Рымғали НҰРҒали драма өнері



Pdf көрінісі
бет4/26
Дата25.01.2023
өлшемі2,67 Mb.
#62969
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
24c3d12d67c5acb8803b0e4e4281a4a5

"Жолсыз жаза " поэмасында: 
Еңлік айтады: 
- Әй, батыр, сен жатырсың ұйқың қанбай, 
Мен жүрген бір сорлымын бағым жанбай. 
Көрінгенге көз сүзген көрсе қызар, 
Әдепсіз қыз дейсің-ау әлдеқандай. 
Кебек айтады: 
- Әй, Еңлік, сөзің рас, нандым саған, 
Бәрін ұқтым, жерім - жоқ байқамаған. 
Артқы өмірді әзір біз қоя тұрып. 
Ойнап-күлсек қайтеді біраз заман. 
Қаза келсе малдыдан мал таймай ма,
Ажал жетсе батырдан жан таймай ма.
Азар болса күйеуің жастау шығар,
Жарлы байып, жас өсіп қартаймай ма. 
Жас түзеліп, түрленіп ер жетпей ме,
Бойындағы балалық бір кетпей ме.
Асыққандық емес пе, осы сөзің,
Жақсы әйел жаман ерді түзетпей ме. 
"Еңлік-Кебек " трагедиясында: 
Еңлік: Батыр, бері таман кел. Менің әлгі айтқан арызымды тыңдап кет. Ұйқыңыз 
қанар. Бүгінсіз де түн бар ғой. Аз сөзіме көңіл бөл. Көрінгенге көз сүзген әлдеқандай 
қыз деп тұрған шығарсың. Бірақ сен батыр болған соң, мен шынымды айтсам түсінер деп 
отырмын. 
Кебек: Еңлікжан, сөзіңді үқтым, бірақ бүгінгі күннен үзілді-кесідді сөз байлап, 
алды-артымызды тұйықтамасақ болмай ма. Жастықтың да достығы бар емес пе. Соны 
аужал қылсақ қайтеді. Күйеуің жас шығар. Жас өсіп, жарлы байымай ма. Жаман болса, 
жаман еркекті жақсы ұрғашы түзетпей ме. 
"Жолсыз жазадағы" Еңлік пен Кебектің диалогы ретінде келген шумақтарды 
Әуезовтің пьеса жазу үстінде пайдаланғандығы анық байқалады. Драматург жеке 


21 
тіркестерді, сөйлемдерді алып, өз қалауынша қайта құрастырған, қажетіне 
жаратқан. 
Есен-Еңлік арасы, Кебек-Еңлік арасы айқындалады. Тартыстың бір 
қиырында - Еңлік, қарсы басында-Кебек. Сырттай қамшы сілтескен орайлары бар. 
Драма заңдылығы бұл полюстердің түйісуін талап етеді. Қилы қалыптағы 
характерлердің бір мақсатқа ұмтылуынан туған конфликтіні құнттау шарт. 
Қысылып-қымтырылып жүріп, булығып барып бұрқ еткен сезім алауы Еңлік 
көкірегін жылы нұрға малған. Арыстанның аузына тартылып бара жатқандай 
халден құтқарған - Кебек. Риясыз, күнәсіз жастығын батыр жолына бағыштау - 
ендігі өмірдегі тілек-қолқасы. 
Тағы Есен. Драматург қалың тартыс ортасында бұл екеуін әдейі түйістіреді. 
Осының алдында сес көрсетіп, дүрдиіп жөнелген Есен ашуы тарқамағандай, ызғар 
шашқан беті бар, дағдылы бүлік. 
Есен, Есен. Даңғой, мақтаншақ, өркөкірек Есен. Екі қайырымға келмей, оңай 
алдауға түсіп қалар аңғал, аңқау, бала мінез Есен. Бар қылығы өз бойына шақ 
батыр Есен. 
Кебекпен серт байласып, уәде қылған Еңліктің Есенді алдарқату көрінісінде 
комедиялық шуақ күлкі бар. Сахналық жағынан өте сәтті ситуация. 
Тартысты үсті-үстіне ширықтыру, психологиялық кризиске жаңа түрткі беру, 
сөйтіп қаһармандар келбетін кескіндеу реалистік драматургияға етене нәрсе. 
Шекспир Гамлеті де, Горький Булычовы да, Ибсен Пер Гюнті де, әлем 
драматургиясындағы толып жатқан ірі характерлер осы тәсілмен қалыптанғаны 
аян. 
Қаражартас түбінде Есен, Еңлік, Кебек кездесіп қалды. Осыған дейін үнемі 
контрастыда алынып келген екі батыр түйсігі. Абыз алдына әуелі Есен, соңынан 
Кебек барады. Еңлікке Есен тізе батырса, Кебек құшақ жайды. Жан дүниелері, ішкі 
сарайлары, сезім-түйсігі, ақыл-білімі бір-біріне кереғар. Дуэльге шыққандай Есен, 
Кебек. Бұл кездесу "Еңлік-Кебек" пьесасындағы ең күшті ситуацияның - сахналық 
эффектісі орасан зор, диалогтары өте шыңдалған тұстардың бірі. 
Есен Кебекке, Кебек Есенге ұқсамайды. Бұл екеуінен Еңлік алабөтен. 
Әрқайсысының сөзі олардың характерін дөп басып танытады, диалогтар оқиға 
дамуына қойылған от сияқты. Сырттай тістесіп, білектің күші мен жүректің 
сұстылығы ғана емес, жар сүю бақыты табалдырығы алдында бақ сынасып қалған 
батырлардың қордаланып жиылған ашу ызасы да, көкірек кергізіп жүрген менмен 
өзімшілдігі де аяқ астынан жарылады. Тамаша! 
Біріне сеніп, сүйіп, серт беріп, жар тұтса, екіншісін арқадан қағып, аңғал 
деп, алдаусыратқан қыз желді күнгі өрттей жалыны бет шарпыған қос оттың 
ортасында қалды. Тар кезең, тас босаға. Характерлер дойыры қалай-калай 
сермелді. Қылыш жүзіне табан басқан қыз қадамы не болмақ. 
Айлалы Кебек Есен көзінше Еңлікті мүлде танымаған, білмеген кісі сияқты. 
Сөзі Еңлікке арналғандай болғанмен, жалыны Есенді шарпып түр. Қазақ 
дәстүріндегі қайынағалық, келіндік жолына мегзейді. Кебектің ащы кекесіні 
тартысқа, белдесуге бастап отыр. Мұндайдан соң шұғыл мінезді, басынан құс 
ұшырмайтын Есен шыдап қалмауы керек, оның характерінің табиғи логикасы сол. 
Кебек мақсаты сөз жарыстыру емес, Есеннің ішкі орайын аңдау. Өресі мен 
ауқымына, деңгейі мен тереңіне құрық тастап байқап көру. 


22 
Еңлік аддында Есен мінін бетіне басу. Әлдекім, тентіреген бөтен рудан өзі. 
Шыдамас Есен бұған. "Қыз сынына толам десең, өзің биязы бола бер. Еңлік мені 
сынап болған", - деп Есен Кебекті жер қылғандай масаттанады. Түбір сөздің 
түйінін айтқандай мәз. Ағайын-туыстык, рәсімі, қазақшылық ретімен келгенде 
Еңліктің келіні екенін естен шығарған. Жөн-жосыққа жүйрік Кебек қырқадан бір-
ақ шалды. Есенді шауып түсірді. Не демек бұған, айтар жауап қал-ды ма. Ашу 
қысып, көкірек кернеп барады. Құзар жартас басында соқтығып қалды қос арқар. 
Ызасы қайда Есеннің... "Шық, жекпе-жекке", Міне, міне. 
Ашу, ашу ғана сиынғаны. Кебек те тұтанды. "Айбынды батыр сен болып, 
қашып кететін қатын мен боламын ба?" Жүрегі кобалжымай, таймай соғар сыңай 
ғой. Есен бойьш долылық кек толқыны дірілдетсе, Кебек ес тізгінін босатпаған. 
Шоқпары мен улы тілін қоса сілтейді. "А-а... Кел, кел... Сырлас келініңнің алдында 
мақтанайын деген шығарсын". 
Екі батыр - екі мінез. Бірі ұрт, тарс ашу, кеудемсоқ, екіншісі - сарабдал, 
айдынды, өр. Бірі - байыпқа бармас, тыз етпе, екіншісі - кеулей қозғар қең қүлаш. 
Қанды қара қанжардай шартта шұрт келіп қалған батырлардың арашашысы - 
есті Еңліктің жалғыз ауыз сөзі. Қылықты қыз екеуіне де байсал табар жөн айтты. 
Аяқ астынан болғалы тұрған өлімді тыйып тастады. 
Шын батыр уәдесінде ұдай тұрар,
Кездесіп қара кезік тұрған шығар.
Бой беріп сабыры мен ақылына,
Уеделі сәтті тосып әлі шыдар. 
Жалғыз ауыз өлеңмен Кебекке сыр аңғартады, қыз бойында жарасымды наз 
да жоқ емес. Бірін-бірі таптап тастар кекпенен тұра ұмтылысқан батырлар Еңлік 
лебізінен кейін сабаларына түскен секілді. 
Есен (теріс қарап). Маған айтқан жұмбағы ғой. Уәделі үш күніне шыдармын. 
Кебек. Маған айтты. Кетіп қалма тос дегені. 
Қыз емеурінінен ашу жүзіне түскен болар-болмас шуақ сәуле бар. Есен-
Кебек арасы күн мен түндей. Арада бұрын елдеқандай буалдыр болса - айықты, 
жіп болса - үзілді. Екеуі екі жартас басында. Ортада өшпенділік өзені. Я өлім, я 
өмір. Еңліктей аруды не Есен құшады, не Кебек құшады. Жол біреу-ақ. Не Есен 
Кебекті өлтіреді, не Кебек Есенді өлтіреді. 
Трагедиялық конфликт қыл шылбырдай ширатылып барады. "Кездессек сол 
жерде оң-терісімізді найзаның ұшы, білектің күші айырсын", - Есеннің соңғы сөзі, 
батырлардың серт сөзі. Кебек пен Есеннің кездесіп қалған сәті Еңлік үшін 
қияметтің қыл көпіріндей еді, құтылды одан. 
Аңсап тапқан жары, жалғызы - Кебекпен тартты сапарға. Баянды, ұзақ өмір 
болғай. Махаббаттың жалын құшағындай тірлік тілейді тағдырдан. Өртеніп 
табысқан жан досы үшін ата-ана, туған жер, ыстық ұя – бәрін қиды дүниенің. 
Сезім күйінің тоқсан тоғыз тамырды солқылдатқан сыры. Қош, ел. Қош, 
балалық. Енді Еңлік Кебектікі. 
Ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық поэзияның дәстүрлі ізімен астасып 
жатқан Еңліктің қоштасу өлеңі жүректі сыздатып, көкіректі қысады. 
Не бар осы өлеңде? 
Қыз жаны жасырын құпиясының ашылып қалған сыры бар. Бой жетіп, 
сүйіспеншілік шоғына өртеніп, махаббат дариясьша құлаш сермеп, қиын қиырға 


23 
беттеген жанның мақсат-бағдарсыз өз бетімен тартып бір кеткен күйі ғой. Шідер 
үзіп бара жатыр. Өріс қайда, бет қандай. Кешір дейді ата-ана. Бәрібір еркелікпен, 
баяғы бала күндей тағы келіп асылса мойынына, тастар ма еді, қияр ма еді. 
Не бар бұл өлеңде? 
Алтын босаға қадірі-ай. Жақын-жуық, дос-жаран. Ұмытар ма сені адам. Сендер 
түгіл, қырқа-бел, өзен-тоғай, қара жартас та сезім бүйірін тоқ етіп жатқан балалықтың 
сөнбес шырақ естелігіндей, алтын жамбы, бәйтерек іспетті. Қимайды, қайтсін бірақ. 
Жаңа толқын, қуатты арна тартты, әкетті құшаққа, ыстық махаббат құшағына. 
Не бар бұл өлеңде? 
Мұң боп төгілген көздің жасы бар. Күрсініс боп шыққан шердің уы бар. 
Жылап тұрып күлген, ертеңіне ұмтылып буыны босаған, сүйіспеншілік қызуына 
балқыған жастың мұңлы күйі, жүрек жарды сыры бар. 
Тыңдайық Еңлік сырын. 
Ата-анам, ақ батаңды аттап кеттім,
Тентек ел талқысына тастап кеттім.
Болсам да шұбар жылан іштен шыққан,
Қарғамас деген сенім сақтап кеттім.
Туған ел, амандасам жас-кәріңе,
Бірге өскен құрбы-құрдас, дос бәріңе.
Жарасқан әзіл-сауық, аға, жеңге,
Аласың мені не деп естеріңе. 
Аман бол, Найза шоқы, тоғайлы өзен,
Өрістен қой асатын тұмсық кезең.
Бөрлі мен батыр шыққан Қарауылым,
Ен дала көркі болып жалғыз безен. 
Білмеймін қандай асу жолда жатыр,
Құз ба екен, қия ма екен таңдай татыр.
Сыйынып аруақ пенен бір құдайға,
Ұстадым етегіңнен, баста, батыр. 
Еңлік пен Кебек бостандық жағасы, бақыт мекені, сезім еркіндігі қайдасың 
деп тартып кетті. Есен-Еңлік-Кебек линиясыңдағы конфликт байсал тапқан 
сияқты. 
Бір қарағанда ғана солай. Екі ру арасындағы күрес әуелде Көбей бастатқан 
билердің сөзінен төбе көрсеткен. Сол тартыстың бітеу жарасының беті тағы 
ашылды. Біріне-бірі өш, жау екі ру арасындағы арпалыс қайта қоздады. Биік құз 
басынан жөңкіле құлаған тоқтаусыз селдей ру араздығына ауыздық болар күш жоқ 
енді. Жалын шашқан жанар таудай сұмдық пәле екі жастың өміріне қатер төгіп, 
төніп келеді. Ру арасындағы жаңа шайқасқа Кебек пен Енлік ісі сылтау. 
Дабырайып өсіп, шегіне жете сыздаған алтыбақан алауыздық бұлтының түйісуіне 
кездейсоқ бір оқиға, титтей себептің өзі жарап жатыр еді. 
"Кездейсоқтық ешқандай қызмет атқармаса, тарих мистикалық характер 


24 
алған болар еді"
5
, - дейді Карл Маркс. Құбылыстың терең шыңырауында, қат-қабат 
қалтарыста жатқан зандылық сыртқа шықпай қоймайды, кейде ол кездейсоқтық 
арқылы көрініс береді. 
Бір орталыққа бағынбаған, әрқайсысы өзінің ұсақ мүддесін қызғыштай 
қорыған рулар арасындағы жұлқыс - феодалдық қоғамның негізгі қайшылығынан 
туатын үлкен трагедиялардың бірі. Бұл ойран ұсақ мемлекеттерді жүйкелеткенін 
орта ғасырдағы Германия мысалынан көрсек, жеке рулар бейберекеттігінің бір 
халықтың басына қан жаудырғанын Қазақстан тарихынан аңғаруға болады. Іштей 
қырқысып, жүйкесі құрыған қазақ хандығы XVШ ғасырдың басында қалмақтардан 
жеңіліп, босқынға ұшырайды, ел басына қаралы күн туады. Ру таласы, сол 
орайдағы қастандық - жеке адамдардың өмірлерін де масқараға ұшырататын 
пәлекет. 
Алғашқыда Еңлік үшін сұмдық пен зорлық жалғыз Есеннен ғана 
шығатындай көрінген. Кебек тосқауылы да сол болатын. Ру арасының ызғары 
жаңа жетті. Дауыл көтерген мұхит толқынындай дүлей күш өрлеп келеді. Шідер 
үзіп, бөтен жұрттың, жау жақтың батырының етегінен ұстап кеткен Еңлікті бөтен 
ел аяр ма? Бәрінен де жер боп қалған, өкініш уын шеңгелдеп отырған Есен ашуы 
қандай? 
Кебек - тобықты баласына пейілін салып, екіталай күнде жанын шүберекке 
түйіп, білектің күшімен қамал бүзып, жаттан қорғап, қан кешкен жаужүрек батыр. 
Пана таптырар, өз руы бауырына алар деп сенеді. 
Пьесадағы тартыстың үдеп барып, асқынып кеткен тұсы екі ел билерінің 
тоқайласу сценасы. Өмірлік қайшылық көркем образдар арқылы өнер тілімен 
тамаша көрініс береді. Бұл жерде Еңлік пен Кебек оқиғаға араласпаса да контраст 
өз-өзінен байқалып тұрады. Оларға деген симпатия молая түседі. Билер сценасын 
деміңізді ішіңізге тартқан жітілікпен қадағалайсыз. 
"Еңлік-Кебек" пьесасындағы билер сахнасы - аз-кем стильдік өзгеріске 
түскенмен, түптеп келгенде, 1922 жылғы күйін сақтаған. Тұрпайы социологизмнің 
кемшілігінің бірі - әрбір образ бойынан тек таптық белгіні іздеу еді. Олар 
Максим Горькийдің: "Таптық белгіні адам бетіне жапсыра салуға болмайды; 
таптық белгі сойдиған сүйек емес, ол ішкі сараймен, жүйке тамырмен мидай 
араласып жатқан жаңды дүние; құр таптық белгі адамды көркем кескіндеген 
характерді бере алмайды"
6
, - деген теориялық байламынан мүлде шалғай, алшақ, 
жаңсақ "қисыңдарды" ұсынды. 
Әуезов пьесасындағы билер сценасының көркемдік қуаты осы Горький 
айтып отырған таптық белгілердің сырт бояу, жапсырынды нәрсе ретінде 
көрінбеуінде жатыр. Қайсысын алсаңыз да бәрі бір: мейлі Кеңгірбай, мейлі 
Еспембет, мейлі Көбей, мейлі Қараменде - тосқауылдың тас босағасында 
характерлер ашылып, ішкі толқын, жан дүние сыртқа шығып тұр. Әрқайсысының 
аузынан дауылдаған, қараборан сөз тасқыны ақтарылады. Өздері қандай кесек - 
Алатаудың жақпар-жақпар биік тұрғы шыңдарындай. 
Еңлік пен Кебек қылығын екі ел дауының сылтауы етіп ұстаған билердің 
шешендігі, орақ тідці, от ауыздылығы салған жерден таңқалдырады. Алыстан 
5
К. Маркс. Ф. Энгельс. Избр. пр. 2. М., 1955, стр. 444. 
6
М. Горький. Собр. соч. в 30 т. т. 26 М. 1953, стр. 415. 


25 
орағытып, қара бояумен түнерте жүйткіген Кеңірбайдың ұзақ монологы іркес-
тіркес. Көзге түртсе көрінбес қара түндей қап-қара пәлекет ортасында 
қалған қабан би қарманғандай: қорықпасқа қайран жоқ, кешегі өзі салған 
ойран, өзі жасаған тепкіні сонау Найман қайта әкеле жатыр. 
Ашуды намыспен жанып, оған кектің уын күйып, ізденіп жұлқынып 
келеді жау. Дұрыс болсын, бұрыс болсын өктеген соң, жеңсін би. Көкіректі 
бастырмай, дұшпаныңды жер қылып, таптап, шауып, табаныңа салып өт. Сол-
дағы тағдырдан тілер бір тілек -зор тілек. Кеңгірбайдың қабырғасына Кебектің 
өлімі, я бір Матай қызы тірлігінің өшуі батып бара жатқан жоқ. Өз намысы. 
Сынбаса дейді өз сағы. 
Кеңгірбай бірер рет қана сахнаға шығады - әуелгісі алыс дауыл 
хабаршысындай билер сценасы басындағы өз толғанысы, соңғысы кесік айтар 
кезең. Қазақ топырағында туған айрықша бір образбен жүздесеміз. Қаттылық, 
мұз суықтық бейнесіндей сұсты образ. 
Екі ел билерінің сөзбен балталасатын көрінісі сахналық әрекетке өте бай. 
Баста Кеңгірбай бір жаққа кетеді. Қараменде келеді; наймандардың алғашқы 
бүлігі - таяқ жеген тобықты жігіті; дау, Қараменденің сөзі; Есеннің жұлқынып 
тұруы; тоқтам, сырттағы халық үні; Кеңгірбайдың қайта оралуы; 
Қарамеңденің шекісуі; ақырғы байлам - ішкі әрекет те, сыртқы әрекет те мол. 
Бұл көрініс - үрейлі, қорқынышты көрініс. Шу дегендегі Кеңгірбай 
монологынан бұзылған атмосфера сәт сайын қапырықтанып, түнеріп, қан иісі 
шығыш келе жатқандай болады. Наймандардың алғашқы дабырының өзі ұрыс-
керіс, жолдағы тобықтыларды дүрелеу. Доңайбат, жарылғалы келе жатқан сұмдық 
ызғары. Түкпіріндегіні болжайтын залым билер Кеңгірбай, Көбейлер бетке 
Еспембетті ұстағаннан шошып күнілгері топшылайды - Найман аямайды бұл 
жолы. Табан тіреп тұрарға жүрек дауаламайды - Кеңгірбай Көбейге емеурін білдіреді. 
Көбей мен Еспембеттің алғашқы оқтары атылды. Көбей бейғам еді, бас 
салған Еспембет. 
Шашып тұр Еспембет, бет қаратар түрі жоқ. Запырандай ащы кек көзіне 
қан толтырып, жауына ұмтылдырып тұр. Бірден табалап, таңбалап қойды: 
қылығы асқан қырыс Тобықты. Айып арқалап отырған Тобықтының биі бұған 
қозғала қоймайды, ашуға ашу емес, отқа су қүйғандай сөз тастайды. Іздегені 
Еспембеттің ол емес - айқас. Тартынса да Көбейді сүйреп шығар еріксіз. 
Шымбайына шоқ түссе, аянып қалмас ол-дағы. 
Көбей мен Еспембеттің тартысы қурап тұрған шепке тиген от секілді. 
Бір сөзден бір сөз туып, өрбіп, бірін-бірі итеріп, жылжып, кесепатын жан-
жағына шашьш, усойқыдай жайпайды. Көбей бітімге қарай, тыныштыққа қарай 
табандап тартса да, түп етектен мықтап шеңгелін салған Еспембет умар-жұмар 
түсе береді. Не өзі қаусау, не оны қаусату. Әп-сәтте екеуі де сыбанып, қанды суға 
күмп-күмп шомады. Басталды соғыс. 
Еспембет (ызғарланып); "Уай, Тобықтының баласы, Матай, Тобықты 
болып тұрған күйінде атыстың, шабыстың, бұл ісің алты алашқа әйгілі болған. 
Тобықты шаялығыңды қылдың ба, білегі жуандығыңды қылдың ба. Алалы 
жылқысын, ақтылы қойын жосылтып алдың. Ата-қонысынан іргесін аудардып. 
Ел-жұртты шүбырттың. Айрандай аптап, күбідей пісіп жүргеніңде, әй дер әже, 
қой дер қожа болған жоқ. Енді міне, шарпуыңды Матайдан асырып Найманға 


26 
тигізіп отырсың. Жетіп отырған жесірімді бір тентегің ат сауырына сальш әкетіп 
отыр. Ағайын ұзында өшті, қысқада кекті емеспін. Бітім сұрап кісі салсам, 
бақайыңнан келтірмейсің, мына Найманда алынбай жүрген кегің, тимей жүрген 
есең болса оныңды айт. Әйтпесе, мен Тобықтының қоңсысы емеспін, мынауыңа 
билігіңді айт". 
Еспембет содырлы жуан сойылын соғып кеп отыр. Қырық жылғы дауды 
қозғап, баяғы соғысты айтып, ескі кекті көлденең тартып, жаңа сылтауды 
Тобықты бетіне шыжғырып басады. Алқыны зор, дауысы ащы, зәрлі тілін 
жауынын бүйіріне аямастан қадайды. Ауырмақ түгілі жаны шығып кетсе қыңқ 
дер ме екен, Еспембет. 
Көбей тәсілі - шабуылдап, бой тасалап қорғану. Бірақ бұғып қалу 
әдетінде жоқ. Арғы-бергіні қазған Найман биіне қиялап келіп, Матайдың да 
тышқан мұрнын қанатпайтын момын еместігін ескертеді. Екі рудың ашуы, 
ызасы, күйігі, билердің ішкі-сыртқы құбылысы қос қыртыс мінез-қылығы 
көрініс береді. 
Жаны қайыстай сірі, көкірегі жылымас тасбауыр Еспембет Еңлік пен 
Кебектің қанын суша төгіп, Тобықтыда кетіп жүрген есесін сонымен алмақ. 
Қызылға ұмтылған қасқырдай өршелене өктейді. Қатыгез, сұм заманның 
безбүйрек перзенті. 
Сөздің майын тамызғанымен, кеселді түйін шешіліп, көрдің мойны 
кесілерге келгенде, Көбей табан тіреп түра алмайды. Еспембет салмағымен 
басып барады. 
Екеуі де ағып тұр. Жаттанды, көкжасық бірдеңе емес сөздері. 
Жандарынан шығарьш, табан астынан суырып салып кескілесіп жатыр. Даудың 
қабат-қабат толқындары біресе Көбейді көміп-көміп кетіп, тұншықтырып 
тастағандай болады. Бекер. Қайта ұмтылады сыбанып екеуі де. 
"Е с п е м б е т : Мен тұщы етіме ащы таяқ тиді деп отырмын. 
К ө б е й : Сапты аяққа ас құйып, сабынан қарауыл қарайтын болсаң мен 
билік айтпаймын. 
Еспембет: Сенің қырмызындай талдап шығарған сөзіңе мен ере алмадым. 
К ө б е й: Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар". 
Қорғасын оқтай тиген жерін ойып, күйдіріп, тесіп кетіп жатқан сөздер. 
Аспанға шапшыған ашу да, қапияда жол тапқан тапқырлық та, өрісі биік ой да, 
бұлтартпас логика да, кегежеден тартқан кесірлік те, тапталып жатып, 
мойынсұнбаған ерлік те - бәрі де бар. Қиын-қыртыс характерлерді дәл бейнелеген 
тамаша драмалық тіл. 
"Тура тұрысатын жерінді айт, менің қолым жасанып дайын тұр". Ақыры 
батырын қимайды екен ғой, онда дауды қан майдан шешсін. Ірісініп, жалын 
күдірейткен, сөзден ұпай жібермей Еспембетті шаужайдан алған Көбейдің аузына 
құм құйылғанды. 
Бір сәт сөз түйіні осымен тынып, конфликт тұйықталғандай болады. Бірақ 
Әуезов тартысы сатылап өрістейді, ең қиыр, шырқау шегіне жеткенше табиғи 
заңдылығымен өрбіте өсіреді. Біткен, тынғандай сыңай танытқан екі ел дауына ара 
ағайын - Қараменде килігеді. Үш үлкен ұзақ монологтан бұл бидің де ау-жайын 
түйеміз. Ол жайлы, жайсыз бәйгеге талай шапқан кәрі тұлпар, ділмәрлық пен 
шешендік таласының небір қалтарыс-қолтығы, ұңғыл-шұңғылы көне көзден әлі 


27 
қағас қала алмайды. 
Қараменде Еспембеттей нойыс, бірмойын, кесір соққандай қырсық та, 
Көбейдей майтабан жалтақ, солқылдақ та емес, түп-тұтас беріліп кетпесе де, бір 
бүйрегімен жұрт қамын қоса ойлар, әділдікке бой ұрған би. Бірақ сол әділдігі ел 
аман, жұрт тыныштығы, күннің бетін бұлт бүркемеген шақтағы ауызбен айтылган 
әділет. Қиянаттың қияңқы бораны түтеп кеткенде, атқа қонар Қараменде жоқ, 
оған да өз басының тыныштығы қымбат. Кәрі қүлақ, көне көздер есінде ғана 
қалған сонау алыс заманды, өз заманын марапаттай, қолпаштай айтқан Қараменде 
Еспембеттерді жер қылады, табанға басады. Адам танығыш сүңғылалығы салған 
жерден айқын. Найман биін де, Тобықты биін де басқа соғып, көзге шұқып, ат 
қойып, айдар тағып береді. 
Өктем ірілік пен қара қылды қақ жарған әділдік тізгінін ұстағандай көрінген 
Қараменде жеме-жемге келгенде майысқақ Көбейден алысқа түспейді. 
Әр түрлі характерлі Кеңгірбай, Еспембет, Көбей, Қараменделердің ортасыңда 
Есен жөні тіпті бөлек. Еңліктен айрылып жұлыны үзілген Есен қанын ішіне тартып 
алған, ол енді өртенген намыстың құлы. Бұл жолда өліп кетсе де арман қылмас. 
Қараменде омыраулап, Найман жағы аз-кем жасып, Еспембеттің өзінің мойны 
ішіне кетіп бара жатқанда, аттаңдап ұмтылған Есен. Бұл орайда Кебекке қарсы тип 
Есен жауыздығымен қырсық шыңның басынан табылады. 
Бейне дүние тұтқасын ұстағандай, ақ-қараны ажыратар қазыдай боп 
отырған билердің айдынынан Есен қаймықпайды, қайта олардың төбесінен 
қараған дүлей ірілік пен кеудемсоқтығы атой береді. Есен сөздерінде алыстан 
орағыту, астарлау, шеңдестіру, теңеу, әр түрлі қияға соғатын емеурінді егес, кекесін 
сияқты билер тіліне хас компоненттер жоқ. Ол тоқ етерін айтып қарап отырады. 
Тобықтылар түгіл, өз ағайыны Еспембетті аяп қалар Есен жоқ. Шегіне жетті, 
соры қайнап, сорпасы төгілді - есесі Кебекте. 
Еңлік, Есен, Кебек арнасындағы конфликті қайтадан қабарып, ісініп кетті. 
Кебек Есеннен Еңлікті тартып алса, Есен Кебектен өмірді тартып алмақ. 
Ситуация трагизмі Тобықты билерінің соңғы кеңесінде тіпті күшейе түседі. 
Масқара қырсық - рулық тартыстың жылдар бойы бітпей келе жатқан жарасын 
Кеңгірбай да, Қарамеңде де бір-бір тырнап өтеді. Олар қыл үстінде тұрған Кебек 
пен Еңлік тағдырын былай тастап, бірін-бірі бассалады. Кәрі арландар ескі кекті 
ұмытпаған. Жас батырды арашалап, қорғап қалу орнына аз Тобықты өзара 
қырқысады. Соңғы байлам, билік Кеңгірбай аузынан шықты - қорғамайды Кебекті. 
Тұтас әрекет, асқынған жеріне жеткен түбірлі конфликті ай-шайға 
қаратпастан пьесаның соңғы актісінде романтикалық махаббат иелері өмірінің 
ақырғы сәттерін бейнелейді. Иесізде жатқан Енлік пен Кебек диалогтарында 
ыстық тірлік, қызық дүниені сүйіспеншілік үшін, бостандық үшін құрбан 
еткен жүрек жарды сырлары ашылады. 
Тобықты билері табан тірерге жарамай, опасыздықпен ит-жемеге тастағанын 
Кебек те, Еңлік те сезбейді. Конфликтінің трагедиялық шешімімен олардың 
хабарсыздығы бұл көріністің сахналық эффектісін, психологиялық әсерін 
ұлғайтып, екеуіне деген симпатияны тереңдете түседі. Конфликтінің әбден шешіліп 
бітер кезіндегі характерлердің құбылысы, өлім жарқабағында тұрған сәттегі жан 
дүние ситуацияға терең байланыстырылып заңды кескінделеді. 
Генрих Ибсен жазады екен: "Мен қаһарманымның жүріс-тұрысын, мәнерін, 


28 
даусын, ең аяғы түймесіне дейін көз алдыма әкелуім керек. Содан кейін тағдыры 
байсал тапқанша, мен оны уысымнан шығармаймын". Ұлы драматург творчество 
психологиясының бір қырын дөп басып айтқан. Расында да шын суреткер 
образдың ішкі шындығына қайшы келетін дүниені жамап-жасқамайды. Әр уақытта 
характердің табиғилығын, шын өміршеңдігін зерлеп, оған қысас жасамайды, өз 
жанынан зорлап ештеңе таңбайды. 
Характердің толық ашылып, тұтас көрініс беруіне ситуация, драмалық жағдай 
әсер етсе, екінші жағынан ол ситуацияның жаңаруына, басқаша қалыпқа түсуіне өз 
тарапынан ықпал жасайтын күш - характер. Әсіресе драматургия жанрына хас бұл 
зандылық "Еңлік-Кебек" трагедиясыңда айрықша анық көрінеді. 
Образдың тек бір-ақ құштарлық аясында қалмауы - реалистік әдебиеттің 
ежелден келе жатқан талабы. Пушкиннің Мольерден гөрі Шекспирді анағұрлым 
артық бағалауы ұлы ағылшын драматургі жасаған қаһармандардың ішкі 
сарайының кеңдігінен, олардың көкірегі қилы сезімдер, күйлер, ойларға толы 
болғандығынан шыққан нәрсе сияқты. 
"Еңлік-Кебектің" аса құнды қасиетінің бірі - қаһармандардың жан-
жақтылығы. Негізінен ұрт мінезді көрінген Есеннің өзі әр түрлі халден, күйден 
хабар береді. Ол жар сүюге ұмтылады. Еңліктің қалай ойлайтынында шаруасы 
жоқ, өзі ұнатты - бітті. 
Кебектің үстінен түскен кезде Есен образының соңғы бояулары жағылады. 
"Мен сені іздеп кеп тұрмын". Есен Кебек қолынан қаза табады. Бұл өлім сахналық 
шұғыл әсер үшін драматургтің қолдан жасаған амалы емес. Интеллект жағынан 
Еңліктен де, Кебектен де көш кейін, махаббатты, еркіндікті түсінуі дөрекі Есен 
пьесаның ұзына бойына үнемі рухани жеңіліс тауып отырады. Ашығын айтқанда, 
Еңліктің Кебекпен қашып кетуі Есен жеген таяқтың ең зоры. Соңғы актідегі Есен 
өлімі - оның барлық ұтылыстарының, жер соғып қалуларының занды түрдегі 
қорытындысы, күйреуі. 
Қаталдық, әділетсіздік, зұлымдық, қаражүректік Еңлік пен Кебекке Еспембет 
боп жетеді. Өз күшігін өзі жеген қасқыр іспеттес билердің ырғасып-ырғасып, ақыры 
тапқан жолдары - Еңлік пен Кебекті өлтіру. Сол сұмдық үкімді өз қолымен 
орындаушы - Еспембет. 
Қара тастай қатты би жұлқынып шыққан сәтінде жауыздықтың бейнесіндей 
болып елестейді, символдық күш алады. Өлім алдындағы үш тілекті беруі - 
Еспембеттің мол қолдығы мен кең қолтықтығын көрсетпейді, ол - ескілік жолын 
бұзған, ата-баба дәстүрін аттаған екеудің қыршынын қияр сәттегі улы кекесін. 
Алсын мейлі, бәрібір аздан соң жер құшады деген немкеттілік. 
Бұл көріністе Еспембет бойынан жендеттік, мұз жүректік қалпын көреміз. 
Кебектің оны атпауын Еңлік тілегінен деп түсіну бекер. Сол замандағы өмір 
қайшылығының сорақы бір көрінісі пьесаға арқау болып отыр. Еспембетті атып 
жіберген күнде де, жеңіс бәрібір Еспембеттер жағында. 
Эстетикалық, идеялық жүк арқаламаған кездейсоқ өлім шығарманың 
көркемдік қуатын әлсіретеді. Сондықтан Кебектің кезеніп барып, тоқтап қалғаны 
драмалық әрекет ретінде өте сәтті. 
Азат сезім еркіндігінің, махаббат шуағының бал бақытын татқан Еңліктің 
өлер алдындағы асқақтығы Еспембеттің тас бауыр қатыгездігінен моральдық 
жағынан сонау биікте түр. Бірақ Кебектей батырға өзінің жауына қанжарын 


29 
сілтетпей тұрған заманның зіл батпан кайшылығы, торлаған тұман - надандық атты 
дүлей, топас, соқыр күш. Еспембет соны іске асырушы. Еңлік пен Кебек екі елдің 
рулары арасындағы итжығыс тартыс, жерге, суға таласу жұлқысының, заман 
қайшылығының, қасіретті қоғамның қисық тәртібінің құрбандары. 
"Еңлік-Кебек" пьесасының олқылығын айтқанда, 20-30 жылдардағы 
сыншылардың негізгі табан тіреген дәлелі - шығармаға автордың өзі жазған алғы 
сөз. Рас, драматургтің оқушыға арналған беташарында қайшылық бар, оны 
жасыруға болмайды, асыра көрсетуде жөн емес. 
Әуезов оқушының, көрушінің алдында қазақ тарихында болған бір уақиғаны 
тартатынын айтып, "оны оқығанда, көргенде жарықтық баяғыда өткендер "надан", 
"білімсіз" деп көкірек керме, өзіңмен салыстырып көр" дейді. 
Бірақ ол бұл пікірін шолақ қайырып, екінші қиырға бет бұрады, бүгінгімен 
салыстырып, бұрынғыны дәріптеп шығады. Бүгінгіден артықшылығы деп 
бұрынғының жер қайысқан қолын, аламаншыл батырларын, қобызы мен 
домбырасын мадақтайды. Өзінің тарихи көзқарасының шама-шарқын байқатады. 
Қазақтың өткені мен бүгініне ортақ нәрсе не деген сұрау қойып, оған өзі береді 
жауапты. 
"Айнымаған: кешегі күнгі жақынымен жатша жағаластырған алтыбақан 
алауыздық. Алаштың аты озғанша, ауылдасыңның тайы озсын деген берекесі, 
тыныштығы жоқ, білімі, тынымы жоқ қазақ олі сол қазақ. Өз қайратын өзі жойып, 
қасындағы туысқанын қарақтап, өз қолын өзі байлап берген қазақ әлі күнге сол 
қазақ. Өшпеген мінезі осы. Ұмытылмаған әдет, жазылмаған дерт осы". (Мұхтар 
Әуезов, "Еңлік-Кебек", 4 перделі, 5 суретті трагедия, Орынбор, 1922, 2-6.). 
Бұл жолдардан жас Әуезовтің қоғамдық құрылыс қалпын қандай тұрғыдан 
танып бағалай алғанын аңғарамыз. Ол бай мен кедей, жуан мен жіңішке, төре мен 
қара деп бөлмейді, қазақты тұтас алады. Пьесаның алғашқы нұсқасындағы басты 
олқылық дүниетаным талаптарына тіреледі. Екі жас трагедиясындағы ең 
негізгі кикілжіңдерді қысқартып тастау қажет болды. 
Бір туындыға қайта-қайта оралып, оны әлденеше рет өңдеу дәстүрін әр 
түрлі елдер әдебиетіндегі көптеген жазушылардың тәжірибесінен көруге болады. 
Гюстав Флобердің кейде жалғыз фразаны мүлтіксіз етіп шығару үшін күндеп 
отыратыны, Лев Толстойдың бір шығарманы неше рет қайта жазуы - еңбеккерліктің 
үлгісіндей. Қалыңдығы еліден аспайтын Фадеев "Тас-талқанының" құпиясы 
талант пен шеберлікті ұштаған суреткерлік табандылықта. Чехов: "Жазушылық 
сыза білуден басталады", - дегенде, творчествоның қиын процесін нұсқайды. 
Қаламгерлік кемелденудің сапалы белгісі - аткөпір жазып тастай салу емес, 
пісіру, жетілдіру, ширату. Осы қасиетті дәстүр Әуезов творчествосына тән нәрсе. 
Таланты марқайып, білімі ұлғайып, ой-өрісі, кеңейіп, шығармадан шығармаға 
өскен, 
үлкен 
жазушылық 
мәдениетке 
ие 
болған 
Мұхтар 
Әуезов 
драматургиясындағы тырнақалдысы "Еңлік-Кебекке" 1943 жылы бір, 1956 жылы 
екінші рет оралып, пьесаға мол өзгерістер енгізді, қайтадан өңдеп шықты. 
Ондаған пьеса, әлденеше күрделі прозалық шығармалардың авторы болып, 
ірі суреткерлік биікке көтерілген Әуезов 1943 жьшы "Еңлік-Кебекті" қайтадан 
қолға алғанда, пьесаның түңғыш нұсқасындағы сюжеттік желіні бұрынғы күйінде 
қалдырды, соны, бөгде линиялар жоқ. Жаңадан тың қаһармандар да қосылмаған. 
Қайта драматург трагедияның түп қазық идеясын ашуда жәрдемі шамалы, басты 


30 
конфликтінің өрбіп, асқынуына қатысы аз Абыздың кемпірі Таңшолпанмен 
арасындағы әңгімені, Еңліктің әкесі Ақан мен шешесі Қалампырдың үй-ішілік 
тірлігін алып тастаған. 
Бұл ситуациялар пьесаның алғашқы нұсқасында тұрмыстық жәйттерді 
суреттеуге қызмет етсе де, үлкен идеялық жүк көтермеген еді. Трагедиялық 
конфликтінің жойқын көрініс беруі үшін ұсақ бұрылыстарды, жай кикілжіңдерді 
қысқартып тастау қажет болды. 
Пьесаның 1943 жылғы нұсқасында драматург аса үлкен творчестволық 
табыстарға жетті. Оның бірі - Абыз образының бұрынғы нұсқасындағы күйінен 
мүлде жаңа, басқа кемерге ойысуы. Аттары бір болғанмен алғашқы Абыз бен 
соңғы Абыздың арасы жер мен көктей кереғар, алшақ. Бұлар есімі ғана бір, заты 
бөлек екі адам. 
Бірінші нұсқадағы Абыз -Тобықтының жыртысын жыртып, шашбауын 
көтерген ауыл үйдің қаңбақ шалы. Бал ашып, болашақты көрмек болады - онысы 
да өз тобының қамы. Алғашқы нұсқада Абыз конфликтінің дамуында роль 
атқармайды. Ал Кебек тағдырын болжап айтқан сөз "Еңлік-Кебектің" Әуезовке 
дейінгі нұсқаларындағы дәстүр қалпында келеді. 
Халықтың ертеңді аңсау арманы, күні бұрын болжау мұратының бір 
ұшқыны Абыздың көріпкелдігімен, жұмбақты сырмен астас. Әуезов 1943 жылы 
"Еңлік-Кебек" трагедиясын қайта қараған кезде осы халықтық даналықты қажетсіз, 
сапасыз қоспалардан арылтып, даналыққа даналық, ойға ой қосып, оны үлкен 
жазушылық қиялдың ыстық жалынынан өткізіп, қазақ әдебиетіндегі классикалық 
образдың бірін жасады. 
Алғашқы нұсқадағы Абыз бірінші суретте төбе көрсетіп, одан әрі оқиғадан 
үзіліп қалып қойса, 1943 жылғы нұсқадағы Абыз трагедияның идеялық нық 
беріктілігін, конфликті кесектігін ұстап тұрған тұлға. Бұл жағынан алғанда, 
1943 жылғы нұсқада Абызға берілген идеялық, эстетикалық салмақ Еңлік пен 
Кебек мойнындағы жүктен де ауырырақ. 
1943 жылғы нұсқа Абыз монологынан басталады. 
Абыз: Көкейкесті, Көкейкесті күй не дейсің. Уа, не қыл дейсің. Тынбаған 
көңіл, талмаған көкей (жымиып), күшік. (Қобызына жағын сүйеп, ырғала 
толғанып). Паки, пәруәрдігер. Бе-еу! 
Өзекті жарған ащы толғаныс, удай толқын сыртқа үзік-үзік дем, толас-
толас сөз боп шығады. Дүние арпалысынан өлі қажымағандай сыңайы бар, иесіз 
шаттағы жалғыз қария не деп тебіренеді. Аңсары ауған өріс қайсы. Іздегені қай 
жайлау. 
Тұнығым лай болды,
Уа, тұнығым лай болды.
Құтылар қайран жоқ,
Сор қамар сыңай болды. 
Қапаның қара түнегі еңсесін басқан бұ қай қарт. Жүрегін езген зары не? 
Жеке бастың күйбеңі ме, мимырт тірлік қамы ма, әлдекандай өзінің іздеп 
шолып отырғаны. Тындайықшы тағы да. Тасқынды өзен селіндей қуатты 
монолог тартып әкетіп барады. 
Алданар жоқ, арман көп,
Кәрің кайтіп күн көрер!


31 
Жарастық жоқ, жалын жоқ,
Жарым қайтіп күн көрер! 
Асыра, алыстан ойлаған қамқор ой ғой мынау. Тек құлқынының қамы емес, 
ағайын-ауданды тұтас қамтыған кең құшақ. Мұң шіркіннің түпсіз тереңіне түсіп 
кеткен, қарсыласпас боркемік қайғы емес, жүрегі езілсе де, ызасын айтып қалар, 
ашуын жасырмас әр қайғы. 
Барары жоқ, байлау жоқ,
Ерім қайтіп күн көрер.
Бәріңнің де нәрің жоқ
Елім қайтіп күн көрер?! 
Болды-болды. Ел өрісі, халық қамы қабырғасын қайыстырған қайран 
қарт. Алғашқы монологтарының өзі-ақ характерінің дәнді өзегін ашып береді. 
Бұл Абыз пьесаның алғашқы вариантындағы Көбей, Кембай, Марақтардың 
қолтығына дым бүркіп, Тобықты руының бір үйінің түтіні тек көтерілді десе, 
ішкен асын жерге қойып отырған ру ақсақалы емес. 
Әуезов алғашқы нұсқадағы Тобықты билерінің сөзін, негізінен, сақтай 
отырып, Абыз сөздерін жаңадан табылған характерлік сипатына орай 
қиыстырады. Бұрынғы нұсқадағы бірінші актіде конфликт босаң, 1943 жылғы 
нұсқада тартыс аяқ алысы салғаннан ширақ. 
Ел деп еміреніп, халық деп қайғының қара өзенін сапырып отырған 
Абыздың сөздері мен Тобықты билерінің сөздері трагедиядағы конфликті 
найзағайының алғашқы шатырлауы секілді. Матайды жеңгендерін, табанға 
салғандарын айтып жарылардай болып отырған есер билерді Абыз: 
"Есебім озды деймісің. Есесі қалды десейші. Ауылдастың тайы озып тұр ма 
әлде. Алдың тыныш дей алмадым-ау"... - деп мандайдан соғады. Абыз көкірегін 
жарған зар-наланы ұғар билер жоқ, өзара даурығып мақтангөйлеп кетеді. Батырым 
деп Кебекті мақтайды Көбей, жас батырдың жұртына еткен еңбегі демейді. 
Найманға қылған қысасы дейді. 
Өмір күресінде тірліктің мың талқысын тартқан Абыздың кәрі жүрегіне бұ 
да оқтай қадалады. Тілден төгіледі у қайғы: 
Әреке деген кок ауру,
Сені тияр талқы жоқ.
Ішті жеген жегінің,
Жерге кірер калпы жоқ.
Барар жерің батпақ сор,
Күн түзелер тарпы жоқ. 
Бұдан кейін келетін Есеннің Абызбен кездесу сценасы 1943 жылғы 
вариантта бірталай өзгеріс тапқан. Есеннің ұзақ монологы бұрынғыдан әлдеқайда 
ширап, шыныққан. Батыр мінезі шу дегеннен атқуылдап бой көрсетеді. Есеннің 
мақтаншақтығы да, бір беттілігі де, қорықпайтындығы да, ру намысы үшін өліп 
кетер кекшілдігі де, шынын жасыра алмас аңқаулығы да, қаукөкіректігі де - 
мінезінің көп қыры байқалады. 
Бұрын Абыз: "Қайратың адам дұшпаны арыстанға біткен қайратпен тең 
екен" деумен тынатын. 1943 жылғы нұсқасында: 
"Батыр десем, белге шықпай ойнап шығар бейпіл ме ең... Азамат десем, ауыл 
үйдің тентегі ме ең. Мақтамаймын Кебекті. Құптамаймын сені де. Ашуды айтсам, 


32 
Ақтабан шұбырынды ма еді ұмытарым, тастарым. Елдігім қайда сондағы. Қусам, 
соны қусамшы. Кездескенім Кебек болса ертсемші сол жолға, салыссамшы, 
жарыссамшы сол жауға сілтеген қайқы қаражолында... Елің үшін ермесе, сонда 
алсамшы бар есені. Төңірегің торыған жатты көрмей, жағаласар жауың жақының 
бопты, жарқыным, мен емес ертер серігің" - деп Есенді жер қылады. 
Шын намыс өз-өзіңді талап жеуден алыс қиырда жатқанын ашына-ашына 
айтады. Елдік деген не, батыр кім, арман ауылы қайсы - осы төңіректегі түбірлі 
сұраулар Абыз монологінде халықтық ұғым, наным арнасында орнықты жауапқа ие 
болады. 
Әр 
түрлі 
қаһармандардың 
мінез 
ерекшеліктерінен, 
дүниетаным 
кереғарлығынан туған тартысты өрбіте білу - драматургтің мықты қаруының бірі 
десек, Әуезов Абыздың тобықты билері Көбей, Кембай, Матақтармен, Матай 
батыры Есенмен кездесу сценаларында осы әдісті өте шебер пайдаланады. Ағынды 
тіл, бұлбұл көмей Көбей, тау құлатар аршынды Есен айналып келгенде қатар қонбас 
жаттай. 
Абыз - халық арманын, қасиетті идеяны арқалаушы жан. Көбейлер ат 
төбеліндей аз да болса, қасқыр топтың ұстазы; табиғатынан ақжарқын, ұрт, аңғал 
Есен - қаскөй ортаның құрбаны, соңдықтан да қырсықты шоқпарды еріксіз соғады, 
ру арасы итжығыс күресінің палуаны ол. 
Абыздың тентек елдің ожар биінің атқуылдап тұрған сөзін тыңдап жылаған 
жүрегі, даңғой батырдың жақыннан жау іздеп желіккенін көргенде бұрынғыдан бетер 
зар илейді. 1943 жылғы вариантта Әуезов Абыз бен Кебектің кездесу сценасын 
көркемдіктің классикалық биік шыңына шығарып береді. 
Бұл сценада екі буынның өкілі - зұлымдыққа берілмеген қарт пен жас 
арыстандай ойнақшып тұрған, әлі жеңіліс запысын шегіп, өкініш уын татпаған 
балғын батырдың тамаша сахналық жанды, ширақ монологтары бар. Халық 
көшінің алдыңғы буынының өкілі - аңыраған ата, соңғы буынының өкілі - 
жалынды жас емірене табысып отыр, ата көңіл жауыз топтан жерініп, безіп, жаңа 
заманның нәзік сәулесіндей жақсы лебізді ынтығып құшады. 
Әуезов халық аңызындағы балгердің батырға бал ашып беру деталін әуелгі 
қалпынан байытып, өте әсерлі көрініске айналдырған. Кебектің шешен, асқақ 
монологы осы ретте айтылып, жан дүние сарайы ашылады. 
Бұл монолог - қара сөзбен жазылған өлең, төгіліп тұрған поэзия. Ұйқас 
тудырған, сыртқы жылтырақ, бояу, теңеумен долбарланған дүниеден іргесі шалғай, 
биік рухты жан қуатын, алабұртқан көңілдің қырық құйын қалпын бере алатын 
ішкі ағысты, ішкі тереңдікті құнттап туған нағыз поэзия. 
"Еңлік-Кебектің" бұрынғы нұсқаларының (әңгіме, поэма, пьеса) бәріндегі 
бір үлкен олқылық - тағдыр күшіне, жазмыш бұйрығына иланушылық сарыны 
жаңа идеямен ауыстырылды. Ол - батагөй дананың жалын жас мінезін сынап, тауып 
айтқан жақсы ақылы - жеңсік құмарлық емес, баянды, байсалды, махаббат жолы. 
Алғашқы нұсқадағы Абыз: "Ие, аруақ қолда. Жорытқанда жолың болып, 
жолдасың қыдыр болғай, қорыкқанда қолдаушың, сүйенгенде демеушің, аруағың 
болсын", - деп, діндар көңілдің батасын береді. 
1943 жылғы нүсқадағы Абыз батасы - жақсы үміт, игі арман, өзекті жарып 
шыққан асыл сөз. 
Адалдан бер, ақтан бер,


33 
Пәлекетін жатқа бер.
Ер маңдайын баққа бер.
Абырой - асар жаққа бер.
Қара түндей қазаны
Қас ойлаған жатқа бер.
Сөнбес күндей шат көңіл
Жазығы жоқ, жасқа бер.
Адал жолды аққа бер.
Мерейі асқан өренім
Кебек сынды таққа бер. 
Драматург ауыз әдебиетіндегі кең таралған үлгі - үлкендердің жастарға, 
өзінен кейінгі өкшелестеріне тілек етіп, бата беру дәстүрін келісті пайдаланып, 
пьесаға сәтті енгізді. 
"Еңлік-Кебек" трагедиясының алғашкы нұсқасында оптимистік идея бар-ды, 
бірақ ол әлсіз жанған нәзік сәуледей ғана болатын. Шығарманы екінші рет 
редакциялағанда Әуезов реалистік драматургиядағы конфликтінің пьеса 
көлеміндегі шешімін ғана емес, перспективалы шешімін құнттау тәжірибесін терең 
ойластырып, сол идеялық жүкті Абыз образымен шебер байланыстырған. 
Билер сценасындағы халықтық үн, елдің айдыны алғашқы нұсқада болсын, 
1943 жылғы нұсқада болсын: "Кебек Арғыннан ардагеріміз емес пе... 
Найманның не пәлесі болса да көтердік", - деген жігіт аузынан айтылған, бірақ 
қауқары аз, Кеңгірбайдың бір ақырғанынан жасып қалған сөзбен ғана көрініс 
береді. 
Абыз образының философиялық маңызын, нағыз халықтығын терең 
реалистікпен бейнелеген бұл сценадан Әуезов талантының өсіп, өрлеп, шығандап 
барып жеткен ұлы табыстарының бірін байқаймыз. 
Билердің - Көбейдің, Еспембеттің, Кеңгірбайдың, Қараменденің - қара топан, 
басы-көзің демей селдете төккен құйын фразасынан Абыз тілінің мақамы да, 
оралымы да, тыныс ырғағы да бөлек. Ру намысы, кеткен есе, алынбаған кек, 
жаулық, жаттық дегендердің бәрі - айналып келгенде қарақан бастың қамынан аспас 
құр ділмәрсу. 
Абыз монологтарының лейтмотиві, өзекжарды тілі - ел, халық, соның 
арманы, соның тілегі, соның күйі, соның мұңы. Абыз елім, халқым, жұртым демей 
аяқ баспайды. Ел деген көкейкесті қайырмасы домбыраның құлақ күйіндей боп 
жүрекке жылы тиіп, көкіректі шымыр еткізген әсер береді. 
Дүние жүзілік драматургияның бірталай ұлы туындыларындағы жеке сөздің 
лейтмотивтік мәнге ие болып, шығарманың түпкі идеясын ашуда белсенді қызмет 
атқаратынын айту керек. Шекспирдің "Король Лирінде" - "көз". Островскийдің 
"Найзағайында" - "ерік", Треневтің "Любовь Яроваясында" - "сенім" сөздерінің 
философиялық жинақтау жасау үшін ерекше роль атқарғаны белгілі. Абыз 
аузындағы "ел, елім" сөзі осындай күшке ие болған көркемдік 
компоненттерінің бірі. 
Жұлқысып-жұлқысып алып, ырғасып-ырғасып алып, ақыры ауыз жаласып 
кеткен бөрі билер Кебек пен Еңлікті өлімге бүйырған қаһарлы, қорқынышты сәт. 
Олардың халықтан жасырын істеген зұлымдығын көрер көз, жазғырар ауыз жоқтай 
болып еңсені басқан тығырық халді екпіндей басып кіріп келген Абыз бұзады. 


34 
Бұл көріністе бір жағынан билердің опасыздығы ашылса, екінші жағынан 
Абыз образының халықтық табиғаты тереңдеп, қомақтана түседі. 
Сөзінде Кеңгірбайлар тобын жазғыра кірген қатқыл үн, батыл екпін бар. 
Мыналар дауласкер, шешен тілмар-ау деп кішіреймейді, жайдақтамайды Абыз. "Е-
е-й, өңкей би. Жас кірмесе, мен кірем... Жұрт есітпесе, мен есітем кесігіңді... Баса 
кірдім үйіңе". 
Билердің кесек характерлерін алғашқы варианттың өзінде кескіндеп бере 
алған Әуезов оларға қарсы қайрат боларлық әлеуметгік: күшті көрсете алмаса, 1956 
жылғы вариантта сол олқылық орнын Абыз әрекеті арқылы толтырады. 
Кірген бетте шайнасып жатқан Қараменде мен Кеңгірбайдың масқара 
сілкілесу сәтінің үстінен түскен Абыз екі бидің де ішкі сырын ақтарып, қара 
ниеттерін таңбалайды. Кейбір сыншылар: "Қараменде әділ би кейпінде көрінген. 
Жазушы оның образын әбден тиянақтай алмаған", - деген пікір айтқан болатын. Ал 
шынында Қараменде образының кескінделіп бітуі Абыз монологтерінде жатыр. 
Сырт көзге қамқор, жаны жылы, қара қылды қақ жарған әділ би ретінде көрінуге 
тырысып, жылтыратып аптап, күптеп сөйлейтін Қараменденің шын тұрпатын ашып 
береді Абыз. 
Кеңгірбайдың да сырын үғыну үшін Абыз монологына ден қою шарт. Абыз - 
Қараменде, Абыз- Кеңгірбай линияларында халықтық идея мен жат сарын 
шарпысып, трагедиядағы оптимистік рух, шешімнің перспективалы болашағы Абыз 
сөздерінен айқын сезіледі. 
"Би: Бауыр... бауыр... Менің атам Әнет бабаң емес пе. 
Абыз: Не дейсің... Не деп келесің сен... Әнет бабам, Әнет бабаң серік пе 
саған... бұ шақта. О-о-о... Сонау сонау ма... Қалқаман-Мамыр етпек пе ең. 
Сұмдық. Ерінің жаны бөрінің аузына түскен сұмдық заман. Сұм заман..." 
Кеселді түйін шешілді, кердең мойын кесілді - Кеңгірбай шынын айтты 
ақыры. Елдің елдік ызасы, ашуы мен кегі лықсып қалып, Абыз аузынан от жалын 
боп төгіледі. 
1943 жылғы нұсқадағы екінші зор табыс - Жапал образы. Алғашқы нұсқада 
қосақ арасында жүрген персонаж драматургтің жаңаша пайымдауында 
трагедияның үлкен идеялық салмақ арқалаған орталық қаһармандарының біріне 
айналған. Абыз - даналықтың, ойшылдықтың бейнесіндей болса, Кебек - халық 
ұғымындағы шын батыр, Еңлік - махаббат жолында жанын шүберекке түйген 
асқақ сұлу. Жағымды типтер галереясын Жапал образы құлпыртып тұр. 
Қазақтың бай фольклорында қойшы баланың, малшы-жалшы, еңбекқордың 
көптеген реалистік бейнелері бар. Айрықша көркемдік жинақтау дәрежесіне 
көтерілген Алдар, Жиренше сияқты образдар қалың елдің сүйікті жандарына 
айналып, символдық әсер берерлік қуатқа ие болған. Әуезов Жапалының сол халық 
әдебиетіндегі айқын типтермен іштей байланыстылығын керу қиынға соқпайды. 
Екі қойшының бірі айтатын дәстүрлі өлеңді драматург Жапал характерін 
бейнелеуде сәтті қолданып отыр. Басқаны былай қойғанда, оның сахнаға 
шыққандағы тұңғыш лебізін тындайық: 
Шек-шек, шек-шек шегенек,
Мал ішінде кебенек.
Тасты көрсең телмеңдеп,
Жүгіресің жебелеп,


35 
Тынымы жоқ, тыныштық жоқ,
Құртты кұйрық кебенек. 
Трагедияның ең басты тартыс шиеленісінің бірі - Есен, Еңлік, Кебек 
арасындағы ситуацияда Жапал атқарар қызмет осал емес. Ашығын айтқанда, оның 
өзінің жан дүниесі, сезім күйі, ой-өрісі, адамдық қалпы осы орайда көрініп, мол 
қырынан танылады. 
Автордың 1943 жылғы нұсқада тұрмыстық-этнографиялық детальдарды 
алып тастауы трагедияның ішкі әрекетін күшейтуді, реалистік тереңдікті, 
құбылыстың әлеуметтік астарын айқын ашуды құнттаудан туғаны күмәнсіз. 
Драматург күрделі психологияны, бір сезім күйінен екінші сезім күйіне ауысу 
сәттерін, ойдан туған ойды, ұшқыр қиялдың шарықтау процесін Жапалдың 
алғашқы монологымен шебер береді. 
Бұл монологта Жапалдың мінез қырлары, дүниеге көзқарасы, арманы, бір 
сөзбен, адамдық болмысы түп-тұптас мөлдіреп көз алдыңызға келеді. Маңдайына 
әлі тас тимеген, әрекет әлегіне түспеген, тірліктен сарыла өзіндік бет іздеп шарқ 
ұрған шақ азабын әлі тата қоймаған, өмір талқысын көрмеген, қажымаған, 
шаршамаған балғын жас. 
Сезімді жалын аттырып, қиялды тайша тулаттырып қойған ғажап табиғат: кең 
дүние, керілген дала, асқақ тау, мөлдір аспан. Жапал - сол жайсаң табиғат еркелетіп 
алақанына салған күнәсіз, кірсіз, пәк перзент. Қоршаған орта әсері - жас санаға 
басылған алғашқы таңба. 
Тау ішінде шаң бұрқ етсе, Жапал соғыс, барымтаға балайды. Жүрегі 
шошынады. Білегі жуан жүзді жығып, азулы шайнап, тырнақты бүріп жүрген 
заманның ұлы төңірегіне қарап байлау жасайды. Тұтынар идеалы өзі көріп, біліп 
енді шет жағалап үғына бастаған шындықтар іргесінен туады. Жапал идеалы - 
батыр. Соны ойлап, арманға шомып, тіпті қиялдағыны шын көріп қалар жайы да 
бар. 
Әуезов Жапалдың бай фантазиясының шабытты шағын бейнелеуде 
эпикалық элементті қиыннан қиыстырып, жүзік көзінен өтердей шеберлікпен 
келістіріп пайдаланады. Батырлық жайындағы ұзақ әңгімеге сюжет боларлық 
материалды Жапалдың жалынды, қысқа қайырылған, драмалы монологында 
жеткізіп берген. Батыр болып, қырып-жойып бара жатқан Жапал: "Ұрып таста!", 
"Ұрып таста!" деген дауыстан шошып, басбағып қалады. Сонда қорыққаны - Еңлік. 
Езу тартқызар деталь. Еңлік пен Жапал арасындағы диалог бірталай сырдың 
ұшығын шығарады. Еңлік - көкірегі қаяулы жан; арман етіп іздегені - батыр; Кебек 
аты айтылады; Жапал бүйрегі ол Тобықтыға бұрып тұрған жоқ. Осылай төбе 
керсетіп, өрістей бастаған тартыс шырғасын ушықтырушы - Есен. Оның Жапалды 
Еңлік деп қууы - жайма-шуақ күлкіге толы, аса қызықты комедиялық көрініс. 
Сахналық әрекеттің байлығы - бұл көріністің театрда үнемі зор табысқа ие 
болғандығының кілті. Пьесаның алғашқы нұсқасында Есен сөздері мен 
монологтарына 1943 жылғы нұсқада кіргізілген үлкен қосымша осы орайда. 
Драматург Есен образына комедиялық элементтерді батыл ендіреді. 
Есеннің махаббат жалынына шарпылған толқымалы шақтың өзінде 
кемерінен асып, шалқып төгілер фантазиясы шамалы. Шолақ қарым. Жапал бала 
да болса қайсар. Аңғал батырды мазақтап тұрған да сыңайы жоқ емес, жығылған 
жағынан тұрмайтын бірбет. Екі түрлі адам мінезіндсгі сипат ашылумен қоса сәтті 


36 
комедиялық ситуация жасалған. Аз бояумен, аз сөзбен. "Ой, түбің түскір", "ақылды 
ма", "мінезді ме", "жаманаты жоқ па", - бұл көріністегі Есен лексикасы осы ғана. 
Шорқақ Есен "былай" сөзін келсін-келмесін сілтей береді. Жапал жауабы - Есен 
диалогындағы бір сөзді өзіне қайтара айту. Бұл қайталаулар еріксіз күлкі 
тудырады. 
Аң қуып келе жатқан батырдың қыр сұлуымен ұшырасып қалу сәті 
психологиялық жағынан нанымды. Бір-бірін сырттай естіп, ұнатып, ынтығып 
жүрген қос мұңлықтың тез, асығыс табысуы онша таңырқата қоймайды. Еңлік те, 
Кебек те жүректеріндегі алау атқан сезімді жалт-жүлт еткен, жайнаң қаққан сұлу 
сөз, шешен тілмен білдіреді. Бұл ретте олар Шекспирдің Ромеосы мен 
Джульеттасын еске түсіреді. Ең жас қатыгез заманның қанқұйлы заңынан мерт 
болған сұмдық өлімнен кейін сахнаға шығатын Жапал мен Абыз аузынан ғаламат 
жалынды, керемет тебіреністі монолог төгіледі. Халықтық, елдік жайындағы 
монолог. 
Драматург бұл жерде ассонанс, аллитерацияны да, бұлқынған екпінді ырғақты 
да, ішкі тебіреніс әсерінен келте қайрылған астарлы фразаны да қолданады. 
Азаттық, махаббат, арман, ерлік, асқақтық жайындағы монолог бұл. Ұрпақтан 
ұрпаққа кетер, буыннан буынға өтер өсиеттей сөз. Қиракезік, қара тас заманның 
қиын тосқауылында ата жүректің аңырап, көзінен жас, жүрегінен қан ағызьш 
тұрып болашақ замандардың жас буынына жолдаған сәлемі. Жасымаған, 
жабықпаған ер халықтың дана ұлының аузынан айтқан өр сәлемі. 
"Еңлік-Кебек" пьесасыньщ алғашқы нұсқасына енгізілген 1943 жылғы 
мазмұндық өзгерістер, ірі қосымшалар осындай, 1956 жылы бір-ақ нәрсе — 
Абыздың билер сценасындагы сөздері қосылған. "Енлік-Кебектің" қазір бізге 
мәлім, театрда қойылып жүрген, Әуезов таңдамалы шығармалар жинағының 
бесінші томына енген түрі -1943 жылғы нұсқа. 
Ол қазақ драма театрында 1943 жылы қойылды да, 1956 жылға дейін еш 
жерде жарық көрген жоқ. Алғашқы нұсқа мен осы нұсқа арасында түбірлі 
мазмұндық, идеялық айырмашылықтар, көптеген стильдік өзгешеліктер бар. 
Бірер мысал. 
1922 жылғы нұсқа. 
Е с е н: Сенімен езіп тұрар жайым жоқ. Сен іздесең, мен де сені іздегем. 
Шық, жекпе-жекке. 
Кебек: А-а. Кел, кел, ер шекіспей бекіспейді деген. Сырлас келініңнің алдында 
мақтанайын деген шығарсың (Екеуі ыңғайланады). 
1943 жылғы нұсқа. 
Е с е н: Қысқарт, көрейін мен соқтығатын сойыңды. Сен іздесең мен де сені 
көп тосқам. Шық, жекпе-жекке. 
Кебек: А-а... Кел, кел. Бәсе, ер егесі еңісте. Сырлас келініңнің алдында 
мақтанайын деген шығарсың. (Екеуі ыңғайланады). Шық, былай. 
Бұрынғы сөйлем қысқартыльш, оның орньша әлдеқайда бейнелі, образды 
жаңа сөйлем жазыльш отыр. "Іздеу" сөзін екі рет қайталаудан "көп тосқам" деу 
сәтті. "Ер шекіспей, бекіспейді" деген болып аяқталған фразаның екпіні аз, 
жаттанды нақыш. Ал "бәсе, ер егесі еңісте", "шық, былай" дегенде әрекет, ішкі 
күш сыртқа теуіп тұрғандай. 
1922 жылғы нұсқа. 


37 
Еңлік: Енді екеуіңе айтатыным: мен қастарыннан кетем. Және мен үшін 
таласатын, мен мал емеспін. Менсіз де күштеріңді сынамақ болсаңдар, сылтау 
табылар. Екеуің де жөніңді тап, жайларыңмен жүре бер. 
1943 жылғы нұсқа. 
Еңлік: Енді екеуіңе айтарым: қастарыңнан мен кетем. Тек аңғарыңдар, 
батырлар, мал үшін, жер үшін талассаң да мен үшін таласпаңцар. Әреке жетер 
онсыз да, менсіз сылтау аз емес қой, табылар. Екеуің де жөніңді тап, жайларыңмен 
жүре бер. 
"Айтатыным" — "айтарым" болып, "мен қастарыңнан кетем", -"қастарыңнан 
мен кетем" болып өзгертілуі диалогтың сөйлеу тіліне жақындатылуын, ырғағын, 
ширақтығын құнттаудан туған. Екінші, үшінші сөйлемдердегі өзгертулер де Еңлік 
характерін бұрынғыдан күшейте түсетін сапалы жаңалықтар. 
Кейінгі нұсқалардағы өзгертулер әр түрлі: солғын я қажетсіз жерлерді 
қысқарту да, жеке сөздердің, тіркестердің орнын ауыстыру да, тыңнан, соны 
сөйлемдер қосу да, бұрынғы сөйлемге жаңа мағына беру де, фразаның сахналық 
өткірлігін арттырып, ырғағын күшейтіп, ширату да — бәрі де бар. 
Образға жүктелген идеялық-эстетикалық салмаққа орай авторлық ремарка 
жаңарған. Олар алғашқы нұсқада тұрмыстан нақты хабар беретін дүниелерді 
жіпке тізіп берсе, кейінгі нұсқада демократиялық қызмет емес, психологиялық 
күйді мегзейді. 
"Еңлік — Кебек" трагедиясы Қазақ академиялық драма театры сахнасына 
көп үзілістен соң, 1957 жылы қайта шықты. Режиссерлері СССР халық артисі 
Қалыбек Қуанышбаев пен М.Гольдблад. Трагедияның соңғы нұсқасы туралы 
көптеген сын пікірлер спектакль қойылған кезде айтылды. 
Ақындар Ә. Тәжібаев
7
, X. Ерғалиев
8
үлкен драматурггің кесек табысына 
шын жүректен қуанып, тебірене толқып жазды. Олар трагедияның 
драматургиялық қалпын жан-жақты саралмаса да, идеялық қазық, артистср 
шеберлігі, спектакль әсері сияқты мәселелерді жақсы қаузады. Соңғы актының сәл 
босандығы жөнінде ақындар айтқан күдіктің жаны бар. 
Әдебиетші ғалымдар Ы. Дүйсенбаев
9
К. Қанафиева
10
газеттік рецензия 
көлемінде трагедиядағы образдарды талдап, артистер ойынын сөз етіп, спектакльді 
жоғары бағалады. "Бұл спектакль драма театрының соңғы жылдардағы аса елеулі 
табысы
11
, - деп жазды "Социалистік Қазақстан " газеті. Айтылмыш мақаладағы 
Жапалдың таптық кескіні айқын емес деген пікірді трагедияның кемшілігі 
ретінде көрсету дәлелсіз болатын. 
Тағы бір топ рецензияда "Еңлік-Кебек" трагедиясының Петропавл, Семей, 
Қызылорда, Ақмола облыстық театрлары сахналарында қазақ, орыс, корей 
тілдерінде қалай қойылғандығы айтылады. 
Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен 1958 жылғы онкүндігіне 
апарған репертуардың көш басында "Еңлік-Кебек" трагедиясының тұруы занды 
7
"Қазақ әдебиеті", 22. III. 1957. 
8
"Жұлдыз", 1957, 4.
9
"Ленинская смена", 26. III. 1957.
10
"Қазақстан муғалімі", 4. IV. 1957.
11
"Социалистік Қазақстан" 30.IV. 1957. 
12 “Известия” 21.ХІІ.1958 
13 “Советская культура”. 23.ХІІ 1958. “Театральная жизнь”, 1959, 4 


38 
еді. "Известия" газеті: "Тұрмыстық дәлдіктен аулақ бұл спектакль жинақтау мен 
характерлердің реалистік айқындығын бойына жиған"
12
,— деп жазды. Абыз роліндегі 
Қалыбек Қуанышбаевтың, Есен роліндегі Ыдырыс Ноғайбаевтың, Еспембет 
роліндсгі Серке Қожамқұловтың, Кебек рөліндегі Нұрмұхан Жанториннің, Еңлік 
роліндегі Бикен Римованың, Жапал роліндегі Сейфолла Телғараевтардың артистік 
шеберліктері өте жоғары бағаланды. 
Театр сыншысы Е.Сурков "Бұл сцена (билер дауы сценасы — Р.Н.) қазақ 
даласының бағзы тарихының барлық қуатымен, әлем-жәлемсіз сиқырлы 
сұлулығьгмен көз алдымызға кілт келе қалған ғажап картина"
13
— деп таң-тамаша 
болды. 
"Еңлік-Кебектің" Бішкек қаласында қойылуына байланысты қырғыз 
әдебиетшісі Б.Жұмабаев: "Тақырыптың анық поэтикалық, терең ұлттық шешім 
табуы соншалық, бұл шығарма ұлтына қарамастан әрбір адамды тебіренте 
толқытады"
14
, — деп ақтарыла сөйледі. 
Академик Сәбит Мұқанов "Еңлік - Кебек" трагедиясы — өзінің ең сүйікті 
шығармасы екенін айтты
15

Сөйтіп, әуел баста халықтық аңыз негізінде туған Мұхтар Әуезовтің 
"Еңлік-Кебек" трагедиясы талант құдіретімен әлденеше рет редакцияланып, 
жаңғыртылып, байытылу арқасында образдары кесек-кесек, конфликтісі 
шыңыраудай терең, тілі ғажап шұрайлы классикалық пьесаға айналды. 
*** 
Жиырмасыншы жылдардағы туған әдебиетіміздің өрлеуі ең алдымен 
революция жаңғырығымен терең байланысып, сабақтасып жатқаны анық, мұның 
үстіне ғасырлар бойы жиналса да, көрбілтелене бастаған сан алуан қайнарлардың көзі 
ашылды. Фолъклордың ұшан-теңіз байлығы көптеген қаламгердің шығармашылық 
тағдырына айрықша әсер етті. 
Соның бірі, сөз жоқ — Жұмат Шанин. 
Жұмат Шанин — қазақтың драма, опера артистерінің алғашқы буынының 
ұстазы. 
Жұмат Шанин — актер, театр сыншысы, музыкант. 
Жұмат Шанин — драматург. 
Талай дуалы ауыздардан көп-көп айтылған осы сөздердің бәрі де ақиқат. 
Жұмат Шанин мұрасы түгел сақталмаса да, оның жан-жақты қызметінің ізі әлі 
сайрап жатыр: ең алдымен, ол негізін қалаған қазақ драма, опера театрлары 
бүгінде ерге шығып отыр; тұңғыш рет ол баулыған артистер бүгінде өнер 
аулының ақсақалдары болып отыр; ол қойған спектакльдер әлі де сахнада, ол 
айтқан сын-пікірлер, режиссерлік ойлар өшкен жоқ, оның үлкенді-кішілі 
пьесалары әлі де ел игілігіне қызмет етіп отыр. 
14 "Советская Киргизия". 25.ҮІІ.1959. 
15 Қазақ одебиеті", 1.1.1965.


39 
Жұмат Шанин қалың қазақтың думанды ортасы, құйқалы, табиғаты әсем 
атырап — Баянауыл еңірінде 1892 жылы дүниеге келген. Қоралай біткен 
Желтау деген таудың бауырындағы Қаратал қыстауында кіндік қаны тамып, ит 
жейдені сонда тоздырған. 
Шана — Жұматтың ұлы әкесі. Оның Толымбай деген ағасы, Тоқбала, 
Жәмила деген қарындастары болған. 
Әкелері Қожамбердіден қалған аз тұяқ жамала келіп, Толыбай іштене 
бастайды да, інісі Шананы бауырына тартпай, кейін серпіп, теперіш көрсетеді. 
Мінезі жуас, қақсоқпен жұмысы жоқ Шана көбіне мал соңында салпақтаумен 
жүреді. Дұшпандықты алыстан емес, туған ағасынан тапқан Шананың өз қолы 
өз аузына талай жылдар жете алмайды. Сыбай-салтаң өмір, бойдақ тірлік 
кешеді. Мал берудің, сатып алудың заманы, құр ниетке, құр көмекей 
бүлкіліне қыз келмейтін шақ. 
Жас кезінде отау тіге алмаған Шана сақайып жігіт ағасы болған шағында 
барып әрең үйленеді. Жіңішке жерден шыққан, қаршадайынан тұрмыс 
тауқыметін көріп, аштық, тоқтыққа бірдей үйренген Қырмызы есті, ақылды 
әйел болады. Үй іші, ошақ басына береке әкеліп, ауыл-аймақтың сыйлы 
адамына айналады. "Үлкен бәйбіше" атанады. 
Шана Қырмызыдан Мұстафа, Құрманбай, Тұрғынбай, Жүргінбай, Нұршекей 
деген бес ұл сүйген. Бұлардың бәрі де жалқау тіршілік, арам жолға салынбай, 
адал еңбектерімен ел қатарына қосылып, әрқайсысы өз алдына шаңырақ 
көтереді. 
Шананың балалары бірі-бірінен еткен шебер, өнерлі екен. Құрманбай 
ескі жырларды, шешендік дауларды, неше алуан билік атаулыны жақсы білетін, 
көкірегі ояу, қарасөзге келгенде алдына жан салмайтын шешен адам болса, 
Жұматтың өз әкесі Тұрғынбай сүйегі берік, қайратты, мінезі тура, әділ адам 
болған. 
Қордалы жерде, қарға тамырлы ағайын ортасында туған Жұмат 
кішкентайынан етек бастыны көп көріп өседі. Мұның үстіне Толыбай — Шана 
арасындағы ежелгі тартыстың басылмаған ызғары және бар. Дала шіркіннің жас 
жүректе қалдырар ізі аз емес; қар бүркенген жалпақ өңір, жер аяғы кеңіп, көк 
қылтия шеру тартып жайлау көшу, асық, ақсүйек, алтыбақан, шілдехана, бәйге, 
күрес — мұның бәрі қыр перзенті Жұматтың дүние есігін алғаш ашқан 
кезіндегі тамашалаған қызығы, өмір бойы тарқамастай көрінген базары. 
Азын-аулақ малмен күн көре алмайтын болған соң, Шана балалары басқа 
кәсіп іздейді. Шөптікөлде ашылған шахтаға бірінші болып Тұрғынбай түседі. 
Шахта деген аты ғана. Белден саз, су кешіп жүріп, кенді қайламен қазып, жеті 
қат жер астыңца талай боздақ опат болған. Әкесінің зіл батпан қап арқалап, көзі 
ғана жылтырап, буындары дірілдеп, арыстанның аузындай үңірейген зындан 
құдықтан шығып келе жатқаны бала Жұматты түршіктіреді. Жасыл жайлау, қап-
қара шахта жас жүрекке екі түрлі, бір-біріне кереғар әсерлер қалдырған. 
Шахтаның азабы көп, зейнеті аз жұмысында бес жігіт бірталай жыл жүргенімен, 
дәулет жиналмайды. Табыс іздеп Кереку қаласына келеді. Біреуі ағаш шабады, 
біреуі үй салады, ішіндегі ең қарулысы, палуан бітімді Тұрғынбай арқасына 
ершік байлап, кемеден жүк тасиды. Сөйтіп, үй іші киім-кешегін бүтіндейді, бес 
пар өгіз-арба құрап алады. Бұрынғы қазақтар ағайын-туысқа өкпелеп, қатты көңілі 


40 
қалса, күнде бет жыртысып, көз алартысып отыр-ғаннан гөрі не бірін-бірі 
барымталап шауып алуды, не басқа жаққа ауып кетуді артық көрген ғой. 
Толыбайдың ежелгі тізе батыру машығы жаулыққа қарай ойысқан соң, Шана 
балалары туған жерлері Желтауды тастап, Ертіс бойындағы Қаржас ішіне 
көшеді. 
Бұл кезде Жұмат ес тоқтатып, оң мен солын біліп қалған, он бір-он екі 
жастағы, ауыл молдасынан оқып, тілін сындырып, арабша хат таныған зерделі 
бала. Жаңа орынды қоңылтақсып, туған жерін аңсап, сағына береді. Мұның 
бірнеше себебі бар еді. 
Ең аддымен, қырдың еркін өміріне қарағанда, жаңа орта қысаң болатын, 
көшіп-қонып жүруі жоқ, жайлау романтикасы жоқ, бір қыстауда табан 
аудармай отыратын жатақ тірлігі іш пыстырады. Әсіресе, бала Жұматтың көз 
аддынан Қоянды жәрмеңкесінің қызығы кетпейді. Қоянды! Қараталға тиіп тұрған 
жер емес пе, бір-ақ төбеден асса — бітті. Тынық күндерде Қараталдағы кейбір 
саққұлақтар жәрмеңкедегі әнді естідік деуші еді ғой. Алғаш рет қан базар, ән-
күй мерекесі, өнер ордасы, батыр, бағлан майданы — Қоянды жәрмеңкесіне 
Жұматты атасы Шана өзі алып барған. Дуылдаған әңгіме, шырқай салған ән, 
күмбірлеген күй десе, аузын ашып, көзін жұмып, ішкен асын жерге қойып, есінен 
айрылатын Жұматқа Қоянды деген дүниенің ең бір ғажап мүйісі болып керінді. 
Жаз шығып, жәрмеңке ашылысымен маза жоқ. Не біреуге ілесіп кетеді, не 
апарындар деп әлек салады, әйтеуір, қашан базар тарқағанша әуре. Қай жерде ән, 
қай жерде батыр, палуан өнері, қай жерде, бәйге, күрес — қаршадай Жұмат осы 
төңіректен шыкпаушы еді. Қайда сол думан? 
Тұрғынбай еті тірі, көшелі кісі болғанмен, ән-күйге, домбыраға қырсыз 
адам екен. Қайта әйелі Қалияның төркін жүртынан әнші, күйші, өнерпаз көп 
шыққан. Жұмат нағашысы Алтыбайға жиендік ретпен ғана емес, өнерге деген 
құштарлық сезімі көкірегінде ерте оянғандықтан бауыр басқан болу керек. 
Даңғыр-дұңғыры жоқ, Тәттімбеттің сұлу сырлы күйлерін, ойбайы, шыңғыруы 
жоқ, ет жүректі елжіретер Біржанның әсем әндерін Алтыбай аяғы жеткен жеріне 
түгел жайып жүрген. Кішкене жиеніне домбыра тартуды, ән салуды өзі үйреткен. 
Жаңа ортада бала Жұмат жүрегін шымырлатып, құлазыта беретін туған ауылда 
қалып қойған осындай қызығы мол, әсері күшті қимас асылдары еді. Шана 
балаларын бұл жақта да оңай олжа, тегін пайда күтіп тұрмаған болатын. Бәрібір 
күрес, бәрібір тартыс, бәрібір еңбек. Сексен үй Қаржастан құралған бұл ауылды 
Қисық аулы дейді. Халқының көбі табан ақы, маңдай теріне сенген, сіңірі шыққан 
жатақ. Үлкен бір кәсіптері Ертіс бойынан ағаш кесу, соны жарып, кептіріп, отын 
қылып Омбы қаласына апарып сату. 
Жатақтың баласы көзін тырнап ашқаннан жұмысқа жегіліп, тесік өкпе, 
көнтерлі болып өседі. Қыр сахарасындағы еркіндік, босбелбеулік, 
самарқаулық жатақ өмірінде болмайды. Тіршіліктің осындай қатал қалыбы бала 
Жұматты өз құрбыларына қарағанда, ертерек марқайтады. Тайға шауып, асық 
ойнап, ақсүйек қуып жүретін қызық шақтан өз үлесін алмай жатып, үлкен азамат 
мойнына түсетін жүкті арқалайды. Қара жүмыстан гөрі ұлының сөзге, жазу-сызуға 
көбірек ыңғайы барын сезген әкесі Тұрғынбай Жұматты оқытсам деп байлау 
жасайды. 
Омбыға апарып ағаш сатып жүргендерінде Жұмат ептеп-септеп орыс тілін 


41 
үйрене бастайды, жөн сұраса жауап берерліктей, өзі адасып бара жатса, жол қайда 
дерліктей халге жетеді. 
Омбы уезі, Тәнен болысы, Қаржас аулында татар мүғалімінен Жұмат орыс 
алфавитін үйреніп өз бетімен кітап оқи бастайды. Көршілес поселкелермен 
танысьш, аралас-қүралас жүреді. 1913 жылы кен барлау мақсатымен жер өлшеп 
жүрген землемерге жұмысшы болып кіреді. Мұның бәрі Жұматтың көзін ашып, 
мінезін қалыптастыруда ықпал жасаған жайттар. 
Жасы жиырманың үстіне шыға бастаған кезде Жұмат көңілі ауыл ішінен, 
ел арасынан тоят таба алмай, қалаға ұмтылады. Анда-санда отын апарғанда шет 
пұшпақтап керіп жүрген Омбы шаһарына есіл-дерті ауып, оқу соңына түсуге белін 
бекем буады. 
1913 жылдың күзінде Жұмат ежелгі мақсаты — білім алу ниетін іске асырмақ 
оймен Омбы қаласына келеді. Бірталай уақыт жүмыс таба алмай таршылық көреді. 
Оның үстіне қарны ашқанда шай-су ішетін, қона кететін жақын-жуық, ағайын-
туыс жоқ. Бірақ бала күнінен жоқшылық, ауыртпашылық не екенін біліп 
өскен төзімділігінің арқасында анау-мынау соққыға дес бермейді. 
Зады, қала өмірі қыр перзентін тез марқайтып жібереді. Дала тіршілігіне 
тән бойкүйездік, керенаулық, жалқаулық қала тынысында жоқ нәрселер. 
Қашанда шаһар атаулының етек-жеңі жинақы, халқы пысық, зиялы. Шаһар — 
білім, ғылым, өнер астанасы. Сондықтан дала төсінде туып, таза, пек табиғат 
аясында балалық шағын өткізген жандар қалада тез жетіле бастайды. Сол 
қаланың өз түлектеріне қарағанда жедел өрлеп, қауырт өсетін кездері де бар. 
Шөліркеп келген дала перзентіне ғылымға, өнерге, жалпы цивилизацияға деген 
қомағайлық сезімі тән. 
XX ғасырдың басыңдағы Омбы — патшалық Россияның Сібірдегі ең ірі 
қалаларының бірі еді. Мұнда революцияға дейін үш гимназия, екі училище, 
кадет корпусы, жеті толық емес, орта дәрежелі мектеп, он екі бастауыш 
мектеп, екі аурухана, бір театр болған. Әжептәуір мәдениет ошағы. Екінші 
жағынан, "Омбы — көк соққан қала. Ағаш жоқ өзінде. Тұттай жалаңаш. Жазда 
аптап ыстық тынысыңызды тарылтып, құмды дауыл тұрса, қыста ақ түтек 
боран. Табиғаты құрдым. Былапыт қала" , — деп Федор Достоевский жазатын 
Омбы. 
Қат-қабат қиыншылығы мол үлкен қалада жатақ аулының жігіті Жұмат көп 
саңдалып, әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір заводқа жұмыскер болып орналасады. 
Рақаты аз, бейнеті мол еңбекке көндігіп, жұмысшылар арасына үйреніп, алды-
артьш шола бастайды. Білімсіз, мамандықсыз алысқа бармайтынын жақсы 
түсінген талапты жас тапқан-таянғанын қызу-дырдуға шаша бермей, орыс 
мұғаліміне алған ақшасының үштен бірін беріп, қолы босағанда сабақ алады. 
Орыс тілін, арифметиканы, басқа пәндерді үйренеді. 
Бұл жылдарда Омбыда қазақтың талай үміткер жастары әр түрлі оқу 
орындарыңда білім алған. Әйгілі ақын Сәкен Сейфуллин, ұлы ақын Мағжан 
Жұмабаев, Нығмет Нұрмақовтар Омбы семинариясында оқыған. Бұлармен 
Жұмат өте жақын жүрген. Жастардың ағартушылық бағыттағы "Бірлік" 
ұйымының істеріне жиі араласқан. Жиырмасыншы жылдарда ойьш-сауық 
кештерінде қойылған бірнеше шағын пьеса жазған драматург, халық артисі 
Ермек Серкебаевтің әкесі, қарт педагог — Бекмұхамед Серкебаев былай дейді: 


42 
"Мен ұмытпасам, не 1913 жылдың, не 1914 жылдың қысы болса керек, Жұмат 
Шанинмен бір пәтерде тұрдым. Үй иесі орыстың кәрі шалы болатын. Жұматтың 
менен үш-төрт жас үлкендігі бар. Және бұрын Омбыға келіп-кетіп жүргендігінен 
бе, әлде зейінділігінен бе, әйтеуір, әжептәуір тіл біліп алған. Сергек, жинақы, 
жұмыстан қолы босаса айналдыратыны кітап. Менің таң қалғаным әңгіме кітап 
емес, оқитыны, көбінесе, пьеса кітаптар болуы еді". 
Бұрын қазақтың ән-күйіне, домбыра, қобызына жаны құмар Жұмат 
қалаға келісімен Европа өнеріне ден қояды. Аз уақыттың ішінде мавдолин, 
скрипканы жақсы тартып кетеді. Жастар кешінен, биден қалмайды. Арнаулы 
формасыз семинариядағы сауықтарға кіргізбейтініне қарамастан, Жұмат ол 
жерден де өтіп жүреді. Әсіресе, қалалық театр ең бір сүйікті орнына айналады. 
Ауылдағы қыз ұзату, шілдехана қызықтары, алтыбақан, айтыс, билер дауымен 
сахна өнерінің іштей тамырластығы барлығын сезгендей болады. Бір жағынан 
заводта жұмыс істеп, екінші жағынан мұғалім жалдап, өз бетімен оқып білім 
алып, есейіп қалған Жұмат 1915 жылдың жазында тұрақты оқу орны — 
бухгалтер курсына түседі. Оны 1916 жылы бітіріп шығып, Омбы қаласындағы 
Машинский заводына бас бухгалтердің көмекшісі болып орналасады. 
Үш-төрт жыл бойы революциялық рухтағы жұмысшылар ортасында 
болып, көп оқып, рухани-мәдени ізденістерге түсіп, қаладан жан-жақты әсер 
алған жас жігіт заманның белді азаматтарының бірі болып өсіп келе жатады. 
Дәл осы кезде Жұмат өміріне бірінші дүниежүзілік соғыстың қара 
құйыны килігеді. Күнбатыс майданда әбден титықтаған, ішкі қайшылығы 
шегіне жеткен ескі Россия қаусаған армияны бүтіндеу ниетімен орыстан басқа 
халықтар өкілін әскерге алу туралы үкім шығарады. Қазақтарға әйгілі, қанды 
1916 жыл. Қыр жігіттері күш біріктіріп, атқа қонып, жауларына қарсы сойыл 
көтерсе, қаладағы азаматтар наразылығы үлкен қарсылыққа қару ұстауға ұласа 
алмай, бықсып өшіп қалады. 
Мақсат қуып, азды-көпті білім алған, енді ғана өмірдің үлкен жолына 
шыққан Жұмат қара тізімге ілініп, 1916 жылдың қыркүйек айында майданға 
кете барады. Артта — көңілге жылы, көзге ыстық есіл балалық, кіндік кесіп, кір 
жуған жер, білім беріп, жөн үйреткен, ақыл қосқан, азамат еткен Омбы, дос-
жаран, жақын-жуық, ата-ана, іні-қарындас, қазақтың селеуі желкілдеген жойқын 
даласы. Алда - тұмаңды болашақ, өлім мен өмір өткелі, қияметтің қыл көпірі — 
соғыс. 
Бұрын ауылдан өзге жерді көрмеген өңкей көген көз мың қазақ жігіті 
Омбыдан бірге жөнелтіледі. Бұлар он екінші инженерлік армияның бөгде 
жұрттар тобын құраған. Іріп-шіріген патша армиясының офицерлері масқара 
жеңіліс өкінішінің қарымтасын қара жұмысқа келген басқа ұлттар өкілдерін 
азаптаумен, қорлаумен алуға тырысады. Белуардан лай кешіп күздің қара 
суығында окоп қазу; аяз жұтып, қар шомып, қорғаныс, бекіністерін салу; аш-
жалаңаш, жыртық-тесік жүріп, таңды-таңға ұру; халықты мазақ еткен, ел арын 
қаралаған сөздерді есту қазақ жігіттерін жаншып, азаптап қана қоймайды, 
олардың намысын шабақтап, жігерін қайрайды. Көздің жасын көлдету, ақырын 
күңкіл, жасырын жиналыс бірте-бірте саналы қарсылық, тізе қосқан күреске 
айналады. Бұрын завод жұмысшыларының ереуіліне қатысқан, басқаларға 
қарағанда орыс тілін жақсы білетін, оқыған-тоқығаны бар Жұматты 


43 
майдаңдағы азаматтар өздерінің өкілі етіп сайлайды. 
Қаны сорғалаған зұлымдыққа, көз алдында жасалған қиянатқа Жұмат 
шыдамайды, жұмысшы жігіттердің басын біріктіруге күш салады. Әділет үшін, 
адамшылық үшін білек сыбанып кіріседі. Мұз қарыған окопта, өлім оғының 
астында орыс солдаттарымен құпия жалғасып, бір тілек, бір мақсат — 
бостандық жолында алысады. "Осы үшін офицерлер тарапынан мен жемеген 
таяқ жоқ. Апталар бойы зындандай құлазыған суық карцерде жападан-жалғыз 
азап шектім. Денсаулығым сонда құрыды", — дейді Жұмат 1926 жылы жазған 
өмірбаянында (Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві, ф. 81, оп. 1. 
іс 1835, бума 129, 7-бет). 
Жарты жыл бойы арып-ашып, азап-мехнат көріп, бейнет шеккен майдан 
жұмысшыларын өлімнен ақпан төңкерісі құтқарады. Кезін күтіп, шегіне жетіп 
жарылғалы тұрған ашу-ыза, намыс-кек бір-ақ күнде бұрқ етіп шыға келеді. 
Күнде ереуіл, күнде митинг. Патша тағынан төңкеріліп түскенін естігенде, 
майдандағылардың қуанышында шек болмады. Тартыс аренасында көзге 
түскен жігіт ағасы, ел қамқоры — Жұматты үшінші бөгде ұлттар тобы өзінің 
заңды депутаты етіп сайлайды. Тағы күрес, тағы тартыс. 
Сол 1917 жылы майдандағы қазақ жігіттері қанды көйлек жолдастарының 
томпиған суық молаларын жат жерде қалдырып, өздері жүдеп-жадап, тозып-
таусылғанмен, рухани жағынан өсіп, әлеуметтік күрес, таптық тартыс қазанында 
марқайып, тіршіліктің ауыр салмағын тайсалмай көтерерлік күш жинап, 
аңсаған елге, туған топыраққа көздері жасаурап, жүректері лүпілдеп қайтып 
келе жатты. Соның бірі — Жұмат Шанин болатын. 
Елде көп өзгеріс бар еді. Төңкеріс толқыны кең сахараға түгел жайылған. 
Жұматтың туған-туысқандары қоңторғай күймен қайтадан Желтауға оралып, сол 
төңірек үшін жаңа кәсіппен айналысып, жер жыртып, егін салуға кіріскен. Ата-
ана тескен тау өтіп, ажал аузынан әбден сілікпесі шығып, құр сүйегі ғана 
келген ұлдарын көзден таса қылмауға тырысады, ауылда, өз жаңдарыңда, жүрт 
қатарлы күн көріп, жадау тұрмыстарына қолғабысын тигізсе дейді. 
Майданның азапты тірлігі артта қалып, еркіндікке енді қолы жеткендей 
болған жас жігіт еңбек етпек, өмір көрмек, күреспек. Осы ниетпен ол 
"Сарыарқа" газетіне хабарландыру береді. 
"Орын іздеймін: счетовод (бухгалтер). Керек қылған сауда конторына 
барамын. Қазақ тілімен де книганы жүргізе аламын. Жол расходы алдырушы 
есебінен. Жалованьемді, керек қылған кісі, қанша беретінін айтып хат жазсын. 
Адресім: г. Павлодар, стан. Желтовская, Джумату Шанину". (Семсйде 
басылған "Сарыарқа" газеті, 1917 жыл 5 қыркүйек.) Кездейсоқ болса да, қызық 
тарихи факт: Болашақта қазақ киіз үйін цивилизациялы дүниенің талай қиырына 
апарып тігетін ұлы Әуезовтің тұсаукесер мақаласы — "Адамдық негізі — әйел" 
"Сарыарқа" газетінің осы санында жарияланған. 
Көп ұзамай, 1917 жылы Жұмат өз аулына жүз шақырымдай жердегі 
Қарқаралы қаласына келіп, уездік кооперативке бухгалтер болып орналасады. 
Ежелден ән мен күй ту тіккен, шешенцік өнердің сонау Қаздауысты Қазбектен 
басталған тұтас мектебі бар қасиетті елден өнерге құштар жігіт көп әсер алады, 
таусылмас, сарқылмас қазынаға кездескендей болады. Шаншар қуларының ащы 
әзіл, усойқы кекесін, отты мысқыл, адамның ішек-сілесін қатыратын күлкілі 


44 
әңгімелері, шырқы бұзылмаған халақ таланттарының сан алуан өнері қазақ 
театрын жасаса деген Жұмат көңіліндегі балғын арманға қанат байлайды. Рухани 
көп олжа табу, іштей баю үстіне оның өмірінде тағы бір жаңалық бар еді — 
үйлену. Кейін қазақтың тұңғыш артистерінің бірі болған, адал жары, аяулы ана, 
таудай ауыртпалықты ұзақ жыддар бойы белі қайыспай көтерген батыр жүректі 
адам — Жанбикемен табысқан. 
Әлеуметтік өмірге жиырмасьшшы жылдары араласқан қазақ жазушыларының 
көбінің әр түрлі қоғамдық қызмет атқарғанын көруге болады: төңкеріс дәуірі тек 
қаламмен ғана отырғызбайды, тартыс толқынынан сырт тұра алмайсың, тіле, 
тілеме — бәрібір. Бұл Жұмат Шанин тағдырына да тән құбылыс. 
Тіршілік талқысына түсіп, таптық айқастың ыстық-суығын көріп қалған 
Жұмат 1920 жылы сәуір айында Коммунистік партияның қатарына кіреді. Іскер, 
жұмысқа тыңғылықты қызметкер ретінде 1921 жылы Павлодар уездік партия 
комитетінің мүшесі, ал 1922 жылы уездік партия комитетінің мүшесі және 
президиум мүшесі болып сайланады. Осындай қоғамдық қызметтерде істеп 
жүрген кезде оның ұйымдастырушылық қабілеті айқын көрініп, коллектив 
басшысына аса қажет: басқаның қамын ойлау, сабырлылық, инициативашылдық, 
әділдік, көрегендік сияқты мінезінің абзал қырлары еркін ашылады. 
Өзі қырда өскен, қазақ аулындағы күрделі қиындықтардың ұңғыл-
шұңғылылын терең білетін ысылған, қызметте шыныққан белді кадр ретінде 
Жұмат Семей губерниялық партия комитетінің ұсынысы бойынша 1922 жылдың 
мамыр айында Зайсан уездік атқару комитетінің председателі болып сайланады. 
Бұл жерде ол аласапыран дәуірдің, таптық шайқастардың қызу күндерін 
басынан кешіреді. Неше түрлі қызық аңыз, әңгіме, ертегі-жырдың тұнып тұрған 
өлкссі — Зайсан, Тарбағатай, Алтай аймағы халық әдебиетіне бала күннен құштар 
Жұмат қиялының алдына ғажап байлығын айқара ашып салады. Ол ел ішіндегі 
әнші, күйші, ақын, құсбегі, бапкер, палуан атаулымен өзінің қызмет бабындағы 
үлкен мансабына қарамай достасып, бауырласып кетеді. Ұзақ күндер біреуінің әнін 
тындаса, кейде апталап аңшыларға ереді. Қарадан шыққан іргелі ақын, күміс 
көмей жырау Ержан аузынан түңғыш рет "Арқалық батыр" жырын естіп, қағазға 
түсіреді. Кейін осы материалдың негізінде өзінің атақты "Арқалық батыр" 
трагедиясын жазады. Зайсанда тұрған уақытында Жүмат Кәрібай, Ботабай секілді 
сол атырапқа аты мәшһүр ақындармен табақтас, сырлас болып жүрген, халық 
қазынасы қайнарынан өзінің болашақ пьесаларына сюжст, идея, нәр алған. 
Осылай Қазақстанның шығыс аудандарында қызмет істсгеннен кейін Жұмат 
Семейге қайтып оралып, 1923 жылдың аяғына қарай губерниялық атқару 
комитетінің мүшелігінс сайланып, Жер комиссиясының председателі және 
КазЦИК-тің мүшесі, Россия Кеңестерінің X съезіне делегат болады. 1924 жылы 
сәуір айында өткен бесінші губерниялық партия конференциясында губерниялық 
партия комитетінің мүшесі болып сайланады. 1925 жылдың қырқүйегінен 1926 
жылдың қазанына дейін Жұмат Бүкілодақтық Кожсиндикат мекемесінің Семей 
губерниялық басқармасы меңгерушісінің орынбасары. 
Бұл қызметтердің барлығы да қозғалмай кеңседе сарылып отыруды, құлаш-
құлаш қағаз жазуды, ұзақ жиналыстарға қатысып, көп-көп сөйлеуді, әр түрлі 
мәселелерді қолма-қол шешіп тастауды талап ететің, мол күш, мол қажыр 
жұмсауды керек қылатын, әрі жауапты, әрі ауыр жұмыстар екені рас. Сан қилы 


45 
характермен ұшырасу, небір қызық тағдырларды көру, мемлекеттік маңызды, күрделі 
істергс қоян-қолтық араласу — Жұматтың қоғамдық көзқарасына көп ықпал жасап, 
дүниетанымын 
тереңдетіп, 
қоғамдық-әлеуметтік 
қайраткер 
ретінде 
шыңдағанымен, оның көкейкесті арманын орындауға, өнер саласында жетсем 
дейтін мақсаттарын іске асыруға мүмкіндік бере қоймайды. Науқандық тығыз 
шаралар, қызмет бабындағы шұғыл шаралар бұрылуға қол тигізбейді. 
Қызмет арасындағы аз толасты пайдаланып, демалыс уақыттарынан 
жырымдап жүріп, Жұмат арагідік шығармашылық іспен айналысады; қазақ 
топырағында тамыр жаймаған өнер — театр мәселелерін айналдырып, әдебиетте 
өріс алмаған жанр — драматургияға барлау жасайды. Семейде шыққан "Таң" 
журналының 1925 жылғы бірінші санына "Торсықбай қу" деген бір бөлімді 
пьесасын жариялайды. Зайсан елінен әкелген үлкен олжасы "Арқалық батыр" 
трагедиясын жергілікті өнерпаздардың күшімен 1924 жылы қаңтар айында 
қалалық клуб сахнасына шығарады. Семейде 1920 жылы құрылған драмалық "Ес 
аймақ" труппасының көркемдік жағын басқарады. Жұмат режиссурасымен 
Мұхтардың "Еңлік - Кебегі", Сәкеннің "Қызыл сұңқарлары" қойылады. 
Сахара үшін жаңа өнердің — сахна өнерінің білгірі деген Жұматтың жақсы 
атағы республикаға аз уақьптың ішінде тез тарап, оның режиссерлік даңқы бүкіл 
Қазақстанға жайылады. 
Оқу комиссариатының арнаулы қаулысы бойынша Жұмат Шанин 
Қызылордаға шақырылады. Ол 1926 жылдың қазанынан бастап қазақтың тұңғыш 
театрының директоры әрі көркемдік жағын басқарушысы болады. Сөйтіп, Жұмат 
отыздың үстіне шыққанда өзінің өмірлік арманы — ұлт театрын қүру жұмысына 
бел шешіп, білек сыбанып кірісіп, оның берік іргетасын қалайды. Қазақ 
актерлерінің талантты тұтас буынын тәрбиелеп шығарады. В.Шекспирдің 
"Гамлетін", А.С.Пушкиннің "Тас мейманын", "Сараң серісін", Б.Майлинның 
"Майданын", I.Жансүгіровтың "Кегін", басқа да спектакльдерді кәнігі шеберлікпен 
көрермен қауым көкейіне ұялатты. 
Халқымыздың ұлттық театр өнерінің туу, аяғын қаз басу, өсу дәуірінің 
алғашқы кезеңіндегі үлкенді-кішілі жеңістері Жұмат Шанин есімімен тығыз 
байланысты. Заман талабына ыңғайлас репертуар жасау, театр мен драматург 
достығы, актер талантын шындап, білім беру, ұстаз режиссердің өнегелі сабақтары 
— осы мәселелер төңірегіңце ол салмақты ойлар айтып, берекелі істер тындырды. 
Қазақ театрын құрудағы тарихи еңбегі ескеріліп, 1931 жылы Жұмат Шанинге 
республиканың халық артисі атағы берілді. 
Бұл жылдары Жұмат өнер дариясында құлашын еркін сермеп, алыс 
айдындарға батыл жүзген. Режиссерлік таланты жарқырай ашылып, 
драматургияға әбден берілген. Жазған пьесалары театрда қойыльш, олардың 
бірталайы журналдарда жарияланады, жеке кітап болып басылып шығады. Ұлттық 
театрымыздың қалай қалыптасқанын баяндайтын, драматургия, режиссура 
проблемаларын қозғайтын ондаған мақалалары жарық көрді. 
Жұмат орыс тілінде де еркін жазған. Мұның дәлелі — оның қолымен 
жазылған орыс тіліндегі кейбір материалдар, олар: "О работе Казахского гостеатра" 
(1928), "К двухлетию Казахского театра" (1928), "Растет драматургия" (1934), "О 
работе над текстом" (1935) т.б. мақалалары. 
Оның режиссурасымен қойылған "Жалбыр", "Қыз Жібек" халқымыздың 


46 
рухани байлығын кең дүниеге танытты. 1936 жылғы декада кезінде Жұмат 
Шаниннің режиссерлік өнерін Москва көрермендері, белгілі өнер қайреткерлері 
өте жоғары бағалады. Жұмат Шанин Қырғыз мемлекеттік драма театрының 
көркемдік жағын да басқарады, бұл — бауырлас халықтарымыздың ежелгі 
достығының жарқын беттерінің бірі. 
Облыс орталықтарында театрлар ашылуына сәйкес және маман режиссер 
кадрларының жоқтығы ескеріліп, Жұмат Бішкектен шақыртылып алынып, 
Оралға жіберіледі. Ол мұнда музыкалы драма театрын құрып, 1937 жылдың 15 
қазанына дейін директор болып істейді. 
Бір халықтың жаңа туған балғын өнерінің кешін бастаған қуатты талант 
1938 жылы 26 қаңтар күні атылған. 
Жұмат Шаниннің өмірдегі қадау-қадау, бояуы оңа бастаған іздері 
осындай. 
*** 
"Ұлт театры — ұлттың кәмелетке жетуінің белгісі", — дейді драматург 
А.Островский. Шынында, мәдениет тарихына қарап отырсаңыз, әр халықтың 
театры кездейсоқ, аяқ астынан туа салмаған. Қазақ топырағындағы алғашқы 
сауық кештері төңкерістен бұрын көріне бастаған. Бұларды орыс-татар 
театрларымен жақсы таныс оқушы жастар, өнерпаздар ұйымдастырған. 
Қазаннан кейін театр құру ісі үлкен әлеуметтік мәселе болып көтерілді. Газет-
журнал беттерінде осы орайда проблемалық мақалалар жарияланады. 
"Еңбекші қазақ" кезінде көкейкесті ойларды қалың қауым талқысына 
салатын өте білікті, абыройлы, газет болды. "Қазақ артистерін ұйымдастыру керек" 
деген мақалада салмақты пікірлер бар. "Көрінген адам шебер бола бермейді... 
Шебер болу үшін сол істейтін істің соңына түсу керек. Артист болуға да 
мықты шеберлік керек", — дейді автор. Өлке-өлкеде театр жасау, талапкер 
жастарды өнерге баулу, оқыту, көп сөзді қойып іске көшу тілектері айтылады 
("Еңбекші қазақ", 1925, 26 мамыр). Жазған — Тай. Бұл, филология ғылымының 
докторы Темірғали Нұртазиннің көрсетуінше, Бейімбет Майлиннің бүркеншік 
аты. 
"Ұлт театры туралы" деген мақаласында Смағұл Сәдуақасов ел ішіндегі 
өнерпаздарды, Қоянды жәрмеңкесіндегі сан алуан сандақтарды сөз етеді. 
Әміренің әншілігіне, Исаның ақындығына, Серкенің артистігіне тоқталады. 
"Осы күні Семей жақта жүрген Жұмат Шанинді ескерейік. Бұл жігіт театр үшін 
барын салатын адам. Жұмат Зайсанда жүргенде әжептәуір сахна жасап жүрді. 
Жұмат Семейге келгенде, онда да пьесалар қойыла бастады. Жұмат өзі артист, 
өзі жазушы. Оның "Арқалық батыры" кәдімгідей маңызы бар кітап", - деген 
жолдарда тұңғыш ұлттық режиссеріміз туралы баспасөздің алғашқы бағасы жатыр 
ғой. Казақ театры бастапқы кезде универсал болу керек, барлық күштерді бір жерге 
жию керек деген пікірлер төбе көрсетеді ("Еңбекші қазақ", 1925, 29 қазан). 
Ал мьша бір төмендегі материалды театр тарихына байланысты ерекше мәнді 
документ болған соң, әдейі толық келтіріп отырмыз. 
"Қазақстан Халық ағарту комиссариаты 28 қазан күні халық ағарту 
кызметкерлерінің жиналысына шақырып, қазақ театрын жасау мәселесін 


47 
талқылады. Бұған шейін қызметтегі, оқудағы жастар өз беттерімен анда-санда ғана 
театр ойынын ойнаушы еді. Қазақ театрьн құруды өкімет өз қолына алып отыр. 
Болашақ театрымыз елдің ыңғайьша қарай жасалып, театр ойындарына 
сауаты жоқ адамдар да түсініп, құр саяси үгіт тарату орны ғана болмай, елді окуға 
шақыруға, жаман ғұрыптардан жирентуге де мықты құрал болмақ. Бұл жұмысқа 
тығыз кірісіп театрды ашу, тиісті кісілерді шақыру Ағарту комиссариатына 
тапсырылды. Қазақ тілінде жазылған пьесалар өте аз болып, бәрі де сан рет 
ойналып, қызығы кеткендіктен, жақсы пьеса жазушыларға бәйге жарияланбақшы. 
Қазақстан Халық комиссариаты қазақ театрын жасау үшін 40 мың сом шығарып 
қойды. Қазақ театр студиясын ашуға да қамданып жатыр. Шақырылған артистер. 
Семей губерниялық ағарту бөлімі арқылы Семей губерниясынан театрға арнап 8 
адам шақырылды. Олар 1.Қашаубайұлы Әміре (әнші); 2.Байзақұлы Иса (ақын); 
3.Шанаұлы Жұмат (артист); 4.Мұңайтпасұлы Қажымұқан (палуан); 
5.Қуанышбайұлы Қалыбек (артист); 6. Мұздыбайұлы Құсайын (артист); 
7.Зәрубай (цирк ойынын біледі); 8.Майра (әнші әйел). 
Бұлардың жол шығынына 1500 сом ақша жіберіледі. Басқа губерниялардан 
шақырылған артистер де есепке алынып жатыр" ("Еңбекшіқазақ", 1925, 29 
қыркүйек). 
Осындай ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, өнерпаздар Қызылордаға 
жинала бастаған. Қазақстан Республихасы Мемлекеттік орталық архивінің № 1148 
фондында драма театрының тарихына қатысты там-тұм документтер сақталған. 
Бұйрықтар, жиналыс протоколдары, өмірбаяндар. 1925 жылы 25 желтоқсан күні 
театр директорының қолымен берілген бұйрыққа бірінші реттегі артист болып 
Әміре Қашаубаев пен Иса Байзақовтың, бас режиссер болып Серке 
Қожамқұловтың, артист болып Құрманбек Жаңдарбеков, Елубай Өмірзақов, 
Абылқай Абдуллин, Рахым Иманбаев, Манабаева Жанқиялардың жұмысқа 
алынғандығы айтылады. 
Семьялық жағдайына байланысты кешігіп, Жұмат Шанин Қызылордаға күзде 
әрең жетеді. 1926 жылдың 5 қазанынан бастап тұңғыш қазақ драма театрының 
директоры, әрі көркемдік жағынан басқарушы болып істей бастайды. Мемлекеттік 
архивте сақталған театр бұйрықтарының бірталайын Жұмат араб қарпімен жазған. 
Рас, режиссер еңбегі сыйлы, құрметті. Ол — спектакль жасаудағы бірінші 
тұтқа. Бірақ көп еңбек, көп іс уақыт өткен соң жоғалып кетеді, бедерлі із 
қалмайды. Жұмат қойған спектакльдердің шешімі, декорациясы, музыкасы, актер 
ойыны жөніңдегі біздің бүгінгі ұғымымыз сол кездегі баспасөз бетіндегі өте жұтаң, 
келте рецензиялар - фактілермен, ескі көз, кәрі құлақтардың естеліктерімен 
шектеледі. 
Байыппен қарап отырсақ, бұйрық кітабыңда да жұмысқа біреудің алынуы, 
біреудің шығуы ғана көрсетілмеген, Жұмат Шаниннің адамгершілік қасиеттерін 
байқататын, режиссерлік ойларын аңғартатын, театрдың ішкі өмірінен хабар 
беретін қызықты детальдар ұшырайды. 
Жұмат театрдың ішкі тәртібін сақтауды қатты талап еткен. Маскүнемдік, 
зинақорлық тәрізді дерттермен білек сыбанып күресіп отырған. 1927 жылы бір 
бұйрықтан мынадай сөздерді оқимыз: "Театрдың санды ойыншысы Мұқамади 
Арықұлы маскүнемдік мінездері ауызша айтылса да, тастамай әрдайым мас болып, 
артистер арасына көргенсіздік қатер туғызатын болғандықтан бүгіннен, 11 


48 
наурыздан бастап мемлекет труппасынан шығарылады. Қызмет еткен күніне қарап 
демалысы, ақысы төленсін". Коллектив абыройын ойлайтын ақылды басшы сөздері. 
Семей облысының қазіргі "Қайнар" ауылының жерінде 1888 жылы дүниеге 
келген қазақтың ұлы әншісі Әміре Қашаубаевтың өнер сапары той-томалақтардан, 
қымызханалардан басталған. Бойын бақпау, кісі көңілін жықпау — сол ортадан 
алған, кейін әншінің трагедиясына айналған дағды-әдеттер еді. Жұмат пен Әміре 
достығы Қоянды жәрмеңкесінде басталып, Семейде беки түскен. Бұл — нағыз 
өнер табыстырған достық еді. Әмірені ол үнемі қорғап, қолдап жүреді. Театрға 
алынған Әміренің қатерлі жолға түсіп, құрып кетпеуі үшін жанын салады. 
Тәрбиелейді. Бұлбұл көмей қайран Әміре 1934 жылы мерт болғанда, Жұмат 
жоқтау (некролог) жазып, соңғы қоштасу сөзін айтады. 
Ағыл-тегіл жыр нөсері Иса тағдырына да Жұмат әсері аз тимеген. Байсалды 
ағаның төзімділігі тентек ақынның небір қылығын кешіріп, жақсылығын асырып, 
жаманын жасырған. Мүлде безініп кету жоқ, түңіліп кету жоқ. Жұмат Исаны 
театрдан бір шығарып жіберіп, қайтадан алған. Үлкен педагогтің асыл талантқа 
жасаған қамқорлығы толып жатыр. 
1924 жылы 20 мамыр күні берілген бұйрықтан: "Соңғы уақытта Жаңасай 
келіні Жамалдың репетицияға уақытында келмей түрғандығы, әсіресе, берілген 
рольдерді жаттамай, міндетті қызметіне салқын қарап жүргендігі сезіледі. Мұнан 
соң репетицияға уақытында келмегендігі, берілген рольдерін жаттамағандығы, 
жалпы міндетті қызметіне салқын қарағандығы сезілсе, қызметтен шығарылатыны 
ескертіледі", — деген жолдарды оқимыз. Жалғыз бұл ғана емес. Жұмат 
сылбырлыққа, немқұрайдылыққа үнемі тыйым салады. Оның кредосы – тәртіп, 
талап, жауапкершілік. 
Артистердің апталық жұмысы мынадай болған: 
Сахналық өнер. Аптасына алты сағат. Репетиция 12 сағат. 
Барлығы 18 сағат. 9-дан 12-ге дейін. 
Музыка теориясы. 2 группа. Аптасына 4 сағат. Жексенбі, 
сейсенбі, бейсенбі, жұма, 12-ден 1-ге дейін. 
Сольфеджио. Аптасына 2 сағат. Дүйсенбі, сәрсенбі, 12-ден 1-ге дейін. 
Музыка тындау. Аптасына 1 сағат. Жұма, 1-ден 2-ге дейін. 
Ән сабағы. Аптасына 7 сағат. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, 1-ден 3-ке дейін. 
Жұма, 2-ден 3-ке дейін. 
Хор. Аптасына 4 сағат. Жексенбі, бейсенбі, 1-ден 3-ке дейін. 
Рояль класы. Аптасына 2 сағат. Сейсенбі, 1-ден 2-ге дейін. 
Жұма, 2-ден 3-ке дейін. 
Скрипка класы. Аптасына 2 сағат. Дүйсенбі, сәрсенбі, 1-ден 
2-ге 
дейін. 
(Қазақстан 
Республикасы 
Орталық 
мемлекеттік 
архиві, 
фонд 1148, опись 1, іс (45), байлам 1, 4-5 беттер). 
Материалдық жағдайдың қандай дәрежеде екендігін көрсететін бірер факт. 
1926 жылғы театр заттары: 
1. Аттың құйрығы. 
2. Ағаш тостаған — 1. 
3. Табақ - 1. 
4. Мысталған тостаған — 3. 
5. Күмістелген тостаған — 5. 


49 
6. Польша сөлкебайы — 20. 
7. Монғол париктері —6. 
8. Шелек - 1. 
9. Жіп - 2,5 фунт. 
10. Маска — 3. 
11. Әр түрлі бутафорлық дүниелер. 
12. Кружка — 4. 
13. Темір біліктер. 
14. Шылапшын — 1. 
15. Орамал — 1. 
16. Алаша — 1. 
17. Қылыш — 1. 
18. Құмыра — 2. 
19. Үкі – 2. 
20. Артистер суреті. 
21. Кесе – 5. 
22. Білезік – 1. 
23. Сақал – 1. 
24. Әйел тақиясы – 2. 
26. Еркек тақиясы – 2. 
27. Оқа – 15. 
28. Қоржын – 1. 
29. Шапан ( әр түрлі) – 4. 
30. Қытай костюмі – 1. 
31. Қаракөл бөрік – 1. 
32. Белбеу (әр түрлі) – 3. 
33. Халат ( әр түрлі ). 
34. Еркек жейдесі (әр түрлі). 
35. Лениннің портреті ( 1148 ф 9 – 10-беттер). 
Қазіргі академиялық театрымыздың іргетасы осылай қаланған. 
Қазақстанның халық артисі Қапан Бадыров: «Жұмат «Театр тарихы» 
деген кітап жазған еді, - дейді. («Мәдениет және тұрмыс» 1967 ж.,№ 6) Бірақ 
қолжазба жоғалған, сондықтан оның режиссерлік ойлары, сыншылық-
эстетикалық пікірлері дегенде, жеке мақалаларына, кейбір қолда бар
құжаттарға ғана сүйене аламыз. 
1927 жылы «Еңбекші қазақтың» 13 қаңтар күнгі санында жарияланған 
мақаласында Жұмат: «Қазақ театрының қолға алған жұмысы үлкен, жолы 
алыс. Алыс жолға талықпай-жалықпай жету үшін қажымайтын текежәуміт ат 
керек. Жел қтіп, күнге күймейтін тон керек. Еңбекті егізім деп таныған, 
ақылын жігерімен жаныған азамат керек. Қазақ театры ұядан қанат қағып, 
қалықтап ұшқан балапан. Қанаты талмай қонатұғын күй керек. Жас баланың 
мейіріңді қандырып сөйлегені, қыран құстың көзге түсіп күйлемегі, қуарған 
жүнін мезгілінде тастап түлемегі иесінің бағып-қағуына байлаулы», - деп 
жазып, театр ісінің бүкіл халықтық іспен, мемлекет қамқорлығымен 
байланысып жатқанын бейнелі сөзбен айтып береді. Қазақтың алғашқы 


50 
актерлері, олардың тырнақ алды сапарларының сәттілігі айтылады. Декорация 
жетімсіздігі, құрал жабдықтың жоқтығы секілді қиындықтар ескертіледі. 
Осының бәрін автор әзіл-қалжыңға сүйеп жазған. Мақаламен қоса Жұматтың 
суреті берілген. 
Театрдың туған күніне байланысты жылда мақала жазып, табыс пен 
олқылықты көп ортасына салып отыру жақсы бір дәстүр болған. «Қазақстан 
мемлекет театры» деген екінші мақаласында Шанин театр туралы «Театр ісі өте 
нәзік, күшке салуды көтермейді. Басқа істер сияқты қате, жаман, өңсіз істеліп 
кетсе, қайтадан өңдеп істеуге болмайды. Сахнада дұрыс істелсе – дұрыс,бұрыс 
істелсе – бұрыс істеліп қалады. Сахнада ойнап тұрғанда бір ауыз сөзді қате, 
қисық сөйлесең, сол жерде: «Ойбай, олай емес екен,былай екен», - деп айтуға 
болмайды. Сахнаның кіріп шығатын жағынан жаңылыс кіріп шығылса, артынан 
мына жағынан кіріп шығу керек екен деп түзетуге көнбейді. Сөйледің, 
қозғалдың – оқиға бітті», - деп жазды. Сахна өнерінің өзіндік ерекшеліктері 
қысқа, дәл, түсінікті көрсетіліп тұр. Қалыбек, Серке, Құрманбек, Елубай, Иса 
секілді өнерпаздардың артистік қызметке төселіп, өсіп қалғандығын автор 
мақтанышпен ауызға алады. Жанибек, Қадиша, Шәрбан, Зура – осындай 
тұңғыш қазақ актрисаларын да өнерге баулыған – Жұмат. Мақалада театрдың 
көпшілік қауымға үлгі беру үстіне, өз түлектерін өсіру, оларға музыкалық білім 
беру, нота үйрену, пианинода ойнау мәселелері көтеріледі 
Көбік мақтан, өзір-өзі қолпаштау, түймедейін түйедей етіп көрсетуге 
ұмтылу секілді ар жағы нәрсіз, құр сырты ғана жылтырап, бұрау басын 
сындырмай өрекпитін дарақылық әсте шын талант мінезіне қоңсы қона 
алмайды. Хас суреткер маңдай терді сорғалатқан қажырлы еңбегіне ғана сенеді 
Түптің түбінде, сырт сөзге құлақ та аспайды. Жұмат Шаниннің өнерпаздық 
жоланда осындай ерлік, ірілік бар. Театр төңірегіндегі барлық кемшілікті 
бірінші болып оның өзі айтады. 
«Мемлекет театры» деген мақаласында ол тіпті осы күнге дейін театр 
емес, труппа дейді. Артистер туралы айрықша тоқталып, театр қызмет орны, 
нан табудың, күн көрістің мекемесі емес, творчество ұясы, өнер ордасы деген 
салмақты ой, аталы байлауды шегелеп, тиянақтап айтады. Қазақ әні туралы 
білікті маман адамның тұжырымдары бар... Өлке, руға бөлмей,тұтас жинау, 
халық қазынасындағы маржандарды жоғалтып алмау жауапкершілігін 
ескертеді. Затаевич жинаған әндер тексінің қағазға түспеуін өкініш тұтады. 
Режиссердің спектакль қоюда декорацияға, костюмге ерекше мәне бергенін 
көреміз. Бір белбеу, бір шапан алу үшін сергелдеңге түскенін оқығанда заман 
қиындығын сезінгендей боласың. Жұмат пьесаға баға бергенде мазмұн мен 
түрді бөліп қарамайды. Идеялық,әлеуметтік салмақ, кестелі тіл, көркемдік 
деген талаптарды қатар қояды. Театр сынындағы үлкен кемшілікті – не таудан 
асыра мақтап,не жерге кіргізе тұқырту тенденцияларын дәл ашып, сынның көш 
басылық ролін мадақтайды. 
Европалық театр өнері туралы қазақ тілінде жазылған алғашқы көлемді 
дүние Мұхтар Әуезовтің 1926 жылғы белгілі мақаласы. «Жаңа әдебиет»
журналының 1931 жылғы сандарында жарияланған Жұматтың «Театрдың 
қысқаша тарихы», «Театр тарихында» деп аталатын еңбектері Әуезов 
туындысымен тамырлас. Шанин театр өнерінің туу тарихына кең тоқталады. 


51 
Көптеген фактілер келтіріліп, тиянақты пікірлер айтылады. Өнердің таптық 
сипатына байыпты тоқталып,театрдың өзіндік ерекшеліктерін саралай 
түсіндіреді. Гректің ұлы драматургтері Эсхил, Софокл, Еврипид өмірлері, 
творчестволары жеке-жеке қарастырылады. Біз бұдан мол деректерді білетін 
тарихшыны, сахнаның ұңғыл-шұңғылын қағыс қалдырмайтын зерттеушіні, 
эстетикалық анализге шебер сыншыны көргендей боламыз. 
Сын еңбектерін жазуды Жұмат мамандық тұтпаған, анда-санда жол-
жөнекей ғана соғып отырған. Оның барлық тіршілігі күнбе-күнге театр өміріне, 
спектакльдер қоюға, актерларды баулуға бағышталған. Асығыс газет-
журналдардың тапсырмасымен жазылып қалған мақалаларында өзінің сүйікті 
ісі туралы көкейтесті ойларын, атүсті болса да ортаға салады. «Ойналатын 
кітапта мазмұн болмаса, қандай үлкен артистер ойнаса да, суретші, режиссер 
болса да, сахнада қандай әдемі болып жайнаса да, маңызды жеміс шықпақшы 
емес», - деген батыл ойды режиссер өзінің творчестволық тәжірибесінен алып 
айтқан. 1926 – 1930 жылдар арасында өз басшылығымен қойылған 60 пьесаны 
мазмұн жағынан екшей келіп, 6-ға теңдейді. Драматургтерді әлеуметтік мәнді 
тақырыптарды көтеруге үндейді. Үлкен мектеп – классикалық шығармаларды 
аудару екенін басып айтады («Еңбекші қазақ», 1930, 30 қаңтар). 
Жиырмасыншы – отызыншы жылдарда қазақ әдебиетінің басқа 
жанрлары секілді театр сыны да тез дами бастады. Жазушылдар, сыншылар 
ғана емес, бұл салаға белгілі мемлекет қайраткерлері,әр түрлері мамандық 
адамдары,артистердің өздері де белсене араласты. 
Театр – унемі көпшілік қауым назарынан тыс қалған жоқ. Ұлы ғалым 
Қаныш Сәтпаев «Қазақстанның ұлт театры» («Еңбекші қазақ», 1927, 24 қаңтар) 
деген мақаласында Жұматтың, Әміренің, Исаның, Қалыбектің өнеріне үлкен 
баға беріп: 1) театр – ел өмірінің түзу айнасы; 2) театр – ел міндетінің құрулы 
тезі; түзетуші ұстасы; 3) театр – қазақы салт-сана, күй – сарындары сияқты 
мәдениет, өнер кендерінің терең ошағы, ұйтқысы болсын деген таудай
талаптар қойды. 
Асыра сілтеген, тым тұқыртып жіберген, барды көрмеген кездерде 
театрдың тарихи еңбегін Қадыр Тайшықов өте әділ көрсетіп, былай деп
жазды: «Ана жылдары труппа Жетісуды аралады. Жұрт жабыла мақтағаны 
қайда? Трупа Омбы, Семей, Павлодар жағын аралады. Жұрт жабыла мақтағаны 
қайда? Труппа Арал, Қарсақбай жұмысшылары арасына бпрды. Жұмысшылар 
жабыла алғыс айтпаса, қарғыс аытып па еді? Ташкент, Түркістан, Әулиетада 
болды. Бұлар да солай емес пе еді? Әлде жұрт ол кезде мақтап па еді? Әлде 
артистерге сол кездегі бергенін құдай өзі биыл қайта алып қойды ма? Жоқ шын 
мақтаған. Бәріміз де мақтағамыз… Ендеше, дағдарыс бар деуге себеп болып 
отырған не? Міне, бұған алдымен себеп болып отырған ойын кітаптары – 
репертуар жоқтығы, негізгісі осы» («Еңбекші қазақ», 1930, 5 қаңтар). 
Хамза Жүсіпбеков, Ізмұқан Құрамысов, Жанайдар Сәдуақасов, Иса 
Тоқтыбаев секілді қызметкерлердің мақалаларында театрды қаржы жағынан 
күшейту, артистерді студиялар арқылы оқыту, репертуарды нығайту, маңызды 
тақырыптарды игеру секілді проблемалар көтеріледі. Бұл жылдарда театрдың 
ішкі мәселесін қозғайтын Қалыбек, Елубай, Әбілқайлардың материалдары да 
жарияланып тұрды. Қазақ театрының балалық шағын баяндаған еңбек – Ғаббас 


52 
Тоғжанов пен Ілияс Жансүгіровтің 1933 жылы басылған кітапшасы. 
Репертуардағы шығармалар, әрбір актердің ерекшелігі айтылады. Дегенмен 
таза социологиялық сын үлгілері жиі ұшырайды. Өкінішке қарай, Жұмат 
Шаниннің режиссерлік өнері сарапқа салынбайды, спектакльдер төңірегінде 
жалпы сөз ғана бар. 
Жұматтың режиссерлік принциптерін айқындауда «Сахна техникасын 
меңгерейік» («Лениншіл жас», 1935, 23 сәуір) және «Сахнада шындықты
тану» (« Қазақ әдебиеті», 1935, 3 шілде) деген мақалаларының мәні зор. 
Бірінші еңбекте артист алдына қойылатын басты мақсат образ жасау екенін 
айта келіп, кейіпкер тілінің ерекшелігіне айрықша тоқталады. Қазақ 
пьесаларындағы қаһармандардың бір-бірінен аумайтынын сынайды. Гоголь, 
Островскийлерді үлгі етіп сөйлейді. Шұға мен Әбіштің бір-бір ауыз монологын 
бақайшағына шейін талдап түсіндіреді. Әр сөйлемдегі,тіпті әр сөздегі астарды 
ашады. Психологиялық тебіреністің сан алуан қырларын бажайлап саралайды. 
«Сахнада шындықты тану» мақаласында Жұмат Шаниннің режиссура, 
актер, спектакль төңірегінде жинақы ойлары бар. Өнер алдындағы басты 
міндет өмір шындығын образ арқылы таныту деп түйеді автор. Натурализм, 
конструктивизм, реализм әдістерінің айырмашылықтарын ашып береді. «Біз 
егерде актерді шебер художник деп танысақ, актерлердің өз еркін өзіне беруіміз 
керек. Беріп те отырмыз. Өйткені ойын – спетакль – түгелімен бүтін және 
көркем шығарма, біріне- бірі байланысты жалпы қаланған кірпіштің бірі болса 
да, жеке рольдерді алып қарасақ, бұл да көркем шығарма», - деп 
творчестволық процестің табиғатын түсіндіреді. Бұл мақаладан Жұмат Шанин 
Станиславскийдің жаңашылдық системасын терең меңгеріп,қазақ театры 
сахнасында батыл қолданғаны көрінеді. Ол өте күрделі ұғымдарды қарапайым, 
иісі қазақ атаулыға етене сөздермен ұғындырып береді. «Пьеса даярланудың 
алдында мүше-мүшеге бөлінеді . Мүше бөлшектеніп әрбір жілікке бөлінеді. 
Автордың киіндірген киімдері шешіледі, ішек-қарындары жуылып 
тазартылады. Художник, режиссердің қолындағы пьесаның төрт жағы 
бірдейленеді. Бұдан кейін театр даярлап алып,қайтадан мүшелерін орындарына 
салып,театр өз киімін кигізеді», - деп спектакль жасау жұмысын қысқа 
қайырып, көз алдыңызға әкелгендей болады. 
Жұмат актерді драмалық материалды жатқа соғушы, режиссер 
талаптарын жалаң орындаушы деп қарамайды,оның ұғымында актер – образ 
жасаудағы шешуші тұлға. Рольді жан-жақты зерттеу байлығы, мақам-әуен мәні, 
қиял күші, шабыт еркіндігі, партнерлермен сабақтастық шарт етіп қойылады. 
Түпкі мақсат – кейіпкердің жанын беретіндей, қалтқысыз сендіретіндей 
қалыпқа түсу (перевоплощение). Музыканы спектакль идеясына нәр қосып, 
ажар кіргізетін образды бедерлі, нанымды бейнелеу жолындағы көркемдік 
құрал деп бағалау бар. Жұматтың орысша жазған қолжазбасының бір бетінде 
мынадай сөздер кездеседі. « Сахнадағы басты тұтқа – актерді музыка да, балет 
сценалары да, өзге құралдар да басып кетпеуі керек. Қайта музыка, балет, 
декорация, костюм – баршасы драмалық сюжетті, әрекетті күшейте түсуге 
қызмет етсін». 
Қазіргі опера және балет театрымыздың негізі Жұмат қолымен іргесі 
қаланған музыкалық театрда жатыр. «Қазақта би болмаған нәрсе, қазақ 


53 
билемеген», - деген сөздер де айтылған. Осыған Жұмат жауабын тыңдап 
көрейік: «Қоғам ортасында не нәрсе жоқ болса, соның аты да жоқ болмақ. 
Бұрын қазақтың билегеніне, қазақта бт болғанына «би» деген сөздің барлығы 
дәлел».
1
Осымен ғана тоқтап қалмайды, проблеманы қалай шешуді де өзі 
көрсетеді. Бұл жерде суреткер көрегендігі бар. «Би мәселесіндегі біздің 
творчествомыз примитив емес, көбісін күншығыс елдерінің пластикасынан 
пайдалана отырып, тақырыбын пьесаға байланысты ұлт ойындарынан туғызып 
отырмыз»
2
, - дейді. «Бүркіт-қоян», «Киіз басу», «Өрмек би», «Шашу» - Жұмат 
идеясымен қойылған қазақтың тұңғыш билері. 
Қыршын өмірі арманына жетпей ерте қиылған марқұм Қасымхан Шанин 
семьяларында даңқты ағаларының көзіндей көріп, отыз жыл бойы сақтап 
келген дүниелерді бізге сеніп, қиып берген еді. Материалдар ішінде қырғыз 
жазушысының үлкен бір пьесасы, «Жалбыр» музыкалық драмасының Жұмат 
редакциялаған бесінші пердесі, қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі тұңғыш 
онкүндігінің программасы, сол кезде Жұмат атына Мәскеуге берілген 
құттықтау радиограммалар, музыкалық театрдың репетиция кестесі, ішкі 
жұмыс қағаздары. Орал театрын құруға байланысты пролемалық ұсыныстар, 
ноталар, басқа да бірталай документтер бар. Мәнді деталь «Жеңеше», «Жаз 
болса» әндерін Жұмат Дмитрий Ковалевқа, «Көзімнің қарасы», «Қараңғы 
түнде» әндерін Латиф Хамидиге өңдетіп, нотаға түсірткен. Қағаз бұрышына: 
«1934 жылы желтоқсан айында Қазақ ССР – інің халық артисі Жұмат 
Шаниннен жазылып алынды», - деп Латиф Хамиди қол қойған. 
Үлкен суреткердің тағы бір қырын көрсететін факт: «Қарагөз», «Бұрынғы 
қыздар әні», «Кейкі батыр», «Манас», (қырғыздың «Манасы»), «Сарыарқа», 
«Екі жирен», «Гауһар тас», «Көзіңнен айналайын», т.б. осы сияқты әндерді, 
күйлерді нотаға Жұмат өзі жазған. Жұмат Шанин пьесалары жиырмасыншы-
отызыншы жылдарда қазақ театрлары сахнасының репертуарынан берік орын 
алды, жеке-жеке кітап болып басылды,режиссерлік ойлар толғаған мақалалары 
мерзімді баспасөз бетінде жиі жарияланды. 
*** 
Қазақ фольклоры мен драматургиясы арасындағы күрделі байланыс
мәселесін қарағанда ерекше тоқталатын шығарманың бірі - Жұмат Шаниннің 
«Арқалық батыр» трагедиясы. Оның үстіне бұл пьеса автордың ең бір 
шоқтығы биік туындысы . 
Айтылмыш шығарманың туу, жазылу тарихына байланысты деректер 
шамалы. Драматургтің қолжазбасы сақталмаған. Бір де бір нұсқа деп 
қарайтынымыз 1926 жылы Қызылордада араб әрпімен басылған кітапша. 
Тұңғыш рет пьеса 1924 жылдың 3 қаңтар күні Семей қаласындағы Төртінші 
Октябрь атындағы клубта қазақ өперпаз жастарынынң күшімен қойылған 
(«Қазақ тілі», 10 ақпан, 1924, №17 (416). Бұдан шығатын қортынды пьеса 
Жұматтың Зайсанда жүрген уақыттарында, яғни, 1922-1923 жылдары 
жазылған. 
1
Ж. Шанин. Сахнада шындықты тану. «Қазақ әдебиеті», 3 маусым, 1935 жыл. 
2
Ж. Шанин. Сахнада шындықты тану. «Қазақ әдебиеті», 3 маусым, 1935 жыл. 


54 
Көзі тірісінде Жұматтың өзі де «Арқалық батыр» трагедиясының 
материалын халық жырынан, Ержан ақын аузынан алғанын айтқан екен. 
Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы қолжазба қорында Арқалық 
батырдың есіміне байланысты бірнеше материал бар. Олар: 1) 1939 жылы 
Құлсариев Ертай тапсырған «Арқалық батыр» жыры. 336-шы папканың 59-119-
беттері; 53-ші папканың 346-405 беттері. Екеуі бір-бірін қайталайды. 2) Қабыш 
Мұсайынов пен Дәуітқан Ибрагимовтар тапсырған нұсқалар. 366-папка а) 
«Арқалық батыр»,1- 11-беттер, б) Арқалық батырдың қазақ-қалмақ барымтасы 
кезінде Әз Жәнібек ханның жылқысын қалмақтан алып келгені туралы. 19-21 
беттер. Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 
қызметкерлерінің редакциясымен 1961 жылы шыққан «Батырлар жырының» 
екінші томына Ержан Ахметовтен 1958 жылы Бекмұрат Уахатов жазып алған 
нұсқа енгізілген.
Бұл – Жұмат Шанинмен табақтас болған жырау, ақын Ахметов. 
Айтылмыш материалдарды салыстырып қарағанда, пьесаның негізі фольклорда 
жатқанына көзіміз анық жетеді. 
Ержан Ахметов нұсқасымен пьеса арасында қандай ұқсастықтар бар? 
Жырдағы негізгі кейіпкерлер Арқалық, Әжіхан, Жұбай, Шатай, Тұяқ, Ситан, 
Бейсен би, Ежен хан, Тәти(Әжи ханның інісі), Қоңқа (қалмақ батыры), Қарақас. 
Пьесада Шатайдың орнына Қияқ деген батыр аталады. Ситан деген батыр жоқ. 
Арқалықтың әйелі Қаламқас емес, Қарагөз. Арқалық, Әжіхан, Бейсен би, 
Жұбай, Тұяқ есімдері өзгеріссіз беріледі. 
Жырдағы уақиға әуелі автор атынан басталады да, артынан түгелдей 
Арқалықтың аузынан баяндалады Суреттелетін Қытайдағы қазақтар өмірі. 
Барымтадан әкелегн жылқының ішінен Арқалық Бейсен биге бір жорға атты 
өздігінен беріп жібереді. Осығар ашуланған Әжіхан Арқалықты жазалайды. 
Алақанына қорғасын құяды. Бірақ ханның аты хан, батырды екінші рет мал 
әкелуге жұмсайды. Арқалық қасында Жұбай, Шатай, Тұяқ, Ситан секілді 
жолдастары бар Шалшықпай, Тұманды, Саршоқы, Нәріп қара, Күйген қора, 
Көксен, Шірік ши, Қыран, Бурыл тоғай, Үргітті, Қара Ертіс, Тақия асу, 
Ақбұлақ, Қобды, Айыркезең, Ақбұршақ, Айыркиік, Алтай, Құмкеріш, Төлекті, 
Саржон,Тасқия, Қара Бастау, Қара өзен, Шеңгелді сияқты жерлерді басып 
барып, қалмақтан жылқы алады. 
Жорға атты өзі мінгенін сылтау етіп Әжіхан Арқалықты тағы жаусатады. 
Жолай оны бір қалмақ кепілдікке алып, үйінге апарып қондырады да, 
табанына алмас кездік салып береді. Абақтыда жатқан Арқалыққа хан қызы 
тамақ әкеліп тұрады. Ғашық емес, құр тамсану, ерлігіне разы болу секілді ғана 
бір қылық. Алмас кездік күшімен қамауды бұзып шыққан Арқалық жолда 
тағы да қалмақтан дос табады. Аты – Қоңқай. Соның көмегімен еліне аман-есен 
оралады. Жұбайы өлген. Ханмен келісім табады. Пьесадағы сюжет,жалпы 
алғанда, осы арнада өрбігенмен фольклорлық нұсқадан көптеген алшақ жайттар
бар. 
Енді Ертай Құлсариев тапсырған нұсқаға тоқталайық. Жырдағы Арқалық, 
Әжіхан, Бейсен, Көкен билер, Қияқ, Тұяқ, Жұбай, Қарагөз, Жақсылық, Діңгіл, 
Ду-ду, Бикеш аттары пьесада өз қалпында. Қарашешен - Қараш, Егіл – Еділ 
деген сияқты болар-болмас ауытқулар ұшырайды. 


55 
Оқиға Торғауыт ханы Мәліктің жұмсауымен Дүрбіт батыры Діңгілдің 
Қытайға қараған қазақтардың ханы Әжінің Көкжал атын ұрлап алып кетуінен 
басталады. Хан көңілі жаралы. Бейсен, Көкен, Қараш билер басу айтады. Кек 
әперер Арқалық сынды батыр барлығын ауызға алады. Торғауыттың бұрынғы 
зорлығы естен кетпес: үш мың жылқыны айдап әкеткен, қазақтың екі батырын 
өлтірген. 
Жауға аттанар алдында Арқалық үш тілек айтады. Бұлардың бәрі де 
пьесада бар жайттар. Діңгілдің жекпе-жектегі өлімі, хан опасыздығы, Аюлы 
кезеңінде аттан айырлуы, Ду-дудың белдік сұрауы, қапыда қолға түсу, 
Жақсылықтың кездік салып беруі, абақтыға қамалу, Бикешпен арадағы 
байланыс, азаттыққа шығу, Еділмен(Егілмен) кездесу, оның әңгімесі – 
жырдағы осы сияқты детальдар пьесада кездеседі. 
Арқалық батырға байланысты фольклорлық материалдарды түгелдей 
салыстыра тексеріп келгенде, пьеса сюжетіне жақын тұрған нұсқа деп Ертай 
Құлсариев тапсырған вариантты айта аламыз. Осы орайда Шекспир 
творчествосында орын алған кейбір жайттар еске түседі. Ұлы драматург 
пьесаларының ізін қуалай бірнеше халықтың балладалары дүниеге келген ғой. 
Олар: «Король Лир және оның үш қызы», «Гернут», «Венециялық еврей». 
Ертай Құлсариев тапсырған нұсқаның пьесаға өте жақындығы бұл жыр Жұмат 
трагедиясы негізінде жасалуы да мүмкін-ау деген күдікті ой тудырады. 
«Арқалық батыр» трагедиясына әдеттегі драмалық шығармаларды 
талдау, образдарды бағалау, идеяны көрсету,конфликтіні ажырату, сюжет 
ерекшеліктерін айқындау тұрғысынан ғана келуге болмайды. Өйткені, бұл 
туынды – ұлттық әдебиетіміздегі ең алғашқы күрделі пьеаслар үлгісінің бірі. 
Сондықтан негізгі көркемдік компоненттерге анализ бере отырып, диалогтың 
жасалуы, авторлы ремаркалардың түрлері, көріністер, перделер арасындығы 
байланыс, тіл бояулары – осы сияқты мәселелер төңірегінде де байлам жасау 
қажеттілігі туады. 
«Екі бөлімді (сериялы, 1 перделі, тарихи қайғылы оқиға. Қытай еліндегі 
бұрынғы хандардың, батырлардың өмірінен алынып жазылған», - дейді 
автор. Қайғылы хал, қайғылы оқиға – жиырмасыншы жылдардағы қазақ 
драматургтері трагедияны осылай атайтын болған. «Еңлік – Кебектің» де 
бірінші нұсқасы «қайғылы хал» делінген. 
Кейіпкер саны алғашқысында 21, екінші бөлімде 15. Драматург бір 
қарағанда персонаждарды көбейтіп жіберген секілді. Еске түсіріп көрейіл. 
Шекспирдің «Король Лириндегі» қаһарман қанша? Есімі айтылмаған көпшілік 
сценасындағы адамдарды есептемегенде – 21. Грибоедовтың «Ақылдың 
азабында» қанша? – 28. Гогольдің «Ревизорында» қанша? – 27. Толстойдың 
«Тірі өлігінде» қанша? – 46. Сондықтан «Арқалық батыр» сынды үлкен пьесаға 
21 адам көп емес. Авторлық ремаркалардағы ерекшелік – кейіпкерлердің 
барлығының жасы дәл көрсетілген. Қысқа ғана, бір-екі ауыз сөзбен портреттік 
мінездеу беріледі. «Арқалық батыр толық,ұзын бойлы, қара мұртты,ақ құба, екі 
иығына екі кісі мінгендей. Жасы 25-те. Ван-жун Дүрбіттің қолбасы батыры, 
қалмақбет. Айдарлы. Жасы 30-да». Драматург дәл, айқын штрихпен 
кейіпкердің сырт тұлғасын көзге елестетеді. 


56 
Пьесаның басталуы ширақ. Бірден жанды атмосфера үстінен түсесің. 
Авторлық ремарка – бір жағынан декорациялық фонды, этнографиялық 
элементтерді 
бедерлі 
қалпында 
көрсетіп 
береді, 
екінші 
жағынан
психологиялық сәттің қалпын аңғартады. Драматург шығармасын оқу үшін 
емес, сахнаға қою үшін, артистер ойынына бағыштап жазғаны салған жерден 
аңғарылады. 
Бірінші пердедегі оқиға Қытай қазақтарын билеп отырған Әжіхан 
ордасында өтеді. Бастан-аяқ өзгеріссіз декорция. Бірақ сахналық әрекеттің
молдығы, жүріс-тұрыстың көптігі, кейіпкердің бірі үйге кіргенде екіншісінің 
сөлбірейіп бос қарап тұрмай, шығып кетуіндегі заңдылық, диалогтардағы 
драматизм назарды солғындаттырмай, еліктіріп отырады. Алғашқы пердеде 
әрккетке негізззгі кейіпкерлердің барлығы да қатысады. 
Шымылдық ашылғанда Әжіхан қабағынан қар жауып, қараң қалып, қарс 
ұрып отырады. Себеп? Жайлауын жау шаппаған, қыстауын өрт алмаған. Енді 
не болды екен? Атынан,жанындай көретін бәйге аты – Сарыкөзден 
айырылыпты. Ел аман, жұрт тынышта Дүрбіт батыры барымталап тартып 
әкеткен. Аузымен құс тістейтін қайран Сарыкөз дұшпан қолында кете барғаны 
ма? Есіл тұлпарды қайтадан бір көретін күн бар ма, жоқ па? 
Драмалық тартыс осындай психологиялық түйінмен өрбиді. Хан басына 
қара бұлт оралған соң, өзгелерге не жорық? Құрша жорғалап жүр бәрі: бәйбіше 
жалбақтап Сарыжал атты мақтайды, ертең-ақ бұл да сәйгүлік орнын басар деген 
ойды медеу тұтады, оң қолы іспеттес Қарашешен де құрақ ұшады. 
Хан қатыгездігі ашу үстіндегі бір зауық емес, тарпаң мінездің қалыпты 
машығы екендігін бірнеше қысқа көріністен айқын ұғынғандай боласың. 
Сарыкөзден айырылып қалған жылқышылар көгендеулі жатыр. Ауыл тұсынан
атынан түспей өтіп, шақырғанда қамшысын беліне қыстырып келгені үшін 
Ұлтарақ сорлы 25 дырау жейді. Жалғыз бұтартарларынан айрылған 
Шұлғаубай, Сәрсектер әділет іздей келіп, соққыға жығылады. Хан ашулы. Хан 
қаһарлы . Сұмдық жаза - әрқайсысының алақанына қорғасын құйылсын, 
қызыласықтарына 30 оқтау соғылсын! 
Билер келіп қолды болған жүйрікке көңіл айтысады. Бейне бір адам 
өлгеннен кем емес. Жарлы-жақыбай әділет деп келіп, өлімші халге түсіп жатыр. 
Бәрі хан алдында шешіледі. Осындай ызғарлы көріністерден кейін сахнаға 
Жаманбайдың шығуымен күлкілі сцена жасалады. Татымсыз жанның надан 
көкірегі. Бір басына төрт әйел. Бір әйел бір әйелін өлтірген. Оған қабырғасы 
қайысып бара жатқан. Жаманбай жоқ. Қатын өлді – қамшының сабы сынды. 
Онда тұрған не бар екен, тәйірі. Анау қайнағалары құн сұрайды, мүйізі соған 
сырқырайды. Хан алдында да сол үшін келген. Жабулы қазан қозғалмауын 
тіледі. Жыл ретін біліп жатқан Жаманбай емес, қой союмен, қуырдақ жеумен 
есептелетін күндерді ғана біледі. Күлесіз. Ащы күлкі. 
Драматург көруші ықыласын алғашқы көріністерден бастап түпқазық 
қаһарман Арқалыққа аударады. Оның өзі тікелей әрекетке араласпай тұрып, 
басқа кейіпкерлер аузымен сырттай сипатталады. Әжіхан басындағы бұлтты 
сейілтер пенде біреу-ақ, ол – Арқалық. Бұл төңірек, он екі Абақ керей бұрын 
көріп білмеген батыр, ол – Арқалық. «Арқалық - адамның арыстаны. Жанған 
оттан, қаптаған жаудан, ақ улы садақтан, желікті найзадан қаймығып, 


57 
сескенбейтін ер… Етінен ет кесіп алып жатса да – сескеніп,ернін қыспаған ер. 
Қарсы келген қарадан қаймығып,найзасын тартпаған ер», - деп Бейсен би 
төгілте мақтап кеткен кезде, ханның бүйрегі бүлкілдеп, көзі жайнап қоя береді. 
Осындай қас батырды дұшпанына салса, омыртқасын күйретіп,алып берсе 
кегін бір. 
Қолында - найза, белінде – сапы, қарында – қалқан, иықта – садақ, оң 
жақ белінде – қорамсақ, устінде – қамқа шапан, балағының кеңдігі сала құлаш 
масаты шалбар, басында – тымақ. Арқалықтың қару-жарағын киімін автор дәл 
осылай атап-атап көрсетеді. Ордаға батыр келді. Әжіхан әккі, кісі алудың 
амалын жақсы біледі. Есесі кеткен, еңсесі басылған адамша көлгірси сөйлейді. 
Рас та шығар. Дүрбіт бірнеше рет шапқан, малын әкеткен. Жақай, 
Жанақайсынды ерлер опат болыпты. Енді, міне, Сарыкөз ат… Анау
батырлардың кегін қумай солардың құнын іздемей, сол уақыттарды 
қозғамай,төрт аяқты жануар үшін неге ғана зар еңіреп, запыран құсады хан 
Әжі? Елін,ерін ойласа, бұрын қайда қалған? Мұның бәрін елеп жатпайды. 
Қалтқы, қауіп, есеп деген жоқ. Білегіне, жүрегіне сенгені сенген. Кек десе, ел 
намысы десе, тұтанып шыға келер өрт емес пе, бұл шіркін. Екі қайырымға 
бармай, бірден лақ етіп кетеді Арқалық. 
Болашақ үлкен тартыс хан мен Арқалық арасындағы конфликтінің 
ызғары Көкен, Бейсен билердуң емеурінді сөздерінен көрініс береді. 
Арыстанның аузына қалай түсіп қалғанын Арқалық сезбей отыр. Жеті қырдың 
астындағыны жазбай танып, көмекей бүлкілінен болашақ бүлікті болжар қу аяқ 
билер екі кеме құйрығын қатар ұстайды. Ханның көңілі бітсін, батыр бекер
орға жығылмасын. 
Қияметтей ауыр сапарға кетіп бара жатып Арқалықтың алғаны уш тілек: 
қасына ертер серіктері Жұбай, Тұяқ, Қияқ, астына мінері – Сарыжал ат; Дүрбіт 
қуа келсе өлімге бермесін. Құран ұстап, ант ішкен Әжі аузына туған баласын 
алады, соның өмірімен серт береді. Найза ұшында айтылған, қанжармен 
бекітілген серт драмалық әрекеттің әсерін үстей түседі. 
Бірінші пердедегі ең ұзақ көрініс, соңғы 14-көрініс. Ширығу, шиеленісу 
бар. Диалогтар сөз қағысу, сұрақ-жауап, хабарлау, барлау ауқымынан мүлде 
шығып кетеді. Кейіпкерлер екі айрыққа жол тартқан. 
Хан болса мұртынан күлгендей, екпіні тау жығардай қаһарлы батырды 
қас жауына қайрап салды. Бір рет жығып берсе, ар жағын көре жатар. 
Арқалық болса анталаған өлімге бет бұрған. Өзі тіленіп барады. Осы 
көріністегі Арқалықтың ұзақ монологы оның жүрек дүрсілін, екі талай сапар 
алдындағы алабұртқан көңіл күйін дәл жеткізеді. Қайтпас қара қанжар 
жарқылындай сөз. Асқақ сөз. «Біз я өлмекпіз, я қанды ат бауырынан ағызып, 
қарсыласқан жауды алмақпыз. Тапсырған қызметіңді ақ найзаның ұшымен,екі 
білектің күшімен, жел жетпес тұлпардың үстімен орындамасам маған серт. Ат 
басына күн туып, ауыздықпен су ішсе, ер басына күн туып, етігімен су ішсе, 
уәдесіз хан болса, ханның үрейін алатын жау болса, елдің үрейі кетсе, ердің 
сүреңі кетсе, екеуіңе тапсырдым. Сол күнде мені қан майданда ұстасын. Қалың 
қаптап жау келсе, жекпе-жекке найзаға шықсын. Жүзі қайтпас нар кескенге, 
жасымайтын жүрекке, қайраты мол білекке шықсын. Менің алдым да – ажал, 
артым да – ажал. Ажалдан қорыққан ер емес! Екі өлмек жоқ. Бір өлімнен 


58 
құтылмақ жоқ», - деп, жалын атқан Арқалықтың төбесі басқа кейіпкерлерден 
әлдеқайда асып тұр. 
Әркім өзінше сөйлейді. Аяр хан ашса алақанында, жұмса жұдырығында 
жүрген Тұяқ, Жұбай, Қияқтарға да көпшілік қояды. Қалың өрттің ортасына 
жұмсай отырып, бастарынан сипағандай сыңай танытады. 
Екі бидің - Көкен, Бейсендердің сөз саптаулары эпостық дәстүр 
арнасында берілген. Көкен: 
Қарақтарым, шолпаным, 
Ер қорғайтын қалқаным, 
Мал жайлайтын асқарым, 
Ат байлайтын тірегім, 
Ел жайлайтын білегім. 
Қанатымда қияғым, 
Табанымда тұяғым, 
Маңдайға біткен жұлдызым, 
Жүрекке біткен құндызым, 
Хан екі сөйлесе – қара болғаны, 
Ер бетінен қайтса – қатын болғаны. 
Би жанына тартса – жанды болғаны. 
Ханның уәдесіне бір куә емес, құдай куә, 
Билерді ханға бер, жаныңды құдайға бер, -
деп тоқтайды. Осындағы метафоралардың бәрі де дағдылы жыр мақамында 
жасалған. Түйіндеудегі байламдар мақал-мәтелге жақын. 
Үлкеннің кішіге, атаның балаға игі тілегі – батаның халық әдебиетінде 
сан алуан нұсқалары жасалған. Рас, мұнда ислам әсері де жоқ емес. Қазақтың 
алғашқы драматургтері осы үлгіні пьесаға көптеп енгізді. 
Арқалық жортуылға аттанар алдында Бейсен би бата береді: 
О, құдай Ақсарбас боз қасқа! 
Арыстанның айбатын бер, 
Ерәлінің қайратын бер, 
Абылайдың алдын бер, 
Ер Қабекем қолын бер, 
Ер Қазыбек бақытын бер! –
деп бастайды. Осындағы адамдардың бәрі де қазақтың аты шулы кісілері: бірі 
батыр, бірі бағлан, бірі шешен. Әрқайсысының әр ісі өнеге. 
Өңшең аппақ аруақ, 
Бір сендерге тапсырдым. 
Арқалықтай еріңді 
Айдарлы дінсіз қалмаққа 
Қазақты таба қылмашы. 
Қылышынан қан тамған, 
Найзасынан у тамған, 


59 
Жау жүректі аруақтар, 
Арқалықты қолдашы, 
Аллау акбар, -
деп батасын бітіреді. Драматург фольклорлық мазмұнды да, түрді де өзгеріссіз 
алған. «Еңлік – Кебектің» бірінші нұсқасындағы Абыздың Кебекке беретін 
батасы да осы сарындас. Тіпті Әуезов кемеліне келіп, шеберліктің керторысына 
мінген шағында жазған «Қара қыпшақ Қобландыдағы» батада айтылмаш 
арнадан алшақ жатқан жоқ. 
Драманың психологиялық күйзеліс сәттерін, шамырқанған ой 
толғаныстарын реалды қалыпта бейнелеп беруде проза мен лирикаға қарағанда 
кей ретте мүмкіндігі мол екені рас. Бірақ пьесаның сахнада ойнау үшін 
жазылатындығынан туатын шарттар екінші жағынан бұл жанрға да тұсау 
салады. Қара сөзбен яки өлең сөзбен көсілтіп суреттеуге болатын 
жағдаяттардың драмалық шығармалар ауқымына сыймай кететін реттерін 
осымен ғана түсіндірсек керек. 
Сюжеттің логикалық дамуы Арқалық батырдың жаугершілік сапасын
көрсетуді талап етеді. Егер прозада болса,бәрін жіпке тізгендей тәптіштеп 
бейнелер едің: жүрек дүрсілі, қамсыз отырған ортаға келіп түсу, әбігер, 
қысылтаяң сәттер. 
Шеберлік тұрғысынан қарағанда,пьесада мұндай ситуацияны сюжет 
өрбуіне зиян келтірмей,қысқа қайырып кетуге де болар еді. Шығарма негізін 
эпостан алған Шанин дәстүрлі арнадан көп ауытқымайды, оқиғаның бұлтақсыз, 
шытырмансыз, табиғи нанымдылықпен өрістеуіне күш салады. Екінші 
пердедегі көріністер тұтасымен осы талаптан туған сияқты.
Иесіз тау, иен тоғай арасы. Шапқыншылықтан шаршап жығылып,енді бел 
шешкен батырлар Арқалық, Жұбай, Тұяқ, Қияқтардың ендігі әңгімесі – жаумен 
қалай алысты, кім қандай ерлік көрсетті – осы төңіректе драматург 
шегініспен,әр батырдың сөзі арқылы бұлардың малды қалай алғанын аңғартады 
. Бөспелік емес, қоспасыз шындық. 
Осы орайдағы сөздер әр қаһарманның характер қырларын көрсетеді. 
Арқалық бойында мақтаншақтық дейтін желқуық мінез жоқ. Дұшпаным-ау, 
қасым-ау деп қалмақтарды сүмірейтпейді, күшін, қайратын жасырмайды, 
өзімен тең, бастас, тіпті ірі санайды. Діңгіл батырды, Қарақасқа атты батырды 
Арқалықтың қалай алғанын әңгімелейтін жерлерде қимыл-қозғалысты көз 
алдына алып келетін жанды суреттер бар. Қияқ, Тұяқ сұрақ үстіне сұрақ 
жаудыфрып дегбірсізденеді. Арқалықты Алатаудай арқа тұтады. Барлық іс 
қалмақтың әлгі батырларын мерт қылумен тынғандай көреді. Әжіхан ат 
шаптырып той жасайтындай көреді. Тұман айығып, күн ашылғандай көреді. 
Жұбай – ысқаяқ. Артын ойлаған, сабырлы жүзі бар. Арқалықтың жүрегі 
шаншығандай, анау өлім, ер өлімдері, сол бетімен жабулы күйімен жабулы 
қазан қалар ма? Қуады ғой кегін олар да? Бір аттың құны бірнеше кісінің басын 
жұтқанын өкініш қылады. Арқалықтың түсінде өне бойы отқа өртеніп, екі 
қолын қанға малып тұруы, достарының айтқанына көнбестен, дұшпан қаупіне 
қарамастан қалың ұйқыға құлаулы секілді детальдар эпостық поэтикаға ден 


60 
қоюынан туған. Үстінен түскен қалмақ батырларының Арқалықты өлтіруге 
таласуы – күлкілі көрініс. Әлін білмей, әуре болған әумесерлік. 
Екінші пердеде сахналық әрекет драматизмінен гөрі эпикалық баяндау 
сарыны басым, пьесаның тартыс арнасына құйып жатқан жаңа жылға жоқ. 
Алғашқыда төбе көрсеткен тартыс бірте-бірте кең арнаға түседі. 
Дөңгеленген тұтас, қысқа-қысқа 17 көріністен тұратын үшінші пердені 
трагедияның ең сәтті жазылған беттері деп айтар едік. Оқиғаға 14 кейіпкер 
араласады. Бірер ауыз репликадан бастап, ұзақ диалогтар, тебіреністі 
монологтар бар. Айтылмаш пердеде драматург қосалқы жайттарға, құр 
информацияға ғана берерлік фактілерге тоқтамауға тырысады, пьесаның негізгі 
қаруы - әркетті диалогқа, характерлер қақтығысынан туатын тартысқа назар 
аударады. Жантайып жатып сөз қағыстыру емес, сахнаға әр түрлі қалыптағы, әр 
түрлі ой арқалаған кейіпкерлердің бірі келіп, бірі кетіп жатады. 
Драматургтің реалистік принциптерді тұтынғанын әрбір образға тән 
етене бояуларды қолдануынан көруге болады. Арқалықтың түске сенуі, соған 
мән беруі бойына шақ мінез, рас, ол діндар емес, бірақ ырымшыл, қаһарға 
ұшырамаудың бір амалы қайыр-садақа секілді. 
Батырдың жұпыны, жадау үйімен танысамыз. Әйелі Қарагөз – сыпайы, 
сынық қылығымен көз тартады. Күйеуі мен баласы да бәйек болып жүр. 
Әлдеқандай күн туарын сезгендей үркек жүрегі кеудесіне сыймай дүрсілдейді. 
Көкен бидің келуімен қаралы хабар қоса жетеді. Күткендей, тосқандай 
еді-ау бұл сұмдықты Арқалық. Осындайға жүнжіп сала берсе, батырлығы 
адыра қалсын! Сескенер, бірақ тығылмас. Анау би не деп отыр? Олай-бұлай 
боп кетсең, сүйегімізге таңба дейді. Сонда мұның өлімі емес қабырғаға бататын 
жалған намыс екен ғой. 
Осындай ойлар қамаған Арқалыққа тағы шапқыншы жетті. Әжіхан 
алақанына қорғасын құйып, қызыл асығына 30 оқтау соғатын – Ұлтарақ. Шын 
жанашырлық осының ауылынан шығып тұр. Шыны – тілінде, көмейіндле 
көмескі жоқ. Қысылса сойылын соғар жігіттер барын ескертеді. 
Арқалық басындағы психологиялық хал әрбір жаңа хабардан кейін 
шытырман тарта бастайды. Хан опасыздығына Бейсен би сөзінен соң анық көзі 
жетеді. Дөң астымен ұрланып келген бидің мұнысына да рақмет. Қақпанға 
түсірмек сатқын Әжі. Қарашешендей сұрқиясы және бар. Бекінді Арқалық, 
буды белді. Не болса да,тосты енді. 
Екі жүзді, түлкі мінез Қарашешен майдалай жорғалап келеді. Сөзінің 
кесегі жоқ. Екшелеген, еленген құмдай сусып тұр. Арбасу сәті. Күні бұрын 
естіп-біліп алған Арқалық торға неге түссін, өзін тарпа бас салады. Енді 
ханыңда қасиет жоқ. Ашық кетеді. Жасқанатын еш нәрсе қалмады ғой. 
«Ханның жұмысы хандық емес, қатындық. Игілердің мұнысы елдік емес, ездік. 
Бар! Қара сартыңа сәлем айт. Елді үркітпесін, ерді құл етпесін. Ханның айтқан 
шарты қайда? Құраны мен анты қайда? Келген жауды қолыңа берсін, ол шартта 
тағы тұра алмаса, хан менің жолымды берсін. Ендігі жол кезегі менікі», - деп 
салады. Тұяқ, Жұбай, Қияқ достарының аяқ-қолын бұғаулап, өгіздің терісіне 
тұлып қылып тігіп алса, Арқалық ширықпай кім ширықсын. Сатты хан! Ендігі 
жол -–кек жолы, қанды кектің жолы ғана! 


61 
«Арқалық батыр» трагедиясының жалпы бітімінде эпикалық кеңдікке
ұмтылу бар. Кейбір сценалар негізгі тартысқа тікелей қатынасты көрінбесе де, 
маңызды қызмет атқарады. Автор қазақ тұрмысының әр түрлі қырын, 
этнографиялық жайттарды дәл қалпында бейнелеуді мақсат еткен. Таза 
композициялық құрылыс тұрғысынан қарағанда, Қарагөздің Дуанаға бал 
аштыратын көрінісі артық, қосалқы эпизод. 
Байсалды ой жүгіртсеңіз,бұл райдан қайтуға тура келеді. Арқалықты 
шырмай бастаған қат-қабат күйден бір сәт көруші назарын әдейі аударып әкету 
керек. 
Дуана қолдан,ойдан жасалған емес, жанды кейіп. Ол небәрі 9 рет тіл 
қатады, сонда айтатын сөзін түгел қосса, жарты беттен әрең асып жығылады. 
Қолында аса таяғы, өз шапанын жамылып келіп тұр. Ақ тоқымын жайып 
құмалагын тартты, не дер екен? «Ақ сөйле! Я, Абылайдың жерге түспес жеті 
әлібі, жерге түс!» Дуана ма? Дуана. «Пайғампардың ашқан балы едің. Қырық 
бір шөптің басы едің. Ақ сөйле, құмалағым! Ей, алла-хақ!» – Сонда неге 
шүйлігіп отыр? «Алды күйініш,арты сүйініш. Айтқан садақасы, құдайысы бар 
ма еді? Соны жылдам бер!» Бәрі түсінікті енді. Дуананың көкейін тесіп бара 
жатқан осы ғой. Құдайы, садақа. 
Қарагөз көңілге медеу іздейді. Арқалықты жаманшылыққа қымайды. 
Дуана ақ-көк деп жүріп талғажау түсірмек. Кішкентай ғана көрініс, екі пиғыл, 
екі мінез. Бұл сценаның драмалық қуатына кезінде Мұхтар Әуезов айрықша 
назар аударып, Елубай Өмірзақов ойнаған Дуана бейнесін үлкен сахналық 
табыс деп бағалады. 
Үшінші пердеде Арқалықтың жеңгесі мен ағасы бой көрсетті. Күлкігі 
мегзей жазылған сценалар. Кесек мінезді, тілді, байын өзі билейтін, оны сынай-
міней жүре, сүйе де білетін әйелдің қылығы. Аты еркек болғанмен, әйелден 
бетер қорқақ, аузымен орақ орып, қолымен қос-аяқ соғуға жарамас аға мінезі. 
Арқалық басына түскен ауыртпалықтың шарпуы айналасына түгел 
жайылады: әйелі, ағасы, жеңгесі жалпақ қайғы үстінде. Аюлы тауында 
Қазмойын атынан айырылып, тізгіні кесілген шақта, жақсылық хабар 
әкелгендей сүйіншілеп Қарашешен, Жаманбай келеді. 
Қалмақтармен табысыпты . Бұлт айықты. Сең қозғалды. Ендігі жол – 
татулық жолы. Қылыш сілтеп, қару көтеріп келген жау – енді досың дейді ғой 
мыналар. Өкпелерін қолына алып желп-желп етеді өздері. Қулығына құрық 
бойламас. Қарашешен көзіндегі қандай сәуле, алдап тұрған жоқ па екен? 
Дікілдеп, дегбірді алып әкетіп бара жатыр ғой мыналар. Қазан-ошаққа
жармасты Жаманбай Сойыс малдар да келіп қалған. 
Алданғанын, арбалғанын сезбейді Арқалық. Жаманбайдың не деп 
бүлкілдеп жүргенін аңқау батыр аңғарар ма? Арқалықтың дулыға сыймас арда 
басын дұшпан оғына байлап беріп, содан жеміт тілейді оның құзғын, қарға 
көңілі. Біреудің қара сорпасын кесіп өтсе де, қатсе де өссе болды, әйтеуір. Өсу! 
Мансап,байлық! Қушық көкірек бұл сапарда нені сатпайды, қандай 
зұлымдыққа бармайды?! 
Ауылға түсіп жатқан Әжіхан. Ван-жун бастаған қалмақ батырлары 
мынау. Қазан бұрқылдап қайнай бастады. Арқалық сенбегендей не қалды? 
Бәрінің сөзі әлгі бейбіт кемерге тартады. Пьесаның арқауын ұстап тұрған қос 


62 
шоқы - Әжі мен Арқалық арасындағы тартыс шығарманың басынан аяғына 
дейін созылып жатқанмен ,олар бетпе-бет алғашқы актіде бір рет кездессе, 
екінші рет үшінші актіде қарама-қарсы жүзбе-жүз келді. 
Ішінде арыстан зұлымдық жатқанмен Әжіханның аузынан сынықты 
сылағандай мысық табан сөз шығады: жарақтыға жау келмейді екен, төгілген 
толмайды екен, өлген тірілмейді екен, достық бітім деген дұрыс екен. Не жүзі 
құбылу, не кірпіге қалтырау жоқ, бауырын шоқ күйдірсе де, тырп етер сияқты 
емес. 
Қалмақ қолбасы Ван-жун мыстандығы бұдан кем түспейді. Арқалықтай 
ер қолынан қаза тапқан Діңгіл ағасының өліміне риза болдым деп шын еркек 
қана айта алардай сөз тастайды. Осылар алдамас па екен деген Арқалық сезігі 
бұдан кейін сөнгендей. 
Қарашешен қапыда түсіру қамында. Бойында қаруы барда Арқалықтың 
ешкімге алғызбайтыны өздеріне мәлім, тағы тұтаса бастаған қулықтың қамау-
қоршауын Арқалық байқамайды, құшағын жайып, дастарқан басына келіп 
отыр. Үйіңе келсе пәлені кеш деген қайда? Босқа тыртысу батырлығына мін 
емес пе? Соғысса соғысуға жарамайтын, сүйіссе сүйісуге жарамайтын Арқалық 
па? 
Драмалық шығармаларда кейде бір заттың өзі тартыс дамуында үлкен 
роль атқарады. Бұл ретте Дездемона орамалын еске алсақ та жеткілікті. Жұмат 
Шанин осы классикалық дәстүрді сәтті пайдаланған. Пьесадағы конфликтіні 
тудыруына себепші – Сарыкөз ат. Қарама-қарсы күштердің арбасуы 
шиеленіскен. Арқалық өмірі ине ұшында тұрған сәтте оқиғаға зат араласады. 
Ол – батырдың жас күнінен беліне байлаған, жыланның қыл түбіндегі зәріне 
суарылған қанжары. Діңгілдей батыр ағасының құнын кештім, дос құшағын 
ұсындым деп отырған Ван-жун Арқалықтың жомарттығын сынағысы 
келгендей, қолдан ауысып, белден алысқандай болмайды деп, сол қанжарды 
қалап отыр. Бермесіне амал жоқ. 
Күшімен, қайратымен емес, сұмдығымен, айласымен алмақ опасыз тобыр 
мақсатына жетті. Жалаңаш, құр қол қалған Арқалықты Қарашашен бастаған 
қазақтар, Ван-жун бастаған қалмақтар түгел жабылып байлап алды. 
Табиғи әрекетті диал


64 
Бірінші. Арқалық бейбіт жатқан қытай елін түгелдей қырмайды, кеше 
өздері шауып кеткен жұрттан малды алады, ашық майдан, таза жекпе-жекке 
шығады. Ханның жұмсауымен баруы, опық жеуі-өз басының трагедиясы. Бірақ 
бұл саяси қате емес. 
Екінші. Үлкен драмалық тартыстың реалистік шешімін таба алмаған 
драматург эпостық дәстүрдегі ханды тақтан түсіріп, оны қойшы етіп жіберген 
мотивін пайдаланған. Бұл жерде қойшы, жылқышы болу қорлық деген идеяны 
көтеріп отырған жоқ. Бұл саяси қате емес. 
Үшінші. Көкеннің таққа отыруы-драматургтың бұл образды жағымды 
планда алғандығынан туған нәрсе. Кедейден, жарлы-жақыбайдан шығып, әділ 
би болған, халық қамын жеген адамдар қазақ тарихында аз ба екен? Иісі би 
атаулы түгел үстем тап сойылын соғып па? Шешен сөздердің құдіреті секілді 
Қазыбек, Сырымдар би емес пе еді? Мұны неге ұмытамыз? 
Трагедияның әр бөлімі жеке пьеса, аяқталған шығарма. Алғашқысындағы 
негізгі конфликті-хан мен қарадан шыққан батыр арасындағы тартыс. 
Жиырмасыншы 
жылдардағы 
ұлттық 
драматургиялық 
дәстүріміздің 
болымсыздығын ескергенде, тарихи тақырыпқа мұндай үлкен пьеса 
жазылмағандығын ойлаған кезде Жұмат Шанин трагедиясының әдебиетіміздің 
тарихындағы көрнекті орны барлығы дау туғызбайды. 
«Арқалық батыр» қазақ әдебиетіндегі тұңғыш пьесадилогия. Екінші 
бөлім төрт перделі. Дүрбіт ханы, Юн-сун батыр, Ду-ду генералдар, басқасы 
бұрыннан таныс бейнелер. 
Қазақ тұрмысынан мүлде бөлек, қытай елінің өзгешелігі декорациялық 
ремаркадан айқын аңғарылады. Драматург нақты тарихи, ғылыми деректерге 
сүйенген сияқты. Дүрбіт ханының ордасы. Бір түскен адам еш уақытта тірі 
шықпайтын абақтыдан қазақ батыры қашып кеткен! Хан қаһарына мінген, 
ашуымен мпшысын қуырып барады. Кісі аямас қатыгез кейпі. Кінәлі адам қызы 
болып шығады. Міне масқара! Өз қолын өзі шаба алар ма? Жұрт бетіне не деп 
қарайды енді? Психологиялық, әрекетті көрініс. Әке мен бала арасындағы 
тартыс ағыны назарды бұрып алады. 
Бәрібір құрықтан құтылмақ емес, мейлі, қызы болсын. Қыр соңынан 
қалмай тімтініп жүрген Юн-сунға қиды. Күйеге беру емес,жазаға бұйырғандай. 
Үш шарт: Бикешті адам көрмейтін жерге сақтайды,еш уақытта сөзіне сенбейді. 
Арқалықты өлтіріп, елін шабады. 
Іздегенге-сұраған. Тұрпайы Юн-сун әке рұқсатының шеті шығуы мұң, 
Бикешті тарпа бас салады. Жігітке жарасымды сыпайылық, адамшылықтан 
жұрдай, дөрекі, ұркөппе жан. «Алам, қатын қылам», - деп тап-тап береді. Бикеш 
қарсылық білдіреді. 
Қыз халының хабаршысындай болып, қызметші әйел арқылы жүзік кетеді 
Арқалыққа.
Юн-сун мен Бикеш арасындағы тартысты драматург үдете бейнелейді. 
Бұл ұнатпаған қыз бен қолшыл жігіттің айтысы емес, әр түрлі сенімдердің 
нанымдардың қақтығысы. Долы Юн-сун Бикешті өлтіруге ұмтылған сәтте 
Арқалық пен Егіл жетеді. 
Пьесаның әлеуметтік салмағын көтеруде екінші перденің мәні зор. 
Қаһармандар қазақ-қалмақ боп қырқысып жүрген жоқ, жуандар бір жақ, 


65 
жарлылар бір жақ. Қайтадан тағына отырған Әжіхан аулында Ду-ду генерал,
Юн-сун арақ ішіп, бағлан жеп, қыз ойнақ жасайды. Тілек бір – Арқалықтың 
көзін құрту. Осы жолда төсекте бастары, төскейде малдары қосылып кеткен. 
Бірінші бөлімде Көкен, Бейсен билердің нобайы бір түстес болып 
көрінеді. Қасқыр дұшпандар ұлысып, табысып жатқанда, бұл екеуі қай жақта ? 
Бейсен тайғанақ. “Ханнан ажырап қайда барасың, басыңды и, көн, тізе бүк, 
Арқалық”, - дегенді айтады. Көкен болса тарпаң. Асау жүрегі құлшылыққа 
қарсы. Бірақ сонда тапқан ақылы қайсы? Ауа көшу. Қалың қазақ ортасына 
бару. Онда құшақ жая қарсы алатын кім бар еді? Бұл жағына тереңдеп ой 
жүгіртпейді. 
Иен Алтайдың ішіне барып бекінген Арқалық қасында бұл билердің 
біреуі де жоқ. Қара бастарының қамын күйттеп қалған ғой. Тобықтыдан безе 
қашқан Кебек батыр халіне ұқсас күй. Арқалықтың тарыққан монологтары 
Кебек қайғысымен сарындас. Ел, халықтың тілегі Арқалық жағында екендігін 
автор Қабанбай батыр аруағын сөйлету арқылы білдіргендей болады. Хан, 
билер опсыздығын таңбалайды. Автордың сүйікті кейіпкері туралы ойлары, 
шығарманың арналы идеясы осы орайда жақсы көрініс береді. Арқалықтың 
опат болуы – тартыс логикасынан шығатын объективті қорытынды. Бірақ оның 
Егіл қолынан қаза табуы мүлде жасанды ситуация. Сәтімен табылған бейне 
бойына драматург жарамсыз бояу жаққан. Егілді өлімнен қорыққан екен деп 
опасыз етіп шығару қисынсыз нәрсе. Пьеса соңында басты кейіпкерлердің 
бірін-бірі қырып салуын да сәтті финал дей алмаймыз. 
Драмалық тартысты көрсетудегі созалаңдық, қажетсіз көріністердің, тіпті 
перделердің болуы, біріктіріп жіберіп бір-ақ характер жасарлық әлденеше
персонаждардың жүруі (Ван-жун, Юнсун, Ду-Ду), эпикалық элементтің 
шамадан тыс көбейіп кетуі, диалогтағы көп сөзділік сияқты шеберлікке
қатысты олқылықтары, жетіксіздіктері бола тұра, «Арқалық батыр» трагедиясы
қазақ драматургиясының жаңа туып келе жатқан алғашқы кезеңіндегі күрделі 
туынды. Бұл шығарма жанр шарттарына сәйкес келеді. Пьесаны ұстап тұрған 
әлеуметтік конфликт, түйдек-түйдек монологтар, іліп-қақпа диалогтар бар.
Автор эпос қазынасынан көп өрнек алған. «Еттен өтіп, сүйекке жету», 
«қаласының аузын қан қалып, қақпасының аузын шаң қылып», «әулиеге ат 
қойып, қорасанға қой айтып, құдайдан шырақ тілеп алған», «буыны қатпаған, 
бұғанасы өспеген», «қолы темір, жүрегі мүйіз», «ер болсаң, ерін қысқанша ерік 
бер», «орамал тон болмаса, жол болады», «ақ түйенің қарны жарылды», 
«жарақтыға жау келмес», «ер шекіспей, беріспейді», «уайым - ердің азығы», 
«ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді», «арыстанның аузынан, түрікпеннің 
түбінен», «өлмегенге - өлі балық», «ердің қашқаны - өлгені», «бізді әуелі өз 
саныңа сұқ, ауырмаса кісі санына сұқ», «басқа түссе – баспақшыл», «жалынса -
жақсы кешеді, жаныса – болат өтеді», «көп қорқытады, терең батырады», «бір 
қарын майды бір құмалақ шірітеді», «арыстан айға шауып мерт болыпты», «ас 
ішіп, аяқ босатуды кім білмейді», -- осы сияқты көптеген мақал - мәтелдер, 
тұрақты тіркестер, қанатты сөздер пьеса тіліне өң беріп, ажар кіргізіп, нәр 
қосып тұр. Драматург ұтыға (қырғауылдың қауырсын құйрығы), дүрбіт 
(қалмақтың бір атасы), торғауыт (о да қалмақтың бір атасы), уаң (торғауыт 
ханы), шерік (әскер яки шабарман), үкірдай (қытайша болыс), менмендіктер 


66 
(құл), жамбыл(қытай қорғаны), бейіс(бір аймақтық би), амбы(болыс), 
солақ(абақты), жуан-жуан (арақ) секілді қытай қазақтары тілінде бар сөздерді 
де пайдаланып, оларды өзі түсіндіре кетеді. 
Шығарманың сахнадағы тағдырын ерекше ескерген Шанин әр түрлі 
ремарка беріп отырады. Қимылға,әрекетке қатынасты ремаркалар: «басын 
көтеріп», «екі қолын кеудесіне қойып», «екі иығын кезек-кезек көтеріп», 
«қолын қусырып», «басын изеп», «қолын жайып», «селк ете түсіп», «жалт 
қарап», «ажырая түрегеліп», «құшақтап», «басын шайқап», «құлағын салып», 
«жұлқынып», «тесіле қарап», «қолын мойнына салып», «қолын ұстап», «ұшып 
түрегеліп», «екі қолын желкесіне қойып», «ажырайып селк ете түсіп», 
«маңдайын қолымен ұстап», «жауырынын қиқаңдата түсіп», «тамағын кенеп», 
«кіжініп ұмтылады», «жан-жағына қарап», «дірілдеп», «басын шайқап», «көзі 
бақырайып», «иіліп,еңкейіп», «талып», «қолымен көрсетіп», «жалт етіп», 
«ақырын басын көтеріп» деген сияқтылар болып келеді. Мұның бәрі актер 
ойынына қатысты айтылған ескертпелер. Кейде автор: «Ойнаушы тақпақпен 
шұбыртып айтсын, екпіндетіп, желпіндіріп айтсын», - деген құлаққағыс 
жасайды. 
Психологиялық ремаркалар да түрліше: «ашуланып», «айбаттанып!, 
«сасып», «мұңайып», «қуанып кетіп», «ойланып», «қысылып», «түсі қашып», 
«қалшылдап», «аң-таң қалып», «жылап жіберіп», «жылы жүзбен», «зәрлі 
дауыспен», «қатты дауыспен», «қалтыраған дауыспен», - бұларға әр түрлі адам 
кейпі, үн ырғақтары бар… Этнографиялық жайттар да кездеседі. Жаза түрлері: 
25 қамшы, 5 жамбы атып, алақанға қорғасын құйып, қызыл асыққа 30 оқтау 
соғу, көзге алтын құю, аяқ қолды бұғаулап, өгіз терісіне тігіп тастау, мойынға 
ажырғы салу, аштан бұралтып өлтіру, желбауға асу, көгендеу, дарға асу, отқа 
өртеу.. Сый түрлері: 10 жорға, 10 бәйге, 100 жамбы. 
Пьеса қара сөзбен, кей жерде ұйқассыз ақ өлеңмен жазылған, түйдек-
түйдек өлең шумақтары да кездеседі. Әжіханды мақтап айтқан 
жарамсақ,заржақ ақынның сөздері құр ұйқасқанымен, шын өлең емес. Автор 
оның аузына сондай нәрсені әдейі салған. Соңғы пердедегі:
Тебінгіден тер ақсын, 
Ақ найзадан қан ақсын. 
Әжі тұрған ақ орда, 
Құралай көзді ақ сауыт, 
Қуарған бездей үзілсін. 
Қызарып жанған қызыл қол, 
Қызыл шоқтай гүл болсын, -
деп келетін Арқалық монологының рухы эпос батырларының толғауымен 
әуендес жатыр. 
Қазақ мемлекеттік театры сахнасына алғаш рет «Арқалық батыр» 
трагедиясы Жұматтың өз режиссурасымен 1927 жылы, ақпан айында шықты. 
Әр бөлімі бір-бір күннен қойылдатын күрделі спектакль өзінің барлық 
бітімімен сол кездің кезек табысы еді. Бұрын шағын пьесаларда, жеңіл 
рольдерде ойнап келген актерлер үшін де бұл үлкен мектеп болды. Әжіхан 
болып Қалыбек Қуанышбаев, Арқалық батыр болып Әбілқай Абдуллин, 


67 
Қазікен Бейісов, Көкен би болып Әкіш Шанин, Қарашешен болып Серке 
Қожамқұлов, Бикеш болып Мәлике Шамова, Күләш Байсейітова, Дуана болып 
Елубай Өмірзақов, Юн-сун болып Қапан Бадыров ойнаған. Автор біраз жыл 
өткен соң, пьесаға қайта оралып, түзеп, өңдеп шықты. Ол вариант басылмаған, 
қолжазба жоғалған. Сондықтан актерлер естелігіне, рецензиялар мәліметіне 
сүйенуге тура келеді. Пьесаның бір бөлімді бұл нұсқасы драма театры 
сахнасына 1935 жылы 17 наурызда шықты. 
Азаттық идеясын көтерген, жанр шарттарына жауап берген «Арқалық 
батыр» трагедиясы тарихи эпостық тақырыпты игеру жолындағы қазақ 
драматургиясының ең алғашқы тәжірибелерінің бірі, бұл арнаны кейін Әуезов, 
Мүсірепов тереңдетіп,классикалық үлгімен ұлттық дәстүрлерді ұштастыра 
отырып, өлмес шығармалар тудырды. 
Суреткер тағдыры қандай шытырман болса, шығарма тағдыры да қызық 
қой. Жұматтың басылып шыққан пьесаларының, мақалаларының қолжазбасы 
сақталмаған, жойылып кеткен. Оның творчествосына, ғұмырына қатыстьы 
дүниелердің жұрнағы ғана бар. Бір бет, жарты бет қағаз. Су тиген,топырақ 
жеген, қыстырма темірлеріне дейін тотығып кеткен қағаз, жыртылып, іріп 
кетейін деп тұрған қағаз. Көзге оттай басылатын, ыстық қағаз. 
Қазақтың басқа жазушылары секілді Жұмат та араб, латын, орыс 
графикасын аралас пайдаланған. Әріптері сұлу түспегенімен, айқын. 
Бала кезінде Жұматтың қолында өскен, оның туған інісі Әкіш Шаниннің 
ұлы, өзі де артист, режиссер Қасымхан Шанин үйінде сақталған там-тұм 
документтердің, үздік-жұлық материалдардың ішінде бір қолжазба бізді селт 
еткізді. 
Ұзын жолды, жылтыр сарғыш, үлкен табақ қағаз. Қарындашпен жазылған 
беттер саны алпыстан асады. Кей тұстары сиямен түзетілген. Әр түрлі 
қосымшалар, қысқартулар кездеседі. Зер салып оқи бастаймыз. Араб шрифті. 
Тездетіп, судыратып қарап, дәл ажырату оңай емес. 
Сарыбай? Қарабай дейді? Айбас? Қозы дейді? 
Мәссаған! Жұматтың күні бүгінге дейін үшті-күйлі жоғалды деп жүрген 
пьесасы ғой мынау. Қызылордада Қазақ мемлекеттік театры сахнасында 1928 
жылы 12 апрель күні қойылатын – «Қозы Көрпеш – Баян». Дәл солай. «Зура 
Баян болып, Елубай Өмірзақов Айбас болып, мен Қозы болып ойнағанмын. «Ақ 
Баян» деген тамаша ән бар ішінде, басқалары есімде жоқ», - дейді Құрманбек 
Жандарбеков. 
Жоспар эскиз, үзінді емес, бас-аяғы тамамдалған, тиянақталған шығарма. 
Кейіпкерлер туралы ремарка «Арқалық батырдағы» ремаркамен ұқсас, 
әрқайсысының жасы, түр-түсі айтылады. «Қарабай қияпатсыз, ақ сақалды, жасы 
63-те. Баян – қызы, екі бетінен қаны тамған ақ құба 16-17-де; Сарыбай – қызыл 
шырайлы, ұзын бойлы, жирен сақал, 55-те; Қозы Көрпеш - айдары бар, 18-де; 
Қодар - қалмақтың бегі, қияпатсыз, 35-те», - деп келеді. 
Пьеса прологтан басталады. Тау іші. Сахнаға Айбас пен Қозы шығады. 
Екеуі де өлеңдетіп сөйлейді. «Сен анаңның құрсағында жүргенде, атаңның 
тілегінде жүргенде, топырағың торқа болғыр атаң Сарыбай аңда жүріп, дүние 
қоңыз мың соққан, ақылдан кешіп, жын соққан о да зарлы балаға, аңда жүрген 
далада Қарабаймен танысқан», - дейді Айбас. Бұдан кейінгі авторлық ремарка: 


68 
жетектеген тазылары бар, бір топ салт атты, сирақты мылтығы бар адам, олар 
экраннан алыстап, көз ұшында жоқ болады. 
Бәрі сахнаға жарасымды нәрселер. Бірінші пердедегі декорацияда асқар 
тау, өрлеп шыққан ағаш, сарқырап аққан бұлақ, көк құрақ, таңертеңгі күн 
сәулесі көрсетіледі. Музыкалық увертюра ойналатыны айтылады. Аңға шыққан 
Сарыбай сыбызғымен «Сары өзен» күйін тартып отырған саятшы үстінен 
түседі. Танысу-білісу. Қарабай келеді. 
Диалогтардың көбі - өлең. Оқыған сайын еске таныс жолдар оралғандай 
болады. Пьесада: 
Қ а р а б а й (өз ариясымен). 
Мыңмен санға көңілімді баламаймын, 
Ілігіне пенденің, жарамаймын, жарамаймын. 
Алпыс үшке келгенше перзентім жоқ, 
Қубас шалың дүниеде – Қарабаймын, Қарабаймын.
С а р ы б а й. 
Олай деме, Қареке, тәңірім көрер, 
Пендесінің тілегін өзі-ақ білер. 
Перзент пен дәулеттің кештігі жоқ, 
Қазынасы кең құдайым әлі-ақ берер. 
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының Ж а н а қ – Б е й с е м б а й 
нұсқасында қалай еді? 
Көңілімді мың мен санға баламаймын, 
Пенденің ілігіне жарамаймын. 
Келгенше сексен үшке сүйері жоқ, 
Үмітсіз дүниеден Қарабаймын.
Ал, С а р ы ба й былай дейді: 
Қареке-ау,олай деме,тәңір білер, 
Құлының жылағанын әлі де көрер. 
Дәулет пенен перзенттің кештігі жоқ, 
Құдайым әлде бізге берер. 
Жырда Қарабай – 83-те, Сарыбай – 75-те, пьесадағы айырма – 20 жас. 
Бірер сөз өзгерістер бар. Орын ауыстырулар әнге лайық жасалған. 
Өте қызық әдеби құбылысты көргендей боламыз. Сюжеттің бұдан кейінгі 
дамуы жырдағы оқиғаны тұп-тура қайталайды. Қарабай мен Сарыбайдың құда 
болуы, буаз марал, оны атып алу, Қарабайдың сілікпе етіп жеймін деуі, 
Сарыбайдың өлімі – осы детальдпрдың барлығы дөп келіп отырады. Пьесадағы 
өлеңді диалогтардың басым көпшілігі жырдан алынған. Қарабайдан сақау 


69 
қатынның сүйінші сұрауы. Сарыбайдың өлімін Тайлақ би мен Тазшаның 
естіртуі түгел осы қалыпта келеді. Тағы бір мысал. Пьесада: 
Т ө р г і н а ш 
Қареке-ау, ақылмен арбайсыз ба? 
Тәңірді бір жаратқан аңдайсыз ба? 
Серт айтып ақыреттік құда боп ең, 
Сертіңді шыныменен жалмайсың ба? 
Қ а р а б а й 
Сөздеріңе отырмын қайран қалып, 
Қалыңмалын қойып ем қанша алып. 
Көп сөйлемей, балалар, жайыңа жүр, 
Тарсылдатып кетермін басын жарып. 
« Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында: 
Қареке,ақылмен арбайсыз ба? 
Жаратқан бір тәңірді алдайсыз ба? 
Не айтып ақыреттік құда болдың, 
Тегінде қияметке бармайсыз ба? 
- Мына сөзге ман тұрмын қайран қалып, 
Қалыңмалын қойып ем қашан алып? 
Сен он екің былшылдап, сөйлей берсең, 
Бәріңнің де кетермін басың жарып. 
Пьесада Төргінаш десе, жырда – Танас. Өзге ауытқу шамалы. Баян, Ай, 
Таңсықтардың туған жермен қоштасу сценасы да жырды қайталайды. Қарабай 
ауып көшіп кеткеннен кейінгі оқиғаларды көрсетуде пьеса Жанақ-Бейсембай 
вариантынан ауытқиды. 
Үшінші пердеде Баян сұлу ізіне түскен өзбек, башқұрт,қырғыз бектерінің 
қостары бейнеленеді. Әрқайсысының өз тілдерінде айтатын әндері бар. Би. 
Музыка. Бұлардың үстіне дүрбіт-қалмақ бегі – Қодар келеді. Қызылқұмға
қамалған Қарабайдың құтқарушысы осылар. 
Әрекетке Айбас пен Қозы Көрпеш араласады. Сырттай ғашық Баян мен 
Қозы тез табысады. Эпос рухында жасалған монологтар, диалогтар . Қодар – 
Қозы арасындағы ілік Жар-жар айту үстінде шарт сынады. Қодармен әуелге 
жекпе-жекте Айбас құлайды. Бұдан кейін Қозы мерт болады. Бесінші перденің 
ең соңғы көрінісінде ешкі майын құйып бейіт салып жатқан адамдар. 
Автор үнемі ремаркалар арқылы сахна жағдайын айтып отырады. Ария, 
дуэт, речитатив, хор, би, увертюра деген ескертпелер жиі кездеседі Образдар 
эпос арнасындағы дәстүрмен берілген. Жұмат Шаниннің «Қозы Көрпеш – 
Баян» музыкалы драмасы фольклор қазынасын игеру жолындағы тәжрибе, 
драматургтың ізденіс сапарындағы қағаз бетінде ғана қалған ескерткіші. 


70 
Махаббат пен зұлымдық жайлы ғажап хикаяны қазақтың екінші бір 
суреткері аз жыл өткен соң классикалық шеберлікпен драма тілінде сөйлететін 
болады. 
Қазақ фольклорының сарындары мен оқиғалары, идеялары мен 
образдары Ғабит Мүсірепов өнерпаздығына орасан зор әсер етті. Үлкен 
жазушы халық қазынасын шебер пайдалана отырып, тамаша шығармалар 
тудырды. Бұл сәтті тоғысуды, өзара байытудың жақсы үлгілерін драматургия 
тәжірибесінен көруге болады. 
Ұлттық әдебиетіміздегі алғашқы барлаудың бірі – Ғабит Мүсіреповтың 
«Қыз Жібек» пьесасы музыкалық драма ретінде жазылды да, кейін опера 
либреттосына айналды. « Автор осы драмасына фольклордан не алды, өз 
жанынан не қосты? Қандай жазушылық тәжрибе қолданды?» деген сұрауларға 
жауап іздеу керек. 
Ауыз 
әдебиетіндегі 
негізгі 
нұсқалардағы 
ғашықтық 
оқиғасы 
жақсылықпен тынады. Төлеген мерт болғанмен Жібек Сансызбайға көңіл 
қосып, арманына жетеді. Жырдың бірінші бөлімінде болашақ батыр Төлегеннің 
өзі өзіне қалыңдық іздеуі, екінші бөлімінде Төлегеннің өзі өлген, оның ісінің, 
мақсатының өлмеуі, қандас бауырының кек қууы, Жібекке қосылуы жан-жақты 
баяндалатынын мәлім. 
Драматург Мүсірепов эпостағы таза махаббат сарынын, қаһарманның 
еркіндік, бостандық үшін күрес жолын ғана алған. Ең басты кейіпкердің 
тұлғасы, сезім дүниесі, оқиғалар жүйесі жанр талаптарына сәйкес қайтадан 
сомдалып құйылған. Фольклордағы кейіпкердің бірқыдыруы пьесада жоқ, оның 
есесіне көркемдік мақсатқа орай, эстетикалық идеал үшін автор өз жанынан 
жаңа бейнелер қосқан. 
Драмадағы оқиға дамуының өз ерекшеліктерін көреміз. Бекежан мен 
Төлеген арасындағы алғашқы қақтығыс Төлеген аулында той өтіп жатқан кезде 
болады. Қаршыға Бекежанға мергендігі үшін сый тапсырады. Бұл жайт жырда 
жоқ. Осы той үстінде Төлеген мен Бекежан өзара ерегісіп, Жібеке аулында 
жекпе-жекке шығуға серт беріседі. Уәдеде тұрмай, ұрланып, тығылып, қапыда 
Төлегенді өлтірген Бекежан опасыздығы драмада ерекше айқындалып берілген. 
Ант бұзар, қанды қол қарақшы бейнесінің бояуы қоюлана түскен.
Шебер қаламгер фольклордағы аян беру, түс көру сарындарын жаңа 
эстетикалық мақсаттар үшін құлпыртып, өзгертіп пайдалана білгенін көруге 
болады. Жырда Жібектің түсі Төлегеннің өлімінен күні бұрын хабар беріп, 
жазмыш, тағдыр жазуы деген ойды мегзесе, пьесада түс көрінісі көркемдік 
тәсіл, шартты әдеби амал ретінде алынып, қайғылы халды, трагизмді ерекше 
күшейтіп тұр. Әлгінде ғана түсінде ғажап рақат сезім кешкен, ғашығымен 
сүйісіп, ләззат балын татқан Жібек енді не істеп тұр? Мына Бекежан не дейді? 
Шындық қайда: Әлгі түсіндегі рақат па, әлде мына қаралы хабар ма? Бұл 
көрініс сахналық тұрғыдан алғанда көрерменге зор ықпал жасап, бір суытып, 
бір ысытады, мол әсер етеді. 
Пьесада эпостан алынған кейіпкерлердің мінездері іріленіп, характерлер 
деңгейіне көтерілген. Әсіресе, жырда әр түрлі жаулас рулардың басшысы 
ретінде алынатын Бекежан тұлғасы драмаға ауысқанда реалистік әдебиеттердің 
күрделі талаптарына жауап беретін образ болып қайта туған. Жырдағы екі 


71 
аяғын бір басуға ерінген, үлде мен бүлдеге оранған, ақ саусақ, ақ тамақ болса, 
драмадағы Жібек он мен солын білетін, махаббат, теңдік үшін күресуші батыл 
қыз. Жинақтап айтқанда, Ғ. Мүсіреповтің «Қыз Жібек» драмасы жырды 
сахнаға лайықтап, қайта сарындап шыққан дүние емес, эпос материалын 
пайдалана отырып, реализм талаптарын ескеріп, шеберлікпен жазылған шын 
мәніндегі алғашқы қазақ пьесаларының бірі. 
Қазақ драматургиясының тарихындағы кезеңдік шығарма – халық 
арасына кең тараған ғашықтық жыры негізінде жазылған Ғ. Мүсіреповтің 
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясы. Пьесаның негізгі оқиғасы – сұлу Баян 
мен Батыр Қозы арасындағы трагедиялық махаббат. Жыр мен трагедияны 
салыстыра қарағанда, драматургтің сюжет түзеуде,тартыс өрбітуде, характер 
сомдауда жасаған сан алуан жаңалықтары анықталады. Бесік құдалық негізінде 
күні бұрын шешілген махаббат желісі жырдың басты өзегін құраса, 
трагедиялық күрес ескілік пен жаңалықтың арасында өтеді. Пьесада рулық 
тартыс емес, әлеуметтік-таптық қақтығыс көрсетілуінде үлкен мән жатыр. 
Негізгі кейіпкерлердің әлеуметтік теңсіздігі, бірінің – байдың қызы, 
екіншісінің – жесір әйелдің ұлы болуы трагедия тартысының түп себебі ретінде 
бейнеленеді. Еркін махаббат пен бас бостандығы үшін күрес қиындығы қазақ 
ауылының таптық жіктелуі – теңсіздіктің ұшыға түсуімен сабақтас суреттеледі. 
Салыстыра зерттегенде, трагедияға оқиға өзгерістері, жазушы шеберлігі, 
талантқа қатысты ғана туған нәрселер емес, жанр табиғатынан шыққан 
ерекшеліктер деп білу дұрыс болмақ. Тартыс ширақтығы, психология тереңдігі, 
әлеуметтук сарын – бұлардың бәрі драматургия заңдылықтарына лайық қалып 
тапқан. 
Трагедия композициясы авторлық көркемдік мақсатқа бағындырылған. 
Бұл ерекшелік оқиға сұрыптаудан, кейіпкерлерді таңдау, топтау жүйесінен
байқалады. Бір қатарда: Қарабай, Жантық, Қодар; екінші қатарда : Баян, Қозы, 
Таңсық. Жыр фольклорда жиі кездесетін баласы жоқ, бейшара ата-аналар 
сарынан басталса, трагедия бірден оқыс, жанды әрекетті оқиғамен ашылады. 
Қарабай мен Жантықтың мінезі, ішкі әлемі алғашқы диалогтардан-ақ 
ашылады. Болашақ тартысқа екеуі де от тастайды. 
Пьеса бастан- аяқ ширыққан тартысқа толы. Әрбір кейіпкердің тілінде 
қуат, қажыр, жалын бар. Негізгі оқиғаның көпшілікке мәлім екендігін жақсы 
білетін драматург, ең алдымен қаһармандар психологиясын терең ашуды 
көздейді. Қосалқы жүлделерде, тұрмыстық жайттарды әдейі тастап кетіп 
отырады. Халық эстетикасындағы жағымды кейіпкер мұратын драматург 
қолдай отырып, өз жанынан жаңа ою-өрнек қосып, ұлттық көркемдік ойлау 
жүйесін байытқан. 
Трагедия қаһармандары жырдағыға қарағанда, айрықша сомдалып, 
характерлік тұрғыдан ерекшелініп берілген. Әсіресе, жағымды кейіпкерлер 
бойында жаңа дәуір адамдарына тән асқақтық, романтикалық серпін, өз 
мақсаттарына, болашаққа, жақсылыққа деген сенім, үміт бар. Олар үшін 
еркіндік, адамгершілік сезім, махаббат, әділет – дүниедегі ең қымбат, ең асыл, 
бәрінен де артық нәрселер. Осыларға жету үшін күреске дайын. Тіпті өлімнен 
де сескенетін түрлері жоқ. 


72 
Пьесадағы Баянның жырдағы өзі аттас кейіпкерден көп айырмасы, 
өзгешелігі, артықшылығы бар. Трагедиядағы Баян батыл, өр, күрескер. Ол 
зорлықшының құрбаны болып, оп-оңай қанжығаға байланып кете алмайды. 
Бостандығы, бақыты жолында күреске шығып, тығырықтан шығар жол, 
дұшпанын жеңер айла-тәсіл іздейді. Тіпті қас жауы Қодармен шайқасудан да 
қаймықпайды. Баянның өлімінің өзі – қарсылық, әділетсіздікке айтқан 
лағынаты , қарсыласына атқан соңғы оғы. 
Қозы бейнесі трагедияда өзгеріс, даму үстінде көрінеді. Алғашқыда 
күйіп-жанып тұрған, ғашықтық сезімі бойын өртеп бара жатқан бозбаланы 
көрсек, кейін көз алдымызға тіршілік үшін, теңдік үшін, әділет үшін алысқан 
күрделі тұлға келеді. 
Ұлғайту, өсіру секілді көркемдік тәсілдер, әсіресе Қарабай, Жантық 
бейнелерін жасауда сәтті қолданылған. Пьесада классикалық драматургияның 
дәстүрлері, жақсы тағылымдар айқын сезіледі. Ұлттық және интернационалдық
көркемдік олжалардың, игіліктердің тоғысуынан туған жаңа эстетикалық сапа
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагшедиясын үздік шығармалар қатарына қосты. 
Ғ. Мүсіреповтің шешен, оралымды, көркем драматургиясы әдеби тіліміздің 
баюына мұрындық болды. 


73 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет