Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет66/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   206
ЖАЗЫҚТАР — жер шары бедерінің маңызды элементтерінің бірі; 
біршама тегіс бетінің үлкен атырабын алып жатқан, биіктік 
айырмасы ӛте аз (200 м-ден аспайтын), сол еңістеу келеді. 
Жазықтар басым кӛпшілігінде ежелгі жас платформада жайғасады. 
Құрлықтың әр түрлі биіктігінде, сонымен қатар мұхит пен теңіз 
түптерінде (су асты жазықтары, соның ішінде, абиссальдық 
жазықтар) болатын жазықтар. Құрлықта ойпатты жазықтар (0—200 
м), мысалы, Каспий маңы, Амазонка, Батыс Сібір, Үнді-Ганг 
жазықтары; қыратты жазықтар (200—500 м), мысалы, Үстірт 
жазығы және 500 м-ден жоғары жазықтар деп ажыратылады. 
Орогендік атыраптарда бір жағына қарай сол еңістеу (тау алды 
жазығы) немесе ойысты (тау аралық жазықтар) болып 
келеді. Морфология жағынан тегіс, сатылы, белесті, жонды, жонды-
тӛбелі болады. Экзогендік бедер түзуші процестерге байланысты 
денудациялық (тұғырлы немесе қабатты) және аккумуляциялық 
(аллювийлік, кӛлдік, мұздықтық, пролювийлік, эолдық, тағы басқа) 


жазықтарға бӛлінеді. Жазықтар жалпы жер бетінің 15—20%-ын 
алып жатыр. 
ЖАЙЫҚ – Ресей Федерациясы (Челябі, Орынбор  облыстары) мен 
Қазақстан Республикасы  (Атырау,  Батыс Қазақстан облыстары) 
жеріндегі ӛзен. Оңтүстік Орал тауы және Каспий ойпаты, Ресей 
Федерациясының 
 Башқортостан 
Республикасы, 
 Челябі, 
 Орынбор және Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау облыстары 
жерінен ағып, Атырау қаласы тұсында Каспий теңізіне құяды. 
Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 
мың км2, Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км. Орал тау 
жотасынан басталып, жоғарғы бӛлігінде Оңтүстік Оралдың шығыс 
беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан 
тӛмен 
қарай 
жазықпен 
ағады. Магнитогорск 
металлургия 
комбинатынсумен қамтамасыз ету үшін қала маңында бӛген 
салынған. Бӛгеннен тӛмен қарай ӛзеннің жағасы жарқабақ, 
арнасында қайраңдар бар. Ресей жеріндегі Орскқаласына дейінгі 
бӛлігінде Жайыққа оң жағынан Таналық, сол жағынан Орсалалары 
құяды. Орск қаласынан тӛменде ӛзен батысқа бұрылып, Губерли 
шатқалымен (ұзындығы 45 км) ӛтеді. Жазық даламен ағатын 
тұсында сол жағынанЕлек ӛзені құяды. Жайыққа оң жағынан Кіші 
Қызыл, Үлкен Қызыл, Сакмар, Таналық, Шаған; сол жағынан 
Шыңғырлау (Утва), Гумбейка, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Қомақ, Ор, 
Елек, Барбастау салалары құяды. Орал қаласынан тӛменгі бӛлігінде 
Жайықтың аңғары тағы да кеңейіп, жайылмасы тармақталады. 
Қаладан ӛткеннен кейін ӛзенге Кӛшім бӛгені салынып, Жайық-
Кӛшім суғару-суландыру жүйесі тартылған. Жайық кӛбіне қар 
суымен (80%) толығады. Су тасу кезінде орта ағысы тұсында 
арнасы 10 км-ге, ал атырауында бірнеше ондаған км-ге дейін 
жайылады. Ӛзен жоғарғы ағысында – қарашаның басында, орта, 
тӛменгі бӛлігінде қарашаның аяғында қатып, мұзының еруі тӛменгі 
бӛлігінде наурыздың аяғында басталып, жоғарғы бӛлігінде сәуірдің 
ортасына 
дейін 
созылады. 
Ӛзеннен 
 бекіре, 
шоқыр,
майшабақ, кӛксерке, Каспий қаракӛзі, табан балық, сазан, жайын 
ауланады. Жайықтың бойында орналасқан Ресей қалалары: 
 Верхнеуральск, Магнитогорск, Орск, Новотроицк, Орынбор, 
Қазақстан қалалары: Орал (кеме қатынасы басталатын жер), 
Атырау. Еуропа мен Азияныңшартты шекарасы Жайық ӛзені 
бойымен ӛтеді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет