Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
6
К Ә С І П Т І К Б І Л І М
ӘОК 371. 3
ТIГIН МАШИНАСЫНЫҢ ИНЕСI ЖӘНЕ ОНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Абдижаббарова С.Қ. – аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Тiгiн машинасының негiзгi жұмыс құралы ине, ол тiгiс пайда болу үрдiсiне
тiкелей қатысады. Барлық тiгiн машиналарының инелерi маталарды шаншып,
тесiп жоғарғы жiптi қайық жiбiмен айқасып мата бетiне тiгiс түсiредi, ине матаны
шаншып, тесiп тiгу арқылы жiпте iлмек пайда болу қызыметiн атқарады да, ал
жiп тартқыш ары- берi жiптiң тартылуын реттеп тұрады. Иненiң ұшы үшкiр де
және жiңiшке, жоғарғы жағы дӛңгелек тегiс келедi, ол колба деп аталады.
Колбадан тӛмен ұшы үшкiр стержень жалғасқан. Стерженнiң ең үшкiр
ұшында иненiң кӛзi орналасқан жәнеде ұзын, қысқа ӛзекшелерден тұрады.
Ұзын ӛзекше жiптiң ине шаншым кезiнде ине жiбiн үйкелiстен сақтайды,
кiшi ӛзекше iлмек пайда болу жұмысын атқарады. Иненiң колбасы машинаның
ине жылжытқыш стерженiне қондырылып винтпен қатайтылады. 1 иненiң ұшы,
негiзгi элементi болып келедi, 2 кӛздiң тӛменгi жиегi, 3 кӛз, 4 кӛздiң жоғарғы
жиегi, 5 қоспа, 6 стержень, 7 ауыспалы( кӛшпелi) конус және 8 колба.
Стержендегi ине кӛзiнiң екi жанында ӛзекшелер бар: 9 ұзын және 10 қысқа. L-
иненiң барлық ұзындығы, D- колба диаметрi, ℓ- колба ұзындығы және ℓ-
колбадан кӛздiң жоғарғы жиегене дейiнгi ұзындық.
Иненiң сопақ кӛзi жiп ӛткiзу үшiн қажет , оның енi В жiптiң диаметрiнен
артықтау болады. Ине кӛзiнiң жалпы кӛлемi В═ 0,35-0,4d бұнда d ине ӛзегiнiң
диаметрi, ине кӛзiнiң биiктiгi Н═ 2,5-3В. Ине кӛзiнiң бұндай кӛлемi ине матадан
шыққан кезде жiптiң еркiн ӛтуiн қамтамасыз етедi, себебi жiп қозғалысы жiп
тартқыштың қозғалысымен салыстырғандағы жылдамдығы жоғары болып келедi.
Сурет 1 - Түзу тiгiн машинасының инесi мен кӛзi
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
7
Кесте 1 - Тiгiн машиналарында қолданылатын жiп және инелердiң түрлерi
Р/с
№
Тiгiн машина
классы
Жiп номерлерi және түрлерi
Ине номерлерi мен
шартты
белгiлерi
ГОСТ-2249-82
1
2
3
4
1
10-Б
Мақта-мата жiбi № 30-80
0277 № 75,90-110
2
141-30
Мақта-мата жiбi № 30-80
0277№ 100 немесе
459
3
141-40
Мақта-мата жiбi № 80-120
0277№ 75 немесе
459
4
1022
Мақта-мата жiбi № 20-60
0277№ 90-130
5
1022-М
Мақта-матажiбi № 10-80, жiбек №65
0203№ 90-130,150
6
97-А
Мақта-мата жiбi № 40-80, жiбек №65
0052№ 75,90-120
7
397,597
Мақта-мата жiбi № 40-80, жiбек №65
0052№ 75,90-110
8
51,51-А
Мақта-мата жiбi № 40-80, жiбек № 33,65
0052№ 75,90-110
9
508-М
Мақта-мата жiбi № 40-80, жiбек № 33,65
0052№ 75-100
10
―ДЖ МО -
816-DD4
Мақта-мата жiбi № 40-80, жiбек № 33,65
ДСх27
11
85, 285
Мақта-мата жiбi № 40-80, жiбек № 33,65
0873№ 65,75
12
252-А
Мақта-мата жiбi № 10-80
0203№ 110-170
13
852-3
Мақта-мата жiбi № 30-50,65
0203№ 90-120
14
CS-761-5а
Мақта-мата жiбi № 50-80, жiбек № 33-80 0873№ 70-120
15
27, 827
Мақта-мата жiбi № 20-50
0141№ 90-120
16
1095,1495
Мақта-мата жiбi № 40-80, жiбек № 33,65
0141№ 90-130
17
220-М
Мақта-мата жiбi № 30-60, жiбек № 33,65
0518№ 100-130, 150
18
25-А,525
Мақта-мата жiбi № 30-60, жiбек № 33,65
0203№ 90-120
19
26
Мақта-мата жiбi № 10-50, жiбек № 33,65
0203№ 100-130
20
62761-Р3
―Минерва‖
Мақта-мата жiбi № 40-80, жiбек № 33,65
0277№ 90-120
22
ПМЗ-2
Мақта-мата жiбi № 40-80, жiбек № 33,65
К№ 75-100, 120
Инелердiң сандық белгiлерi стерженнiң қиылысына ине ұшының формасына
және колбаның дайындалу ерекшелiгiне байланысты болады. Онда иненiң жалпы
ұзындығы мен ӛзекшенiң орналасуы, колбаның диаметрi және ұзындығы
ескерiледi. Сандық белгiлерiнен басқа тiгiн машиналарының инелерi стерженнiң
жуандығына байланысты номерлерiмен белгiленедi.
Тiгiн ӛнеркәсiбiнде қолданылатын инелердiң номерi 60-тан 210-ға дейiн
болады. 1022Мкл тiгiн машинасының инесi 0203 номерiмен белгiленген. Ине
стерженiнiң диаметрi 0,75мм-ге тең келедi. Мысалы: 0203 № 75, инелердiң
колбасында шығаратын кәсiпорынның санды индексi мен иненiң номерi
жазылған. Матаны тiкпес бұрын тiгiн машинасының құжатында (паспортында)
кӛрсетiлгендей жiптi дұрыс таңдап алып, жiпке сәйкес иненi де дұрыс таңдап алу
қажет. Жiптi таңдау кезiнде оның оң (Z) және терiс (S) шыйратылғанына кӛңiл
бӛлу керек, себебi кейбiр тiгiн машиналарында тiгiс жүргiзген кезде жiп
шыйратылып үзiле бередi. Жiптiң оң және терiс шыйратылғанын бас бармақ пен
сұқ саусақтың сағат тiлiнiң бағытымен бiрге бұрау арқылы ажыратуға болады.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
8
Cурет 2 - Жiптiң шыйратылуы: а –жiптiң шыйратылуын анықтау;
б - оңға және солға шыйратылуы.
Қайық тiгiстерiнiң пайда болу үрдiсi. Жiптiң айқасуына қарай тiгiстер екi
тәсiлге бӛлiнедi: қайықты және iлмектi. Қайықты тiгiс ине және қайық жiптерiнен
тұрады. Ине жiбi жоғарыдан ӛтедi, ал қайық жiбi мата немесе кездеме астынан
ӛтедi. Жiптiң айқасуы тiккен матаның ортасында немесе iшiнде пайда болады.
Ине шаншым ара қашықтығы тiгiс ұзындығы дейдi.
Сурет 3- Қайық тiгiстерiнiң пайда болу үрдiсi
Екі жіптің айқастырылған тізбегін немесе қатарын қайық тігісі дейміз.
Тiгiн машинасының жұмыс мүшелерiнiң кӛмектесе әрекет жасауы арқылы
қайық тiгiсi пайда болады.
Тiгiс пайда болудағы қатынасатын бӛлшектердi жұмыс мүшелерi деймiз,
олар ине, жiп тартқыш, табан және тiстi матажылжытқыш механизмдерi.
Ине механизiмiнiң атқару қызыметi- матаға жетiп, тесiп ӛту және мата
астында iлмек( салпыншақ) пайда болуы.
Қайық тiгiсiнiң пайда болу қағидасы. Қайық тiгiсi пайда болу үшiн
жiптердiң ӛзара айқасуы тербелмелi, теңселмелi және айналмалы қайықтардың
кӛмегiмен пайда болады. Айналмалы қайықты тiгiн машиналары тiгiн
ӛндiрiсiнде ең кӛп тараған, сондықтан бiз айналмалы қайықты тiгiс машинасының
жұмыс принципiн қарастырамыз. Жоғарғы жiп тиектен 5 (4, а сурет) және
бобинадан 3 жiп реттегiш табақшаларының арасынан ӛткiзе тартып
жiптартқыштың 4 кӛзiне оңнан солға қарай ӛткiзiледi, сонан соң ине кӛзiне 2
сабақталынады. Ине 2 матаны тесiп жiптi ең тӛменгi нүктеге дейiн апарады. Ине
жоғары кӛтерiлген кезде жiптi қайықтың тұмсығы 1 iлiп алып iлмек пайда
болады.
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
9
Сурет 4 - Қайық тiгiсiнiң пайда болу принципi: 1- қайық; 2-ине; 3-жiп
реттегiш табақша; 4- жiптартқыш; 5-тиек немесе бобина; 6- тiстi рейка.
Ине (4, б сурет) кӛтерiле бастағанда 7 қайықтың тұмсығы iлiп алып, жоғарғы
жiптiң iлмегiн кеңейтедi. Жiптартқыш 4, тӛмен қарай ауыса отырып, жiптi
қайыққа жеткiзедi. Жоғарғы жiп iлмегi қайық кӛмегiмен тиектi айналып ӛтедi (4, в
сурет) Жоғарғы жiп iлмегi 180º бұрыш жасағанда жiптартқыш жоғары кӛтерiлiп
iлмектi тартады. Тiстi рейка 6 матаны тiгiс ұзындығына жылжытады. Қайық (4,
д сурет) бос айналым жасаған мезгiлде машинаның басқа бӛлшектерi (ине, тiстi
рейка және жiптартқыш) ӛз жұмыс циклдарын аяқтайды.
Қайық бiркелкi қозғалыс жасамағандықтан тiгiн ӛндiрiсiнде аз тараған,
тербелмелi қайықты тiгiн машиналары да осындай принциптерiнде жұмыс
iстейдi.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Исаев В .В. Оборудование швейных предприятий М.: « Легпромиздат».1989.
– 336с.
2.
Ермаков А.С Оборудование швейных предприятий, 2004г.
3.
Франц В.Я. Монтаж, техническая эксплуатация и ремонт швейного
оборудования, 2005г
4.
Суворова О.В. Швейное оборудование.Ростов на Дону изд. Феникс, 2002г.
5.
Труханова А.Т. Исаев В.В. Рейнова Основы швейного производства, М.:
Просвещение, 1989г.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада тігін машинасының ине құрлысы мен тігістің пайда болу үрдісі
және қағидасы қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается структура швейных игл, процесс оброзования и
принцип стежков.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
10
ӘОК 687.16
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Абдраманқызы К. – аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Киім адам ӛміріндегі аса қажетті болған негізгі тұртыс құралдарының бірі.
Ол бір жағынан адам денесін сыртқы ортанның әсерінен қорғаса, енді бір
жағынан алуан түсті, алуан құрамдағы киімдер адам денесіне сымбат беріп
әрлендіре түседі. Рухын серпілтіп, кӛңілін кӛтереді. Сондықтан халқымыз «Ағаш
кӛркі – жапырақ, адам кӛркі - шүберек», «Адам кӛркі киімде» деп бекер айтпаған.
Киімнің пайда болуы мен оның дамып, кемелденуі ұзақ-ұзақ тарихи барыстарға
тікелей қатысты. Ол адамзат қоғамының біртіндеп даму шарт-жағдайы астында
ӛзгеріп, дамып, жаңаланып отырды. Яғни оны адам еңбегінің ерекшелігі,
қоғамдық ӛндіріс формасы мен адамзат мәдениетінің қалыптасуы барлыққа
келтірді.
Палеолит (кӛне тас құрал) дәуірінің ӛзінде-ақ адамдардың қарапайым киім
түрлерін пайдалана алғандығын археологиялық қазбалардан шыққан мүйіз инелер
дәлелдеп бере алады. Бұл дәуірлерде олар әр түрлі аң терілерінен ӛте дӛрекі
«киімдерді» киген. Бұл киімдер адам денесіне жай ғана байланатын немесе түйреп
ілінетін болған деп тұспалдауға мүмкіндік зор. Адамзат еңбегінің дамуы,
санасының біртіндеп оянуы неолит (жаңа тас құрал) дәуіріне келгенде ағаш
тамырынан, ағаш қабығынан және жүннен ӛру, иіру, тоқу ӛнері пайда бола
бастады. Осылайша біртіндеп иыққа ілінетін, мықыннан қаусырынатын киімдер
пайда бола бастады. Ӛздері ӛмір сүрген ортаға, айналысатын кәсібіне байланысты
киімдерін де соған бейімдей алатын болды. Ӛзгертті жаңалады. Бертін келе түрлі
ұлттардың пайда болуымен бірге әр халықтың этнографиялық ерекшелігі,
этникалық құрамы, мәдениет ӛресін бейнелейтін ұлттық дәстүрге ие киімдер
жарыққа шықты.
Қазақ халқының ұлттық киім-кешегі де ӛздері ӛмір сүрген далалық ӛмір мен
негізгі кәсібі болған натуралдық шаруашылыққа байланысты, кӛшіп-қонуға қарай
бейімделді. Атап айтатын болсақ, қазақ халқына аяз бен боранға, жауын-
шашынға, ыстық пен суыққа тӛтеп бере алатын киім-кешектер қажет болды.
Сондықтан қазақ халқы ертеден ӛздерінің киім-кешектерін мал мен аңның
терісінен, жұқа киіз бен түйенің, қойдың жүнінен жасады. Бертін келе мақта,
кездемелерге жүн салып сыратын болды. Ӛйткені қазақ халқын қалыптастыруға
этникалық негіз болған байырғы Сақ, Үйсін, Қаңлы, Ғұн және Түрік
тайпаларының бәрі негізінен судың тұнығы мен шӛптің сонысын қуалап, кӛшіп-
қонып жүретін кӛшпелі және жартылай кӛшпелі халықтар еді.
Біздің жыл санауымыздан ілгергі бір мың жылдықтың орта шенінде Орта
Азия мен тұтас қазақ даласын ежелгі сақ тайпалары мекендеді. Ертедегі Грек,
Парсы сына жазу ескерткіштерінде «Сак» және «Азиялық скивтер» деп жазып
қалдырған. Ахменидтің Иранның сына жазу текстерінде Сақ тайпалырын үш
топқа бӛледі. Олар Хаумуварга Сақтары – «хауму ішімдігін істейтіндері»;
Парадария Сақтары – «Теңіздің арғы жағындағы сақтар»; Тиграхауда Сақтары –
«Шошақ тӛбелі бӛрік киетіндер». Тарихи мәліметтерге қарағанда Тиграхауда
сақтары Жетісу, Тәңіртауы, Алтай таулы ӛңірлерін мекендегендігі анық. Бұдан
біздің ата-бабаларымыз сонау ерте заманда-ақ шошақ тӛбелі бӛрік киетіндігін
аңғарамыз. Қытай Халық Республикасы ӛӛңірі Күнес алқабынан табылған шошақ
тӛбелі бӛрік киген Сақ сарбазының қола сымбаты бұл кӛзқарасымызды одан әрі
дәлелдей түседі. Ертедгі Грек, Парсы тарихшыларының жазып қалдыруы мен
археологиялық қазбаларға негізделгенде сақтардың еркектері теріден, немесе
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
11
дӛрекі шекпеннен тігілген кең шалбар, жағасыз ұзын шапан киген. Белдеріне
алтын, немесе қола бастырмалармен әшекейленген, қола айылбасты үлкен,
жалпақ белбеу буынған. Бастарына шошақ тӛбелі, немесе дӛңгелек, киізбен
тысталған бӛрік киген. Аяқтарына жұмсақ, ӛкшесіз етіктері болған.
Біздің заманымызға дейінгі 1 – 3 ғасырларда дәуірлеген Үйсін, Қаңлы және
Ғұн тайпалары мен тайпалық бірлестіктерінің киім-кешектеріне тоқталар болсақ,
тарихи деректерде батыс ӛңір деп аталатын Орта Азия ӛңірін мекендеген осы
тайпалар мен тайпалық бірлестіктер кезінде күшті әскери қуатқа ие болған. Қытай
саяхатшысы билеушісі Жаң Жян осы батыс ӛңірге сапар шеккеннен кейін ұлы Таң
империясы мен Үйсін елі әлеуметтік диплолматиялық және құдандалы байланыс
орнатады. Осыдан кейін бұл кӛшпенді халықтар арасында сауда айырбасы дами
түседі. Ішкі ӛлкенің жібек, мата тоқымалары батыс ӛңірге ене бастайды.
Кӛшпенді халықтардың айырбасқа салатын негізгі тауары жылқы, аң терілері
болатын. Осылайша оларды киім түрлеріне де ӛзгеріс енеді. Кӛбінесе сатып,
айырбастап алған, немесе жауынгершілік мезгілдерінде қолға түсірген жүн, жібек
тоқымалардан жеңді. Жағалы немесе жағысыз қаусырмалы шапандарды,
шалбарларды кие бастайды.
Жыл санауымыздың 6 – 12 ғасырларында Орта Азиялық батыс ӛңірде түрік
тайпалық одақтары яғни батыс түрік қағандығы, Түркеш қағандығы, Қарұлық
қағандығы, Оғыз және Қарахан мемлекеті мен Қимақтар және Қыпшақтар
бірлестіктері дәуірледі. Бұлар ӛздерінің үстемдігі мен дербестігін сақтаған түрде
ішкі ӛлкелер мен Орта Азиядағы елдерді және батыстағы қиыр мемлекеттермен
сауда, экономикалық қатынасты ӛркендетіп отырды. Жібек құртын ӛсіру, тоқыма
ӛнеркәсібі де дами түсті. Шаруашылық формасы әлде кӛшпелі және жартылай
кӛшпелі күйде қала берді.
Мақта-мата тоқымалары – мата, бӛз, тор, шыт деп аталады. Мал ӛсірушілер
ӛрнек түсіріп жасаған мата және жұқа киіздердің түрлері де кӛптеп базарға енді.
Ал жібек матдан кӛбірек тарағаны торғын, торқа, баршын, мақпал делінеді. Тағы
басқаларының аты Махмұт Қашғаридің «Диуаны лұғат ат – түрік» сӛздігінде және
Орхон, Енисей ескерткіштеріндегі түрік – руник жазбаларында кездеседі.
Қазақтың эпостық шығармаларындағы кейіпкер есімдерінде, мәселен:
Гүлбаршын, Қызжібек, Мақпалқыз, Торғын т.б. адам есімдері әлі күнге дейін
сақталған. Ал Киімнің жалпы түрінің аты «тон» делінеді. Аң терілерінен тігілген
киімдерді де тон деп атады. Киім формасы мен тігілген матаның қандай болуы
иесінің әл-ауқатына, оның қандай әлеуметтік топқа жататындығына қарай
белгіленеді. Ол замандағы киім формасын тастан жасалған сымбаттар мен ескі
облардан табылған киім жұрнақтарынан байқауға болады.
Қыстыкүгі киілетін негізгі киім түрі тон болады. Шонжарлар той-тобырға
шекпен, асыл шапан, жақсы бӛрік, денбет белбеу және былғары етік киіп баратын
болған. Шекпендері қызыл күрекбояумен боялған. Қыстық киімдердің ішінде
құлын терісінен жүнін сыртына қаратып тігілген тайжақы болған. Ертедегі
тайпалардың тұрмысында киіздің үлкен маңызы болды. Онымен үй жасап қана
қоймай, сырт киім де тікті. ІХ ғасырда ӛмір сүрген географ Әл-Якуби: «Қазақ
даласындағы халықтар киіз басуға ең шебер халық болған, ӛйткені, олардың
киетін киімі киізден тігіледі», – деп жазған.
Ер адамдардың бас киімі шошақ тӛбелі берік болды. Құндыздан тіккен
бӛрікті Камаш бӛрік деп атады. Киізден паналдырық деп аталған башлық немесе
жамылғы тігіп киді. Әйелдердің бас киімі теринджек деп аталған жібек жамылғы,
кимешек және орамал болды.
Етікті тігісін сыртына қаратып былғарыдан тікті. Оны атүк деп атады.
Букиум атүк деп аталған қайқы тұсық жұмсақ етік бағалы болып, оны әйелдер
киді. Бешпетті әмән белбеумен буды.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
12
Шонжарлардың – қағандардың, тегіндердің, бектердің киімі қара халықтың
киімінен мүлдем ӛзгеше болды. Қағандар сол жақ қауырсыннан түймеленетін
ұзын шекпен киді.Жазды күні кӛк жасыл жібек шапан киді. Қаған уәзірлерінің
киімдері де жібек болғанымен, түсі ӛзгеше болды. Жоғарғы жікке жататын
әйелдер жібек киіммен бірге шолпы қадап, алтыннан, інжуден, кӛк моншақтан
шортана тақты, қымбат бӛріктер киді.
Осылайша ұзақ тарихи дәуірлердің барысы, сауда айырбасының ӛркендеуі,
қолӛнері мен техникалық кәсіптің кемелденуі ұлтымыздың ұлттық киім-
кешектерінің әуелгі киім түрлері негізінде байи түсуіне мүмкіндік жасады. Бертін
келе ерлер, ақ бӛзден кең, мол етіп жейде, дамбал; барқыт, қыжым, шұғадан
шалбар, жеңіл шапан, тақия, жалбағай киді. Қыздар ақ матадан, жібектен
желбіршек кӛйлек, мәуті шұғадан оқаланған камзол, үкі таққан керме тақия,
камшат бӛрік, бұлғын, сусар, қасқыр ішіктер киді.
Қазір қазақ халқы ӛздерінің ұлттық дәстүрі мен ұлттық ерекшелігі негізінде,
Ұлттық киім үлгілерін тіпті де байыта түсті. Басқа халықтардың озық киім
үлгілерін қабылдады. Ерлер сырт киім үшін алуан түрлі шұға мен жасанды
талшықтардан тоқылған кездемелерден жасалған костюм, шалбар, пальто кисе,
қыз-келіншектер де түрлі-түсті торғын-торқа, жібек, дүриялардан, нилон-
дилоннан тоқылған кездемелерден алуан үлгілердегі гүл-гүл жайнаған кӛйлек-
кӛншек киетін. Айта кететін бір жайыт, қоғамның дамуы, мәдени тұрмыс ӛресінің
күннен-күнге жоғарылауымен бірге ұлттық дәстүрлі киім үлгілері қазақ
тұрмысынан біртіндеп алыстап, қоланыстан қалып барады.Аздаған
сарқыншақтары ауыл ӛмірінде кездескені болмаса, қалған түрлері тек ойын-сауық
үйірмелері мен музейлерде ғана сақталатын болды.
Сондықтан халқымыздың ұлттық киім түрлерімен оның ерекшелігін бүгінгі
ұрпақ естен шығармасын деген мақсатпен жинақталған материалдарды арқау ете
отырып халқымыздың ұлттық киімдерін: енді бас киім, аяқ киім, сырт киім, іш
киім және жауынгерлер киімі түрлері бойынша таныстырамыз. Мұнда ХІХ
ғасырдың аяқ шеніне дейінгі және бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан қазақ
киімдерінің түрлері сӛз болады.
Ерлердің бас киімдері: Ересек еркектердің барлығы шаштарын алғызып,
жазды күні тақия, оның сыртынан тӛбесі шошақ ақ киізден қалпақ, немесе әр
түрлі аң терілерінен жиектелген бӛріктерді киеді. Қыстыкүні тӛбесі шошақ, аң
терісінен тігілген тымақтарды киеді. Боранды күні бӛркін бастыра әр түрлі
жалбағай киген.
Ақ қалпақ: Ақ қозының кӛркем жүнінен, кейде түбіт араластырып басқан
жұқа кигізден жасалған жаздық бас киім «айыр қалпақ» деп те аталады. Ақ қалпақ
қара барқыт, немесе қара пұлыспен әдіптеледі. Тӛбесінен тӛрт сай болып тігіліп,
тігісі қара жібек жіп, немесе қара барқытпен (шыралжың) кӛмкеріледі. Қайырма
етегі мен тӛбесін түрлі-түсті жібек матамен тыстау, немесе ою-ӛрнек салуда
кездеседі.Тӛбеден тӛгілдіре шашақты моншақ маржан тағылады. Кейде қайырма
етегінің алды-арты жырық келеді. Осыған қарата «айыр қалпақ» деп атаған болуы
мүмкін. Кей жерлерде шибарқыт, шұға сияқты матадан да сырып жасайды.
Тақия: Тақияны бір түсті матадан, яғни сатен, шұға, барқыт сияқты
материалдан алса, тӛбесі тӛрт сай, немесе дӛңгелек тӛбелі етіп тігеді. Ұлттық
ӛрнек мәнеріне және тігілуіне қарай әр түрлі болады. Ерлерге арналған тақияны
кестелі де, кестесіз де болады. Қолмен, немесе машинамен «таңдай», «ирек»,
«қабырға» тігістермен сырылады. Кестелі тақияның жиегіне зермен ирек және
қошқар мүйіз, т.б. ӛрнектер түсіріледі.
Бөрік: Бӛрік қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық бас киімі болып, қыстық
және жаздық бӛрік деп бӛлінеді. Қыстық бӛрік ішіне жүн, немесе мақта салып
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
13
тігіледі. Ал, жаздық бӛрік ішіне мақта салынбай, қос астарланып тігіледі. Ол
елтірімен, немесе аң терісімен түрмеленіп, қымбат, қалыңдау матамен тысталады.
Ерлердің ойн-тойға киетін қымбат бағалы бӛріктері болады. Ертеректе сал-серілер
әшекейлі, үкілі бӛріктерді киген. Бӛрік қазақтың әр қайсы руларына қарай әнтек
ӛзгеше үлгілерде болады.
Тымақ: Тымақ малдың, немесе аңның терісінен тігеді. Тігілген теріге
байланысты сеңсең тымақ, елтірі тымақ, түлкі тымақ, құндыз тымақ т.б. деп
аталады. Тымақ тӛрт сайлы, биік тӛбелі, суықтан, бораннан қорғайтындай мол
пішілді. Маңдайы, екі құлағы және мойынды жотаға дейін жауып тұратын артқы
етегі болады. Оның іші тері, сырты шағи, пұлыс, барқыт, дүрия матамен
тысталады. Екі құлақтың сырт жағынан бастыра матадан жалпақ екі бау
тағылады. Қазақтың рулары мен тайпалары ішінде тымақтың тігілу ерекшеліктері
әр түрлі болады. Тымағына қарап ол адамның қай жерден, немесе қай рудан, қай
тайпадан екенін оп-оңай ажыратады. Мысалы керей тымақ, Найман тымақ, Албан
тымақ т.б. Жаз бен күзде киетін, әрі сәнді, әрі жеңіл елтірі тымақтар болып, оны
«жекей тымақ» деп атаған. Кей жерлерде тымақты «малақай» деп те атайды.
Жалбағай: Тымақ тәріздендіріп қалың не жеңіл матадан, жұқа ақ киізден
тігілетін бас киім. Жалбағайдың екі жаны мен артқы етегі тұтас тігіліп иық пен
желкені жауып тұрады. Жылқышылар қыстыкүні жалбағайды тымақтың
сыртынан киеді. Әр жерде жалбағайды: Далбағай, далбай, жалбай, немесе
күлапара, – деп те атайды. Ертедегі түрік тайпалары «башлық» деп атаған.
Пұшпақ тымақ: Әр түрлі аңдардың және қозы-лақтырдың пұшпақ
терілерінен ығына қарай құрап тігетін бас киім. Әр түрлі әдемі пұшпақ терілердің
жүнін сыртына қаратып құрайды. Тӛбесін әр түрлі формада, шекесінен құлақ
шығарып тіккен пұшпақ тымақтар кӛздің жауын алады. Оны кӛбінесе қазақ
балалары және жас қыздар киеді. Боз балалар мен жігіттер де киген.
Сәлде: Ислам діні қазақ арасына сіңгеннен кейін енген бас киім, немесе
мұсылман дін басыларының басына орайтын шалмасы. Оны үш-тӛрт кез ақ
матадан қабаттап орап жасайды да, бір ұшын намаз оқыған кезде желкен тұсты
жауып жауып тұру үшін бос қалдырады. Шариғатта кӛрсетілген намаз оқудың
ережесі бойынша мұсылмандардың басында сәлде немесе сәлде тәрізді бас киім,
үстінде арнаулы ұзын киім болуы шартты. Сәлде халқымыз аузында қожа-
молдалардың пасықтық белгісі болып кеткен. Шынтуайтқа келгенде, қазақ
молдалары сәлдені тек намаз оқығанда ғана салады. Бұл сәлденің ұлтымыз
арасында онша етек ала қоймағандығын түсіндіреді.
Әйелдердің бас киімдері: Қазақ әйелдерінің бас киімдері олардың жасы мен
семиядағы жағдайына байланысты бір-бірінен кӛп ерекшеленіп отырған. Жазды
күні қыздар түрлі-түсті жібек, барқыт мақпалдан тігілген, тӛбесі жайпақ, дӛңгелек
тақия (тебетей) киген. Қыста киетін негізгі бас киімі кәмшат бӛрік болған.
Әйелдердің ең қымбат бас киімі қалыңдықтың тойға киетін сәукелесі деп
есептелген. Оның басы күміс ақша мен екі мың теңгеге, тіпті одан да қымбатқа
тоқтаған. Ері бар егіде тартқан әйелдер әшекейі жоқ, ақ мақта матадан тігілген бас
киім киген, немесе жаулық тартқан. Әр қайсы ру мен тайпаларда бас киім үлгілері
бір-бірінен парықты болып отырған.
Тақия: Үкілі тақия қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі. Ол
ұлттық ӛрнек және мәнеріне, ігілуіне қарай әр түрлі болып отырған. Қыздардың
тақиясын қызыл, күлгін. Жасыл, тағы басқа бір түсті шұға, барқыт, мәуті сияқты
әдемі кездемелерлен тігеді. Тӛбесі тӛрт сай немесе дӛңгелек келеді. «Таңдай»,
«ирек», «қабырға» тігістермен сырылып, жібек, алтын, күміс зер жіптермен
кестеленеді. Түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл
тастармен безендіріледі. Үкінің үлпілдек қауырсынын әсемдік үшін тақияның
тӛбесіне қадайды. Бұл қазақ халқының арасында кӛне діни ұғымға байланысты
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
14
үкі құсын «қасиетті құс» деп тӛтем тұтқандығынан пайда болған. Кезінде үкінің
қауырсынын жас нәрестенің бас киімі мен бесігіне, қыздар мен сері жігіттер бас
киімінің тӛбесіне, жас келіндер екі иығына тағу дәстүрге айналған.
Сәукеле: Ұзатылатын қыз киетін бас киім. Оны қыз ұзатылғанда ұзатылар
жерге киіп барады. Оны арнаулы басылған ақ киізден, немесе арасына жүн салып
сырыған матадан жасап, сыртын барқыт, атлас, мәуті, шұға сияқты қымбат
матадан қаптайды. Шетіне құндыз, камшат терісінен жүрін ұсталады. Сәукеле үш
қарыс шамасында ұзын болып, ӛн бойына алтын, күміс және меруерт маржаннан
әшекей тағылып, алтын, жібек жіппен кестеленеді. Сәукеленің арнайы күмістен
жасалған тӛбелдірігі, маңдайшасы, екі жағында тізілген маржаннан салпыншақ
пен жақтауы және белге дейін түсіп тұратын арт құлағы болады. Сәукеленің
тӛбесіне жібектен желек (бергек) салынып, оған үкі (қарқара) қадалады.
Сыртында жерге жететін ақ жібек жаулығы болады. Сәукелені ұзатылған қыз
тойы болып, бір жылға дейін киіп жүреді. Одан кейін басынан сәукеле алынып,
желек салады.
Кимешек: Әйелдер киетін бас киім. Кӛбінше ақ матадан, немесе ақ жібектен
тігіледі. Кимешек басты, кеудені және иықты жауып тұрады. Оның кеуде жағын,
бет жақтауларын кӛмкеріп кестелейді. Күміспен, тана моншақтармен
шеттіктеледі. Кесте әр түрлі болады. Жас келіншектердің кимешегінің бет
жақтауы жалпақтау болып, кестесі де кӛркем келеді. Мосқал тартқан әйелдердің
кимешегінің бет жақтауы тар болады. Кестесі әдемі болады. Бірақ,
әшекейленбейді. Ал қарттар мен күйеуі қайтыс болған әйелдердің кимешегіне
кесте тігілмейді. Күйеуі ӛлген әйелдердің кимешегін жылы толғанша теріс
кигізіп, асын бергеннен кейін оң кигізетін салт болған. Мұндай әйелдер тӛмек
жаңғыртатын болса, онда кимешегіне тағыда кесте тігіледі. Кимешектің, қазақ
рулары мен тайпаларының ӛзгеше болцына байланысты, әр түрлі үлгілері болады.
Ол қазақ тұрмысында ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде пайда
болған. Сірә, мұсылман дінінің қазақ халқына ықпалын біртіндеп тереңдеуі
себепті «тән мен шашты кӛрсетпеу» сынды шариғат заңына сай жарыққа шықса
керек.
Шылауыш: Кимешектің сыртынан киетін бас киім. Ақ мақта матадан немесе
жібектен жасалады. Шылауышты матаны шаршылап маңдайын қатырма етіп,
шаршының үлкен бӛлегін тұтас тӛбені жауып тұратындай етіп, екі шекесінен қыр
шығарып жасайды. Қатырма салынған маңдайдан күмістен жасалған салпыншағы
тӛгіліп тұрады. Кей жерлерде шылауышқа да кесте тігіледі. Бірақ, қарт әйелдердің
шылауышында кесте болмайды. Қазақ тұрмысында үй іші шаруа жұмыстарында
шылауыш кимесе де болады. Сыртқа жолаушылай шыққанда, немесе, ойын-
тойларға барғанда жас әйелдер әдеміленіп киіп алады.
Бөрік: Қазақ қыздарының ертеден келе жатқан ұлттық бас киімі болып, ол
қыстық бӛрік және жаздық бӛрік деп екіге бӛлінеді. Қалыңдау қымбат бағалы
матамен
тысталып,
әр
түрлі
сирек
кезігетін
аң
терілерімен
түрмеленеді.Жұмсалған аң терісіне қарай отырып, оны: құндыз бӛрік, камшат
бӛрік, сусар бӛрік жане оқалы бӛрік деп атайды. Оқалы бӛрік құндызбен
жиектеліп, қызыл, немесе кӛк масатымен тысталады. Бӛріктің тӛрт сайына тігісін
бастыра отырып оқа ұстайды. Сайларының арасы алтын, күміс жіптермен
безендіріледі. Қыздардың бӛркінің түрмесі кӛбінесе алпақ тӛрт сайлы, биіктеу
болып келеді. Алтын, күміс теңгелермен асыл жіптермен безендіріледі, әрі үкісі
тағылады.
Жаулық ХХ ғасырдан кейін қазақ әйелдерінің тұрмысына енген бас киім. Ол
кӛбінесе фабрикада тоқылған салы, бӛртпе, шаршы жаулықтар болып, жібектен,
жүннен, мақтадан тоқылғаны да, қалың, жұқа етіп тоқылғаны да болады. Жүннен
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
15
қалыңдап тоқылғанын «бӛкебай» деп атайды. Жіектен шашақтап тоқығанын
«бӛртпе» деп атайды. Жібектен және мақтадан шашақ шығармай тоқығанын түрін
«салы» деп те атаған. Қазақ әйелдері жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі
жаулықтар салады. Үй және шаруа жұмыстарында бастарына салатын әдеттегісі,
сән-салтанатқа салатын қымбат бағалысы да болады. Жаулықты «орамал» деп те
атаған.
Ерлердің сырт киімдері: Ертеректе қазақ халқының киімдері неғұрлым кең,
мол пішіліп тігілетін. Қазақ еркектері арасында біршама кең тараған, әрі бәрінің
қолы жете беретін қысқы киімі – илеген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен
киімдер болып, оны қолдан жасаған сарғыш қоңыр рауғаш қынасына қандыра
бояйтын. Бұдан тыс, түйе жүнінен және қойдың күзем жүнінен енсіз жолақ
түрінде, жоғарыдан тӛмен қарай сырып тігетін киімдері болған. Ал, біршама
қымбат қыстық киімді әр түрлі аң терісінен жүнін ішіне қаратып тігетн болған.
Қазақ халқының негізгі кӛпшілік бӛлігі елтірі мен қара қозының терісінен тігілген
киімдерді қанағат етіп отырған. Киімнің түрі иесінің әл-ауқатына байланысты
болған. Жаздыкүні қазақ еркектері түйе жүнінен тоқылған, тігілген және барқыт,
мата, шұға киімдерді киген.
Тон: Жүн жағы ішіне қаратылып, қой терісінен тігілген қыстық жылы киім.
Ол қызыл, қоңыр, сары түсті ӛсімдік бояуымен боялады немесе боялмай ақ
күйінде мол пішіліп, тігіледі. Екі ӛңірі жеңінің ұшы, етегі түсті матамен, немесе
елтірімен кӛркемделеді. Жастарға арналған тон кестеленеді. Тонға сеңсеңнен кең,
мол жаға салынады. Ауқатты адамдар, би-болыстар қамқа тон киген. Ол иін
қандырып ӛңделген жұмсақ қой терісінен қынаға қандырып, қымбатты аң
терісінен жаға салып, жұрындалып тігіледі. Ішінен ілгек бау байланып, сыртынан
белбеу буынады. «Тонның ішкі бауындай» деген тұрақты сӛз тіркесі осыдан
қалған.
Шапан: Қалың матадан арасына жүн немесе мақта салып, астарлап, яки қос
астарлап тігетн ұлттық киім үлгісі. Ол негізінен тік жағалы, ішінара қайырма
жағалы болып келеді. Шапанды ересектер де балалар да әйелдер де киеді. Оның
сырмалы шапан, қаптал шапан, қималы шапан сияқты түрлері болады. Арасына
жүн не мақта салмай астарлап тігілетін жаздық жұқа шапандар да болады.
Шапанның екі ӛңірі мен жеңіне, қайырма жағасына зер ұсталады немесе кестемен
әшекейленеді. Қазақ халқының арасында сыйлы қонақтарға, үлкен кісілерге сый-
құрмет кӛрсету ретінде шапан жабу және айыпкерлерге ат-шапан айып салу
дәстүрі кең тараған.
Күпі: Түйенің, қойдың жабағысының жүнін ішіне қаратып, Сыртын әр түрлі
матамен тыстап тіккен сырт киім. Ол суықта, аязда киетін ежелгі киім түрлерінің
бірі. Шаруалар кӛбінесе қол тоқыма мен қаптап тіккен шидем күпіні киген. Ал
дәулетті семьялар түйе жабағсын қымбат маталармен қаптап, жағасына құндыз
ұстап киген.
Шекпен: Қазақтың дәстүрлі ұлттық сырт киімі болып, түйенің немесе
қойдың жүнінен тоқылады. Шекпеннің астарлап тігілгені сулық орнына, ал
астарына жүн немесе мақта салып тігілген түрі жеңіл пальто немесе қаптал шапан
орнына киіледі. Шекпеннің қызғылт сары түйе жүнінен, шымқай ақ қой жүнінен
«оңқай-солақай» жіптерді қаз таңдайлап тоқыған түрі айрықша әсем болады.
Мұны «шидем шекпен» деп атайды. Мұндай шекпенге масатыдан үлкен қайырма
жаға салынады.
Кебенек: Ертедегі жаугершілік заманда жауынгерлердің, бейбіт ӛмірде
малшылардың жауын-шашыннан, бораннан қорғану үшін киетін сырт киімі. Ол
кезінде киізден тігілетін болған. Кебенекке арналған киізді бір бет етіп, жұқалап
басады. Халық тілінде «кебентай» деп те аталады. «Кебенек киген келеді, кебін
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
16
киген келмейді» деп халқымыз ер азаматтың ауылдан тірі кеткендігін, аман болса
қайтып оралатындығын аңғартқан.
Комзол: Жеңсіз жеңіл жазғы киім. Бір түсті қалың матадан, мақпалдан,
барқыттан, атластан жас ерекшелігіне қарай тігеді. Оның жүн тартылып немесе аң
терілерінен қос астарланып тігілген түрлері де болады. Комзолдың ұзындығы
тізеге дейін жетеді. Түймемен түймеленеді. Бұл киім қазақ арасына XVIII – ХІХ
ғасырларда кең тараған.
Шалбар: Ауы кең, әрі ышқыры бітеу тігілген еркектердің сырт киімі. Ол
жаздық және қыстық шалбар болып бӛлінеді. Жаздық шалбар күдері типтес
иленген қой терісінен тігеді. Оны «жарғақ щалбар» деп те атайды. Қыстық
шалбар қой терісінен жүні ішіне қаратылып тігіледі. Оның екі жақ жан тігісінің
бойы түрлі-түсті жібек жіппен сырылады.
Шұғадан, мақта матадан ішіне жүн салып тігілетін, немесе жалаң тігілетін
бұт киімдерді де «шалбар» деп атайды. Оны істеген кезде кӛненің тілімен,
мәселен: «шұға шалбар», «мәуті шалбар» деп атаған. Жазды күндері түйе жүнінен
қоло тоқылған шидем шалбарларды да тігіп киген. Жастарға арналған
шалбарларға әр түрлі ою-ӛрнектер салынған.
Әйелдердің сырт киімдері: Қазақ әйелдерінің сырт киімдері кӛбінесе безекті
матадан, немесе жібектен, мақпалдан, дүриядан тігіледі. Сырт киімнің үлгісі
жағындаеркектердің киіміне ұқсас үлгілері кӛпболады. Бірақ, оларға, арналған
киімдердің мәнері биязы, әшекейі мол болады, кӛркем, қымбат бағалы кездемелер
және сирек кездесетін аң терілерімен тігіліп отырады.
Қырмызы тон: Қазақ халқының ұлттық киім түрлрінің бірі. Ол қыз-
келіншектерге арнап қызыл масатыдан тігілетін қалың шапан. Оның жаға-жеңіне
құндыз ұстап, екі ӛңірі мен жеңінің ұшын алтын, немесе күміс зермен, кейде
екеуін араластырып кестелейді. Қырмызы тон ерте кездерде ұзатылатын қыздарға
арнап тігіліп, жаңа түскен келіннің басты жасауларының бірі болып есептелген.
Қырмызы тонды комзолдың сыртынан киеді. Осы кездегі екі ӛңірі мен жең ұшына
ӛрнек салынып, жаға-жеңіне құндыз ұстап тігетін ұлттық шапандардың үлгісі
қырмызы тоннан алынған.
Күпі: Түйенің, қойдың жабағысын күсіп, жүнін ішіне қаратып, ӛңі ашық
масаты, қамқадан тыстап тіккен сырт киім. Бұл қазақ әйелдерінің ертеден келе
жатқан киім үлгілерінің бірі. Шаруасы жӛнсалдау кедей семьялардың қыздары
қол тоқымадан шидем күпі киген. Ал дәулетті семьялардың қыз-келіншектері
түйе жбағысын қымбат маталармен тыстап, құндыз ұстап, немесе кесте салып,
әдемілеп киген. Үлгісі жағынан ерлердің күпісімен ұқсас.
Тайжақы: Құлын терісінен, жүнін сыртына қаратып тіккен, қазақ
әйелдерінің ежелгі киім түрлерінің бірі. Мұны ерлер де әйелдер де киген. Оның
тігілу үлгісі ерлерге арналған тайжақы үлгісімен бүкілдей ұқсас.
Комзол: Әйелдер де еркектер де киетін жеңсіз жеңіл жаздық киім. Әйелдерге
арналып тігілген комзол жас ерекшеліктеріне қарай бір түсті ақпалдан, барқыттан,
жібектен, гүлді мақпалдан жән атластан тігіледі. Қыз-келіншектерге арналып
тігілетін комзолдың екі ӛңіріне кесте тігіліп, ою-ӛрнек салынады. Түйме орнына
әшекейлі металл, немесе күміс қапсырмалар қадалады. Комзолдың жүн тартылып,
немесе қос астарланып тігілетін түрлері де болады. Оның етегі белден тӛмен
қарай біртіндеп кеңейіп отырады. Ұзындығы тізеге дейін түсіп тұрады.
Казекей: Әйелдердің киетін жұқа комзолы болып, оның жағасы кеңірек
ойылады да жеңсіз болады. Аса ұзын болмай, белден сәл ғана тӛмен түсіп тұрады.
Кӛбінесе барқыттан тігіледі. Оны астарлағанымен арасына жүн, мақта салынбай,
ықшамдап тігіледі. Ӛңірі, жаға-жиегі және омырауы түрлі-түсті зер жіптермен
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
17
кестеленеді. Немесе ою-ӛрнек салынады. Қыз-келіншектердің етімен ет болып,
тұлғасын ажарландырып, кӛркіне кӛрік қоса түседі.
Күрдеше: Сырт киімнің ішінен жылылық үшін киетін жеңсіз кеудеше. Оның
астарына мақта, немесе жүн салып қалыңдау қара мақпалдан тігеді. Ол алдынан
немесе сол жақ жанынан түймеленеді.
Белдемше: Қазақ әйелдерінің сәнді киім үлгілерінің бірі. Оны ХІХ ғасырдың
аяғына дейін қазақ әйелдері кӛйлек сыртынан юбка тәріздендіріп, ойын-той
кезінде киеген. Белдемшенің бұл түрі қазір сирек кездеседі. Оның алдыңғы ӛңірі
бір-біріне тиісіп тұрады да белінен тӛмен қарай кеңи береді. Белдемше барқыт,
тағы басқа түрлі-түсті жібектерден тігіліп, жиегі айнала оқамен, кестемен
кӛмкеріледі. Немесе оған құндыз терісі жапсырылып, алуан түрлі әшекейлермен
безендіріледі. Белі түймеленеді. Ол кӛйлектің етегін түгел жаппайтындай етіп
тігіледі. Қазір оның түсі ӛзгеріп, әйелдердің үй шаруасында беліне тартып алатын
шалғыш «белдемше» деп аталып жүр.
Аяқ киімдер Қазақ халқының аяқ киімді ӛте ертеден-ақ пайдаланғандығы
анық. Алғашқы кездерде аң терісін ӛңдемей-ақ аяқтарына орай салатын еді.
Кейінкеле белгілі пішінге келтіріп киюді үйренді.Археологиялық қазбаларға
біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырларда Таулы Алтай ӛңірін мекендеген
тайпалардың былғарыдан, жүннен тігілген аяқ киімдері табылған. Мұндағы
әйелдер аяқ киімінің қонышы иірілген жіппен ӛрнектеліп, жұқа жез, немесе
алтынмен апталған. Бертін келе иленген былғарыдан қонышы, басы, ұлтан, ӛкше
сырсы сияқты бӛлшектерден құрастырып аяқ киім тігу пайда болды. Бӛлшектерін
тарамыспен, жіппен, шегемен ұстастыра білді. Ерлердің аяқ киімі: Қазақтың
ерлер киетін аяқ киімі әр түрлі болады. Мұның ішінде негізгі аяқ киім түрі
былғары етік, кебісті мәсілермен ӛкшесі биік, тұмсығы қайқы жеңіл етіктер
болды. ХІХ ғасырдың екінші жартысына келгенде етіктің мұндай ескі үлгілері де
сире кездесетін болды. Еркектердің кәрі-жасына бірдей тараған қысқы аяқ киім
киіз байпақпен киетін аласа да, жалпақ ӛкшелі саптама етік болды. Шаруалар
былғары шабата, шоқай киді.
Саптама етік: Қазақтың ұлттық аяқ киімдерінің бір түрі. Оның кейбір
қонышы тізені жауып тұрады. Тақым жағы сәл ойықтау келіп, аяқты бүгіп-жазуға
кедергі жасамайды. Ол қыстыкүні киілетін болғандықтан сапалы былғарыдан,
ертеректе жылқының немесе ӛгіздің терісінен ағаш кергішпен ӛкшесін аласа етіп
тігетін. Саптама етіктің ішінен киіз байпақ киеді. Қысы суық жерлерде оны қазір
де киеді.
Шоқай: Еркектердің еңбекке киетін аяқ киімі. Оны шикі теріден, кӛбінесе
сыйырдың, жылқының бас терісінен, түгін түсірмей-ақ түрмелеп, шылғи қайыстан
бау тағып, аяққа тартады. Ішінен киіз байпақ киеді. Кей жерде «шұлық», «тері
шақай» деп те атайды.
Әйелдердің аяқ киімі: Әйелдердің аяқ киім үлгісі ерлердің аяқ киім үлгісімен
ұқсас болады. Тігілуі біршама кӛркем келеді. Қазақ әйелдерінің кәрі-жасының
бәрі бірдей кебіс пен мәсі киген. Қыздар мен келіншектердің аяқ киімі кӛбінесе
биік ӛкшелі, үшкір тұмсықты етіктер болған.
Етік: Сатып алынған түсті, жұмсақ былғарыдан ӛкшесі биік етіліп тігіледі.
Әйел етігінің ӛкше шырысы, қонышы және басы түрлі-түсті жібек жіптермен
кестеленіп, немесе түсті былғарыдан оюлап әшекейленеді.
Мәсі: Тігілу үлгісі ерлердің мәсісімен ұқсас. Бірақ, одан гӛрі сыптығырлау,
үшкір тұмсық, әр-түрлі ою-ӛрнек салынған болады.
Кебіс: Әйелдердің мәсісінің сыртынан киетін былғары, қонышсыз ая киім.
Формасы мен үлгісі ерлер киетін кебіспен ұқсас. Оны оюлап, ӛрнектейді.
Ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар тұтынып келген ұлттық киімдер баға
жетпес асыл мұралар. Ол қазақ екенімізді ӛзгелерден ерекшелендіріп тұратын
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
18
тарихи белгі іспеті. Осы құндылықтарды бүгінгі таңда санаулыларын мереке
мейрамда пайдаланғанымыз болмаса қалғандарын сол қалпында айна қатесіз
қолданудың мүмкін еместігі белгілі. Солай да ата-бабалар тұтынған ұлтық киім
түрлерімен ерекшеліктерін әсте ұмытпауға, қастерлеуге тиіс екенімізді бүгінгі
ұрпақ есіне сала кетуді жӛн деп таптық.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
«Қазақтың қысқаша тарихы» Шинжяң халық баспасы, 1987-жыл, Үрімжі.
2.
«Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сӛздігі» ұлттар баспасы, 1987-жыл,
Үрімжі.
3.
«Қазақ тілінің қысқаша түсіндірме сӛздігі» 1-,2 – том, 1959-жыл, Алматы.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада қазақтың ұлттық киім түрлері және оның ерекшеліктері туралы
қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В стаьте расматриваются виды и особенности национальной казахской
одежды.
ӘОК 371. 018
Достарыңызбен бөлісу: |