Əлия ІҢКƏРБЕК
1997 жылы Алматы облысы, Рай-
ымбек ауданында дүниеге келген. Он
сегіз жасар ақын қыз «ТƏҢІРТАУ» жыр
жинағының авторы. ХVІІ Халықаралық
Шабыт фестивалінде Ф. Оңғарсынова атындағы арнайы жүлдеге
ие болған. Журналымызда алғаш рет жарияланып отыр.
9
Əлия ІҢКƏРБЕК . «
...Мен болып сені күтті үміт»
Қалмайтындығын ешқашан көңіл ұқтырып,
Мен емес,тағы мен болып сені күтті үміт.
Өмір дегенің – жұлдызға тілегіңді айту,
Орындалмасын білсең де егіліп тұрып!
ҚАРАШЫҚ
«Я нарисую ваши глаза
когда узнаю вашу душу»
Модильяни
Қылқалам мен қылығыңды құрбы еттім,
Мүсініңнен таппай мін.
Көздеріңнен түнді көрдім, Құрметтім,
Таңы ешқашан атпайтын.
Болмысыңнан безер болсаң,жүр, қалқам,
Бақытсыздық - бар айып.
Сезімі өлген, жүрегі жоқ жылдардан,
Өзімізді табайық!
Сенің жасың – суретшінің бояуы,
Аққан бірге түндермен.
Өмірімнің басталмаған тойы əлі,
Аяқталып үлгерген.
Сыңғырындай балбұлақтың біз əн бе ек,
Неткен мөлдір жанарың?!
Тұңғиыққа батып кеттім бұзам деп, –
Қарашықтың қамалын ...
АҚТАЛУ
Селт еткен сиқыр сезімнің тұрағын көрдім,
Қолдағы бардың қадірін,сірə,білер кім?
Санаңда ескі естелік жаңғырса тағы –
Кінəлі менмін.
Жұлдызбен жырын аспанға жазыпты дегін,
Өткенді аңсап бұлқынса нəзік жүрегің.
Сенің көгіңнің күні боп шуақ шашпасам,
Жазықты өзің.
Жалғыз мен емес жасырған күліп қайғысын,
Секемшіл адам көңілін құлыптайды шын.
Ұмытамын деп барлығын кетіп ең үнсіз,
Ұмытпаймысың?
Жан едің жалғыз алақан жайып сұраған:
Бақытын бүкіл жалғанның лайықты маған.
Тағдырымыздың тоғыспас жолдары үшін –
Айыпты ғалам!
ЭЛЕГИЯ
Шыныңды айтсаң күндейтін,
Мұныңды айтсаң күлкі қып,
Мен жайлы мүлде білмейтін,
Жандардың сөзі ұмтылып,
Маза бермейді маған түк,
Арбайды жəне көз күлген.
Ризамын саған Жамандық,
Жақсының дəмін сездірген.
10
Жел сөздер салса құрығын,
Кермеге қарай атылдым.
Өлеңімменен Ұлымын,
Өлеңімменен пақырмын!
Сөз бенен көзден тоңам мың,
Жүзімде жасым тайғанап .
Алдым деп несін олардың,
Отырам сосын ой қамап.
Сырымды айтсам күндейтін,
Мұңымды көрген жорып кім?
Жарықты мүлде білмейтін,
Түнекке сəуле болыппын!
САУАЛ
Көктемді күтем дегенше,
Қой қоздап кетті дегейсің.
Өртеніп бітем дегенше,
Ой маздап кетті дегейсің.
Суықтан тоңдым дегенше,
Жаурады жаным дегейсің.
Жалғанға сендім дегенше,
Алдады бəрі дегейсің.
Өртеніп біттім дегенің –
Болмады сенер ешкімің.
Көктемді күттім дегенің –
Көрдің ғой оны кешқұрым.
Жалғанға сендім деген үн,
(Сен емес болсаң, кім деймін...)
– Не дейсің бұған, Өлеңім?!
– Білмеймін!
ЖОЛ ҚАРАУ
(триптих)
1
Түнге қанша уəде беріп көз ілдім,
Ұмыттым деп, қадіріңді ұққым кеп.
Жалғыз қалып көшесінде төзімнің,
Күттім сені, күттім көп.
Ғұмырыма жеткілікті сор-бағым,
Сезіміме қояды енді нүкте кім.
Еш кінəсі жоқ екен ғой жолдардың,
Келмесе егер күткенің.
Бір күні мен жырға айналып тынам шын,
Мұң дейсің бе? (Мұң құрсын!)
Мен жайлы бір ойламаған шығарсың,
Ойладың ба..
Кім білсін?!.
2
Кешіктің,
Күттім жолыңды келем деп едің,
Бекер болды ма сен жаққа елеңдегенім.
Жаныңның сырын жаһанға жайып салатын,
Осы ма Өлең дегені?!
Жаңылып кетсем жазудан пешенемдегі,
О, ұлы сезім, өтінем , кеше гөр мені.
Сағыныш, Аңсар, Үміттен қол үздім, күнім,
Кешеден бері.
*«Үркер»*№5* 2016
11
Жыласын жүрек ақылдан жеңілдім бе деп,
Мен енді мүлде бастаймын өмірді бөлек.
Келмейтініңе көнбейтін жұбатар екем,
Көңілді не деп?..
3
Жадыма менің естелік гүл боп көктемек,
Шырқалмайтынын білемін енді көгімде əн.
Көндігу үнсіз оңай деймісің?
– Кетпе, – деп
жүгірмесем де соңыңнан,
Өмірді сенсіз сүре алмайтындай қарадың,
Өлмеймін, мен тек сүреңсіз ғұмыр кешемін.
Күлімдеп тұрдым, жүректің сүртіп жанарын,
Қайран қалғаның не сенің?!
Қарсы алар едім арайлы үміт боп келсең,
Тағдырға,күнім, тағы да тағы көндім, рас.
Аялдай тұршы жаныма сіңіп кеткенше,
Көзімнен тамған соңғы жас,
Сезімнен тамған соңғы жас...
ОНЫҢ МОНОЛОГЫ
Мүмкін емес сағынбауың мені енді,
Жанарыңда мұң малтыса, ой жүзіп.
Өксігіңді, маған жазған өлеңді,
Жүрегіңнің ошағына қой тізіп.
Өміріңді, сен іздеген Өзіңді,
Бізге мəлім естеліктің барлығын,
Мені сосын шат-шадыман кезіңді,
Сəл сараңдау сабырыңның жарлығын,
Бəрін-бəрін.. өзектегі өкпеңді,
Бізді қоспас бұл қатыгез ғасырды,
Бір жүріп те үлгермеген көк белді,
Өртеп жібер, тамызық қып жасыңды.
Солай ғана «бақыт» тауып бір уақ,
Солай ғана қателігің түзелмек.
Жалын құшқан жүрегіңді жұлып ап,
Сағынышқа егілерсің тізерлеп.
Əлия ІҢКƏРБЕК . «
...Мен болып сені күтті үміт»
Айтулылар айтқан сөз
Статистика бойынша отбасы бюджетiнiң
85 пайызын әйелдер, 15 пайызын балалар,
қалғанын ер адамдар жұмсайды.
Лусиль ГУДЬЕР,
АҚШ саясаткерi
12
АЙНАКӨЛДІҢ
АЙТЫЛМАҒАН СЫРЫ
«Їркер – Їміт» бəйгесі
Қала баласы ауылға асығады. Ауыл бала-
сы қалаға құмартады. Ал, Əмір жарқ-жұрқ еткен
шуылдақ шаһарды ұнатпайды. Оның себебі көп,
əрине. Ең бастысы, əкесінің қалада жүргенде
қарақшылардың қолынан қаза тапқандығы. Бұл
жəй – қаршадай ұлдың қабырғасын қақыратты.
Ол кезде Əмір бірінші сыныпқа барғалы
жүрген. Енді ше? Жылдар жылжып, қалақтай
ұл қалқиып өсті. Сосын өзін, айналасын терең
тануға тырысты. Атасына, əжесіне, анасына
өзінің керек екенін бірте-бірте ұғынды.
Шілде айы туды да Ботбай қарияның
ауласы балғын үнге, шат-думанға толды.
Өйткені, үлкен қалаларда тұратын ұлдары
балаларын жылда ауылға əкеліп тастауды
дағдыға айналдырған еді. Атасы немерелерінің
маңдайларынан иіскесе еш тоймайтын сыңайлы.
– Шөпілдетіп сүйе бермеңдер-ші, микроб
жұғады. – Бірінші сыныпты бітірген Олжас
бетін қолымен сүрткіштеп əлек.
–Мені сағындыңдар ма? –Əжесі қаладан
келген үш немересін кезек-кезек аймалады.
–Жоқ,-деді үшеуі бірден қосарланып.
–Біз таза сүт, айран ішуге келдік.
–Құртты қашан дайындайсың, əже?
– Мен Айнакөлге шомылуға келдім. Сен-
дерде су тегін. Бізде бəрі ақша.
Ендігісі міне. Əжесі ала таңнан жер
ошақта сүт қайнатып жүр. Маңдайынан аққан
борша-борша терді көріп, Əмір сүлгі апа-
рып берді. – Айналайын, ақылдым,-деп əжесі
бетіне ернін тигізіп еді, жеткіншек отты жа-
лынды сезді. – Қайдағы микроб? Титімдей бо-
лып алып Олжастың да таппайтыны жоқ. Əй,
маубастар-ай. Баяғының батырлары құсап,
қалың ұйқыға батуларың қалай? Күн болса тас
төбеге көтерілді.
– Бір тəп-тəтті иіс мұрныма келіп, оятып
жіберді. – Əмір қорадағы қызыл бұзау құсап та-
науын көкке шүйіреді. Терезесі қараңғыланған
қоңыр салқын бөлмеден Мирас пен Олжас та
далаға шықты.
– Əже, балқаймақ жасап қойдыңыз ба?
– Ағалы-інілі балғындар қабаттасып тамаққа
жақындады.
–Ата, мен бір дəлеңке ботқаны жалғыз та-
уыстым. Өсемін бе?
–Мен дəу кесе толы ірімшікті жеп қойдым.
Кальций керек маған.
Əмір пен Олжастың қимыл-əрекетін құр
Нұрлан ҚҰМАР
Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университетінің журналистика факультетін
жəне магистратураны үздік бітірген. 2003
жылғы «Денсаулық» журналының, ал 2012
жылы Тұңғыш Президент қоры, сондай-ақ
«Алтын қалам» сыйлықтарының иегері. 2013
жылғы «Шабыт» фестивалінің лауреаты.
13
Нұрлан ҚҰМАР. «Айнакөлдің айтылмаған сыры»
босқа жібермейтін кішкентай Олжас бөлмені
дуылдатып жіберді. –Менің ішімде бəрі бар.
Қараңдар-шы, қалай-қалай шұрылдайды? Ара-
ласып жатыр. Ата, ішімді сипашы, тура қарбыз
секілді доп-домалақ. Ол түрегеліп, жүгіріп,
бəрінің назарын өзіне аударып тынды.
–Сендерді ертең Айнакөлге апарып кел-
месем бе? Атасы маңызды бір шаруаның шетін
шығарды.
–Алақай, алақай. Суға түсеміз,-деп
қуанды немерелері.
Əмір атасын аяп кетті. Қыс бойы қаншама
ауырды, оны мына қалалық ұлдар қайдан
білсін? Немерелер көп күледі, қария күрсінеді.
Шөкімдей қарт пен өскелең балғындар
Айнакөлдің екі жағасы секілді. Бірі – шөбі
тапталған, сұрғылт өлке, бірі – жасыл құрағы
тербелген көкорай. Сəлден соң бірі – ойға
берілсе, бірі – ойынға кіріседі. –Қой, менікі не
отырыс? Балық аулауға бармаймын ба? Бауыр-
ларыма балық жегізейін. Ол сапырылысқан көп
ойларды əзер тежеп, достарына асықты.
***
–Жүрсең-ші, тезірек. Əлде жарысамыз ба?
–Менің оң көзім тартты. Олжаға қарық
болсақ қой, шіркін.
–Балықты көп ауласам, артығын сатар
едім.
«Шілікті» ауылының жасөспірімдері Ме-
дет, Əмір жəне Асқар жарыса сөйлесіп келеді.
-Дүниеде «Айнакөлдей» əдемі көл жоқ,-
дейді Медет аптығып.
-Аңыз-əңгімелердің бəрі де осы бір тұйық
көлді əулие мекен етіп сипаттайтынына таң
қаламын. –Əмір емпеңдеп, аузын ашып ауаны
қармады.
-Суы кермек болса да, балығы бал тати-
ды. Ондайда Асқар ыржиып күлуді ғана біледі.
Алтыншы сыныпты бітірген үш ұл айна-
дай жалтыраған көлге жеткенде, қармақ салу-
шылар бұларсыз да жеткілікті болып шықты.
Қалтқыға бірі – нан, бірі –жыбырлаған жерқұрт,
бірі – шикі ет іліп əлек. Су бетінде шымырлап,
ұсақ иірімдер бүлкілдейді. Көлдің жағасында
жеміс бұтақтары қылтияды. Құстың үні, арғы
бетте шомылып жатқан балалардың шат дауы-
сы естіліп тұр.
Арқалары қызып, төбелері қайнап бара-
ды. Сонда да көздерін айдыннан аудармай, суға
тесіліп қарап отырудың өз қызығы бар. «Ал-
тын балықты» армандап, оған небір бұйрықты
қалай орындатудың амалына Медет оймен сая-
хат жасаған тұста Асқардың айқайы естілді.
–Қараңдар-шы, мына қара балық қалай-
қалай қайқаңдайды? Əп, бəлем, енді сені босат-
сам ба? Қармақ жібін шіреніп тартып ол айнала-
ны даңғазаға толтырды.
–Ой, Алла-ай! –Əмір ақ бауыры
жалтыраған алабұғаны биікке көтерді. Күн
сəулесінің мың сан мөлдіреген моншағын
қармағы ілестіріп алыпты.
–Төрт сағат тапжылмай отырыппыз.
Кəнекей, жиналыңдар, кетеміз. –Асқар бір
кезде байбалам салды. Бір шелек балығын
қызғыштай қорып, суға түсуден де бас тартты.
Медетке бұйырғаны титімдей үш шабақ. Əмір
əрқилы көлемдегі бес балығына көзін тойдыра
алмайтын сияқты.
Көлге ең жақын үй – Əмірдің қақпасына
таянғанда Асқар ернін жалап-жалап алды. –
Өсімдік майының хош иісі қандай, шіркін!
Апаң бауырсақ пісіріп жатқан болар.
–Ендеше, жүріңдер, кəнекей. Бір-бір кесе
шəй ішелік. –Əмір достарына қиыла қарады.
–Жоқ-ə, мына балықтарды жылдамдап
ағама жеткізейін. –Асқар тайқып, табанын тез
жалтыратуға ықыласты екенін бірден білдірді.
–Мына үш шабақты көшеде ұстап
жүрудің өзі біртүрлі ұят секілді. Сен қосып
алшы. –Медет қолындағы жылтыр дорбаны
Əмірге ұстатты. – Амандық болса келесі жолы
шəй іше жатармыз,-деді жымиып.
Əмірдің апасы кешкісін бір табақ
қуырылған балықты дастарқанға əкелді. Көрші-
көлем келіп дəм татты. Сонда Əмірдің есіне дос-
14
* «Үркер»* №5 * 2016
тары түсті. Асқар неткен өзімшіл. Өткен жолы
да балықты көп ұстады емес пе? Өз жағдайын
үнемі ойлап жүреді жəне ешкіммен санаспайды.
Ал, Медеттің «келесі жолы» дегені-ақ таусыл-
майды екен. Өйткені, себеп те, сылтау да, үміті
де соған сыйып кете береді. Жолы болмаған
сəттерде өзін де, өзгені де сол сөзбен жұбатады.
–Келесі жолы біздің көшеде де той бола-
ды. Келесі жолы жақсылық келеді. Келесі жолы
сəттілік сені күтіп тұрады. Келесі жолы...
Ұйқыға жатқан кезде Əмірдің көз ал-
дынан екі түрлі болмыс иелері, яғни достары
көпке дейін кетпеді. –Келесі жолы Медеттің
қармағына көп балық түссін-ші,-деп жүрегі
елжірей соқты.
***
Ауыл балаларының жаз бойғы ермегі
– суға шомылу, күнге қақталу, ойын қуу, со-
сын балық аулау. Арада екі күн өткен соң
үш дос Айнакөлге қарай ағылушылардың
қатарына қайтадан қосылды. Асқар асығыс
адымдап, өңмеңдеп, жолындағыларды басып
озды. Медет балықтарды піспекпен-ақ түйреп
алуға ықыласты көрінеді. Əмір неден болса да
тайынбауға бел буыпты.
–Алдымен балық көзіме көрінсін-ші. Ар-
тынан жүзіп, қуып жүріп іш киіміммен болса да
сүзіп, ұстап алармын,-деп айдарынан жел еседі.
Алайда, күнұзаққа су жағалап жүрсе де
ойлағандары орындалмады. «Қап, қармағым,
қап» деп Асқар қанша айқайласа да, Тəңірге
жалбарынса да ілмегіне ештеңе ілікпеді. Ажар-
лы Айнакөл қарақошқылданып, қабағын шыт-
ты, балығын ұсынбады.
Шыдамсызданған
Əмір
тербелген
толқынға қыр көрсетіп, суға секірді. Əрі-бері
жүзіп, тереңдікке сүңгігенінде көлдің түбінде
бірнеше ау-тор құрылғанына көз жеткізді.
–Достарым менің, көмекке келіңдер.
Мына бір ауды тартып көрсек қайтеді. Иесін
жақсы танимын. Əйтеуір үйге бос бармайық.
–Осыдан кейін үшеуі жанталасып торды
жұлқылады. Ауыр-ақ. Əмірдің ақсары өңі
қызылкүреңденіп сала берді. Медеттің мой-
ын тамырлары білеуленіп көз тартады. Асқар
жіптің ұшын жағалауға қарай құлықсыз тарт-
ты. Олардың тыраштанған бейнелерін көріп
жəрдемдесуге сол жерде суға шомылып жатқан
бірнеше балалар қосыла кетті.
Сөйтіп əзер дегенде ауыр еңбекпен тордан
тартып алған балықтарды Əмір төртке бөлді.
–Ауды алғаш көрген де, бастама көтерген
де – менмін. Сондай-ақ алда-жалда қиындық
туса жауап беретін де – менмін. Бірақ, ең
жақсысын таңдап алсам, əділетсіз Əмір
дерсіңдер. Маған балықтардың сүйкімсізі, мына
сүйір тұмсық шортан да жетеді. Медет, өткенде
маған берген үш шабағыңды ұмытқаным жоқ.
Сондықтан саған тиесілісі – семіз сазан. Қалған
балықтардың атын атап, түсін түстеп, жиналған
балаларға түгелдей таратты. Достары іштей
өкпелесе де, ешқайсысы қарсы дау айта қойған
жоқ.
–Əміржан, аманбысың? Түсің қашып
кетіпті ғой. –Етегіне сүрініп, қабынып қарсы
алған əжесі тұңғыш немересін бауырына басты.
Кешікпей шортан аршылып, қазанда балық
пісірілді.
–Дəмді сорпа ішкізгеніңе рахмет. –
Олжастың кіп-кішкентай мұрны пышылдап
қоя берді. Əмірдің іші-бауырына кіріп барады.
–Мен өскенде балықшы боламын.
–Қу бала, қайдағыны айтпа! Кеше тəтті
тоқаштарды жеп отырғанда, апама: – Ұн за-
уытында бастық болам дегенсің. Тетелес ағасы
Хамит оны əбден мазақ қылды.
–Олжасты қой. Сатқын неме. Күндіз
балмұздақ əперген тəтеме уəдені үйіп төкті. –
Мен ержеткен соң балмұздақ сататын дүкенде
жұмыс істеймін,-дегенін ап-анық естідім. Ми-
рас та інісінің жылпостығын ешкімнен жасы-
рар емес. Үй іші ду-ду күлкі, бəрі мəз-мəйрам.
Тек Əмір ғана езу тартпады. Оған себеп, өзін
жақсы сезінбеуі еді.
Түн ортасында Əмірдің анасы жер
сырғығандай жағдайдан шошып оянды. Сөйтсе,
15
қасында жататын Əмір ұйқылы-ояу қалыппен
түрегеліп астындағы көрпесін тартып тұр.
Көрпенің шетін жиырып жинап, екі қолымен
тас қылып ұстаған ұлдың дауысы жеті түнде
ап-анық естіледі.
–Медет, қорықпа, бəрін алмаймыз. –
Асқар, тартсаңшы! Бұл –Берік ағайдың құрған
торы. Мен білем. Былтыр мал баққанда біздің
баспақты жоғалтып жіберді. Күзде біздің
шарбаққа кіріп, ошаққа құрған қазанды алып
кеткен. Əкем тірі болса, қақпағын қайырар еді.
Енді көрсін, ұрлатқанның қандай болатынын.
Анасы ұлын айналып-толғанып, төсегіне
əзер жатқызды.
–Кешегі балық дəмді сорпа болып
тамағымыздан өтіп кетті. Сөйте тұра түнімен
тынышымызды алғаны несі? –Азандағы ауқат
үстінде анасы тосыннан сөз бастады.
–Апыр-ай, бұғанасы бекімеген балалар
бір үйлі жанды балықпен асырап отыр. Бұған
қуанайын ба, əлде... Əжесі екі ұшты ой тастап,
алыстан орағытып мысал келтіргіш болып
кетіпті.
Алдындағы шəйін іше алмай, Əмірдің
қолдары бей-берекет дірілдеді. Ақыры кесесін
аударып тынды.
–Сонымен, Əмір ащы болса да, шындықты
айт! Біреудің нəрсесіне қол сұғу – қылмыс қой.
Сүзгінің түбінде көксеркелер қалып кетті ме?
Түнімен соған өкініп, өкіріп шықтың ғой,-деді
анасы қалжыраған қатқыл дауыспен.
–Күні бойы көл жағалап, өзегіміз тал-
ды. Қармаққа да, піспекке де тым болмаса
майшабақ та түспеді. Со-сын... Ауды тартқанда
білектерім, алақаным, ішім бəрі-бəрі удай ашып
ауырды. Асқар нағыз жанаяр. Қол ұшын ғана
тигізді. Сосын оған жайын беріп қатырдым. –
Əмір осылайша əңгімесін бастап, кеше болған
оқиғаны бəз қалпында анасына айтып берді.
Кешкісін тағы да Əмірдің ыстығы
көтеріліп, кенеттен науқастанды. Ымырт
кезінде барлық ішкен-жегенін құсып тастады.
Біреудің су астына құрған торына, ақ
адал еңбегіне қол салғанына өкінді. Қайта-
қайта түсіне көл жазалаушы қария бейнесі бо-
лып еніп, əбден мазасын алды.
Иə, адалдық жолы қашанда ауыр. Сол
жолмен түзу жəне таза жүріп өту кім-кімге де
сын екен ғой. Осыны жасөспірімнің зердесіне
жеткізген табиғаттың оймақтай сыйы – Айнакөл
болса сырын ішіне бүгіп, ауыл шетінде жалты-
рап жатты...
Нұрлан ҚҰМАР. «Айнакөлдің айтылмаған сыры»
Айтулылар айтқан сөз
Егер күйеуi әйелiне себепсiз гүл ұсынса,
оған әйтеуiр бiр себептiң болғаны дей бер.
Молли МАГИ
16
БАҚБАҚ ГҮЛ СЕЗІМ
Аударма
Бұл наурыз айының тамаша бір күні еді.
Əңгіме
жазарда
хикаяны
ешқашан
бұлай бастамаңыз. Бұл – қаламгерлік қиял мен
жаңашылдықтан жұрдай, таптаурын əрі құрғақ
кіріспе. Бұдан құнсызырақ кіріспе болуы мүмкін
емес. Бірақ бас кейіпкер құсалы болғандықтан,
əңгімеленгелі отырған хикаяны осылай бастай-
мыз. Өйткені, оқырманның сана-сезімін əзірлеп
алмасақ, жаны түршігуі мүмкін.
Қолында ас мəзірі бар Сара жылап отыр
еді.
Пияз
аршығандықтан
немесе
жан
тебірентер əсерлі кино көргендіктен жанары
жасқа шыланды деп ойлауыңыз мүмкін. Алай-
да бар жорамалыңыз қате. Сол себепті, əңгімені
одан əрі жалғастырайық.
Сара «Шуленбергтер үйі» мейрамхана-
сына жұмысқа тұрды. Мейрамхана қызметкері
күн сайын кешқұрым Сараға ертеңгі күні дай-
ындалатын тағамдар тізімін алып келеді. Ол ма-
шинкамен теріп, 21 үстелге ас мəзірін əзірлейді.
Ақысына күніне үш мезгіл тамақтанады,
сондай-ақ мейрамхананың қызыл кірпішті
ғимаратынан қожайын бір бөлмені баспана етіп
берген. Бұл келісімшартқа Сара да, мейрамхана
иесі де дəн риза. Бірі – ішер ас, тұратын жай-
дан тарықпайтынына, бірі – тұтынушылардың
мəзірде қандай ас бар екенін біліп отыратынына
разы.
Биыл көктем кешікті. Наурыз айы келсе
де жердегі қар ери қойған жоқ. Көктем мезгілі
болғанмен, қала əлі қыс ызғарының құшағында.
Көшеде музыкалық аспаптарымен «Сол бір
ғажап жаз күнінде» əуенін орындайтын жігіттер
желтоқсан айындағы көңіл-күйінен əлі арыла
қоймапты.
Көңілі мұңға толы Сара терезеден далаға
қарап отыр. Бүкіл əлем оған: «Көктем келді,
Сара, таңғажайып көктем келді! Сен неге
мұңаясың?» – деп тұрғандай. Ғимараттың артқы
бөлігінде орналасқан бөлме терезесінен Сара
келесі көшедегі фабриканың тас қабырғаларын
көреді. Көзі сонда болғанмен, көңілі де, ойы да,
ну орманды, жұпар аңқыған гүлдері бар көк
шалғынды далада.
Сара өткен жазда ауылға барғанда, бір
шаруаға ғашық болған еді.
(Хикаяны
ешқашан
бұлай
жалғастырмаңыз. Əбден жауыр болған əдеби əдіс
болғандықтан, оқырманды жалықтырып аласыз.
Əңгімемізді одан əрі жалғастырайық).
Саннибрук шаруа қожалығында екі апта
болған Сара кəрі шаруа Франклиннің Уол-
тер есімді ұлына ғашық болған-ды. Ғашығы
Сараға көк шалғынды дала кілемінде сезімін
білдірді. Сол жолы бақбақ гүлдерінен жасалған
тəжді кигізіп, Сараның қоңыр шашымен сары
гүлдердің үйлесім тапқанына балаша қуанып,
Алпамыс ФАЙЗОЛЛА
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жур-
налистика факультетінің студенті. Соңғы
бірнеше жылда ағылшын əдебиетін ағылшын
тілінде оқып жүр. Əңгіме жанрының хас
шебері Оливер Генридің шығармасын ауда-
рып, редакцияға жіберіп отыр екен. Жария-
лауды жөн санадық.
Достарыңызбен бөлісу: |