биіктікте — 262 гПа, ал 20 км биіктікте бар болғаны 56 гПа ғана.
Жер шарының басқа аудандарында да атмосфералық қысымның
биіктікке байланысты ӛзгерістері шамамен осындай болады.
Атмосфералық қысымның географияльщ таралуы ӛте күрделі сипат
алады. Ӛйткені ол географиялық ендікке, құрлық пен мұхиттың
арасалмағына, жергілікті физикалық-географиялық, жағдайға
байланысты болады. Жалпы Жер шарында географиялық
ендіктерге байланысты 3 темен қысым белдеуі және 4 жоғары
қысым басым белдеу ажыратылатынын білесіңдер. Бірақ жеке
материктер мен мұхиттар бойынша бұл белдеулердің жергілікті
айырмашылықтары болады. Мәселен, қыс кезінде қоңыржай
ендіктерде қалыптасатын максимумдардағы қысым Канада жерінде
1020 гПа болса, ал Азияда 1035 гПа-ға жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: