Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата03.03.2017
өлшемі4,12 Mb.
#5985
1   2   3   4   5   6   7

Оливер ГЕНРИ

17

сүйсініп  еді.  Екеуі  көктем  шығысымен  отау 

құрмақ  боп  уағдаласты.  Шаттық  пен  қуанышқа 

толы, бақытқа мас болған күндер еді ғой, шіркін! 

Сара жұмысын жалғастырмақ боп қалаға қайтты 

да,  уəделескен  көктем  мезгілін  асыға  күтіп 

жүрген-ді.

Кенет  əлдекім  есікті  қақты  да,  бақытты 

күндерді  аңсап,  арман  əлемін  шарлап  кеткен 

тəп-тəтті  қиялы  быт-шыт  болды.  Қызметкер 

ертең  дайындалатын  тағамдар  тізімін  əкелген 

екен.  Сара  ас  мəзірін  машинкамен  тере  баста-

ды.  Бүгін  əдеттегіден  өзгеше  тағамдар  тізімге 

еніпті.  Жаздағы  айдын  бетінде  жүзіп  жүрген 

су  жəндігіндей,  Сараның  саусақтары  машинка 

пернелері  үстінде  еркін  қозғалады.  Ол  сорпа-

лы  тағамдарды,  құрғақ  тағамдарды,  тəттілерді 

рет-ретімен  жазып  шықты.  Салаттар  тізімін 

көргенде, өзіне ие бол алмай, жылап жіберді. Жа-

нарынан мөлт-мөлт тамған жас жүзінен сорғалап, 

машинкаға ағып жатты.    

Иə,  Уолтерден  екі  аптадан  бері  хат 

алмаған  Сара  салаттар  тізімін  көргенде,  жы-

лайтын  жөні  бар  еді.  Өйткені,  онда  «Бақбақ 

гүлдері  мен  қайнаған  жұмыртқа»  деп  жазы-

лыпты.  Жұмыртқаға  емес,  бақбақ  гүліне  көңіл 

аударыңыз.  Уолтер  тəж  жасап  кигізген  алтын-

нан құнды бақбақ гүлдер! Махаббат ұғымының 

хабаршысы,  өткен  ғажап  күндерден  естелік – 

бақбақ гүлдер! Сараның бақбақ гүл сезімі оның 

жан-жүрегін  ғашығымен  қыдырып  жүрген 

көк  шалғынды  далаға  алып  кетті.  Алайда,  көп 

ұзамай Сара зорлана ойын жинақтап, көз жасын 

тыйды.  Ас  мəзірін  теру  керек  болғандықтан, 

Манхеттеннің  көңіл  құлазытар  тас  көшелеріне 

қайта оралуға мəжбүр болды. 

Сағат  алтыда  қызметкер  кешкі  асты 

əкелді  де,  дайын  тұрған  ас  мəзірін  алып  кетті. 

Тамақтануға  кіріскен  Сара  бір  күрсініп  алды 

да,  ыдыстағы  бақбақ  гүлдерін  бір  шетке  ысы-

рып  қойды.  Махаббаттың  киесіндей  болған 

бақбақ  гүлдерді  аузына  салып,  тісімен  шайнап, 

мылжалауға жүрегі дауаламады.

Жеті  жарымда  көрші  бөлмедегі  екі 

адам  жанжалдаса  бастады.  Көмір  қызуы 

бəсеңдегендіктен,  жарық  қуаты  да  əлсіреді. 

Ғимараттың артқы ауласынан мысықтардың дау-

ысы шықты. Осындай белгілерден кітап оқитын 

уақыт болғанын ұққан Сара екі тізесін кеудесіне 

тигізіп  отырып,  оқи  бастады.  Кенет  алдыңғы 

есіктің қоңырауы шалынды. Сара кітабын қойып, 

елең  ете  қалды.  Қызметші  əйел  есікті  ашқанда, 

самбырлай сөйлеп ішке кірген бір жігіттің дауы-

сы естілді. Сара қолындағы кітабын тастай сала 

ұшып тұрып, есікке қарай жүгірді. 

Иə, сіздің жорамалыңыз дұрыс.

Бұл келген Уолтер еді. Сара есікті ашқанда, 

асыға  басқан  Уолтер  ентігіп  баспалдақтан 

көтеріліп  келе  жатқан-ды.  Бірін-бірі  көргенде, 

екеуі қандай қуанышты сезімде болды десеңізші!

–  Неге  хат-хабарсыз  кеттің?! – деді  Сара 

өксігін баса алмай.

– Нью-Йорк  алып  шаһар.  Мен  мұнда  бір 

апта бұрын келіп, сенің бұрынғы мекен-жайыңа 

іздеп бардым. Алайда, өткен сəрсенбі күні көшіп 

кетіпсің. Полициямен қосылып, іздемеген жерім 

қалмады!

– Мен саған хат жазып едім ғой.

– Ешқандай да хат алған жоқпын.

– Сонда мені қалай таптың?

Жас жігіт көктемдей таза, риясыз пейілмен 

жымиды да:

– Бұл кеште «Шуленбергтер үйі» мейрам-

ханасына тамақтануға келдім. Жүрегім əлденені 

сезді ме, салат жегім келді. Салаттар тізіміне көз 

жүгірткен кезде орнымнан ұшып түрегеліп, мей-

рамхана қожайынын шақырдым. Ол маған сенің 

қайда екеніңді көрсетті.

– Қайдан білдің сонда?

Уолтер  қоржынынан  бір  парақ  ас  мəзірін 

шығарып,  Сараға  көрсетті.  Ол  сол  күні  машин-

камен бірінші терген мəзірді бірден таныды. Көз 

жасы  тамған  үстіңгі  оң  жақ  бұрышында  əлі  де 

дақ бар екен. Бақбақ гүлдерден тəж киген ғажап 

шақтарды  еске  алып  отырып,  салаттар  тізіміне 

былай деп жазып қойыпты: «Сүйікті Уолтер мен 

қайнатылған жұмыртқа...»

   


Алпамыс ФАЙЗОЛЛА. «Бақбақ гүл сезім»

18

Поэзия


Динара МƏЛІК

1988 


жылы 

Қызылорда 

облы-

сында  дүниеге  келген.  Бірнеше  жыр 



жинақтарының  авторы. «Үркер – Үміт» 

бəйгесінің  жеңімпазы.  Республикалық 

бірнеше жыр мүшайраларының жүлдегері.

1Ʈ+ƴ,ƸƮ+ 1Ʈ+ǭƮ+ 

1Ʈ+ƮƲƮ+,

Ʀ +ƴ,ƸƮ+ Ʈƻ,+ 

ƯƮƸƮ +Ʈ  +...

Тірлік деген таразысы-ау Тəңірдің,

Сəттер сайын сынағында жаңылдым...

Ақша бұлттай ақ көйлегім желбіреп,

Арманыма сенер күнді сағындым.

Жанұшырып жанның даусын тыңдамай, 

Бұрынғыдай мұңның жүгін жырламай...

Алақандай ауылыма тығылып...

Кеткім келмей жүр ғой əлі бұл қалай?

Туған үйден қай сырымды жасырам, 

Бала -күннің иығына асылам. 

...Ас үй жақтан күбірлейді жеңешем,

«Не жетпей жүр...дей ме əлде осыған?»

Əжемнің де əжімдері ақылды:

Тым байыппен жанына ыммен шақырды.

Таныс мейірім...алыс неге құдай-ау...

Қызын емес құшқандай бір ақынды!

Ой күзетіп, шешем отыр көңілсіз,

Үш күн болды...мен келгелі əлі үнсіз...

Күбірлесем жаутаңдайды сыр бермей,

Бір əңгіме айтар дей ме жағымсыз...

Қалай кетем, туған үйге шертілмей, 

Көз  жасым да сырғып түсті-ау іркілмей...

Бұрымымдай қалғаны ма қиылып,

Қыз- ғұмырым біткені ме бір күндей...

Бара жаттым сұр қалаға аттанып,

«Қыз-қонақ ғой» -деген сөзге тоқталып.

Бүтін бақыт көлбеңдейді алыстан, 

Ұмтыламын жоғалуға шақ қалып...


19

Тұман мұңдар таусылмастай көрініп,

Телефонда. ..саусағым тұр ілініп. 

«Ошағыңның тыныштығын сақта»-деп,

Арғы жақтан анам тұрды егіліп. ..

P:S 


Бəлкім. ..бəлкім мейірімге шөлдедім...

(Əйел қашан таға алады ерге мін? )

Қала сенің қорғансыздау пендең ем...

Қандай жақсы тым есейіп келгенім..

***

Бұл неткен сағыныш сабырлы,



Үнсіздік кеудемде жаңылды. ..

Сүйетін. .. Сүйетін адам да,

Осылай сұрай ма халімді?

Тірліктің түйткілін күйретіп,

Шарықтай білуді үйретіп.

Жіберсең, гүл етсең қайтеді...

Жырымды жанарда сөйлетіп.

Бөлініп кетсек деп қаладан,

Көрмеген күндерді санағам. 

Қиялмен қойныңа тығылып,

Жеп-жеңіл боп кеттім ауадан...

Жып-жылы сезімге талпынған,

Жүрекке талай жүк артылған.

Сəулең боп сəн құрғым келіп тұр,

Адасып төзімді қалпымнан!

Сөйледім...бəлкім Сен естідің...

Осылай ғұмырды шешті-мұң...

Бар болса бақыт та -бағасыз,

Жақсы ғой болмаған ешкімің!..

***


Қайрылмай кеттің қайғыма,

Басымнан бағым тайды ма?

Сағыныш саулап жүректен

түбіме жетті-ау ой мына.

Қабарып көңіл жүр налып,

Шуағы мұңға ұрланып.

Жолығып қалар ма екенбіз, 

Көзіңе көзім шырмалып.

Əлдебір жанның ісіндей

мен емес бəрі түсімдей. 

Қардың да түсін ұмыттым,

Адамның тілін түсінбей!

Не күйге түсер екенмін,

Аңсадым, талдым, бөтенмін.

Бір күні мүмкін дəл қазір...

Бұрылмай саған жетермін!

Өмір ме маған керегі,

Шеңберге шектей береді.

Өзіңнің ғана өзіңнің,

Ауаңды жұтқым келеді!

***

Ақ төсекке Айдың нұры төгіліп,



Дидарың да түгел жатыр көрініп.

Маңдайыңнан, маңдайыңнан иіскедім,

Əр шашыңа сəуле болып ілініп. 

Динара МƏЛІК. «Қалжырап қалған қаладан,

 

 

      Тұнжырап ауып бара ма əн...»


20

Өмір бізге ұсынады қанша мұң, 

Көз алдымда көлбеңдейді мың сағым.

Сан сұрақтар қалды кенет шашылып,

Иығыңа тиіп кетіп саусағым...

Момақан боп жатқаныңмен көз іліп,

Кірпігіңді тұр ма екен ой тізіліп...

Демімді де ішке жұтам білдірмей, 

Сен барлығын жатқандайсың сезініп.

Сағат қанша, керек пе осы жылдамдық, 

Уақытқа да құрбан болып ұрландық...

Күбірлеймін, күлімдеймін сен болып,

Осы шығар ең аяулы жалғандық!

***


Жалғыз жанға серік болар жалқы-мұң,

Өмір саған сездірмесе салқынын...

Жапалақтап қар жауып тұр қалада,

Қайырлы таң, алтыным!

Қайырлы күн, ғұмырым!

(Қандай сыйлық ұсынады бүгінім?)

Қара жерде алшаң басып жүргенмен,

Алла дейтін құдіреттің құлымын.

Қар жауып тұр, ақ таңдай,

Қара жермен бір үйлесім тапқандай...

Ерке-қарлар, еркелейді ернімде,

Аспан жақтан көктем құлап жатқандай...

Қайыңдар тұр əн салып,

Желтоқсанның жылы қарын қарсы алып.

Тұнығым-ау түнге сіңіп кететін...

Сен де қазір ояндың ба, тамсанып?!

Қол ұстасып жылдармен,

Көз ілгенше əуеніңді тыңдар ма ем...

Дəл осылай ғұмыр ғажап болар ма,

Біздер бірге болғанмен...

***

Тағдыр екен есімің тіл ұшында күрмелген,



Сезім деген сен екен сөз ішінде түрленген...

Кезің қайда құдай-ау, көзің қайда қадалған,

Қондырсам ғой кеудеңе, көктеміңді тоналған...

Ақын емес, əйел боп қалдым ба екен ұнатып,

Жанарымның қиығын, қиялыңа құлатып...

Сағынышты жер-көкке сиғыза алмай сенделем,

Жабырқаған жаныңды жалғыз жырмен 

емдер ем!

Бізсіз келген көктем де, бізсіз келген өтер күз,

Өтіне алмай ақыры өліп кетер ме екенбіз...

***

Көзге көрінбес күнəларымды,



Оқылмай қалған дұғаларымды...

Алладан бұрын пенде біткенді,



 *«Үркер»*№52016

 

Ай сəулесі көшіп кетті бөлмемнен,



Қашан қай кез құшып оны үлгіргем? 

Ұлиды кеп ішімдегі көп дауыс,

Келмейді деп, бұл өмірді сүргім мен! 

Тым асығыс еніп келді таң бүгін, 

Түн мен Күннің ұқсын дей ме тарлығын... 

Аспан...ол да тыншымаған екен-ау,

Қалың болып жауа қапты қар бүгін..


21

Динара МƏЛІК. «Қалжырап қалған қаладан,

 

 

      Тұнжырап ауып бара ма əн...»

Бес күнге қимай сынағанымды...

...Өшіре алам ба кеудемнен?

Есімді білмес ессіз күнімді,

Түгесілген төзім...көзсіз мұңымды...

Жария етіп...жалғаннан бездім,

Қараңғы дедім, Сізсіз ғұмырды...

Өзгерерін бəрін кім білген?

«Жалғызбын» деппін...сезбеді жаным,

Түннің де тұнық көздері барын.

Сезімге ұйып сыңар етіппін,

Өзіме тілеп, өзгенің бағын...

Көңілді қалай сендіргем?

Бағалай алмай бақыттарымды,

Жалғанға қиып жақұт-таңымды.

Нұрынан Күннің жасқанды жүзім,

Кім білсін...бүгін ғаріп халімді...

Жанымды шерге көндірген...

Қайғыға балап, шүкір күнімді,

Тағдырға телген бүкіл мұңымды...

Тілімнен шыққан тоғыз күнəмді,

Айтылып қалған күпірлігімді...

Өшіре алам ба кеудемнен?

***


Бұралаң жолдар бұралаң,

Ес жиып талай құлағам.

Өмірді қойшы өң мен түс,

Күйімді кім бар сұраған?!

Белгісіз мұңға түнегем,

Сенгісіз ғұмыр сүрер ем...

Тыйылмай жүрсе көз-жасым,

Бұйырмай жүр де бір өлең!

Үндемей жүріп сөйледім,

Күлімдеп тұрып күйредім.

Тағдыры бөлек о, тоба,

Жолыққан жалғыз сүйгенім...

Ашылса таңмен есігім,

Сыбырлап сүйдім есімін.

Түннен де тығам сол жанды, 

Күннен де сұрап кешірім.

Ақ пенен қара арасын,

Аралап нені табасың?

Алладан түскен шыбын-жан,

Шырылдап қайда барасың?!

Тұтанбас қайта сөнген-шоқ,

Түңілгем ажал төнген жоқ.

Ойға да баттым тұңғиық,

Ақылды болып көргем жоқ!

Қалжырап қалған қаладан,

Тұнжырап ауып бара ма əн?..

Түнектен жырмен тіріліп,

Жүрек боп қайта жаралам!

***

Аппақ қар ериді ернімде,



Сен құсап сүйісе алмайды...

Бақытқа келмейді сенгім де,

Білем ғой баяны болмайды...

Аппақ қар құлайды кеудеме,

Көгершін-көңілді алдайды...

Дірілдеп тоңады гүл-дене,

Сен болып жылыта алмайды...

.

Аппақ қар арманым үзілген,



Дем болып жер бетін еріткен.

Сен еріп келердей ізімнен...

Қарайлай беремін неліктен?!

Тұншықты тағдырым жанарда,

...Ол мені аңсайды түбінде!

Сол кезде мен сөйлей алам ба,

Ол білген махаббат тілінде...


22

 ШАШТА КИЕ БАР... 

Мамандыєым – маќтанышым 

   Кісінің көркі болып саналатын шашта 

кие  болатыны  бағзыдан  айтылатын  болжам. 

Бұрынырақта  аналарымыз  белден  асқан  шаш-

ты кеспеген. Ұзын шашты орынсыз кесу үлкен 

қасіретке ұшыратуы мүмкін деп пайымдаған. 

Ғалымдар  осы  тыйымның  астарында 

ақиқаттың жатқанын анықтады. Олардың пай-

ымдауынша,  адам  шашы  ғарыш  энергиясын 

қабылдайтын  «антенна»  боп  табылады  екен, 

яғни  шаш  өзін  қоршаған  ортамен  хабар  ал-

масып  тұрады-мыс.  Ғалымдардың  сөзіне  се-

нер  болсақ,  антеннаға  шаштың  сыртқы  ғана 

емес,  ішкі  құрылысы  да  ұқсас  келеді.  Соңғы 

жылдары ғалымдар ашқан тағы бір жаңалық – 

адам  шашының  Ян  қуатына  бағынатындығы. 

Ғарыштық  сəуледен  пайда  болатын  бұл  қуат 

ерік-күшті, дұрыс шешім қабылдауды, тереңнен 

ойлауды дарытатын көрінеді. 

Осы  орайда  зерттеушілер  Төле  би, 

Шəкəрім тəрізді ұлыларымыз бен кемеңгер ата-

ларымыз  шаш,  сақал,  мұртын  əдемі  етіп  қоя 

білгендігі мен олардың бойындағы көптеген ізгі 

қасиеттердің  арасында  тығыз  байланыс  барын 

растайды.  Бəрі  де  мүмкін.  Себебі,  өмір  бойы 

қырынбаған  Бетховенге  замандастарының 

бірі  ескерту  жасағанда,  ол: «Егер  қырынсам, 

шығармашылық  шабытым  жоғалады»,-деп  жа-

уап  қайтарған  ғой.  Демек  қазіргі  ғылым  адам 

шашы  мен  денсаулығының  арасында  тығыз 

байланыс барын дəлелдеп отыр. 

Сонымен  қатар  ғалымдар  əйелдердің 

шашы Инь қуатына бағынатынын айтады. Бұл 

қуат  қыз-келіншектердің  бойына  жұмсақтық, 

мейірімділік, 

байыптылық, 

кешірімділік 

тəрізді  қасиеттерді  дарытады  екен.  Олай  бол-

са,  біздің  аталарымыз  бен  əжелеріміздің  қыз-

келіншектерден  жалаңбас  жүрмеуді,  мешітке 

орамал  тартып  кіруді  талап  етуі  тегін  емес. 

Мешіт төбесі, оның айналасындағы кеңістік ер-

лер  шашы  бағынатын  Ян  қуатына  тұнып  тұр. 

Сондықтан да əйелдің шашы ашық болса, өзіне 

кереғар осы қуаттарды тез қабылдап алады. 

Шаш  күш  жинағыш  қасиетке  ие. 

Қытайдың  əскери  өнерді  меңгерген  батыр-

лары  мен  жақсы-жайсаңдары  туралы  көркем 

фильмдерінде    өздерінің  биоэнергиясын 

басқара  алатын  монахтар  барлық  күш-қуатын 

бұрымдарына  жинап,  оны  қару  ретінде 

қолданады.  Қазіргі  ғылым  оның  ақиқат  екенін 

дəлелдеп қана қоймай, шаштан əр түрлі «хабар» 

алуды  да  үйрене  бастады.  Оған  нақты  дəлел: 

криминалистер  бір  тал  шашы  арқылы  иесінің 

анаша 

қабылдайтын, 



қабылдамайтынын, 

тағы  да  басқа  жағдайларды  анықтай  алады. 

Адамның  саусақтарының  таңбалары  бір-біріне 

ұқсамайтыны  сияқты  кісінің  шаштарында  да 



Салтанат ҚАЖЫКЕН 

«Үркер» журналының 

веб-редакторы


23

титімдей  ұқсастық  болмайды.  Тек  бірдей  шаш 

бір жұмыртқалы егіздерде ғана болады екен. 

Шашты зерделейтін ғалымдардың кеңесі 

бойынша адам үлкен қиындықтарға тап болып, 

ұзақ  уақыт  күйзелуді  бастан  өткерсе,  шашын 

қидырып,  алдырып  тастағаны  жөн.  Себебі, 

шаштың  «есте  сақтау»  қасиеті  бар  көрінеді. 

Ол  жүйкені,  миды  мазалап,  көңіл-күйді, 

денсаулықты бұзуы мүмкін. 

Қазақ  халқында  қылмыс  туралы  ежелгі 

заңында шашқа қатысты арнайы баптар болған. 

Бұзық ойлылар, есерлер əйелдің шашын кесетін 

болса,  ол  əйелдің  бір  мүшесін  кескен  болып 

есептелініп, əлгі адам қатаң жазаға тартылған, 

үлкен  айып  төлеген.  Ал  енді  əйелдер  қылмыс 

жасаса,  оларға  қолданған  жазаның  ең  ауыр 

түрі – шашын кесу болған. Бұл жаза сол кездегі 

əйелдер  үшін  өлім  жазасына  тең  екен.  Мұның 

бəрі  халқымыздың  əйелдердің  шашын  баяғы 

кезден-ақ  қатты  бағалағанын,  қасиетін  терең 

түсінгенін көрсетеді.    

Тіршіліктің  қайнаған  базарында  өзіңе 

жəне отбасыңа береке сыйлайтын мамандықты 

игеру – алдағы  сапалы  тұрмысыңның  кепілі 

екендігі бүгінгі күннің шындығы. 

Тіршіліктің  қайнаған  базарында  өзіңе 

жəне отбасыңа береке сыйлайтын мамандықты 

игеру  алдағы  сапалы  тұрмысыңның  кепілі 

екендігі  бүгінгі  күннің  шындығы.  Елбасымыз 

Н.Назарбаевтың  «Қазақстанның  əлеуметтік 

жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 

қарай 20 қадам»  атты  мақаласындағы  түйінді 

мəселелердің бірі  бəсекеге қабілетті, өмірде өз 

орнын таба білетін кəсіп иелерін даярлау болып 

табылады.    

Тұтынушылардың  көңілінен  шығу  үшін 

кəсіби шеберлікті үнемі жетілдіріп отыру қажет. 

Шаштың  сəні  адам  келбетінің  маңызды  бір 

бөлшегі болып табылатындықтан жəне клиент-

тер  талғамының  əртүрлі  болып  келетіндігінен 

шаш  үлгілері  бойынша  ізденістен  бір  айны-

мау  керек.  Тұтынушыға  деген  жылы  шырай 

мен ақжарқын қарым-қатынастың да сервистік 

кəсіптің  алға  басуына  əсері  зор.  Адамдардың 

бет-əлпетіне  сəйкес  шаш  қиюдың  да  өзіндік 

ерекшеліктері  бар.  Шашты  сəндеу  барлық 

жастағы  адамдарға  қатысты.  Адам  кейпінің 

əдемі  болып  көрінуіне  қиылған  шашты  тарай 

білудің де маңызы зор.

Алматыда  не  көп,  аяқ  бассаң  шаштараз 

салондары  көп.  Осы  орайда  Тұрғыт  Өзал  мен 

Сəтпаев  көшелерінің  қиылысында  орналасқан 

Алматы  мемлекеттік  сервис  жəне  технологи-

ялар  колледжіне  жолымыз  түсті.  Шаш  қию 

шеберлерін  оқыту  мен  тəжірибе  жинақтау  ісін 

қатар  жүргізіп  жатқан  оқу-өндірістік  ісінің 

шебері  Қарақат  Барманбековамен  жолығып, 

қайшы  мен  тарақтың  құдіретінің  арқасында 

біршама  шаш  үлгілері  жасалатынын  өз 

көзімізбен көріп қайттық. Қайшы мен тарақты 

ұстау  бойынша  жаттығу  жұмыстары  күн  сай-

ын жасалады екен. Шаш тарау, бояу, бұйралау, 

сондай-ақ  балаларға,  жасөспірімдерге,  ересек-

терге,  ерлер  мен  əйелдерге  арналған  шашты 

сəндеу, кекілге, самайға, желкеге пішін берудің 

сан алуан түрлерінің болатынын білдік. Əрине, 

əр  жылдары  шаш  үлгілері  де  өмір  ағымына 

орай  өзгеріп  жататын  көрінеді.  Мəселен, 2013 

жылы  кекіл  үлгісі  көпшілікке  ұсынылыпты. 

Шаш  қию  шеберлері  көбінесе  В.Д.Корнеевтің 

«Шаш  сəнін  үлгілеу  жəне  көркемдеу»  дейтін 

кітабына сүйенеді. Соңғы кезде, əсіресе,  сулы 

шаш үлгісі «Ессіздер» деген кинофильм жарық 

көргелі  бері  сəнге  айналды.  Көбіне  қара  шаш-

ты  жігіттер  шаштарын  гельдеп  жүрсе  жара-

сымды.  Шашыңыз  жаңбыр  астынан  келгендей 

сулы болып тұрса, ол сіздің өңіңізді ашатынына 

шүбə жоқ. Сондай-ақ жаңа шаш үлгісі – «урбан-

джентельменді»  көбіне  студенттер  мен  ерікті 

суретшілер  жақсы  көреді.  Бұл  сəн  үлгісінде 

классика да, модернизм де тұнып тұр. 

«Жел  үрлеген  шаш  үлгісі»  лакпен,  гель-

мен  қатырылып  қойылады,  сондықтан  бір 

қарағанда көзге шашын жел үрлеп тастағандай 

көрінеді, 

«Жай  классикалық  шаш  үлгісі»  барлық 

Салтанат ҚАЖЫКЕН. «Шашта кие бар...»


24

шаш  түрлеріне  жəне  жас  айырмашылығына 

қарамастан  ұсынылады.  Ер  адамдар  өздерінің 

сырт  келбеттеріне  қалай  болса  солай  қарайды 

деген қағида мүлде дұрыс емес. Олар да қыздар 

секілді сымбатты болып көрінгілері келеді

Бірақ  ерлердің  шаш  кесу  сəндері  əйел 

адамдардыкінен  əлдеқайда  аз.  Əрине,  ең  бас-

тысы ер адамда да, əйел адамда да шаш күтімі 

жақсы  əрі  шаш  таза  болуы  керек.  Ерлер  шаш 

сəнінің  бірнеше  танымал  түрлері  бар:  олар  

спорттық  үлгі,  классикалық  үлгі,  милитари 

жəне романтикалық үлгі.

«Қартаймайтын классика» .үлгісі əрқашан 

сəнді  жəне  танымал  ерлердің  шашын  артқа 

қарай тарап, маңдайды ашуымен ерекшеленеді. 

Бірақ көптеген ер-азаматтар қысқа шаш үлгісін 

қалайды.  Сонымен  қатар 70-жылдағы  «ретро-

стрижка»  танымал  болып  қала  береді.  Оны 

мусс  пен  жіңішке  тарақпен  қалыпқа  келтіреді. 

Ерлерге  жасалатын  “мужчина-мачо”  шаш 

үлгісі  əйелдердің  жүрегін  жаулаушы  ретінде 

есептеледі.  Осыған  қоса  танымал  шаш  сəндеу 

үлгісі “Бокс”немесе “Полубокс” болып санала-

ды. 

Шаштаразшы болу да оңай кəсіп емес. Ал, 



қазақша сөйлеп, қазақша шаш қиятын қазақтың 

ұл-қыздарына қарап тұру қандай ғанибет. 

Белгілі  жазушы  Жүсіпбек  Аймауытов: 

«Мамандықтың  жаманы  жоқ,  бірақ  мұның 

кез  келгеніне  икемділік  қажет,  бұл  жай 

күнелту,  тамақ  асыраудың  ғана  жолы  емес, 

үлкен  өнерді,  зор  шеберлікті  қажет  ететін 

нəрсе»  дейді.  Олай  болса  өз  жұмысын  жақсы 

көріп,  оны  жауапкершілікпен  атқаратын 

шаштаразшылардың  еңбегіне  біз  де  сəттілік 

тілейміз. 

Өндірістік оқу ісінің шебері Қарақат Рақымжанқызы студентерінің ортасында.

 *«Үркер»*№52016


25

КІТАП ОҚУ – 

ӨЗІҢДІ ОҚУ 

Оќырман ойы 



Менің 

соңғы 

кездегі  оқып  жүрген 

шығарма ларымның 

біразы  шетел  əдебиеті. 

Өйткені 

 

қазақ 

əдебиетіндегі    көркем 

туындыларды осы ше-

тел  шығармаларымен 

салыстыру 

керек. 

Сондықтан 

шетел 

классиктерінің  шығармаларын  қызығып, 

құмартып  оқимын.  Оны  достарымның  ара-

сында сыр қылып бөлісемін. Сіздерге Джейн 

Остеннің  керемет  туындыларының  бірі  

-«Гордость  и  предубеждение»  шығармасын  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет