Әок 371. 3 Тiгiн машинасының инесi және оның классификациясы


ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ КӨНЕ ДӘУІРДЕН ӨШПЕС МҰРАСЫ – ҚОЛӨНЕР



Pdf көрінісі
бет2/27
Дата03.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#5903
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ КӨНЕ ДӘУІРДЕН ӨШПЕС МҰРАСЫ – ҚОЛӨНЕР  
 
Абдурахманова Г. А – аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Қазақ    халхының  кӛне  дәуірден  ӛшпес  мұрасы  болып,  ұрпақтан-ұрпаққа, 
әкеден балаға сабақтасып, жалғасын тауып, ӛзіндік болмысымен, әдет-ғұрпымен, 
сәндік, кӛркемдік жолымен, кӛшпенді елімізді бүкіл әлемге ӛзінің ерекшелігімен, 
тарихымен таныта әрі мойындата білген қолӛнері.                
Расында  да,  халықтың  дәстүрінде  ӛзіне  тән  ерекшеліктері  болатыны  анық. 
Сонау замандардан, ғасырлардан қолӛнеріміздің бейнелі болуын, сұлу сымбатын 
жоғалтпай,  бүгінгі  ұрпаққа  сол  күйінде  еш  ӛзгеріссіз  жеткені-халқымыздың 
қаншалықты ӛз дәстүрін құрметтеп, салтын ардақтап келгенін кӛрсетеді. 
Ал,  қолӛнердің  халықтың  әлеуметтік,  салт-тұрмысында  алатын  орны  биік, 
жоғары  екендігі  қаншалықты  шындыққа  жанасса,  оның  ішінде  қолӛнерді 
нақышына келтіріп, әдемілік пен әсемдік дүниенің ауқымын кеңейтетін ою-ӛрнек 
екені баршаға аян. 
Ою-ӛрнектің  шығып,  тарауы  қолӛнер,  тұрмыс  заттарының    ӛсіп 
ӛркендеуімен қатар, халхымыздың сезімдік-талғампаздық дүниесі, қоршаған орта, 
табиғат аясы, ондағы аң-құс, орман-тоғайы, ықпалын тигізбей қоймады. 
Сондықтан да ою-ӛрнектің сан алуан түрлері де осы себептерге байланысты 
түрлене  түсті.  Дегенмен  де,  бір  ерекшелігі,  халқымыздың  шеберлігі  соншалық 
олар ою-ӛрнек бейнесі мен түр-түсін, үлгілі заттың сол қалпынан емес, оны түрлі 
нақышта  әсемдеп,  әсерлете  білді.  Міне,  бүгінгі  күнге  қалған  құнлы  мұрамыздан 
оны айқын аңғаруға болады. 
Ал, осы  зерделі де әшекей бұйымға қарап, әрбір саналы болашақ иесі онда 
қаншалықты тағылымды мән, тәрбиелі мазмұн жатқандығын түйсіне біледі. 
Сонымен қатар, бүгінгі таңда ұлттық мәдениеттің, тілдің, әдет-ғұрып, дәстүр 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
19 
мен  салттың  тағдыры  мен  болашағы  мектептегі  технология  пәні  мұғалімдерінің 
құрметіне   байланысты десек, артық айтқандықемес. 
Ӛйткені  әрбір  білімді  бағдар  еткен  оқушы  ӛзінің  ұлттық  әдеп-ғұрыптар  
арқылы,  ӛз  халқының  игілігіне  ӛзге  жұртқа  таныта  алады.Ал  осы  дәстүрлерді, 
мәденитті  үйрететін  білім  ошағының    түтінін  түтетуші-технология  пәнінің 
оқытушылары болып табылады. 
Сондықтан  да  әрбір  маман  иесі  ӛз  кезімен  ӛткен  ӛмірлік  тәжірибесін 
негізінде  жас  жеткеншектерді  болашақ  ӛмірге  даярлап,  ӛзінің  телегей 
тәжірибесімен  тәрбиелеп,  ата-бабаларымыздың  рухани  мұрасымен  сусындатып, 
оны игеруге және игертуге баулу қажет деп білемін. 
 Қолөнер  бастауы  -  ою-өрнек.  Ерте  заманнан  адамзатпен  бірге  тауып,  бірге 
ӛсіп,  дамып  келе  жатқан  аса  құнды  бай  қазынамыздың  бірі-халықтың  сәндік   
қолданбалы  ӛнері.  Сәнді  қолданбалы  ӛнердің  бірнеше  түрі  бар:  ағаш  ӛңдеу, 
металл ӛңдеу, керамика жасау, тоқыма ӛнері, ою-ӛрнек ӛнері, зергерлік ӛнері т.б. 
Осылардың  ӛте  кӛне  әрі  күрделі  түрі-ою-ӛрнек  ӛнері.  Қазқ  қолӛнерінің  барлық 
түрінде  кеңінен  қолданылатын,  қолӛнер  туындыларының  кӛркемдік-эстетикалық 
мәнін ашып, әшекейлеп, айшықтай түсетін ӛнер. 
Қазіргі  жаһандану  заманында  біздің  елімізде  жаппай  ұлттық    ӛнерді  жас 
ұрпаққа  үйретуге  кӛп  кӛңіл  бӛлініп  отыр.  Осыған  орай  қазақ  халқында  ӛте  ерте 
заманнан  бастау  алып,  дамып,  күні  бүгінге  дейін  маңызын  жоғалтпай,  сақталған 
ірі  мәдениет үлгісі ретінде аталып келген ӛнер-ою-ӛрнек ӛнері. 
Ою-ӛрнек  ӛнерінің  даму  жолында  әрбір  тарихи  кезеңнің  ӛз  таңбасы  бар. 
Онда  әр  елдің  ерекшеліктері,  халықтық  қабілеті,  ұлттық  айырмашылығы  айқын 
ашылады.  Әр  елдің  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрі,  географиялық  табиғи  ортасына 
байланысты  ою-ӛрнек  үлгілері  де  ерекшеленіп,  елдік  сипатқа  ие  болып,  түрлене 
түседі. 
Ою-ӛрнек  дегеніміз-геометриялық    бейнелі  элементтердің  жүйелі  ырғақпен 
қайталанып,үйлесімді  құрылуы.  "Ӛрнек"сӛзі  латынша  -  ornamentum    "әшекей" 
дегенді  білдіреді.  Адамдар  ерте  кезден-ақ  әртүрлі  заттарды  жасай  отырып, 
әрқашан оларды пайдаланып қана қоймай,  сонымен қатар түрлі тартымды, әдемі 
болатындай етіп жасауға ұмтылған. Ою-ӛрнекпен жұмыс істеу түсті, үйлестіруді  
әсіресе,  ырғақты  сезінуді  дамытады.  Белгілі  бір  ырғақтағы  тәртіпте  орналасқан 
жағдайда  ою-ӛрнек  тұтасып,  эстетикалық  жағынан  әсерлі  болып  шығады.  Ою-
ӛрнекте әдемілікке жетудің маңызды бір құралы-симметрия. Осьтің орналасуына 
байланысты симметрия тік кӛлбеу, қиғаш, шүңбер түрінде болуы мүмкін. 
Ою-ӛрнек композициялық құрылымына сай үшке бӛлінеді. 
1. Жиектік ӛрнектер фриз, жолақ т.б. 
2. Гүлді ӛрнектер шеңбер, розетка т.б. 
Торлама ӛрнектер бұйым бетін тұтас жауып тұрады. 
Бейнелеу  белгілеріне сай ою-ӛрнек белгілері  бірнешеге бӛлінеді. 
1. Геометриялық ӛрнектер. 
2. Ӛсімдік тектес ӛрнектер.  
3. Жан-жануарлар тектес ӛрнектер. 
4. Ғарыштық тектес ӛрнектер. 
5.  Белгілі  ұйымдарды  бейнелейтін  ӛрнек  элементтері    балға,  балта,  күмбез 
т.б. 
6.  Ру  таңбалары  мен  ел  таңбасы,  малға  салынатын  ен-таңбаға  байланысты 
құрылған ӛрнек элементтері.Тұмар, айшық, босаға, абақ, шӛміш, кӛсеу т.б. 
Қолда  бар  бұрын  соңды  жазылған  деректер  мен  ел  арасындағы  қол  ӛнер 
шеберлерінің  айтуынша  қазақ  ӛрнектерінің  жиі  қолданылатынын  200-ден  астам 
түрі бар. Жалпы ою-ӛрнек атулар мағынасына қарай мынандай топтарға жіктеуге 
болар еді. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
20 
1. Ай, Күн жұлдыздарға - кӛк әлеміне байланысты ӛрнектер. 
2. Малға,малдың денесіне ӛзіне байланыстырылады. 
3. Аңға, аңның денесіне ӛзіне байланысты ӛрнектер. 
4. Құрт-құмырсқаларға байланысты ӛрнектер. 
5. Құстарға байланысты ӛрнектер. 
6. Жер, су, ӛсімдік, гүл, жапырақ, бұтақ бейнелі ӛрнектер. 
7. Қару-құралдарға байланысты ӛрнектер. 
8. Геометриялық кескіндер тектес ӛрнектер. 
Тілімізде  ою-ӛрнек  деп  қосарлана  айтылатын,тұрмыста    бұйым  бетін 
әшекейлеп,  әрлеп  нақышты  зат  бетіне    түсіру  үшін  қолданылатын  әр  түрлі 
тәсілдер бар. Олар: оймыштау, шеку, бедерлеу, қашау, қарау, бояу, сыру т.б.  Әр 
ӛрнек  белгілі бір бӛлшектен элементтен құралады. 
Ӛрнек бізді қоршаған дүние мотивтеріне негізделеді, бірақ, ырғақ кезектесіп 
келу,  кӛзбен  қарағанда  тепе-теңдік  заңдарына  бағынатындай  етіп  түстік 
дақтарды,пластикалық  формалар  мен  графикалық  суреттерді  үйлестіре  отырып, 
оларды  ӛңдеп,  ою-ӛрнекке  айналдырамыз.  Қолӛнер  шеберлерінің  озық 
коллекцияларын  жинақтап  сақтап  қалуда,    оны  ӛрнектеуде  және  ғылыми   
зерттеуде  Қазақстанның  ғылым  академиясының  академигі    Әлкей  Хақанұлы 
Марғұланның еңбегі ұшан теңіз. 
"Казахское  народные  прикладное  искусство"  деген  үш  томдық  кітабында 
академик  қазақ  халқының  қолӛнерінің  асыл  бұйымдарын  жинақтап  келешекке 
мұра  етіп  қалдырды.  Халқымыздың  ою-ӛрнек  Ф.Т.Куглер,  А.Н.Бернштам, 
С.А.Давыдов  сондай-ақ,  қазақ  ғалымдары  мен  ағартушылары,  этнографтары  да 
зерттеп,  зерделеген.  Олар:  Ы.Алтынсарин,  Ш.Уәлиханов,    Ә.Марғұлан  т.б.  және 
де  ою-ӛрнек  үлгілерін  толықтыра  түсуге  ӛз  үлестерін  қосқан  оюшы-шеберлер 
Ғ.Иляев,  Ә.Нүрпейісов  т.б.  Ғасырлар  бойы  ұрпақтан-ұрпаққа,  бір  шебердің 
ұсталық,  іскерлік  мәндерінен  екінші  біреуге  үнемі      ауысып  отырғандықтан  осы 
кейбір  облыстардағы  қошқар  мүйіз  ӛрнегі  бастапқы  бейнесінен  ӛзгеріп  кеткен. 
"Ырғақ",  "сағатбау",  "түйетабан",  "жүрекше",  "қазтабан"        деп  аталатын  әдемі 
ӛрнектер де кейбір аймақ шеберлерінің орындауында олпы-солпы болып шығып  
жүр.  Ертеден  келе  жатқан  халықтық  мұраны  екшеп,  тазартуды    ойласақ,  ең 
алдымен  осындай  албұрмалаушылықтан  арылтып  оны  әдемілігіне  жеткізе  жаңа 
түр, жаңа мазмұн бере дамытуымыз керек. Қазақтың ұлттық  ою-ӛрнегінің түпкі 
негізін    іздестіру  ісінде  Т.К.Бәсеновтың  "Қазақстан  орнамент  архитектурада" 
деген кітабы кӛптеген құнды еңбектерге толы. Кітапта халық  ою-ӛрнек ӛнерінің 
шығуы, оның қандай ұғымда туып қалай дамығандығы, ерте кездегі қауымдардың  
мекендестігі, кәсібі мен әдет-ғұрпы жайында ӛте толық айтылған. 
Ә.М.Марғұлан  «Қазақтар  ою-ӛрнектер    әлемінде  ӛмір    сүреді»    дегендей 
бұрын қазақтың қай үйіне барсада  ою-ӛрнек пен әшекейленген тұрмыстық  затты  
кездестірмеу    мүмкін    емес    еді.    Осы  ою-ӛрнектерді  кестелеп  тігіп,  әшекейлеп 
отырған. 
Ғалым  ою-ӛрнек  түрлерінің    даму  тарихын  кӛрсете  келіп  оларды  түр-түрге 
ажыратады.  Мысалы,  "арқар  мүйіз",  "қырық  мүйіз",  сыңар  мүйіз",  "қармақ, 
ырғақ", "қошқар мүйіз", "күлте", жапырақ", "гүл", т.б. 
Т.Бәсеновтың  осы  кітабында  мазарлардағы  ӛрнектер  де  кӛрсетілген. 
Омардың, Айшабибінің мазарларындағы  ӛрнектер-ӛз заманында жасалған сәулет 
ӛнеріндегі асқан шеберліктің тамаша үлгісі. 
Сонымен  қатар  ауыз  әдебиетінде  сақталып  келген  ӛлең-жырларды, 
архиологиялық қазындыларда, ескі кітаптардың мұқабаларында, таралуында және 
бӛлім  аралықтарында  кездесетін  ӛрнектер  мен  суреттер,  жұлдызшалар  мен 
айшықтар, батырлардың қару-жарақтарында кездесетінкейбір белгілер, таңбалар, 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
21 
әшекей әріптер де халықтың  тарихи этнографиялық мұралары. Мұндай халықтың 
ою-ӛрнектерінің  ішінде,  олардың  экспозиция  құрамында  әр  түрлі  ендермен 
таңбаларының  түрлері  жиі  ұшырайды.  Осыларды  егжей-тегжейлі  зерттей  келіп 
қазақтың  ұлттық  ою-ӛрнегі  үш  түрлі  ұғым  негізінде  туған  деген  қорытындының 
дұрыс екеніне кӛз жеткізуге болады. 
Қазақтың осы күнгі ою-ӛрнектерін қарт шеберлер екіге бӛліп қарайды. Қазақ 
халқының ӛзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары. Біздіңше бұл топшалау 
орынды  сияқты.  Шынында  да  осы  күнгі  кӛп  жапырақтар  гүлдер  мен 
геометриялық  ӛрнектеу,  айқастырыптігу  әдісі,  ӛрнектеп  шілдір  тоқу,  ӛрнектеп 
тескенүлгі  бойынша    торлай  тігіп  әсемдеу  сияқты  қолӛнердің    кӛптеген  жақсы 
үлгілері  халықтар  достығының  нәтижесінде  ғана  сіңісіп,  қазақтың  ою-орнек 
ӛнерін байыта түсетіндігі белгілі.  
  ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Садық Қасиманов. «Қазақ халқының қолӛнері» 1995  
2.
 
Ұ.М.Әбдіғаппарова «Қазақтың ою-ӛрнектері», Алматы, «Ӛнер» 1999. 
3.
 
Ш.Әбдулаева «Халық қолӛнері»,  Алматы,  1991 
4.
 
Х.Арғынбаев «Қазақ халқының қолӛнері»  Алматы,1987  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
         Мақалада мектеп оқушыларының бейнелеу ӛнер сабағында шығармашылық 
белсенділігін  дамыту,  жеке  түлға  ретінде  ӛз  ойларын  іске  асыруына  мүмкіндік 
туғызу қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
        Развитие 
творческой  активности,  самореализации,  самоутверждения 
личности  –  предоставление  школьнику  возможности  воплощения  своей  идеи–
проекта на уроках изобразительного искусства. 
 
 
 
 
УДК 391.984 
ОРГАНИЗАЦИЯ МЕТОДА КОЛЛЕКТИВНОЙ РАБОТЫ НА УРОКЕ 
«ТЕХНОЛОГИИ» 
 
Аскарбекова Г.И. - преподаватель (г. Алматы, КазгосженПУ) 
 
Известно,  что  творчеству  нельзя  научить,  ограничившись  рассказом  или 
показом. Для этого нужна соответствующая организация деятельности учащихся. 
Исследования  ученых  и  педагогический  опыт  показывают,  что  большими 
возможностями  в  этом  отношении  обладает  коллективная  форма  учебно–
творческой    деятельности.  При  этом  создается  атмосфера  активизирующая 
познавательный  процесс,  вырабатываются  умения  планирования,  анализа, 
синтеза,  координации  усилий,  распределения  обязанностей,  возникают 
отношения  ответственной  зависимости,  поскольку  конечный  результат 
определяется  вкладом  каждого  участника.  В  коллективной  творческой 
деятельности 
наиболее 
полно 
происходит 
раскрытие 
потенциальных 
возможностей каждого ученика. 
Учитель  технологии  может  с  успехом  использовать  коллективную  форму 
обучения  при  изучении  ряда  тем,  связанных  с  освоением  художественной 
обработки материалов (вышивка, бисер, лоскутное шитье, изготовление изделия), 
а  также  при  выполнении  учащимися  проектов.  В  коллективной  учебно-

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
22 
творческой  деятельности  на  уроках  учащиеся,  сообща  проходят  весь  путь  от 
рождения  замысла  до  воплощения  его  в  реальный  материальный  продукт  - 
художественное  изделие.  В  процессе  коллективной  работы  эффективно 
формируется  творческий  интерес  к  делу,  развивается  способность,  как 
воспринимать красоту, так и творить ее самому. У учащихся формируется умение 
уважать чужую инициативу, выслушивать разные мнения и отстаивать свое.  
По  существующей  на  сегодняшний  день  наиболее  признанной 
классификации  выделяют  три  основные  формы  совместной  деятельности: 
совместно-индивидуальная, 
совместно-последовательная, 
совместно-
взаимодействующая. 
Рассмотрим  на  примере  изучения  лоскутного  шитья  возможность 
использования каждой из этих форм совместной учебно-творческой деятельности 
учащихся. 
В лоскутном шитье преобладают орнаментальные композиции. Они основы 
на  комбинировании  элементов  -  лоскутных  деталей  и  организации их  в  мотивы
раппорты,  ритмические  ряды.  Как  правило,  до  работы  непосредственно  с 
текстильным  лоскутом  композиции  решаются  в  графическом  варианте  в  виде 
эскиза  или  нескольких  разнообразных  эскизов,  из  которых  впоследствии 
выбирается  самый  оптимальный.  На  стадии  эскиза  определяется  не  только 
композиционное  решение,  но  и  конструктивные  блоки,  входящие  в  них  детали, 
форма деталей и их количество. 
Совместно-индивидуальная  форма  характеризуется  тем,  что  согласование 
действий  участников  работы  осуществляется  в  ее  начале  (этап  планирования, 
обдумывание  идеи,  замысла)  и  на  заключительном  этапе  (суммирование 
результатов),  когда  объединяются  в  единую  композицию  отдельные 
индивидуально выполненные с учетом общего замысла фрагменты.  
 
1 + 2 + 3 + . . . + N = продукт 
 
Совместно-индивидуальная  деятельность  позволяет  вовлечь  в  работу 
большое  количество  участников.  В  начале  работы  оговаривается  ряд  условий, 
которые  должен  соблюдать  каждый  участник  при  выполнении  своего 
индивидуального  фрагмента,  чтобы  впоследствии  можно  было  объединить  в 
единое целое. 
В  организации  совместно-индивидуальной  работы  ведущая  роль 
принадлежит  учителю.  Он  дает  необходимую  информацию,  предлагает 
возможные исходные условия, подводит учащихся к принятию самостоятельного 
решения об общем замысле будущей композиции и исходных условиях. На этапе 
компоновки  индивидуальных  фрагментов  в  единое  целое  учитель  также 
руководит  работой,  предлагая  группе  рассмотреть  различные  варианты 
композиций и, обсуждая каждый выбрать наилучший. 
В  совместно-индивидуальной  деятельности,  возможно,  проследить  вклад 
каждого  участника  в  коллективный  результат  и  оценить  его  работу.  В  ней 
формируется  умение  проявлять  индивидуальность  в  рамках  единого  замысла, 
умение  анализировать  и  сопоставлять  различные,  но  сложные  варианты,  умение 
самооценки, как индивидуального участия, так и общего результата. 
Совместно-последовательная 
форма 
коллективной 
художественной 
деятельности предполагает  работу  по  принципу  конвейера  (эстафеты),  т.е.  когда 
результат  действия  одного  участника  становится  предметом  деятельности 
другого. 
  

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
23 
1 + 2 (1) + 3 (2 (1) ) + . . . + продукт 
 
Совместно-последовательная  деятельность  довольна  специфична.  Она 
обладает  как  достоинствами,  так  и  недостатками.  К  числу  достоинств  можно 
отнести,  что  каждый  участник  эстафеты  (кроме  первого)  должен  принять  и 
оценить  сделанное  предшественниками  и  продолжить  работу  в  русле  заданного 
русла.  Существенный  недостаток  состоит  в  том,  что  пока  один  работает, 
остальные  члены  группы  по  условиям  деятельности  не  имеют  возможности 
включиться в процесс работы. 
Возможен  и  другой  вариант  организации  совместно-последовательной 
деятельности  учащихся,  при  котором,  активно  работают  все  от  начало  до 
завершения  работы.  Каждый  из  участников  разрабатывает  свой  вариант 
первоначальной  идеи  композиции.  Затем  каждый  передает  свой  эскиз  сидящему 
за  ним  и  все  они  переходят  к  этапу  доработки  полученных  эскизов.  Снова 
передают сидящему сзади, и т.д. Последний в ряду соответственно передает свой 
вариант  эскиза  первому  участнику.  Таким  образом,  в  конце  всей  работы  будет 
выполнено  столько  вариантов  композиций,  сколько  участников  в  группе  (чтобы 
не перепутать варианты, в самом начале каждый  участник проставляет на своем 
эскизе  номер,  соответствующий  его  порядковому  номеру  в  эстафете).  Эти 
варианты 
могут 
существенно 
различаться, 
так 
как 
единственным 
ограничивающим условием было соблюдение стилевого единства композиции. 
Для этой формы коллективного творчества удобно использовать ленточный 
орнамент.  В  конце  работы  каждый  вариант  орнаментальной  композиции 
подвергается  коллективному  анализу  и  оценке.  Оптимальное  число  участников 
при такой форме деятельности 3-5 человек. 
Совместно-взаимодействующая  форма  организации  художественного 
творческого  процесса  предполагает  совместный  характер  действий  всех 
участников  на  всех  этапах  работы.  В  данном  случае  продукт  художественного 
творчества (художественного изделия) есть результат коллективного творческого 
мышления,  совместного  планирования,  активного  взаимодействия  всех 
участников на протяжении всей работы. 
Совместно-взаимодействующая  форма  коллективного  творчества  считается 
наиболее  сложной  в  организационном  плане.  Учителю  здесь  отводится  роль 
организатора,  руководителя  и  одновременно  участника  коллективного 
творческого процесса.  
Совместно-взаимодействующая  деятельность  предполагает  постоянное 
согласование  действий  всех  участников.  При  такой  форме  творческого 
взаимодействия  может  быть  разработан  орнамент  не  только  сетчатый  или 
ленточный,  но  и  замкнутый  (моноорнамент),  неразделимый  на  отдельные 
фрагменты  –  блоки.  По  условиям  деятельности  здесь  также,  как  и  в  совместно-
последовательной  деятельности,  оптимальное  число  участников  3-5  человек. 
Наносить изображение на бумаге может один из участников или каждый по мере 
возникновения очередной идеи. 
В 
рамках 
совместно-взаимодействующей 
деятельности 
возможно 
применение как совместно-индивидуальной, так и совместно-последовательной ее 
организации. Например, в начале работы каждый учащийся предлагает свой эскиз 
фрагмента  будущей  коллективной  композиции  как  отправной  момент  для 
выработки общей идеи. Группа может взять за основу эскиз одного из учащихся 
или синтезировать общий из нескольких. 
Совместно-взаимодействующая  форма  коллективного  творчества  наиболее 
импровизированна, интересна, педагогически эффективна. Трудно переоценить ее 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
24 
значение  для  формирования  умений  сотрудничества,  сотворчества,  координации 
действий на пути достижения наилучшего результата. 
Практика  показывает,  что  возможна  интеграция  всех  форм  коллективной 
творческой  деятельности  при  выполнении  масштабной  работы,  в  которой 
задействовано большое количество учащихся  (например, параллель классов). 
  
ЛИТЕРАТУРА 
 
1.
 
Щуркова  Н.Е.  Педагогическая  технология.  Педагогическое  воздействие  в 
процессе воспитания школьников – М., 1992. 
2.
 
Педагогика. Учебное пособие (Под ред. Пидкасистого П.И.) – М.,1996. 
3.
 
Колякина  В.И.  Методика  организации  уроков  коллективного  творчества. 
Планы и сценарии уроков изобразительного искусства. – М.2002 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматривается  возможность  каждого  ученика  при  коллективной 
работе на уроках «Технологии».  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  білім  беру  жүйесінде  әр  оқушының  коллектив  жұмысындағы 
маңызы қарастырылған.    
 
 
 
 
ӘОК 371.036 
МӘДЕНИЕТТІҢ БАҒА ЖЕТПЕС ҚҰНДЫЛЫҒЫ - ҚОЛДАНБАЛЫ 
ҚОЛӨНЕР 
 
Бағжанова А – оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
Худайбердиева Н. - 3-курс студенті (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Әр  халықтың  ғасырлар  бойына  жинақталып,  белгілі  бір  жүйеге  түскен 
рухани ӛмірінің ұлттық мәдениеті, ӛзіне тән тарихы, салт-дәстүрі, ырым-нанымы, 
қолӛнері  болары  анық.  Кез-келген  халықтың  дәстүрлі  ӛнері  –  сол  халықтың 
ғасырлар  бойы  бастан  кешкен  ӛмір  салтының,  таным,  түсінігінің,  арман-
аңсарының  жарқын  айғағы.  Мол  рухани  мәдениетінің  маңызды  бір  саласы  - 
қолӛнер. 
Уақыт.  Қай  халықтың  болса  да  рухани  әлемі,  ең  алдымен  оның  дәстүрлі 
ӛнерінен  кӛрінетіні  мәлім.  Біздің  дәуірімізге  дейінгі  ІХ-ҮІІІ  ғасырлардан  бастап 
дала  тұрғындары  бүкіл  сахараның  шӛбін  түгелдей  пайдалану  үшін  малды  бір 
жерден екінші жерге онан әрмен айдап бағуға машықтана бастаған. Қазақ жерінде 
кӛшпелі  қауым  осылайша  пайда  болған,  сол  дәуірдің  аң  табы  стиліндегі  кейбір 
туындыларының мазмұндық желісінің тек тасқа қашалған суреттерден ғана емес, 
қазаққа  тән  аңыздардан,  ою-  ӛрнектерден  зергерлік  бұйымдардан  да  кӛріне 
беретіні, міне, осыдан. 
Қоғамдық дамудың қай саласында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнер 
әр  дәуірде  ӛзінің    ӛшпес  ізін  қалдырып  әлеуметтік–кӛркемдік  жағынан  дәуір 
тынысын  қалт  жібермей  әсерін  тигізіп  отырды.  Қолӛнерінің  қазіргі  дәуірдегі 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
25 
дамуы күрделі де аса бай. Тәуелсіз еліміздің жас ұрпағын эстетикалық кӛркемдік 
жағынан тәрбиелеуге де қызмет етеді. Қазақстан топырағындағы қолӛнерінің кӛне 
заманнан    келе  жатқандығына  Павлодар  ауданындағы  Досыбай    жартасындағы 
бейнелер,  Ӛскемендегі  жазбалар,  Ұлытау  жартасындағы  суреттер,  Есік,  Тасмола 
қазынасы мен кӛптеген тағы басқа материалдар дәлел бола алады. 
Халық  шеберлері  қолӛнерге  ою-ӛрнек  салу  тәсілін  белгілі  бір  ізбен 
қалыптастыруда  ӛз  ӛнерін  үздіксіз  жетілдіру  жолымен  кейбір  ою-ӛрнектердің 
композициясына,  әшекейлейтін  заттардың  түріне  қарай  табиғи  байланысты 
бейімдеп  түрлендіріп  отырды.  Халық  қолӛнеріне  түрі  жағынан  бейнелеу  амалы 
табылды. Кестелеуге алтын, күміс түсті  жіптермен ӛрнектеу тәсілдері ӛндірілді. 
Халық  шығармашылығын  шабыттандырып,  кестелердің  әртүрлі  әшекейлі 
әдістеріне кӛңіл аударыла бастады.  
Қазақ  халқының  талай  ғасырлық  ұзақ  тарихына  бойласақ  ел  іші  он 
саусағынан  ӛнері  тамған  ӛнерпаз  саңлақтарға  кенде  болмағанын  кӛреміз.  Олар 
жасаған  ӛнер  туындылары  айналадағы  табиғат  құбылысы,  күнделікті  кәсібіне, 
қоғамдық  құрылысына  қарай  не  замандар  бойы  ұрпақтан-ұрпаққа  мирас  болып, 
уақыт  озса  да  ӛшпей  ізі  жоғалмай  бүгінгі  күнге  жетті.  Алайда  қазіргі  қолӛнер 
шеберлері  туындыларының  кейбіреулері  сапасы  жағынан  да,  кӛркемдік  шешімі 
тұрғысынан  да  халықтық  мұралардан  әлдеқайдан  кем  түсіп  жатқандығы 
байқалады. 
Сондықтан, он саусағынан ӛнер тамған халық таланттары қалдырған ӛнерге 
тән қиын да, қымбат ұлттық  мәнер әлі де болса толық  игерілмей келе жатқанын 
айтпай  кетуге  болмайды.  Бұған  қолӛнер  саласындағы  кілем,  алаша,  бау  басқұр 
тоқу, сырмақ сыру, текемет басу, түс киіз жасау дәстүрінің ертеден  келе жатқан 
үлгілері  мысал бола алады.  
Қазақ  халқы  -  ӛнер  тарихында  ӛзіндік  алар  орны  бар,  ерте  заманнан  келе 
жатқан алуан түрлі бай ӛнердің  лайықты мұрагері. Бұл мұралар олардың тұрмыс-
тіршілігімен  күні  бүгінге  дейін  тығыз  байланысты.  Бұдан  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан халық ӛнерінің ескірмегені ӛрісін қысқартпағаны айқын.  
Қолөнер  -  ата-бабамыздың  ұшқыр  қиялынан  шыққан  үлкен  даналық 
ойының,  қажеттілігінен  туындаған  ӛнер  туындысы  және  атадан  балаға  мирас 
болып келе жатқан асыл мұра. 
Қолданбалы  ұлттық  қолӛнерге  киіз  басу,  сырмақ  жасау,  түкті  және  түксіз 
кілем  тоқу,  теріге  және  қақпа  алаша  тоқу,  ши  тоқу,  кесте  тігу,  ойма  нақыш 
бұйымдар, бастырмалы бұйымдар және т.б. жатады. 
Бүгінгі  таңда    қазақ  этносының    тарихы,  этикалық  және  әлеуметтік 
құрылымы, 
саяси-әлеуметтік 
ортасы, 
экономикалық 
жағдайы, 
ұлттық 
психологиясы  мен  дүниетанымы,  тұрмыс-салтының  сақталуы  мен  ӛзгеруі,  тілі 
мен  діні,  әдебиеті  мен  ӛнері,  қазіргі  кезеңнің  зер  сала  зерттейтін  тақырыптары 
болып отыр. Әрбір адам ӛз ұлтының  тілін, әдет-ғұрпын, материалдық мәдениетін 
бүкіл  болмысын    қоғамға,  бүкіл  әлемге  танытатын  этнофор  -  ұлттық 
ерекшеліктердің мұрагері, жақтаушысы, сақтаушысы екені белгілі.  
Олай болса дәстүрлі мәдениет кез-келген халықтың ұлттық сана сезімі мен 
мәдени  келбетінің  негізі.  Э.С    Маркорянның  анықтауы  бойынша:  «Мәдениет  – 
адамзат  баласының  қызмет  әрекетінің    биологиялық  үрдістен  тыс,  ұрпақтан 
ұрпаққа  беріліп  отырған  әдісі»  -  десе,  С.А.Арутюнов  мәдениетті  «белгілі  бір 
қоғамдық  ережелерді  қамтитын  құқық  нормаларының  және  түрленіп,  ӛзгеріп 
отыратын адам  қызметін, әрекетінің жиынтығы»  -  дейді.   
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаев  ӛзінің  2003  жылғы  4 
сәуірде  Қазақстан  халқына  арналған  Жолдауында  «Біз  ӛз  мәдениетіміздің 
құндылықтарын  сақтай  отырып,  байыппен  алға  жылжи  беретін  боламыз»  деп, 
атап  кӛрсеткен  болатын.  Қоғамдағы  болып  жатқан  бетбұрыстар,  саяси 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
26 
кӛзқарастар  аясында  қазақ  елінің  тарихын  шынайы  тұрғыда  танып-біліп,  салт-
дәстүріне  рухани  мұрасына  қасиетпен  қарау  ерекше  маңызға  ие  болып  отыр. 
«Болашақ  -  ӛткен  тарихты  білуден  басталады»  дейді,  Баласағұн  бабамыз,  ал 
әлемнің  екінші  ұстазы атанған  Әл-Фараби:  «Халық  ӛткен  ӛмір  тарихын  білмесе, 
ӛзінің  ӛмір  сүріп  жатқан  дәуірінің  қадірін  бағалай  алмайды»  -  деген  екен.  Олай 
болса,  тарихқа,  тарихи  бастауларға,  мәдени  мұраларымызға  қаншалықты  терең 
үңілсек, қоғамдағы қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз. 
Сондай  қажеттіліктің  бірі  –  халықтың  қолӛнері.  «Ӛнерден  қуат  алмаса, 
тіршіліктің  шырағы  ӛшеді»,  -  деп  М.Әуезов  айтқанындай,  ӛсіп  келе  жатқан 
ұрпағымызға  ӛз  халқының  ӛнерін  бойына  сіңіріп  ӛсу  –  педагогтердің  қазіргі 
кездегі кезек күтірмейтін мәселесі. Мыңдаған жылдар бойы еңбектенген жүздеген 
жүйрік ойшылдардың тырысқандығына қарамастан, әлемде ӛте терең сырлар мен 
соншалықты  асқақ  ойлар  жатыр.  Әлі  де  болса  оларға  терең  бойлағанымыз  жоқ, 
сондықтан  да  шығармашылық  ізденістер  мен  жаңалық  ашу  қуанышы  әрі  қарай 
жалғасуда  .Біз  жастар  –  Қазақстанның  болашағы.  Келешекте  мемлекетіміздің 
дүние  жүзінде  алдыңғы  қатарлы,  ӛркениетті  елдердің  бірі  болуы,  ӛркендеп  ӛсуі, 
ілгері  дамуы  –  біздің  және  келешек  ұрпақтың  қолында.  Сондықтан  да,  біздің 
негізгі ой-мақсатымыз мемлекетіміздің жан-жақты дамуына ӛз қомақты үлесімізді 
қосу.  Соның  ішінде,  ұлттық  мәдениетізді  кӛтеру,  оған  біріншіден  халқымыздың 
әр бір азаматы ұлттық мәдениетімізді қадірлей, қастерлей білуі қажет. 
Ғасырлар бойы екшелеп, кӛркемдік сапасы артып, күні бүгінге дейін жеткен 
қолӛнер  қазіргі  заманмен  ұштасуда.  Халық  шеберлері  жеке  адамның  ғана 
мұқтажын ӛтеп қойған жоқ, ұлттық ӛнерді дамытуға ерекше үлес қосты. Қазақтың 
ертедегі  бізге  беймәлім  шеберлерін  былай  қойғанда,  ХІХ  ғасырдың  екінші 
жартысындағы  қолӛнер  дәстүрін  жалғастырушылар:  Жүсіп,  Махамбет,  Әбдіғалі, 
Шаяхмет,  Сейтен,  Аяған  сияқты  халық  шеберлерін  атауға  болады.  Қолӛнерді 
ӛрбітуге елеулі үлес қосқан шеберлер: Мырзахмет Елікбаев, Хамза Жанбосынов, 
Садық  Ыбыраев,  Ғани  Ілиясов,  Омар  Нұржобаевтардың  есімдерін  ерекше  атай 
аламыз.  Құрбан  Аманжолов  ақсақал  зерткерлік  ӛнердегі  кәсіби  шеберлігімен 
таңғалдырса,  Сәлима  Әзірбаева  тоқыма  ӛнерімен  есімін  Республикаға  паш  етті. 
Әбдіқас Тәжімаратовтың «Шебердің қолы ортақ» атты еңбегінде халық шеберлері 
ӛнерінімен  толығырақ  танысуға  болады.  Қолӛнердің  қазіргі  жай  күйі  туралы 
айтқанда,  оны  дамытуға  ерекше  үлес  қосып  жүрген  Дәркенбай  Шоқпарұлының 
мектебін атауға болады. Әсіресе, Б. Сарыбаев пен Д.Шоқпарұлының ерең еңбегі 
мен  ерекше  ынтасының  арқасында  қайта  қалпына  келген  Алматы  қаласындағы 
Ықылас  атындағы  қазақтың  ұлттық  музыка  аспаптары  мұражайындағы 
аспаптарды  айрықша  атап,  мақтан  тұта  аламыз.  Халық  шеберлерінің  мектебін 
жалғастырушы  Д.  Шоқпарұлы  туындыларын  ұқсатып  жасаумен  қатар  әрі 
этнограф  зерттеуші  ретінде  оқырмандарын  халықтың  қолданбалы  ӛнер 
түрлерімен  сусындатып  келеді.  Ұлттық  мәдениетімізді  меңгермей,  мәдениетті 
адамзат  тәрбиелеу  және  ұлттық  сананы  қалыптастыру  мүмкін  емес.  Қай  кезеңде 
болсын  адамзат  алдында  тұратын  мұрат-міндеттердің  ең  бастысы,  ӛзінің  ісін, 
ӛмірін  жалғастыратын  салауатты,  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу  болып  табылады. 
Білімді,  жан-жақты  тәрбиелі  жастар  ұлтымыздың  баға  жетпес  қазынасы, 
сондықтан  жастарды  жан-жақты  қабілетті  азамат  етіп  ӛсірудегі  халық  
қолӛнерінің тәлім- тәрбиелік, білім-танымдық ролі орасан зор. 
Халық  бұрын  ғылым  мен  білімге  қолы  жетпесе  де,  сұлулық  пен  әсемдікті 
талғай  да,  таңдай  да  білген.  Ӛз  тұрмысы  мен  мәдениетін  де,  қолӛнерді  мұрат 
тұтып  жетілдіре  білген.  Шебердің  кейбір  сан-саласын  асқан  ұқыптылықпен 
кӛкірегінде  қастерлей  сақтап,  меңгеріп,  біздің  дәуірімізге  ұштастырғаны  белгілі. 
«Болмасаң  да  ұқсап  бақ,  бір  ғалымды  кӛрсеңіз»  деп,  Абай  атамымыз  айтқандай 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
27 
болашақтағы  ӛнер  адамдары  мен  ірі  ӛндіріс  адамдары  осы  ертеңгі  ұрпақтан 
ішінен  шықпасына  кім  кепіл?  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  Ғылым 
министрлігі 1993- жылы ұлттық «Тәлім - тәрбие тұжырымдамасын» барша бұқара 
халыққа  ұсынды.  Онда  мұғалімдер  білімін  жетілдіру  институттарында  ұлттық 
тәлім – тәрбие курстарын жүйелі түрде ұйымдастырып отыру және ұлт мәдениеті 
мен  оқу-тәрбие  жұмыстарын  үнемі  насихаттауды  құрастыру  екені  ерекше  атап 
кӛрсетілген  еді.  Бірақ,  зерттеу  нәтижесі  кӛрсетіп  отырғанындай,  қазақ 
мектептерінде  ұлттық  қолданбалы  ӛнер  түрлерін  дамыту  ойдағыдай  емес.  Осы 
мәселелер  бойынша  жинақталған  мағлұматтарды  талдай  отырып  мына  ӛзекті 
мәселелер алдан шығып отыр:  
-  зерттеу  барысы  айқындаған  қанағаттанарлық  сапаға  кӛтеріле  алмауының 
бірден-бір себебі, оқушыларға ұлттық қолданбалы қажетті оқу материалдарының 
және дидактикалық құралдарының жеткіліксіздігі;  
- жалпы қолданбалы ӛнер саласында түсініктері бар, бірақ ол түсініктер ӛте 
үстірт  және  ұлттық  ӛнер  табиғатының  мазмұнымен,  мәнімен  үйлесім  таппайды, 
әрі  оқушылардың  шығармашылық  ой-қиялы  мен  талғам  ӛрісіне  ықпал  етпейтін 
жағдайда  жүргізіліп,  нақтылы  кӛркемдік  білім  кӛздерін  айқындауға  дұрыс  кӛңіл 
бӛлінбеген;  
-  ұлттық  тәрбие  беру  ісінде  халық  педагогикасының  озық  үлгілері  мен 
қолданбалы ӛнердің ұлттық дәстүрлері тиімді қолданылмайды.  
Біз  еліміздегі  мәдени  құндылықтардан,  ӛнерімізден,  салт-дәстүрімізден 
мәдениетімізді  білеміз.  Міне,  осы  халықтық  мәдени  мұраларға  сүйене  отырып, 
ғылыми  жобамызды  ашуға  тырыстық.  Қолӛнерді  дамытуға  тӛменде  бірнеше 
ұсыныс білдіреміз: 
- «ұлттық мәдениет, ӛнер» пәндері гимназия сыныптарына ғана емес, жалпы 
орта білім беретін мектептерде жүргізілсе;  
-  Республика  деңгейдегі  ұлттық  мәдени  құндылықтарға  арналған  арнайы 
газет-журнал шығарылса;  
-  қоғамға  БАҚ-да    қолданбалы  қолӛнердің  түрлерін,  жасалуын  толық 
үйрететін жобалар жасалынса;  
- нарықтық экономикада қолӛнер шеберлерінің туындыларының мәртебесін 
кӛтеріп, айрықша кӛңіл бӛлінсе; 
-  бала-бақша,  мектептерде  жалпы  ӛсіп  келе  жатқан  ӛскелең  ұрпаққа 
қолӛнерді үйрететін арнайы пәндер жүргізілсе.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет