Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң


оқуға  кеңес  беремін.Өйткені 1815 жылы



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата03.03.2017
өлшемі4,12 Mb.
#5985
1   2   3   4   5   6   7

оқуға  кеңес  беремін.Өйткені 1815 жылы 

жарық көрген бұл еңбек əлемдік классиканың 

керемет  туындыларының  бірі – «Гор-

дость  и  предубеждение»(«Тəкаппарлық  пен 

жаңылыс»).

Бұл  кітаптағы  оқиға  желісі    жергілікті 

тұрғындарды  дүр  сілкіндірген  жаңалық-

жылына  төрт-бес  мың  табыс  табатын  жас 

жігіттің  Незерфильд  бағын  сатып  алуы-

нан  бастау  алады.  Ең  бастысы,бұл  жігіттің 

бойдақтығы  оқиғаны  дамытуға  көп  үлес 

қосты.Бұл  жақсы  жаңалық  ең  бастысы  миссис 

Беннеттің көңілінен шығып,өзінің қыздарының 

бірін  тұрмысқа    беру    үшін  тиімді  сəт  екенін 

бірден  түсінген-ді.Қыздарының  біреуіне  бақ 

Жастар  қазір  кітап  оқи  ма?  Оқыса,  кімдерді  оқиды?  Қай-қайсымызды  да 

қызықтыратын  сауал  бұл.  Ауызды  қу  шөппен  сүртуден  аулақпыз. «Кітап – білім 

бұлағынан» сусындайтын өрендер əлі де аз емес екен. 

Атырау қаласынан редакциямызға Жанша Төкеева дейтін ханымнан хат келді. 

Сол  қаладағы  химия-биология  бағытындағы  «Назарбаев  зияткерлік  мектебінде» 

қазақ  тілі  мен  əдебиет  пəнінен  сабақ  береді  екен.  Қуанып  қалдық.  Шəкірттерінің 

əдебиетке  қызығушылығын  мейірлене  жазыпты.  Бір  топ  оқушысының  оқыған 

кітаптары  жөніндегі  ой-толғамдарын  журналға  жариялауды  өтініпті.  Онын-

шы  сынып  оқушыларының  болашақта  əдебиеттен  тыс  мамандық  таңдайтынына 

қарамастан көркем əдебиетке деген құштарлығына риза болдық. Шығарманы талда-

уы, мазмұндауы бізді де қуантты. 

Өмірлік тәрбие 



26

құсы  ұшып  келгеніне  нық  сенімді  болған 

миссис  Беннет  өз  қыздарын  осы  бойдақ  жас 

жігітпен  кездестіруді  асыға  күтті.Қызықты 

ойын-күлкіге  толы  кештердің  бірінде  Бинг-

ли  мырза  мистер  Беннеттің  қызы    Джейнмен 

танысады.  Кітапта  бұл  екі  жұптың  ғана  емес, 

Дарси есімді  жас, ақылды əрі көрікті жігіт пен 

Элизабет  есімді  сүйкімді  қыз  арасындағы  ма-

хаббат  ашық  баяндалады.Осы  кешке  мистер 

Бингли  өзінің  өте  тəкаппар  досы  мистер  Дар-

сиды  ертіп  келген  еді.Бингли  мырза  досына 

кештегі  сұлу  қыздардың  бірін  биге  шақыруды 

ұсынады, осы кезде мистер Дарсидің көзі Эли-

забетке  түседі.Бірақ  өз  тəкаппарлығынан  ары-

ла  алмаған  мистер  Дарси    «Мүмкін,шынымен 

де,бұл  қыз  сүйкімді  шығар,бірақ  ол  менің  жан 

тыныштығымды мүлдем бұза алмайды»  деген 

шешімге келеді.Міне,осы сəттен бастап Элиза-

бет пен Дарсидің махаббат хикаясы басталады.

«Гордость  и  предубеждение»-əлемдік 

классиканың  жауһары  бола  тұра,19  ғасырдың 

басында  ағылшын  қоғамында  өз  маңызын 

жоғалтқан еді.Толықтай бүкіл басқару көздерін 

уысында ұстаған ер адамдар қоғамы үшін əйел 

адамдардың  əлеуметтік  мəртебесі  жоғары 

орында  тұрғаны  рас.Осы  себептен  əйелдер 

жағы  ұтымды  тұрмысқа  шығып  кету  үшін  ер 

адамдарды  қызықтырудың  түрлі-түрлі  жолда-

рын іздеумен болды.Қоғамдағы осы олқылықты 

бейнелейтін  бір  тұс-Беннеттер  отбасында  кіл 

қыздардың  болуы  еді.Сондықтан,  ананың  да 

қыздарын тез арада тұрмысқа беруді ойлауы еш 

таңқаларлық жағдай емес.

Шығарма  авторы  Остен  феминизмді 

жақтаушы  болған  делінеді.Менің  ойымша, 

оның феминистік ой-дағдылары бұл шығармада 

анық 


көрсетілген.Себебі,əйел 

адамның 


негізгі  мақсаты-тұрмысқа  шығу  екендігін 

арқау  етіп,сол  кездің  қыздарында  жұмыс  пен 

хоббидың  болмағанын,дəл  сол  кездерде  əйел 

адамдарының  алғыр  ақыл-білімдерінің  түк 

бағаланбағанын көрсетіп отыр. 

Шығармадан 

түйетін 

басты 


ой-

тəкаппарлық  пен  атаққұмарлықтың  мүлдем 

бөлек  мінез  екендігі.  Адам  даңққұмар  болмай 

жатып,тəкаппар  да  бола  алады.Тəкаппарлық 

көбінесі  өзіміз  туралы  ойдан  туындаса, 

даңққұмарлық  біз  туралы  басқалардың  ойы-

нан  туындауы  да  мүмкін.  Шығарманы  қазақ 

əдебиетіндегі 

шығармалармен 

салыстыра 

отырып,  автордың  образдарды  сомдаудағы 

шеберлігін  анық  аңғаруға  болады.  Қай 

шығармадан  болсын  өмірлік  тəрбие  аларымыз 

сөзсіз.


Іңкəр ҚҰМАРОВА

Кітап оқу- үлкен өнер. 

Оны оқудың түрлі жолда-

ры  бар  екенін  де  білемін. 

Бірақ  мені  қызықтырған 

кітаптарды    досымдай 

сыйлаймын.  Маған  көмек 

беретіндей  болады.  Ол 

адам  үшін  үлкен  байлық 

екенін де түсінемін. Кітаптан алған əсерімді 

мұғаліміммен, 

ата-анаммен 

бөлісемін. 

Кейінгі  оқыған  кітабым  туралы  бірер  сөз. 

Менің  соңғы  кезде  психология  жайлы,  өмір 

Кітап оқу – үлкен өнер



заңы  туралы  кітаптарға  қызығушылығым 

артты. Мысалы, Саидмурод Давлатов дейтін 

–  психалогия  ғылымдарының  докторы  бар. 

«Духовные  законы  богатства», «Стратегии 

мышления  богатых  и  бедных  людей» «Мой 

гениальный  ребенок», «Философия  мура-

вья» атты кітаптардың авторы. 

Рухани  байлықтың  ережелері  сіздің 

жетістікке деген жолыңызға тəуелсіз əсер етеді. 

Егер  сіз  осы  ережелерден  бейхабар  болсаңыз, 

сəттілікке қол жеткізу  ұзақ əрі қиын болады.

Осы кітаптарда Саидмурод Давлатов анық 



 *«Үркер»*№52016

27

Кітап оқу – өзіңді оқу

мысалдармен  материалды  байлық  пен  рухани 

байлық  тығыз  байланысты  екенін  дəлелдейді.

Сол себепті алдын ала байлыққа ие болу үшін 

негізгі рухани байлықтың ережелерін қадағалау 

қажет.  Ал  оларды  күнделікті  өмірде  қалай 

қолдану  керектігін  кітапта  басты  кейіпкерлер, 

қария  мен  тағдыр  азабымен  кездескен  жігіт - 

Мехрон баяндап береді. Жастық шағын оқумен 

өткізген  азамат  бір  сəтте  жұмысынан  айыры-

лып, қарызға белшесінен батады.

Мехрон  жан-жағындағы  жылтыраған 

дүкен 

сөрелерін, 



құжынаған 

көліктерді, 

жұмыстарымен  асыға  келе  жатқан  адамдарды 

байқамаған сыңаймен қала ішін мұңды күймен 

кезіп жүреді. Басқаларға қарағанда ол ешқайда 

асықпады,  асығатын  жері  де  болмады.  Сонша 

күш пен қуат жіберген жəне жарқын болашағы 

мен  үмітін  байлаған  жұмысынан  шығарып 

жіберді.  Осындай  өмірдің  қиын  кезеңдерінің 

бірінде,  досы  Мехронды  қала  сыртына,  əсем 

бақшасы  бар  бір  қарияға  апарады.  Ақылгөй 

Мехронның  көзқарасын  өзгертумен  жұмыс 

істейтінін  айтып,  қол  астына  алады.  Мехрон 

ұстазының  бақшасында  жұмыс  жасай  бастай-

ды.  Қария  оны  өмірдің  жаңа  кезеңдерін  ашуға 

ұмтылдырады, жан дүние байлығына кенелту-

ге көмектеседі. Тəлімгері Мехронға құтқарушы, 

өмір  бойы    ұмытпас  ағартушыға,  өмір  бойы 

қарыздар  жанға  айналады.  Жігіт  қарт  берген 

ақылдың  жолымен  жүріп  отырады.Соңында 

мақсатына жетеді. 

Мен бұл əңгімені оқи отырып, қиялымнан 

сурет тудырып, оны қағазға түсірдім. Нəтижесі 

төмендегідей.  



Майя ҚҰБАШЕВА

Кітап адам жанын жа-

дыратып,  қиялына  қанат 

бітіретін  дүние.  Онымен 

дос  болсаң,  керемет  уақыт 

өткізесің. Кейде кітаптағы 

ой  жүрегіңнің  түкпірінде 

сақталып 

қалады.Мен 

өзімнің туған əдебиетімнен  

Ғабит  Мүсірепов,  Дулат 

Исабековтің тағы басқа да 

жазушылардың шығармаларын оқып, ойым-

ды қиялға жетелетемін.Бүгінде  М.Əуезовтің 

«Абай жолы» роман-эпопеясын бастап оқып 

жатырмын.  Кейде  мені  шетел  əдебиеті  де 

қызықтырып əкетеді. Бұл өзге əдебиетті төл 

туындылармен салыстыру сабақ барысында  

қажет  болады.  Сіздерге  жанымды  тербеген 

бір кітап туралы сыр ашқым келді.

Дэниел  Киз - америкалық  жазушы. 

Оның 1966 жылы  «Элджернонға  арналған 

гүлдер»  атты  романы  жарық  көрді.  Бұл  роман 

«Элджернонға  арналған гүлдер»  

алғашында  əңгіме  түрінде  жазылған  болатын 

жəне  екі  дүркін  «Хьюго»  сыйлығының  иегері 

атанған.  Кітаптың  қысқаша  мазмұнына  ке-

лер  болсақ,  Чарли  Гордон  есімді 32 жастағы 

ақыл  есі  кем  жігіт  наубайханада  еден  жуушы 

қызметін атқарады. Ол өз еркімен ой өрісін арт-

тыру мақсатында ғылыми тəжірибеге қатысады. 

Чарлидің тек бір ғана тілегені бар: таза, əрі сау-

атты жазып жəне оқып үйрену.

    Романның  ерекшеліктеріне    тоқталсақ, 

əңгіме  бас  кейіпкердің  есептемелері    түрінде  

көрермен  назарына  ұсынылған.  Алғашқы  бет-

терде орфографиялық, грамматикалық қателер 

кездесіп  ақыл  есі  кем  адамның  ойлары  анық 

жеткізіледі,  кейін  бірте  -бірте  сөйлемдер 

құрылымы қиындай түседі.Чарлидің ақылының 

толықсып  жатқандығы  толық  көрініс  табады. 

Есептемелерді оқи отырып, негізгі кейіпкердің 

ішкі сезімін, күйзелісін, армандарын – бəрін де 

сезінесің. Өмірде Чарли Гордон секілді қоғамнан 

тыс өмір сүріп жатқандар мен əлемде өз орнын 



28

табумен əлек адамдар қаншама десеңізші?! Ал 

олардың  жан  дүниесіне  үңілетіндер  өте  аз. 

Неге? Адамдар неге соншалықты қатігез?

Роман желісінде Чарлиді ақыл есінің кем 

болғандығы  үшін  барлығы  бірдей  оны  мазақ 

қылады, туған анасы өз ұлын, ал əпкесі ағасын 

мойындаудан бас тартады. Өмірде де сол секілді 

жағдайлар  тым    жиі  кездеседі.  Соншалықты 

пайдакүнем,  адамгершілік  қасиеттен  жұрдай 

болу  бізге  ерекше  сəн  бере  ме?  Əрине,  жоқ. 

Автордың ақыл есінде ауытқуы бар жігіт тура-

лы жазуы осындай сауалға жауап іздеу сияқты. 

Кітаптағы  тағы  бір  маңызды  аспект 

адамның  ой  өрісі  кең  болған    сайын  мінез- 

құлқының  өзгеруі.  Бас  кейіпкер  миына  ота 

жасатпас  бұрын  ақкөңіл,  аңқау,  сенгіш  болса, 

отадан  соң  өзгере  бастайды.  Ол  күдіктенеді, 

күйзеледі,  бұрын-соңды  сезінбегенді  ба-

стан  кешеді  жəне  оның  ішінде  қызғаныш, 

пайдакүнемдік,  өзіне  сену  оянады.  Ақылды 

болған  сайын  адамгершілігі  төмендей  береді. 

Ең  өкініштісі  де  сол.  Ақырында  ғашығынан 

айырылып,  жападан    жалғыз  қалады.  Қанша 

жерден ақылды бол,бірақ бойында титтей бол-

са  да  мейірімділік  болмаса  өзіңді  қалайша 

өнеге тұтар жанмын деп атайсың? Айтсаң да ол 

жалған нəрсе боп қалады.

Жеке өзіме кітап өте ұнады. Неге десеңіз, 

романдағы  оқиғадан  алар  нəрсе  мол  жəне  əр 

кейіпкердің  қателігі  тəжірибе  жинауда  маған 

көп көмегін  тигізді. Соңғы сəттерде көзіме жас 

алып  біздің  еліміздегі    дəл  сол  Чарли  секілді  

дəрменсіз  күйде  жүрген,  жүректеріндегі  үміт 

оты өшкен адамдар жайлы ойладым. Бұл əдеби 

туынды  жүрегімнен  өз  орнын  алды,  оған  еш 

күмəнім жоқ.

Құралай ДҮЙСЕНОВА

«Некеленген»

Элли 

(Элисон) 



Каунди  (Конди) – «Не-

келенген»  романдар  се-

риясы  арқылы  танымал 

болған  америкалық  жа-

зушы.  Оның  қаламынан 

туған 


шығармалары 

жастардың 

жүрегін 

бірден  жаулап  алды  əрі 

NewYorkTimes-тің  ең  үздік  шығармалары  бо-

лып  табылады.  Қазіргі  уақытта  жазушының 

болашақта жүзеге асырмақ жобалары көп.

Ол  Сидар қаласында Ютада дүниеге келді.  

Ағылшыннан бакалавр дəрежесін алып, Брига-

ма  Янга  атындағы  мормонский  университетін 

тəмамдап,  мектепте  ағылшын  пəні  мұғалімі 

болып  жұмыс  істеген.  Қазіргі  уақытта  өзінің 

сүйікті  жұбайымен  жəне  төрт  баласымен  Юта 

қаласында тұрады. 

Романның  басты  кейіпкері – Кассия 

халқы  қатаң  бақыланатын,  тəуелді,  техни-

калары  жоғары  дəрежеде  дамыған  елдің 

тұрғыны.  Бұл  елдің  бірінші  адамы  əрбір 

адамның  қай  жерде  жұмыс  жасайтынын, 

қай  жерде  тұратынын,кіммен  болашағын 

байланыстыратындығын,  тіпті  қашан  көз 

жұматындығын  шешеді.  Ал  он  жеті  жасқа 

толған азаматтарға бірінші адам арнайы маши-

на арқылы басқа қалалардан, шет аймақтардан, 

аудандардан  жұп  таңдап  береді.Мұндай  жүйе 

ажырасу санын азайту, халыққа көмек көрсету 

мақсатында ойластырылған.

Романның басында  он жеті жасар Кассия 

жəне оның жан досы Ксандер  «некелестірілген» 

зияпатына  шақырылады.Кассия  мен  Ксандер 

бір-біріне  адал,бір  мүдделі,  ортақ  көзқараста 

болатын  ажырамас  жан  достар.Екеуінде 

балалық  шақтарынан  бастап  бір-біріне  ыстық 

сүйіспеншілік  болған. «Ең  алғашқы  махаббат 

басталады  партадан»  дегендей,  екеуі  үшінші 

 *«Үркер»*№52016


29

сыныпта  партада  бір-біріне  бірден  ғашық  бо-

лады.  Кассия  Ксандермен  некелескенді  арман 

ететін  еді.Өзінің  айтуынша,  Ксандер    оның 

алғашқы  жəне  соңғы  махаббаты,  сондықтан 

онымен бірге болашағын байланыстыру -оның 

ең  басты  мақсаты.  Бірақ  бұл  мақсаттың  орын-

далу  мүмкіндігі  тым  аз,себебі  жаңа  жүйе 

қабылданғаннан  бері  бір  қала  тұрғындары 

ешқашанда  жұптаспаған.Бірнеше  жылдардан 

соң, Ксандер мен Касссия есейіп,он жеті жасқа 

толғаннан  кейін, «некелестірілген»  зияпаты-

на  шақырылады.Кассия  үшін  бұл  күн  тосын 

жағдай,  себебі  Ксандердің  өзге  қызбен  жүруі 

оған үйреншікті əрекет емес.

Оқиғасы  қызық  па  екен?  Соңы  немен 

аяқталатынын  айтпаймын.  Тауып  алып  оқуға 

кеңес  беремін.  Кітап  оқу – өзіңді  оқу  екенін 

ұмытпайық. 

Альфия Максимқызы 

«P.S. Мен сені сүйемін»



Менің 

көркем 

əдебиетке  құштарлығым 

бала  кезден  басталған-ды. 

Мен  төл  əдебиетімізден 

М.Дулатовтың  «Бақытсыз 

Жамал», 

Ғ.Мүсіреповтің 

«Ұлпан» 

романын 

қызығып  оқыдым.  Сөз 

көркемдігін,  сөз  өнерін 

үйренудемін. 

Сонымен 

қатар  шетел  əдебиетіндегі 

шығармаларды 

орыс 

тіліндегі  аударма  арқылы 

кейде  ағылшын  тілінде 

оқып білудемін.Соның бірі 

–  Сесилия  Ахерннің «P.S. 

Мен сені сүйемін» романы.

Бұны сол ағылшын тілінде 

оқудамын.

Сесилия  Ахерн — 

романтикалық романдардың авторы. 

1-бөлім

Холли  ауыр  жағдай  үстінде  еді.  Жүрегі 

дір-дір  қағып,  тыныштық  пен  жалғыздыққа 

оранған  ол  əр  кез  бақытты  шақтарға  толы 

естеліктерді,  күйеуін  есіне  алып,  қайта-қайта 

қайғы  сезіміне  бата  түсті.  Ал  қайғы  себебі 

–  күйеуінің  қатерлі  ми  ісігінен  қайтыс  болу-

ында.Таңертең  бір  мезетте  қоңырау  дыбысы 

естілді. Бұл – анасы еді. Хал-жағдайын сұрап, 

ол қызына бір хат келгенін жеткізді. Ал хатта 

«Тізім»  деп  жазулы  тұр  екен.  Мұны  естіген 

Холли телефонды құлатып алды.



2-бөлім

Тағы бір естелік... Холли шамды өшіруді 

ұмытып кеткен еді. Ал Джерри əзілдеп, өлер ал-

дында шамға, жылытқышқа, сүт пакетіне қысқа 

хат  қалдырып  кететіндігін  айтқан.  Осы  кезде 

Холли істеуі қажет заттардың тізімін жасау ту-

ралы əзіл де пайда болған еді. Олардың ортақ 

достары – Шэрон  жəне  Джон  Маккарти  бола-

тын.  Осы Джон Холлиге 14 жасында досының 

онымен  танысқысы  келетіндігін  жеткізеді.  Ал 

құрбысы – Шэрон  болса  көндіруге  тырысады. 

Міне, сол уақытта Холли жəне Джон танысқан 

болатын. Олардың үйленген күні Холли үшін ең 

бақытты күн болмады. Бұл күн үй ішіндегі шу-

мен басталды. Сіңлісі Киара не киерін білмей, 

өз көйлегін ұнатпай тойға барғысы да келмеді. 

Əкесі бұл тойдың апасынікі екендігін ескертіп, 

көндірді.  Ал  барлық  айқайды  естіген  Хол-

ли  тіпті  төменге  түскісі  де  келмеді.  Шіркеуге 

жеткенде  де  жан-жақтан  əр  түрлі  туысқандар 

келіп, Джерримен сөйлесуге уақыт та бермеді. 

Кітап оқу – өзіңді оқу


30

Кеш  соңында  Холли  қайта-қайта  жымиюдан, 

жүгіруден  шаршап  қалды.  Өз  достарының 

дастарқанына қосылғысы келді... 



3- бөлім

Таң  атысымен  Холлидің  үйіне  Шэрон 

келді.  Холлидің  түрін  көріп,  бірден  жуынуға 

жіберді.  Ал  өзі  үйді  ретке  келтіре  бастады.

Бір  сағат  ішінде-ақ  Шэрон  барлық  үйді  таза-

лап,  щаңын  кетіріп  те  үлгеріпті.  Кейін  екеуі 

шай  ішіп,  əңгімелесті.  Холли  бар  қайғысымен 

бөлісті.  Ал  Шэрон  күндегідей  оған  ақыл  ай-

тып,  қолдау  көрсетті.  Шэронның  келуі  Хол-

лиге  ерекше  жылы  сезім  сыйлады.  Екеуінің 

бірге  өткізген  бір  күні  арқылы  Холли  Джон 

екеуінің  де  өз  досынан  айырылғандығын,  осы 

күндер бойы ол тек өзін ғана ойлап жүргендігін 

түсінді.  Ертең  хатты  алып  кетіп,  өмірді  дұрыс 

кеше бастайтындығына уəде берді.

                                                                



4-бөлім

Келесі күні Холли ерте тұрып, досы шаш-

таразшы  Леоға  барды.  Өз-өзін  ретке  келтіргісі 

келді. Лео оны көріп, бірден кезексіз қабылдап, 

шаш  стилін  өзгеруге  көмектесе  бастады.  Хал-

жағдайын  сұрап,  əңгімелесті.  Лео  Холлиді 

əртүрлі  оқиғалармен,  əзілдермен  күлдірді.  Са-

лоннан  шыққанда  Холлидің  көңіл-күйі  өте 

жақсы болатын. Кейін ол бірден ата-анасының 

үйіне  барды.  Онда  оның 22 жасар  інісі 

Декланның  бір  топта  ойнайтындығын  біліп 

алды.  Ол – əрдайым  камераны  қолынан  таста-

майтын,  кинопродюсерлік  оқып  жатқан  жігіт 

еді. Анасы жұмыс туралы да сұрады. Себебі Хол-

ли бұрынғы хатшы болып жасаған жұмысынан 

шығып  кеткен  болатын.  Əлі  де  жұмыс  іздеп 

бастамаған екен. Холли жəне Элизабет екі сағат 

бойы  əңгімелесіп  отырып  қалды.  Ақырында 

Холли  хат  туралы  сұрады.  Хатқалтаны  ашқан 

уақытта ішінен 10 кішкентай қағаздар шықты. 

Əрбіреуінде  ай  аттары  жазулы  тұрды.Сол  ме-

зетте  Холли  күйеуінің  қолтаңбасын  танып 

қалды.

5-бөлім

Холли  хатты  оқи  бастады.  Мұнда 

күйеуінің  ішкі  сезімдері  жазылған.  Холли-

ден  өткен  естеліктермен  өмір  сүре  бермей 

жаңа  өмірге  қадам  аттауын  сұраған.  Өзінің 

еш нəрсеге де өкінбейтіндігін айтып, алғысын 

білдірген.  Ал  Джерридің  хатын  оқыған  Холли 

бірден көзіне жас алды. Əрбір кішкентай хат əр 

айға арналған, ал əрбір айға əр түрлі тапсырма-

лар берілген. Міне, Холли өтіп кеткен Наурыз 

айының хатын ашты. Мұнда «Білте шам сатып 

ал жəне көгерген жерлеріңнен айырыл! P.S. Мен 

сені сүйемін...» деп жазулы тұрды. Холли жы-

лауын тоқтатып, күле бастағанын байқамай да 

қалды.  Джерри  қайта  оралды!  Холли  бірден 

Шэронға  қоңырау  шалды.  Шэрон  да,  Джон  да 

Холлидің айтқан хабарына таңғалды.

6-бөлім

Холли  Шэронның  үйіне  барып,  үшеуі 

Джерридің  хаттарын  əңгімелеп,  ақылдаса  бас-

тады.  Екеуі  де  Джерридің  бұл  ойы  туралы 

білмеген екен. Үшеуіне де бұл ерекше жаңалық 

болды. Джерридің өз уəдесін сақтап қалғанына 

қуана түсті. Сəуір айы болғандықтан, сол айдың 

хатын ашуға бел буды. Бұл хатта «Диско-дива 

əрқашанда  өте  жақсы  киінуі  тиіс.  Өзіңе  жаңа 

көйлек сатып ал. Келесі айда қажет болады! P.S. 

Мен сені сүйемін...» деп жазулы тұрды.

7-бөлім

Холли  қайта-қайта  білте  шамды  қосып-

өшіріп жатты. Көңілі көтеріңкі болды.  Сол күні 

Шэрон  екеуі  «Төсектер,  тұтқалар,  швабралар» 

дүкенінен өз бөлмесіне сəйкес келетіндей білте 

шам сатып алған екен. Бір мезетте телефон шы-

рылы  естілді.  Бұл  сіңлісі  Киара  екен.  Киара 

Австралиядан үйіне оралыпты. Енді мерекелік 

кешкі  асқа  шақыруда.  Ата-анасының  үйінде 

барлық  отбасы  мүшелері  Ричард  жəне  Мере-

дит,  балалары,  Джек  жəне  Эбби,  Деклан  бола-

ды.  Холли  жəне  Джектің  арасында  өте  жақсы 

қарым-қатынас  бар  екен.  Кішкентай  кезінен 

 *«Үркер»*№52016


31

екеуі  əрдайым  бірге  жүрген  еді.  Джек 7 жыл 

бойы өзінің сүйген қызы Эббимен бөлек тұруда. 

Ал  Ричард – Холлидің  ең  үлкен  ағасы.  Ол  тек 

белгілі  бір  ережелермен  өмір  сүретін,  достары 

да жоқ, ешкіммен жылы сөйлеспейтін, жайдар-

лы мінезбен де ерекшеленбейтін жан. Əйелі Ме-

редит те жабырқаңқы əйел. Міне, кешкісін Хол-

ли  қаншалықты  барғысы  келмегенімен,  кешкі 

асқа  баруға  мəжбүр  болды.  Мұнда  барлығы 

да  жиналып  қалыпты.Үй  айқай-шуға  толы. 

Дастарқан  үстінде  Киара  Австралияда  болған 

оқиғалармен  бөлісті,  əзіл  де  айтылды,  ұрысқа 

да  жақын  сəттер  байқалды.  Кейінірек    Киара 

өз  сыйлықтарын  берді.  Осылайша,  Холли  осы 

күнін отбасы аясында өткізген еді.



8-бөлім

Холли  Джерридің  айтқанын  орындап, 

жаңа киім  сатып алды. Леоға шаш үлгісін жа-

сатып алды. Себебі бұл күні ол 30 жасқа толып 

жатқан еді. Лео да өз құрбысының туған күнін 

ұмытпай, салонда жұмысшыларымен бірге торт 

сыйлады. Бұл Холли үшін күтпеген жағдай бол-

ды, көңілін көтеріп жіберді. Кешке ол өз туған 

күнін  Шэрон,  Дениз,  Эбби,  Киарамен  өткізді. 

Қонақтардың  қатарында  Деклан  да  болды.  Ол 

оператор  қызметін  атқарып,  барлығын  өз  ка-

мерасына  түсірді.  Қыздар  тілектерін  айтып, 

сыйлықтарын  берді.  Əр  сыйлық  та  ерекше 

болған  еді.  Бірнеше  шампан  бөтелкесі,  қызыл 

шараптар  ашылды.  Кейін  қыздар  таксиге  оты-

рып, «Будуар»  клубына  жетті.  Қыздардың 

барлығы  да  шарапқа  тойып  алған.  Келесі  күні 

Холли  ұйқысынан  басы  ауырып,  шаршаған 

күйде  тұрды.  Шэрон  хабарласты.  Екеуінің  де 

есінде еш нəрсе жоқ. Холли кері ұйқыға кетіп, 

кешкі 9-да  ғана  тұрды.  Джек  қоңырау  шалып, 

ертеңгі күнге Декланның концертіне шақырды. 

Декланға  қолдау  көрсеткісі,  Холлимен  əңгіме 

айтып, қыдырғысы келеді екен. Холли ешқайда 

да  шыққысы  келмегенімен  Джекке  келісім 

берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет