ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, тұлғалық сөз таптары синтаксисі ең алдымен сөздер мен сөз
тұлғаларының (түбір мен қосымшалардың бірлігі) тұлғалық тіркесімділігін,
формальды валенттілігін зерттейтін сала болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
1
Маслов Ю.С. Введение в языкознание.- М., Высшая школа, 1987. – 282 с.
2
Бодуэн де Куртенэ И.А. Избранные труды по общему языкознанию. В 2 т.- М.,
Изд. АН СССР 1963. Т 2. – 392 с.
3
Харрис З. Совместная встречаемость и трансформация в языковой структуре
//Новое в лингвистике. Т. ІІ.- М.: Изд. Иностранной литературы, 1962.
Резюме
В статье рассматривается синтаксис частей речи как отдельный раздел
синтаксической науки современного казахского языка и место разных корневых и
аффиксальных морфем в словосочетаниях и предложениях. Отмечается, что с этой
точки зрения важной особенностью является формальная и семантическая
валентность морфем.
Summary
In the article the syntax of parts of speech is examined as a separate division of
syntactic science of modern Kazakh and place of different root and affixation morphemes
are in word-combinations and sentences. It is marked that from this point of view an
important feature is formal and semantic valency of morphemes.
Қабылданған күні 04.11.2015 ж
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
56
ӘОЖ 82
А.Н. Дәулетова
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттер даңғылы, 212
E-mail: d.anara06@mail.ru
«ЕСІМ ХАН» ЖЫРЫНЫҢ КӨРКЕМДІГІ
Аңдатпа
Мақалада «Есім хан» жырының стилі, жырдағы дәстүрлі сарындар,
фольклор ізі, батыр ерлігі, жалпы эпикалық образ жсаудағы көркемдік әдіс-
тәсілдердің қолданысы сөз болады. Сонымен қатар осы әдіс-тәсілдердің мәтіндегі
қызметі, жазушы тілін байытудағы ролі әңгімеленеді.Аталмыш әдіс-тәсілдер жазушы
шеберлігін танытады.
Негізгі сөздер:
эпос, гипербола, теңеу, эпитет, ассонанс, аллитерация,
композиция, ирония.
КІРІСПЕ
Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды,
оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған
жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген. Есім хан – Шығай ханның баласы, ол
бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрып, билік
жүргізді. Туған ағасы Тәуекел ханнан кейін ел билігін қолға алған Есім хан Қазақ
Ордасын 1598 – 1628 жылдары басқарды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
«Көркемдеу құралдары - нақты тарихи эпостардың эпикасын құрайтын
компоненттің бірі. Демек қаһарманды дәріптеу, композициялық құрылыспен ғана
емес, бейнелеуші құралдар арқылы да жүзеге асырылады». Нақты эпостарда
дәстүрлі эпос үлгілеріндегідей, бейнелі сөз үлгілері мен әдістер мол болмаса да
кездесіп отырады. Соның бірі эпикалық образ жасауда жиі қолданылатын әсірелеу
ұлғайту мен кішірейту тәсілдері ауыз әдебиетінде әсіресе батырлар жырында көп
қолданылады. Мұндағы мақсат – тыңдаушы жұртқа тосын әсерлер туғызу, оларды
қызықтыру. Сөйтіп суреттеліп отырған образды көңілге ұялату. Нақты тарихи
эпостарда да басты қаһармандарды әсірелеп көрсету кездесіп отырады. Мәселен,
«Еңсегей бойлы ер Есім» жырында мына жолдар соның айқын дәлелі:
Жауған қардай садағын
Тартып-тартып жіберді.
Сап-сабымен қиратып,
Тағы өлтірді көп ерді.
Әр оғына он өлді,
Қырына келсе, қырық өлді
Айналып келсе арқадан,
Құлата берді шалқадан.
Бірқатары тағы өлді [2,271]
немесе:
Ешкім осал демейді,
Ұрыстың алған әдісін,
Қоңырат алатау ерді.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
57
Қойдай қырып, айдап жүр,
Кез – келгенін жайлап жүр,
Шымалдан көп ел екен,
Шегірткемен тең екен,
Есекең барып еңсерді
Көрмеген қырғын ел екен.
Бұл топтай берілген батырлардың жырдағы соғыс қимылы. Жыршылар
халық қамқоры батырларды ғана дәріптеп қана қоймай, олардың қарсыластарының
келбет – кескінін әсірелеп, көрсетіп отырған. Айталық, аталмыш жырда:
Ұрыста, қарсы шығып, қарысқанның,
Өлтіріп, басын кесіп, төкті қанын.
Халықтың үріккен қойдай болды бәрі,
Бармады ешбір пенде алдына оның,
Бас тығып, батыр ерлер қойдай ықты,
Болмаса, бірақ өзі Есім ханның.
Қуады оңын оңға, солын солға,
Дес берер, не ерлерді қойды жолға – [2,176].
деп берілсе одан ары:
Бір қалмақ келе жатыр таудай болып,
Өртенген желді күнгі қаудай болып –
деген жолдарды оқимыз. Әрине, бұларда қалмақ батырының тұлға – бітімі
ирониялық мәнде көтеріле көрсетілген. Кейде батырдың аты мен соғыс әрекетін
суреттеуде асыра айту байқалады.
Алысып үш күн, үш түн, ұрыс қылды,
Күрзі ұрып, қылыштасып, неше қылды,
Күрзімен Есекенді ұрып еді.
Су тұлпар шыдай алмай тізе бүкті
Борайхан екпінімен кетті өтті,
Неше уақ есенкіреп атта тұрды.
Қуатын денесіне әбден жиып,
Майданға төре зеде қайда кірді.
Тоқтамай, Борайханды кетті жұлып,
Ұран сап үш қайтара жерге ұрды [2,179].
-
деп мақтайды.Бірақ мұндай көтеріңкі сипаттар көп емес.Тіпті кейбір эпостарда
өте аз болса, кейбіреуінде мүлде кездеспейді. Бұл заңды да, өйткені, тарихи
жырларда гипербола (әсірелеу) сирек қолданады.
Әдеби тілге үстеме мағына беріп, оның көркіне көрік қосатын, сол арқылы
әдеби шығарманың мазмұнын құнарландырып, пішінін ажарландыратын көркемдеу
құралдарының бірі – теңеу. Мұнда заттың, құбылыстың ерекше белгілері
көрсетілмей, оны басқа затпен, құбылыспен суреттеу арқылы береді. Біз талдап
отырған туындыда батырды қыранға теңеу көп кездеседі. Мысалы:
Екеуі алыса алмай жүрді бір күн,
Ұрады бірін – бірі дүркін-дүркін.
Майданда екі қыран таласқандай
Қарайды қызығына халқы шіркін [2,293]
Екі жақ көз алмастан қарап тұрды,
Қыран құс талқандардай құрған торды.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
58
Қали мен Жанәбілдің күресіндей,
Шіркін – ай естен кетпес жұлыс болды [2,294].
Бұл жыр жолдарында қазақ батыры Әбеуқайдар мен қалмақ ханы
Дорбанқордың жекпе-жегі берілген. Жырда екі батырды да алғыр, мықты қыран
құсқа теңейді. Қазақта батырдың ерлігін қыран құсқа теңеу қалыптасқан дәстүр.
Мәтінмен жұмыс жасау барысында жырда қыран құс, бура, қарға, томар, жұлдыз,
қасқыр, қабылан, түлкі жолбарыс, қар, қара жер, арыстан, аю, шегірткеге теңеу көп
кездесетіндігін анықтадық. Мұның барлығы шығарманы көркемдеудің тәсілдері,
жазушы шеберлігі.
Әдеби тілге дауыс ырғағы емес, дыбыс қайталаулар арқылы да ажар
келтіруге болады. Мысалы:
Құдай берген малың бар,
Құдайдың берген шағында
-
деген жыр жолдарында бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталануы
арқылы аллитерация тәсілі жасалса,
Енді келіп Есім хан,
Анасын іздеп жолықты
Аман – есен көріпті,
Ботадай боздап, көрісті [2,278].
-
деген жыр жолдарында бірыңғай дауысты дыбыстардың қайталануы
арқылы ассонанс тәсілі жасалған.
Жырда қолданылатын көркемдегіш құралдардың бірі – эпитет. Эпитет
заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз [1,214].
Эпитетсіз айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсені нақтылау қиын. Мысалы:
Қауіпсіз әр патшаға барып келді.
Жетім ұл, жесір қатын мың қой айдап,
Бозторғай ұя салды жүніне енді.
Жаман қыз, жаман қатын былай қалып,
Сұлу қыз, жүйрік атты бәрі іздеді.
Пұшық қыз, кер шолақты таңдап тиіп,
Мінәсар, әркім сүйіп,теңін тапты [2,285].
Белгілі бір эпикалық жырдың ауыз әдебиеті дәстүріне сәйкестігін
анықтайтын белгілердің бірі – шығарма тілінің формулалығы. Өйткені «...
первоначальные причины возникнования формул кроются в особенностях устного
бытования поэтических произведений» деп бекер айтылмаған.
Орыс оқымыстылары эпос тілінің формулалығын үш түрге бөліп
қарастырады: а) жекелеген бейнелі сөз тіркестері; ә) әр түрлі ұқсас жайлар
суреттелгенде қайталанып келетін жолдар; б) эпостағы дәстүрлі ситуацияларды
бейнелейтін күрделі суреттемелер.
Қазақтың эпикалық жырларында тұрақты қайталаушылардың (формалық)
тұтас сериясы бар яғни текстен текске «көшіп» жүретін дәстүрлі стильдік
формулалар үлкен шоғыр құрайды. Өйткені эпикалық жырлар ауызша туып
мақталады. Сондықтан да оның мазмұны мен бейнелеу құралдарында ұқсас үлгі
өрнектер көп, дәстүрлік басым.
Формулалық әр шығармада небір шығарманың бірнеше вариантында
әртүрлі мөлшерде болады. Бұлардың атқаратын функциясы мен сипаты да бірдей
емес. Ол жекелеген сөз тіркестері мен өлең шумақтарынан тұтас эпизодқа дейінгі
аралықта келеді. Сондай – ақ, кейбір қайталаулар бір ғана шығарманың ішінде
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
59
кездессе, кейбірі бірнеше эпикалық жырларда ұшырасады. Сөйтіп, қайталаулар
эпикалық жырдың негізгі тәсілдерінің бірі болып есептеледі. Батырлық мазмұндағы
нақты тарихи эпостарда осы әдіс-тәсіл сақталған. «Еңсегей бойлы ер Есім»
жырында: «Сонда Есім сөйледі», «Мына бір жайды сөледі», немесе «Сонда Борайхан
сөйледі, Есім қарап бүй деді» сияқты бір не екі жолдан тұратын формулалар
әлденеше рет қайталанады, әрі кейіпкер сөздері мен жырдың біршама аяқталған
эпизодтарын жалғастырады, сөйтіп текстің тұтастығын сақтауға мүмкіндік береді.
Қайталау дегеніміз – сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша
аударғысы келген нәрсені бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды ұғымға сіңіру
[1,236]. Мысалы:
Істің қиын жайын айт,
Суанға, Албан сәлем айт,
Дулат атам ұлына айт
Жалғанын айтпа шынын айт [2,209].
Кейіпкер жолдарының ұзақтығы да белгілі бір қалып бойынша баяндалады.
Есім хан бастаған сарбаздарының жол мөлшерін:
Осылай ұдай жол жүрді
Бірнеше тәулік мол жүрді
Бір жеті бұлар жол жүрді,
Аз да емес мол жүрді,
-
деген қанықты тіркестер екі – үш рет аздаған өзгеріспен қайталанады. Тіпті
жоғарыдағы жол қашытығын білдіретін бірыңғай ортақ жолдар «Алпамыс батыр»,
«Қобыланды батыр» эпостарында да бой көрсететінін байқаймыз.
Нақты тарихи жырларда эпикалық қайталаулардың бір тобы төл сөз ретінде
келеді. Батырлар жекпе – жекке шыққанда біріне – бірі:
Әуелгі кезек менікі,
Соңғы кезек сенікі,
деп тіл қатып, сес көрсетеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы көркем эпикалық шығармаларда батыр образын, тұлпар бейнесін
теңеу, эпитет т.б. әдіс – тәсілдер арқылы суреттеуі, оқырманның осы образдарды
көз алдына елестетуіне мүмкіндік береді. Сондықтан да кез келген шығармада
көркемдік әдістердің атқарар қызметі орасан зор.
Қорыта айтатын болсақ, көркем шығармада жазушы шеберлігін танытатын
тәсілдер ерекше орын алады. «Есім хан» жырында жоғарыда атап өткеніміздей,
талдау жасағанымыздай көркемдегіш құралдар көптеп кездеседі және олардың
атқаратын өзіндік ролі де ерекше.
Әдебиеттер тізімі
1 Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Санат, 2002. - 357 б.
2 Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Астана: Фолиант, 2009. Т.56: Тарихи жырлар. –
408б.
Резюме
В статье рассматриваются способы раскрытия героического образа батыра в
эпосе «Есім хан».
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
60
Summary
In the article the ways of disclosure of a heroic image of the batyr in the epic
"Esim Khan" are analysed.
Қабылданған күні 04.11.2015 ж
ӘОЖ 330.341.2
А.Б. Тлесова, М.Н. Насимоллина
М.Өтеміов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
090000, Орал қаласы, Достық даңғылы, 162
БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ РЕФОРМА – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМЫҒАН
30 МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚАТАРЫНА ЕНУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ НЕГІЗІНДЕ
Аңдатпа
Мақалада бес институционалды реформаға анықтама оның обьектісі, мәні,
типтері, түрлері, кезеңдері, маңызы, элементтеріне түсінік беріледі.
Негізгі сөздер:
саясат, стратегия, болжамдау, саяси болжау, бағдарлама, бағдар,
жоспарлау, жобалау.
КІРІСПЕ
Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес институционалды реформа –
әлем шыңына шығарар стратегиялық жоспар. Қуатты мемлекеттің басты ерекшелігі
– ел дамуының әрбір жауапты кезеңінде айқын мақсат қойып, оған жетудің нақты
жолдарын белгілеп, бағдарлама жасап бүкіл халықты сол мақсаттарды орындауға
жұмылдыру. Осы бағытта Елбасы өзінің сайлауалды бағдарламасында «Нұрлы жол»,
Жаңа экономикалық саясаты мен «Қазақстан 2050» Стратегиясының басты
мақсаттарын шешу үшін ұсынған бес институционалды реформасын жүзеге
асырудың 100 нақты қадамын ұсынды [1].
Қазақстан «Алдымен экономика – cодан соң саясат» деген айқын
формуламен ілгерілеп келеді. Саяси реформалардың әрбір кезеңі экономика
дамуының деңгейімен ұштасуда.
«100 қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге, сонымен бір
мезгілде жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену жоспары
[2].
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы, оған қоса «Нұрлы Жол» бағдар-
ламасы еліміздің экономикасын өрге сүйреп, халқымыздың әл-ауқатын арттыратын
нақты іс-шаралар екені белгілі. Ал бұл жолғы Елбасының ұсынған бес институттық
реформаны жүзеге асыру бойынша белгіленген 100 нақты қадамының маңызы да,
мәні де айрықша. «100 нақты қадам» жарияланған аз уақыт ішінде ол халықтың кең
қолдауына ие болып үлгерді. Мұны барша қазақстандықтар ұлы халықтық реформа
ретінде елімізді, жоғарыда айтқанымдай, тек әлемдік ұлы шындарға шығаратын жол
екенін түсініп, ерекше жылы қабылдады. Жоспардың бірінші қадамы – Мемлекеттік
қызметке қабылдау ресімдерін жаңғыртуға арналған. Онда: Мемлекеттік қызметке
қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс екені атап өтілген. Екінші қадамда
«Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу
іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс» деген міндет қойылып отыр.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
61
Үшінші қадам туралы айтатын болсақ, мұнда: «Қазақстан республикасының
мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру»
мәселесі бойынша орындалуы тиіс міндеттер жан-жақты баяндалған. Ұлт
Жоспарының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші қадамдарында мемлекеттік
қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімін ендіру.
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру;
Еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу. Мемлекеттік қызметкерлердің
лауазымдық еңбекақыларына өңірлік үйлестіру коэффиценттерін қосу міндеттері
бойынша нақты тапсырмалар жазылған.
Ұлт
Жоспарында
белгіленген
тапсырмалар
еліміздің
әлеуметтік-
экономикалық тұрғыдан дамуын одан әрі жетілдіру мәселелері қамтылған. Мәселен,
мемлекеттік монополиядан біртіндеп бас тарту; құрылыстың сметалық құнын
анықтаудың ресурстық әдісін енгізу; кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе
жатқан құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің орнына еурокодтар
жүйесін енгізу; электр энергетикасы саласын қайтадан құру тәрізді өзекті міндеттер
бүгінгі күн талабымен орайлас келіп отыр.
Бағдарламалық құжатта сондай-ақ ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін
стратегиялық инвесторларды тарту; экономиканың шикізаттық емес салаларындағы
орта бизнестің нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған «ұлттық
чемпиондар» белсенділігін жүзеге асыру; ғылымды қажет ететін экономиканың
негізі ретінде екі инновациялық кластерді дамыту; өндіріске инновациялар енгізу
жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру тетіктері бар «ғылыми және (немесе) ғылыми
техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заң әзірлеу.
Қазақстанды халықаралық көлік-коммуникациялық ағымдарға интеграциялау сынды
ауқымды мақсаттар мен міндеттер 61 және 76-шы қадам аралығында көрініс тапқан.
Аталған міндеттердің жүзеге асырылуы ел келешегінің кемел болашағының жарқын
болуына негіз болары сөзсіз.
Мемлекет басшысы ұсынып отырған Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамына
енген: «Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен
он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің
басқа оқу орындарына тарату», Назарбаев университеті тәжірибесін ескере отырып,
жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-
кезеңімен кеңейту; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі
ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру; «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын
әзірлеу және жүзеге асыру және т.б. міндеттер кеңінен атап көрсетілген. «Іске
асыру тетігі» деп аталатын бөлімде бес жұмыс тобынан жасақталған жаңғырту
жөніндегі Ұлттық Комиссия құрылғаны туралы айтылған. Ұлттық комиссия бес инс-
титуттық реформаны кезең-кезеңімен орындауды келісілген басқару бойынша
жүзеге асыруы, тұжырымдамалық шешімдер қабылдап, іс-қимылдың нақты
жоспарын айқындауы тиіс екені және өзге де жайттар атап көрсетілген.
Осы қадамдарға жету жолында Қазақстан 2030 стратегиясының алар орны
ерекше. Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке
меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық принциптеріне негізделген нарықтық
экономиканың
заманауи
үлгісін
жасады.
Қазақстан
моделі
шетелдік
инвестицияларды тартудағы мемлекеттің белсенді рөліне негізделген. Қазақстанға
160 млрд. доллардан астам шетел инвестициясы тартылды. Ел бей-берекеттіктен
дамудың берекелі өркендеу жолына өттуде. Қазақстан эксцессіз және
катаклизмдерсіз күрделі «үшжақты транзиттен»: кеңестік жүйеден нарықтық
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
62
экономикаға, демократия мен жаңа этносаралық келісімге өте алды. Стратегия-2030
қабылданғаннан бері 15 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер
бестігіне енді. Нәтижесінде, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің көлемі
жағынан біз әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кірдік. 15 жыл ішінде
қазақстандықтардың табысы 16 есе өсті. Табысы күнкөріс деңгейінен төмен
азаматтардың саны 7 есе азайды, жұмыссыздар саны екі есе қысқарды. Мемлекет
ұлт денсаулығын жақсарту ісінде едәуір ілгерілеуге қол жеткіздік. Денсаулық сақтау
жүйесінің тиімділігін арттыру үшін оны ұйымдастыру, басқару мен қаржыландыру
жүйесі реформаланды. Соңғы бес жылда ана өлімі шамамен 3 есе азайды, бала
туу көрсеткіші бір жарым есе өсті. Білім алуға тең мүмкіндіктер жасалуда. Соңғы 15
жылда білім алуға жұмсалатын қаржы 9,5 есе өсті [3].
Стратегия аясында елімізде үдемелі индустриялық-инновациялық даму
бағдарламасы қолға алынған. Үдемелі индустрияландыру бағдарламасы аясында
2010 жылдан бастап жалпы құны 1 797 млрд. теңге болатын 397 инвестициялық
жоба іске асырылды, 44 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. «Бизнестің жол
картасы-2020» бағдарламасы іске асырылған екі жыл ішінде жалпы көлемі 101,2
млрд. теңге сомасындағы кредит болатын 225 жоба мақұлданды. Қазақстан алға
қойған мақсаттарға дәйекті де табанды түрде қадам басып келеді. 2008-2009
жылдардағы жаһандық дағдарыстың өзінде ұлттық экономикамыз өсуін
жалғастырды. Нәтижесінде, 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997
жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы 28 триллион теңгеге өсті. Елдің
ІЖӨ 16 еседен астам өсті. 1999 жылдан бастап Қазақстанның ІЖӨ-нің жыл
сайынғы өсуі 7,6%-ды құрап, алдыңғы қатарлы елдерді басып озды. Жан басына
шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға
жетіп, 7 еседен астам өсті. Қазақстан әуел бастан жан басына шаққанда тартылған
тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі жағынан ТМД-да көшбасшы болды.
Бүгін бұл 9200 АҚШ долларына жетті. Біз сыртқы сауданың – 12 есе өсуіне, ал
өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің 20 есе өсуіне қол жеткіздік. Осы жылдар
ішінде мұнай өндіру – 3 есе, табиғи газ өндіру 5 есе ұлғайды. Шикізат
ресурстарынан түскен кіріс - Ұлттық қорға жіберілді. Орташа айлық жалақы 9,3 есе
өсті. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 10 есе ұлғайды. Халықтың нақтылы
ақшалай кірістері 16 есе өсті. Егер 1999 жылы қаржыландыру 46 млрд. теңгені
құраса, 2011 жылы 631 млрд. теңге болды [4].
Қазақстанның мұнай-газ кешені күллі экономиканың локомотиві болып
табылады және басқа салалардың дамуына ықпалын тигізеді. Экономиканың
заманауи, тиімді мұнай-газ және тау-кен өндіру саласын құрды.Бүгін шикізат
секторының табысын болашақ экономиканы құру үшін пайдалануда. Елдің ІЖӨ-де
мұнай-газ саласы үлесінің тұрақты өсу қарқыны байқалады, ол 1997 жылғы 3,7%-
дан 2006 жылы 14,7%-ға және 2011 жылы 25,8%-ға өсті. Өткізу нарықтарын
әртараптандырып, өз позицияларын берік орнықтырды, сол арқылы өнімімдерді
өткізудің бір бағытқа тәуелділігін азайтты [5].
Достарыңызбен бөлісу: |