23
Ағылшын есімшесінің қазақ немесе орыс тіліне аударылу қиындықтары:
1. «Дұрыс етістіктердің» Particle II формасы Past Simple формасымен
сәйкестілігі. Мысалы: closed- жапты, жабық
2. Ағылшын сөйлеміндегі анықтауыш қызметін атқарып тұрған есімше
анықтайтын сөзден кейін тұра алып, оны іздеп табуды қиындық
тудырады. Мысалы: The method developed made it possible to achieve good
results – Зерттелген әдіс жақсы нәтижелерге жетуге септігін тигізді.
3. Егер ағылшын тіліндегі зат есім мен есімше сәйкес келмеген жағдайда
оны басқа лексикалық – грамматикалық тәсілді қолдана отырып
аударамыз. Мысалы: There was only one question before him asking whether
or not he accepts the terms offered – оның алдында жалғыз ғана сауал
тұрғанды : Ұсынылған ашрттардың ол қабылдай ма жоқ па? (Сұралған
сауал – деп айту қазақ тілінің нормаларына сай емес)
4. сөйлемнің басында тұрып пысықтауыш қызметін атқарып тұрған Patriciple
ІІ сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамдас бөлігі ретінде аударылады.
Мысалы: Asked if the unification of the currencies is going to take place already
this year, the Central bank governor did not give a straight – forward reply –
Орталық банк басшысының тіке жауап бермеген сұрағы ақшаның косылуы
осы жылы болады ма жоқпа?.
5. Қазақ тілінде сәйкес келмейтін ағылшын етістіктерінен туындаған
ағылшын есімшелері аудармада қиындық тударады. Мысалы: The lecture
followed by discussion was great success – Соңғы жағы әңгімеге ұласып кеткен
дәріс өте сәтті болып өтті.
6. Сөйлемнің басында тұрған есімшелер баяндауыш бола алады. Мысалы:
Attached to the article are tables and graphs – Кестелер мен тізімдер мақалаға
қосылған.
7. Қосымша сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын есімшелер әр түрлі
аударылады. Мысалы: Summing up, we must point out the following issues –
Қорытындылай келе, келесі мәселелерді атап өту қажет – Егер қорытындыға
келсек, келесі мәселелерді атап өту қажет – Қорытынды жасаймыз; келесі
мәселелерді атап өту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: