Популяция санының ауытқуларын, популяциялар арасындағы
әсерлесулерді сипаттайтын матем. модельдер құру (А.Лотка,
В.Вольтерра, 1925, 1926), сол модельдерді эксперимент барысында
тексеру (Г.Ф. Гаузе, 1934) сияқты, қазіргі теория Экологияның
негізін құрайтын зерттеулер де сол жылдары қалыптаса бастады.
20
ғасырдың
60
–
70-жылдары,
бұған
дейін
негізінен биолог мамандардың арасында ғана қолданылып келген
―
экология‖ термині кенеттен кӛпшілік арасында ең танымал
терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат пен адамзат
арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған
ортаның ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының
ӛсуі, азық-түлік пен энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер
ғылымның әр түрлі салаларында зерттеліп, бұқаралық ақпарат
құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады және бұл процесс әлі
де
жалғасын
табуда.
Соның
нәтижесінде
Экологиялық
дүниетаным жаратылыстану ғылымдары ғана емес, кӛптеген
қоғамдық ғылымдарға да енді, Экологияда кӛптеген жаңа бағыттар
пайда болды. Бұл бағыттар мен салалардың бірқатары Э.Геккель
негізін қалаған биология
Экологиядан әлдеқайда алшақ жатыр.
Кейбір ―экологиялық‖ деп аталып жүрген ғылым салаларының
қазіргі күнге шейін нақты шекаралары белгіленіп, еншісі
ажыратылған жоқ және солардың барлығын қанағаттандырарлық
ортақ анықтама беру оңай емес. Экологиялық ғылымдардың
соншалық сан алуан болуына қарамастан осы күнгі Экологияның
барлық салалары мен бағыттарының негізінде организмдердің
қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасына арналған іргелі
биология идеялар жатыр. Мысалы, бірінен бірі соншалық алшақ
кӛрінуі мүмкін, ӛсімдіктер мен жануарлардың түрлерін жерсіндіру,
егістікке
берілетін минералдық
тыңайтқыштардың мӛлшерін
белгілеу, дәрі-дәрмектердің емдік мӛлшерін анықтау, атмосфераға
шығарылатын немесе су қоймаларына тӛгілетін ластаушы
заттардың шектік концентрацияларын есептеу сияқты шаралардың
негізінде Экологиядағы шектеуші факторлар ережесі мен
толеранттық заңы жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: