Әок 371. 3 Тiгiн машинасының инесi және оның классификациясы



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата03.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#5903
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

 
1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы.  Алматы –1998,  344-бет 
2. Болатбаев Қ., Қосбармақов., Еркебай А. Ӛнер. – Алматы: Мектеп, 2006. – 283 – 
бет.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  студенттерге  пастель  техникасымен  табиғат  кӛрінісін  салудың 
тиімділігі  қарастырылады.  
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматриваются выгодные стороны работы студентов пастелью в 
пейзаже.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
34 
ӘОК  371.012 
САЛТ–ДӘСТҮРЛЕР АРҚЫЛЫ ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ 
МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Дарменова Р.А. - п.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
Қисалиева Л. – магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)    
    
Транзиттік қоғам жағдайында халық ӛзінің рухани мұрасын сақтай отырып, 
батыс мәдениетімен бәсекеге түсе алатындай  ұлттық  мәдениетін қалыптастыруы 
қажет.  Рухы  мен  мәдениеті  биік  деңгейдегі  халықтың  ғана  болашағы  жарқын. 
Негізгі  идея-жалпыұлттық  қағидаларды  нығайту  мен  дәстүрлі  халықтық 
педагогика ұлағатына келіп тірелсе керек-ті. 
Енді  бір  ширек  ғасырдан  соң  салт-дәстүріміз  бен  мәдениетімізді  сақтай 
аламыз ба? Бұл үлкен мәселе.  
Қазақстан  Республикасының  «Мәдениет  мұралары»  бағдарламасы  елімізде 
іске-асырылуда. Ұлттық тарихи, мәдени этнографиялық және этнопедагогикалық 
дүниетанымын  қайта  жандандыру  сол  арқылы  елімізде  білім  тәрбие  жүйесін 
ізгілендіру  мен  демократияландыру,  ұрпақтар  жалғасын  халық  дәстүрімен 
тәрбиелеу. 
Қоғамда  болып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  ӛзгерістер,  гуманитарлық 
білім  беруді  күшейту,  оқу  пәндерінің  құрамы,  кӛлемінің  және  оқытушылардың 
оқу-тәрбие  үрдісіне  қарама-қатынас  сипатының  қажеттілігін  туғызады.  Осыған 
орай,  қоғамдағы  ұлт  саясатын  жүзеге  асыру  және  қазіргі  жаңаша  ойлау  мен 
әлеуметтік-  саяси  ӛзгерістерге  байланысты  жас  ұрпаққа  ұлттық  тәрбие  беру  ісі 
бүгінгі күннің ӛзекті мәселесінің біріне айналып отыр. 
Бүгінгі  оқушы,  ертеңгі  болашақ  маман  иелеріне  қолӛнердің  сырын 
бейнелілік тілін меңгерту және олардың ӛнер салаларындағы шығармашылық іс-
әрекеттерін  дамыту  арқылы  халқымыздың  ғасырлар  бойы  жинақтаған 
эстетикалық, кӛркемдік мәдени бай мұраларын игерту, туған халқының ӛнеріндегі 
парасатты  дәстүрлеріне  деген  эстетикалық  кӛзқарастарын  қалыптастыру, 
қолӛнерге  деген  қызығушылықтарын  ояту,  қазіргі  кезеңдегі  мектептен  бастап 
жоғарғы  оқу  орындарының  білім  беру  жүйесінің  барлық  саласындағы 
имандылық-эстетикалық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. 
Қазіргі  кезде  елімізде  ұлттық  құндылықтардың  қайта  ӛркендеуіне  жол 
ашылды.  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның  болашағы  қоғамның  идеялық 
бірлігінде»  атты  еңбегінде:  «Мәдени  дәстүрлер  қашанда  әлеуметтік  қайта 
түлеудің  қайнар  кӛзі  болып  келді.  Қазақстанда  ұлттық  ӛнерді,  мәдениетті 
дамытуға барынша қолдау жасалып отыр»-деген сӛз айғақ бола алады. 
Адамзат қоғамын рухани және мәдени қорының қымбат қазыналарының бірі 
–  халықтың  қолӛнері  мен  әдеп-ғұрпы,  қай  халықтың  болмасын  бітім  тұлғасы, 
психологиялық,  этникалық  жан  сезім  белгілері  оның  қолӛнер  мен  әдеп-ғұрып, 
салт-санасынан кӛрінеді. Ӛткен ел тарихын, тұрмыс тіршілігін ой елігінен ӛткізер 
болсақ, халық ӛміріндегі әдеп-ғұрып, салт-санасынан ауысуы тарихи оқиғалардан 
кейін, заманның ӛзгеруіне байланысты болғаны айқын. 
Ш.Әбдуалиева  ӛзінің  V-IX  класс  оқушыларын  еңбекке  баулуға  арналған 
«Халық ӛнері» атты әдістемелік құралында ұлттық үрдіс негізінде тәрбие берудің 
тиімділігін,  қасиетті  халық  тәрбиесінің  үлкен  ықпалы  мен  пайдасын  ұқтырып, 
ұлттық тәлім мен ерекшелігінің неде екенін біліп танудың әдістемелік жолдарын 
ұсынды.  Сәндік-қолданбалы  ӛнер  сабақтарын  ӛткізгенде  барлық  басқа  оқу 
пәндерінде  қолданылатын  дидактикалық  принциптер  мен  ережелердің  мұқият 
сақталуын кӛздеді. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
35 
«Заманына  қарай  амалы»  демекші,  Қазан  тӛңкерісінен  кейін  кӛп  жылдар 
бойы  ұлт  саясатының  бұрмалауынан  кӛптеген  озық  салт  –  дәтүрлер,  әдеп  – 
ғұрыптар бірнеше жылдар бойы аталынбай  келгені баршаға аян! Дегенмен, халық 
күшімен,  әсіресе  ауылдық  жерлерде,  ата  дәстүр  қолӛнерін  ӛміршең  үлгілері 
сақталып,  уақыт  озған  сайын  мазмұны  байып,  дамытылды.  Бүгінгі  ӛмір 
талабымен  қалыптасқан  жаңа  ұлттық  ӛнер,  озық  дәстүр  сан  алуан.  Олардың  бір 
бӛлігі  уақыт  сүзгісінен  ӛтіп  заман  талабына  сай  жаңаша  сипат  алған  болса  үй 
технологиялары  мен  киім-бұйымды  туындыларға  жаңа  элементация  пайда 
болғаны ӛрнектердің жеке бӛліктерінен орын  алуы. 
Осынша  халық  ӛнерінің  адам  тұрмысына  байланысты  қолӛнер  дәстүрінің 
негіздерін ғана сӛз етіп қоймай, қазіргі таңда қазақ халқының дәстүрден-дәстүрге 
жалғасып  келе  жатқан  ұлттық  ойындары  салт-дәстүрлеріде  ұмытыла  бастаған 
сияқты.  Сол  себепті  де  қай  заманда  болмасын  адамзат  алдында  тұратын  ұлы 
мұрат  міндеттердің  ең  батысы  ӛзінің  ісін,  ӛмірден  жалғастыратын  салауатты, 
саналы  ұрпақ  тәрбиелеу.  Ал  жастарды  жан-жақты  қабілетті  азамат  етіп  ӛсіруде 
халық қолӛнерімен салт дәстүрінің таным – тәрбиелік, білімділік ролі зор. 
Ұрпақ  тәрбиесіндегі  ежелден  қалыптасқан  халық  дәстүрлері  «Иен» 
тағылымдарын  оқып  үйреніп,  ӛнерге  пайдаланбай  тұрып,  жастарды  ізгілік  пен 
парасаттылыққа  баулу  мүмкін  емес.  Себебі    Л.Н.Толстой  айтқандай:  «Ӛйткені 
жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу аянсыз қарағанды сүрлеу  соқпақ іздеп 
адасумен пара-пар» - деген екен 
«Дәстүрдің озығы бар, дәуірі ӛткен тозығы бар» дегендей «жылтырағанның 
бәрі  алтын  емес».  Салт  –  дәстүр,  әдеп  –  ғұрып  хылықтың  рухани  ӛзегі,  тілінің 
тірегі, мәдениеттің арқауы. 
«Ғасырдан – ғасырға, ұрпақтан – ұрпаққа» ауысып келе жатқан  ата дәстүрі 
халықтық ӛнер желісін үзбей халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды 
кӛздерінің  қарашағындай  сақтап,  ілгері  дамытып  ӛркендету  ӛнегелі  іс.  Адам 
ӛміріндегі қоғамдық салт-дәстүр, әдеп – ғұрып қашан да адам қиялынан туындап, 
заман  ағымына  қарай  байып,  мазмұны  тереңдеп  келе  жатқан  тәрбиелік  мәні  ӛте 
зор  тағылым.  Ұрпақ  тәрбиелеу  ісіндегі  халықтық  тәжірибе  белгілерінен  кӛруге 
болады. 
Философиялық  сӛздікте,  эстетиканы  грек  сӛзінен  аударып,  «сезімтал», 
«сезінуші»  деген  ұғымдарды  беретіні  айтылған.  Жалпы  эстетика  –  адамзаттың 
қоғамдағы  эстетикалық  тұрғыда  меңгерудің  заңдылықтары,  әсемдік  заңдар 
бойынша ӛнердің мәні мен түрлері туралы ғылым. Эстетика 2,5 мың жыл бұрын 
құл  иеленушілік  қоғамда  –  Мысырда,  Вавилонда,  Үндістан  мен  Қытайда  пайда 
болған. Ал антикалық Греция мен Ежелгі Римде кеңінен дами бастады.  
Материалистік тенденцияларына Демокрит, Аристотель, Эпикур, Лукреций, 
Кар,  т.б.  реалды  шындықтағы  заттың  құрамындағы,  байланыстар  қарым-
қатынастардағы,  заңдылықтардағы  әсемдіктің  объективті  негізін  дәлелдеп  бере 
алады.  Бұл  ой-пікірлер  Платонның  «әсемдік,  әдемілік  –  абсолюттік,  мәңгілік, 
ӛзгермейтін, сезімнен жоғары идея, ал ӛнер арқылы пайда болатын сезімдік заттар 
осы идеяның жарқылы ғана»-деген іліміне қарама қарсы болады. 
Батыс  орта  ғасырында  «Сұмдық  сұлулық  туралы»  мистикалық  оқулармен 
күресте  (Августин,  Форма  Аквинский)  қайта  ӛрлеу  дәуірінің  жазулары, 
суретшілер мен ойшылдарының (Альберти, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, Бруно, 
Монтень т.б) еңбектеріндегі гуманистік реалистік тенденциялар дамыды. 
Гегель объективті идеалист бола тұрып, ӛнерді абсолюттік рухтың алғашқы 
және  жетілмеген  түрі  деп  есептеді.  Ал,  Фейербах  әсемдікті  заттар  мен 
құбылыстардың  физикалық  құрамынан,  эстетикалық  сезім  мен  талғамды  – 
биологиялық заңдылықтардан, яғни, адам «табиғатынан» іздеуге талпынады. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
36 
Қазір  әлемде  батыстану,  яғни  мәдениетті  батыстық  үлгімен,  стандарттар 
қалпында дамыту моделі жүргізілуде. 
Жасӛспірімдерді  жаулап  алған  шет  елдік      қатыгездік  фильмдерін 
алмастыратындай  қашан  да  болса  ӛзінің  қазақстандық  екенін,  Қазақстанда 
туылғанын  әрбір  бала  мақтаныш  тұтатындай дәрежеде  тәрбиелеуіміз  қажет.  Сол 
себепті  рухани  құндылықты  насихаттайтын  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр  жалпы 
адамзаттың  құндылықтарымен  ұштастырып  жатқанын  аңғартудың  бірден  бір 
үлгілерімен қатар қойып оқу-тәрбие   үрдісіне негіз ету. 
Әлеуметтік-мәдени  салт-дәстүрлер  қоғамдық  сана,  қоғамдық  болмыспен 
тығыз байланысты, бір-біріне әсерін тигізеді.  
Қоғамдық  болмыс  пен  қоғамдық  сананың  ӛзгеруі  халықтың  тарихын 
құрайды.  Әлеуметтік-мәдени  салт-дәстүрлер  халықтың  тарихи  дамуының 
барысында  қалыптасатын  жеке  адамдардың  ӛзара  қарым-қатынасын,  қоғамдық 
қатынастарды  реттейтін  әдет-ғұрып,  санаға  сіңген  тәртіп,  этика,  қалыптасқан 
рухани мәдениет. 
Халқымыздың  ардақты  ұлы  Мұстафа  Шоқай  да:  «Ұлттық  мәдениеттен 
жұрдай  рухта  тәрбиеленген  ұрпақтан  халқымыздың  қажеті  мен  мүддесін 
жоқтайтын  пайдалы  азамат  шықпайды»,  -  деп  ұлт  болашағын  ұлттық  мектепте 
ұлттық рухта тәрбиелеу қажеттігін кӛрсеткен.  
Салт-дәстүр, әдеп-ғүрып халықтың рухани ӛзегі, тілінің тірегі, мәдениетінің 
арқауы. Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе  жатқан ата дәстүрінің  
желісін  үзбей  халқымыздың  асыл  мұрасы  ретінде  бағалап,  оларды  кӛздің 
қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру ӛркенді де ӛнегелі іс. 
Салт - дәстүр қашанда адам қиялынан туындап, заман ағымына қарай байып
мазмұны  тереңдеп  отырады.  Әркім  керектісін,  кӛңіліне  ұнағанын,  кӛкейіне  
қонғанын қабылдап, іс-жүзінде қолданса, оны ұлтымыздың озық салт-дәстүрімен 
байланыстырып, байытып мазмұндандыра түссе, нұр үстіне – нұр болар еді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
С.Қалиев,  Т.Оразаев,  Б.Смайлов  ―Қазақ  халқының  салт  –  дәстүрі‖,  Алматы 
Рауан 1994ж. 
2.
 
С. Қасиманов ―Қазақ халқының қолӛнері‖, Алматы Қазақстан 1995ж. 
3.
 
―Шаңырақ‖ үй-тұрмыс энциклопедиясы, Алматы 1989ж. 
4.
 
Медеубекұлы ―Салт – дәстүрлер‖, Алматы, ―Ӛнер‖ 1992ж. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ  
 
Мақалада  салт–дәстүрлер  арқылы  жас  ұрпақтың  ұлттық  мәдениетін 
қалыптастыру мәселелері қарастырылған.  
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматриваются  вопросы  формирования  национальной  культуры 
молодого поколения  на основе народных традиций. 
 
 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
37 
ӘОК 371.035.3 
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ЖАҢА ОҚЫТУ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫН МЕҢГЕРТУ АРҚЫЛЫ АРТТЫРУ  
 
Иманқұлова Л.Б. - оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  ―Бәсекеге  қабілетті    Қазақстан    үшін,  бәсекеге 
қабілетті  экономика    үшін,  бәсекеге    қабілетті  халық  үшін‖  Жолдауында  ендігі 
жерде    де    қай    салада  да  тек  кӛшке  ілесе  білу    ғана    емес,  нағыз    бәсекелестік  
қабілеттілікті дамыту керектігін  айрықша  атады. 
Бұл орайда, әрине білім беру саласына, әсіресе, кәсіптік мамандар  даярлау 
саласына  ерекше  назар  аудару  қажеттігі  анық.  ―Ұлттық    бәсекелестік  қабілеті 
бірінші кезекте анық білімдік деңгейімен  анықталады. Әлемдік білім кеңістігіне 
толығымен  кірігу  білім  беру    жүйесін    халықаралық  деңгейге  кӛтеруді  талап 
ететіні  сӛзсіз.  Бұл  үшін  оқушыларды    жоғары  сатыда  оқытуды  кӛздейтін  білім 
беруге кӛшу қажет‖ деп жолдауда ерекше атап кӛрсетілген. 
Болашақ  маманға  жоғарғы  оқу  орнында  білімділік  және  кәсіптік  
бәсекелестікке  тӛтеп  бере  алатын  ӛз  мамандығына  ыңғайлы,  қабілетті,  ерекше 
педагогикалық қасиеттерді қалыптастыру қажет.  
Қазіргі  мұғалім  қоғамдағы  болып  жатқан  тез  ӛзгеріп  тұратын  әлеуметтік  -
экономикалық, педагогикалық, ғылыми ӛзгерістерге тез тӛселгіш, жаңаша  ойлау 
жүйесін  меңгерген  жеке  шығармашылық  кәсіби  түрде  оқушылармен    ортақ  тіл 
таба  алатын    педагогикалық  үрдісте  жүйелі,  бағыттармен  жұмыс    істей  алатын 
болу керек. 
Қазіргі  таңдағы  маман  даярлау  қоғам  сұранысын  қанағаттандырмай    отыр 
десек те болады. Әсіресе, жоғары оқу орны түлектерінің кәсіби  танымдық ізденісі 
тӛменгі  деңгейді  кӛрсетуде.  Бұл  жағдай  жас  мамандарды  аттестациялық 
байқаудан  ӛткізген  кезде  жиі  байқалады.  Демек,  қоғам    дамуына  байланысты 
туындап  отырған    талаптар    мен    маман    даярлау  үрдісі    арасында  қарама-
қайшылықтар    кездеседі.  Бұл  мәселені  шешу  жоғары    оқу    орнында  оқыту 
үрдісінде студенттердің танымдық іс-әрекеттерін  ӛздерінше  жоспарлай отырып, 
оны  шешудің  жолдарын  табу  арқылы  және  белгілі  бір    нәтижеге  жетуде 
пдагогикалық  шеберліктерінің  қалыптасуына  тікелей    байланысты    екендігі  
анықталады.   
Ел  Президентінің  Қазакстан  халқына  жолдауы  кӛкейде  жүрген  кӛп  ойға 
қозғау  салады.  Әсіресе  елбасының:  «XXI  ғасырда  білімін  дамыта  алмаған  елдің 
тығырыққа  тірелері  анық.  Біз  болашақтың  жоғары  технологиялық  және  ғылыми 
қамтымды ӛндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім 
беру  жүйесінсіз  әрі  алысты  барлап,  кең  ауқымды  жаңаша  ойлай  білетін  осы 
заманғы  басқарушыларсыз  біз  инновациялық  экономика  құра  алмаймыз.  Барлық 
деңгейдегі  техникалық  және  кәсіптік  білім  беруді  дамытуға  бағытталған  тиісті 
шаралар қолдануымыз шарт»  - деп ерекше атап ӛтуі ел болашағына деген үлкен 
қамқорлықты кӛрсетеді. Әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған елдерінің тәжірибесі 
кӛрсетіп  отырғандай,  болашақ  ұстаздың  әлеуметтік  қал-ахуалы  негізінен 
ұрпақтың  білім  сапасын  жетілдіру  мақсатында  сапалы  білім  беру,  білікті  маман 
даярлау  бүгінде  аса  маңызды  міндеттердің  қатарына  қойылып  отырғандығы 
жайында да жақсы айтылған. Президент ойлары жастармен жұмыс істейтін барша 
адамдарды  ойландыруы»  тиіс.  Осыған  байланысты  ғылыми-әдіснамалық 
тұрғыдан  қарағанда  кәсіптік  білім  беру  жүйесіндегі  педагогикалық  шеберлікті 
жаңа педагогикалық технологиялар арқылы меңгерту оқытуды кредиттік жүйемен 
ұйымдастыруды басшылыққа алу кажеттігі туындап отыр. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
38 
Біздің  ғасыр  -  білім,  ғылым  және  сапа  ғасыры.  Осы  орайда  білім  берудің, 
білім  алудың  ғасырлар  бойы  жалғасатын  үздіксіз  процесс  екені  жас  ұрпақтың 
ӛмірлік ұстанатын қағидасы болуға тиіс деп ойлаймыз. 
Кәсіптік білім беруді ұйымдастыру жүйесі бойынша кәсіби оқытудың жаңа 
үлгілерін  енгізу,  интерактивті  әдістерді  пайдалану,  ғылым  мен  білімнің 
кіріктірілуі, педагогикалық технологияларды меңгеру, тест және рейтинг арқылы 
білім  дәрежесін  бағалау  сияқты  бағыттары  бойынша  кәсіби  шеберлікті 
жетілдіруді ерекше атап кӛрсетуге болады. Бұл күндері болашақта кәсіптік білім 
беруге  қатысты  идеялардың  керектігі  заман  талабына  сай  туындап  отыр.  Жаңа 
идеялар,  әдетте  кәсіби  білімдер  жүйесіне  емес,  жаңа  педагогикалық 
технологияларды  пайдалануға  байланысты  жүзеге  асатындығына  баса  назар 
аудару керек.  
Кәсіби  білім  беру  жүйесінде  жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгеру 
арқылы, алдын-ала белгіленген білім іске асады. Кәсіби білім мазмұнын анықтау 
барысында мына қағидаларды басшылыққа алуға болады: 
-
 
қазақ  халқының  жалпы  ұлттық  игілігін  бүкіл  ӛркениет  мәдениетімен 
ұштастыру; 
-
 
ірі  блоктар  мен  пәндер  деңгейінде  білім  мазмұнының  басты  бағдарын 
белгілеу; 
-
 
оқыту  мен  тәрбиені  интеллектуалды  пайдалы  және  ӛнімді  еңбекпен 
жалғастыру; 
-
 
жастарға  жалпы  орта  білім  беруді  алғашқы  кәсіптік  және  бастапқы  арнаулы 
мамандықтарды меңгертумен ұтымды байланыстыру; 
-
 
техника  мен  технологияның  негіздерін  оқытуға  бағытталған  политехникалық 
білім беру мен кәсіби бағдар беру
-
 
педагогикалық шеберлікке жету жолдарын анықтау; 
Қазіргі  замандағы  кәсіби  білім  беру  жастардың  мамандықты  ӛздігінен 
таңдай  алу,  шығармашылық  және  креативті  ойлау,  ӛздігінен  жұмыс  жасай  алу 
және  қабілетіне  қарай  оқытуға  бағытталады.  Бүгінгі  кәсіпкерлік  еңбекке  баулу 
жұмысы  оқу  жылынан  бастап  әр  оқу  пәнінің  ӛзіндік  ғылыми  әдістемелік 
ерекшеліктерін  ескеруден,  олардың  нарық  шаруашылығына  байланысты 
ӛндірістік-ақпараттық,  жаңа  технологиялық  процестердің  материалдарын  іске 
енгізумен  жүзеге  асады.  Оқу  процесінде  әр  оқушының  ӛз  бетімен  ізденуін 
ұйымдастыру  арқылы  оның  дербес  кәсіби  іскерліктері  мен  соған  байланысты 
экономикалық  ой-ӛрісін  дамытуға  тұрақты  назар  аударылады.  Педагогикалық 
зерттеулердің нәтижесі бойынша айтар болсақ, нарықтық кәсіпкерлікке баулудың 
мынадай технологиялық шарттарын айқындауға болады: ой және дене еңбегінің 
байланысы,  еңбек  тапсырмаларын  шығармашылықпен  орында,  кәсіпкерлік 
еңбектің  толық  алгоритмін  жасау,  кәсіпкерлік  іскерліктерін  дамыту,  мұғалімнің 
кәсіптік мәдениетін кӛтеру, т.б. 
Студенттерді  болашақ  маман  ретінде  тек  біліммен  ғана  қаруландырып 
қоймай, оның шығармашылық белсенділігін, кәсіби біліктілігін, ӛз бетімен әрекет 
жасауын, ӛз пәніне деген қызығушылығын, ғылыми қӛзқарасын, кәсіби мәдениеті 
мен  іскерлігін  қалыптастыруға  да  баса  назар  аударылып,  жаңа  педагогикалық 
технологияның  басты  сипаты  ретінде  танылатын  дидактикалық  нәтиженің 
айқындығы, материалды ықшамдап беру,  уақыт үнемділігі, басқаруға икемділігі, 
тұтастығы  бірізділігі,  логикалық  құрылымы  арқылы  студенттердің  ӛз  бетімен 
ізденуі  мен  жаңаша  ойлауына  толығымен  мүмкіндік  туады.  Сонымен  бірге, 
кәсіптік білім беру жүйесін одан әрі модернизациялау арқылы озық  тәжірибелер 
де орынды пайдаланылып келеді. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
39 
Сорос-Қазақстан  қорының  ұйымдастыруымен  жыл  сайын  республика 
бойынша  ӛткізіліп  тұратын  «Оқу  мен  жазу  арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлауды 
дамыту» (СТО) бағдарламасының жоғары оқу орындары  ұжымы мен онда білім 
алып  жатқан  студенттер  үшін  қазіргі  таңдағы  талаптарға  сай  жоғары  білімді, 
әсіресе  білгенін  ӛмірде  пайдалана  білетін  студенттерді  тәрбиелеу  мақсатында 
алатын  орны  ерекше.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  технологиясы  бойынша  мұғалімнің 
бағыттауы  арқылы  студенттер  ӛз  бетінше  білімді  игеруі  жүзеге  асырылады, 
кейбір  практикалық  іскерліктерді  қалыптастыру  үшін  оқытудың  миға  шабуыл, 
программалап  оқыту,  тренинг,  дӛңгелек  үстел,  интерактивті  әдістер,  сайыстар, 
эвристикалық  әңгіме,  пікірталас  сияқты  белсенді  әдістері  жоғары  оқу  орны  оқу 
үрдісінде  тиімді  пайдаланылады.  Сондықтанда  кәсіби  білім  беру  жүйесін 
ұйымдастыруда  педагогикалық  және  кредиттік  оқыту  технологияларын  меңгеру 
арқылы  кәсіби  шеберлікті  меңгерген  білікті  маман  даярлау  мәселелері  еліміздің 
ӛркендеуіне, дүние жүзіндегі  озық  елдердің қатарына жету  мүмкіндігімен тығыз 
байланысты  болғандықтан  жаңа    технологияны  қолданған  мұғалім  ӛзінің 
біліктілігін, кәсіби шеберлігін арттыра түседі. 
Мұғалімдердің  педагогикалық  шеберлігін  жетілдіре  отырып,  жаңа 
технологиялық әдістерді қолданып, балаларға сапалы да терең білім беру арқылы 
ғана оқу тәрбие үрдісінде  жоғары нәтижеге жетпек.  
Нарықтық  экономика  жағдайында  кәсіби  дайындықтың  мақсаттары,  ең 
алдымен  қоғамның  кәсіби  мамандалған  жұмыс  күшіне  деген    сұранысымен 
ӛршеленеді.    Кәсіби  мамандану  дегеніміз  –  кәсіби  қызмет  пен  іс-  әрекеттің  
мінездемесі, ал іс- әірекет  жеке тұлғамен  тығыз байланысты болғандықтан, мұны 
шын мәніндегі жеке тұлғаның  шоғырланған сипаттамасы  деп таныған орынды.  
Оқытушының  кәсіби  шеберлігін,  біліктілігін  кӛтеру  –  білім  беру  сапасын 
кӛтерудің    ең  маңызды  шарттарының  бірі.  Кәсіби  шеберлікті  қалыптастыру–
оқытушының шығармашылық  жеке тұлғасын  қалыптастыру, жаңаны қабылдауға 
деген  дайындықты  қалыптастыру,  педагогикалық  инновацияларға    деген 
қабылдауларын  дамыту.  
ХХІ ғасыр маманының кәсіби шеберлігіне ӛте жоғары талаптар қойып отыр. 
Қазіргі  қазақстандық  қоғам  жаңа  мыңжылдықтағы    білім  беру  нарығы  
жағдайында  жеке  тұлғаның  кәсіби  қызметі  мен  дитерминацияланған 
талаптарымен ӛлшенетін оның ӛң бойындағы жалпы адамзаттық  құндылықтарын 
танудың  қажеттілігін  айқындап  береді.    Бұл  жерде  нақты  айтып    ӛтетін  болсақ,  
қазіргі  таңда  қоғам  ӛзгеріске  түсіп,  адам  санасы  да  ӛзгереді,  қоғамдағы  ӛзекті 
деген мәселелерді шешудің жаңа жолдары табылады. Бұл шешімдердің қатарына 
жаңа технологиялар арқылы білім мен тәрбие беру ісі жатқызылуда.  Білім беруді 
ақпараттандыру  үрдісі  білім  беру  идеяларын    жүзеге  асыруға,  оқу-  тәрбие 
үрдісінің барлық деңгейлерін интенсификациялауға, оның сапасы мен  тиімділігін 
кӛтеруге  арналған  жаңа  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологиялар  
мүмкіндігін қолдану жолдарын ұсынуда.  
Білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  үрдісі  мен  оның  басты  ұстанымдары 
мектеп  мұғалімдерінің  білім  деңгейін  кӛтеруде  бірқатар  жаңа  талаптарды  қоя 
отырып, педагогикалық қызметтің әр түрлі саласындағы  жеке тұлғаның  жоғары 
кәсіби  шеберлігін  талап  етеді.  Мектептің  білім  беру  кеңістігіндегі  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  кеңінен  енгізу  жағдайында  осы  саладағы 
мектеп мұғалімдерінің  шеберлігі мен біліктілігінің маңызы арта түседі.  
Педагогикалық шеберліктің негізі–балалардың ӛз еркімен дамуына жол ашу, 
оқу-  тәрбие  процесінде  оқушылармен  педагогикалық  ынтымақтастықта  жұмыс 
атқарудың    формаларын,  әдістерін  дамыту  шәкірттерге  деген  қамқорлық  пен 
сүйіспеншілікті  арттыру.  Жұмыс  әдіс-тәсілдерін  жаңаша  жандандыра  түсу 
педагогикалық шеберліктің басты сипты болып табылады.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
40 
Сонымен  педагогикалық  шеберлік  дегеніміз–  жүйелі  үрдіс,  педагогикалық 
іс- әрекетте нәтижелі табысқа жеткізетін жол. Ол жұмысқа жаңа сапалық мазмұн 
беру арқылы кәсіптік позицияны  қалыптастырады.  
Қорыта  келе,  бұдан  болашақтың  бүгінгіден  де  нұрлы  болуына  ықпал  етіп, 
адамзат  қоғамын  алға  апаратын  жол  тек  білімде  ғана  екендігін  анық  тануға 
болады.  Себебі  кәсіби  білім  -қоғамды  тұрақтандыратын,  ұрпақты-ұрпаққа 
сабақтастыратын  құрал,  ӛйткені  оқытудың  жаңа  әдістерін  тиімді  қолдану,кәсіби 
шеберлікті жетілдіру жаңа технологияны қазіргі заманға бейімдеу, олардың білім 
деңгейін мемлекеттік және халықаралық стандартқа жетулеріне күш салу - бүгінгі 
күннің басты талабы.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет