88
6.4. Сәйкестендірудің химиялық әдіс-тәсілдері
Бұл әдістерге титриметрияны және гравиметрияны жатқызады.
Титриметрия – бұл әдіс жүйеде жүретін өзгерістерді бір уақытта бақылай
отырып, зерттелетін ерітіндінің белгілі көлеміне стандартты ерітіндінің
реагентін біртіндеп араластыра отырып қосу кезінде титрлеуге негізделген.
Титриметриялық әдіс-тәсілдердің көбісі химиялық реакцияларды қолдануға
негізделген. Стехиометриялық нүктесіне дейін реакцияның жүруіне толық
шығындалған стандартты ерітіндінің көлемі бойынша анықталатын заттың
(заттар тобы – қанттардың, қышқылдардың және т.б) құрамын анықтайды.
Титрлеудің көптеген түрлері бар: тура, жанама, қайтымды.(әсер етпеген затты
титрлеу).
Стехиометриялық нүктені индикациялау визуальды түрде (индикатордың
көмегімен) немесе талдаудың физико-химиялық әдіс-тәсілдерінің көмегімен
жүргізіледі: потенциометрия, кондуктометрия, амперометрия, поляриметрия
және т.б. Титрлеуді сәйкестендіру мақсатында тағам өнімдерінің құрамын
зерттеу кезінде кеңінен қолданылады. Бірақ ол күнделікті әдіс-тәсілдерге
жатады, сондықтан қазіргі таңда аналитикалық мәселелерді шешу кезінде өзінің
позицияларынан айрылады.
Гравиметриялық әдіс-тәсілдер химиялық айналу кезінде заттардың
салмағының сақталу заңына негізделген. Олар зерттелетін заттан немесе оның
құрамдық бөліктерінен бөлінетін таза күйіндегі немесе қосылыс түріндегі
нақты белгілі құрамның салмағын анықтауға негізделген. Салмағын өлшеу
анализдеудің бастапқы және соңғы стадиясы болып табылады. Зерттелетін зат
тәжірибе жүзінде аз еритін тұнба түрінде толығымен тұнуы керек, еру
салдарынан шығындарын ескермейді.
Гравиметриялық әдіс-тәсілдердің әр түрлілігі ретінде тұндыру, айдау, үш
рет өлшеу және т.б. әдіс-тәсілдерді жатқызуға болады. Массалық анализді
жүргізу кезінде гравиметриялық әдіс-тәсілдерді сирек қолданады, себебі, оған
көп еңбек пен уақыт шығындалады.
Қазіргі таңда ең көп тараған идентификациялаудың физико-химиялық әдіс-
тәсілдеріне әр түрлі хроматографияны жатқызуға болады.
Хроматографиялық әдіс-тәсілдер- көп компанентті қоспаларды бояу және
анализдеу әдіс-тәсілдерінің жиынтығы болып табылады, бұл динамикалық
жағдайларда сорбциялау құбылысын қолдануға негізделген.
Хроматографиялық процесс екі араласпайтын фазаның жүйесінде жүреді,
оның біреуі – қозғалмалы, ал екіншісі – қозғалмайтын. Зерттелетін заттың
сынамасы бар қозғалмалы фазаға газды (газды хроматография) немесе сұйықты
(сұйықты хроматография), ал қозғалмайтын фазаға – пористі немесе
гранулденген қатты зат (сорбент) немесе қатты денеде адсорбцияланған
сұйықтың
жұқа
қабатын
жатқызуға
болады.
Сол
немесе
басқа
хроматографиялық әдіс-тәсілді таңдау зерттелетін заттың (мысалы, ұшқыш
немесе ұшпайтын қосылыстар) табиғатына, сонымен қатар оларды бөлу және
детектрлеу тиімділігіне байланысты анықталады.