23
Технологиялық процесстің бұзылуын айқындау сандық немесе
альтернативтік белгі бойынша жүзеге асатын, аз көлемді таңдауды,
периодты
бақылау нәтижелеріне негізделген.
Сандық белгісі бойынша бақылау, таңдаудағы өнім бірлігінде
бақыланатын параметрдің нақты мәнін қажетті дәлдікпен анықтаудан тұрады.
Бақыланатын параметрдің нақты мәндері статистикалық сипаттамаларды ары
қарай есептеп, оның негізінде технологиялық процесс күйі
туралы шешім
қабылдау үшін қажет. Бұндай сипаттамалар медиана, таңдау ортасы,
квадраттық ауытқу және ауытқу болып табылады.
Альтернативті белгі бойынша бақылау өнім бірлігінің немесе
бақыланатын параметрдің орнатылған талаптарға
сәйкестігін анықтаудан
тұрады. Бұнда әрбір сәйкессіздік ақау, ал бір ақауы бар өнім ақаулы деп
саналады.
Альтернативті белгі бойынша бақылауда бақыланатын параметрдің нақты
мәнін білу қажет немесе, оның орнатылған талаптарға
сәйкестігі немесе
сәйкессіздігін орнату жеткілікті.
Технологиялық процесс күйі туралы шешім таңдауда айқындалған
ақаулар санына немесе ақаулы өнім бірлігіне байланысты қабылданады.
Сандық белгі бойынша бақылаудың артықшылығы ақпартарттылығы
жоғары, сондықтан аз таңдау көлемін қажет етеді. Бірақ бұндай бақылау
қымбат, себебі ол үшін бақыланатын парметрдің
нақты мәнін анықтауға
мүмкіндік беретін техникалық бақылау құралдары қажет. Сонымен қатар
сандық белгі бойынша бақылау кезінде статистикалық реттеу үшін
статистикалық сипаттамаларды анықтаумен байланысты есептеулер қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. Өнім сапасын басқарудың статистикалық әдістерін атаңыз?
2 . Өнім сапасын басқарудың құрамдас бөліктерін атаңыз
3. Технологиялық процес тұрақтылығы мен дәлдігін статистикалық
талдаудың мәні?
4. Өнім сапасын бағалаудың статистикалық әдісіне анықтама беріңіз?
5. Технологиялық процесті статистикалық реттеу деген не?
Достарыңызбен бөлісу: