87
Колориметрия - бұл әдіс ерітіндінің боялу қарқындылығы бойынша
заттардың
концентрациясын
анықтауға
негізделген.
Концентрацияны
стандартты шкаладағы боялу қарқындылығын салыстыру арқылы немесе
колориметрдегі фототоқтан алынған кернеуді теңестіру жолымен табады.
Аталған әдіс аналитикалық мәселелерді шешу үшін сирек қолданылады, себебі,
спектрофотометрия және спектроколориметрия әдіс-тәсілінің прогрессивті
аналогына ие.
Радиометриялық әдіс-тәсілдер ядролық бөлшектердің ағынымен
зерттелетін сынаманың сәулеленуінің әсерінен анықталатын элементтің
радиоактивті изотоптарының қалыптасуына негізделген. Радиометриялық әдіс-
тәсілдер қазіргі таңда негізінен тұтынушы тауарларының радиациялық
қауіпсіздігін бақылау үшін қолданады және сәйкестендіру мақсатында аз
қолданылады.
Термометрлік әдіс-тәсілдер қандай да бір физикалық параметрлерді
(бөлінетін газ көлемі, жабысқақтығы, тығыздығы және т.б.) температураға
байланысты өлшеу үшін қолданады. Кейбір термометрлік әдіс-тәсілдерді тағам
өнімдерінің құрамын жинақты сипаттау үшін қолданады. Мысалы, өнімнің
криоскопиялық температурасы (қату температурасы) құрамындағы заттардың
табиғаты мен концентрациясына байланысты болады. Сүтке судың
қосылғандығын анықтау үшін қату нүктесіне (ҚР СТ 1732-2007 Сүт және сүт
өнімдері. Сапа көрсеткіштерін органолептикалық әдістермен анықтау)
термисторлық криоскопиялық анықтау әдіс-тәсілі қолданылады.
Сәйкестендірудің басқада физикалық әдіс-тәсілдеріне денсиметрияны,
(тығыздықты өлшеу), визкозиметрияны (жабысқақтылығын өлшеу) және т.б
жатқызуға болады. Квалиметриялық немесе сандық бұрмалау кезінде тағам
өнімдерінің құрамындағы өзгеріс осы сипаттамалардың өлшеміне әсер етеді,
сондықтан көрсетілген әдіс-тәсілдерді көбінесе сүтті, сыраны, спиртті, өсімдік
майларын және басқа да өнімдерді бұрмалау кезінде қолданады.
Бақылау сұрақтары:
1.
Оптикалық спектрометрия әдіс-тәсіліне нені жатқызамыз
2.
Атомды-эмиссионды спектрометрия дегеніміз не?
3.
Флуориметрия дегеніміз не, анықтама бер.
4.
Ядролық
бөлшектердің
ағынымен
зерттелетін
сынаманың
сәулеленуінің әсерінен анықталатын элементтің радиоактивті изотоптарының
қалыптасуына негізделетін қандай әдіс?
5.
Ерітіндінің
боялу
қарқындылығы
бойынша
заттардың
концентрациясын анықтауға негізделетін әдіс түрі.
Достарыңызбен бөлісу: