Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет149/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   206
ПЛАН ЭЛЕМЕНТТЕРІ 
План элементтері –– сызбада кӛрсетілген сызықтық контурлардың, 
аудандардың, масштабтан тыс объектілердің, жазулардың шартты 
белгілері. План элементтері ӛздерінің бейнеленуі бойынша 
штрихтық, аялық, жартылай түсті құйылған және түрлі түсті болып 
бӛлінеді. План элементтері тушьпен, қарындашпен, сондай-ақ 
декольдермен және темплеттермен сызылады. 
ПЛАНДАР ДӘЛДІГІ 
Пландар дәлдігі –– пландағы объектілер орындарының жергілікті 
жердегі нақтылы орындарымен айырмашылығы 
шамасын 
сипаттайтын ұғым. Пландар дәлдігі план бойынша анықталған 
контурлар орны мен нүктелер биіктігі жер бетінде тексеру-ӛлшеу 
нәтижелерінен 
алынған 
мәліметтер 
айырмашылығымен 
бағаланады. Шектеулі айырмашылық нұсқаулармен белгіленген 
орташа квадраттық қателіктердің екі есе шамасынан аспауы қажет. 
Шектеулі шамадан асатын айырмашылық саны жалпы тексеру-
ӛлшеу санының 5%-ынан аспауы тиіс. Шектеулі айырмашылық 
саны 10%. Орташа қателіктерді есептеуге шектеулі шамадан асатын 
барлық айырмашылықтар енгізіледі.
ПЛЮВИОГРАФ П-2 сұйық жауынның мӛлшерін үздіксіз тіркеу 
үшін және оның қарқындылыгын анықтау үшін қолданылады. Ол 
биіктігі 1,3 м цилиндрлі темір қораптың ішіне бекітілген 
қабылдаушы және тіркеуші бӛлімдерден тұрады. Қораптың 
жоғарғы жағында орналасқан, ауданы 500 см
2
қабылдаушы 


ыдыстың табаны конус тәріздес болып келіп бірнеше су ағатын 
тесігі болады. Жаңбыр суы ыдыстан трубка арқылы ағып қалтқылы 
камераға құяды. Камераның сиымдылығы 10 мм. Оның ішіндегі 
қаңылтыр қалтқы темір ӛзек арқылы сиялы ұшы бар стрелкамен 
байланысады. 
ПРЕКЕМБРИЙ, криптозой — архей  мен  протерозойлық  тау 
жыныстарының жалпылама жиынтығы; Жер тарихында  палеозой 
эрасының кембрий дәуіріне дейінгі ұзақтығы 3,5 млрд. жылдай 
уақытты қамтиды. 
ПРЕРИЯ (француз 
тілінде praіrіe
латын 
тілінде partum — 
шалғындық) — Солтүстік Американың орталығы бӛлігіндегі 
үстіртті жазық ӛңір. Теңіз деңгейінен 500 — 1500 м биіктікте. 
Солтүстігінде Саскачеван ӛзенінің орта ағысынан оңтүстігінде Ред-
Ривер ӛзенінің жоғарғы ағысына дейін, батысында Ұлы 
жазықтардан шығысында Мичиган кӛлінің оңтүстік жиегіне дейін 
созылып жатыр. Батысында Сеңгір таулары орналасқан. Прерия 
Солтүстік Американы мұз басуы және адамның орманды орынсыз 
кесуі салдарынан пайда болған. Солтүстігінде қара, оңттүстігінде 
қызғылт-қоңыр топырақ басым. Климаты  континенттік; солтүстігін 
қоңыржай, оңттүстігін  субтропиктік климаттық белдеу алып 
жатыр. Қаңтар айының орташа температурасы солтүстігінде — 20 
o
С, оңттүстігінде 7 
o
С, шілдеде 17 — 28 
o
С-қа дейін жетеді. 
Жылдық жауын - шашынның орташа мӛлшері шығысында 900 мм, 
батысында 600 мм. Прерияда негізінен  бозшағыл,  айрауық,  боз,
бидайық, т.б. астық тұқымдас шӛптесіндер басым ӛскен және 
олардың биіктігі 1,5 м-ге дейін жетеді. Солтүстігінде  кӛктерек,
тал,  қайың, қарағай шоқ ормандары, оңтүстігінде  емен,  жаңғақ,
терек, т.б. ӛседі. Прерияның барлық ӛңірі егіншілікке 
пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет