отырып, суреттерді шығара алады. Электронды микроскоптың
кӛмегімен металл мен кристалды торларда зерттеуге қолданады.
Электронды микроскоптарда жарықтың орнына электрон сәулелері
қолданылады, осыған байланысты қолданылатын қуаттың күші
50—100 кВ-қа дейін барады, ал толқын ұзындығы 0,056—0,035 А°-
ге жетеді. Толқын ұзындығы неғұрлым қысқа болса, микроскоптың
кӛрсеткіштік қабілеттілігі сорғұрлым артатынын физика курсынан
жақсы білеміз. Осыған байланысты электронды микроскоптардың
кӛрсеткіштік қабілеттілігі —1—7 А°-ға, ал үлкейткіштік
қабілеттілігі 600 000-ға дейін жетеді. Электронды микроскоптың
кӛмегімен қарайтын заттың қалыңдығы 400—600А° препаратты
кӛруге болады, ӛйткені қалың препараттан электрондар ӛте
алмайды, олардың ӛткізгіштік қасиеті нашар. Электронды
микроскопқа препарат дайындайтын приборды ультрамикротом
деп атайды. Осы прибордың кӛмегімен жұқа кесінді жасап, оны
объекті торына бекітіп, арнайы бояулармен бояп, электронды
микроскоппен қарайды. Электрон сәулелері препарат арқылы
ӛткенде объектінің үлкейтілген «кӛлеңкесі» экранға түседі.
Достарыңызбен бөлісу: