Диханбаева ф. Т., Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И


ӨСБКЖ басқару құрылымы және ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет51/64
Дата26.01.2023
өлшемі1,2 Mb.
#63057
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64
7.3. ӨСБКЖ басқару құрылымы және ұйымдастыру 
 
ӨСБКЖ құрылымы өнімді басқару мен өндіруге қатысатын барлық 
бөлімдер мен қызмет орындарын қосады. Құрылым сапаны басқару міндеттері 
мен қызметтері өзара бөлінген қызмет орындары мен бөлімдердің құрамымен 
сипатталады. 
Жүйенің қызметін қалыптастыратын және қамтамассыз ететін -
қызметтер, шаралар, үрдістер, техникалық құрал – жабдықтар, нормативті 
құжаттар ӨСБКЖ элементтері болып табылады. Бұл элементтер ұйымдық 
құрылымы, шығарылатын өнімнің сипаты мен номенклатурасы бар әрбір 
саланың құрамында нақты кездеседі. ӨСБКЖ элементтерінің өзара байланысы 
өндіріс ұйымдары мен басқару облысындағы регламенттеуші нормалары және 
ережелерімен, ойластыру тәртібін бекіту, нормативті құжаттарды өткізу және 
енгізу шараларымен айналысатын стандартизация жүйесімен қамтамассыз 
етіледі. ӨСБКЖ негізінде кәсіпорын стандарттары арқылы номенклатураға 
қойылатын 
талаптар 
және 
жартылай 
фабрикат, 
өнім 
сапасының 
көрсеткіштерінің маңыздылығы, оларды анықтау және бағалау әдістері 
бекітіледі. 
ӨСБКЖ ойластыру, енгізу, жетілдіру жұмыстарының жалпы жетекшілігін 
директор немесе инженер басқарады. ӨСБКЖ басқаруды кәсіпорын директоры, 
инженер, директордың орынбасары іс жүзіне асырады. ӨСБКЖ - нің әрбір 
қызметтерін басқару оның функционалды міндеттеріне сәйкес келетін 
кәсіпорынның бір ғана бөлімі арқылы іс - жүзіне асыруға ұсыныс берілген. 
Жүйені ойластыру, енгізу және қызмет істеу жұмыстарына қатысатын бөлімдер 
мен қызмет орындарының құрамы мен құрылымы кәсіпорын бағытына (түріне), 
оның өлшеміне тәуелді болып келеді. 
Өнім сапасын басқаруда штатты бөлімдерден басқа сапа бойынша 
комиссиялар, сапа бойынша әлеуметтік инспекция және басқа да кәсіпорын 
мамандарынан құралған комиссиялар қатысады.
ӨСБКЖ ойластыру және енгізу жұмыстары күрделі үрдіс болып 
табылады. Ол үш негізгі сатылардан тұрады: 
- жүйені ойластыру жұмыстарына дайындық; 
- жүйе жобасын ойластыру; 
- жүйені енгізу. 
Бақылау сұрақтары: 
1. 
Құрылым сипаты. 
2. 
Жүйенің қызметін қалыптастыратын және қамтамассыз ететін 
ӨСБКЖ элементтері қандай? 
3. 
ӨСБКЖ ойластыру, енгізу, жетілдіру жұмыстарының жалпы 
жетекшілігін кім басқарады? 
4. 
ӨСБКЖ ойластыру және енгізу жұмыстары неше сатыдан тұрады? 


95 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет