Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет67/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   206
ЖАНАРТАУ, ВУЛКАН (лат. vulcanus – 
от, 
жалын 
деген 
мағынаны білдіреді, ежелгі римдіктердің мифологиясындағы от 
құдайы ұғымынан шыққан. ) – Жер қабатының тереңдегі 
жарылымдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын балқыған 
тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары. 
Жанартау — тӛбесінде шұңқырға ұқсас кратері не ойысы бар
кӛбінесе конус немесе күмбезтәріздес болып келетін геологиялық 
түзілім. 
Ол 
терендік 
магмалық 
ошақтардан 
жер 
бетінелавалар, ыстық 
газдар мен булар, 
сондай-ақ 
тау 
жыныстарының сынықтарын атқылап тұратын жер қыртысындағы 
каналдар мен жарықтардың үстінде пайда болады. Атқылау 
каналдарының пішініне сәйкес жанартауларды орталық және 
жарықтық  деп бӛледі. Мұның екеуі де әрекетті, тыныштанған 
және сӛнген болуы мүмкін. Жанартаулық атқылаудың типі, 
магманың мӛлшері мен құрамы жанартаудың пішіні мен биіктігін 
анықтайды. Оның ең кӛп тараған типтері: конус тәріздес 
жанартау (атқыламасында сынық материалдар басым кезінде), 
күмбез тәріздес жанартау (тұтқыр лаваның сығымдалуы кезінде) 
және кӛлбеу қалқан тәріздес жанартау (сұйық лава аққан кезде). 
Жанартаудың бір рет қана атқылауы кезінде пайда болған 
түзілімді моногендік жанартау, бірнеше рет атқылаудан пайда 
болған түзілімді полигендік жанартау деп атайды. Жанартау 
жылына жер бетіне 5 – 6 км3 жанартаулық материалдар шығарады, 
оның 80%-ы су асты жанартауларына, 20%-ы құрлықтағы 
жанартауларға тиесілі.
ЖАНАРТАУ ТҤРЛЕРІ - су асты жанартауы 3 – 4 км 
тереңдіктегілавалық жарықтардан тыныш күйде шығып жатады
бірақ оларды тікелей бақылау мүмкін емес. Жер үсті жанартаулары 
атпа ӛнімдерінен құралады, ол орталық кратері бар конус пішінді 
тау түрінде болады. Сӛнбеген жанартаулардың ең жоғары 
салыстырмалы биіктігі – мұхиттарда 9 км, аралдарда 6 км, таулы 
ӛңірлерде 3 км-ге жетеді. Жердегі сӛнбеген жанартаулардың 
орташа биіктігі 1750 м, кӛлемі 85 км3. Жанартаулар сӛнбеген, 
потенциалды сӛнбеген, шартты түрде сӛнген және сӛнген болып 
жіктеледі. Сӛнбеген жанартауға соңғы 3500 жылғы тарихи кезеңде 
атқылаған не ыстық газдар мен су шығарған жанартаулар жатады, 
олардың жалпы саны 947 (2008). Потенциалды сӛнбеген 
жанартауға 3500 – 13500 ж. ішінде байқалған голоцен дәуірінің 
жанартаулары жатады, олардың саны 1343. Голоцен дәуірінде 


ешқандай әрекет кӛрсетпеген, бірақ ӛзінің сыртқы пішінін сақтап 
қалған 
жанартаулар 
шартты 
сӛнген 
жанартауларға 
жатады. Эрозияға шалынған, жартылай үгіліп, бүлінген және 
кейінгі 100 мың жылдан астам уақытта ешқандай әрекет жасамаған 
жанартаулар сӛнген жанартау деп аталады. Жанартау шығу 
жолдарына байланысты орталық және жарықшақты болып 
бӛлінеді. Магманың шығу тереңдігіне қарай жанартау мантиялық 
(30 – 70 км және одан да терең), қыртыстық (5 – 45 км) және аралас 
болып бӛлінеді. Бірінші жағдайда базальт жынысы, екінші 
жағдайда басым кӛпшілігі андезит, дацит, липарит тау жыныстары, 
үшіншісінде барлық жанартаулық тау жыныстары шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет