байқалады, атырауынан жоғары Колин қ-на (Чехия) дейін кеме
жүзеді.
Каналдар
арқылы Везер, Эмс, Рейнжәне Одер ӛзендер
жүйелерімен,
эстуарийі
– Киль каналымен Балтық тӛменгі
жалғастырылған. Элба бойындағы ірі қалалар: Усти (Чехия),
Дрезден, Магдебург және теңіз порты – Гамбург(Германия)
орналасқан. Б. Несіпқұлова
ЭМИГРАЦИЯ (лат. emіgzaze –
елден кету деген мағынаны
білдіреді) – ӛз еліңдегі тұрғылықты мекенін бӛтен елдегі
тұрғылықты жерге айырбастау. Адамдардың Эмиграцияға кетуінің
түрлі себептері бар. Соғыстар, этн. қайшылықтар, экон. дағдарыс,
экол. техногендік апаттар, революциялар мен радикалды ӛзгерістер
Эмиграцияға себебі болуы ықтимал. Мыс.: Қазақстандағы
зорлықпен ұжымдастыру және сталиндік қуғын-сүргін
саясаты
салдарынан 2 млн-нан астам қазақ қырылса, 1,5 млн-нан астамы
еріксіз эмигрант болды. Кеңес үкіметі бос қалған қазақ
жеріне Ресейдің ішкі аймақтарынан халықты миграцияға тартты.
Бір мемлекеттің шеңберіндегі халықтың кӛшіп-қонуы миграция
болса, халықар. және мемлекетаралық кӛшіп-қонуы Эмиграцияға
болып саналады. Әлемдік саяси тарихта Эмиграцияға ның ӛрістеуі
19 ғ-дың 2-жартысы мен 20 ғ-дың 1-жартысын қамтиды. Атап
айтқанда, 1- және 2-дүниежүзілік соғыстар салдарынан 100 млн-нан
астам
адам ата-мекендерін тастап, басқа мемлекеттерге кӛшуге
мәжбүр болды. Сонымен қатар осы кезеңде Еуропа халықтарының
Солтүстік Америка құрлығына жер іздеп, байлық пен алтын іздеп
Эмиграцияғалануына 35 млн-ға жуық адам қатысты. Әлем
тарихында мұндай құбылыстарды ―халықтардың ұлы кӛші-қоны‖
деп те атайды. С. Борбасов .
ЭНЕРГИЯ (гр.
energeіa – әсер, әрекет) – материя қозғалысының әр
түрлі формасының жалпы ӛлшеуіші. Материя қозғалысының әр
түрлі формалары бір-біріне айналып (түрленіп) отырады. 19
ғасырдың орта шенінде осы қозғалыстың барлық формалары бір-
біріне белгілі бір сандық мӛлшерде ғана айтылатындығы
анықталды; осы жағдай ―энергия‖
ұғымын енгізуге, яғни
қозғалыстың әр түрлі физикалық формаларын
бірыңғай
ӛлшеуішпен ӛлшеуге мүмкіндік берді. ― Энергия‖ ұғымы сақталу
заңына бағынады (қ.
Энергияның сақталу заңы, Термодинамика).
Энергия туралы түсінік мәңгілік қозғалтқыш жасаудың мүмкін
еместігін дәлелдеуге байланысты пайда болды. Жұмыстың
қоршаған ортадағы немесе жүйедегі белгілі бір ӛзгерістің (отынның
жануы, судың құлауы, т.б.) нәтижесінде
ғана орындалатындығы
анықталды; дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі
белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның энергиясы деп аталды.
Қозғалыстың әр түрлі формасына сәйкес энергияның да бірнеше
түрі бар (мысалы, механикалық энергия, химиялық энергия,
электромагниттік энергия, гравитациялық энергия,
ядролық
энергия, т.б.) Физиканың даму процесінде энергия ұғымы
нақтыланып әрі жалпыланып отырды. Энергия туралы ілімнің
дамуындағы маңызды бір кезең үздіксіз ортадағы
энергия
қозғалысы мен ― энергия ағыны‖ туралы ұғымның енгізілуі болды.
Энергия ағыны деп энергия тығыздығы мен берілген ортадағы
орын ауыстыру жылдамдығының кӛбейтіндісіне тең векторды
айтады.
Кванттық
физиканың
дамуы
энергия
ның
квантталатындығы жайлы, яғни кейбір жағдайда жүйенің энергия
сы тек дискретті (үздікті) мәндерді ғана қабылдайды деген фактіні
дәлелдеуге мүмкіндік берді. Мұндай жағдай мысалы, сәуле шығару
энергия сына, микробӛлшектердің тербеліс және айналу
Энергиясына қатысты айтылады. Салыстырмалық теориясында
Энергия (Е) мен масса (m) арасындағы байланыстың (Е=mс
2
,
мұндағы с – вакуумдегі жарық жылдамдығы) ашылуы физика үшін
зор маңызды болды. Бұл қатыс әмбебаб қатыс болып есептеледі.
Сондықтан ол тіпті ӛте кішкентай микробӛлшектің ӛзінде де
әрқашан қозғалыстың белгілі бір түрі болатындығын кӛрсетеді.
Мұндай қозғалыстың ӛлшеуіші mс2 ӛрнегі болады. Әсіресе бұл
қатыстың ядр. энергетиканың дамуына байланысты іс жүзіндегі
маңызы арта түсті. Энергия бірліктердің халықаралық жүйесінде
(СИ) джоульмен, бірліктердің СГС жүйесінде эргпен ӛлшенеді. Ал
ядролық және атомдық физикада энергияның ӛлшеу бірлігі ретінде
электронвольт алынады.
ЭТНОС, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] -
бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ
белгілері бар қауымдас¬тық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай
түсінілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын кӛпшілік зерттеушілер
барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру
қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л.
Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады
(субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).