24
6. It is a common observation that bodies expand when heated.
7. The part played by the small business is hard to overestimate.
8. Taken together, these factors constitute the main picture of the financial crisis.
§ 10. Есімшелік айналымдардың аударылу жолдары. Пысықтауышы бар
есімшелік айналымдардың аудармасы. Дербес есімше айналымының
аудармасы.
Ағылшын тілінің пысықтауышы бар есімшелік айналымдары орыс
немесе қазақ тілдерінде бірнеше тәсілдер көмегімен ауларылады: есімшелік
айналым, пысықтауышы бар сабақтас құрмалас сөйлемнің қосымша бөлігі
болып аударылады және тек орыс тіліне сай –
при предлогы бар етістіктен
туындаған зат есім болып аударылады. Мысалы: Working on this project we
found out a lot of interesting things – бұл жобамен жұмыс жасау барысында –
(бұл жобамен жұмыс жасаған кезде), біз көптеген қызықты нәрселерді
байқадық. Considered in isolation the example does not seem to be that continuing
– Қарастыру оқшаулы болса , бұл мысал соншалықты сендірерлік емес/ Егер
оқшаулы түрде
қарастырсақ, бұл мысал сендірерлік емес. Having completed
the preparation, he took a short break – Дайындықты аяқтап, ол қысқа үзіліс
жариялады. Having completed the preparation, he took a short break – Қауынды
салқындатқан соң, оны жеуге жағымды болды.
Өткен шақтағы Given есімшесі орыс тіліне «бар
болған жағдайда, егер
болса» деп аударылады. Мысалы: Given the inflation rate does not exceed 2%
per month the GDP growth could considered realistic –Егер ақшаның айлық
құлдырауы 2 көтерілмесе, ішкі сауданың дамуын шынайы деп есептеуге
болады.
Егер
есімшенің алдында When, While, if, unless, until, once, though т.б.
тұрса, бұл жағдай жоғарыда айтып кеткен аударма жолдарына айтарлықтай
әсер етпейді. Мысалы: Unless otherwise specified, the time of departure is
always the same - Егер сапарға аттану уақыты
айтарлықтай келісілмесе ол
өзгеріссіз қала береді. Everybody is innocent until proven guilty - Біреудің
кінәсі дәлелденбейінше, ол кінәсіз болып есептеледі.
Дербес есімше айналымы екі элементтерден тұрады: зат есімі мен
есімдік + есімше. Кейде бірінші элемент There бола алады. Бұл айналымның
дербес деп аталуыныңы себебі – егер ол болмаса сөйлем мағынасында сөздік
құрамында жоғалтпай толығымен сақталады. Егер дербес есімше айналымы
сөйлемнің басында келсе, одан кейін міндетті түрде үтір қойылады.
Мысалы: The room being too small, we moved into a larger one –Бұл бөлме өте
кішкентай болғандықтан біз басқасына көштік. There being to match
applicants, the interviews were split into two days –Үміткерлердің саны өте көп
болғандықтан, ақылдасу екі күн бойына жалғасты.
Weather permitting, the
expedition will start tomorrow - Егер ауа райы қолайлы болса, саяхатқа ертең
аттанады.
Егер дербес есімшелік айналым сөйлемнің соңында келсе, оның алдына
міндетті түрде үтір қойылады. Қазақ тіліне аударғанда оның аудармасы және,
25
осының әсерінен деген сөздермен басталып, есімшенің өзі сабақтас
сөйлемнің құрамдас бөлігінің баяндауышы болып аударылады. Мысалы: All
athletes were accommodated in the Olympic village, their coaches staying in the
some blocks-Спортшылардың барлығын олимпиадалық ауылда
орналастырып, олардың жаттықтырушыларыда сол жерлерде қоныстанды.
Достарыңызбен бөлісу: