21
2.
Кез - келген идеяны,
гипотезаны, ұсыныстарды, сөйлеу
бостандығын қамтамасыз ету;
3.
Мәселе талқылауының ережелері мен нормаларын орындауын, топ
мүшелерінің сөйлеу кезегін реттеу;
4.
Барлық топ мүшелерінің сөйлеуін қадағалау;
5.
Талқылау процесін жүргізу.
3 кезең. Идеяларды бағалау және сұрыптау.
Көптеген талқылаулар нәтижесінен дауыс беру арқылы 7 идеяны алып,
одан кейін талқылау арқылы үшін сұрыптап
алып және соңғы бір идеяға
тоқталу.
Талқылау процесі 1 сағаттан көп емес болуы керек. Мәселені талқылау
кезінде келесі негізгі шарттармен ережелерді сақтау керек.
1.
Қатысушылардың ешқайсысы өзінің артықшылығын қолданбау
керек;
2.
Әрбір қатысушы өзінің бірнеше идеяларын ұсынуға болады;
3.
Идея
баяндалған кезде нақты, әрі қысқа болуы қажет;
4.
Егер мәселе шешілмесе, онда оны бірнеше бөліктерге бөледі;
5.
Идея айтылған уақытта критика, реплика, күлкі болмауы қажет.
Егер идеяларды
назарға алмайтын болса, онда активтілік төмен болады.
Тәжірибе көрсеткендей берілген уақыт аралығында қарастырылып, ешқайсысы
назардан тыс қалмауы керек.
Жаңа сапа бақылау тәсілдерін қолданған кезде психологиялық
моменттерді және адамдық факторларды ескермеуге болмайды. Олар
коллективтік күшті қажет етіп, жауапкершілікті барлық қызметкерлерге артқан
кезде ғана жақсы нәтижеге жетуге болады. Бұл тәсілдерді қолданған кезде
процессті орындаушылар сапаға қатысты мәселелеріне қатысы бар ма, жоқ
екенін біліп, сапаны жоғарылату жұмыстарына қатысады.
Қазіргі уақытта жаңа
технологиялар жоғары дамыған, сондықтан
математикалық статистиканы қолдана отырып, әртүрлі графиктерді құрып,
математикалық есептеулерді жүргізуді қажет етеді.
Сапа бойынша
менеджерлердің арсеналында күрделі есептерді жүргізуге мүмкіндік беретін
кешенді технологиялар қолдануда.
Бақылау сұрақтары:
1. Сапа мен ақаулықты бақылаудың статистикалық әдістерін атап өтіңіз?
2. Бақылау картасымен жұмыс істеу принципі қандай?
3. Себеп салдар диаграммасын құру тәртібі қандай?
4. Парето диаграммасын құрастыру мақсаты қандай?
5. Идеяны генерирлеу әдісінің кезеңдері?