Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет115/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   206
МАГМАЛЫҚ ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ, атқылаған тау жыныстары 
— магма немесе жанартаулық атқылаулардан жер бетіне 
тӛгілген лаваныңсуынуынан 
және 
кристалдануынан 
(түйіршіктенуінен) пайда болған тау жыныстары. Олар негізгі екі 
түрге бӛлінеді: эффузивтік(жанартаулық, тӛгілмелі), жанартау 
атқылауы кезінде магманың лава түрінде шығып жер бетінде 
қатайған және интрузивтік (тереңдік), басқа тау жыныстары 
арасында қатып қалған түрлері. Эффузивтік тау жыныстары тез 
қату салдарынан, әдетте, майда түйіршікті болып келеді, кейде 
ірілеу кристалдары да кездеседі. Интрузивтік тау жыныстары жер 


қойнауының 
тереңдіктерінде 
баяу 
қату 
салдарынан 
қалыптасқандықтан толық кристалдық түйіршік тәрізді болады. 
Магмалық тау жыныстарыдың ӛте маңызды бӛлшектері силикаттар 
мен кварц. Олардың басты құрамдас бӛлігі кремний оксиді (Sі2O). 
Мӛлшеріне қарай Магмалық тау жыныстары 5 топқа бӛлінеді: 
 
ультранегізді (Sі2O<40%) 
 
негізді (40 — 50%) 
 
орташа негізді (56 — 60%) 
 
қышқылды (65 — 70%) 
 
ультрақышқылды жыныстар (>75%). 
Құрамында 
силикаты 
жоқ 
Магмалық 
тау 
жыныстары 
(мыс., карбонатиттер) ӛте сирек. Құрамындағы сілтілік металдар 
мӛлшеріне қарай Магмалық тау жыныстары қалыпты және сілтілі 
(граниттер, нефелинді сиениттер, фонолиттер) топтарға бӛлінеді. 
Магмалық 
тау 
жыныстары 
құрылыс 
(артиктік
туфтар,
лабрадориттер, т.б.),  абразивті  (пемза), жылу оқшаулағыш 
(пемза, перлит) 
материалдар ретінде қолданылады. Атылу 
сипатына 
(лаваның 
ағыл-тегіл 
ағуына 
не 
жарылыспен 
атқылануына) байланысты жыныстардың 2 типі түзіледі: эффузивті 
тау жыныстары және пирокласты жыныстар (жанартау күлі, құм, 
туфтар, туфты 
брекчий). 
Сондай-ақ, 
жанартаулық 
тау 
жыныстарының 
аралық 
типі 
— 
туфолавалар 
және игнимбриттер ажыратылады. жанартаулық тау жыныстар 
қалыптасу жағдайына қарай эффузивті, экструзивті, жанартаулық-
кесекті, жанартаутекті - шӛгінді  болып ажыратылады. Эффузивті
тау  жыныстары магманың  лав акүйінде жер бетіне ағып шығып 
қатаюынан қалыптасады. Олардың пішіні лаваның тұтқырлығы 
мен сол ауданның жер бедеріне байланысты  күмбез, 
 конус тәрізді 
тӛбелер 
болып 
қалыптасады. 
Экструзивті 
жыныстар тұтқыр магманың сығылып шығып күмбез пішінді 
болып қатаюынан қалыптасады. Бұл екі топтың  жыныстарының
петрографиялық сипаттамасы бірдей, айтарлықтай айырмашылығы 
болмағандықтан, оларды бірге эффузивті жыныстар деп 
қарастырады. Олар құрамындағы SіO2-нің мӛлшері бойынша 
ультранегізді, негізді, орта және қышқыл жыныстар болып 
бӛлінеді. Құрылымы порфирлі, микролитті, жартылай шынылы; 
нақышы жолақты, ақпалы, тығыз, қуысты болады. Эффузивті 
жыныстардың 
сыртқы 
кейпі 
қатты 
ӛзгерген 
кӛне 
түрлері палеотипті, 
ал 
кейпі 
сақталған 
жасырақтары


кайнотипті жыныстар деп аталады. Кайнотипті жыныстардың кӛп 
тараған түрлері: базальттар, андезиттер,  трахиттер; химия  
құрамының 
сәйкестігі 
жағынан 
палеотипті 
сыңарларына:
диабаздар, базальтты және андезитті порфириттер, трахитті және
липаритті  порфирлер жатады. Жанартаулық-кесекті жыныстар 
эффузивті кесекті, эксплозивті кесекті және шӛгінді жанартау 
кесекті болып бӛлінеді. Эффузивті кесекті жыныстарға лавамен
цементтелген  лава кесектерінен тұратынкластолавалар  мен 
 гидрохимия материалдармен 
цементтелген лава кесектерінен 
тұратынлавокластолиттер жатады. Эксплозивті кесекті жыныстар 
түгелдей жанартаудың атқылау ӛнімдері — пирокластардан 
тұрады. Шӛгінді жанартау кесекті жыныстарда пирокластық 
материал 50 — 90%, ал шӛгінді материал 10 — 50% құрайды. Олар 
туффиттер 
деп 
аталады. 
жанартаулық 
тау 
жыныстар 
 Қазақстанның  
барлық 
аймақтарында 
кеңінен 
тараған. 
Олармен темірдің, полиметалдың, мыстың,марганецтің, күкірттің,
алтынның және басқа да элементтердің кендері бірге кездеседі. 
Құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет