Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата03.03.2017
өлшемі4,12 Mb.
#5985
1   2   3   4   5   6   7

9-бөлім

«У  Хогана»  пабына  жеткен  кезде  клуб 

іші  жастарға  толы  болатын.  Холли  інісінің 

жанкүйерлердің  ортасында  тұрғанын  көрді. 

Кейін  Деклан  Холлиге  жақындап,Холлиді  бұл 

пабтың иесі Дэниелмен таныстырды. Бұл шақта 

Джек  те  келіп  қалды.  Үшеуі  біраз  əңгіме  айт-

ты.  Бұл  кеште  Холли  інісінің 4 əнін  тыңдап, 

Джек пен Дэниелмен қоштасып кетіп қалды. Ол 

мамырдың хатын ашуға асық еді. Дегенмен 12-

ге дейін əлі 2 сағат бар болды.Бұл уақытты Хол-

ли қалай жоярын да білмей, əрлі-берлі теңселіп 

жүрді.  Уақыт  та  келіп,  Холли  хатын  ашқанда, 

мұнда «Кəнеки, Диско-дива! Осы айда «Дива» 

клубында  караокедан  қорқынышыңды  жеңіп 

көр! P. S. Мен сені сүйемін...» деп жазулы тұрды. 

Бірнеше рет Холли «Ешқашан!» деп қайталады 

да,  күлкісін  тыя  алмай, «Джерри!  Мен  карао-

кеге енді ешқашан да бармаспын! Ойлаушы да 

болма!» деп айқай салды. Сол кезде Шэрон да 

қоңырау шалып, асығыс хаттағы тапсырма ту-

ралы сұрады. Шындықты білген соң Джон мен 

Шэрон қайта-қайта күліп, күлкісін тіпті тыя да 

алмады.  Шэрон  Холлиді  көндіруге  тырысты. 

Бірақ Холли бұрынғыдай жағдайға ұшырағысы 

келмеді. Бұл түні ол ұйықтай алмады.

                                                                

10-бөлім

Таңертең  Холлидің  үйіне  Ричард  келді. 

Бұл  Холлиді  таңғалдырды.  Тіпті  Ричард 

қарындасының  сүйікті  гүлдері – орхидеяны 

алып келіпті. Холли ағасына қаншалықты разы 

болғанымен,  оның  үйінде  қалуын  қаламаған 

еді. Дегенмен, Ричард шай ішуден бас тартпады. 

Екеуінің əңгімесі тыныш өтті. Ричардтың Хол-

лиден  жұмыс  жəне  балалар  туралы  сұрақтар 

қоюы,  оның  күйеуінен  айырылып,  жалғыз 

қалғанын есіне түсіруі, Холлидің сезімдері ту-

ралы  ойламауы  оны  ызаландыра  түсті.  Көңілі 

түсіп, Ричард кеткен соң, тыныштала бастады. 

Қалайша  соншалықты  еш  нəрсе  де  түсінбеуге 

болады?

Альбина Қыдырқожа

Кітап оқу – өзіңді оқу


32

Шара


Қоғамда  интернет  қолданушылардың 

белсенді  шоғыры  қалыптасты.  Оларды  бло-

герлер  деп  атайды.  Блогерлер – олар  кімдер? 

Блогер – тəуелсіз  ғаламтор  журналисі,  өзінің 

өмірін, 

көзқарасын, 

ойын 

ғаламтордағы 



миллиондаған  оқырман  назарына  ұсынатын 

«жанкешті».  «Өзі  қожа,  өзі  би»,  ешкімге 

бағынышты емес, ақпарат кеңістігінде еркін ой 

ақтаратын  белді  сыншы,  болған  немесе  бола-

тын жайттарға өзінің жеке пікірін білдіре ала-

тын көзқарасы бөлектеу тұлға. Қазіргі ақпарат 

ғасырында  əлеуметтік  желілер  мен  интернетті 

тиімді  пайдалануда  блогшылардың  қоғамдық 

пікірді  қалыптастыруда  қосар  үлестері  зор. 

Елімізде бүгінгі күні 300-ге жуық қазақ тілінде 

блог  бар.  Ал  блогердің  кем  дегенде  мыңнан 

басталып,  милионға  дейінгі  оқырманы  бар.  

Сондықтан,  кез-келген  мемлекет  үшін  блогер-

лер  «əлеуетін»  тиімді  пайдаланудың  маңызы 

зор.  Соңғы  жылдары  еліміздің  интернет 

кеңістігінің  даму  барысын  таразыға  тартатын 

жиындар  республикамыздың  əр  аймағында 

жиі  ұйымдастырылуда.  Соның  бірі – жыл 

сайын  əр  аймақта  дəстүрлі  түрде  өткізілетін 

«Блогқұрылтай».  Биыл  қазақ  блогерлерінің 

өзара  тəжірибе  алмасуы  мен  жаңа  медианың 

мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуді 

көздеген  шара Тараз қаласында наурыз айының 

соңында өтті.  



Қауышулар мен танысулар күні

«BlogCamp:  Блог  Құрылтай – 2016» іс-

шарасы  жаңа  медиа  мамандарының,  сайт 

жасаушылардың  өзара  тəжірибе  алмасу  алаңы 

болды.  Жалпы,  осыған  дейін  аталмыш  шара 

Астана, 


Алматы, 

Шымкент, 

Қарағанды, 

Талдықорған  қалаларында  ұйымдастырылған 

еді. Шараға Қазақстанның өңірлерінен, Астана 

мен Алматы қалаларынан жəне жақын шет ел-

дерден 150 блогер  қонақ  келіп,  жалпы 300-дей 

белсенді  интернет  қолданушылары  қатысты. 

Басты  мақсат – қазақ  блогшыларының  өзара 

танысуы  мен  тəжірибе  алмасуы  арқылы  оның 

сапалық  деңгейін  көтеру.  Азаматтық  қоғамды 

қалыптастырудағы 

əлеуеттерін 

арттыруға 

себепші  болу.  Қазақ  тіліндегі  блогтарға 

қатысты  заңнамалық  мəселелерді  талдау. 



ҚАЗАҚ 

ҚАЗАҚ 

БЛОГЕРЛЕРІНІҢ 

БЛОГЕРЛЕРІНІҢ 

ҚАРЫМЫ 

ҚАРЫМЫ 

ҚУАНТАДЫ 

ҚУАНТАДЫ 

33

Блогқұрылтайдың  алғашқы  күнінде  облыс 

əкімі  Кəрім  Көкірекбаев  келген  қонақтарды 

жылы қабылдады.  

 - «BlogCamp: Блог  Құрылтай – 2016» 

шарасының    киелі  Тараз  қаласында  өтуі  тегін 

емес.  Бүгінде  Ұлы  Жібек  жолының  бойында 

орналасқан  Əулиеата  шаһары  салтанаты  асып, 

түрленіп, көркейе түсті, -дей келе аймақ басшы-

сы өңірдің саяси, экономикалық, рухани дамуы 

деңгейін  қозғап,  жастар  арасында  жүргізіліп 

жатқан идеологиялық жұмыстарды сөз етті. Өз 

кезегінде блогерлер өз ойлары мен ұсыныстарын 

айтты.  Əсіресе    Алматы  қаласынан  кел-

ген    Федор  Яков  пен  Елордадан  келген    Қанат 

Əуесбай сынды белді блогшылардың ұсынысы 

көпшіліктің көкейінен шықты. Облыс əкімінің 

қонақтарды  қабылдауынан  соң  «Тараз-Арена» 

спорт  кешенінде  спорттық  жарыстың  бірнеше 

түрінен  жолдастық кездесулер өткізілді. Атап 

айтар болсақ, кіші футбол, волейбол, арқан тар-

ту, гір тасын көтеру, үстел теннисі, шахмат, жүзу 

сынды  спорт  түрлерінен  блогшылар  сайысқа 

түсіп,  ғаламторда  ғана  емес,  жалпы  өмірде  де 

ссалауатты  өмір  салтын  ұстанатындықтарын 

дəлелдеді. 

  Жарыс  барысында  Ұлттық  интер-

нет 


ассоциациясының 

вице-президенті, 

«BlogCamp:  Блог  Құрылтай – 2016» іс-

шарасының  үйлестірушісі  Данияр  Аланнан 

блогқұрылтайдың қайдан бастау алғанын жəне 

шараның алдағы жоспарларын сұрадық. 

 - Блогшылардың  алғашқы  құрылтайы  

2011  жылы  белгілі  саясаттанушы  Ерлан 

Қаринның  бастамасымен  қолға  алынды.  Ол 

кісі «Twitter» əлеуметтік  желісінде  отырып, 

блогшылардың 

басқосуын 

ұйымдастыру 

туралы  ой  тастады.  Көп  ұзамай,  Ерлан 

мырзаның  идеясын  елімізге  танымал  блогер 

Асхат  Еркімбай  іліп  алып,  өз  студенттерімен 

əлеуметтік  желілердегі  достарымен  бірігіп, 

блогқұрылтай өткізуге дайындық жұмыстарын 

бастап  кеткен  еді.  Осылайша  блогшылар 2011 

жылы  Алматыдағы  КИМЭП  университетінде 

бас  қосты.  Алғашқы  жиынға  еліміздің  барлық 

өңірлерімен  бірге  Қытай,  Жапония,  Герма-

ния, Моңғолия елдерінен 150-ге жуық блогшы 

қатысқан болатын. Блогшылардың басқосуына  

Ерлан  Қарин,  Бекболат  Тілеуханов,  Мұрат 

Əбенов  сынды  елімізге  танымал  тұлғалар 

арнайы  шақыртылды.  Келесі  жылы  бұл 

құрылтай Астана қаласында ұйымдастырылды. 

Ал 2013 жылы  көшпелі  құрылтай  Оңтүстік 

Қазақстан  облысының  орталығы  Шымкент 

қаласына  табан  тіреді.  Сол  шараның  басы 

–  қасында  ұйымдастырушы  ретінде  өзім 

жүрдім.  Құрылтайдың  ресми  бөлігі  М.Əуезов 

атындағы  мемлекеттік  университет  базасын-

да  өтсе,  негізгі  бөлігі  «Бəйшешек»  сауықтыру 

лагерінде жалғасын тапты. Басқосуға қатысуға 

бас-аяғы 380 адамнан  өтініш  түсіп,  оның 220-

сы қатысты. Қытай, Түркия мемлекеттеріндегі 

қандастарымыз  да  құрылтай  жұмысының  бел 

ортасында жүрді. 

  Шарада 

«Асыл 


арна» 

ислами-


ағартушылық  телеарнасының  бас  директо-

ры,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері 

Мұхамеджан 

Тазабек 


қазіргі 

таңдағы 


ғаламтордың  пайдасы  мен  зияны  жайын-

да  айтып,  блогшыларға  тəрбиелік  мəні  зор 

жазбалардың  қазіргі  қоғамда  айрықша  орын 

алатынын жеткізді. 



Наурызбек САРША

«Қазақ блогерлерінің қарымы қуантады»

34

–  Социология  ғылымында  «Вертер  син-

дромы» (Sindromul werther) деген бар. Бұл син-

дром  бойынша,  бір  рет  жасалған  жауыздық 

актісі ақпарат құралдарынан кеңінен айтылып, 

жазылып, көрсетіле берсе, бұл қаніпезер əрекет 

домино əдісімен елдің əр қиырынан қылаң беріп, 

ұласпалыға  айналады.  Мəселен,  өзіне-өзі  қол 

салу  əрекеті.  Сондықтан  лажы  болса,  мұндай 

қайғылы 


тақырыптарды 

жиі  қозғап,  соған  екпін 

қойып  маздата  беру  орны-

на  барынша  шектеп,  тіпті, 

тиым  салса  да  артық  емес 

деп  санаймын.  Үндеуіме 

ақпарат 

құралдарының 

құлақ  асқанын  қалаймын,-

деді 


журналист, 

«Болашақ»  халықаралық 

стипендиясының 

иегері 


Қанат Əуесбай.

  Сонымен 

қатар, 

«Жігер.  Абырой.  Сана» 



қоғамдық 

бірлестігінің 

президенті  Есен  Елеукен 

мен  Қытайдағы  қандас 

бауырларымызға  арналған 

«Сен – Қазақ»  сайтының  редакторы  Ақытбек 

Шеризатұлы  да  өз  ойларын  ортаға  салып, 

шараға қатысушыларға сəттілік тіледі.

Одан соң  3 бағытта секциялық жұмыстар 

мен  шеберлік  сыныптары  өткізілді.  Маралбек 

Сағынғанов  «Журналистің  негізгі  міндеті – 

ақпаратты  дұрыс  жеткізу»,  Мұхаммеджан  Та-

забек «Жағымды жəне жағымсыз ақпараттарды 

қабылдау»,  Нұрлан  Жанай  «Салалық  блогер-

лер»,  Жалғас  Ертай  «Дырдунеюс»,  Ақытбек 

Шеризат  «Қытайдағы  интернеттің  даму 

жүйесі», Ұлықбек Алиакбарұлы «Ютуб арқылы 

қалай қаржы табуға болады», Əйгерім Əлімжан 

«Медиасауаттылық», Өркен Кенжебек «Инста-

грам для чайников» тақырыптарында жəне өзге 

де блогшылар өз тəжірибелерімен бөлісті. Түрлі 

пікірлер мен əртүрлі көзқарастар да ортаға са-

лынды. 

  Биылғы 



блогқұрылтайдың 

басты 


ерекшелігі – Қазақстан  республикасының 

Білім жəне Ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің 

блогшылармен  кездесуі  болды.  Онда  министр 

интернеттің 

белсенді 

қолданушыларымен 

«TED»  форматында  əңгіме  өрбітті.  Əңгіме 

ғаламторды  жастардың  тиімді  пайдалану-

ынан  басталып,  бастауыш  сыныптарда  үш 

тілді  қатар  оқыту,  оған  маман  дайындау, 

мұғалімдердің  құқын  қорғау,  жоғары  оқу 

орындарындағы  ғалымдардың  жағдайы  жəне 

басқа да түйінді мəселелерге жалғасып жат-ты. 

 *«Үркер»*№52016


35

Наурызбек САРША

«Қазақ блогерлерінің қарымы қуантады»

Ерлан  Кенжеғалиұлы  жаңадан  қабылданған 

мемлекеттік бағдарламаның бір бағыты – қазақ 

тілін дамыту туралы ойларымен бөлісті. 

–  Елімізде  қазақ  тілін  үйрететін  дұрыс, 

сапалы əдістеме жоқ, – дейді Білім жəне ғылым 

министрі  Ерлан  Сағадиев. – Ағылшындарда, 

финдерде  осындай  əдістемелер  бар.  Адам 4-5 

айдың ішінде сол елдің тілінде сөйлей бастай-

ды. Біз де сол сияқты қазақ тілі үшін осындай 

əдістеме  жасайтын  боламыз.  Ол  үшін  орта 

мектептердегі қазақ тілінің білімді ұстаздарын 

шетелге оқуға жіберу қажет. Біз көбінесе қазақ 

тілін жақсы меңгерсе, сол үздік маман деп ой-

лаймыз.  Бұл  дұрыс  емес.  Ең  алдымен  қазақ 

тілін  біліп,  сосын  ағылшын  тілін  меңгеріп, 

Гарвард  сияқты  оқу  орындарында  біліміңді 

жалғастырсаң,  сонда  ғана  ең  білімді  тəсілгер 

болып шығасың. Сондықтан осындай білім ор-

даларына Елбасының «Болашақ» бағдарламасы 

арқылы қазақ тілі мамандарын оқуға жібереміз.

Сосын  баланы  кішкентайынан  екі,  үш 

тілде  сөйлеуге  үйрете  бастаған  жөн.  Көптеген 

халықтар  екі-үш  тілде  сөйлейді.  Мысалы,  Из-

раиль  екі  тіл,  Швейцария,  Голландия,  Ма-

лайзия  үш  тіл,  Бельгияда  міндетті  түрде 4 

тіл  қалыптасқан.  Жас  баланың  екі-үш  тілде 

сөйлеуі оның миын, ойлау қабілетін дамытуға  

əсері бар. Америкада жəне басқа да елдерде осы 

мəселе  зерттелген.  Зерттеуші  ғалымдар  екі-

үш  тілде  сөйлейтін 7-8 жастағы  бала  миының 

байланыстары  бір  тілде  ғана  сөйлейтін  балаға 

қарағанда, 20 пайызға  көбірек  дамитынын  ай-

туда.  Себебі,  балаға  неғұрлым  көбірек  талап 

қойылса,  жүктемелер  бірте-бірте  көбейтілсе, 

олардың  қабілеті  еш  қиналмастан  арта  түседі, 

-  дейді  министр.  Сондай-ақ,  жас  блогерлерге 

Ерлан Сағадиев «Қазақша сөйлегендерге күліп 

қарауды  тоқтату  керек», «Креативті  жастар, 

бізге  келіңіздер,  бірге  жұмыс  жасайық»  деп 

ұсыныс айтты.

Одан  соң  шараға 

қатысушылар 

минис-


трге  сауалдары  мен  өз 

ұсыныстарын  жеткізді. 

Мəселен,  Аятжан  Ах-

метжан  есімді  блогер 

өзінің 

мұғалім 


бо-

лып  қызмет  ететінін 

айта  келе,  ұстаздарды 

қ а ғ а з б а с т ы л ы қ т а н 

құтқарыңызшы 

деген 


ұсынысын 

жеткізді. 

Бұл  кездесуде  маңызды 

мəселелер талқыланды.

 Кездесуден  соң, 

ең  үздік  презентация-

лар  мен  старт-аптар  та-

ныстырылды.  Соңынан 

облыстық  кəсіпкерлер 

палатасының  директоры  Қарлығаш  Аралбеко-

ва  өңірдегі  кəсіпкерлерді  қолдау,  шағын  жəне 

орта  бизнесті  дамыту  жөнінде  сөз  сөйлеп, 

блогқұрылтайды қорытындылады.

  Блогқұрылтайдың 

соңғы 

күнінде 


Қазақстан 

Республикасы 

Тəуелсіздігінің 

25  жылдығына  орай, «Көне  Тараз»  тарихи-

мəдени  орталығында  блогшылар 25 түп  ағаш 


36

отырғызып, «Біздің  өлке»  атты  экскурсия 

өткізілді.  Қонақтар  «Көне  Тараз»  тарихи-

мəдени  орталығы,  облыстық  тарихи-өлкетану 

мұражайы, «Төрткүл»  керуен-сарайы,  Айша 

бибі, Қарахан, Тектұрмас кесенелерін аралады.



Өркен КЕНЖЕБЕК,  

«Хабар» Агенттігінің Арнайы жобалар 

қызметінің жетекшісі.

–  Негізінен, «BlogCamp» Америкада, 

Еуропа  елдерінде  көптеп  ұйымдастырылып 

тұрады.  Оларда «Camp» өткізуге  қызығатын 

адамдар  белгілі  бір  қаланы  таңдап,  осы  тек-

тес  жиындарды  өткізеді.  Ал  біз  бұл  форматқа 

өзгеріс  енгіздік.  Яғни,  біздегі  құрылтайлар 

көшпелі.  Неге  десеңіз,  біз  жұмысты  бір 

қалада  ғана  жүргізе  берсек,  географиялық 

ауқымымыз  тарылып  қалар  еді.  Құрылтайды 

өткізуде  көшпелі  форматты  қолға  алу  арқылы 

біз  өңірлерде  блогқа  қызығушылардың  ор-

тасын  қалыптастыра  алдық.  Бұған  дейін 

құрылтай  өткізілген 5 қаланың  барлығында 

блогшылардың ортасы қалыптасып үлгерді. 

Тараздағы  «Блогқұрылтай»  бұл  қазақша 

жазатын  барша  интернет  белсенділерінің, 

блогерлерінің, 

трендсеттерлерінің 

басын 


бір  қосып,  қордаланған  мəселесін  қарап, 

ұсыныстарын  айтып,  бастамасын  көтеріп 

қалуға  таптырмайтын  алаң  болды.  Əрі 

республикалық  шараның  Тараз  төрінде  өтуі 

міндетті түрде мультипликативті əсерін беріп, 

жергілікті  жастардың  блог  пен  əлеуметтік 

желілерде  белсенділігін  арттырады.  Əсіресе, 

жастар  мұнда  əлеуметтік  желілердегі  селф-

брендинг  негіздерін  білу,  Клоут  рейтингіне 

ілігу,  сайттың  қаралымын  арттыру,  мобильді 

фотография  негіздерін  үйрену, SEO мен SMM 

мүмкіндіктерін  зерттеу  секілді  тақырыптарда 

толық  мағлұмат  алып,  білімін  толықтырады, 

кəсіби  блогшылармен  таныстығы  артып, 

нетуокингтік қасиеттері күшейеді. Ал еліміздің 

түкпір-түкпірінен  келген  танымал  блогшылар 

Тараз қаласы туралы пост жазып,  фотобайқауға 

қатысуы  арқылы  Қазнетті  біздің  өңір  жайлы 

танымдық,  талғамды  материалдарға  байы-

тып  кетеді.  Тоқетері,  Жамбыл  өңірінің  жақсы 

істерін жарнамалаудың бірден-бір жолы – осы. 

Сондықтан,  бұл  шараның  қай  тарапқа  болсын  

берері мол!

Еркебұлан Құралбаев,

облыс  əкімдігінің  жастар  саясаты 

мəселелері басқармасының басшысы:

Өңірімізде 



өткізілген 

құрылтай 

өңірдегі  ақпараттық  сауаттылықты  артты-

ру  мен  блогерлердің  қатарын  көбейтетіндігі 

сөзсіз.  Ең  бастысы,  жан-жақтан  жиналған 

блогерлер  өңіріміздегі  тарихи,  мəдени  нысан-

дарды  аралап,  əлеуметтік  желі  арқылы  олар-

ды  жарнамалады.  Тек  тараздықтар  ғана  емес, 

еліміздің  басқа  аймақтарындағы  тұрғындар 

облысымыздың тыныс-тіршілігімен жан-жақты 

танысуға  мүмкіндік  алды.  Құрылтай  аясында 

тəжірибелі  мамандардың  дəрісін  тыңдап,  пай-

далы  тренингтерге  қатысуға  мүмкіндік  туды. 

Құрылтайдың  тағы  бір  өзіндік  ерекшелігі 

–  қазнетке  сапалы  контент  қосу,  қазақ  блого-

сферасын жандандыру, оқырмандарды Жамбыл 

облысының  тарихымен,  ондағы  халықтың  əл-

ауқатымен,  атқарылып  жатқан  жұмыстармен 

таныстыру  мақсатында  «Мен  тамашалаған  Та-

раз» тақырыбына блогшылар арасында конкурс  

өткізілуінде.Осы  байқауға  қатысушылар  «Та-

рих», «Даму», «Тараздықтар» атты тақырыптық 

бағыттары  бойынша  пост  жазып  жариялады. 

Ал  үздіктер  конкурс  қорытындысы  бойынша 

жеңімпаз атанып, І, ІІ жəне ІІІ орындар бойын-

ша  бағалы  сыйлықтармен  марапатталатын  бо-

лады.

Наурызбек САРША,

журналист.



 *«Үркер»*№52016

37

Айтайын деп айтпайсыѕ

Ұзақ  жылдар  бойы  мектеп  директоры, 

Т.  Рысқұлов  аудандық  білім  бөлімінің  бас-

шысы  қызметтерін  атқарған  жəне  бірнеше 

мəрте 


аудандық 

мəслихаттың 

депутаты 

болған  Сейітжан  Өскенбаев  (марқұм)  бірде: 

«Жамандықты 

айтқан 


сайын 

көбейеді. 

Жан  түршіктіріп,  жаға  ұстатар  əрекеттерді 

көпшіліктің  көзінше  айта  бермеуіміз  керек» 

деген еді. Сол сəтте осы сөздің байыбына үңіле 

қоймаған едім. Орайы келгенде айтыла салған 

пікір  деп  қана  қарадым.  Арада  бірнеше  жыл 

өткенде  осы  сөздің  жаны  бар  екеніне  көзім 

жетіп  отыр.  Қазіргі  қоғамдағы  болып  жатқан 

жайттар осыған дəлел болып тұрғандай. 

Жаңа 

жылдық 


демалыста 

ауылға 


барғанмын. Құланда болған оқиға туралы сон-

да естідім. Қалаға келгенімде  ауылдан жырақ 

тұрған  жол  бойындағы  əжетханаға  баласын 

туып  тастап  кеткен  безбүйрек  ана  туралы 

əлеуметтік  желілерде  əңгіме  қызып  тұр  екен. 

Осы  оқиғаның  артынша  Талас  ауданында  жан 

шошырлық оқиға орын алды. Тасбауыр анадан 

туылып,  басы  тасқа  тиген  бейкүнə  нəрестенің 

ғұмыры  сол  жерде  үзілгені  талай  жанды  ауыр 

мұңға батырғаны анық. Шынымен, бұдан өткен 

қасірет жоқ болар. Олардың бұл əрекетін Алла 

алдында да, қоғам алдында да ешкім ақтап ала 

алмас. Анасы мен қызының мұндай қатігездікке 

не үшін барғанын кім білсін?! Мүмкін олардың 

осы əрекетін басқалар қайталамау үшін осылай 

жеккөру сезімін туғызу керек те шығар. Əйтеуір, 

олар бұдан кейін көзге шыққан сүйелдей болып 

қалатындай болды.

Олар неге мұндай жауыздыққа барды? Бұл 

сауалдың жауабын мен де іздеп көрмек болдым. 

Ананы  мұндай  жағдайға  не  итермелегенін  де 

білгім келді. Алайда іле шала бұл ойымнан ай-

нып қалдым. Оған қос оқиғаны қызу талқылап 

жатқанда,  Ақмола,  Талдықорған,  Атырау 

облыстарында  дəл  осындай  оқиғалардың 

қайталануы маған тоқтау салды. 

Қоғам  болып,  келеңсіз  оқиғаларды  көзге 

шұқығандай  қайталап, «жарнамалай»  берудің 

қаншалықты  қажеті  бар.  Осы  жағдайларды 

тағы  да  айта  түссек, «жоспарсыз»  құрсағына 

біткен шаранадан «дəл осылай оңай құтылғысы 

келетіндер» көбейе түспесіне кім кепіл. 



Мектептен – перзентханаға

Бір  айдың  ішінде  орын  алған  осы  екі 

оқиғадан  кейін  білім,  денсаулық  сақтау 

саласының  мамандары  келеңсіздіктің  ал-

дын  алу  шараларына  қызу  кірісіп  кетті. 

«БІР АДАМ ЖАМАН 

БОЛСА, 

ОҒАН ЗАМАНДАСЫНЫҢ 

БӘРІ «ВИНОВАТ»

Жамандықты жар сала жарнамаламайық


38

Жасөспірімдермен 

 

кездесулер 



өткізіп  

түсіндіру  жұмыстарын  жүргізді.  Қыз  бала-

лар  қатаң  бақылауға  алынып,  жүріс  тұрысы 

«тəртіпке»  салына  бастады.  Мектепте  оқитын 

жиен сіңілім: «Ауданнан келіп кездесу өткізген 

мамандар бір ауылда екі қыз баланың босанып 

отырғанын айтып берді. Бізге сендер де сондай 

қадамға барып, жаза баспаңдар деп ескерту жа-

сады» деді. Бұндай мысалдар басқа облыстарда 

да бар шығар.

«Ауру  туралы  айта  берсе,  саудың  да  са-

быры кетер» деген сөз бар. Біздің келеңсіз жайт-

тарды күн құрғатпай қайталап айта беруіміздің 

салдары  екінші  бір  жағымсыз  əрекеттің  белең 

алуына себеп болып жүрмесін. Əрі беріден кейін 

жеткіншек  қыздардың  жаза  басып  қателесуіне 

ата-ана,  мұғалім,  психолог,  дəрігер  ғана  кінəлі 

емес,  оған  бүкіл  қоғам  кінəлі.  Абайша  айтсақ, 

«бір адам жаман болса, оған замандасының бəрі 

«виноват».



Жағымды жаңалық неге 

аз жазылады

Жақында  ұлттық  арнадан  бір  полиция 

қызметкерінің  жол  бойында  аяғы  ауыр  əйелді 

босандырып,  ерлік  жасағаны  туралы  түсірілім 

көрсетілді.  Бұған  дейін  бала  босандыруда  жа-

салатын  іс  əрекеттен  бейхабар  азаматтың  еш 

саспай,  баланың  аман-есен  дүниеге  келуіне 

көмектескені  сүйсіндіреді.  Бірақ,  бір  қызығы 

бұл оқиға жоғарыда біз сөз еткен келеңсіздіктер 

сияқты аса көп жарнамаланған жоқ. Неге екені 

белгісіз  жағымды  жаңалықты  бір-бірімізге 

жеткізуге  асықпадық. «Жақсылықты  бөліссең 

көбейеді», – деген қазақ осы азаматтың азамат-

тығын  айтуды  «эксклюзив»  деп  санамаған 

секілді.      



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет