Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет161/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   206
Табиғаттағы су айналымы 
Атмосфера үнемі су буымен байып отырады, себебі жер бетіндегі 
ӛзендер мен кӛлдер, мұхиттар мен теңіздер, мұздақтар үнемі 
буланады. Бірақ атмосферадағы су буының мӛлшері тым кӛбейіп 
кеткенде, ол асқын қанығуға жетіп конденсацияланып, қайтадан 
жерге жаңбыр мен кар күйінде қайтып отырады. 
Табиғаттағы су айналымының ӛзгеруі жер бетінін, әр жерінде әр 
түрлі табиғи апаттарға әкеліп соғады. 
Суды тазарту жолдары 
Суды тазарту жолдары оның қандай заттармен және қаншалықты 
ластануына қарай жүргізіледі. Ерімейтін қоспалардан тұндыру 
немесе сүзу арқылы тазартуға болатыны сендерге белгілі. Еріген 
қоспалардан суды айдау арқылы тазартады. 
Ауыз суын табиғи суларды тазарту арқылы алады, ол үлкен 
қалаларды сумен қамтудың ең басты мәселесі. Ол үшін табиғи суды 
алдымен тұндырып, содан кейін сүзгіден ӛткізіп алып, зиянды 


бактериялардан тазарту үшін хлорлау және озондау ӛдістері 
колданылады. Осы үрдістердің барлығы сумен жабдықтау 
стансаларында арнайы қондырғыларда жүргізіледі. 
Мұнан басқа ірі ӛндіріс орындарының ӛндірісте қолданған суларын 
да тазартпай ағын суға жіберуге болмайды, сол үшін қатаң 
экологиялық шектеу қойылып, үнемі тексеру жүргізіледі. Соңғы 
кездері суды тазарту үшін ион алмастырғыш шайырлар да кеңінен 
қолданыла бастады. 
СУ - сутек оксиді, Н
2
О – қалыпты жағдайда сутек пен оттек 1:8 
кӛлемдік қатынаста болатын тұрақты қарапайым химия қосылыс. 
Табиғатта ең кӛп таралған, бүкіл гидросфера Судан тұрады, Судың 
тіршілік үшін маңызы ӛте зор. Аристотель ӛз еңбектерінде (біздің 
заманымыздан IV ғасыр) Суды тӛрт құбылыстың (от, ауа, 
топырақ, су) біріне жатқызса, ғалымдар XVIII ғасырдың аяғына 
дейін Суды жеке элемент ретінде қарастырды. 
Суды алғаш ағылшын ғалымы Г.Кавендиш (1731 – 1810) зерттеді 
(1781 – 1782), ал француз ғалымы А.Лавуазье (1743 – 1794) сутек 
жанғанда Су түзілетінін дәлелдеп (1783), Ж.Млньемен бірге сандық 
құрамын анықтады (1785). 
Судың құрамында массасы бойынша 11,19% сутек, 88,81% оттек 
болады; молекуласы 2 атом сутек пен 1 атом оттектен тұрады, 
молек. м. 18,0160, иіссіз, дәмсіз, түссіз (терең жері кӛгілдір) 
сұйықтық. Құрамында 2Н (дейтрий) бар Су - ауыр су (D
2
O) деп 
аталады. Ауыр Судың физиқалық қасиеттері ӛзгешелеу болады. Су 
С-та қайнайды.

С-та қатып, 100



20 °С-тағы тығыздығы 0,99823 г/см
3


0 °С-тағы тығыздығы 0,9168 г/см
3
(мұзда). 
Судың физиқалық қасиеттерінде, балқу жылуында, меншікті жылу 
сыйымдылығында, 
тұтқырлығында, 
жылу 
ӛткізгіштігінде 
ерекшеліктер бар. Мысалы:, мұз жеңіл болғандықтан Суда қалқып 
ӛзендер мен кӛлдердің түбіндегі тіршілік сақталады. Су қалыпты 
температурада кӛптеген заттармен әрекеттеседі. Сілтілік және 
сілтілік-жер металдармен әрекеттескенде гидроксид пен сутек 
түзеді 
(2Na+2H
2
O=2NaOH+H
2
↑). 
Су 
әр 
түрлі 
жағдайда 
бейметалдармен (фтор, хлор, бром, фосфор, кӛміртек) әрекеттесіп
қышқылдар (HCl, HClO, HPO3, HF, HBr) және оксид (СО) түзеді. 
Атмосферада Су бу, тұман, бұлт, тамшы және қар кристалдары 
түрінде кездеседі. Су оттек, сутек, азот қышқылын, спирт, 
альдегидтер, сілтілер, т.б. аса маңызды химиялық ӛнімдерді 


ӛндіруде қолданылатын химиялық реагентер. Оның катализатор 
ретінде маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет