Р
РАДИАЦИЯ — иондану сәуле шығаруы; жылулық сәуле
шығаруы;
Күн
радиациясы —
электромагнитты
жане
корпускулярлық
табиғаты
бар Күн сәулелерi;
сәуле
шығаруға синоним.
РЕЙН (нем.
Rheіn,
франц.
Rhіn)
— Батыс
Еуропадағы ірі
ӛзендердің бірі. Ұзындығы 1320 км, су жиналатын алабының аум.
224,4
мың км
2
. Ӛзен Швейцария Альпісінен Алдыңғы Рейн және
Соңғы Рейн бастауларынан басталып,
Швейцария, Лихтенштейн,
Австрия, Германия,
Нидерланд, Франция жерлерімен ағып ӛтіп,
Солтүстік т-ге құяды. Негізгі салалары — Ааре, Мозель, Маас
(сол), Неккар, Майн, Рур (оң). Орташа су ағымы 2500 м
3
/с,
жылдық
ағын
мӛлшері
79
км
3
.
Ағысының
сипатына,
аңғарларының морфологиясына байланысты ӛзен: таулы, жоғарғы,
ортаңғы Рейн және тӛменгі Рейн болып бӛлінеді. Рейн — Батыс
Еуропадағы халықар. маңызы бар су жолы, тӛм. ағысында жылына
100 млн. т-дай жүк тасымалданады (күніне 650 — 700
кеме). Базель қ-на дейін (атырауынан 886 км) және Боден к-нде (66
км) кеме қатынасы бар. Рейн ӛз. алабындағы су жолының жалпы
ұзындығы
3000
км-дей;
Рона,
Марна,
Везер,
Эмс,
Эльба ӛзендерімен каналдар арқылы жалғасқан. Швейцария,
Франция, Германия жерлерінде СЭС-тер салынған.
Рейн бойында
Базель (Швейцария), Страсбур (Франция), Мангейм, Майнц, Бонн,
Кельн, Дюссельдорф, Дуйсбург (Германия) қ-лары; атырауында —
Роттердам (Нидерланд) теңізпорты орналасқан.
РЕЙК БҦҒАЗЫ — Отты Жер мен Шетленд аралдары
аралығында, Тынық мұхит пен Атлант мұхитын жалғастырып
жатқан Жер шарындағы ең енді бұғаз(1120 км). Ұзындығы 460 км,
тереңдігі 5249 м. Теңіз дауылдары жиі болып тұрады. Оңтүстік
бӛлігі қыста қатады, жаз айларында ірі мұзтаулар жиі кездеседі.
1578 жылы осы бұғаз арқылы алғаш жүзіп ӛткен
ағылшын теңіз
саяхатшысы Ф.Дрейктің (1540 — 1596) есімімен аталған.
РЕКЕМБРИЙ -
фанерозой алдындағы хадей, архей, протерозой
деген үш эонды сипаттайтын қазіргі кезде бейресми түрде ғана
қолданылатын атау. Бұл ең ұзақ геологиялық уақыт Жер қабығы
қатайған кезінен басталып 542 млн. жыл бұрын кембрий кезеңі
басталған кезде аяқталады. Геологиялық
уақыттың осы кезеңге
жататын тау жыныстары әдетте ӛзгерген және олардың ішінде
қатты бӛліктері немесе қаңқалары бар аз ғана қазбалар табылып
жүр. Прекембрий тау жыныстары солтүстік
Канада және Балтық
теңіз қалқанды ӛңірлерінде жер бетіне кӛптеп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: