ҚЫЗЫЛ ТЕҢІЗ — Үнді мұхитының Арабия түбегі мен Африка
аралығындағы құрлық аралық теңіз. Жағалаулары Египет Араб
Республикасы, Судан, Эфиопия, Сауд Арабиясы, Йемен Араб
Республикасымен шектеседі. Суэц
каналы арқылы
солтүстік
жағындағы Жерорта теңізімен, Баб-әл-Мандеб бұғазынан Аден
шығанағына және Араб теңізіне ұласады. ӛзегі 1932 км, енді жері
305 км, ауданы 460 мың км2, су кӛлемі 251 мың км3, ең терең жері
3039 м, жағасы онша тілімделмеген. Ірі аралдары: Дахлак,
Фарасан, Суакин. Қызыл теңіз — дүние жүзіндегі ең жылы (32ӘС)
және ең тұзды (41,5%) су айдындарының бірі. Суы негізінен
кӛкшіл-жасыл түсті. Теңіз балдырлары кейде теңіз суына қызғыш
рең беретіндігінен Қызыл теңіз аталынған болса керек. Жануарлар
дүниесінен дельфин, дюгон, алып тасбақа және балықтың 400-ден
астам түрі кездеседі, маржан тастар алынады. Басты порттары —
Суэц (Египет), Порт-Судан (Судан), Жидда (Сауд Арабиясы),
Массауа (Эфиопия), Ходейда (ЙАР).
ҚЫРҚА— қатарласа созылып жатқан бірнеше қыраттардың жалпы
атауы. Кейде тӛңірегіне қарағанда кӛтеріңкі, үстіртті жерді де
қырқа деп атайды. қырқалардың мореналық, құмқырқа, т.б. түрлері
болады.
ҚЫРАТ — жер бетінің тӛңірегімен салыстырғандағы кӛтеріңкі
бӛлігі. Қыраттың абсолюттік биіктігі 200 м, немесе одан да жоғары
болады. Қазақстанда Кӛкшетау, Мұзбел, т.б. кӛптеген ірі қыраттар
бар. Қазақ даласындағы қыратты кейде қырқа деп те атайды.
ҚЫС — жыл мезгілі, әр аумақтағы ауа температурасы ең тӛмен
болатын климаттық маусым. Астрономиялық ұғым бойынша, қыс
— қысқы күн тоқырауы сәтінен кӛктемгі күн мен түннің теңесуіне
дейінгі (Солтүстік жарты шарда 21—22 желтоқсаннан 20—21
наурызға дейін, Оңтүстік жарты шарда 21—22 маусымнан 23
қыркүйекке
дейін)
уақыт
аралығы. Солтүстік
жарты
шардың қоңыржай ендіктерінде қыс айлары деп шартты түрде
желтоқсан, қаңтар, ақпан, ал Оңтүстік жарты шарда — маусым,
шілде, тамыз айлары есептеледі. Қоңыржай ендіктерде (оның
ішінде, Қазақстан жерінің басым кӛпшілігінде) қыс тұрақты қар
жамылғысымен, ӛзендер мен кӛлдерде мұз қатуымен, ӛсімдіктің
ӛсіп-ӛнуінің тоқтауымен, жануарлардың кӛптеген түрлерінің
ұйқыға кетуімен немесе анабиозымен сипатталады. Қыстың
ұзақтығы климаттық және фенологиялық маусым ретінде тӛменгі
географиялық ендіктерден жоғары ендіктерге қарай ӛсіп
отырады. Тропиктік
ндіктерде
қыс
мүлдем
болмайды, субтропиктердеоның зақтығы 1—2 айдан аспайды,
қоңыржай ендіктерде — 3—4 ай, полюстік ендіктерде 6—7 айға
және одан да кӛбірек уақытқа созылады. Қазақстанның
солтүстігінде оның оңтүстігімен салыстырғанда, қыс 1—1,5 айдай
ұзағырақ болады.