1.
Х.Арғынбаев «Қазақ халқының қолӛнері».- Алматы.: «Ӛнер», 1987 ж 168 бет.
2.
Х.Маданов «Қазақ мәдениетінің тарихы» -Алматы.: 1998 ж 45 бет.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада мәдениеттің баға жетпес құндылығы - қолданбалы қолӛнерді
қастерлеп, келешеккке ӛшпес мұра ретінде қалдыру жайлы ой қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассмотрено неиссякаемое и неоценимое наследие будущего
поколения декоративно-прикладного искусства.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
28
ӘОК 687.16
ХАЛЫҚ ҚОЛӨНЕРІ – ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ
Бәкірова Л.Ш.- оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Қазіргі халық ӛнері туралы сӛз ететін болсақ, алдымен халықтың дәстүрлі
қолӛнері ойға оралады. Әрине бұл түсінікті. Халықтың қолӛнері ұлттық
шығармашылықтың ең жоғарғы формасы болып саналады және болып қала
береді. Қолӛнердің ӛмір сүргіштігі оның ұжымға негізделгеніне, үзілмес
сабақтастықта дамуына байланысты. Қолӛнер кәсібін таңдаған әке мен ананың
кәсібін ұлы мен қызы, немерелері мен шӛберелері жалғастырған. Қазақ халқында
«аталық кәсіп», «ата-баба кәсібі» «ата-баба ӛнері», «жеті атасынан айтулы шебер»
ұғымдары осы дәстүрге байланысты айтылған. Ұрпақтың қолӛнер кәсібіндегі
таңдауының алдын ала белгіленіп қоюы осы кәсіптің ұзақ және табысты дамуына,
сондай-ақ ұжымның ұлттық мәдениетке, жауапкершілікке, аялы қарым-
қатынастарға негізделген кӛркемдік талғамын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ертедегі белгілі шеберлер ӛзінің шығармашылық жолын әңгімелегенде осы
кәсіптің алғашқы дағдыларына отбасында бала кезінен-ақ үйренгенін айтады. Ел
басымыздың «2030» бағдарламасында кӛрсетілгендей, жаңа ұрпақты тәрбиелеу
барысындағы еңбек пәнінің ата дәстүрді жаңартып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудегі
орны ерекше. Дегенмен, ұлттық ӛнер, ұлттық нақыш, тек еңбек сабағында ғана
емес, балғын жасқа тәрбие беруде және оқу барысында кез-келген сабақта ұлттық
педагогикамен үндестік тауып жатуы тиіс. Ол, сӛз жоқ, ӛскелең ұрпақты үлкен
адамгершілікке, патриоттық сезімге, асқан, ұстамшылдыққа, асқақтыққа,
биіктікке тәрбиелейді. Міне осы негізде басшылыққа ала отырып қолӛнер дәрісін
әріден теріп, берімен жалғастыру – бүгінгі күннің ӛзекті мәселесі. «бала нені білсе
жастан, ұядан ӛле-ӛлгенше соны таныр қиядан» - дегендей, бала жасынан
оқушылар ӛнердің қыр-сырын меңгеріп, әдемілігін бағалай білуі тиіс. ӛйткені,
бүгінгі таңда ұлттық қолӛнер оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір
құралына айналып отыр. Қазақстан республикасының «Еңбекке оқыту және
тәрбиелеу» тұжырымдамасында «Еңбек негізін мектеп жасынан қалыптастырмай
олардан іскерлер шықпайды» деп атап кӛрсеткендей, еңбек және үйірме
сабақтарында қолӛнердің бір түрі: киіз басуға, сырмақ сыруға, түскиіз
тігугеоқушы қыздарға үйретіп және сол ӛнердің қыры мен сырын ұғындырып,
эстетикалық талғамын қалыптастыруымыз қажет. Ә.Қанапиннің «Қай ұлт ӛнері
болмасын, оның ӛркендеп ӛскені халықтық сипаты, шыншылдығы, халық
бұқарасының ӛмірі мен арманын бейнелейтін белгілерін сипаттайды» деген
пікіріне сәйкес қазақстан республикасының «Тәлім-тәрбие» тұжырымдамасында
да «Ұлттық мәдениет пен ӛнер негізіндежан-жақты тәрбие беру сұлулыққа,
тазалыққа үйрету. Халық мұрасын, мәдениетін жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік
рухани игіліктерді бағалай білуге жастарды тәрбиелеу – бүгігі күннің ӛзекті
мәселесі» деп атап кӛрсетілген. Шеберлер отбасының кәсібіне адал болды,
туыстарынан үйренген бұйымды жасап, ӛңдеу тәсілдерін кӛзінің қарашығындай
сақтады және ӛзінен кейінгі туған жамағаттарына үйретті. Қолӛнер – адамзат
игілігі үшін жасалынып, халықтың әл-ауқатының, мәдениетінің, тұрмыс-
салтының ӛсуіне бірден-бір септігін тигізетіні анық. Ғылым мен білім әлі ӛркен
жая қоймаған қазақ жерінде сонау ХҮІІ-ХІХ ғасырларда-ақ қолӛнері ұлттық
дәстүр ала бастағаны халқымыздың ӛнер тарихынан аян. Қазақ халқы ӛзінің күн
кӛріс тіршілігінде қажетті киім-кешек тігуді, әсем бұйымдар жасауды күнбе-күнгі
тіршілік барысында орынды пайдаланып отырған. Бұдан біз халық
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
29
творчествосының қандай түрі болса да, халық ӛмірімен, сол халықтың қоғамдық
тарихымен, күн кӛрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін кӛреміз.
Қолӛнер кәсібіне отбасында үйрету дәстүрінде әкесінің ұлына, шешесінің
қызына үйрету ғана емес, ағасының інісіне, немере інісіне, әпкесінің сіңілісіне,
немере сіңілісіне тіпті бір үйде ӛскен ӛгей туыстарына үйретілуі де кӛзделеді.
Оқушылардың эстетикалық тәрбие беру мен эстетикалық талғамын
қалыптастыру
жақтарын
зерттеген
ғалымдар
З.Әділова,
А.Ұзақбаева,
Н.Ветлугина, З.Грешкова және тағы басқа оқушы түйсігінің эстетикалық жақтан
қалыптасуы еңбек ету, қоғамдық қатынас, табиғат, ӛнер тағы басқа сияқты
кӛптеген факторлардың нәтижесінде пайда болады деп есептейді.
Мектепте оқущыларға берілетін білімді қолӛнер арқылы толықтырып,
оқушылардың ӛмірін тамаша, қызықты етіп ұйымдастыра білу – біздің негізгі
борышымыз әрі міндетіміз. Орыстың ұлы педагогы Г.Ушинский «Тәрбиенің
негізін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек. Ол тілі және әдет-
ғұрып арқылы кӛрініс табады» дейді. Еңбек және үйірме сабақтарында
оқушыларға эстетикалық тәрбие бер, олардың кӛркемдік білім деңгейін кӛтеру
мәселесі бүгінгі таңда айырықша мәнге ие болып отыр. Ӛйткені қазіргі уақытта
халықтың ӛнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым артқан. Ұмыт болған қолӛнер
бұйымдары: сырмақ, түскиіз және тағы басқа жасау әдісін меңгертіп, оны
ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – бүгінгі кӛзқарасын, дүниетанымын, мәдениетке,
ӛнерге сүйіспеншілігін арттыруда эстетикалық тәрбиенің берері мол. Ұлттық
қолӛнер эстетикалық сезімдерді дамытады. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
негізі – қолӛнер бұйымдарын жасау әдісін сабақ үстінде дұрыс меңгертіп, оқушы
істеген жұмысын әдемі әрі кӛпшілікті сүйсіндіретіндей етіп жасауын және ол
бұйымның тарихы мен таныса отырып ӛзі істеген бұйымға баға бере алуын
қалыптастыру шарт. Бұл оқушының эстетикалық талғамын арттырып, жас
жеткіншектердің ӛмірге деген құштарлығының жетіле түсуіне ықпалын тигізеді.,
сонымен қатар талап қабілетін, эстетикалық биік талғамын ӛсіреді. Мұндай
тлғамдардың барлығы мектеп қабырғасында қалыптасады. Эстетикалық және
еңбек тәрбиесінің міндеттері мен педагогикалық шаралары бар. Олардың
арасында сәндік қолданбалы ӛнер кӛркемдікті, сұлулықты кӛруге, білуге,
мәдениеттілікке үйретеді. Ұлттық қолӛнер - ӛзімізді қоршаған шындықты танып
білудегі эстетикалық тәрбие берудің қайнар кӛзі
Эстетикалық тәрбие беру дегеніміз – табиғаттағы, еңбектегі, қоғамдық
қатынастағы және де ӛмірдегі әсімдікті дұрыс түсініп қабылдау, қабілеттілігін
тәрбиелеу.
Оқушының ақыл-ой, тәлім-тәрбие, білім, қажыр-қайраттың барлығын еңбек
үстіндегі жан рахатымен ұштастырғанда ғана еңбек сұлу бола алады. Оқушының
қолымен жасалған бұйымдар эстетикалық жағынан үйлесімділік табуы тиіс.
Мысалы, түс үйлесімділігі, ою-ӛрнектің дұрыс орналасуы, шеттерінен әдемі
ӛңделуі. Қолӛнерді сүю, оны талдай білу – эстетикалық тәрбиенің басты
мәселелерінің бірі. Ендеше халқымыздың бұрынғы істеген бұйымдарын жасау
әдісі мен пайдаланатын материалдарын қазіргі кездегі материалдармен салыстыра
отырып оқыту балаларды ұлттық мәдениетті сүюге, құрметтеуге баулиды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қазақстан мектебі, №1, 2008 ж, 39-41 бет.
2.
«Еңбекке оқыту және тәрбиелеу» тұжырымдамасы. Қазақстан республикасы
білім беру министрлігі. Қазақстан мұғалімі, 1983, №4, 2-3 бет.
3.
Жарықбаев Қ. Жалпы психология. А. Мектеп, 1980, 156 бет.
4.
«Тәлім-тәрбие» тұжырымдамасы. Қазақстан мұғалімі, 2003, №2, 2-3 бет.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
30
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада қолӛнер арқылы оқушының эстетикалық талғамын арттырып, жас
жеткіншектердің ӛмірге деген құштарлығының жетіле түсуіне ықпалын тигізуі,
сонымен қатар талап қабілетін жетілдіру жолдары қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается эстетическое воспитание студентов посредством
декоративно-прикладного искусства.
ӘОК 741.744
СТУДЕНТТЕРГЕ ПАСТЕЛЬ ТЕХНИКАСЫ АРҚЫЛЫ ТАБИҒАТ
КӨРІНІСІН БЕЙНЕЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Бекбергенова А.С. –аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Адам баласының рухани байлығы болып саналатын бейнелеу ӛнері адамның
айналасындағы ортаны тануына, сана-сезімінің жетілуіне, кӛркем тәрбие алуына,
ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұралар қалдыруына мүмкіндік береді.
Жалпы Қазақстанның бейнелеу ӛнерінің даму тарихы сонау неолит
дәуірінен бастау алады. Оған Таңбалы тас, Ұлытау сияқты жартастарға ойып
салынған ӛшпес бейнелер айғақ бола алады. Олардың бейнелеу тәсілдері
жазықтық бетіне нәрсенің мазмұны мен кӛлеміне қарай даралай түсіру болса,
бейнелеу техникасы кӛп қырлылығымен ерекшеленеді. Небір ӛнер шеберлерінің
аттары сақталмаса да қолдарынан шыққан құнды дүниелері күні бүгінге дейін
сақталып
келеді.
Ертедегі
ескерткіштер
дерегіне
қарағанда,
кӛркем
шығармашылық дамуының екі бағыты болғаны байқалады. Бірінші бағытқа –
мифологиялық сипаттағы үлгілер жатса. Екінші бағытқа – мүсін ескерткіштері
кіреді /1/. Ислам дінінің енуіне байланысты 7-8 ғасырларда бейнелеу ӛнері бірте-
бірте ығыстырылап, сән және қолӛнердің нақыштарына ӛзгерістер енді. Ою-
ӛрнектер қазақ халқының бейнелеу ӛнерінің негізгі формасы ғана болып қойған
жоқ, сонымен қатар халықтың кӛркемдік ойлау ерекшелігінің де кӛрінісі болып
табылды. Сол себептен де ою-ӛрнектер белгілі бір заттың тікелей кӛрінісі емес,
оның мәні мен мазмұнының бейнелі түрдегі белгісі деп ұғынылды.
ХХ ғасырға дейін Қазақстанда қондырғылы кәсіби бейнелеу ӛнерінің пайда
болмауының ӛзіндік себебі болды. Ӛйткені қазақ халқының кӛшпелі тұрмыс
салтында ӛмір сүрумен қатар, бұл кезде тіршілік иелерінің бейнесін салу күнә деп
саналып, тиым салынған еді. Міне сол себепті де Қазақстанда кәсіби бейнелеу
ӛнері басқа елдерге қарағанда кештеу дамыды. Кәсіби бейнелеу ӛнерінің
қалыптасуы мен даму жолы ұлттық дәстүрлері пайда болған әдебиет пен
музыкаға қарағанда ӛте күрделі болды. Оған себеп Қазан тӛңкерісіне дейін
Қазақстанда қондырғылы ӛнердің дамуына ықпал ете алатын орыс суретшілері әлі
келе қоймаған еді. Ал әуесқой суретші Шоқан Уалихановтың жұмыстары оның
ғылыми еңбектеріне байланысты этонграфиялық сипатқа ие болғанымен, ӛзінің
кӛркемдік деңгейі жағынан кәсіптік ӛнерге жатпайтын еді.
Қазақ халқының кӛшпелі ӛмірі, құлдық пен кедейшілік, діни ұғымда бай мен
патша саясатын қолдап, халықты ӛз уысында ұстап отырулары бейнелеу ӛнерінің
кәсіби деңгейде даму мұмкіншіліктерін шектеді. Қазан тӛңкерісіне дейін
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
31
қолданбалы, сәндік ӛнер түрінде болып келген бейнелеу шығармашылығы ӛмір
ағымының ӛзгеруіне қарай халықта жаңа мәдени талаптар мен сұраныстар пайда
болды. Қазақстанда ұлттық реалистік қондырғылы ӛнердің дамуынағы кездескен
негізгі қиыншылықтар дайын кадрлардың болмауы еді. Сондықтан Қазақстан
кәсіби бейнелеу ӛнерінің дамуында жетекші рӛлде орыс суретшілері тұрды. Олар
Қазақстанның жас ӛнерінде реалистік дәстүрлі орыс және әлемдік бейнелеу ӛнері
беретін алғашқы ұлттық кадрлар дайындап тәрбиеледі. Солардың қатарында
Ә.Қастеев, Құлахмет және Қожахмет Қожықовтар, Ә.Исмайлов, М.Жанкиндер
болды.
ХХ ғасырдағы кәсіби бейнелеу ӛнерінің арғы-бергі даму тарихына кӛз
жіберсек кескіндеме, графика, мүсін ӛнері ерекше ӛркендеп, ӛскенін кӛреміз.
Ӛнер иелерінің ӛмір тынысын қылқаламмен, ұшқыр ой желісімен қағаз бетіне
түсіру үшін кӛп ізденіс жасауларының арқасында Қазақстанның бейнелеу ӛнері
кӛп жанрлы ӛнерге айналды. Қылқаламның құдіретін танытқан айтулы тұлғалар
тӛрткүл дүниеге танылды. Олардың қатарында Ә.Қастеев, Ә.Исмайлов,
Қ.Қожықов, Қ.Телжанов, Қ.Наурызбаев, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, А.Ғалымбаева,
Ү.Әжиев, Г.Исмайлова, Ж.Шарденов, А.Молдабеков тағы басқалары аталады.
Тәуелсіздік алғаннын кейін ұлт екенімізді танытып, таңғалдырар,
тамсандырар таланттардан кенде емес екенімізді кӛрсетіп, ешкімнің ақылы мен
жетігінсіз-ақ сурет ӛнерінің саңлақтары отандық рәміздерімізді жасады. Бүгінгі
таңда тӛрткүл дүниеде кӛк туымыз желбіреп, елтаңбамыз айбынды асырып тұр.
Тәуелсіздік алып ӛзіміз жеке мемлекет ретінде дами бастаған тұста ұлттық
бейнелеу ӛнері қарыштап қанатын кеңге жайды. Отанымыздың алтын діңгегіне,
ырысқұтына айналған Астанамыз жыл сайын ӛркендеп келеді. Сұлу да сымбатты
елордамыздың кӛркем табиғатын кӛптеген суретшілеріміз сүйсіне бейнелеуде.
Суретшілерді дарынды, жеке дара етіп тәрбиелейтін күштің бірі – туған
табиғат. Сондықтан студенттерді табиғат кӛрінісін бейнелеуге үйрету арқылы
кӛптеген жетістіктерге жетуге болады. Табиғат кӛрінісін бейнелеу алғашқы әсерді
сақтап, дәл кӛрсету суретші үшін табылмайтын асыл қасиет. Табиғаттың әуенін
істеуде кӛптеген суретшілер табиғат аясында жүріп сурет салуды ұнатады. Ол
барлық суретшілерге тән нәрсе. Суретші пейзажистер шынайы пейзаж бен
қылқаламның туындаған суретінде, қоршаған айнала адамға түстердің сырын,
пластикасын, эстетикалық мәдениетті жетелейтін айғақ ретінде кӛрсетеді.
Табиғат ӛте ғажайып дүние. Бірақ соны ойланбастан кейде варварлық түрде
ланшафты жерлерді, әсем жерлерді құртып жатады. Сол себептерден де пейзаж
кескіндемесі табиғатты қорғау ретінде қолдана алады. Пейзаж жұмыстары адамға,
табиғатқа деген адал сенім, әртүрлі эстетикалық әдеп, ақындық сенім бәрі-бәрі
табиғатты қорғауға арналуы керек.
Пейзаж кескіндеме жанрының бір бӛлігі. Пейзаж француз сӛзі, бұл
ландшафты, табиғатты бейнелеу. Ең алғаш дербес жанр ретінде Қытайда,
Жапонияда және басқа Шығыс елдерінде, сондай-ақ Европада дамыған. Пейзаж
қайсібір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелеу салу емес, онда суретшінің
сезімдері мен ойларынан шыққан үлкен мүмкіндіктері жатыр.
Адам ӛмірінен салыстырып қарағанда табиғат ӛмірі мәңгілік сияқты болып
кӛрінеді. Пейзаж ӛнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың ӛмірде бар нақты
кӛрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай
шығармалардың бәрінде суретшілер табиғаттың мінез құлқын айнытпай беруге
тырысады. Адам әу бастан-ақ табиғат кӛрінісін салуға құштар болған. Бірақ кӛпке
дейін белгілі бір оқиға мен адам тұлға тұрпатын бейнелегенде керек фон ретінде
пайдаланып келген.Табиғатты бейнелеу неолит кезеңінде кездескен. Рельеф,
роспистерде ескі шығыста кездеседі. Египет храмдарында, фрескаларында кӛрініс
тапты. Ұзыннан ұзақ болып жібек маталарында салынған алғашқы пейзаждар
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
32
Қытайда пайда болды. Ал XYII ғасырда бірыңғай табиғат кӛрінісін бейнелейтін
картиналар туа бастады. Мұндай жанрларды голланд суретшілері ойлап тапты. Ал
XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж
жанрында кӛркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті
Қазақстан жері кӛркем табиғатқа ӛте бай. Ӛйткені елімізде асқар тау да, кең
дала да, шӛл де, кӛл де баршылық. Осындай сұлу туған ӛлкесін шабыттана
бейнелеген қылқалам шеберлерінің бірі қазақ халқының тұңғыш кәсіби суретшісі
Әбілхан Қастеев. Суретші қазақ жерінің табиғатын зор сүйіспеншілікпен суреттей
білді. Сондай-ақ М.Кенбаевтың ―Бұғалық тастау‖ (1957), ―Шопан әні‖ (1956),
―Сыр шерту‖ (1957), Қ.Тельжановтың ―Атамекен‖ (1958), ―Кӛкпар‖ (1960),
―Тыныштық‖(1964), Ә.Ысмайловтың ―Бурабай‖, ―Екібастұз‖, ―Хан тәңірі
тӛңірегіндегі жайлау‖, Ж.Шарденовтың ―Қапшағай теңізі‖, ―Ақ қайнар‖, ―Алатау
етегінде‖, ―Талас даласында‖ сияқты тамаша туындыларында қазақ жерінің сұлу
табиғатын бейнелейді. Нағыз суретші туған табиғатын жазған сайын оның
Отанға, еліне деген сүйіспеншілігі арта түседі.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең
бастысы - ӛзінің ісін, ӛмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми
ӛрісі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы
пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың
ақыл-ойы мен мәдентеттің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып,
оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен сіңіру арқылы ғана іске
асады.
Әлемнің ӛркениетті елдері біздің ғасырлар бойы шыңдалып, сұрыпталып,
ӛзіндік келбеті қалыптасқан бейнелеу ӛнері жүйесіне қызығушылық танытып,
оны түсінуге ұмтылған кезде, жоғары оқу орындарының кӛркем білім беру
жүйесінде студент жастарды кәсіби кӛркем білім беру мен тәрбиелеу суретші-
педагог маман тұлғасының жан-жақты қалыптасқан, дүниежүзілік қауымдастық
пен ғаламдану үрдісінде әлеуметтік-экономикалық, рухани, мәдени дамудың
басты кӛкейкесті мәселесі ретінде қараған жӛн.
Бүгінгі таңда сурет салуға үйретудегі басты мақсаттардың бірі жастарды
жан-жақты тәрбиелей отырып, олардың үйлесімділігін дамыту. Мұнда бірінші
этика-эстетикаға тәрбиелеу басты роль атқарады. Эстетикалық тәрбие адамның
ақыл-ойын дамытуда үлкен роль атқарады және қазіргі кездегі үлкен процесс
болып саналады. Эстетикалық тәрбие еңбек, табиғат және кӛркем шығарма.
Студенттерге табиғат кӛрінісін салдыруда пастель бояуын қолданудың
тигізер пайдасы зор. Себебі пастель бояуымен заттың ӛзіндік түстік
қатынастарының бүкіл күрделі гаммасын бере отырып, нағыз кескіндеме
шығармасын жасауға болады. Кӛркем ӛнердегі ―пастель‖ сӛзінің ұғымы
Италияның ―pasta‖ сӛзінен алынып, ―қамыр‖ деген мағынаны білдіреді.
Пигменттің түрлі-түсті ұнтақтарынан, бор мен шайырдың қосындысынан
араластырып, илеп, арнайы қамыр жасайды. Сосын осы қамырдан жұмыр
таяқшалар жасап, оны кептіреді. Пастель бояуының әрбір түсінен кӛптеген
реңктер алуға, онымен бір түстен екінші түске ӛтудің нәзік те жарасымды қалпын
беруғе мүмкіндіктер туғызуға болады. Пастель бояуы қарандаштар тобына
жатқанымен, онымен салынған шығармаларды майлы бояумен салынған
живопись туындысындай қабылдаймыз. Борларды кейде суға езеді де, оны
суретшілер акварель, гуаш бояуларымен жұмыс жасағандай пайдаланады.
Пастель бояуымен жүмыс жасау ежелден белгілі болған. Осы техникада
орындалатын жұмыстар түсі жағынан жарасымды болып шығуымен қатар, ұзақ
уақыт бойы сақталып, күн сәулесіне тӛзімді болып келеді.
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
33
Пастельдің ӛзіндік ерекшелігі мынада: бұл материал бір мезгілде әрі
кескіндемелік, әрі суреттік материал болып есептелінеді. Кейде ерекше кӛңіл
аударып, форманы негізінен сызықтармен және штрихтармен береді. Суретші
пастель таяқшаларын әр түрлі қалыпта қағаз бетінде жүргізе отырып, жұмыс
техникасын алуан түрлі әдістермен алмастыра алады. Пастель жұмысын
сақтаудың бірден-бір сенімді тәсілі оны шыны астына орналастыру.
Сабақ барысында немесе пленерлік практика кезінде студенттерге
пастельмен жұмыс істеу техникасын үйретуді әр түрлі табиғат кӛріністерінен
этюд жазудан бастаған жӛн. Суретті саларда отыратын орнымызды дайындау,
ұйымдастыру үлкен рол атқарады. Сондықтан студенттерге алдыларында кӛрініп
тұрған пейзажды жан-жақты кӛрінуі үшін ең алдымен қашығырақ отыруды
ескерту қажет. Және де отырғанда кез келген жерде отыра салмай пейзаждың
композициясы қызықты кӛрінетіндей жерді таңдауларын оқытушы үнемі
ескертіп отыруды керек. Композиция – латынның ―ойлап шығару‖ немесе
―құрастыру‖ денег сӛзінен шыққан. Дәлірек айтар болсақ композиция -
суретшінің бейнелегелі отырған кӛрінісін дұрыс, әсерлі құруы, ондағы заттарды,
кейіпкерлерді белгілі бір ретпен ыңғайластыруы болып табылады. Әдетте
кескіндемелік шығармаларда, суреттерде оқиғаның ӛзегі немесе басты
кейіпкерлерді орналастыратын белгілі бір орталығы болады. Оны композициялық
орталық деп атайды. Композициялық орталық суретшінің шешіміне байланысты
картинаның кез келген жерінде болуы мүмкін. Кейбір суретшілердің
туындысының композициялық орталығы тура ортасында орналасса, ал кейбір
туындыларда оң жағында, не сол жағында орналасады. Сол себептен де ең
алдымен отыратын орындарын белгілеп алғаннан кейін, берілген пейзажды жан-
жағынан қарап, ондағы заттардың жалпы пішінін, тұтас кӛлемін мұқият
зерттеулері керек. Сонда ғана студенттер бейнелейін деп отырған табиғатты жете
таниды. Бұл сурет салуды жеңілдетеді.
Сурет ӛнері жастардың сана-сезімін қалыптастыруға, қызығушылығын
арттырып, ӛз алдына жеке тұлға болуына кӛмектеседі. Пейзаж жанры арқылы
студенттерге эстетикалық тәрбие беруге болады. Себебі пейзаж адамның туған
жеріне, табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырады.
Халықтың болашағын ойлайтын, туған елінің мәдениетін дамытуға ӛз үлесін
қосатын азамат тәрбиелеуде бейнелеу ӛнерінің тәлім-тәрбиелік ықпалы зор. Осы
мұраны жеке тұлғаның дамуына пайдалана отырып, олардың әсемдікке деген
кӛркемдік қатынасын қалыптастыра білу әрбір тәрбие берушінің міндеті.
Студенттің рухани дамуына зор әсер ететін бейнелеу ӛнерінің тәрбиелік
мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оларға ӛнер туындылары туған халқының
эстетикалық дүние танымын меңгерту маңызды мәселе.
ӘДЕБИЕТТЕР
Достарыңызбен бөлісу: |