1.2. Өнім сапасына әсер ететін факторлар
Өнім сапасының факторы деп оның жасалуының жалпы және жеке
шарттарына тәуелді өнім сапасына белгілі бір жағдайда әсер ететін себеп деп
түсіну керек.
Сапаны көтеру мәселесін кешенді қарастырғанда өнім сапасына әсер
ететін шарттар мен факторларды зерттеп, жіктеу қажет. Бұл өнімнің өмір сүру
кезеңінің түрлі сатыларына және басқару деңгейлерінде әсер ететін алуан түрлі
факторлар. Оларды техникалық, ұйымдық, экономикалық, әлеуметтік түрлерге
бөлуге болады.
Техникалық факторларға: қондырғының күйі, керек-жарақтар, құрал-
жабдықтар және бақылау құралы, техникалық құжаттар және т.б. жатады.
Ұйымдық факторларға: жұмыстың жоспарлылығы мен ырғақтылығы,
қондырғыларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, материалдармен,
бұйымдар жиынтығы, керек-жабдықтармен, құрал-жабдықтармен, техникалық
құжаттармен жабдықтау және бақылау құралдары, өндіру мәдениеті, еңбектің
ғылыми ұйымы, тамақтану ұйымы мен жұмыста демалу және т.б. жатады.
Экономикалық факторларға: еңбекті төлеу формасы, еңбекақы мөлшері,
жоғары сапалы өнім мен жұмысы үшін сыйлықақы беру, некесі үшін ұстап
қалу, сапа деңгейі, өзіндік құндылығы, өнімге берілетін баға және т.б. жатады.
Әлеуметтік факторларға: кадрларды іріктеу, реттеу және қайта
орналастыру, біліктілікті арттыруды ұйымдастыру, ғылыми-техникалық
шығармашылық, оңтайландыру мен ойлап табу, тұрғындық-тұрмыстық
жағдайлар, ұжымдағы қарым-қатынас пен психологиялық климат, тәрбиелеу
жұмысы жатады.
Өнім сапасына әсер ететін факторлар сапалы өнім алуға қиындығын
тигізуі мүмкін немесе керісінше сапаның жақсаруына тиімді әсер етеді. Сапаға
жетуге қиындығын тигізетін факторларға: өнімді дайындау технологиясы мен
өнім түрлерінің үнемі өзгеруі, бұйымдардың аса күрделенуі, қатаң техникалық
шарттар, жеткізушілермен жұмыс көлемінің көбеюі, кадрларды дайындаудың
баяулығы, үлгілердің жиі ауысуы және т.б. жатады.
Жоғары сапалы өнім алуға ықпалын тигізетін факторларға: жақсы
жобалар, күшті байланыс құралдары, оңтайландыру жетісіктері, стандарттау,
қондырғылар мен технологиялардың жақсаруы, жақсы материалдар, өлшейтін
техникалардың жақсаруы және бақылау ұйымы, еңбектің бөлінуі,
экономикалық және ғылыми-техникалық бірігуі, тұрақты бір өнімнің шығуы
және т.б.
Аспаздық өнімнің сапасы негізінен келесі факторларға тәуелді:
- негізгі және көмекші шикізаттың сапасы, стандарт талаптарына сәйкес
келуі;
- тамақтанудың ғылыми-негізделген нормасын есепке алғандағы
рецептураның дұрыс құрастырылуы;
- технологиялық өңдеудің ең оңтайлы әдістерін қолдану, эстетикалық
ресімдеу, қазіргі заманғы қондырғыларды пайдалану.
9
Өнім сапасына әсер ететін факторлар
Техникалық
Ұйымдық
Экономикалық
Әлеуметтік
Дайындалатын
өнім түрі және
оны өндірудің
сериялылығы
Техникалық
құжат жағдайы
Технологиялық
қондырғыларды
ң, керек-
жарақтар мен
құрал-
жабдықтардың
сапасы.
Сыналатын
қондырғы күйі
Өлшеу
құралдары мен
бақылау сапасы
Бастапқы
материалдарды
ң, шикізаттың,
толықтырушы
бұйымдардың
Материалдармен,
шикізаттармен
және т.б.
қамтамасыз етілуі
Қондырғылар мен
керек-жарақтарға
техникалық
қызмет көрсету
Жұмыстың
жоспарлығы мен
ырғақтылығы
Жеткізушілермен
жұмыстың
ұйымдастырылуы
Ақпараттық
қамтамасыз етуді
ұйымдастыру
Еңбектің ғылыми
ұйымдасуы, өндіру
мәдениеті
Тамақтану мен
демалысты
Еңбекті төлеу
формасы және
жалақы көлемі
Жоғары сапалы
жұмыс үшін
сыйлықақы
беру
Некесі үшін
ұстап қалу
Өнім сапасы,
өзіндік
құндылығы
және бағасы
арасындағы
қатынас
Шаруашылық
есепті жүргізуді
ұйымдастыру
Тәрбиелеу
жұмыстарыны
ң жағдайы
Кадрларды
іріктеу, реттеу
және қайта
орналастыру
Оқу мен
біліктілікті
жоғарлатуды
ұйымдастыру
Жұмыстан
тыс уақытта
демалысты
ұйымдастыру
Ұжымдағы
қарым-
қатынас
Тұрғылықты-
тұрмыстық
жағдайлар
10
Сурет 1. Өнім сапасына әсер ететін факторларды жіктеу
Бақылау сұрақтары:
1. Өнім сапасының факторлары дегеніміз не?
2. Өнім сапасына әсер ететін факторлардың түрлерін атаңыз?
3. Жоғары сапалы өнім алу үшін қажетті факторларды атаңыз?
4. Аспаздық өнімнің сапасына тәуелді факторлар?
5. Сапаға жетуге қиындығын тигізетін факторлар
?
Достарыңызбен бөлісу: |