Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет118/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   206
МАРИАНА ШҦҢҒЫМАСЫ — Тынық мұхиттың  батысында
Мариана аралдарын  бойлай 1340 км-ге созылып жатқан тар 
депрессия. Кӛлденең қимасы V тәрізді, беткейі тік (7 — 9). Табаны 
тегіс, ені 1 — 5 км. Орташа тереңд. 8 — 11 км. Ең терең жері — 
оңт. бӛлігінде 11022 м. Бұл дүниежүз. мұхит бойынша ең терең 
жер. Оны 1958 ж. кеңес ғалымдары ―Витязь‖ кемесінде ғыл.-зерт. 
жұмыстарын жүргізгенде анықтаған. 
МАСШТАБ (нем. MastabMa — ӛлшеуіш, мӛлшер және Stab — 
таяқ) — сызба, жоспардағы аэрофототүсірудегі немесе картадағы 
кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы. 


Дерексіз санмен ӛрнектелген бұл қатынас сандық Масштаб деп 
аталады. Жоспар мен карталардың сандық Масштабты бӛлшек сан 
арқылы ӛрнектеледі, алымы бірге тең болса, бӛлімі бейнеленген 
сызықтың неше есе кішірейтілгенін кӛрсетеді. Сызбада машиналар 
мен приборлардың ұсақ бӛлшектері, кӛбінесе үлкейтілген 
мӛлшерде кӛрсетіледі. Бұл жағдайда сандық Масштаб бірден үлкен 
санмен ӛрнектеледі. Жоспар мен картадағы ұзындықты ӛлшеуде 
қолданылатын сызықтық Масштаб заттың ұзындығын кӛрсететін, 
тең бӛліктерге бӛлінген, жазуы бар түзу сызықтан құралады. 
МАУСЫМ (лат. Junius) — 1) қазіргі Грегориус күнтізбесіндегі 6-
ші келетін июнь(30 тәулік), жаздың 1-айы. Айына сай қазақша 
атауы. июнь (лат. Junіus) — күнтізбелік жылдың 6-айы. 
Ежелгі қазақ күнтізбесінің 4-ші айы. Қазіргі санмен маусымның 
20 — шілденің 19. Маусым— жылдың бірнеше айдан тұратын 
бӛлігі 
астрономиялық,синоптикалық 
немесе 
фенологиялық 
белгілеріне қарай ажыратылады. Астрономиялық М. — қыс,
кӛктем,  жаз,  күз. 
МӘРМӘР (грек. marmaros — жылтыр тас) — метаморфтық тау 
жынысы. Негізінен кальцитпен доломиттен құралады. Мӛлшеріне 
қарай кальциттік Мәрмәр, доломиттік Мәрмәр болып бӛлінеді. 
Басқа минералдармен араласқан түрі қатты кристалданған әктас 
немесе доломит болып келеді. Аймақтық және жапсарлық 
метаморфизмдерден әктастар, доломитті әктастар доломиттер 
сияқты карбонатты, шӛгінді жыныстардың қайта кристалдануынан 
түзіледі. Мәрмәр күрделі қатпарлықтарға жиырылған қабаттар 
түрінде амфиболит, гнейс, тақтатастар секілді жыныстармен бірге 
кездеседі.Қоспалары: магнезит, графит, брусит, битумдар,слюда, хл
орит, тремолит, тағыда басқа. Мәрмәрдің қаттылығы 3, кӛлемдік 
тығыздығы 2,63 — 2,9, түсі ақ, сұр, қара сұр, жасыл, алқызыл, сары, 
құба болып келеді. Құрылымы анық байқалатын толық кристалды, 
түйірлерінің ірілігі әр түрлі; текстурасы: біртекті жолақты, теңбіл, 
шыны жылтырлы, күңгірт, жақсы ӛңделеді. Осы қасиеттеріне орай 
Мәрмәр қолданбалы сәндік ӛнерінде, табиғи құрылыс материалы 
ретінде және монументті мүсін мен құлпытас жасауда кеңінен 
қолданылады. Ежелгі грек мүсіндері сары түсті паросс Мәрмәрдан 
жасалынған. Брусит Мәрмәрі түйіршіктелген магнезия мен металды 
магний алуда, отқа тӛзімді заттар және арнайы қағаз шығаруда 
пайдаланылады. Қоспасыз Мәрмәр электртехникада, ақ Мәрмәр 
мүсін жасауға, түсті Мәрмәр құрылыста қаптау, безендіру 


бұйымдары ретінде, баспалдақтар, бағандар жасауға, ескерткіштер 
тұғырын тұрғызуға қолданылады. Мәрмәр кен орындары 
Қазақстанда Кіші Қаратауда,  Алтайда, Кӛкшетаумассивінде, 
ӛлытау бойында, Солтүстік  Балқашта кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет