Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет68/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   206
ЖАНАРТАУЛАРДЫҢ 
АТҚЫЛАУЫ - 
Жер 
қабығындағы 
жарықтар мен каналдар бойымен ыстық газдардың, су буының, тау 
жыныстарысынықтарының, 
күлдің 
және лаваның Жер 
қойнауынан аспанға атылуы. Жанартау атқылаған кезде аспанға 
атылған 
шаңнанатмосфера қарауытады. Күн 
радиациясы] 
бәсендейді және жарық азаяды. Ауа ағыстарымен атмосфераның 
жоғарғы қабаттарында таралған жанартаулық ұлпа шаңдардан 
(күлден) оның атылған тұсында ғана емес, тіпті одан ӛте шалғай 
жерлерде аспанда шапақтың басқаша қызыл түсті оптикалық 
құбылысы болады. Жанартаулардың атқылауынан  стратосфера  
мен мезосферадағы бұлттар пайда болады. Жанартаулардың 
атқылауы ұзақ (бірнеше ондаған, жүздеген жыл) және қысқа 
(бірнеше сағат) мерзімді болады. Атқылау алдында жердің сілкінуі, 
дыбыс шығаруы, магнит ӛрісінің ӛзгеруі, т.б. құбылыстар 
байқалады. Жанартау атқылауы, әдетте газ бен суық лава 
кесектерін атқылаудан басталады. Кейде бұл атқылаулар лава 
(жанартау әсерінен Жер бетіне тӛгілетін отты-сұйық балқыма) 
ағуымен қатар жүреді. Қопарылыс күшіне байланысты күл мен лава 
кесектері ілескен ыстық газ бен бу 1 – 5 км және одан да үлкен 
(мысалы, 1956 ж. Камчаткадағы Безымянный жанартауының 
ӛнімдері 45 км биіктікке кӛтерілген) биіктікке кӛтеріледі. Атылған 
заттар айнала бірнеше км-ден мыңдаған км-ге дейін шашырайды. 
Жанартау атқылауынан шығатын жанартаулық ӛнімдер газ тәрізді 
(жанартаулық газдар), сұйық (лава) және қатты (жанартаулық тау 
жыныстары) болады. Атқылау сипатына және магманың құрамына 
қарай жанартау бетінде биіктігі мен пішіні әр түрлі геологиялық 
құрылымдар пайда болады. Жанартаудың сұйық заттары кремнезем 
мӛлшеріне қарай қышқыл, орта және негізгі құрамды лавалардан 


тұрады. Жанартау орталық кратерден және беткейлеріндегі 
қосалқы кратерлерден атқылайды. Жанартаудың ӛте жоғары 
қысымдағы бір рет атқылауынан маар деп аталатын тӛңкерілген 
конус пішінді ойыс, ал аса күшті атқылау кезінде жанартау конусы 
мен оның маңайының опырылуынан диаметрі кейде ондаған км-ге 
жететін кальдера деп аталатын үлкен ойыстар пайда болады. 
Жанартау әрекетінің себептері жер қыртысындағы күшті 
тектоникалық қозғалыстармен, магманың массасымен, күшті 
қатпарлану процесстерімен байланысты. Жер қыртысындағы аса 
терең жарылыстар магманың жоғары кӛтерілуіне жол ашады, 
үздіксіз тектоникалық қозғалыстар оның жер бетіне шығуына 
мүмкіндік береді. Қазіргі әрекетті жанартаулар күшті тектоникалық 
қозғалыстар байқалатын ұзындығы жүздеген, мыңдаған километр 
жас тау жоталары мен аса ірі терең жарылымдар бойында және 
мұхит түбі мен доғалы аралдарда орналасқан. Жанартаулардың 2/3-
сі Тынық мұхиттың жағалары мен аралдарында (Тынық мұхиттың 
жанартаулық 
белдеуінде), Жерорта 
теңізі маңы 
мен Атлант 
мұхиты аймағында кездеседі. Жанартау ӛте қатерлі табиғи құбылыс 
болғандықтан, оларды алдын-ала болжау үшін зерттеу және 
бақылау жұмыстары үздіксіз жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет