыстау
аудандық газеті редакторлығынан босатылған Т. Мұхамбетовты отырғызған. Газет
редакторы С. Төлебаев газет ісінен ешқандай хабары жоқ, бұл белгілі іске ешқандай
назар аудармайды т.б...» [6]. Дәл осындай «Саяси бейқам редактор және дімкес
редакция» атты мақала 1937 жылы 15 желтоқсанда «Екпінді құрылыс» газетіне
шығып, отқа май қыздыра түсті. Алайда Батыс Қазақстан обкомның 1937 жыл 28
желтоқсанда өткен бюро мәжілісінде мақалада көрсетілген кемшіліктердің басым
көпшілігі шындыққа жақын емес, бұрынғы басшылардың кезінде болған, газет
«тазартылған жаңа құрамда еңбек етуде» деп баға берілді. Корректорлар
тарапынан кеткен 2 қатеге бола редактор С. Төлебаевқа қарсы күйе жағу дұрыс
емес деп шешті.
Газет тілшілері жазған хаттарға назар аудару, олар жергілікті жерде болып
жатқан қылмыстарды анықтауда партияның қолқанаты болатын. Тілшілерді өз
қолшоқпарларына айналдырған партия тілшілер хаттарына көңіл аудармаған газет
қызметкерлерін қуғынға ұшыратты. Батыс Қазақстандағы «Казахстанская правда»
газетінің меншікті тілшісі Столяров 1938 жылы 23 маусым күні Орал қаласынан
Алматыға Орталық комитеттің жауапты қызметкері Шабкеновке «Прикаспийская
правда» газетінің жұмысы туралы төмендегідей хат жолдапты: «Соңғы күндері жаңа
факті анықталды. Газеттің бұрынғы редакторының орынбасары Васильев партия
тұрмысы бөлімі меңгерушілігін қоса атқарған тұста ауыл-село тілшілері «сигналды»
1937 жылы қазан айында-ақ хабарлаған. Қазір «халық жауы» болып анықталған
Орал қалалық партия комитетінің бұрынғы хатшысы Андреев, облыстық атқару
комитетінің төрағасы Спиров және басқалар туралы хаттар редакцияға түскен. Бірақ
редактор Кньязев мұны теріске шығарып отыр. Кньязев бұрын көп жыл Гурьевтің
«Прикаспийская коммуна» газетінде редактордың орынбасары болған, қазір онда
НКВД органдары көп жауларды ұстауда. Жиналыс Кньязевті тексеруге ұсыныс
жасады».
Адамдардың құқын аяққа басып заңсыз атқа мінерлер мен шолақ әкім-
қаралардың қарапайым халыққа жасаған озбырлығын әшкерелеуде округтік
газеттер белсенді рөл атқарды. Тілшілер оқырмандардың көңілінен шыққан
газеттерді арқа сүйеп жергілікті басшылардың озбырлығы, әділетсіздігі туралы
мақалалар басылып жатты.
ХХ ғасырдың отызыншы жылдардағы мұрағаттар деректері мен газеттерінің
қай бетін ақтарсаңыз да «троцкистік-зиновьевтік террорлық бандалар» деген
айдардан аяқ алып жүре алмайсың. Қолдан жасалған ойыншық саясат қаншама
адамның түбіне жеткеніне іштен қатты налисың. «Ұсталған бандылар түп
тамырымен жойылды. Үрген иттер атылды. Троцкистік-зивовьев бандысы жер
бетінен құртылды. Жоғарғы сот әскери коллегиясының шығарған үкімін барша
халық қолдайды. Ұлы Сталинің ХVII съезі мінбесіндегі сөздерін естен шығармаймыз»
деп жар салды.
Ардагер журналист Жайық Бектұров ағамыздың Москвада Н.Бухарин,
А.Рыков және басқаларға жүріп жатқан сұрапыл соттың хабарын былайша береді:
«1938 жылы 12-13 наурыз күндері сот барысы газетке күнде басылады. Бір сөз, бір
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
38
әріп жаңсақ кетсе, бас кетеді. Баспаханада кезекші боламыз. Зәреміз жоқ. Әсіресе,
«Ұлы Сталин» дейтін сөздегі «Ұ» әрпінің сол кездегі үстіне қойылатын кішкене
сызығы, не беліндегі жазатайым ұшып кетсе, «Улы Сталин» болады да, кезекші не
корректор құрбандыққа шалынады» [7]. 1937-38 жылдары жарық көрген
Қазақстанның батыс өлкесіне қатысты газеттер беттерін ақтарғанда мынадай сөз
тіркестерін оқып, төбе шашың тік тұрады: «ұлтшылдық», «қандыауыз төбетер
тобы», «зұлым», «екі жүзді», «қаскүнем», «арамза», «зиянкес», «сатқын», «шпион»,
«ұялас», «террорист», «қандыбалақ қарақшы», «кісі өлтіруші», «жегі құрт», «бүйі»,
«жылан», «фашист», «агент».
Газетті адамдар бір-бірінен өш алу, қаскүнемдік пиғылдарын жүзеге асыруға
да пайдаланып кеткен. Газеттің бетіне шыққан мақалалар мен сапасына шолу
жасаған «Екпінді құрылыс» (Орал), «Социалды құрылыс» (Гурьев) газеттері де
болды. Мысалы: «Екпінді құрылыс» газетінің 1934 жыл 16 қаңтардағы санында
Маңғыстаудағы «Байдың отына май құйғандық» деген атпен «Колхоз жолы»
газетінің бетінде жарияланған «Бояманың бес түрі» атты мақаланы қатты сынға
алған. Осы «Колхоз жолы» газетінің өсу жолдарында өзге мерзімді басылымдар
тәрізді қиын кезеңді бастан кешкен кездері де болды. Ұлтшылдардан сақ болу
туралы «жоғарғы жақтың» нұсқаулары күндіз-түні беріліп отырды. Сол кездегі
аудандық партия комитетіне жазған газет редакторы Н. Меңдығалиевтың қатынас
қағазына үңілсек: «Аудандық балықшы кооперативі 9 хат, одақтық бөлімі де 9
хатқа жауап бермей отыр.Тілші хаттарының тергелмей аяқсыз қалуы, ол баспасөздің
тілшілер алдында беделін жойып, маңызын түсіруге себеп болады». Газеттің уақыт
талабына сай барынша жігерлі жұмыс істегені туралы газет редакторы
Т.Мұхамбетовтың берген мынадай ақпары бар: «1934 жылдың 1 қаңтарынан 1935
жылдың 1 қаңтары аралығында 1508 мақала түссе, соның 950-і газетке басылса,
заң орнына 128 жіберілген, егіске - 170, мал шаруашылығына - 203, партия туралы -
85, жастар туралы - 52, денсаулыққа - 80, 400-і қылмыстық істер туралы болған.
Барлық тілшілердің саны – 78. Осылардың ішінен тергеуде 22, анықтамада 67,
жолдастық сотта 1, әкімшілік шараға 4 тартылып, 89 іс бойынша 51-і сотқа берілген,
онымен 67 адам жауапқа тартылды. Газеттерге жоғарғы партия ұйымынан жауапты
өкіл бекіту әдісі практикаға енді. 1936 жылғы 5 қарашадағы Батыс Қазақстан
обкомының «Аудандық және округтік газеттерге шолу туралы» туралы бюро
қаулысына сәйкес бөлім меңгерушісі Қождуанов жолдас Маңғыстау аудандық
«Колхоз жолы» газетіне шефтік көмек беруге беркітілді. Обкомның жауапты
қызметкері газетпен тығыз байланыс жасап қана қоймай, практикалық көмек
ұйымдастыруды, 2 ай сайын жарық көрген нөмірлерге жасаған редакциялық
шолуларын үгіт-насихат бөліміне жолдауды міндеттеді. Осылайша компартия
үстемдік құрған кездегі өлкедегі газет редакцияларының жағдайы аянышты болды.
Олардың әрбір басқан ізі аңдулы болып, қатаң цензурадан өткенін көріп отырмыз.
Газет бетіндегі кеткен редакциялық қателер үшін қаншама азаматтар қылмыскер
атанды, қуғын-сүргіннің құрбанына айналды. Дегенмен де ұлт болашағын ойлап,
қоғамның қатаң заңымен бірге өмір сүрген қазақтың адал перзенттері
қиыншылықтарға мойымады, өз өмірлерін қазақ халқының болашағына құрбан етіп
байлады.
1937 жылы 1 тамызда берген Қазақстан партия комитетінің Мәскеудегі
жоғарғы органдарға берген «ВКП(б) Ақпан пленумы мен ҚОКП І съезінің баспасөз
туралы шешімдерін жүзеге асыру туралы» ақпарында мынадай мәліметтер бар:
«Баспасөз кадрлары мүлде жетіспейді... Батыс Қазақстан облыстық газеттеріне 15
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
39
адам керек. Аудандық газеттердің де жәйі онша мәз емес. Батыс Қазақстан
облысындағы аудандық газеттер редакторының 5 орны бос тұр. Осы мезгілде
«халық жауы» ретінде анықталып, облыстық газет редакциясынан қуылғандар саны
– 14 болса, оның 4-уі редактор. Аудандық газеттің 7 редакторы әшкереленді. Бұл
адамдардың барлығы дерлік халық жаулары троцкистер мен ұлттық
контрреволюционерлер болып шықты». Осындай қолдан жасалған сталиндік
жазалау машинасы талай журналистердің өмірін қиды. Күн санап баспасөзге саяси
бақылау жасау шаралары күшейтіле берді. Газет қызметкерлерінің қолжазбалары
партияның талабына сәйкес болғанда ғана жарияланды. Сөйтіп, қоршаған өмірдегі
қоғамдық-саяси құбылыстарды реалистік тұрғыдан жазу мүмкіндігі шектеулі болды.
Кеңестік үкімет қаншама қаһарлы күш-айбат танытса да, шындық үшін шырылдаған
қаламы жүйрік журналистерді құрта алмады. Қайта қоғам өзгерген сайын
халқымыздың мүддесін қорғайтын, олардың қамын жейтін олардың жаңа легі өсіп
шықты. Бүгінгі жас ұрпақ оларды ешқашан да ұмытуы тиіс емес.
Достарыңызбен бөлісу: |