1.
Ә.Х.Тұрғынбаев. «Философия». Алматы. «Білім» 2001 ж.
2.
Р.Қарғабекова, Г.Жубаниязова. «Бейнелеу ӛнерінің тарихы». Алматы-2004ж
3.
А.Т.Құлсариева. «Эстетика». Алматы-2003 ж.
4.
«Қазақстан энциклопедиясы». Алматы-2000 ж.
5.
Ғ.Сейдімбек. «Рухты қайдан табуға болады». Қаз.әдебиеті; 1999 ж.
6.
Г.В.Ф.Гегель. 4 томдық Эстетика. Москва, «Искусство», 1968 ж.
7.
Б.Р.Виппер. «Введение в историческое изучение искусства». Москва,
«Изобразительное искусство», 1985 ж.
8.
Ж.Ф.Гийу. «Великие полотна». Москва, Слово, 1995 ж.
9.
О.Жаңбыршиев. «Кескіндеменің техникасы мен технологиясы». Алматы-2004
ж.
10.
Ф.Ф.Гадеева, М.З.Гайдукеевич. Кӛрме каталогы. Алматы-1986 ж.
11.
Д.В.Сарабьянов. «Русская живопись конца 1900-х – начала 1910-х годов».
Москва, «Искусство», 1971 ж.
12.
Е.Б.Вандравская. «Абылхан Қастеев». Москва, «Советский художник», 1955
ж.
13.
А.Қастеев. «Мастера изобразительных искусств Казахстана». Алматы.
«Ӛнер». 1986 ж.
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
71
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақала ұлттық суретшілердің рухани әлеміне арналады. Мақалада
Қазақстандық сурет ӛнерінің жаңа ағымдары ашылып кӛрсетілген.
РЕЗЮМЕ
Данная статья посвящена духовному миру национальных художников, в
частности раскрываются современные течения живописного искусства
Казахстана.
ӘОЖ 758.1
ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕРІНІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ АРҚЫЛЫ
СТУДЕНТТЕРДІ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Тӛлегенова А.С. – оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Тәуелсіз мемелекетіміздің ертеңі жас ұрпақтың рухани байлығы мен
мәдениеттілігіне, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігі мен кәсіби
шеберлігіне байланысты. Бүгінгі таңда талантты суретшілеріміздің кӛркем
туындыларын қайта жаңғыртып, кӛркем тәлім-тәрбие бере отырып, жастарды
отан сүйгіштікке баулу мүмкіндіктерін пайдалануға зор кӛңіл бӛлініп отыр.
Рухани мәдениетті байытуға, оның ішінде кӛркемӛнер мәдениетін дамытуға,
бейнелеу шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруға негіз болатын, ӛз бойында
ӛткеннің эстетикалық тәжірбиесін сақтаған, оның басты және мәнді белгілерін
сіңірген кӛркемдік дәстүрлер болып табылады. Жоғарғы оқу орындары
студенттерінің халық педагогикасының маңызын және ӛз халқының кӛркемӛнер
мәдениетін дұрыс түсінуге, кәсіби суретшілердің кӛркем туындыларын дұрыс
бағалауға үйрету қажет. Бұны іске асыру үшін кез келген оқытушы студенттерге
қылқалам шеберлерінің кӛркем туындыларына анализ жасай отырып, қызықты да
түсінікті етіп ӛте білу керек.
Республикамыздың тәуелсіз мемлекет болуының арқасында халқымыздың
ӛз ұлтының түпкі тегін білуге, тарихын, ұлттық мәдениетінің болмысына жете
үңілуге мүмкіншілік алды. Соның арқасында ӛзіндік жолы бар, басқаларға
ұқсамайтын дәстүрлі құндықлықтарын дәріптеуге, оған жете үңіліп қызықтауға,
жас ұрпаққа мирас етіп қалдыру бақытына ие болды. Ендеше ӛз халқымыздың
ӛнерін, сол қайталанбас ӛнер туындыларын дүниеге әкелген ӛнер иелерінің
ӛмірбаяны мен еңбек жолдарын, хас шеберліктерінің қыры мен сырын жоғары
оқу орындарында тереңдетіп оқытыу барысында кӛркемдік тәрбие берумен қатар
патриоттық рухта тәрбиелеу басты орында тұрған міндеттердің бірі десе артық
айтқандық болмас.
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында кӛркем білім беру жүйесінде студент
жастарға кәсіби кӛркем білім беру мен тәрбиелеу суретші-педагог маман
тұлғасының жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты және бұл мәселе
дүниежүзілік қауымдастық пен ғаламдану үрдісінде әлеуметтік-экономикалық,
рухани, мәдени дамудың басты кӛкейкесті мәселесі ретінде белгілі. ―Бейнелеу
ӛнерінің тарихы мен теориясы‖ пәнін жүргізу барысында теориялық білім бере
отырып, студенттердің ойлау қабілеттерін, кӛркем, мағыналы сӛйлей білумен
қатар, біліктілігін, машықтылығын жетілдіру, дағдысын қалыптастыру мәселесі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
72
басты орында тұруы керек. Сондықтан қазіргі таңда оқытушы студентке болашақ
ұстаз ретінде қарап, олардың сӛйлеу мәдениетін шыңдап, дұрыс сӛйлей білуге
және ӛз ойларын толық жеткізе білуге тәрбиелеу, бейнелеу ӛнері туындыларына
жеткілікті дәрежеде баға беру сапасын арттыру, студенттердің кӛркем біліміне игі
әсер ету қажет.
Қазақстан суретшілерінің көркем туындыларын студенттің бойына
сіңірудегі мақсаттар:
-
қылқалам шеберлерінің кӛркем туындыларының негізінде студенттердің
дүниетанымын қалыптастыру, кӛру, талдау және сӛйлеу мәдениетін,
талғампаздық қасиеттерін жетілдіріп, эстетикалық, сезімдік, эмоционалдық
тәжірбиелерін молайту;
-
студенттердің ӛнер туындыларына деген ӛзінің жеке кӛзқарасын
қалыптастыра отырып, ұлтық сана-сезімдерін жетілдіріп, ӛз халқының ұлттық
байлығын бағалай білетін тұлға ретінде патриоттық тұрғыда тәрбиелеу.
Бүгінгі қоғам сұранысының талабына сай оқу-тәрбие процесінде
студенттерге кӛркем теориялық білім бере отырып, ӛнерлі, мәдениетті, білімді
тұлға қалыптастыру мәселесінің қажеттігі күннен-күнге ӛсіп келеді. Сондықтан,
қоғамымыздың жаңа тапсырыстары кӛркем білім берудің жалпы жүйесін
жаңарту, ӛзгерту мен қайта қарастыру айтарлықтай деңгейде мәселені кӛтеруді
кӛздейді. Мұның бәрі сайып келгенде ең алдымен бейнелеу ӛнерін оқытуда
пәннің теориялық-әдіснамалық негізін құру және де пән бойынша арнайы
оқулықтар, ғылыми-әдістемелік кӛмекші құралдар, әдебиеттер жинақтарын
жетілдіруді талап етеді.
Қазақстан бейнелеу ӛнерінің тарихи дамып қалыптасу заңдылықтары мен
ӛзіндік ұлттық ерекшеліктерін ажырата оқып үйренудің маңызы зор. Бұл
Қазақстан бейнелеу ӛнерін дүниежүзілік деңгейден орын алуына кӛмектеседі.
Жалпы алғанда Қазақстанның бейнелеу ӛнерінің тарихын оқыта отырып
студенттердің біліктілігін арттыру, машықтылығын, икемділігін, дағдысын
жетілдіру, оның кӛркем-эстетикалық кӛзқарасы мен кӛркемдік талғамын
дамытумен қатар, сонымен бірге ӛнер жолында ӛз бағытын табуға мүмкіндік
береді.
Қай заман мен қай кез болмасын ӛнерді жасаушы адам. Сондықтан бүткіл
ӛнер болмысын зерттеуде суретші шығармашылығын жан-жақты терең зерттеу
оның кӛркем ӛнерді тудырудағы себептері мен оның мәдениетінің дамуына
қаншалықты қосқан үлесі бар екендігі суретші шығармашылығы мен ӛнер
ауқымын кеңейте түседі. Ӛнер тарихын ұлттық түбірінен үзіліп қала жаздаған
кӛркем ӛнерімізді қайта дамыту және оны ӛз деңгейінде кӛтеру үшін суретші
шығармаларымен таныспастан кете алмаймыз. Ендеше ӛз халқымыздың ӛміршен
ӛнерін, сол қайталанбас құдіретті ӛнер туындыларын дүниеге әкелген талант
иелерінің ӛмірбаяны мен еңбек жолдарын, қас шеберліктерінің қыры мен сырын,
іс-тәжірбиелерін жоғары оқу орындарында оқытып-үйрету бүгінгі таңдағы
педегогтар алдында тұрған басты міндет. Студенттерді патриоттық рухта
тәрбиелеу ісінде халықтық педагогиканың тарихи мұраларды жан-жақты зерттеп,
ұтымды пайдалана білудің берері мол. Халық арасынан шыққан біртуар талан
иелерінің кӛркем туындыларын ұрпақ бойына сіңірмейінше білімді де білікті
жоғары мәдениетті, дүниетанымы кең маман тәрбиелеу мүмкін емес.
Қазақ ӛнеріндегі кейінгі жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде үлгі-ӛнеге етіп
ұсынар кӛрнекті талан иелері кӛптеп саналады. Мысалы солардың ішінен
Ә.Қастеев, Қ.Телжанов, А.Айтбаев, Т.Тоғызбаев, А.Ғалымбаева, Г.Исмайлова,
Х.Наурызбаев, А.Дүзелханов, Н.Нұрмұханбетов, Т.Тӛлепбаев, М.Кенбаев,
С.Мәмбеев, Ә.Сыдыханов сынды біртуар талант иелерін атап айтуға болады.
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
73
Ә.Қастеевтің
басқалардан
негізгі
айырмашылығы–реалистік
композициялардың ӛзінен халықтық рух пен ұлттық психологияны байқау қиын
емес. Ішкі мәдени интуицияның негізінде серпіліп шығатын рухани бастау
суретшіні ерекшелендіріп тұрады. Ә.Қастеевтың қай жұмысын алып қарасаң да
қазақ халқының ұлттық байлығын, ерекшелігін, дархан кӛңіл қонақжайлылығын
байқауға болады. ―Киіз үйдің ішкі кӛрінісі‖, ―Бие сауу‖, ―Кешкі мектеп‖, ―Тігін
үстінде‖, ―С.Қисықбаевтың портреті‖ сияты бірқатар туындылары осының айғағы
бола алады. Кез келген шығармалары адамдар мен ӛнерге деген сезімталдық пен
шынайы сүйіспеншіліктің жарқын да қуанышты қайнар кӛзіне айналған
суретшінің туындыларының жастарға патриоттық рухта тәрбие беруде алар орны
ерекше.
Қ.Телжановтың ―Тұңғыш рет‖(1954), ―Әмина әжей‖ (1955), ―Жамал‖ (1955),
―Атамекен‖, ―Кӛкпар‖, ―Бүркіт салу‖, ―Әжесі мен немересі‖ атты туындыларында
ӛз жері мен ӛз халқына шын ғашық сезім адамының, шынайы кескіндемеші
шеберлігін байқататын, әрі рухани шабыттана отырып, кәсіби құралды еркін
меңгергендігінің дәлелі (1, 85). Оның тақырыптық картиналарының эпикалылығы,
тақырып пен образдарды мәңгілік маңызды етуге талпыну, жан-дүниедегі қызу
сезімнің сенімді сезілуі, туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілік жастарды
патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге ӛз ықпалын тигізеді. Себебі суретшінің кез
келген туындыларынан туған жерге деген сүйіспеншілігі мен махаббатын сезінуге
болады. Патриоттық тақырыпта жазылған, тәрбиелік маңызы зор жұмыстарының
бірі ―Бүркіт салу‖. Бұл туындысы арқылы суретші кейінгі жас буындардың ӛзінің
мәдениетін, ата-бабаларынан мирас болып келе жатқан ежелгі салт-дәстүрлерін
ұмытпауды дәріптейді. Қазақстан суретшілерінің кескіндемелік шығармаларына
халық шығармашылығының үздік дәстүрлерінен нәр алған сәндік тән.
Дала тақырыбы, ұлттық мазмұндағы тақырыптарға ден қою, ұлттық мәдени
дәстүрмен байланыс танымал суретші С.Мәмбеевтің жұмыстарында да кӛптеп
кездеседі. Мәмбеевтің дүниетанымы оның картиналарының нәзік бояуларынан
ғажап жарасымдылық тапқан, шығармалары реңінің ашықтығымен, бояулар
үндестігімен, ұлттық ерекшелігімен дараланады (2, 349). ―Тауда‖, ―Киіз үй
жанында‖, ―Кӛш‖ сияты бірқатар жұмыстарында қазақ ою-ӛрнектерінің
ерекшеліктерін, ұшы-қиырсыз дала жазықтығы мен салт-дәстүрлерді бейнелей
отырып, суретші ӛз шығармашылық жұмысында негізінен тәрбиелік және ұлттық
образ арқылы кӛркемдік құндылығына баса назар аударған.
Халықтық мәдениетті дамытуда кӛп еңбек еткен қазақ қыздарының
арасынан шыққан атақты суретшілер А.Ғалымбаев мен Г.Исмайловалар қазақ
халқының ұлттық киімдерінің, әсемдік бұйымдардың, тұрмыс заттарының, әдеп-
ғұрыптың ерекшеліктерін ӛздерінің кӛркем туындыларында кеңінен қолданып
қана қоймай әлемге паш ете білді. Олардың кез келген туындыларынан ата-
бабаларымыздан қалған салт-дәстүрлерге, тәрбиеге, деген сүйіспеншілігі
аңғарылып тұрады. А.Ғалымбаеваның ―Қазақтың ежелге керемикасы‖, ―Дәмді
шай‖, ал Г.Исмайлованың ―Бір кесе қымыз‖, ―Қымыз‖ атты туындылары арқылы
халық тұрмысының асқақ қарапайымдылығын, қонақжайлылығын, адамдар
арасындағы силастық пен адамгершіілікті тек бейнелеп қана қоймай, үлгі ретінде
ұсынады.
Қазақстан суретшілерінің туындыларының қайсын алып қарасаң да ӛз еліне,
жеріне, салт-дәстұріне деген ыстық махабаттарын кӛруге болады. Қылқалам
шеберлерінің кӛркем туындылары жеткіншек ұрпақты отан сүюге, ӛзінің салт-
дәстүрін құрметтеуге және оны кейінгі ұрпаққа жеткізуге шақырып тұрғандай
әсер қалдырады.
Қазақстанның қазіргі бейнелеу ӛнерінде ұлттық сипаттағы символикалық
дәстүр жаңаша кӛзқарасқа ие болды. Бейнелеу ӛнеріндегі символизм мен
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
74
концептуализм кейбір суретшілер шығармаларында таңба немесе сызықтар
арқылы визуалды кӛркем түпнұсқаға айналды. Ұлттық деңгейдегі мәнерді,
менталитті кӛрсетуде қазақ халқының ежелден келе жатқан ұғымын, салт-
дәстүрін кӛркемдеу рәсімімен байланыстыра отырып бейлеген қылқалам
шеберлерінің бірі Ә.Сыдыханов еді. Суретшінің таңбамен салынған суреттерінің
басты ерекшелігі Қазақстанның кескіндемелік ӛнерін бір мезгілде ұлттық және
әмбебап сана-сезімнің ең таңдаулы теңбе-тең үлгісі ретінде, символизм мен
концептуализм жаққа қарай қозғап жіберуінде болды.
Қазақтың рулық таңбаларының графикалық символдарының семантикасы
мен эсиетикасын зерттей отырып суретшінің ашқан жаңалығы – ұлттық сана сезім
негізінде таңба арқылы дүние тану. Суретші ӛз еңбектерінде ежелгі түркі белгісі –
таңбаны жетік пайдаланады (3, 96).
Еліміз тәуелсіздік алған уақыттан бері қарай суретшілеріміз де бейнелеу
ӛнерінде белгілі бір бағыттармен жұмыс жасауларының арқасында жаңа
шығармашылық табыстарға жетуде. Суретшілер осы уақытқа дейінгі қалыптасқан
категориялардан арылып, шығармашылық ізденуде еркіндік пен бостандыққа қол
жеткізді. Жаңа ғасыр суретшілері ӛзіндік ой-сезімдерін кӛркем шығармалары
арқылы жеткізе білді. Дәлірек айтар болсақ А.Дүзелхановтың Қазақстанның
кӛркем тарихын қалыптастыру жолында сомдаған ―Томирис‖, ―Сақтар‖, ―Абылай
хан‖, ―Әбілхайыр‖, ―Тӛле, Қазыбек, Айтеке билер‖, ―Оғыз хан‖ сияқты
туындылары ұлттық мұралық қорымызды байыта түсті. Хандар мен билар
образын жазуда басты кейіпкердің ішкі жан дүниесіне үңіліп, келбеттік пішінін
шынайы сомдай білуі халық жүрегінен жақын орын алды. Сондақ-ақ
А.Дүзелханов ұлттық валютамыз теңгені кӛркемдеген авторлардың кӛшбасшысы
ретінде халқының ыстық ықыласына бӛленген дара тұлға. Оның еңбектері
этнодизайнның қалыптасуына елеулі үлес қосып, ӛзіндік қолтаңбасымен
ерекшеленіп тұрады. Қазақ еретегілері мен тӛл оқулықтарды безендірудегі
жетістіктері ұлттық болмысымен құнды. Суретшінің туындыларының тәрбиелік
мәні терең. Себебі оның кӛркем туындылары арқылы жастардың ұлттық сана-
сезімдерін оятуда алар орны ерекше.
Қылқалам шеберлерінің кӛркем туындыларындығы ұлттық мазмұнға толы
кӛріністерінің әрбіреуін сабақ барысында байыптап талдай отырып,
композициялық құрылымының қыр-сырын, мазмұнын зерделеу арқылы
студенттердің бейнелеу ӛнеріне деген қызығушылығын арттырмен қатар,
кӛркемдік талғамдарын қалыптастыра отырып, отаншылдық патриоттық рухта
тәрбие бере аламыз.
Қорыта айтар болсақ халқымыз жүріп ӛткен тӛл ӛнері мен мәдениеті туралы
тарихи-философиялық еңбектерді оқып-үйреніп, меңгермейінше дүниетанымы
кең, білімді де білікті, жоғары мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу мүмкін емес.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қазақстан бейнелеу ӛнері ХХ ғасыр. Энциклопедия. - Алматы – 2002, 85-бет.
2.
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы –1998, 349-бет
3.
Болатбаев Қ., Қосбармақов Р., Еркебай А. Ӛнер. – Алматы: Мектеп, 2006. – 283
- бет
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада студенттерге Қазақстан суретшілерінің туындылары арқылы
кӛркем тәрбие бере отырып, патриоттық рухта тәрбиелеудің тиімділігі
қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается эффективность воспитания у студентов
патриотического духа, изучая работы казахстанских художников.
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
75
ӘОЖ 391.9
БҰЙЫМДАРДЫ ӘСЕМДЕУДЕ ОЮ - ӨРНЕКТІ ҚОЛДАНУДЫҢ
ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘНІ
Умирбекова С.Т. - оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Ою - ӛрнектің эстетикалық тәрбиедегі алатын орны ерекше. Бұл ою -
ӛрнектер талай ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ӛнер. «Қазақ» деген ұғым
пайда болғаннан ғана емес сонау б.з.д. ӛмір сүрген кӛнеден келе жатқан рухани
дәстүр. Бүгінгі ұрпақ жаңа ғасырдың белсенді жаңа тұрмыста білім беру уақыт
талабына сай күрделі ӛзгерістер, ғаламдану үрдісі, нарықтық қатынастардың
дамуы білім беру саласында үлкен ӛзгерістер енгізуді талап етеді.
Ұлтымыздың ұмытылып бара жатқан кӛне мұрасын жаңғыртып, ізденіп іске
асырып, қазірігі заман талабына сай топтастырып, жинақтап, жүйелеп,
түрлендіріп, тұтынуды мектеп қабырғасынан бастап келешек ұрпаққа жеткізу
қажет. Қоғамымыздың талабы қолӛнер дүниелерін топтастырып, жинақтап,
жүйелеп, студенттерге жеткіземіз.
Қазақ халқында басқа халықтар сияқты ӛзіндік ұлттық мәдениет, сәндік ою-
ӛрнек ӛнері бар. Ою-ӛрнекетің ӛркендеуіне ата-бабаларымыздың сезімдік,
талғампаздың дүниесі, қоршаған табиғат аясы, ӛскен ұясымен тоғай-тауларынын
құлпырған рең-түрлері, байлықтары қатты ықпал етті. Қолӛнердің халықтың
әлеуметтік, салт - тұрмысында алатын орнынын биіктігі қолӛнерді накышына
эстетикалық, әдемілік дүниенің ауқымын кеңейтетін ою ӛрнектер. Әр халықтың
ӛзше тән ұлттық ою - ӛрнекетері бар.
Халықтың қӛлӛнері мен ою - ӛрнекгі ғылыми негізінде арнайы жетелеп, ісі
басталғаны ӛте кӛп уақыт ӛтті.
XIX ғасырдың басында қазақ қол ӛнер туралы байыпты зерттеулер мен
кітаптар шығарылды. Мысалға советтік ғалымдар С.Ивановтың., Ф.Волковтың.,
Австриялық ғалымның В.Курердің ӛнер жайында, қазақ ғалымдары
Ә.Марғуланның., Т.Басеновтың., М.Мұқановтың, материялдары осының айғағы.
Бүгінгі
таңда
қазақ
ұлттық
ою-ӛрнектер
бойынша
бірнеше
классификациялар бар.
1. Мотивтеріне қарай (Ә.Мағрұлан, О.Жанібек, Т.Мұқанов, Т.Басенов,
М.Мұқанов, т.б.)
2. Атаулардың мағынасына қарай (С. Қасиманов, М. Ӛмірбекова т.б)
3. Балаларды қабылдау әсеріне қарай (Т. Левченко )
4. Қазақ ұлттық ою-ӛрнектерің педагогикалық классификациясын
У. Әбдіғаппарова жасаған.
Қазіргі кезде негізінен ежелгі нақышты символдың ой түйіндерінің шешімін
табуда оюдың пайда болуы мен мәдени салт - тұрмысынан тұратын кейбір
шешімін уақытша ӛзгерісі зерттеушілерді қызықтырып отыр. Ою-ӛрнек ӛнерін
табиғи кӛркемдігі зерттеудегі жұмыстар осы күнге дейін толыға түсуде. Оюлар
ғылымының тануы бойынша бейнелеп жазу арқылы ғана танысып келді. Ежелгі
және қазіргі ұлттық ӛнердің жаппай даму түрінің заңдылықтарын жариялап
зерттеудің кенжелеп, кешеуілдеп дамымай келуі сол себептен де шығар.
Ою-ӛрнек киім кешекпен, қыздар киетін камзол, тақия, ер тұрман, белбеу,
кілем, текемет, білезік, жүзік, алқа, шолпы, сәукелеге қондырған.
Кілем, алаша тоқу, оны жіптермен ӛрнектеп келтіруге , белбеуге ӛрнек салу,
күміс безендіру ӛнерлері қазақ халқының сәндік ою-ӛрнегі мыңдаған жылдар
бойы дамып қалаптасқан.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
76
Қазақ халқының ӛмірі малмен байланысты. Осыларда кӛбінесе малдың
мүйізі, денесі, ӛзгертіліп бейнеленген. Ою - ӛрнектеде малдың жүрісі
бейнеленген.
Қазақ ӛнеріндеп ерекшелік - ол түрлі киінуге, үй ішін безендіруге, киімді
ашық түсті бояулармен әсемдеуге ұмтылды. Қазақтардың ою-ӛрнегінен табиғатқа,
қоршаған айналадағы жануарларға, күнделікті қолданып жүрген құрал-
саймандарға еліктеу байқалады. Оюлар сол кездегі адамдардың қару-жарағын ,
қылышын бейнелеген. /1/
Ою-ӛрнектеп күрделі пішіннің таңдаулы эстетикалық - нағыз табиғи.
Мұндағы оюда гүлдердің симметриясын ӛрнектеуді сирек тазалықпен бейнелеу,
ӛрнектеуді суреттеп жеткізе алатын шыңы бола алмақ. Барлық жерде табиғи
түрдегі үйлесімдер математикалық дәлдікке жақындай түсіп, ӛрнектер ӛзінен- ӛзі
сұранып дайын тұрғандай болады.
Кең далада ӛмір сүрген кӛшпелі халықтың ұрпақ тәрбиелеу мен оқыту ӛзінің
дәстүрлі, тәжірибесі, талаптары болды.
Қазіргі таңда эстеткалық тәрбие ісіне ерекше мән беріп отыр. «Эстетика»-
грек сезімен шыққан, сұлулық пен адам парасатылығын зерттейтін ғылым
дүниеге эстетикалық кӛз-қарас ӛте ертеде біздің дәуірімізге дейінгі кезде пайда
болған. Эстетика ғылыми ретінде жалпы ӛнерде зерттеу барысында қалыптасты.
Қолӛнер-адамның эстетикалық мәдениетін кӛтеруде маңызы зор. Эстетикалық
тәрбие адамгершілік тәрбиесі мен еңбек тәрбиесі арқылы ұштастырылған.
Адамгершілік тәрбиесі адам бойына қажеттілігі қасиеттерді сіңірумен айналысса,
еңбек тәрбиесі сол адамға қажетті іс-әрекеттерді дағдыландырады /2/.
ІХ-Х ғасырларда эстетикалық білім мен тәрбие туралы кұнды
психологиялық-педагогикалық ойлар жазып қалдырған Әбу Насыр әл-Фараби
болды. Ӛзінің "Риторика" сияқты еңбектерінде дидактика, тәрбие мен белсенділігі
мәселелеріне де кӛңіл бӛлінді. Ою-ӛрнектер халықтың ӛмір-тіршілігіне
бейнеленген.
Ә. Марғұланның пікірі бойынша "қазақ халқы кілең ою-ӛрнек дүниенің
ортасында ӛмір сүрген". Қазақ халқымыздың ӛнер тарихында ою-ӛрнектердің
алатын орны ерекше. Шебер адамдар сипаты "бармағынан бал тамған" деген
балама сӛз арқылы қолӛнер шеберлерімен суреттелген. Әрине қолӛнер адамзат
баласын ою-ӛрнектерді оюлатып оны әдемілікке, сұлулыққа, кӛркемдікке бір
сӛзбен айтқанда эстетикалық тәрбиеге баулығын. Осындай ұрпағымызға
қалдырған халқымыздың бай мұрасынан үлкен ӛнеге, ӛнер, ұрпақ жалғастығын
байланыстырып тұрған халықтың ӛміршең тәжірибесіне толы екенін кӛруге
болады.
Тек ғалымдар ғана емес қолӛнерді 1970 жылдардың аяғынан, Кеңес
ӛкіметінің ықпалына карамай, ӛнерді сүйген жүрегінің күшімен, қолының
іскерлігімен дәріптеп, топ ортаны жарып шығып келе жатқан қолӛнердің шебері-
бүгінгі жастардың ұстазы Дәркінбай Шоқпарұлы десек болады.
Қазақ халқы ұл балаға қарағанда қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән берген.
Қыз бала ұрпақ жалғастырушысы, болашақ ана. Сондықтан да оларды үй ішіндегі
ӛнердің бәріне араластырып, үйретіп отырған. Балаларын еңбек етуге, қолӛнер
түрлерімен таныстырып қана қоймай сонымен қатар оларды іс жүзінде, ӛздерімен
бірге қыздарын сырмақ сырдырып, киім пішкізіп, құр тоқытып, киіз текемет
меңгертуге тырысты. Матераилдарды қалайша қолдану керектігін үнемділікке
үйретті, олардың бойына адамгершіліктің негізін тұғырын қалау, ақыл-ойын
ӛсіруді, кәсіби шеберлікке даярлауды мақсат тұтқан. Қолӛнер шеберлері ӛз
тәжірибелі марапаттап, қоштап әңгімелесу т.б. әдістерін пайдаланған және де
әдіс-тәсілдерді қолдану барысында да жас жеткіншектерін ескереді. Мысалға
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
77
алсақ тоқыма ӛнерінде жүн түту, құрақ қию, ою ою, кесте тоқу жеңіл түрлерінен
бастап киіз басу, кілем тоқу, алаша тоқу қиын, күрделі жолдарына қарай
меңгертіледі. Ою-ӛрнек үлгілерінің пішіні жеңіл, жасалу жолдары оңай,
жеңілдірек түрлерін (алты жіп мүйіз, гүл, ай, күн, тау, айшық т.б.) қыздарға
үйрету жағдайында жасалу тәсілдеріне орай бастапқы үлгілерін қию, құрау, тоқу
әдістерін іс жүзінде әрқашанда ерінбей кӛрсетіп отырған.
Ою-ӛрнек түрлерінің жасалу жолдарын, үлгілерін оңай да жеңіл
жұмыстарына кӛздері қанығып, іштей танып, қолдары үйреніп, ӛздері жасай
алатын икемділікке жеткен шақта, киіз басу, текемет басу, кілем тоқу ӛнерлеріне
араласа бастайды. Осыны толық меңгерген кезде, кӛпшіліктің кӛмегімен бітетін
бұйымдарға басшылық ете алатын, сол бұйымға ою үлгісін жасап бере алатын
жағдайға жеткен "оюшы", "ӛнерлі", "ӛнері асқан шебер" деген атқа ие бола алады.
Табиғат пен тұрмыста әдемі кӛріністерін астарлап, ӛрнек оюға түсіру арқылы
шебер ӛзінің дүниеге деген кӛзқарасын, философиялық ойын, эстетикалық сезімін
білдіре алған. Жастарды ақыл-ойын ӛсіреді, адамгершілік, сыйластық,
жауапкершілік қасиеттерін арттырады, эстетикалық түйсін – талғамын дамытады.
Жастарға еңбектің мағынасын, ӛмірде алатын орнын түсіндіру керек. Еңбек
адамның іскерлігін, ой-ӛрісін ғана ӛсіріп қоймай, оның адамгершілігін, дүниеге
кӛз-қарасын қалыптастырып, рухани сезімін байытады. Еңбекпен ӛнердің егіз
екенін, ӛнердің қай түрі болмасын қажымай-талмай еңбек етуді талап ететінін
есте сақтау.
Ою-ӛрнек сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда-ақ адам ӛз ойын
тасқа сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қол ӛнер саласындағы
"сүйек ою ӛрнегі", "ағаш ою ӛрнегі" деген сӛздер ерте заманда қалыптасқан
ұғымдар. Демек, қазақ халқының ою-ӛрнегі сол тұста басталған деуге болады.
Бұл ою элементтері алаша, басқұр, желбау немесе кілем түскиіз тоқуда
ӛрнек ретінде қолданылады. Халық мақал-мәтелдерінің ӛзі балаларға тәлім-тәрбие
беруге, оларды ӛнер-білімге баулуға ұмтылдырады. Мысалы ретінде атап айтсақ,
"Талаппен бастап, талғаммен аяқта", "Ою ойған сызу да сызады", "Ою ойғанның
ойы шұқыр" деген мәтелдердің мәні үлкен.
Халықтың ою-ӛрнектерін зерттеу ертеден келе жатыр . Зерттеушілердің ой-
пікіріне келсек, ою-ӛрнек әртүрлі ӛсімдік, мүйіз, геометриялық фигураларға,
тұлғаларға, жан-жануарларға . байланысты болып келеді. Біздің заманымыздан
мың жыл бұрын пайда-болған, ою-ӛрнектердің шығу тарихы, олардың атаулары
әлі күнге дейін бізді қызықтыратын мәселелер болып келеді. Сондықтан да болар
бүгінгі күн ӛнерді зерттеуді талап етеді.
Қазақтың ою-ӛрнектерінің түрлері де атаулары да кӛп. Қазақтың ұлттық ою-
ӛрнектерінің түпкі негізін іздестіру ісінде біздің ғалымдарымыздың кітаптарында
кӛптеген құнды материалдарға толы. Еңбектерінде ою-ӛрнектің шығуы, қандай
ұғымдар туып, қалай дамығандығы, ерте кездегі қауымдардың мекендестігі, кәсібі
мен әдет - ғұрпы жайында ӛте толық айтылған.
Қазақтың осы күнгі ою-ӛрнектерін қарт шеберлер екіге бӛліп қарайды.
Біріншісі, қазақ халқының ӛзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары.
Екіншіден, басқа халықтардан ауысқан жаңа интернационалдық ою-ӛрнектер.
Қазақтың ұлттық ою-ӛрнегінің бір ерекшелігі күнделікті ӛмірде кездесетін
әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін бейнелесе де ұлттық ою-ӛрнектің негізі
болған мүйіз оюы үнемі араласып отырды.
Шеберлер халықтық ою-ӛрнектерден ӛздері кӛріп, кӛңілдеріне ұнағандарын
не қағазға, не жарық теріге, не матаға түсіріп, ойып алған. Оюдың осындай
қиындысын "үлгі" дейді. Үлгі қиюмен кӛп айналысқан және сол үлгі бойынша ою
ойып, іс істеуді сүйген шеберлер қолындағы ою үлгілеріне ӛзінше жаңа түр, жаңа
бұйым қосып, оны ӛзінше жӛндеп, дамытып отырды.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
78
Бұрын-соңды жазылған деректер мен ел арасындағы қол ӛнер шеберлерінің
айтуынша қазақ ою-ӛрнектерінің ӛте жиі қолданылатын 200-ден астам түрі бар.
Қазақ халқының қолӛнерінде ӛрімшіліктің неше түрі әдемі ӛрнектері бар.
Жалпы ӛрнектер атауларын мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге
болады.
1. Ай, күн, жұлдыздарға-кӛк әлеміне байланысты ӛрнектер.
2. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты ӛрнектер.
3. Аңға, аңның денесіне, ізіне байланысты ӛрнектер.
4. Құрт-құмырсқаларға байланысты ӛрнектер.
5. Құстарға байланысты ӛрнектер.
6. Жер, су, ӛсімдік, гүл, жапырақ, бұтақ бейнелі ӛрнектер .
7. Геометриялық тектес ӛрнектер (фигура)
Енді осы ою-ӛрнектердің кӛп-қолданылатындарына, белгілі атауларының
кейбір түрлеріне тоқталсақ. "Ай", "жартылай" ӛрнектерді шынында да аспандағы
айды меңзеп жасалынған. Бұлар кӛбіне діни орындардың архитектуралық
безендіруінде, "мешіт, медреселердің" мұнараларында, мазарттарда, жайнамаз
сияқты заттарда кездеседі. Бір замандарда кӛптеген қауым ай мен күнге, от пен
жұлдызға табынған. Осыған байланысты аспан әлеміндегі денелердің және
құбылысы айды олар тәңірі тұтып жалбарынған, оған құрбандық шалған. Қазірде
"ай", "айшық", "жарты ай" ӛрнектері кӛп қолданылады. Кейбір ӛрнектердегі
дӛңгелек ісіне келіп түйіскен жарты айлардың қосындылары "табақ", "тана"
ӛрнектері сияқты әдемі түрлер жасайды.
"Айыр" - айыр (екі) ӛркешті түйе, айыр тұяқты малдың бақайы, айыр қой-
ешкі, сиыр малдарының бақай арасынан шығу болып шығатын дерт. Бұл -ӛрнекті
кейде, "айыр тұяқ", "жармагүл", "жапырақ", "жауқазын", "жетігүл", "жұлдызгүл"
деп аталатын ӛрнектер ӛсімдік тектес бейнелерде тұспалдайды. Бұлар да "мүйіз"
ӛрнегінен, геометриялық сынық сызықтар арқылы сипатталады.
Қазақтың ою-ӛрнектерінің түрлері де, атаулары да кӛп. Жалпы алғанда
бүгінге дейін зерттеушілер қазақ ою-ӛрнектерінің екі жүздей түрін тауып,
анықтама берген. Қазіргі кезде заоморфтық ӛрнек, кӛтеріс ӛрнек, геометриялық
ӛрнек деп негізгі тӛрт топқа бӛлу қалыптасқан.
Тұрмыс - тіршілік мол шаруаларымен тығыз байланысты болғандықтан
халық арасында қолӛнер бұйымдарын кӛркемдеуге мүйіз бейнелерін пайдаланды.
Ою-ӛрнектің бұл түрлерін үйретуге қыздарға мынандай талаптар қойылады:
ою-ӛрнектердің мазмұнымен, жан-жануарлар дүниесімен байланыстыра білу /3/.
Қ.Болатбаев. Ою-ӛрнектің тарихы ескі заман шежіресінен басталады.
Ертедегі түркі тілдес халықтың ою-ӛрнектері де, тілі де ұқсас болды. Халықтың
кӛшпелі тіршілігі мал шаруашылығы болғанын кӛрсетеді. Ертеде бұйымдарға зер
жүргізу үлкен мәнге ие болды.
Қазақ халқы ою-ӛрнек арқылы жастарды ұлттық халық ӛнерін, дәстүрін-
салтын сыйлауға, мәдениетті болуға шақырды. Қазақтар жас баланы зерделі, ойлы
азамат болуын қалады. Қазақ ою-ӛрнегінің табиғаты халық ӛнерінің тарихын,
ӛмір тіршілігінің сұлулығын және әсемдігін айқындайды.
Халық зергерлері кӛбінесе білезік, ӛңір жиек, сақина, сырға, тіс шұқығыш,
жүзік, шолпы, алқа, сәукеле, түйреуіш, сауыт, белдік сияқты адамның ӛз бойын
ою-ӛрнектермен әсемдейтін заттарды жасайды. Осы бұйымдардың бәрі шебер
зергердің қолынан шықты.
Қолӛнер шеберлері ӛрнектеліп болған заттарды әдемілеу үшін оны түрлі
қағазбен, мақтамен, жұмсақ матамен ысқылап, жылтыратады. Сақина, білезік,
сырға, шолпы сияқты бұйымдарды қазақ зергерлері кӛбінесе осындай әдіспен
жасайды. Білезіктердің аталу түрлеріне қарай, олардың бетіне жүргізілетін
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
79
ӛрнектер де түрлі-түрлі. Мысалы ӛрме білезік, жуан алтын, күміс жіптерді ӛріп,
қарастырады және екі жақ басы алақан тәріздес болады да, бетіне "қазтабан",
"жүрекше", "қосырғақ" ӛрнектеріңің бірі жүргізіледі. Күміс белдік мешен белбеу
кербез жігіттер мен қыз-келіншектерге тән болса, күміс кірсе, әдемі әшекейлер
салиқалы қарттарға, сапар кезгіш батырларға тән. Белдіктердің ең бетін кӛк сауыр
былғары, қызыл, сары кезеңдермен оюлап, күміс әшекеймен жүргізу де ӛте
ұнамды болады екен.
Зергерлік ою-ӛрнектерді, қалыптастырып қазақтың ұлттық киімдерін
безендіріп, әшекейлеуде қолданамыз. Зергерлер киімдерге әртүрлі аңдар мен
гүлдердің, ӛсімдіктердің кескінін қолданған. Ұлттық киімдерге әр түрлі ою-
ӛрнектерде пайдаланған. Ұлттық киімнен қазақ халқының жүріс-тұрысын,
келбетін, тәртібін кӛрсеткен. Қазақ қыздары киімдерінде әр түрлі әшекейлі
тастармен безендірді. Қазақ халқынық-әшекейлері де ӛзіндік ерекшеліктерімен
дараланды. Кӛптеген зерттеулер бойынша, жергілікті ерекшеліктер қазақ
зергерлерінің арасында кӛптеген байқалады. Ел елеулері сәнді күміс заттарды
жасауда әр түрлі қайла қолданды. Бір зергердің қолынан мықты бұйым, екінші
зергердің бұйымының әдемі сәнді болуын қарастырып, әр түрлі тәсілді іздестірді.
Күміс бұйым бетіне түрлі -түсті ою түсіру әдісін Қазақстанның орталық, оңтүстік
және оңтүстік-шығыс аудандарында жиірек байқаймыз.
Қазақ этнографы Э.Л.Масановтың зерттеулері бойынша, күміс бетіне қара
жүргізу Орта Азия зергерлеріне ХІІІ-ХҮІ ғасырда белгілі дейді. Қазақ халқы
қаралау тәсілін бұрыннан білгендігін этнограф дәлелдейді ӛздері жасапты. Оның
құрамында күміс, мыс, қорғасын, қараланы әйелдерге арналған бұйымдарға, күміс
білезік, сырға, белбеуге салған сымкәптеу тәсілі әйелдерге арналған сәндік
бұйымдарға қолданған, шолпы, түйреуіш, қапсырма жіңішке сымдарды
пайдаланған. Әшекейді әдемі бұйымының ортасына асыл тастар орнатылады,
сӛйтіп бұйымға әшекейлі ӛң береді. Сымкәптеу тәсілімен орындалған әшекей
бұйымдар жасыл-қызылды құнды тастармен үндесіп, сәнді болады. Бұндай тәсіл
Қазақстанның Барлық әшекейлерінде байқалады. Кӛптеген зергерлер ӛз
мамандығын жақсы меңгергендігін кӛреміз. Әшекейлі бұйымның орындалуы
керемет шеберлікті керек етеді. Осылай қазақ халқының зергерлік тәсілдері әр
түрлі сәндік әдемілікті байқатады.
Сәнді ӛнер адамдарды сұлулыққа, әдемілікке шақырады. Сәндік қолданбалы
ӛнерді бағалап қастерлеп, ұғып жан дүниемізбен сезінуіміз керек. Бұл ӛнер әрбір
жанұяда тұмыста қолданатын сәнділік қолтаңба. Ұл қыздарымыз, бізді қоршаған
дүниедегі барлық ӛнер туындыларын танып, білуге керек.
Мемлекетіміздің қолӛнер түрлерінің дамыту жолдарын (кәсіби білім беру)
қолға алып жатыр. Жас ұрпақтарымыз қолӛнер түрлерінің қай саласы болмасын
тереңірек оқып, үйреніп меңгерсе, онда келешекте қолӛнеріміздің даму
барысында мәдениетіміздің ӛркендеуіне үлкен үлесін қоспақ. Қазақстан дамыған
елдер қатарынан кӛріну үшін қолӛнерімізді дамыту, дәстүрімізді жалғастыру
мәдениетке үлес қосу үшін-ол жас ұрпақтарды осы қолӛнер саласына тереңінен
меңгертіп тәрбиелеу болып отыр.Осы жоғарыда айтылған ою-ӛрнектің мәні оның
тәрбиелігі мен эстетикасына жас ұрпаққа тәрбие беріп қалыптастыру. Жастарды
кӛркемӛнерді сүюге, адамға тән ізгі қасиеттерді қастерлей білуге үйретеді.
Осылайша ӛнерге құштар балалардың отбасында-ақ еңбекке қызығушылығы
қалыптаса бастайды. Олар шыдамдылыққа, тӛзімділікке, инабаттылыққа,
адамгершілікке, үнемділікке, сапалы, әсем әрі кӛркем тоқуға бой үйретеді.
Халық ӛнерін, игеру-балаларды еңбек сүйгіштікке, әсемдікке, ӛнерлі болуға
талаптандырып қана қоймай халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп,
дәстүрін жалғастыра білуге баулиды.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
80
Ою-ӛрнек ӛнеріне байланысты жалпыға түсінікті тілде жарияланған арнайы
әдебиеттерде жарық кӛрген материалдар мен зерттеулер баршылық. Ою барынша
біздің сезімге арналған. Оюдың әдемі де нақышты қатаңдығы мен ерке назын,
қайсы бір жағдайда орналасуының орнында да ретті екенін, оның кӛңіл күйге
етене етіп, заманның не ұлттық ӛнер шығармаларына тән кӛркемдігін сезіну үшін,
оюды сӛзбен құралған кез-келген әдеби шығарма жазып, түсіндірудің
қажеттілігінің керегі шамалы. Себебі ою-ӛрнек ӛнерінің бейнелерінен әсер алып,
мейлінше кӛркем қабылдаудың таза үлгісі.
Ою-ӛрнектегі күрделі пішіннің таңдаулы сұлулығы-нағыз табиғи. Барлық
жерлерде табиғи түрдегі үйлесімдер математикалық дәлдікке жақындай түсіп,
ӛрнектер ӛзінен-ӛзі сұранып дайын тұрғандай болады.
Ою-ӛрнектің ерекше қасиеттерінің бірі - табиғи болмысты нақты шынайы
бір тәртіптерге байланысты бағынышты ете алады, ою-ӛрнектің де кеңістік пішіні
болуы және сұлулық әлемінің жоғары сатысында кӛрінуде.
Бір сӛзбен айтқанда жас ұрпақты ұлттық талғамын тәрбиелеу оның
әдемілігіне назар аудару үнемі ӛзіндік ізденуі, еңбек ету керек. Ұлттық ӛнердің
сұлулығын неғұрлым мол қабылдаған сайын ұрпақтың санасы мен сезімі
тереңдеп, баии түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |