кӛптеген оптикалық приборлардың құрылысы Жарықтың сынуы
заңдарына негізделген. Рефрактометрлік әдістің негізіне жарық
сәулесінің бір ортадан келесі ортаға ӛткенде бағытының ӛзгеруі
немесе сынуы жатады. Аналитикалық сигнал сыну кӛрсеткіші
болып
табылады,
ол
анализденетін
заттың
табиғатына,
құрылысына, тығыздығына тәуелді.
Бұл параметрлер мына теңдік
арқылы бір-бірімен байланысады:
мұндағы
R - анықталатын заттың молярлық рефракңиясы;
n -
анықталатын заттың сыну кӛрсеткіші;
М - анықталатын заттың
молярлық массасы;
p = m/V - анықталатын заттың тығыздығы.
Сыну кӛрсеткіші дегеніміз - түсу бұрышының синусының сыну
бұрышы синусына қатынасы. Ортаның тығыздығы мен жарық
сәулесінің бағытына байланысты екі жағдай белгілі:
1. ρ(а) < ρ(б) n=sinα/sinβ
2. ρ(а) > ρ(б) 1/n=sinα/sinβ
Түсу бұрышы ӛскенде (II) сыну бұрышы 90°
тең болатындай
(sin90
0
=1) мезгіл келеді де, жарық сәулесі ортаның жанасу шегі
бойымен сынады. Бұндай түсу бұрышы толық ішкі сыну бұрышы
деп аталады.
sinα' = 1/n немесе n = 1/sinα'
Осындай тәуелділік аналитикалык мақсаттарда қопданылатын
аспаптардың (рефрактометр) конструкциясында ескеріледі. Сыну
кӛрсеткіші аналитикалық параметрлерден (құрамы,
табиғаты,
тығыздығы) басқа жарық ағындарының толқын ұзындығына,
температураға, кысымға (газдар үшін) байланысты. Осы
параметрлердің әсерін жою үшін стандартты ерітінділер мен
талданатын
заттың
сыну
кӛрсеткішінің
ӛзгеруін
бірдей
жағдайларда (λ: Т: Р) жүргізеді
РИФТ (ағылш.
rіft — жарықшақ, жарылым),
рифтік белдем —
белгілі бағытта жүздеген, мыңдаған км-ге созылған,
аса тереңде
жаралатын жер қыртысының ірі тектоникалық құрылымы. Ірі
Рифттер рифтік белдемдер деп аталады. Ені 15 — 70 км-ден (Ӛлі
теңізРифті) 200 — 400 км-ге (Қызыл теңіз Рифті) дейін жетеді.
Рифт аумағында негіз және сілті құрамды тау жыныстары мол,
қышқыл тау жыныстары аз кездеседі. Рифттердің осьтік
грабендерінде гравитац. максимум байқалады. Рифттер жер
қыртысының ерте кезде босаңсыған белдемдерінің аумағындағы
ішкі құрлықтық Рифттер (мыс., Шығыс Африка, Байкал Рифттері),
құрлықтық типті жер қыртысы жоқ белдемдердегі құрлықаралық
Рифттер (мыс., Қызыл теңіз, Аден
шығанағы Рифттері, қ. сурет)
және жер қыртысының мұхиттық типі тараған ортаңғы мұхит
жоталары аумағындағы ішкі мұхиттық рифттер болып бӛлінеді.
Қалыптасу себебі жер қойнауындағы күштермен байланысты, сырт
пішіні орларға яки жарықтарға ұқсайтын, ұзыннан-ұзақ созыла
сағаланатын (
ұзындығы жүздеген, тіпті мыңнан астам шақырым)
кұрылым.
Достарыңызбен бөлісу: