Диханбаева ф. Т., Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И


 Сапаны бақылаудың статистикалық әдістері (сапа құралдары)



Pdf көрінісі
бет10/64
Дата26.01.2023
өлшемі1,2 Mb.
#63057
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64
1.3.1. Сапаны бақылаудың статистикалық әдістері (сапа құралдары)
 
Кез келген өнімді өндіру барысында барлық өнім сапасы бірдей болуы 
мүмкін емес, яғни өнім бірліктерінің параметрлері белгілі бір шекте ауытқиды. 
Бұл ауытқу өндіру барысында әсер ететін және технологиялық процестің 
қателігін анықтайтын кездейсоқ және жүйелі себептер кешенімен туындалады. 
Егер параметр ауытқу рұқсат етілген шекте болса, онда өнім жарамды, егер 
шектен шығып кетсе жарамсыз болып табылады. 
Өндірілетін өнім сапасы бастапқы шикізаттар сапасымен, жабдықтардың 
жабдықталу дәрежесімен, технологиялық тәртіпті қадағалаумен, сыртқы орта 
жағдайларымен анықталады. Уақытында жарамсыз өнімді айқындау және оның 
себептерін анықтау үшін өнім параметрлерін жүйелі бақылау, бақыланатын 
параметрлер туралы мәліметтерді алу және оны өңдеу қажет. Сапаны бақылау 
кезінде өнім параметрлерін, процесс жағдайын және т.б сипаттайтын 
мәліметтер өте көп және де мәліметтердің шашырауы байқалады. 
Мәліметтердің шашырауын талдап өндіру процесінде туындайтын мәселе 
шешімін табуға болады. 
Әртүрлі әдістер көмегімен аса көп мәліметтерді олар бағынатын 
заңдылықтарды айқындау мақсатында жүйелеу, зерттеу, және өңдеу 
статикалық өңдеу деп аталады, ал мәліметтер – статистикалық мәліметтер, 
қолданылатын әдістер – статистикалық әдістер деп аталады. Әдетте 
мәліметтерді өңдеу және талдау үшін бір емес бірнеше статистикалық әдістер 
қолданылады. Кең қолданылатын сапаны бақылау және ақаулықты талдаудың 
статистикалық әдістерін қарастырайық. 
Қатпарлану. 
Қарапайым статистикалық әдістердің бірі қатпарлану әдісі болып 
табылады. Қатпарлану «қабаттар» арасындағы мәліметтер айырмашылық 


16 
туындалса, ақаудың пайда болу себебін айқындауға мүмкіндік береді. Мысалы
«орындаушы» факторы бойынша қатпарлану болса, өнім сапасына белгілі бір 
орындаушы әсерін анықтауға болады, егер «жабдық» факторы бойынша 
қатпарлану болса - әртүрлі жабдықты қолдану әсері анықталады және т.б. Әрбір 
факторды қарастырып, сапа көрсеткіштер шашырауына әсер ететін екінші ретті 
факторларды айқындауға болады. 
Өнімнің сапасына байланысты мәселелерді шешуде дәстүрлі тәсілдер 
(сапа құралдары) кең қолданылады, соның ішінде бақылау карталары, Исикава 
диаграммасы, Парето диаграмасы, бақылау парақтары, және де бақылаудың 
статистикалық тәсілі «алты сигма», идеяны генерирлеу тәсілі және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет