Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет116/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   206
МАГНИТТІК ДАУЫЛ 10–2 Э-ке дейін) жоғары ендіктерде 
байқалады. Магниттік дауыл кезінде — Жердің магнит ӛрісінің 
күшті ұйтқуы. Магниттік дауыл бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке 
дейін созылады әрі ол жер бетінің барлық нүктесінде бір мезгілде 
ӛтеді; ӛте үлкен қарқындылығы ( геомагниттік 10–2) аралығында 
тербеледі. Магниттік дауыл

10–3 — 1

1

1А/м (

0,1-ден 

ӛріс 
кернеулігінің ӛзгерісі орта ендіктерде  Күннің активті аймағынан 
бӛлінген плазма ағыны (Күн желі) салдарынан пайда болады. 
Сондықтан ол күн активтілігінің 11 жылдық цикліндегі максимумы 
маңында жиі байқалады. Энергиясы орасан зор бӛлшектердің жер 
атмосферасының жоғары қабатына енуі және олардың жер 
магнитосферасымен әсерлесуі нәтижесінде ондағы элетр токтардың 
күшеюіне және ӛндірілуіне (генерациялануына) әкеледі. Магниттік 
дауыл кезінде одан гӛрі күрделірек геофизика процесс —
 магнитосфералық дауыл байқалады. Ол жер атмосферасының 
жоғары қабатындағы полярлық шұғыламен,  ионосфералық  
ұйтқумен, рентген сәулесімен, т.б. қабаттаса жүреді. Магниттік 
дауыл салдарынан радиотолқындарды шағылыстыратын және 
жұтатын ионосфера қабатының параметрлері айтарлықтай ӛзгереді. 
Оның 
барысында 
қысқа 
толқынды радиобайланыс едәуір 
қиындайды. Магниттік ұйытқу кезінде Жер атмосферасының 


жоғарғы қабаты қызады да, жылу тӛменгі — тропосфера қабатына 
беріледі. Нәтижесінде  тропосферада  әр түрлі циркуляция 
қозғалыстар мен  циклондар  пайда болады. 
МАГНИТТІК АНОМАЛИЯ – Жер бетіндегі магнит ӛрісі 
мәндерінің ӛзінің қалыпты шамасынан ауытқуы. Картада магниттік 
аномалия Жер магнетизмінің кейбір элементтерінің мәндері бірдей 
нүктелерін қосатын сызықтар арқылы кескінделеді. Аумақты қамту 
шамасына қарай магниттік аномалия континенталдық, регионалдық 
және локальдық болып бӛлінеді. Континенталдық магниттік 
аномалия 10 – 100 мың км2-ге таралады. Ең ірі континенталдық 
магниттік аномалия Шығыс Сібір мен Зонд аралында орналасқан. 
Регионалдық магниттік аномалия 1 – 10 мың км2 ауданды қамтиды. 
Ол жер қыртысы құрылысының ерекшеліктеріне байланысты 
туады. Шығыс Сібірде, Шығыс Еуропада, т.б. аудандарда 
регионалдық магниттік аномалиялар бар. Локалдық магниттік 
аномалия ауданы бірнеше м2-ден км2-ге дейінгі аумақты қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет