Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата03.03.2017
өлшемі4,12 Mb.
#5985
1   2   3   4   5   6   7

Түйін:  «Ел болам десең, бесігіңді түзе» 

дейді.  Əрбір  отбасы  қоғамның  кішкентай  бір 

бөлігі. Сол қоғамды өркениеттілікке жеткізу ең 

алдымен,  отбасындағы  тəрбиеден  басталмақ. 

Иə... бүгінде жігіттеріміз елдің қамын ойламақ 

түгілі,  қыздардың  өмірін  бір  түндік  ойынға 

айналдырып,  соңында  некесіз  туған  балалар 

көбейіп  кетті.  Безбүйрек  аналар  балаларын 

тастап  ойланбастан  кетіп  жатыр.  Ол  балаға 

кейін  анасының    аялы  алақанының  жылу-

ын  сезбек  тұрмақ,  бет-бейнесін  көргісі  келіп, 

бір  иіскеудің  өзі  оның  арманына  айналатыны 

анық.  Сəбилер  үйіне  бас  сұға  қалсаң  көздері 

жəудіреген  жетімдер.  Олардың  басым  бөлігі 

қазақтар  екенін  көргеніңде  ішің  ашиды.  Тас-

танды  балаға  əке  өзінің  тегін  бермек  түгілі, 

маңынан да жүрмейді. Ол баланың тəрбиесіне, 

өсіп-жетілуіне мемлекет қана жауапты болады. 

Сонда еліміздің болашағы қандай болмақ деген 

ойға  қаласың.  Осыдан  келіп,  бала  өзінің  кім 

екенін, қайдан шыққанын білмей өседі.

Камила БОРАШОВА,

журналист.

Жамбыл облысы



 *«Үркер»*№52016

Халық даналығы

Ауру туралы айта берсе, саудың да 

сабыры кетер.


39

Ґмірдіѕ ґз əѕгімесі

ИІРІМ

–  Е-е-ей,  қайыссың  барсың?  Батты  ғой 



ана қыз. Е-е-ей, өлді ғой ана қыз.

Кезекті  демалысымды  алып,  Қапшағай 

жағажайында  демалып  жатқан  болатынмын. 

Жанұшыра  айғайлаған  əйелдің  ащы  дауысы-

нан атып тұрып, апыл-ғұпыл киіне салдым да, 

елдер топталып, жиналып тұрған жерге лезде 

жетіп  бардым.  Барсам,  судың  қақ  ортасында 

бір қыз суға бір батып, бір шығып, жағаға мал-

тып шыға алмай тұншығып жатыр екен.

– Күте тұрыңыздар, қазір құтқарушылар 

келеді, – деп  адамдарды  жан-жаққа  итерме-

леп,  суға  ешкімді  жақындатпай  қарап  тұрған 

күзетшінің сөзіне қарамастан қалың топты жа-

рып өтіп, суға бірден қойып кеттім. 

Тілсіз  жаумен  арпалысып  жүріп,  қызды 

жағаға  алып  шығып  жерге  жатқызғанда 

барып  бір  нəрсе  есіме  түскендей  болды. 

Жаңылыспасам, бұл сол қыз. Соның өзі. Сон-

ша  жылдан  бері  жолықтырмай  келіп,  енді 

кезіктіргенін қарасаңызшы? Одан бері қаншама 

жыл өтті? Қаншама жыл?

***


Дəл  осындай  оқиғаға  мен  мектепте  ал-

тыншы  сынып  оқып  жүргенде  куə  болдым. 

Оқу  жылы  аяқталысымен  ұлдар-қыздар 

бəріміз  жиналып,  сынып  жетекшімізбен  бірге 

«Бартоғай»  су  қоймасынан  ағатын  аяққы 

өзенге  көкке  шықтық.  Өзеннің  тастай  тен-

тек  суы  аспанға  ақ  көбігін  шашып,  күркіреп  

ағып  жатты.  Бас  кезінде  суға  жақындамақ 

түгілі,  маңайына  да  жолай  алмай  жүрдік. 

Алыстан  тұрып  лақтырған  тасымызды  қылқ 

еткізіп  жұтып  қояды  да,  біраз  жерге  дейін 

тықырлатып  ағызып  барып,  артынша  өзеннің 

сарқырамасынан естілмей жоқ болып кетеді. 

Балалардың көңілі алғашында суға емес, 

қаладан келген қызға ауған еді. Қаладан келген 

Жеңісбек КӨКЕНОВ 

Алматы  облысында  дүниеге  келген. 

2006  жылы  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық 

университетін 

тəмамдаған. 

Əңгімелері 

республикалық  баспасөз  беттерінде  жария-

ланып  келеді.  Журналымыздың  тұрақты 

оқырманы əрі авторы. 


40

қызымыз,  баяғыда  өзімізде  бастауыш  сынып-

та оқып кеткен Айсұлу. Бəрінің екі көзі сонда. 

Бір-біріне қарап: 

–  Мə,  қандай  əдемі  болып  кеткен, – деп 

таңқалып қояды. 

Олжас  деген  қылжақбас  Айсұлуға 

қалай жақсам екен деп ана жағынан бір, мына 

жағынан бір шығып, жерден құшақ-құшақ гүл 

теріп беріп жағымпазданып жүр. Жерге түсіп 

қалған  гүлдерін  қолына  қайта  жинап  теріп 

береді. Болды, керек емес десе де болар емес. 

«Мə, алсаңшы, ал деймін» деп құшағына зор-

лап тықпалай береді.

Кейбір  ұлдар  өздерінше  Айсұлуды 

сырттай иемденіп алды. Сол үшін бір-бірімен 

ерегесіп,  төбелесіп  те  алды.  Оларға  ұқсамай 

бойымды тік ұстап, өзімді салмақты көрсетуге 

тырысып, жат қылықтардан аулақ жүрдім.

Тауға  барғалы  Айсұлу  Жанар  апайдың 

қасынан алысқа ұзап шықпады. Қыздар да сол 

айналада.  Ал  ұлдар  болса  балақтарын    түріп 

тастап, жалаң аяқ футбол ойнап жүр. Өзеннің 

арнасынан тасып ағып, ағаштардың арасымен 

жан-жаққа жылтырап аққан, жайдақ майда су-

ларды аяқтарымен шылқылдатып кешіп ойнап, 

ойынның қызығына кіріп кеткен. 

Көктемнің бүгінгі жанға жайлы шуақты 

күні тіпті ерекше. Жер əлем адам танымастай 

құлпырып,  өзгеріп  кеткен.  Жаныңды  рахатқа 

бөлейтін  осындай  қызықты  күндер  көп  болса 

ғой деп тілейсің. 

Ешкімнің миына кіріп шықпайтын түрлі 

нəрселерді ойлап тауып, бəрімізді таңқалдырып 

жүретін Бекзат осы кезде шынымен естіді ме, 

жоқ əлде ойдан шығарды ма білмейміз, аяғына 

доптың тигені сол еді:       

– Ананы қараңдар, – деді қыздар жақты 

нұсқап. 

Бекзат  айтқан  жаққа  жалт  бұрылып 

қарағанымыз сол еді, ол біздің қақпаға рахатта-

нып тұрып бір гол соғып үлгерді. Допты қолға 

алып,  қайта  қарадық.  Қыздар  жақ  шынымен 

абыр-сабыр  болып  кетті.  Қолдарын  бұлғап, 

«бері  келіңдер»  деп  шақырғандай  болды. 

Қызықты өтіп жатқан ойынымызды қиып кете 

алмай, қайта жалғастырып ойнап кете бардық. 

Бір кезде қасымызға Салтанат пен Гүлназ 

жетіп келді.  Екеуі ентігін басып сөйлей алмай:

– Ана жақта... ана жақта..., – дей берді.

– Не ана жақта? 

– Айсұлу... 

– Не болды? 

– Айсұлу... суға ағып...

Бір жағдай болғанын сезе қойдық.  

– Не қарап тұрсыңдар, жүр кеттік, – деп 

балалар бəріміз сол жаққа лезде жүгіре басып 

жетіп бардық. 

Барсақ,  судың  жағасындағы  адамның 

құшағы  жетпес  үлкен  теректің  тамырынан 

мықтап  тұрып  ұстап  алған  Айсұлу,  жағаға 

ұрып  соққан  судың  толқынынан  ары-бері 

ырғалып, тербетіліп тұр екен. Не жылағанын, 

не айғайлағанын анық біле алмайсың. Өзеннің 

күркіреп  аққан  ағынды  суы  еш  бір  дыбысты 

естіртер емес. 

Бізден  бұрын  барған  Нұрбол  желаяқ 

ағаштың  басына  əлдеқашан  шығып  кеткен. 

Жақындап барып Айсұлуға қолын созып көріп 

еді,  жете  қоймады.  Қолын  созған  Нұрболға 

Айсұлу да ұмтылды. Бірақ ол да жете алмады. 

Қолы тайып кетіп, екінші бұтақтан ұстап тұрып 

қалды. Жан-жақтан айғайлап шыңғырған дау-

ыстар, адамды сасқалақтатып, одан əрі зəреңді 

алады. 

Нұрболдан кейін ағаштың басына бағана 



бəрімізді  елең  еткізген  Бекзат  шыққан.  Бір 

жерден екінші жерге секіре бастады.  Тағы бір 

қарғып еді, табаны тиген жіңішке бұтақ сынып 

кетіп, жерге арқасымен оңбай құлап түсті. 

Анадай  жерде  жандарын  шүберекке 

түйіп  қарап  тұрғандар,  бұл  көріністі  көргісі 

келмегендей,  алақандарымен  беттерін  жа-

уып  теріс  бұрылып  тұра  қалған.  Ендігі  ке-

зек  кімдікі  екен  дегендей,  қыздар  бір-біріне 

 *«Үркер»*№52016


41

Жеңісбек КӨКЕНОВ. «Иірім» 

қарай  бастады.  Қолыма  ұстап  тұрған  «адида-

сымды»  үстіме  кие  салып,  ағаштың  басына 

секіріп  шықтым.  Алақандарымен  беттерін 

жауып қарап тұрғандардың жүректері орнына 

түскендей  болды.  Қолдарын  түсіріп,  үміттене 

қарай бастады. 

Көрші 


үйдің 

балаларымен 

күнде 

ағаштардың 



басында 

«шүр» 


ойнап 

жүргендіктен,  бұл  іс  маған  еш  қиындық  ту-

дыра  қоймады.  Ағаштың  үстіңгі  жағымен 

өрмелеп  келіп,  астыңғы  Айсұлу  тұрған  жер-

ге  секіріп  түстім.  Мен  ұстаған  бұтақ  алды-

мен  екі  адамды  көтере  ала  ма  екен  дегендей, 

Айсұлудың  сол  қолынан  ұстап,  өзіме  қарай 

тартып  көрдім.  Көтере  алатын  сияқты.  Қайта 

төмен  еңкейіп,  Айсұдудың  сол  қолынан 

ұстап  жоғары  көтере  бергенімде,  бір  қолым 

байқаусызда  тайып  кетіп,  құлап  кете  жазда-

дым.  Енді  басқа  əдісті  қолдануым  керек.  Сол 

қолыммен шашынан мықтап орап ұстап, қайта 

жоғары көтердім. Өзіме қарай тартып шығарып 

алдым да, ағашты жағалай жүріп келіп, жерге 

түсіріп алдым. Жанар апай кеудесін басып, ау-

зына үрлеп дем беріп, алғашқы медициналық 

көмегін  көрсетті.  Басын  көтеріп  көзін  ашқан 

соң, ортаға ағаш отын үйіп, от жақтық. 

Бəріміз  отты  жағалай  қоршап  алып, 

бұл  оқиғаның  қалай  болғанын  бір-бірімізден 

сұрай бастадық. Сөйтсек, оқиға былай болған 

екен. Айсұлу мен Салтанат өзеннің жағасында 

əңгімелесіп  отырып,  суға  тас  ата  бастай-

ды.  Ақыр  соңында  екеуі  алысқа  кім  көп  тас 

лақтырғаны  туралы    айтып,  бір-бірімен 

дауласа  кетеді.  Айсұлу  өзінің  алда  екенін 

дəлелдегенімен,  Салтанат  оны  мойындағысы 

келмей,  Айсұлудың  жағаға  шешіп  қойған  аяқ 

киімін  алып,  суға  лақтырып  жібереді.  Со-

дан  келіп  міне,  осы  дау-дамайдың  туындап 

отырғаны. 

Күнге  кепсін  деп  ағашқа  жайып  қойған 

«адидасымды» арқасына жауып, қасына келіп 

отырғаным сол еді: 

– Рахмет,-деді басын иығыма қойып жа-

тып.  Бойымды  тоқ  ұрып  кеткендей  болды. 

Жалма-жан басымды жұлып алып:

– Не үшін?– дедім.

–  Судан  құтқарып  алғаның  үшін, – 

деді. – Мен  сенің  бұл  ерлігіңді  өмір  бойы 

ұмытпаймын.  Білесің  ғой.  Мен  бір  үйдің 

тұңғышымын.  Егер  бағана  мен  суға  ағып 

кететін  болсам,  не  болатын  еді?  Əкемнен  ай-

ырылып,  үйде  қайғы  жұтып  отырған  жалғыз 

шешем  мен  кішкентай  ініме  бұл  жағдай  тіпті 

ауыр тиетін еді ғой. 

Ойын  басқа  жаққа  бұрғым  келіп, 

алақаныммен су алып бетіне шашып жібердім. 

–  Ой,  бұның  не, – деп  орнынан  қарғып 

тұрды. 

Бас  салып  ұрса  ма  екен  деп  ойлап 



тұрғам. Жоқ, олай болмады. Керісінше екеуміз 

бір-бірімізге  су  шашысып  ойнап,  жағалауды 

жағалай  жүгіріп  кеттік.  Бағанағы  Олжасқа 

тергізбеген  гүлдерін,  ендігі  кезекте  маған 

тергізе  бастады.  Мен  де  оның  айтқанын  екі 

етпедім.  Бар  өнерімді  салып,  түрлі-түсті 

гүлдерден шашына тəж тоқып тағып едім, тіпті 

көңілденіп кетті.

Екеуміз оңаша отырып ұзақ əңгімелестік. 

Баяғыдай  емес,  қалаға  барғалы  Айсұлу  өз 

ойын қашан да ашық айтатын болған. Көңіліңе 

келсін,  келмесін,  бетіңе  сарт  еткізіп  айта 

салады.  Оның  бұл  қылығы  өзіне  жарасып 

тұрғандай. 

Айсұлудың  қасында  отырып,  көп  нəрсе 

есіме түсе бастады. Менің қасымда отыратын 

Перизат,  сені  бір  қыз  қатты  жақсы  көреді  деп 

жиі  айтатын.  Перизаттың  сол  айтқан  қызы 

осы  Айсұлу.  Дəл  қазір  қасымда  отыр.  Онда 

не  тұрыс.  Айсұлудың  отбасы  ол  кезде  қалаға 

көшіп  кеткен.  Соның  ыңғайы  енді  келген 

сияқты. Айсұлудың өзінен сұрап білгім келді. 

Енді сұрай берейін десем, екінші бір əңгімені 

бастап  кетіп,  əрең  тоқтайды.  Ештеңені 

ұмытпапты.  Соған  қарағанда,  ол  да  мені  əлі 


42

ұнатуы мүмкін ғой. Осыншама өзіме не деген 

сенімді едім?! 

Бүкіл  дүние  күннен  күнге  жаңарып 

өзгеріп  отырса,  адамдарда  сол  сияқты 

өзгермей  ме?  Мүмкін,  өзгермейтін  шығар? 

Жо-жоқ,  мүлдем  олай  емес.  Өзгереді.  Дүние 

де  жаңарады.  Адамдар  да  өзгереді.  Адам-

дар  да  бұрыңғы  ойлаған  ойларымен  мүлдем 

қатып қалмайды. Олар да өзгереді. Жаңа орта, 

жаңа  атмосфера.  Егер  өзгермесе-ше?  Онда 

мен  сұрағалы  отырған  сұрақтың  жауабы  дəл 

шығуы мүмкін. Нар тəуекел! Тағы да оқталдым. 

Əңгімеден аузы босар емес. Сол кезде неге ғана 

Айсұлудың өзіне барып дұрыстап сұрамадым 

екен?  Мүмкін,  оның  реті  енді  келген  шығар? 

Тағы да оқталдым. Қанша ұмтылсам да, баты-

лым барар емес.

Шөптердің 

арасын 


сытырлатып, 

қасымызға  Салтанат  келді.  Сендерді  Жа-

нар  апай  тамаққа  шақырып  жатыр,  жүріңдер 

деп  қайтадан  теріс  бұрылып,  жүгіріп  кетті. 

Екеуміз  күлкілі  əңгімелер  айтып  мəз  болып 

келгенімізде, сол жердегі отырған барлық ұл-

қыздардың екі көздері бізде еді. Айсұлуды төр 

жақтағы  Перизаттың  қасындағы  бос  орынға 

апарып  отырғызып,  өзім  төменгі  жаққа  келіп 

отырдым.


Шəй-тамағымызды 

ішіп 


болғаннан 

кейін, ауылға қайтатын болдық. Жүктерімізді 

машинаға апарып тиеп, жинала бастадық. Жа-

нар  апай  қайтарда  Айсұлуды  қасына  алып, 

машинаның алдыңғы кабинасына отырғызды. 

Ал менің ішім өртеніп барады. Бағаналы бері 

қасында  жүріп,  бір  ауыз  сөз  сұрай  алмадым. 

Енді қашан келерін бір құдай біледі. 

Ауылға  жеткен  кезде  де,  жөнді  сөйлесе 

алмадық.  Жанар  апай  бəрімізді  машинамен 

үйді-үйімізге    апарып  «болыңдар,  болыңдар» 

деп қарап тұрғаннан кейін: 

–  Ал,  сау  бол,  əлі  кездесеміз  ғой,-деп 

бетімнен шөп еткізіп сүйіп алды да, атасының 

үйіне жүгіріп кіріп кетті.

Одан  кейін  қайтып  кездесе  алмадық. 

Мектептегі алғашқы бес жылдыққа да келмеді. 

Он  жылдықта  тағы  күттім.  Онда  да  келмеді. 

Естуімше,  тұрмысқа  шығып  кеткен.  Кімге 

шықса да  бақытты болуын тілеп, қала бергем. 

***

Аяқ-қолын  ұқалап,  аузына  үрлеп  дем 



бергенде барып көзін ашты. Қасына жақындай 

келіп,  тағы  қарадым.  Қап-қара  қас – кірпігі 

өзіне  жараса  кеткен.  Өйткені  мен  оған  бетпе-

бет  қарап  тұрған  едім.  Көзін  ашып,  сəл  есін 

жиғандай болды да: 

– Алмас, бұл сенбісің? –деді. 

– Иə, бұл менмін. 

– Маған не болды? 

– Сəл есіңді жи... Сосын... 

Тізерлеп  отырған  бойы  бір-бірімізді 

кұшақтай 

алдық. 


Айырылар 

емес. 


Құшағымызды қайта ашып, бір-бірімізге қайта 

қарадық. 

– Алмас, бұл шынымен сенбісің? 

– Иə, менмін. 

– Сене алар емеспін. Дəл баяғыдай болды 

ғой. Дəл баяғыдай.

– Иə, дұрыс айтасың. Дəл баяғыдай бол-

ды. Дəл баяғыдай. Сен ол кезді əлі ұмытпадың 

ба?

–  Жоқ,  неге  ұмытамын.  Ол  кезде  де 



сен  менің  қасымда  болғансың.  Кəзір  де 

қасымдасың. Қиналған кезде ылғи сені ойлай-

тынмын. Бірақ өмірде, неге?..

Ойын  басқа  жаққа  бұрғым  келіп, 

алақаныммен су алып бетіне шашып жібердім. 

Селк етіп орнынан қарғып тұрды да, ол маған 

да алақанымен су алып бетіме шашып жіберді. 

Бір-бірімізге  су  шашысып  ойнап,  жағалауды 

жағалай жүгіріп кеттік.

Айнала қоршап тұрған адамдар бір-біріне 

үн-түнсіз  қарап  тұрды  да,  түк  түсінбегендей 

олар да жан-жаққа кете бастады.



 *«Үркер»*№52016

43

Таєылым 


«Балам-балым, баламның баласы-жаным»-деп 

қазақ  халқы  айтқандай,  көптен  күткен  немереге  де 

ерніміз тиді. Ақ түйенің қарны жарылып, қуанышқа 

кенелдік.  Өмірге  немерем  келді,  есімін  де  өзімнің 

есіміме  ұйқастырып  Айша  атадым.  Бізден  бұрын 

немере  көрген  үлкендер  «əлі  өз  немерең  болғанда 

көресің, бəрінен асып кетеді» дейтін. Сол кезде «бала-

дан баланың артықшылығы болушы ма еді, тəп-тəтті, 

бірінен-бірі  өтетін  жиендерім  бар  ғой»  дейтінмін. 

Кейбірі «ия, бəрібір емес пе, келініне жағыну үшін ай-

тады» деп күлкіге айналдыратын.

Қазақ  халқы  қыздан  туған  балаларды  жиені 

деп  бөліп  жатады  ғой,  əйтпесе  балаңнан  туған  бала 

бөтен болушы ма еді. Өзіміздің 4-қызымыздан Алла 

берген    Руслан,  Темірлан,  Данеля,  Ділназ,  Ілияс, 

Ділнара, Мирас, Іңкəр, Санжар есімді жиендерім бар. 

Бірінің  атын  атап,  бірін  атамасам  өкпелейді,  бірінен 

бірі өтеді, оларды жақсы көрем. Жиенімнің алды Рус-

лан 11-сыныпта оқиды, төрт жыл өз қолымда оқыды, 

оның  орны  ерекше.  Өзім  немерем  туардан  екі  айдай 

бұрын,  бауырыма  ота  жасатып  ауруханадан  келдім. 

Екі айдан соң немерем дүниеге келді. Келісімен көптен 

күткенім  осы  еді  ғой  деп,  əрі  келінім  Əйгерім  жас, 

оның  үстіне  тұңғышы  болғандықтан,  денсаулығыма 

қарамай  баланы  өзім  шомылдырып,  сылап,  сипап 

бақтым. 20 күн  өткен  соң,  бесікке  салдым. «Бесік 

баласы  бес  түлейді»  деген  қағиданы  да  еске  алып, 

пайдасының мол екендігін ескерттім. Қырық күннен 

соң қырқынан шығарып, өзімнің əжелік парызымды 

өтедім.


Балалы  үй  базар  демекші,  мектептен  шаршап 

келгенде немерем Айшаны көргенде, бар шаршағаным 

ұмыт болады. Міне, нағыз бақыт.

Өзім  де  көп  балалы  отбасынан  шықтым.  От-

басында 10 бала  болдық.  Біз  де  əжеміз  Күлшаттың 

бауырында  өстік.  Əкеміз  Шону  бригадир  болатын. 

Келім-кетім  кісі  көп,  қонақ  күту,  тамақ  жасау,  нан 

пісіру – бəрі анамыз Мəкештің мойнында болатын.

Əжеміз Күлшат ісмер, шебер еді. Ол кезде əлі де 

болса  таршылық,  киім-кешек,  керек-жарағымыздың 

бəрін  əжеміз  өзі  тігіп,  бүтіндеп  отырушы  еді.  Одан 

қалды, елдің де керек-жарағын тігіп беретін. Бəріміз 

əжеміздің  бауырында  өстік,  сол  кісінің  баласымыз 

деп жүретінбіз. Біз ата-анамызға жолай қалсақ, əжеміз 

қызғаныш  қылатын,  сол  себептен  де  жақсы  көріп 

тұрсақ  та,  əжеміздің  көңіліне  қарап,  ата-анамызға 

жоламауға  тырысатынбыз.  Осы  орайда  өзімнің 

өмірден  түйгенім,  осы  жағынан  үлкендердің  тара-

пынан қателік бар ма деп ойлаймын. Ата-анасы мен 

баласының  арасындағы  мейірімділік,  бауырмалдық, 

балалық махаббаты жетіспей жататын сияқты. Кейін 

өскенде де жақсы араласа алмай жататынына куə бол-

дым.

Кейін өзім де үлкен адамдардың қолына келін 



болып  түстім.  Кішкентайлы  болдық,  өзім  мектеп-

те  жұмыс  істедім.  Балалардың  бəрі  де  əжесінің  ба-

уырында  өсті.  Сол  кісінің  арқасында  жұмыстан  қол 

үзгенім  жоқ. «Қариясы  бар  үй – қазына»  дейді  ғой, 

осыны  құптаймын.  Балаларды  өсіруге  көп  көмегі 

тиді.  Балалар  əкесін  «əтəй»  десе,  мені  «тəте»  деп 

өсті. Бізге аға, жеңге сияқты қарады. Үлкендерді сый-

лап, сол кісілердің көңіліне қарап, балаларды жақсы 

көріп тұрсаң да еркелетіп, үлкендердің көзінше сүйіп, 

иіскемейтінбіз. Сол себептен де мен өз немеремді ата-

анасынан  бөлмей,  керісінше  жақындастырып,  бау-

ырмал  болып  өсуге  тəрбиелесем  деймін.  Немеремді 

ұлым  мен  келініме  саған  тартыпты,  айнымаған  дəл 

өзің деп айтып отырамын. Оларды мақтап отыру, ара-

сында жылы шуақ орнату менің мақсатым деп ойлай-

мын. Бала мен ата-анасының арасында махаббаттың 

берік  болуына  үлес  қосқым  келеді.  Ата-анасынан 

тəрбие алған бала, əрине, ақылды, еңбекқор болаты-

нына сөз жоқ. Сонымен қатар ата-аналар немерелері 

мен  əке-шешелерінің  арасындағы  сүйіспеншілік  пен 

бауырмалдықтың  берік  болуына  атсалысуы  қажет. 

«Бала тəрбиесі – бесіктен» екенін ұмытпайық, ағайын.



Солтүстік Қазақстан облысы, 

Айыртау ауданы, 

Егіндіағаш ауылы.

«Бесік баласы 

бес түлейді...»

Нұрғайша 

ЕРЕЖЕПОВА,

 тəлімгер ұстаз.



44

Оќыдыќ, пікір айтамыз



ӨЛЕҢГЕ  

ӘРКІМНІҢ-АҚ  

БАР  ТАЛАСЫ...

Ақындықпен  қатар  сазгерлік  өнері  де 

бойынан  табылған    Раушан  Тəшімбетова 

---  қасиетті  Қазығұрт    ауданының  тума-

сы.  Шыршық  қаласындағы  индустриальдық 

техникумның  түлегі.  Қазіргі  таңда    қарт 

Қаратаудың  тəжі  саналатын – көрікті  Кентау 

қаласында  тұрады.  Сондағы  трансформатор 

зауытында  жұмыс  істейді.  Ұлы  Абай  ата-

мыз  айтпақшы, «Өлеңге  əркімнің-ақ  бар  та-

ласы...»  дегендей,  техникалық  мамандықтың 

иесі  болуына  қарамастан  ол  поэзияны    өзіне 

серік  еткен  жан.  Өлеңдері  «Жалын»  журна-

лында,  басқа  да  бірқатар  баспасөз  беттерінде 

жиі  жарияланып  жүр. «Қыр  гүлі», «Өмір 

толқындары», «Көңіл  толқындары», «Жырла-

рым,  жауһарларым»  атты  төрт  жыр  жинағы 

мен бірнеше əндердің авторы.  Жаңа кітабына 

айтулы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының 

мүшесі  Əмзе Қалмырзаұлы «Қос қанатың тал-

масын!» деген тақырыппен алғы сөз жазыпты: 

«Раушан  қалқам,  ақындық-тұлпарға  қонған 

екенсің,  жетегіңдегі  сазгерлік-сəйгүлігіңді 

де  кейін  қалдырмай  өмірдің  алыс  сапарында 

олжалы  бол!  Биіктердің  шапағатты  алақаны 

жүрегіңнің  көз  жасын  сүртіп,  құрғатсын. 

Өміріңе  көңілің  толсын!  Өнердің  жүгі  ауыр, 

жолы -- бұралаң.  Əсіресе  əйел  баласы  үшін. 

Ұзақ, ұзақ жаса...

Бұл  ақын  ағаңның  сөзі -- өзіңнің 

оқырмандарыңның  да  тілегі  дегейсің», -- деп  

өзінің ақ батасын беріпті. 

Таяуда 

өткен 


жылы 

Алматыдағы 

«Мерей»  баспасынан    шыққан    Раушан 

Тəшімбетованың  «Жырларым,  жауһарларым» 

атты  жыр  жинағымен  танысудың  сəті  түсті.  

Бұл кітап  «Аяулы елім, аман бол қиянаттан», 



45

«Естен кетпес есімдер»,  «Көңілдегі толқулар», 

«Сезім  қанатында» (əндер)  деп  аталатын  төрт 

бөлімнен тұрады. Ақын  өз өлеңдерінде  туған 

жер, танымал тұлғалар, өмір, тіршілік туралы  

нəзік сырлы сезімге толы əсем сазды лирика-

сымен сыр шертеді. Жалпы алғанда, өлеңдері 

тəп-тəуір-ақ. 

Ақынның 

қуаныш-қайғысы, 

ішкі  жан  тебіреністері  əдемі  өрілген.  Ұйқас, 

ырғақ,  екпін,  буын    дегендердің    бəрі-бəрін 

сақтай білген.  Жазғандары  көңілге ой салып

жүрекке жол табады. Мəселен, Махаббат жай-

лы өлеңінде (58 бет):

                    

Бір  шыбыққа  кеп  байланып  жатса  бір 

шыбық, 


Жалғасып 

əуен, 


соғады 

жүрек 


құлшынып.

Махаббат деген құмарлық емес қарағым,

Махаббат деген, махаббат деген тіршілік 

... - деп оқырманын  айрықша  сезімге бөлейді.

Тағы бір  өлеңінде  (15 бет):

Кімді енді кінəлап, айыптаймыз,

Айыптасақ, қарсы аққан қайықтаймыз.

Құрбан болған жазықсыз мұңлықтарды

Деуден неге оралман айықпаймыз?

Ел төрінде атқызған таңды рас деп,

Қазақ деген бойдағы қанды рас деп.

Құрбан болған жазықсыз мұңлықтарды

Жарасады-ау атасақ қарлығаш деп, -- 

«оралман»  сөзін    «қарлығаш»  деген 

атауға ауыстыру жөнінде тың ой тастайды.  

Ақынның  арнау  өлеңдері  де  терең 

ойлылығымен өзіне баурайды. Халқымыздың  

біртуар      асыл    перзенттері -- Майқы  би, 

Сұлтанбек Қожанов, Саттар Ерубаевпен қатар 

күні кеше ғана арамыздан кеткен ақеділ  ақын 

Əбілда Аймаққа арнаған өлеңдерін   тебіренбей 

оқу əсте мүмкін емес. Əттең, Саттарды Сəттар, 

Əбілданы Əбілдə деп жазғаны дұрыс болмап-

ты. 


Қазақтың  Қадырына  айналған  Қадыр 

Мырза Əли: «Ақынға керек көп ақыл, Асаулық 

керек  аздаған», -- деп  бекер  айтпаған.  Өз  ор-

нында  қолданылмаған  тыныс  белгісінің    өзі 

бір  адамды  о  дүниелік  еткенінен  бəріңіз    ха-

бардар  болсаңыздар  керек.  Ақ  патшаның   

«Помиловать,  нельзя  казнить!» («Кешіруге, 

болмайды  дарға  асуға!»)  деген    рақымшылық 

жарлығындағы    үтірдің  орнын  ауыстырып, 

оны    қапелімде    «нельзя» («болмайды»)  де-

ген сөзден кейін қойып жіберген сауатсыз хат 

тасушының  кесірінен  бір  байғұстың    ғұмыры  

мерзімінен  ертерек  қиылған  екен.  Өкінішке 

орай,  жүрегі  əн-жырға  толы    ақынның  туған 

тілімізді жан-тəнімен беріле сүйгенімен, оның 

ереже,  қағида,  заңдылықтарын  терең  білмеуі 

бізді  қатты  қынжылтты.  Тыныс  белгілерін 

дұрыс қолданбау, жалғау, жұрнақ, шылау, қос 

сөз    дегендерді  бір-бірінен  ажырата  алмау 

сияқты кемістіктерді бұл жыр жинағының өн 

бойынан  көптеп  кезіктіруге  болады.  Ішінара 

грамматикалық  қателер  де  баршылық.  Осы 

орайда,  «Тыныс  белгілерін  дұрыстап  қойып 

беретін  филолог  маман  табылмаған  ба,  əлде 

кітап  редакторы  Ғалым  Қалибекұлы  қайда 

қараған?»  деген сауал өз-өзінен туындайтыны 

айдан анық. 

Ақын  өлеңдерінде  сөз, ой қайталаушы-

лық көп  ұшырасады. 

Мəселен:


Өз анаңдай өз тіліңді құрметте,

Кірлетуге хақың да жоқ, кірлетпе.

Отан, ана тілім, дінім  -- байлығым,

Лайықты олар барлық сый мен құрметке 

(6 бет); 

немесе:


Аспан да ортақ, таң да ортақ,

Тəртіп те ортақ, заң да ортақ.

Бірліктің туы астында

Шырқатып салған əн де ортақ ( 8 бет);

əйтпесе:

Жау жаманы өзіңнен шыққаны екен,




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет