Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия


ЖАНАРТАУ АТҚЫЛАУЫНАН ПАЙДА БОЛҒАН ТАУ



Pdf көрінісі
бет69/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   206
ЖАНАРТАУ АТҚЫЛАУЫНАН ПАЙДА БОЛҒАН ТАУ 
ЖЫНЫСТАРЫ - жанартаулық тау жыныстары, вулканиттер – 
жанартау атқылауынан пайда болған тау жыныстары. Атқылау 
сипатына байланысты жыныстардың 2 типі түзіледі: эффузивті тау 
жыныстары және пирокласты жыныстар (жанартау күлі, құм, 
туфтар, туфты брекчий). Жанартаулық тау жыныстары қалыптасу 
жағдайына қарай эффузивті, экструзивті, жанартаулық-кесекті, 
жанартаутекті-шӛгінді болып ажыратылады. Эффузивті тау 
жыныстары магманың лава күйінде жер бетіне ағып шығып 
қатаюынан қалыптасады. Олардың пішіні лаваның тұтқырлығы мен 
сол ауданның жер бедеріне байланысты күмбез, конус тәрізді 
тӛбелер 
болып 
қалыптасады. Экструзивті 
жыныстар тұтқыр 
магманың сығылып шығып, күмбез пішінді болып қатаюынан 
пайда болады. Эффузивті жыныстардың сыртқы пішіні қатты 
ӛзгерген кӛне түрлері палеотипті, ал пішіні сақталған жасырақтары 
кайнотипті жыныстар деп аталады. Жанартаулық-кесекті жыныстар 
эффузивті кесекті, эксплозивті кесекті және шӛгінді жанартау 
кесекті болып бӛлінеді. Эксплозивті кесекті жыныстар түгелдей 
жанартаудың атқылау ӛнімдері – пирокластардан тұрады. 


Жанартаулық 
тау 
жыныстары 
Қазақстанның 
барлық аймақтарында кеңінен 
тараған: 
олармен 
темірдің, 
полиметалдың, мыстың, марганецтің, күкірттің, алтынның және 
басқа да элементтердің кендері бірге кездеседі. Құрылыс 
материалы ретінде кеңінен қолданылады. 
ЖАНАРТАУТЕКТІ ШӚГІНДІ ЖЫНЫСТАР – жанартаулық 
және шӛгінді материалдардан тұратын тау жыныстары. Олар 
жанартаукесекті шӛгінді 
жыныстар, 
тефроидтар 
және 
жанартаутерригенді жыныстар болып үшке бӛлінеді. Жанартаутекті 
шӛгінді жыныстарда яшма, фосфорит,боксит, темір, марганец
бораттың кендері кездеседі. Жанартаутекті шӛгінді кендер – 
теңіздердің түбінде жанартаутекті шӛгінді жыныстардың шӛгуінен 
түзілген кендер. Мұндағы минералдық заттар жанартаудың ыстық 
газы мен суынан бӛлініп, жанартау лавасы мен күліне сіңеді. Кейін 
суынған лава мен күл теңіз суының әсерінен әр түрлі бӛлшектерге 
ыдырай бастайды. Ал жанартау әрекеті қайталанып, жаңадан 
бӛлінген газдар мен сұйық ерітінділер қайта әсер еткенде олар 
ериді, сілтісізденеді, тотығады, жаңа химиялық қосылыстар, 
минералдар түзіп, шӛгеді және су массасымен бірге бір орыннан 
екінші орынға кӛшеді. Сӛйтіп, жанартау атқылауымен жердің терең 
қабаттарынан келетін заттар ыдырап, жер беті суымен 
тасымалданады. Жанартаутекті шӛгінді кендерге силикаттар мен 
карбонаттардан, оксидтер мен гидроксидтерден тұратын темір мен 
марганецтің аса қалың қабаттары, құрамында темір, мыс, мырыш, 
кейде қорғасын сульфиттері және барит пен гипс болатын колчедан 
кентастары жатады. Мұндай кендер барлық геологиялық жүйелерде 
кездеседі. 
Жанартаутекті 
шӛгінді 
кендерге Орталық 
Қазақстанның темір-марганец, Кенді Алтайдың полиметалл кен 
орындары жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет