Мақалада ұлттық әйел камзолының кӛркемдік конструкторлық әдістерін
компьютерлік графикада модельдеу қарастырылды.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается применение компьютерный графики для
художественного оформления и конструирования женского национального
камзола.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
58
ӘОК 373.60
ЕРЛЕР ШАПАНЫН ЖОБАЛАУДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ
ҚОЛДАНУ
Рысқұлова Б.Р. - т.ғ.д., профессор (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Қыдырбекова И.Т. - магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Ұлттық киімдерді жетілдіру бағытында ғылыми зерттеу жүргізген
этногроф-ғалымдар Э.Х.Марғұлан, С.И.Руденко, П.Г.Георги, Ӛ.Ж.Жәнібеков,
М.С.Мұқанов, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов /1/. Қазіргі уақытта нарықтық
экономикада ұлттық киім дайындау шағын кәсіп орындарында дайындық
енгізу негізі мәселенің бірі болып есептелінеді. Бұл мәселе тігін бұйымдарының
технологиялық процестерін қолданып ғылыми зерттеу жұмыстарына ӛндірісте
жобалауда автоматтандырылған компьютерлік технологиясын қолданылу
киімдердің сапасын және бәсекелестігін жоғарлатады. Компьютерлік
технологиягы тігін ӛндірісінде киімдерді ӛңдеу дизайн әдістерін жетілдіру
технологиялық процестерді жаңа формамен ұйымдастырып иновациялық
құрал жабдықтарды оңтайлы қолданылуына мүмкіндік туғызады.
Ұлттық киімдердің эстетикалық ӛзгешелігінде композициялық кӛркемдем
сәндеу,
безендіру
үйлесімділігін
қолданылған
материалына,
пішім
құрастырылуына, сәндеп безендіру әдістеріне зергерлік әшекеймен
сұранымдағы ұлттық киімді компьютерлік жүйеде қолдану. Зерттеу жүргізу
үшін ою-ӛрнекті түрлендіру әдістері, кӛркемдік конструкциялық шешімі,
ерлер шапанының технологиялық әдістерімен дайындалады. Ерлер
шапанының ішкі құрылымы бӛлшектену әдісі, конструкциялық түрлендіру
тәсілі мен модельде әр түрлі формадағы шапан үлгілерін қолданылады.
Ұлттық ерлер киімдерінің жобалауда ою-ӛрнек элементерін кӛркемдік
конструкциясының шешімін құрастыру арқылы топтастырып бәсекелестік
қабілетін композициялық пропорциясы, формасы, сұлбасы, түстік шешімінің
үйлесімділігі 1-сұлба кӛрсетілгендей анықталады.
1сұлба - Ұлттық ерлер киімінің үйлесім ырғағы
Ұлттық ерлер киімінің сыртқы формасы
Ұлттық ерер киімін жобалау
Киілу
мақсаты
Пропорциясы
Форма
Сұлбасы
Сарын
Композициялық үйлесімділігі
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
59
Суретте кӛрсетілген жектеудің кӛрсетілген ұлттық киімдері үйлесімі бес
топқа бӛлінуі пайдаланылатын әдістер кӛркемдік композициялық шешім
арқылы қолданылады.
Пропорция бұйым формасын құрастыруда маңызды кешендік құрал
болып табылады. Пропорция-киім бӛліктерін қозғалысты қамтамасыз ететін
байланыс. Пропорциялық қатынастарды дұрыс таңдау дайын бұйымның ӛзін
және адам фигурасын қабылдауда маңызы зор.
Форма - киімнің сырт кӛрінісі. Қазіргі заманғы киімнің тұрақты
формасы болмайды. Киім формасына қарай қарапайым және күрделі
болып бӛлінеді. Күрделі формалар-бірнеше бӛліктерден тұратын құрылымдар.
Қызметтеріне байланысты форманың негізгі, қосымша және сәнді түрлері
болады. Форманың негізгі бӛліктері – олар киімнің түрін анықтайтын
бӛліктері. Мысалы, иықты киім үшін негізгі артқы, алдыңғы бӛліктерімен
юірге жең мен жаға негізгі бӛліктер болып есептеледі.
Сұлба дегеніміз- адамдардың тұлғасының сырт нобайын ерекше
түсінетіндей әсерлеп бейнелеу нәтижесі. Сұлба контурлы немесе таңба күйінде
бейнеленеді.
Сарын – класикалық, спорттық, романтикалық, фольклорлық сияқты
түрлері бар. Ұлттық ерлер шапаны фольклорлық сарынға жатады, олай
дейтініміз ұлттық нақыштағы киім. Басты ерекшелігі киімнің ою-ӛрнегіне,
әсемдегіне кӛңіл бӛлінеді. Ерлер шапанын жобалаудағы композициялық
үйлесімділік осы айтылған функцияларға толық мағлумат береді /2/.
Шапан қазақтың ең кӛп сыртқы киімдерінің бір түрі. Шапанды жүн
немесе бархыт сияқты ӛте жоғары сапалы әрі мықты матадан жасайды.
Тағыда мақпал, репіс ши бархыт, пүліш маталар қолданылған. Шапанның
ерекшелігі басқа киімге қарағанда оның жағасы, ӛңірі, жеңінің үштары әдемі
ұлттық ою-ӛрнекпен безендіріледі. Тағы да ерлер шапанының негізгі
айырмашылығы ұзындығы тізеден тӛмен болуы, жеңі саусақ ұшын жауып
тұрады. Шапанға түйме сәнді ілгек және белбеу қолданылады.
Шапандар пішілуіне қарай сырмалы шапан, қаптал шапан, қималы шапан,
кең қолтық ұзын жең шапан сияқты түрлері бар. Матасының ерекшелігі,
пішілуі, тігілуі, әшекейлері, жасына, әлеуметтік ерекшеліктеріне байланысты
шапанның – зер шапан, оқалы шапан деген қымбт түрлері бар.
Шапанның кеңдігі мен бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнеріне
қарай қарай аймақтық ӛзешелігі болады. Ұлы жүздің шапандары кӛбінесе
жолақты, сырмалы, жеңдері ұзын, ашық жағалы келеді. Орта жүздің
шапандары кӛбінесе бір беткей матадан, сарусыз, сирек қабылып, етектері
шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ ойма немесе түймелі болады. Кіші
жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын кең, жүн тартқан бидайлаған
қалың, қайырма жағалы болып келеді. Осындай айырмашылықтарына қарай,
олардың бәрінде бірдей ортақ, ұлттық мәнер мен қазақша атаулары бар.
Шапан тез киюге, тұруға ыңғайлы әрі жылы киім болады.
Ерлер шапанының моделін таңдауды бірнеше факторлар жүргізеді:
ұлттық киімнің аталуы мен қолданылуы, формасы, пішімін конструктивтік
шешімі және қолданған материалдар сипаттама беріледі. Арнайы шапанға
арналған негізгі модель автоматтық жүйеде кӛркемдеп безендірілуі 1-суретте
кӛрсетілген.
Шапанның бӛлшектерінің формасы пішімдері түрлендіріліп, ақпараттық
бағдарламада
бӛлшектерде
ою-ӛрнекті
орналастыру
үйлесімділігі
автоматтандырылған түрде ӛңдеп жасалынды. Ұсынылған модель ерекшелігі
конструкциясы сызба негізінде алдынғы бой лекаласы автоматтық жүйеде
орындалады.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
60
1 сурет - Corol DRAW бағдарламасымен жобаланған ұлттық ерлер киімінің
сыртқы кӛрінісі
Corel DRAW бағдарламасы арқылы сурет салу үшін редактілеу – контур
пішінін коррекциялауға; қисық- контурларды құру; эллипс – эллипстерді салу;
интерактивті саймандар - әсерлер құру, интерактивті редактілеу, масштаб –
терезедегі кӛлемдік-үйлесімділік бейнесін басқару, тікбұрыш-тікбұрыштарды
салу, кӛпбұрыш-кӛпбұрыштарды салу, қарапайым фигуралар – қарапайым
фигурларды редактілеу, мәтін - мәтінді енгізу, редактілеу және тағы басқа
саймандар.
Экранда құрал-саймандардың азғана бӛлігі кӛрсетілген, пиктограммалардың
бұрышындағы қара үшбұрышты басу арқылы ішкі саймандарды алуға болды:
- Құрал-сайман пиктограммасына тышқанның курсорын әкелу (мысалы,
эллипс құралына);
- Тышқанның солжақ батырмасын басып, бірнеше секунд ұстап тұру;
- Пайда болған қалқыған тақтадан оның пиктограммасына тышқанды баса
отырып басқа сайманды таңдау;
Құрал –саймандарды пайдалану арқылы ұлттық ерлер шапанын моделін
кӛркемдеп жобалау реттілігі тӛмендегідей:
- Бағдарлама терезесін ашу;
- Эллипс сайманын қолданып адам тұлғасының басын бейнелеу;
- Қисық сайманда орналасқан безье ішкі сайманын қолданып адам ұлғасын
салу;
- Пішінді редактілеу сайманының ішінде орналасқан ішкі сайман түйінді
редактілеу құралын қолданып, түйіндерді жылжыта отырып адам тұлғасының
контур сызығын сызу;
- Бейнеленген адам тұлғасының пропорциялық қатынаста болуын қадағалау;
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
61
- Ұлттық ерлер шапанын адам тұлғасына сәйкестендіріп бейнелеу;
- Кӛйлек суретін түйінді редактілеу құралымен дұрыстау;
- Түстер палитрасын қолданып шапан ӛрнегінің түстік үйлесімділігін табу.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
С.А.Жолдасбеков «Костюм композициясы». Алматы - 2007ж.
2.
Л.П.Шершнева Киім конструкциясы Алматы, 2006ж
3.
Қазақ халқының ұлттық киімдері. Алматы кітап 2007ж.
4.
В.А.Пормон Композиция костюма М., 2001г.
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада ұлттық ерлер киімінің композициялық үйлесімділігімен
жалпы шапан жайлы мағлұмат берілген.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается композиционная разработка моделей мужской
национальной одежды.
ӘОК 391.7
ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТА ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША КАФЕДРА ЖҰМЫСЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Тастанбек Д.М. – оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Жаңа технологиялардың ӛріс алуында оқыту үрдісінде «интерактив»,
«интерактивті оқыту», «интерактивті тақта» деген терминдермен жиі кездесеміз.
«Интерактивті тақта» және «интерактивті оқыту» терминдерінің ортақ түбірі
интер ағылшын тілінің «inter» (между, меж) аралық; «act» (действовать, действие)
әрекет ету деген сӛздерінен енген. «Интерактивті тақта» адамдардың ӛзара әрекет
етуіне жағдай жасайды, ал «интерактивті оқытуды» ӛзара әрекеттесуге негізделіп
құрылған оқыту деп түсінуге болады. Интерактивті тақтаның мәні - ӛзара
белсенді байланыста болып, компьютермен жұмыс жасап оқу-танымдық нәтижеге
жету.
Интерактивті тақта – дәріскерге немесе мұғалімге екі түрлі құралдарды, атап
айтқанда, ақпарат кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіріп қолдануға
негізделген құрал. Интерактивті тақтаның бірнеше түрлері бар: Interwrite Board
интерактивті тақта – бұл АҚШ-ның 7125 Riverwood Drive Columbia6 VD 21046
зауытында жасақталған. Бұл тақтада дәстүрлі сызу құралдары (сызғыш,
транспортир, бұрыштама және т.б.) қолданылады. Олар сызу, геометрия пәндері
үшін кеңінен қолданылады. Тақтаның беті бүлінбейді және ол білім
мекемелерінде үлкен сұранысқа ие.
Interwrite Workspace интерактивті тақта – суреттер кітапханасы және
шаблондармен бірге ӛз материалдарын толықтыруға мүмкіндік беретін
қарапайым құралдары бар тақта. Оған барлық ақпараттарды сақтап, басу
құрылғысына және электрондық пошта арқылы ақпараттарды жіберуге болады.
Hitachi экраны және интерактивті тақта – 24 функциональды
батырмалардан, 72 виртуальды түстермен сурет салуға мүмкіндік беретін жаңа
StarBoard FX Duocoфт-ның негізінде Интернет арқылы 50 басқа StarBoard FX бір
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
62
мезетте байланысқа шығуға және қашықтықтан конференциялар ӛткізуге
негізделген тақта болып табылады.
SMART Technologies Inc технологиясы - SMART Board интерактивті
тақтасында екі түрлі технология қолданылады:
Резистивтік матрицалы технология – бұл жұқа сілтеуішті екі қабаттан
тұратын тор, ауа қабаттарымен бӛлінген, беті пластикпен қапталған интерактивті
тақта.
DViT (Digital Vision Touch) технологиясы – бұл меңзер координатын
қолданатын (маркер немесе саусақ) тақтаның бұрыштарында сандық бейне
камералар орналасқан. Бұл технологияны қолданғанда меңзердің жылдамдығы
артады да, функционалдық мүмкіндіктері артады.
Panaboard KX-BP800 – Электронды Panaboard KX-BP800 интерактивті
тақтасының жиналыстар, семинарлар, телеконференциялар, презентациялар мен
сұхбаттасу жүргізуге мүмкіндігі мол тақта. Мұнда тақтаның кӛшірмесін алуға
болады, проектор түсіретін экран, интерактивті монитор және басқа да кӛптеген
мүмкіндіктері бар. Оны компьютерге және проекторға қосқанда, Panaboard KX-
BP800 тақтасы интерактивті мониторға айналады, электронды маркердің
кӛмегімен компьютердің қосымшаларын басқаруға болады.
а ә
б
1 а сурет – Негізгі құрал-жабдықтар
1 ә сурет - Флипчарт құрал-жабдықтары
1 б сурет - Арнайы құрал-жабдықтар
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
63
2 сурет - ACTIVstudio бағдарламасын бастаудағы «Қош келдіңіз» терезесі.
Интерактивті тақта презинтация жасауға және оқу үрдісінде қолдануға
арналған, ACTIVstudio бағдарламасымен жүзеге асады. Ол ACTIVboard және
ACTIVpen жүйесімен жұмыс жасайды. ACTIVstudio-ның кӛптеген қызметтері
бар: презентацияларды құруға және ӛткізге болады, арнайы эффекталар
материалдарын қоса алады, басты жағдайларды ерекшелейді, аудиторияға
қосымша ақпараттар мен ескертулер жасауда белгілер және бағыттағыштарды
қосады және т.б. мүмкіндіктер. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық
проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады. 1 а, ә, б -
суреттерде ACTIVstudio бағдарламасы құрал-жабдықтарының құрылымы
кӛрсетілген.
Интерактивтік жабдықтар – ACTIVstudio бағдарламасының кӛптеген
құралдары бар, атап айтқанда, объектілер құратын, арнайы эффектілер енгізетін
презентацияда интерактивті элементті қолданатын. Бұл құралдарды пайдалану
үшін нақты презентацияларда құралдар және компьютер мен тақта арасындағы
байланысты іске асырушы құрылғы. 2 - суретте ACTIVstudio бағдарламасын
ашудағы «Қош келдіңіз» терезесі кӛрсетілген.
Интерактивті тақтаны кафедра жұмысын жүргізуде қолдану жұмысты
жеңілдетеді және сапалы етеді.
Кафедра жұмыстары:
-
оқу жұмыс жоспарын бекіту;
-
кәсіби бағдар жүргізу;
-
оқу-әдістемелік жұмыстар;
-
оқытушылардың біліктілігін кӛтеру;
-
тәрбие жұмыстары;
-
кітапханамен жұмыс;
-
ғылыми жұмыстар, ғылыми тәжірибелік конференциялар мен кәсіби
басылымдарға оқытушы-профессорлардың ғылыми мақалалар жариялауы;
-
студенттік конференциялар мен олимпиядалар;
-
студенттердің педагогикалық практикасы;
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
64
-
магистранттардың диссертация тақырыптарын бекіту және қорғау
жұмыстары;
-
студенттердің білімін бағалау;
-
Мемлекеттік аралық бақылау жұмыстары;
-
тест сұрақтарын құрастыру және талқылау;
-
пәндер бойынша емтихан сұрақтары мен мемлекеттік емтихан
сұрақтарын дайындау және кафедра мәжілісінде бекіту;
-
ӛзара сабақтарға қатысу, ашық сабақтар ӛткізу;
-
оқытушы-профессорлардың озық тәжірибесін алмасу;
-
қашықтықтан оқыту технололгиясын ұйымдастыру;
-
оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жазу және оны кафедрада
талқылау;
-
диплом жұмыстарын бекіту және қорғау;
-
кӛрмелер ұйымдастыру.
Интерактивті тақта жүйесінің мүмкіндіктерін қолданып кафедра жұмысын
ұйымдастыру жолдары:
- Кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізуде. Университеттің, факультеттің,
кафедраның тарихын мектептердегі интерактивті тақталардың аудио-видио
қызметімен кӛрсету.
- Студенттердің білімін бағалауда. 1,2- рейтинг және емтихан қорытындысы
бойынша студенттердің білім кӛрсеткіш деңгейін пән бойынша және жеке және
топтық салыстыруда диограммаларды қолдану. Оқу үрдісінде педагогикалық
технологияларды қолдану нәтижесінің оқу жылы барысында ӛсу және тӛмендеу
қарқынын анықтау.
- Тест сұрақтарының түрлерін құрастыруда. Ӛшіргіш, геометриялық
фигураларды және аудио-видио қызметтерін қолдану. Тігін бұйымдарын
құрастыруда технологиялық карталарды, конструкциялық сызбаларды, сәндік
бұйымдардың ӛңделу технологиясын, киімнің композициялық шешімін табуда
әдіс тәсілдерді кӛрнекіліктермен кӛрсету мүмкіндіктерін жүзеге асыруға болады.
Мысалы, Сән үйлеріндегі дефиле кӛріністерінен, кӛрмелерден үзіндіні аудио-
видио қызметімен кӛрсету, киім силуэттерінің түрлері, композиция құралдары-
симметрия, ассимметрия, динамика, статика, ньюанс, кантрасты киімде
қолдануды суреттермен тақтада кӛрсету; Қалтаның ӛңделуін немесе сызбасын
сызу әдістерін, оларда кездесетін ақауларды бейнелік кӛріністермен кӛрсету.
-
Студенттердің Мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) білімінің
қорытындысын кафедрада талқылауда. Білім мониторингі. Пәндер бойынша және
жеке, топтық студенттердің білім кӛрсеткішін салыстыру.
- Оқытушылардың біліктілігін кӛтеруде. ACTIVstudio бағдарламасының
қызметтерін қолданып сабақты жаңа технологиямен ӛткізу. Интерактивті тақтаны
қолдануда педагогика қағидаларын басшылыққа алып, проблемалар тудыру
арқылы студенттердің ӛз бетінше білім алуына жағдай жасау. Сонымен қатар,
тақтамен қашықтықтан оқыту, интернетті пайдалану, конференция сабақтарын
ұйымдастыру.
-
Ғылыми жұмыстарда. Студенттер конференцияларында, диплом
жұмыстарын бекіту және алдын-ала қорғау және қорғауда, магистранттардың
диссертация тақырыптарын бекітуде, алдын-ала қорғау және қорғауда,
оқытушылардың ғылыми баяндамаларын тыңдауда, оқулықтар мен оқу-
әдістемелік құралдарын кафедрада талқылауда, кафедраның ғылыми дәреже
кӛрсеткішін анықтауда интерактивті тақта қызметтерін қолдана білу.
- Студенттердің педагогикалық практикасында. Мектептерде интерактивті
тақтаны қолданып жаңа педагогикалық технологиямен ашық сабақ, тәрбие
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
65
сабақтарын ӛткізу. Практиканы қорытындылау конференциясында ашық сабақты
баяндауда және педагогикалық, психологиялық талдау жасауда тақта
қызметтерін қолдану және ашық тәрбие сағаттарды аудио-видио қызметімен
кӛрсету.
- Кӛрмелер ұйымдастыруда. Оқу үрдісіндегі шығармашылық жұмыстардан
және кафедра оқытушыларының жеке еңбектерінен кӛрмелер ұйымдастыруда
тақтамен слайттар, презентациялар кӛрсету.
- Кітапханамен жұмыс жасауда. Электронды оқулықтарды оқу үрдісінде
пайдалану.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
ACTIVstudio Professional Edition. Лабораторный практикум. Составители:
Бейсенкулов А., Мухамбетжанова С., Курманбеккызы Н., Момбекбаев Д.,
Бултулы Е.
2.
WWW. Google. kz. Интерактивті тақта
3.
М.Валиева. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне
енгізу жолдары. Әдістемелік нұсқау. Алматы, 2002.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада интерактивті тақта түрлері, кафедра жұмыстары және ACTIVstudio
бағдарламасымен кафедра жұмыстарын ұйымдастыру жолдары қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются виды интерактивный доски и пути организации
работы кафедры с исползованием программы ACTIVstudio.
ӘОК 687. 1.
ҰЛТТЫҚ СУРЕТШІЛЕРДІҢ РУХАНИ ӘЛЕМІ
Тоққұлиева Ұ.Қ.- аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының әлеуметтік-мәдени дамуы
жӛніндегі тұғырнамасында Республикада тұратын барлық халықтар мәдениетінің
ӛзіндік ерекшелігіне тиісті кӛңіл бӛлінетіндігі және кез келген мәдениет
қайталанбас, теңдесі жоқ қазына екендігі, сондай-ақ, белгілі бір халықтың ӛзін
дүние жүзіне сол арқылы толық танытатыны айтылған. Сонымен қатар, бұрынғы
ӛткен ӛзіндік мәдени дәстүрлерін еске түсіру, есте ұстануына, одан рухани қуат
алып, ӛзіндік жасампаздық үрдісін таныту үшін оған басқа мәдениеттердің
белгілерін шеберлікпен ӛз бойына дарытуға мүмкіндік беретіні кӛрсетілген.
Халықтық мәдениеттердің ӛзіндік ерекшеліктерін мойындай келіп, қазақстан
халықтары мәдени қазыналарының бірлігі қалыптасатынын ескеріп, мемлекет
барлық халықтардың мәдени мұраларын сақтап, қорғайтыны, мәдениеттердің
теңдігін және әрбір халықтың ӛз мәдени ерекшелігін орнықтыру, сақтау және
дамыту құқығын қамтамасыз ететіндігі тұжырымдалған.
Әдебиет пен мәдениеттің, ӛнер мен ғылымның белгілі қайраткерлеріне
музей ашу біздің республикамыздың мәдени-әлеуметтік ӛмірінде орныққан
дәстүрге айналды. Атын атап, түсін түстеп, санамалап жатпай-ақ қояйық,
музейлердің қарасы еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі онжылдықта біршама ӛсті.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
66
Мұның сыры неде? Әрине, экономикалық дағдарыстар, жұмыссыздық, мәдени
ошақтардың басына бұлт үйірілуі – мүның бәрі де нарықтық экономиканы нақты
даму жолы ретінде таңдаған елдердің әуелде тұмсық соққан тығырықты ӛткелдері
екені анық. Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы жылдарда қаншама
қиындықпен ашылған ауылдағы қазақ мектептері қайта жабылып, кітапханалар,
мәдениет үйлері мен клубтар жұмысын тоқтатып жатқан кездерде экономикалық
дағдарыстар енді рухани дағдарыстарға ұшыратын болды ғой деп уайым
шеккенбіз. Мәдениет ошақтарының басындағы мүшкіл хал музейлерді де айналып
ӛткен. Театрлар мен музейлер кӛрермендері мен келушілердің қатары күрт сиреп,
қалт-құлт күй кешті. Дегенмен, музейлер мүлде жабылып қалмады. Қайта ұлттық
сананың, тарихи жадымыздың оянуы, тірілуі ӛткенімізге, ата-бабаларымыздың
азаттық пен тәуелсіздікке жету жолындағы арпалысты күресіне қайта үңілуге,
тарихымыздағы ақтаңдақтар мен иқаратаңдақтарды танып білуге, жекелеген
тарихи тұлғалардың, ұлттық рухани ұстаздардың ӛмір жолын, шығармашылық
мұраларын қайта зерделеуге жетеледі.
Музейлерден тоқтап тұрған сағаттарды талай кӛрдік. Қабырға сағаты ма, қол
сағаты ма – мейлі, бәрібір, әйтеуір бір жылы, бір күні тоқтаған. Кейбір сол музей
иесінің жүрегінің тоқтаған сәтін кӛрсетіп тұруы да мүмкін. Тек сағат емес, сол
музейдегі әрбір зат, әрбір экспонат осындай бір уақыт бӛлшегінде қозғалыссыз,
қимылсыз тұрып қалғандай әсер қалдырады /5/. Ал осы қимыл-қозғалыссыз
қалған заттарға тіл бітіру, тарих мінбесінен сӛйлету, шежіре шерткізу, бұл
экспонаттарды бүлінуден, қолды болудан қорғау, сақтау, келер ұрпақ тәрбиесіне
қызмет еткізу – оңай шаруа емес. Музей қызметкерлері әрбір экспонатқа жай бір
кӛненің кӛзі, ескінің ескерткіш-белгісі деп қана қарамай, оның ӛне-бойындағы
құпияға қанығып, тылсымды түсініп, тереңнен сыр тарта алса ғана мақсат
орындалмақ.
Музейдің мәдени, ғылыми-ағарту мекемесі ретіндегі қызметі де әлгі «қас
қағым сәтті» қаншалықты сәтімен аялдатып, ұстап тұра алғандығына байланысты.
Кеше ғана ғасыр ауысты, мыңжылдықтар шекарасынан ӛттік, оны айтасыз, заман
ӛзгерді, қоғам ӛзгерді. Ой санамызда күрделі сілкіністер ӛтті, ұлттық
мәдениетіміздің құндылықтарына кӛзқарастар ӛзгерді. Жоғарыда айтқанымыздай,
ұлттық тәрбие құралының бірі болып саналатын біздің мәдениетіміз.
Осыған орай, біздің мәдениетімізді, ӛркениетімізді бір сәтте биік шыңға
кӛтерген бейнелеу ӛнеріндегі кӛрме еді. «Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеу
ӛнеріндегі
портреттер»
кӛрмесі
ӛткен
жүзжылдықтағы
біздің
замандастарымыздың келбетіне тура қарауға мүмкіндік бкрді. Олар, яғни біздер,
қандай болдық? Ӛз модельдерінің бейнелерін, сипаттарын бір ғасыр бойы
бақылаған кескіндемешілер, графикшілер мен мүсіншілер бізге қалай қарады
екен? Бәрінен бұрын олар біздің қандай қасиеттерімізді бағалады? Олар
шеберхана мен уақыт, мольберт пен орындық аралығындағы кеңістікке, сыртқы
әлеммен батыл, не имене ұн қатысып немесе ӛзімен-ӛзі сырласып тұрған,
суретшінің жеке не типтік бейнедегі моделіне үңіле қараған адамда бәрінен бұрын
ненімаңызды деп санады екен?
Георг Вильгельм Фридрих Гегель «...кескіндеме прогресі жетілмеген
тәжірибелерден бастай отырып, портретке жетумен аяқталады» деп есептейді /6/.
Неге? Себебі, «тегінде, ӛнер ерекше жәйттерге тоқталғанды сүйеді». Адамдардың
ерекше бейнесі мен әрқайсымыздың тағдырымыз не болуы мүмкін? Мұнда тек
саясаткерлер мен статистіктер ғана жалпы мен жалқыны, сан мен салмақты кӛре
алады. Суретшілер мен біздер ӛзімізді-ӛзіміз анықтаймыз. Шығармалар
Қазақстанда туып-ӛскендердің ғана емес, сонымен бірге тағдырдың айдауымен
қысқа не ұзақ уақытқа немесе біздің жерімізге біржола келген суретшілер
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
67
тарапынан да жасалынған. Экспозицияға қойылған жұмыстардың арасында ӛзара
дос суретшілердің портреттері мен автопортреттері де бар. Бұл, әрине, түсінікті:
әріптестермен тұрақты байланыс адам болмысының маңызынадәл әрі терең
бойлануына, мінезіне, кӛңіл-күйіне және болмыс- бітіміне ептеп жақындай
түсуіне, ақыр-аяғы ӛзіңе Ӛзге секілді қарауға үйретеді.
Кӛрмеде 150-дей портрет болды. Оның біраз бӛлігі ӛткен жүзжылдықта
жасалған. Кӛрмені ұйымдастырушылар экспозицияны мұражай қоймасыныңбір
бӛлігі болмауы үшін және кӛрермен портреттік ақпарат ағынының астында қалып
қоймауы үшін ӛздерін ӛте қатты тежеуіне тура келген. Бұл альбомды құрастыру
барысыеда портреттерді тағы да шектеу қажеттігі туды. Олар «ғасыр сырын»
айқын да нанымды етіп кӛрсету үшін, уақыт пен ӛзіңді түсінуге үмітпен қарау
үшін ерекше айна жасау ниетімен жұмыс істеген.
Портрет деген не? Адамның адамға қызығушылығы. Тең дәрежедегі әңгіме.
Портрет дегеніміз – модельдің суретшіге сенуі, ал суретшінің модельден жеке
адамды, тұлғаны кӛруі. Осылайша ерекше жағдай тумақ: екі тұлға шынайы
қарым-қатынас жасайды. Бұл идеалда ғана. Алайда, ұқсастық проблемасы да бар
/7/. Портрет – ерте пайда болған жанр. Бұл адам баласының ӛзін кӛруге
құмартқандығынан шығар. Әр түрлі ұғымдар да болды. Египттіктер адам жаны
бейнеленген портретке ауысады деп ұққан. Суретші шеберлігінің нәтижесінде
кейде салынған портреттен сол адамның ӛмірден кӛрген азабын, қайғы қасіреті
мен бүкіл жүріп ӛткен ӛмірін кӛруге болады.
Портреттің ерекше басты сипаты оның түпнұсқамен ұқсастығы.
Адамның сырт бейнесімен қатар, оның ішкі жан дүниесін де сезе білуіміз
керек. Адамның сартқы болмыс-бейнесіне қоса, ішкі жан сарайын, мінез-құлқын
аша білгенде ғана кӛрермен шығарманың алдында ұзақ тұрып, сүйсіне
қызықтайды. Әсерлі сезімге бӛленіп, қиялға беріледі.
Портреттер ӛзінің сипаты жағынан әр түрлі болады. Сәндік портреттер –
адамның сұлулығын, әдемілігін, дәріптеу, оны әсемдік пен сәндікке кӛрсету.
Адамдарды күнделікті ӛмірде кӛрсету. Ол интимдік, психологиялық портреттер
деп аталады.
Ұқсастықты суретші неден іздеуі қажет? Тек табиғат берген дене пішініне
ғана ма? Немесе бізді қоғамнан, мәдениет пен уақыттан бӛліп тұратын адам
баласының «мәнінен» бе? Адам қашан шынайы, ӛзіне-ӛзі тең болады? Ең жақсы
портреттер ұшқыр кӛңіл-күймен, ондағы кескіннің игілігімен және ақылдың
ұлылығымен ғана емес, натураның, табиғаттың кӛп қырлылығымен және
тағдырдың құбылмалығымен тамсандырады. Суретші астан-кестең әсерден
кӛркемсурет ғарышын, ӛмір ырғағын бейнелеуге тырысады. Бірақ, суретші салған
образ іштей ӛзіңді түсінетін бейнемен сәйкес келе ме? Осы сәйкессіздіктен
сомдалған сурет қуандырып немесе ренжіте ме? Әрқашан «Адам бейнесі – ол
әрдайым әлем метафорасы және менің бір нәрсеге ықтимал ұмтылысым» деп
есептеу қажет /8/.
Суретшінің негізгі және басты міндеті – бояуды, қалам ізін, мәрмәр мен
қоланы жанды бейнеге айналдыра білу. Кез-келген картина, оның ішінде портрет
те бар, суретшінің жанында кӛптеген әсерлердің қосылуындағы образдардан
туындайды, бояуға да, не мәрмәрға да еш ұқсамайды. Әрбір суретші ішкі сырын
сыртқы ортақ тілге «аударумен» айналысады. Интуицияны қосқанда барлық бес
сезімге әсер ететін мӛлдір де, езгелек образды түс немесе қола тілімен қабылдап,
түсіну қажет. Әр дәуірде бейнелеу ӛнерінің әр түрлі жүйесі жасалынды. Әлемдік
бейнелеу ӛнері процесіне кіретін біздің суретшілер оларды ХХ ғасырда ғана
дайын күйінде пайдаланды. Алайда, ӛзіңдікі туралы айтуға тура келгенімен бұл
олардың қызметтерін тӛмендетпейді. Әрбір тіл оны жақсы сӛйлеу үшін қызмет
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
68
етеді. Ол үшін дарын мен мектеп қажет. Халық айтқандай: «Ӛнерлінің қолы
алтын, ӛлеңшінің сӛзі алтын».
Экспозицияны Николай Хлудов 1901 жылы салған «Жас қазақ әйелінің
портреті» ашты. Хлудовтың Қазақстанға ХІХ ғасырдың 70 жылдарының соңында
келген, этнографикалық экспедицияға қатысқаны, осы жердің табиғатын,
жанрлық сахналар мен жергілікті адамдар бейнеленген суреттер мен
полотнолардың үлкен бӛлігін қалдырғаны белгілі. 1921 жылдан бастап
Алматыдағы бірінші кӛркемсурет студиясын басқарды. Оның барлық жұмысын
модельге деген ізгі қарым-қатынасымен ерекшеленбек. Бұл портретте жас та,
тартымды әйел мұңая қарап отыр. Суретші оның жүзінеғанғ зер салып қоймай,
айналадағы бүкіл әлемді де зор ықыласпен суреттейді, оның ӛмірімен сабақтас
бұйымдарға кӛңіл аударады. Бұдан суретшінің шүбәсіз кӛркем де эстетикалық
талғамға ие екендігін кӛресің. Классика мәдениеті мен суретшінің шеберлігінен
жасалған түрлі-түсті гамма модельдің жастығы мен әсемдігін жан-тәнімен
суреттейді. Хлудов әсерлі сәтті бергісі келгендігін байқау қиын емес. Сол
иығынан желбіреп ұшқындай түңліктің шеті, алды мен жеңдері кӛп бүрмелі
кӛйлегі бұл – қозғалыстың белгілі: модель бұрылып, суретшіге имене қарағандай.
Кескіндеме – бейнелеу ӛнерінің ең толысқан түрі. Онда кӛптеген құралдар
қолданылады. Әр суретшінің ӛзіндік бейімі таңдаған жолы бар. Біреулері
натюрморт жазуға, екіншісі портрет, үшіншісі пейзаж жазуға, тӛртіншісі әр түрлі
тарихи тақырыпты, тұрмыстық кӛріністерді, т.б. жазуға құмар. Суретші ӛзі
қалаған, сүйген тақырыптарды қалап алады. Бейнелеу ӛнерінде бұлай бӛліну жанр
деп аталады. Жанрлар: натюрморт, пейзаж, портрет, жанрлық кертиналар болып
бӛлінеді /9/.
Натюрморт ХVІІ ғасырда Голландияда пайда болды. Натюрморт, суретшінің
кӛзқарасын ашып береді. Суретші әр түрлі тақырыпта жұмыс істеуі мүмкін.
Натюрмортта сан түрлі тағамдар: нан, жеміс, т.б. бейнеленуі мүмкін. Болмаса
тұрмыстық жағдайда пайдаланылатын заттар қойылып, салынады.
Кейде бір затты салу арқылы, белгілі бір ойды, мағынаны ашуға болады.
Суретшінің қиялынан туған, табиғаттың әр түрлі образдары берілуі мүмкін.
Пейзаж – табиғатқа қарап отырып, айнытпай сурет салу емес, оның
мағынасын ашу, шебердің ойын, сезімдерін, кӛңіл күйін беру. Табиғат еш уақытта
ӛзгерген емес. Мыңдаған жылдар бойы сол бейнесінде қалып отырады. Тек
суретші оны уақытына қарай бейнелеуі мүмкін. Әр ғасырда әр суретші оны
ӛзінше түсініп, ӛмір сүрген уақытына қарай, сол уақыттың қоғамдық құрылысына
байланысты бейнелеген /10/.
Кӛрмеде жасалу жолдары жақын және Хлудов портреттерінен барлық
параметрлерімен ерекше айырмашылығы бар Михаил Гайдукевичтің (1928)
«Дунганин» деген графикалық туындысы болды. Жұмыс аралас техникамен
әртүрлі фактураларға әуестікпен орындалғандықтан бір ғана мағыналы образды
беруге тиіс емес. Кинодағыдай ірі план, сопақша жүз, шығыңқы жақ сүйектері,
үлкен ауыздағы қалың еріндері, қиғаш кӛздері мен қою қара кӛлеңкесін айқын
бейнелеген « неандерталецтің( қабырғадағы суреті пұттың маскасын бейнелеп
қойғандай. Бірақ, адамның жалт қараған кӛзқарасы мен нәзік сұлбасы, стол
тӛрінде шәй ішетін шынысымен отырған ұстамды тұлғасы шығыс адамын
кӛрсетеді. Дегенмен, мұндай кескін орыс суретшілерінің ориенталистік қиялында
сомдалған.
Гайдукевич Мәскеуде Вхутеиннің студенті болды. Ӛнердің ашық та,
қарқынды дамыған тіршілігі бар қалада ол жастық дәуірінде кӛркемсурет тілін
жақсы меңгерді. Гайдукевичтің әлем мен ӛнердегі міндетке деген кӛзқарасы
Қазақстанға ертеректе келген, ХХ ғасырдың алғашқы он жылында Ресейдің ӛнер
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
69
жайлы ілімінен шет қалған Хлудовқа қарағанда сӛзсіз мүлде басқа еді. 1928 жылы
Гайдукевич Алматыдағы университетке суреттен, сызудан және эстетикадан
сабақ беруге шақыру алады. Мәскеуге қайта кеткенше, 1931 жылдың соңына
дейін, ол жергілікті халықтың ӛмірі мен табиғатына арналған жұмыстардың
сериясы жасап қалдырды /11/.
Қазақтың алғашқы суретшісі Әбілхан Қастеев Алматыдағы 1929 жылдың
ақпанында келеді де Н.Г.Хлудовтың студиясына түседі /12/. Тарих шарты райды
білмейтін ақиқат. Дегенмен, Қастеев Гайдукевичте оқи алуымүмкін бе? Бұл
сұраққа жауап бермес бұрын сауал қою керек: Хлудов Қазақстанға ертелеу
келгенімен одан бұрын Шоқан Уәлиханов (1835-1865) сурет салумен де
айналысқан еді ғой, неге кәсіби суретшілер тек ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдар
межесінде пайда болды. Ресей империясының құрамында болған қазақтардың
ӛмір сүру салты негізінен сақталды және сӛз, музыка, қолданбалы ӛнерге
қажеттілік болды. Кеңестік дәуірдің орнауымен бәрі ӛзгеріп сала берді: кӛшпелі
тірлікті жаңа ӛкімет ескіліктің сарқыншағы деп күштеп басып тоқтатты. Бірден
отырықшылық салты енгізілді. Қайғылы, күреңсіз сәттер басталды. Халық
бытырай қоныс теуіп жатты. Кімде-кім аман қалса, тек ӛзіне ғана сенуіне, үміт
артуына тура келді. Дәстүрдің тұнығы лайланды, бұрынғыдай салт-дәстүр
халықтың жұбанышы бола алмады. Дәстүрдің жақын даусы – ою-ӛрнектер,
ӛкінішке орай, жаңаша серпін ала алмады. Ӛз экзистенциясында күрделі
жағдайды басынан ӛткізді. Сондықтан да болар, кескіндеме ӛнері қажет болды.
Оның мүмкіндігімен махаббатты да, қуаныш пен қайғыны да – туысқандарың мен
достарының бет-әлпетін, балалық шақтан таныс кӛріністер мен заттарды
жүрегіңде сақтауға болады. Тағы бір сұрақ: бізге Казимир Малевич келсе не болар
еді? Мүмкін, станокты ӛнерге араласу біраз уақытқа жылжуы ықтимал еді. Дана
Малевичтің супрематикалық компазициялары ою-ӛрнектегі абстракция тілін
түсінетін жергілікті таланттарға тек түсініксіз әуесқойлық ғана болып кӛрінер еді.
Кескіндемені таңдаған қазақтар үшін, онда менің ойымша, геометриялық
фигуралар ою-ӛрнектің бір бӛлігі болғанымен, қара шаршы қызықтырмаған болар
еді. Кейбір геометриялық символдарды үзіп-жұлып алғандай, оларға ӛзінше
мазмұн берудің қаншалықты маңызы бар. Кӛне тұрғындарды фигуралық
кескіндемелермен қызықтыру деген аса жаңалық емес деп те айтуға болады. Және
мифологиялық, діни немесе тарихи емес, керісінше «тұрмыстық»: ауыл ӛмірінің
келбеті, пейзаждар мен сүікті адамдар туралы дүниелер. Ал Гайдукевич қалай
еді? Оның әлемді батыл суреттеген субъективті картиналары уақытқа сәйкес
келмейтін. Бірінші планға объективті шындық шығарылатын және ол кез-келген
уақытта жоғалып кете алатын. Сӛзсіз басымдықтар Хлудовтың жағында еді. Оған
сыртқы әлемге абайлап қарау сипаты жақын болды.
1930 жылы Қастеев салған шағын кӛлемді «Құсықбаев портреті» акварелі
ӛзінің терең образдылығымен таң қалдырады. Суретші сараң да, нақты
құралдармен модельдің сипаты мен тағдырын анықтайды /13/. Ересек тартқан ер
адамның кеудесіне дейін салынған қырын қараған бейнесі сурет бетін толтырып
тұр. Профиль – толыққанды тұлғаның және суретшінің сезімі мен санасына әсер
ететін магияның белгісі. Басын сәл иіп, иығын аз ғана бүкшите отырған, қабағы
салбыраңқы және кӛтеріңкі қасы еркін адамның ӛмір қиындықтарын кӛп кӛрген,
ауыр ойға шомғандығын кӛрсетеді. Кескіндемешінің шеберлігі мен нәзік
сезімталдығы сол – бірнеше түстегі дақтарды түсіндірудің шексіз алаңына
айналдырады. Ашық және күрең түсті нәзік белгілер бас сүйегінің конструкциясы
мен жүзінде ӛмірдің айшықты ізі қалған бейнесі ӛте ұтымды кескінделген. Ашық
түстегі үлкен басы қара киімі мен кӛгілдір фонда айшық тапқан. Сондықтан да,
оның терісінің түсі бозғылт және ашықтау сияқты кӛрінеді. Бет–жүзі мен киімі
бірігіп біріңғай мәдени кеңістікті құраған. Ақ кӛйлегіндегі білінер-білінбес
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
70
жолағы мен камзолындағы ашық әдіптер әсерлі кӛрінеді. Қалпағындағы қара
жолақ пен қара шапан қырын қараған жүзін кеңейте түскендей. Жүзі жарық
әлемді қарсы алғандай болғанымен, кӛңілдір түстің жақындай түсуі бұл
қозғалысты тоқтата түседі. Тығыз кеңістіктегі адам энергиясы ӛмір үшін
дайындалған секілді. Биография мен тағдыр ӛткен ӛмір іздері.
Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеушілік ӛнері 3-ші мыңжалдыққа
парасаттылық және рухани толысқан түрде аяқ басты. Онда қазақтың кӛшпенділік
мәдениетінің ежелгі тамырлары мәнін тапқан және түсіндірілген. Сол айтылған
мәдениетке сай негізгі қаланған жалпы адамзаттық құндылықтардың заман
суретшілері дүниежүзі ӛнеріндегі әдептер және жаңа бағыттар арқылы, ХХ
ғасырдың философия мен мәдениетіндегі ірі ағымдары арқылы ӛз
шығармаларында ашып кӛрсетеді. Соның қорытындысы ретінде, инновациялар
негізінде бір ғасыр бұрын пайда болған бүгінгі қазақ ӛнері рухани ерекшеліктерін
жоғалтпау мен қатар, соған сай қайталанбас пластикалық ӛнер тілін
қалыптастырды. Мүмкін сол себепті болар, нақты кӛріністердің сан алуан қырға
ие болуымен бірге, Қазақстан ӛнері танымал қасиеттерімен де ерекшеленеді. ие
болуымен бірге, де ерекшеленеді. Олар: тұрмыстың экзистенциалдық мәселелерін
қатысты мүдделер; үйлесімділіктің адам мен табиғаттың бірлесе ӛмір сүруінің
негізі; творчестволық кӛзқарастардың кең ауқымды болуы; ұлттық мәдени әдет-
ғұрыптар, мұраларының шектеулілігі; дүниежүзілік мәдени кеңістікке ерікті түрде
енуі. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығындағы және ХХІ ғасырдың басындағы
Қазақстандағы бейнелеу ӛнері мен мүсіншілігін күнделікті ӛмірдің табиғатпен
үйлесімділігі туралы асықпай айтылатын әңгіме, адам мен Универсумының
үздіксіз байланысының философиялық жалпыламасының кӛркемсуреттік таңбаға
айналуы деп түсінуге болады. Бүгінгі күн, суретшілерінің шығармаларында
жұмбақтық метафоралары және мән мен толықтырылады және сол арқылы
жанданады, адам мәдениетінің ежелгі ғарышын бүгінгі күндегі адам ой –
санасының жаңа ағымдарымен байланыстыратын мәндер мен мазмұндар пайда
болады, суретшінің ӛмірге деген махаббаты, оны түсінуге бағытталған мәңгілік
ұмтылысы да қайталанбас түрде ӛмірге қайта келеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
Достарыңызбен бөлісу: |