8. Өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау Өнiм, процестер сәйкестiктi растау объектiлерi болып табылады.
Өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн
растауды:
1) өнiмдi өндiрушi (орындаушы) сәйкестiк туралы декларацияны
қабылдау нысанында;
2) өнiмдi тұтынушы оның тапсырмасы бойынша сәйкестiктi растау
жөнiндегi органның сертификаттау жүргiзуi нысанында;
3) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган сертификаттау жүргiзу және
сәйкестiк сертификатын беру нысанында жүргiзедi.
3. Сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды басқару мемлекеттiк
техникалық реттеу жүйесi шеңберiнде жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесi сәйкестiктi растау саласында
бiртұтас саясат жүргiзудi қамтамасыз етедi және сәйкестiктi растаудың,
сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың, жүйе тiзiлiмiн жүргiзудiң
негiзгi ережелерi мен рәсiмдерiн және сәйкестiктi растау мақсаттарын iске
асыруға қажеттi өзге де талаптарды белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының аумағында өнiмнiң сәйкестiгiн растау
мiндеттi немесе ерiктi сипатта болады.
Сәйкестiктi растау саласындағы шетелдiк үлгiдегi құжаттарды беретiн
шетелдiк және халықаралық ұйымдар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен
есептiк тiркеуден өтуге тиiс.
Сәйкестiктi мiндеттi растау Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiм техникалық регламенттерде
айқындалады.
Сәйкестiктi мiндеттi растау:
1) дайындаушы (орындаушы) кәсiпорынның сәйкестiк туралы декларация
қабылдауы;
2) мiндеттi сертификаттау жүргiзу нысанында жүзеге асырылады.
Өнiмнiң сәйкестiгiн мiндеттi растау техникалық регламенттерде
белгiленген талаптарға сәйкестiгi және сәйкестiктi растау схемалары бойынша
жүзеге асырылады.
Сәйкестiктi растау схемаларында сәйкестiктi белгiлеу тәсiлдерi (сынау,
өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, техникалық құжаттаманы
талдау, инспекциялық бақылау) болады және сәйкестiктi растау жөнiндегi
органдар мен (немесе) өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) оларды
мiндеттi сертификаттау жүргiзген немесе сәйкестiк туралы декларация
қабылдаған кезде қолданады.
Өнiмнiң сәйкестiгiн мiндеттi растау кезiнде техникалық сарапшылар
тартылуы мүмкiн.