3. Аспаздық өнімдер сапасының көрсеткіштері мен оларды анықтау
әдістері
3.1. Аспаздық өнімнің сапасын кешенді бағалау көрсеткіштері
Аспаздық өнім сапасының қасиеттер жиынтығы құрастыру кезеңінде
қалыптасып, өндірісте қамтамасыз етіліп, өткізу кезеңдерінде сақталады.
Сапаның құрамына кіретін өнімнің бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық
сипаттамасы үшін бірлік немесе жиынтық көрсеткіштерін қолданады.
Тұтынушыларға ұсынылатын аспаздық өнімдер сапасы кешенді түрде
бағаланады.
Сапа көрсеткіштері 2 - кестеде көрсетілген:
Көрсеткіштер
органолептикалық
физико-химиялық
микробиологиялық
сыртқы түрі
ылғалдың
массалық
үлесі немесе құрғақ зат
мөлшері
КМАФАнМ, КОЕ/см
3
түсі
майдың массалық үлесі БГКП (колиформалар)
консистенциясы
қанттың массалық үлесі Е. coli
иісі
ас тұзының массалық
үлесі
St. aureus
дәмі
жалпы
(титрлік)
қышқылдылық
Proteus
сілтілік
Патогенді, соның
ішінде сальмонеллалар
шикізатты
салу
көрсеткіші
балғындылығы
Бақылау сұрақтары:
1.Сапа көрсеткішінің түрін атаңыз
2. Органолептикалық көрсеткішке сипаттама беріңіз
3. Физико-химиялық көрсеткішті сипаттаңыз
4. Бірлік немесе жиынтық көрсеткіштерін қандай мақсатта қолданады?
5.Микробиологиялық көрсеткіштің сыртқы түрін атаңыз?
3.2. Органолептикалық көрсеткіштері бойынша аспаздық өнімдердің
сапасын бағалау
46
Өнімді органолептикалық бағалау (бракераж) – сезім мүшелері көмегімен
сыртқы түрін, түсін, консистенциясын, иісін және дәмін анықтау.
Шикізат пен аспаздық өнімнің сапасын бағалау оңай және тез
жүргізіледі. Рецептураның бұзылуын және тағамдарды дайындау технологиясы
мен безендірудегі кемшіліктерін анықтап оларды жою шараларын қабылдауға
мүмкіндік береді.
Сыртқы түрі – кешенді көрсеткіш, ол тағамның көз мөлшермен
сипаттауға мүмкіндік, сонымен қатар ішіне бірлік көрсеткіштер бар, яғни
формасы, беттік жағдайы, безендіру сапасы. Тағамның кейбір топтары үшін
қосымша көрсеткіштер енгізіледі: мөлдірлілігі (шай, желе), кесіндідегі түрі (ет,
фаршталған өнімдер, пирожныйлар, кекстер және т.б.), жұмсағының жағдайы
мен коркасының түсі (ұнды, кондитерлік және бәліш өнімдері) және т.б.
Түсі (бояуы) – сыртқы түрінің түсі, көрінетін жарық сәулесі әсерінен
сипатталатын көрсеткіш.
Түсін сипаттау кезінде:
-
өнімнің негізгі түсін анықтайды, оның қарқындылығы мен түсі.
-
осы өнімге тиісті түсінің ауытқуын анықтайды,
-
тағамдық бақылау – ашық сұр түсті беттік қабатта жүргізеді,
-
бірқатар тағамдық өнімдер үшін ақ түс өнімнің қосымша заттармен
немесе өнімнің боялған затармен ластануын анықтауда айқындайтын
көрсеткіш.
Аспаздық тәжірибеде сыртқы түсі шешуші физиологиялық және
психологиялық маңызға ие. Тұтынушы тағамның түрін таңдау кезінде ең
бірінші көзмөлшерлік бағалайды. Формасының бұзылуы өнімді сақтау немесе
безендіруде жіберілген қателіктер деп түсіну керек, өзіне тән емес түстің пайда
болуы өнімнің бұзылуын сипаттайды.
Өнімнің сапасын анықтайтын көрсеткіштерінің бірі консистенция болып
табылады.
Консистенция – көз мөлшерімен, сезім мүшелерімен және ауыздың
сезімтал бұлшықеттерімен және терімен, саусақ анализаторларымен
анықтайтын өнімнің қасиеттерінің жиынтығын сипаттайтын сапалық
көрсеткіш.
Консистенциясын бақылау кезінде өнімнің агрегаттық жағдайын (сұйық,
қатты және т.б.), біртектілік дәрежесін (біртекті, сүзбелі үрпекті), механикалық
қасиеттерін (созылғыштығы, серпімділігі, эластикалығы).
Консистенцияны анықтайды:
-
тағамға жақындау арқылы, сұқ саусақпен әлсіз тексеру арқылы,
сонымен қатар басу, тесу, бөлшектеу, сығу (балық, ет, желе) жағып көру
(паштет, повидло), шайнап көру (қырыққабат, қияр).
Саусақ ұштарымен әр түрлі шикізаттың серпімділігін, қаттылығын
икемділігін анықтайды. Ауыз қуысында шырындылық, үгілмелігі, біртектілігі,
талшықтылығы, кермектілігі сезіледі. Шырындылығы – өнімді шайнау
кезіндегі өнім шырынымен сипатталатын сезім, сандық түрде сипатталауы
мүмкін (өте шырынды, аз шырынды, құрғақ); үгілмелілігі мен шашыраңқы түрі,
47
өнімді шайнау кезінде түзілетін қарсылықтаанықталады (үгілмелі қамырдан
дайындалатын өнім) біртектілігі – ауыз қуысы мен тілдің үстіңгі бетінде
таралған өнімнің ұсақ бөліктері әсерінен пайда болатын әсер (тұздықтың
біртектілігі, соустар) талшықтылығы – шайнау кезінде өнім талшықтары
әсерінен түзілетін кедергілер (ірі талшықты ет), кермектілігі – ауыз қуысында
пайда болатын құрғақ сезімін тудыруы.
Әр түрлі тағамдар мен бұйым топтарының консистенциясы әдетте
бірнеше сөз тіркестерімен анықталады. Мысалы, қуырылған ет консистенциясы
– жұмсақ, шырынды; картоп езбесі – біртекті, болбыр, көпіршікті; үгілмелі
бәліштерде – үгілмелі.
Иісі – сезім мүшелері көмегімен анықталатын сапа көрсеткіші. Иіс ол
мұрын қуысының жоғарғы жағында орналасқан сезім рецепторларының
қозуынан пайда болатын әсер. Иістің қарқындылығы өнімнен бөлінетін ұшқыш
зат мөлшеріне байланысты.
Тағамдық шикізат пен аспаздық өнімдерді қолдануда «иіс» деген жалпы
терминін біріктіретін мынадай түсініктерді ажыратады: хош иісі –
пайдаланылатын шикізатта сәйкес табиғи еліктіретін иіс (жемістерге, сүтке,
дәмдеуіштерге) және букет-өнімді технологиялық өңдеу процессінде, күрделі
химиялық әсерлесу әсерінен түзілетін иіс.
Тынысты тарту нәтижесінде иісті анықтайды: терең қысқа демді ішке
аып 2 – 3 сек. Ұстап тұрып демді сыртқа шығарады.
Оны анықтау кезінде:
-
өзіне тән иіс (өнімге тән), сонымен қатар бөгде иістердің кездесуі.
-
Иістің әсерін жақсы қабылдау үшін жағдай жасау қажет, ұшқыш
заттардың булануын тездету үшін (мысалы тағамның бетін үлкейтеді).
Тығыз консистенциялы (еттен, балықтан) тағамдар үшін «инемен
сынама» немесе «пышақпен сынама» жасайды, ол үшін қыздырылған пышақты
тағамның немесе өнімнің қалың қабатына немесе ортасына енгізеді, шығарған
соң бірден иісін анықтауға кіріседі. Мұнда ескеру қажет, иісімен алған бірінші
әсер әрқашанда анық және толық болады, ал ағзаның импульстеріне ұзақ әсер
ету кезінде иісті қабылдауы төмендейді.
Аталған өнімге сәйкес емес емес иістер, дайындау технологиясының
немесе сақтау кезіндегі бұзылуы нәтижесінде болуы мүмкін. Тамақтануға тиісті
өнімнің сәйкестігін шешу үшін, иісін анықтау жеткілікті.
Дәмі - өнімнің сапасын бағалауға шешуші әсер етуші маңызды
көрсеткіш. Дәмі – тілдің сірілі қабатының дәмдік рецепторларының қозу
нәтижесіндегі сезімдерден тұрады. Дәмді суда немесе сілекейде еритін заттар
тудырады.
Тағамның дәмін бағалау сипаттамасына негізгі әсерлер, олардың түстері
мен қосымша әсерлер дәрежесі кіреді. Негізгі дәмдік әсерлерге жатады: ащы,
тәтті, қышқыл, тұзды; оңай анықталатын, бірақ қиын дәмдік әсерлерге жатады:
қышқыл – тәтті, ащы – тұзды, өткір ащы, дәмі ауыз қуыратын.
48
Тағам дайындау кезінде өнімнің әртүрлілігін үйлестіру өте бай
«букеттер» және сандық және сапалы анықталатын дәмнің түстерін алуға
болады.
Дәмді анықтау кезінде:
-
Қатты әсерлі қоздырғыштармен қозу нәтижесінде сезім ағзалары
сезімталдығын жоғалтып, әлсіз қоздырғыштардың әсеріне жауап бермейді. Сол
себепті әлсіз анықталған дәмі мен иісі бар тағамдардың дәмін анықтайды
(мысалы, жармалық сорпалар). Тәтті тағамнан соң қышқыл немесе тәттіден
бұрын ащы тағамды.
-
Тәтті тағамдарды соңынан бағалайды;
-
Сынаманы ауызға салып жақсылап шайнап, ауыз қуысына бірдей
бөліп, ауызға 5-10 сек ұстап тұру керек, ол өнімнің ерігіш заттары сілекейге
өтіп, түзілген ерітінді дәмдік рецепторларға әсер етеді;
-
Ауызға тағамның көп мөлшерін алуға болмайды (5 г көп емес)
-
Тағамның ащысын анықтау үшін асықпай шайнау керек, тәтті және
тұзды дәмді анықтауға қарағанда ауызда ұзақ болуы керек.
Ауызға суық тағамның көп мөлшерін алуға болмайды, өйткені ауыз
қуысы мен тілдің үстіңгі қабаты салқындап қалып, дәмдік рецепторлардың
сезімталдығы төмендеуі мүмкін.
Дәмдік ағзаларға бөлмедегі ауа температурасы әсер етеді: 36 С
температурадан жоғары кезінде қышқыл және ащы дәмге қатысты қабылдауы
төмендейді, 15 С төмен температурада тұзды дәмді анықтау қиындайды. Тілдің
беткі қабатының 0 С-ға салқындауы немесе 45 С қа дейін қызуы дәмдік
рецепторлардың сезімталдығы бірден төмендейді. Дегустация үшін ауаның
тиімді температурасы жіберілетін тағамдардың температурасы 20 С болуы
керек.
Тағам өнімдерінен туындайтын дәмдік сезімдер екі немесе бірнеше
негізгі дәмдердің дәмдік рецепторларға әсер етуінің нәтижесінде болады. Бірақ
бір тағамды немесе басқа тағамның дәмін көру кезінде тек қана дәмдік
әсерлермен қатар тағам туралы жалпылама әсерлерді тудырады. Сол себепті
дәмін анықтайтын көрсеткіш дегустация кезінде қабылданатын жеке дәмдік,
түйсікпен сезіну мен иістің жиынтығы. «Дәм» мен «иіс» жекелеген
көрсеткіштерінің бір-бірімен тығыз байланысы – кейде бірдей сипатталауы
мүмкін.
Анық сапасыз тағамның органолептикалық талдануы нәтижесінде
сыртқы түрі мен иісі анықталып, дәмдік сынама жүргізілмейді.
Тағамның әрбір түрі және топтары өзіне тән айрықша қасиеттер мен
көрсеткіштерге ие. Бір топқа жататын тағамдарды бағалау кезінде айрықша
қасиеттеріне көңіл аудару керек. Тағамның кейбір жекелеген топтарының
сапалық көрсеткіштерінің саны төмендетіледі (мөлдір сорпалар) немесе
жоғарылай (ұнды кондитер және бәліштік өнімдер) түседі.
Заправкалы көжелерге (борщтар, щилер, рассольниктер, солянкалар)
бракераж жүргізу кезінде қазан ішіндегі тағамды мұқият араластырып ыдысқа
құяды. Алдымен қасықпен сұйық бөлігін алып дәмін татады. Дегустацияны
49
қаймақ қоспай жүргізу керек, өйткені болуы мүмкін ақауларды жасырып
қалады. Содан соң қою бөлігін алып рецептура құрамымен салыстырады
(мысалы, пияз, ақжелектің болуы). Әрбір құрам бөлігін жеке зерттейді, сұйық
және қою бөлігінің қатынасын, өнімдердің консистенциясын, кесілу формасын,
дәмін анықтайды. Соңында тағамға рецептурадаға сәйкес болса қаймақ қосып
дегустация жасайды.
Мөлдір көжелер сапасының негізгі көрсеткіштері мөлдірлілігі,
экстрактивті заттар (ет және балық сорпалары үшін) әсерінен түзілетін
концентрлі дәмі мен иісі. Органолептикалық талдау кезінде алдымен сорпаның
сыртқы түріне, оның түсіне, қосымша өлшемді заттардың және май
жылтырының болуына назар аударады.
Сорпаға арналған гарнирлерді жеке тексереді, ал жіберіленетін кезінде
сорпа құйылатын тағамдарды бірге дәмін татады, осы жерде баса назар
аударады: тағамның түріне кері әсері бар ма жоқ па, сорпаның лайлануына
және оның май қабаты болып сорпа бетіне қалқып шығу мүмкіндігіне.
Езбе көжелердің сапасын бағалауда ыдысқа тамшылатып құяды,
концистенциясын анықтайды, қоюлылығын, созылмалығын, біртектілігін,
қатты бөліктерінің болуын, түсін бағалайды. Одан соң иісін анықтап, сорпаның
дәмін көреді. Рецептура бойынша езілмейтін, езбе көжелерге арналған
гарнирлерді жеке бағалайды.
Салқын көжелерді органолептикалық бағалауда сыртқы түріне қарайды,
сұйық және қою бөлігіне жекелей дегустация жасайды. Қою бөлігін жеке
тексеріп құрамын, көкөністерді кесу түрлеріне, мұқият тазаланғанына, ет және
балық өнімдерінің консистенциясына көңіл бөледі. Содан кейін көжені
қаймақты қоспай, сосын қаймақ қосып дәмін көреді. Егерде өндірісте
көжелерге арналған жартылай фабрикат (мысалы, окрошка үшін кесілген
өнімдер) болса олардың да сапасын тексереді.
Соусты тағамдарды бағалауда тағамдар үшін таңдалған соустардың
аспаздық сәйкестігін анықтайды. Алдымен бір ыдыстан екінші ыдысқа құю
арқылы соустың консистенциясын және дәмін, одан соң түсін, қоспаларының
консистенциясын, кесу түрлерін, құрамын (пияз, қияр, тамыр жемісті және т.б.)
тексереді.
Тығыз консистенциялы (ыстық тіске басарлар, тәттілер) тағамдардың
сыртқы түрін бағалаған соң кесектерге бөледі.
Қайнатылған және қуырылған көкөністерден дайындалған тағамдардың
сапасын тексеруде алдымен шикізатты өңдеудің реттілігін бағалайды, одан
кейін консистенциясын, иісін, дәмін. Бұқтырылған және пісірілген
көкөністерден жасалған тағамдарды бағалауды көкөніс және соус дәмінен
бастайды, сосын тағамды толығымен дегустация жасайды.
Жармалық және макарон өнімдерінен дайындалған ботқаны бағалау үшін
жұқа қабатпен тарелкеге салып бөгде қоспалардың бар жоғын анықтайды.
Макаронды өнімдерде консистенциясына үлкен мән береді: жақсы пісуі мен
жабысқақтығы.
Балықтан дайындалған тағамдарды бағалау кезінде мыналарды
50
тексереді: жартылай фабрикаттарды дайындауда бөлшектеудің дұрыстығы
(кесу, панирлеу); аспаздық дайындығы; өнімнің дәмі мен иісі; аталған тағамға
арналған соус пен гарнирдің сәйкестігі.
Етті тағамдарды бағалауды сыртқы түріне және жеке етті бағалаудан
бастайды: кесу формасы, беткі қабатының жағдайы, панировкасы. Одан кейін
өнімнің аспаздық дайындығын, кескен кездегі консистенциясы мен түсіне
қарап анықтайды. Сосын тағамның дәмін, иісін бағалайды, соның ішінде ет
жартылай фабрикатын тағам түріне қарай аспаздық қолдану сәй кестігіне,
соустар мен гарнирлерді таңдаудың технологиялық тиімділігіне назар
аударады. Етті соусты тағамдардың барлық құрам бөлігін жеке дәмін татады
(негізгі тағам, соус, гарнир), одан кейін тағамды толығымен дегустация
жасайды. Тіске басарларды бағалауда өнімнің ерекшелігін ескеретін
органолептикалық талдауды жүргізудің жалпы сұлбасын қолданамыз. Айрықша
көңілді сыртқы түріне, мұқият безендірілуіне, негізгі өнімдерді кесу
дұрыстығына және консистенциясына, гарнирлердің және соустардың,
өнімдердің сәйкестігіне, безендіру құралдарын таңдауына бөледі.
Тәтті тағамдардың бракеражында топтық ерекшелігін ескереді (мысалы,
желе тәрізді тағамдарда алдымен беттік қабатының жағдайын, кесу кезіндегі
түрі (тілімінде)) дайын тағамда формасын сақтау қабілетін бағалайды.
Консистенциясына баса назар аударады. Одан кейін түсін, иісін және дәмін
анықтайды. Ыстық тәтті тағамдарды бағалауда (суфле, пудинг, гренкалар)
бірінші сыртқы түрін зерттейді: беттік қабатының сипаты, қыртысының
жағдайы мен түсіне; пісірілуі мен күйгінің болмауы. Сосын иісі мен дәмі
анықталады. Ұнды тағамдар мен ұнды кондитер өнімдерді бағалауда сыртқы
түріне (қамырдың сыртқы бетіне, өнім формасына, пирожки, құймақтың
қыртысының жағдайына) содан соң қамырмен тартылған ет қатынасына назар
аударады, тартылған ет сапасына (оның шырындылығына, дайындық дәрежесі,
құрамы). Соңында иісі мен дәмін анықтайды. Ұнды кондитер және тоқаш
өнімдерінің сыртқы түрін бағалауда беткі қабатына, жасалуына, қыртысының
жағдайы мен түсіне, жұмсағының қыртысынан ажырамауына, өнімнің
қалыңдығы мен формасына назар аударады. Сосын жұмсағының жағдайын
бағалайды: пісірілуіне, дұрыс иленбеуінің белгілерінің болмауы, эластикалығы,
балғындылығы, болбырлығы, күйігінің болмауы. Одан кейін белгілері бойынша
жекелеген жартылай фабрикаттардың сапасын бағалайды: кремді масса,
помада, желе, глазур жағдайы, олардың біртектілігі, икемділігі, көлемінің
үлкеюі. Бағалауды өнімнің толық иісі мен дәмін көрумен аяқтайды.
Фирмалық және тапсырысқа жасалатын тағамдардың сапасын дайындау
және өткізу процессінде анықтайды, негізінен сыртқы түрін қарайды, қажет
болған жағдайда дегустация жасайды. Өнімнің сапасын сандық сипаттау үшін
баллдық жүйені пайдаланады, өйткені цифрлік индекстермен сезінулерді
сипаттау үшін қолдану ыңғайлы.
Тағам және аспаздық өнімдердің сапасының (сыртқы түрі, түсі,
консистенциясы, дәмі) әрбір көрсеткіші 5 баллдық жүйе бойынша бағаланады:
«5» - өте жақсы сапа, «4» - жақсы, «3» - қанағатсыз, «2» - төмен сапалы, «1» -
51
нашар.
Органолептикалық бағалауды сыналатын тағамдар мен өнімдердің
эталондық сапалық көрсеткіштері нақты анықталған салыстыруларды, жаппай
сұранысқа ие тағам топтарының сапа көрсеткіштерінің органолептикалық
унифицирленген сипаттамаларымен 5 баллдық жүйе бойынша жүргізеді.
Тағамдардың сапалық көрсеткіштерінің баллдық бағаларының төмендеуі;
анықталған ақаулар А қосымшасында көрсетілген кестеге сәйкес жүргізіледі,
мұнда әртүрлі ақаулар тағамдардың топтық ерекшелігін ескеріп негізгі
көрсеткіштері бойынша топтастырылған.
25-22 балл жиынтығына «өте жақсы» бағасы сәйкес келеді, 21-18 балл –
«жақсы» бағасы, 17-15 балл – «қанағаттанарлық». Зерттелетін тағам сапасының
жалпы бағасы орташа арифметикалық түрде есептеледі. «5» баллмен
бағаланатын тағам (өнім) – рецептура мен технологияға сәйкес дайындалған.
Органолептикалық көрсеткіштер нормативті және технологиялық құжат
талабына сәйкес болуы керек. «4» баллмен бағаланатын тағам (өнім) –
рецептура мен технологияны сақтай отырып жасалған, бірақ оңай жойылатын
және аз ғана ауытқулары болуы мүмкін. Мысалы, мұндай ауытқуларға өзіне тән
бірақ әлсіз иіс пен дәм, майының әлсіз бояуы, кесудің дұрыс емес формалары,
пісіп кеткен бірақ өз формасын сақтаған көкөністер, аздап тұздалмаған тағам
(дұрыс безендірілмеген). «3» баллмен – рецептура мен технология
талаптарынан көп ауытқыған, бірақ өңдеусіз таратуға дайын тағамдар. Мұндай
ақауларға жатады: жеке компоненттердің қатынасын сақтамау, өнім бетінің
кебуі, өнім формасының бұзылуы, көкөністердің дұрыс кесілмеуі,
дәмдеуіштердің әлсіз немесе айрықша өткір иісі, соустардың біртекті еместігі,
еттің қатты консистенциясы. Тағамның дәмі және иісі, әрқайсысы 3 баллмен
бағаланатын болса осыған байланысты басқа көрсеткіштер 3 баллдан жоғары
бағаланбайды. 2 баллмен айқын ақаулары бар өнім бағаланады. Ақаулары:
өзіне тән емес дәм мен иіс, қатты тұздалған, шала піскен немесе шала қуыру,
күйіп кету, өз консистенциясы мен формасын жоғалту. 1 баллды бағасы бөгде,
өзіне тән емес дәмі (пассерленбеген ұнның шикі жармасы, қышқыл
қырыққабат) мен иісі (буланған немесе қатты пісіп кеткен көкөністер және т.б.),
артық тұздалған, өткір қышқыл, анық ащы дәмі мен өзіне тән емес
консистенциясы, бұзылудың анық белгілері бар және салмағы толық емес
даналық өнімдер. Мұндай тағамдар таратуға жарамайды. Оны бракқа шығарып,
сәйкес актімен толтырады. Егер органолептикалық бағалауда қандай да бір
сапалық көрсеткіш 2 баллдан төмен бағаланса, мұндай тағам таратуға
жіберілмей бракқа шығарылады. Мұндай тағамдар үшін балл соммасы
есептелмейді. Балл соммасынан мыналар шегеріледі: ыстық тағамдардың
тарату температурасының төмен болуы (ұсынылатын температурадан төмен) –
1 балл әр 10
0
С үшін, салқын тағамдардың жоғары температурасы үшін әрбір
5
0
С үшін 1 балл. Органолептикалық бағалауды дайын тағамдардың
массаларымен көже, ыстық және тәтті тағамдардың порцияларынан,
сусындардан бастайды. Даналық өнімдерді 10данадан өлшейді, бір уақытта 1
дананың орташа массасын анықтайды, сосын даналап өлшейді.
52
Дайын тағамдарды таратуға дайын тағамдардан алады, 3 порция түрінде
жеке өлшеп, тағамның орташа массасын есептейді. Тағам құрамына
кіретіннегізгі өнімдерді (ет, балық, құс еті, котлет, құймақ, рулет, сырниктер
және т.б.) 10 порция көлемінде өлшейді. 1 порция массасы нормадан ±3%
көлемінде ауытқуы мүмкін, ал 10 порцияның массасы нормаға сәйкес болады.
Сонымен қатар көжелермен бірге жіберілетін ет, құс еті мен балық
порциясының орташа массасын анықтайды. Тарату орнында, жіберілетін,
тағамдардың температурасын лабораториялық термометрмен анықтайды
(металл қаптамасы бар 0...100
0
С). Бақыланатын тағамдар мен өнімдерінің
сапалық жекелеген көрсеткіштері мынадай реттілікпен бағаланады: көзбен
бақыланатын көрсеткіштер (сыртқы түрі, түсі), иісі, консистенциясы және ауыз
қуысында бағаланатындар (дәм және консистенцияның кейбір ерекшеліктері –
біртектілік, шырындылығы) органолептикалық бағалауға арналған көжелер,
соустар араластырылады, ортақ тарелкеге құйып, сыртқы түрін бағалайды; одан
кейін бір қасықпен бөлек тарелке саламыз ал екінші қасықпен дегустация
жүргізеді.
Тығыз консистенциялы тағамдардың (ыстық, салқын, тәтті) сыртқы
түрін бағалаған соң тілімдерге бөліп, тарелкелерге салады. Сыртқы түрін
сипаттай отырып, дайын тағамдағы формасы мен оның сақталуына, бетінің
жағдайына, кесілген жеріндегі түрі, тағамның мұқият безендірілуіне мән береді.
Бақылау сұрақтары:
1. Өнімді органолептикалық бағалау дегеніміз не?
2. Етті тағамдарды қалай бағалайды?
3. Консистенция қандай көрсеткіш?
4. Дәмді анықтау кезінде неге көңіл бөледі?
5. Түсін сипаттау кезінде нені ескереді?
Достарыңызбен бөлісу: |